М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі



Pdf көрінісі
бет57/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

2 Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі: 
түркілік рухани дәстүр
55 
[1, 81–92 бб.]. Ол өзінің шығу тегі жағынан ұзақ тарихи даму бары-
сында қалыптасқан халықтың генетикалық жадына, мәдени кодына 
сүйенеді [1, 93–94 бб.
]. 
Қазақстанның болашақтағы дамуының көлем-
ді бағдарламасы қазақстандық қоғамның барлық топтарына, соны-
мен қатар әлемдік қауымдастыққа Қазақстанның әлемнің ең жоғары 
дамыған елдерінің шоғырына кіруінің жаһандық жоспарын көрсет-
ті. Олар өзінің тарихы мен рухани мәдениетінің маңызын тереңнен 
түсінуге негізделген тарихи құлшыныссыз және патриоттық күйсіз 
жемісті түрде жүзеге аса алмайды.
Қазақстан дамуының ғаламдық стратегиясы жаңа тарихи жағ-
дайда қазақ халқының дүниетанымы мен рухани мәдениетіндегі 
түркілік қайнарлардың рөлі мен маңызын жан-жақты да терең 
зерделемей, қазақстандық қоғамның дүниетанымдық жаңғы-
руларының жемісті бола алмайтындығының дәлелін көрсетті. Та-
рихи жүзжылдықтар бойы үзілмей келе жатқан қазақ халқының 
рухани өмірінің қайнары мен тамыры ашылып көрсетілетін 
негіз болғандықтан, өзінің негізіне қайта оралу деп түсінідірілген 
дәстүрді түркілік контекст пен контент оның іргетасы етті.
Біз үшін рухани дәстүр дегеніміз не, өткен мен қазіргі кезең-
нің рухани-құндылықтық сабақтастық идеясының мәні неде де-
гендер бойынша ойлана бастағанымызда тарихи даму барысында 
шыңдалған жалпыадамзаттық құндылықтар ерекше онтологиялық 
мәртебеге ие болатынын анық байқаймыз. Сондықтанда болар 
олар адам мен қоғамның мұраттарының қалыптасуына ықпал етуі 
мүмкін, тәрбие, оқыту және білім беру үдерістерінде қатысады және 
ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырылуы мүмкін.
Қайта оқылған және ашылған түркілік мұра көптеген мәселелер 
бойынша тек теориялық қана емес, сонымен қатар практикалық 
сипаттағы пікірталастар туындатуы мүмкін және ол кезегінде 
қазіргі саясаттың жаһанданған әлемнің геосаясаты мен геострате-
гиясы деңгейіне дейін көтерілуі мүмкін. Түркілік әлемді игерудің 
мәні, мағынасы және мазмұны бойынша көптеген мәселелер 
ғалымдардың назарында болып отыр. Солардың ішінде аймақтық 
интеграция, қайта пікірталастар көтеріліп жатқан «Түркістан» иде-
ясы, жалпытүркілік бірегейлік, кеңестік кезеңнен кейінгі орталық-
азиялық мемлекеттердің геостратегиялық бағдарлары және олар-
дың бір, биполярлы және көпполярлы әлем жағдайындағы әлемдік 
қауымдастыққа ену болашағы төңірегіндегі мәселелер бар.
Қазақ халқының рухани өмірін тарихи ретроспективасын зерт-
теу барысында талданатын мәселе түркілердің протоконфесси-
оналды дискурсы және қазақ Даласының құндылықтық әлемін 


56


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет