М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі



Pdf көрінісі
бет80/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

2 Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі: 
түркілік рухани дәстүр
77 
көрінеді. Жібек жолының (керуен жолдарының символы ретіндегі) 
әлемдік ерекшелігі Орталық Азияны адамзат тарихындағы көптеген 
мыңжылдықтар бойы дүниетанымдық идеялар мен философиялық 
ойлардың «балқыған қазаны» деп айтуға мүмкіндік береді. 
Түркі дүниетанымы Орталық Азияның арий мәдениетін негізге 
ала отырып, көрші мәдениеттердің қалыптасуына әсер етіп, өзіне 
семит, шумер-вавилон, египет және қытай, кейінірек орыс және 
батысеуропалық мәдениеттерінің дүниетанымдық идеяларын өз 
табиғатына сіңіріп алды. Әдетте философияны Батыстық және 
Шығыстық деп бөледі, ал өзіндік ерекшелігі бар түркі философиясы 
қарастырылудан кейде шығып қалады. 
Егер Батыс үшін шығыс философиясы мұсылман, қытай және 
үнді философиялық жүйесі болса, Шығыстың өзіне – дүниетаным-
дық идеялардың көптүсті, тұтас палитрасы. Егер еуропаорталықтық
тәсіл үшін түркі фәлсафасы қарастырылмай немесе тек батыс пен 
шығысты біріктіруші ретінде қарастырылатын болса, шығыс фило-
софиясы үшін түркі философиясы – оның ажырамас құрамдас бөлі-
гі. Бұл шығыс дүниетанымының маңдай алды қайталанбас, ерекше 
түрі. Түркі философиясын қарастыра отырып біз ежелгі қытай, буд-
дизм, заратуштра философияларын оның тікелей бастаушы қайнар 
көздері ретінде есімізде сақтауымыз керек. 
Түркі мәдениетінің келесі қағидаты оның барынша «халықты-
ғы». Мысалы, түркі фәлсафасында еуропалық ғылымдағыдай 
– «философиялық жүйе» түсінігі кеңінен қолданылмайды. Ой-
лау жүйесінің кез-келгені немесе қандай да идеялар мен қағидат-
тарды дайындау түркілік дүниетанымның жайдарылығы мен адал-
дығына, дәстүршілдік пен тұрақтылыққа қарсы келетін аяқталу 
мен догмалықты таратады. Көне грек философиясы, әсіресе 
аристотельшілдік белгілі бір философиялық жүйе ретінде адам 
ойының рационалдылығының «алтын торы». 
Халықтың қайнар көзіне айналған түркі фәлсафасы ұлттық 
ерекшелік пен архетиптерден басқа еш шектеулікке шыдамайды. 
Өз мәнінде ол өз негізі арқылы дамиды, сонымен бірге барлық жаңа 
дүниетанымдық кеңістікті игереді, ол халықтың санансымен бірге 
өзгереді. Ал бұл тұрақты айналудың біріктіруші негізі: халықтың 
дүниетанымдық идеялары мен қағидаттарындағы халық ауыз әде-
биеті, өнері, жеке тарихи тұлғалардың философиялық иедялары. 
Сонымен бірге өзінің тарихи ерекшеліктері бар жеке ойшылдардың 
шығармашылығы қандай да бір тұйықталған жүйе емес. Түркі 
дәстүрінде философия болмыспен жеке трасценденттелу емес, 
дүниетанымдық анархо-жекешілдік емес, бұл ұжымдық-халықтық 
жалғасу, бұл индивид дүниетанымындағы халықтың көрінісі. 


78


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет