М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі



Pdf көрінісі
бет84/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

2 Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі: 
түркілік рухани дәстүр
81 
басымдылыққа – адам дамуының альфа мен омега ретіндегі қа-
жеттілігін қанағаттандырады. Егер руханилық басым болса, онда 
біріншіге қарсы діншілдік өмірдің басты реттеушісі ретінде оның 
ұятының көрінуіне бағытталған адам өмірінің моральдық қағида-
ты ретінде пайда болады. Бірінші және екінші жағдайда да этика, 
адамгершілік туынды болып, адамның тәжірибелік қызметінің 
аясында екінші орынға шегінеді. Бірінші жағдайда «таза ақыл» 
«тәжірибелік ақылдың» алдында болады, екінші жағдайда – діни 
мұрат – адамдық адамгершілік алдында болады. Екі жағдайда адам 
адамгершілік жауапкершілікті Ақылға немесе Құдайға ауыстыра-
ды. Азғындық жағдайында ол кімге шағымданатынын және кімнен 
«кешірім сұрайтынын» біледі
 
[4].
Адамда этикалық негіз отбасынан басталады. Адамгершілік 
ата-ананы сыйлаудан тұрады. Отбасы әкеден басталады, сондықтан 
«отбасы» – отбасылық «жарық-от» бастауы, отбасы ошақ ретінде 
алынған. Ошақтың тыныштығын сақтаушы ана болды. Мифтік 
поэтикалық қабылдау негізінде тәңіршілдікте анаға Ұмай деген атау 
берілді. Ұмай көнетүркі тілінен «жолдас» деп аударылады. Бұл сим-
волда жоғары этикалық мән – өмір бастау ретінде Анаға деген махаб-
бат бар. 
Адамгершілік балаларға байланысты айтылады, өмір балаларға 
деген махаббат ретінде елестетіледі, барлығы өз балаларының 
болашағын қамтамасыз етуге бағытталған. 
Түркі қоғамы әрқашан жоғары дәрежедегі қауымдасу арқылы 
ерекшеленген. Қауымсыз адам адам болудан қалады. Ең алды-
мен бірігу адам өзінің адамгершілік негізін көрсететін туысқандық 
қатынас деңгейінде жүрді. Түркілік рулық ойдың басымдығы мен 
«жеті ата» ұжымдық тәрбиенің адамгершілік негізі болып табыла-
ды, яғни өзімшілдігін басқаға қамқорлықпен алмастырып, адам 
туғандары үшін жан қиюға дейін барады. 
Әкені қадірлеу адам санасын үлкенді сыйлау, құрметтеуге 
міндеттейді. Ақсақалдарды сыйлау жеке адам мен қоғам болмысының 
философиялық ойының жоғары күшін көрсетеді. Ақсақал ру мен 
қоғамдағы үлкені ғана емес, ол даналықты таратушы. Өмірлік 
даналықпен жүр, адамдармен келісімде өмір сүр, ата-бабаңның 
дәстүрін сақта, әке мен бала, қыз бен ана, басқарушы мен қызмет 
етуші, көсем мен жауынгер, малшы мен егінші, қолөнерші мен сау-
дагер аарсындағы адамдық бағытыңды сақта, сонда өмір мәнді бола-
ды, сені ұрпағың есте сақтайды – түркі мәдениетінде басым болған 
қарапайым халық даналығы. 
«Адамгершілік» тұжырымының негізінің бірі қазақ рухани 
әлемінің адамгершілік қағидатынан шыққан қонақжайлылық бо-


82


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет