М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


  Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының



Pdf көрінісі
бет221/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін


Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
213 
Ынсап ұстамдылықтың, сабырлылықтың, қанағаттың негізі бо-
лып табылады, ал ынсаптың талаптарын өз өмірінің қағидаларына 
айналдырған адам өзгелерге қатысты жамандықтың, зұлымдықтың 
пиғылынан әрқашан аулақ болады. «Талап пен ақыл» деген өлеңінде 
Шәкәрім былайша ой толғайды: 
«Ынсап, рахым, ар, ұят, сабыр, сақтық – 
Талапқа алты түрлі ноқта тақтық. 
Алтауының ішінде ынсап әділ, 
Өзгесінің тізгінін соған ұстаттық. 
Ынсап деген аспайды, кем қалмайды, 
Орнын таппай ол, сірә, қозғалмайды»
[3, 128 б.].
Ынсап – ақыл-ой, әділеттілік, жауапкершілік, өзара түсіністік, 
мейірімділік сияқты әлеуметтік-этикалық категориялармен тығыз 
байланысты. Шәкәрім былай деп атап өтеді: 
«Ынсап пен мейірім, әділетті, 
Жаныңдай көріп жан сақта. 
Ол жолда өлсек, неміз кетті, 
Мақсұтқа жетпей қалсақ та» 
[3, 189 б.]. 
Шәкәрім адам өміріндегі ынсапқа үлкен мән бере отырып, бұл 
этикалық феноменнің ақиқатқа деген ұмтылыстан туындайтынын, 
адамның өзі сияқтыларға деген жанашырлығымен, аяушылығымен, 
қолғабыстылығымен байланысты екендігін зерделейді. 
Әділеттілік – бұл адамдардың қауымдастықтағы тұлғааралық 
қатынастарындағы мызғымас адамгершілік құндылық және маңыз-
ды этикалық феномен. Халықтың адамгершілік құндылықтарына 
сәйкес келмейтін құндылықтар қашанда оның ішінде ашу мен на-
разылық тудыратыны сөзсіз. Әділеттілікке деген наразылық қазақ 
халқындағы мынадай мәтелден көрінеді: «Ынсапсызға ерік берсең, 
елді талар», «Зұлым есіктен кірсе, ынсап түндіктен шығады». 
Ынсап адамның сенімімен, ұстанымдарымен және олардың 
адамның тікелей өмірқамындағы тікелей көріністерімен байланыс-
ты болып келеді. Қазақтар арасында мынадай мақалдар кеңінен 
таралған: «Ынсап – діннің жартысы», «Ынсапсыздың иманы жоқ». 
Ынсап адамды аморальды, заңға қайшы әрекеттерден сақтан-
дырады және сонысымен бұл этикалық феномен тұлғаның әлеумет-
тік жүріс-тұрысын реттеудің өзіндік механизмі ретінде көрінеді. 
Талай азапты бастан кешіргенімен, барлық бұл сынақтардан бас 
имей өтіп шыққан қазақ халқының даналығы өмірдің қызығы мен 
қуанышын татуда мынаны ескеруді үйретеді: өзіңнен әлсіз адамдарға 


214


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет