М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет85/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
лып табылады: «Қонақ келсе құт келеді!», «Қырықтың бірі Қыдыр». 
Қонақжайлылық тікелей жайдарылықпен қарсы алу, сыйлау ғана 
емес, дәстүрлі этиканың, дүниетанымның кеңдеңгейлі мәні. 
Біріншіден, адам қонақ ретінде осы ошаққа басын бұрып, қонақ 
болғаны үшін ризашылығын білдіреді. 
Екіншіден, қонақ дәрежесіндегі адам адам болмысының құ-
пиясына жақындайтын, басқа адамға, оның рухына жақындау 
мүмкіндігіне ие болады. 
Үшіншіден, терең этикалық сипатын айтуға болады: болашақта 
кездесуі белгісіз қонақ терең ықыласқа бөленеді. Қожайын ұзақ 
уақыт естен шықпастай қылып, шын көңілімен қарсы алып, құрмет-
тейді [5].
«Жаман болады» түсінігімен бірге Тәңіршілдік этикасында 
басқа «ұят болады» болжамды талап жүреді, «қазақтың қарапайым 
құқығының ұтымдылығы «ұят мәдениетінің», яғни төл мәдени-
психологиялық тетіктің болуы әлеуметтік-мәдени үрдістік бірігуімен 
түсіндіріледі» [6]. 
Бұл тұжырым «ұждан»-ұят тұжырымының ішкі жалғасы болып 
табылады. Ар-ұят түркілік дүниетанымда тек адам мінезін реттеуші 
ғана емес, ол адам мәнін таныстырушы. «Ұждансыз адам – адам бола 
алмайды», бұл түркілік дүниетаным идеясын адам болмысының үш 
ақиқатының бірі ретінде Шәкәрім қолданған [7].
Еркіндік түркі мәдениетінің негізінен шыққан. Мәңгілік үздіксіз 
қозғалыс пен түркі мәдениетінің кеңдігі болмыстың шексіз сезімі 
ретіндегі еркіндік сезімін қамтамасыз етті. Еркіндік адамның іс-
әрекетінің көрінісі ретінде ғана емес, рухтың көрінісі ретінде 
түсінілді. Оның еркіндігі оның отбасының, руының, халқының 
еркіндігінің идеясы болды. 
Түркі мәдениетінде теңдік болмыс формасы ретінде түркі қо-
ғамының өмір сүру шарты болды. Ұжымшылдық пен теңдік – түркі 
қауымының ажырамас жағдайы, көшпелі өмір сипатының барлық 
қиындықтарын жеңіп шығу тәсілі. Теңдік пен ұжымшылдықтың 
мәдени символдарының бірі құрылтай болып табылады. Құрылтай-
да қару ұстауға қабілеттілердің бәрі, тіпті әйелдер де қатыса алады. 
Ұжымшылдық шешім барлығына да міндетті болды. Теңдік пен 
ұжымшылдық тұрмыста да көрінді, біреу қайтыс болғанда неме-
се отбасындағы үлкен мерекеде барлық ру, ауыл болып көмектесті. 
Тағы бір әлеуметтік-мәдени құбылыс – Асар, онда барлығы жаппай 
өз мүмкіндіктерінше көмектесуге тиіс болды.
Ислам дін және мәдениеттің рухани-діни негізі ретінде, мәдени 
өзін-өзі анықтау факторы ретінде Орталық Азия елдерінде үлкен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет