М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет89/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
дымен, әл-Фараби шығармашылығындағы түркілік дүниетанымдық 
және философиялық дәстүрдің болуы ислам мен антикалық әсер 
етуден болғанын айту керек еді. 
Тарихи деректер бойынша Қарахан мемлекеті тұсында 920–950 
жылдар аралығында Сутук Боғра хан тұсында ислам ресми түрде дін 
болған. Билік, аймақ үшін күресті айтпағанда түркі әлемін ислам-
дандыру үрдісі халық пен басшылар жағынан ешқандай қарсылық 
көрмей тез болды. Бұл үрдістің бір белгісі – түркі халықтарында мо-
нотеизм формасының болуы. Әл-Фарабидің «мұсылман қауымына 
кіретіні» жайлы айтсақ, ол Бір Құдайға сенетін адамдар түсінігіндегі 
мұсылман болды. 
Фараби идеясын түсінудің қиындығы оның ислам догматтары-
ның түсіндірмесіне ерекше белгі қалдырған ойлау формасының 
ерекшелігінде. Зерттеушілер Фарабидің о дүние мен сауап түсі-
нігінің бірқалыпты еместігін көрсетеді. Ол дүниетанымдық тұ-
жырым ретіндегі тәңіршілдіктің ерекшеліктерінің бірі болып та-
былатын исламның о дүниедегі бақыт үшін бұл өмірдегі бойсұну 
тұжырымын сынайды. «Адамдар ажалды болып туған» – көнетүркі 
ескерткіштерінде айтылған жәй ғана адал ой адам өмірінің квинтэс-
сенциясы болып табылады. Осы арада түркі дүниетанымында үстем 
болатын өмірдің толықтығы мен оптимизм, рух пен қаһармандық 
еркіндігі, жақсылық пен мырзалық идяелары шығады. Тәңіршілдікте 
о дүние мен сауап идеясы айтылмайды. Сауап – өз халқының естелігі, 
осыдан – тәңіршілідіктің адамгершілік-этикалық негізі ретіндегі ата-
баба діні шығады. 
Әл-Фараби осы түркі дәстүріне еріп, адам екі жетістікке жетеді 
дейді [10]. Бұл өмірде адам ізгіліктен шығатын ізгі істерді жасауда 
алғашқы жетістікке жетуге болады, екінші жетістігі арғы беттегі емес, 
осы беттегі әлем жетістігі. Бұл Ясауидің адам рухани әлемде емес, 
бұл өмірде жетіліп болғандағы «ажалдан бұрын өлу» деген идеясын 
дәлелдейді. Бұл кейбір зерттеушілердің әл-Фарабидің философи-
ясында түркі-парсы мәдениетінің философтарына тән сопылық са-
рын бар деп есептеуіне мүмкіндік береді. Рухани және зерделі ізгі 
ниеттілер бірігіп адамдарға қалада бірге бақытқа жетуге көмектеседі. 
Әл-Фараби түркі дәстүрінің ізімен өз шығармашылығында 
философияның басты мәселелерінің бірі – адам бақытының фило-
софиясын зерделейді. Тәңіршілдікте де дүниетанымдағыдай «құт» – 
бақыт ортақ ұғым болып табылады. Тәңір адамға тек өмір мен уақыт 
сыйламайды, оларға «құт» – бақыт та сыйлайды. 
Сол кезеңнің тағы бір белгілі тұлғасы – Ясауи Ахмад бин 
Ибрахим, бин Әли, әл-Йаси. Ясауи – кім болған? Неге ол қайтыс 
болғаннан кейін екі ғасырдан соң ұлы Темір кесене салған? Неге 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет