М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет16/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
низмінің, рух еркіндігінің, бірлік мұратына қол жеткізуге деген 
шексіз ұмтылысының мәні осында жатыр. 
Қазақстанның президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих тол-
ынында» деген еңбегінде қазақ халқының 6 мыңжылдық руханият 
тарихынын шартты түрде 12 кезеңге бөлуге болатынын атап өтеді. 
Осы тарихи кезеңдерді 5 кезеңі әл-Фарабиден Абайға дейінгі уақыт-
ты қамти алады. 
«Алтыншы кезең
. Бұдан 1100–900 жылдар бұрын Қазақстан ау-
мағына араб-ислам рухының тегеурінді толқыны жөңкіле бастаған. 
Ол әдепкіде халық жанының терең түкпірлерін қозғай қоймайды
бірақ ықпалының ырқы әжептәуір болады. Ұлттың ақсүйектері 
(элита) исламды қабылдап қана қоймайды, тілін де өзгерте бастай-
ды. Көне түркілердің руникалық жазуы өшіріліп, оның орнына 
араб әрпінің өрнектері пайда болады. Оңтүстік-батыстан тараған 
жаңа рухани толқын халықтың мәдени-саяси беткеұстарларының іс-
әрекеттерінен бой көрсетеді.
Сол замандағы оның рухани аспанында жарқырап көрінген үш 
жарық жұлдыз – Сыр бойында Әл-Фараби, Жетісуда Жүсіп Баласағұн 
және Махмұд Қашғари.
Әл-Фараби Орталық Азияда түркінің Платонындай рөл ат-
қарды. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі» – Қазақстан мен Орта 
Азиядағы Түркі тілдес халықтардың бізге жеткен ең тұңғыш 
зайырлық шығармасы, Махмұд Қашғаридан қалған түркі тілдері-
нің «Диуани лұғат-ат-түрк» сөздігі – XI ғасырдағы түркілердің ең 
тұңғыш энциклопедиясы» [1, 274 б.].
Дегенмен, атап айтқанда көшпенділер мұратының мұрагері са-
налатын көшпенділер мен қалалықтардың рухани бірлігі дәл осы 
Әбу Насыр әл-Фараби сынды ұлы ойшылдардың дүниеге келуіне 
ықпал етті. Әл-Фараби материалды дүниеден жоғары тұратын 
ділге ие болу арқылы ғана өткен дәуір ойшылдарының идеяла-
рын қабылдап, дамытып, Аристотельден кейінгі Шығыстың екінші 
ұстазына айналды. 
Қазақ мәдениеті бір-біріне қарама-қарсы екі дүниетанымды 
біріктіру және көшпенді және отырықшы мәдениетті жүргізу 
әдісі арқылы ғана осы сарында үйлесімді дамыды. Осы орайда, 
қазақ тарихы мен мәдениеті ұғымындағы негізгі категориялардың 
бірі, ымырашылдық ділі болып табылады. Қала және көшпенді 
мәдениеттің өзара байланысы ділдің ортақтылығымен ғана шекте-
ліп қалған жоқ, шаруашылық жүргізудің осы бір қарама-қайшы 
әдістері экономикалық және саяси қатынастардың тұрақты, айқын 
қызмет ететін жүйесін құрды. Қала көшпенділердің назарын тек 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет