М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі



Pdf көрінісі
бет86/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

2 Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі: 
түркілік рухани дәстүр
83 
мәнге ие болды. Қазақстанда ислам өте ерте, терең тамыр жайған. 
Ислам он екі ғасырдан астам Орталық Азияның түркітілдес ха-
лықтарының, соның ішінде қазақ халқының да діні болып табы-
лады. Қазақ халқы мыңдаған жылдық дәстүрін сақтай отырып 
мұсылман идеялары әлеміне тығыз енді. Ортаазиялық мәдениет 
исламның қалыптасуы мен таралуына тікелей қатысты. Ең алдымен, 
бұл аймақта тұрғылықты халықтың салт-дәстүріне түсіністікпен 
қарайтын ханрафит мазхабындағы сүннеттік ислам кең тарады. 
Неге ханафийя мазхабы орталық азиялық аймақта басым болған 
деген сұрақ туады? 
Біріншіден, басқа мазхабтармен салыстырғанда ханафийя ең 
дінге ерікті, төзімді келеді. Бұл аймақта исламның таралуы ең қиын 
уақытта келді. Оңтүстік Азия мен Иранның солтүстік шығысында 
негізгі діни жүйе зороастризм болды. Тамыры тереңге кеткен Аве-
ста діні Орталық Азия халықтарының рухани мәдениетінің бір бөлігі 
болды. Заратуштра идеясы осы халықтардың ділін, руханилығын 
және психологиясын анықтады. Бұл аймақта Мани ілімі кең тарады. 
Орталық Азияның түркі халықтарының бір бөлігі буддизммен айна-
лысты. Индияда ерте буддизм адамгершілік-этикалық ілім ретінде 
Кушан патшалығы кезінде қалыптасқан және ол тарағаннан кейін 
оның діни жүйе ретінде махаян формасында туып, кейін ламаизмге 
айналды [8].
Екіншіден, ханафия мазхабында тарихқа көңіл аударады. Ис-
лам, оның ішінде осы мазхаб ислам қабылдаған халықтардың салт-
дәстүріне түсіністікпен қарады. Егер Орталық Азия мәдениетінің 
дәстүршілдігін ескерсек, «орталық» (радикалдық емес) ханафия 
теологиясы тұрғындардың психологиясына жауап берді. Мы-
салы, әлі күнге дейін адамдардың санасында тәңіршілдік діни 
дәстүрлер сақталған: аруаққа сену, әулиелерді құрметету, әулие, 
атақты адамдардың қабіріне бару, түрлі ас беру (3 күн, 7 күн, 40 күн, 
жылдық-ас), халықтық мерекелер, оның ішінде – Наурыз. Олардың 
көбісі исламға сіңіп, мұсылмандық мерекеге айналып кеткен. 
Үшіншіден, Орталық Азияда бұл мазхабтың «жеңіл» таралуы 
– исламның бір құдайға сенуі. Иудаизм мен христиандық та бір 
құдайға сенген. Ал зороастризм мен тәңіршілдік – Орталық Азияның 
байырғы халқының діні, өз мәнінде монотеистік дін болған, ислам 
бұл халықтардың діни психологиясына қарсы келмеді. 
Сунниттік теологияның Орталық Азияда таралуының басқа жағы 
– бұл теология мен ғылымның арасындағы қатынас. Бұл үшін сол 
уақыттағы ханафийя мен ғылымның дамуы арасындағы қатынасты 
қарастыруымыз керек.


84


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет