М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет83/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
«Биікте Көк тәңірі, төменде қара жер жаралған да екеуінің арасын-
да адам баласы жаралған...». Бұл үш тағанның пайда болуы барлық 
үндіеуропалық халықтарда көрсетілген. Мысалы, шумерлік аспан 
құдайы Ану жайлы «Гильгамеш, Энкиду және жер асты әлемі» 
мәтінінде: «Аспан жерден ажырағанда, Ану өзіне аспанды қайтарып 
алғанда, Энлиль жерді...» жазылған. 
Тәңіршілдіктің натурфилософиясының ерекшелігі оның мифтік 
поэтикалық толығуы. Түркі халықтарында көптеген жұлдызға бай-
ланысты мифтер бар. «Темір қазық» – барлық аспан әлемі айнала-
тын орталық. Көшпенділер оған қарап көшіп-қону, керуен жолда-
рын анықтаған. 
Түркі халқының «Түндіктен Үркерді көрсең үш айдан кейін 
Наурызды күт» деген мақалында астрономиялық білім жатыр. 
Біріншіден, көне ортаазиялық кесте бойынша ай 28 күнді құраса, 
жыл 13 айдан тұрған. 26 желтоқсаннан бастап үш ай – 84 күнді есеп-
теп, егіншілер мен көшпенділер «Наурызды» қарсы алған. Наурыз 
(Жаңа жыл) астрономиялық көктемгі күннің теңесуі. Екіншіден, 
мақалда Мүшел (Наурыз) кестесі мен «Үркер» айлы кестемен өзара 
байланысын көрсетеді. Әлі күнге шейін түркі халықтарында ауа 
райы мен «Үркер» шоқжұлдызымен байланысты «үлкен шілде»
 
және 
«кіші шілде» түсінігі бар, «үлкен шілде» 26 желтоқсаннан басталып, 
5 ақпанға дейін созылады, бұл қырық күн қыстың ең суық күндері. 
Бұл қырық күн түнгі аспан биігінде орналасқан. «Кіші шілде»
 
– 26 
маусымнан 5 тамызға дейін созылады, бұл жаздың ең ыстық кезеңі. 
Бұл уақытта Үркер түнгі аспанда көрінбейді. 
Түркі дүниетанымы туралы айтқанда оның дәстүрлілігі мен 
символдығы айтылады. Дәстүрлілік адам өмірінің, рудың үлгісі мен 
ережесінен тұрады. Символдық адамның барлық өмірі әлемде және 
қоғамдық өмірде бағыт беретін символдармен қоршалуы. Әдет-
ғұрып, салт-дәстүрдің өзі символға айналады. 
Біздің көзқарасымызша, түркі дүниетанымының дәстүрлілігі 
мен символдығы бағыныңқы сипатқа ие. Басты анықтамасы түркілік 
рухани әлемнің этикалық бағытталуы. Барлығы бір мақсатқа 
бағынады – адамның адамгершілік өмірін іске асыру. Адамның 
іс-әрекеті адамгершілік-этикалық сипатқа, жасалған үлгілер мен 
ережелерді сақтау сипатына ие. 
«Ғылымды (сана) адамгершіліктен (ар-ұят) жоғары қойып, 
өмірді адамгершілік мұраттарға айналдырған Аристотельден ба-
стап, шығыс перипатетиктері философиясы арқылы адамның 
әлемді тануға тырысуы, адам өмірі үшін табиғатты жеңуге ұмтылыс 
жүзеге асады. Бұл ұмтылыстың артық заттануы өмірлік ұстанымды 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет