М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет93/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
ру өнері көп күшті қажет етеді, оның ойы мен білімі – «философ», 
«бірінші басшы», «басқарушы», «заңгер» және «имам» ұғымдары 
күші жағынан ең үлкені. Бұдан шығатын қорытынды, әл-Фараби 
көзқарасы бойынша – басшы, имам, сонымен бірге өз азаматтарының 
рухани, адмгершілік амандығын ойлаған басшыны – Мұхаммед 
кейпінде көрсетеді. 
Осылайша, Араб халифаты мен шығыс перипатетизмі дәуірінде 
әл-Фараби сұхбаттың мәні мен қызметі жайлы әділ де нәтижелі 
ой айтқан. Сондықтан әл-Фараби және басқа да әр дәуірдің атақты 
ойшылдары өзектілігін жоғалтпай заманауи сұхбатқа қатысуға 
қабілетті. 
Әл-Фараби батыс антикалық және Шығыс Ренессансы арасын-
дағы философиялық сұхбатты іске асыруда ортағасырлық Шығыс-
тағы ең ұлы араб ойшылы болған деп айта аламыз. Мұндай когни-
тивті байланысты қалыптастыруда әсіресе Ибн Синаның куәлік етуі 
бойынша әл-Фарабидің рөлі айқын көрінеді. Ол өмірінің сол кезеңін, 
медицинаны, философияны, физиканы, логика мен метафизиканы 
оқыған жоғары білімді адам болған кезін, Аристотельдің «Метафи-
зикасын» әлі түсіне қоймаған уақытты, аристотельдің мақаласын 
түсіндіретін әл-Фараби трактатын мұқият оқып болмаған кезін мой-
ындайды. 
Этностың рухани әлемінің ерекше мәні ұрпақтан ұрпаққа 
мәдени құндылықтар беріп, тәрбиелік және біліми қызмет жасай-
ды. Бұл рухани мәдениеттің дәстүрлі сипатының негізінде ұрпаққа 
жол көрсететін халықтың даналығын, өмірлік тәжірибесін ендірген 
құрылтайдың, ақсақалдар, билер кеңесінің, асардың идеялық сим-
волдары жатыр. 
Осымен бірге басқа – ата-бабаларға табыну, ата-ананы, үлкен 
кісілерді құрметтеу маңызды рухани мәдениет құндылығы байла-
нысты. Ата-бабаларға, ауыл ақсақалдарына, ата-анаға табыну қандай 
да бір рухани-діни заттануды көрсетеді және түркі халықтарының 
ойлауының атрибуты болып табылады. Аруақтарға сену діни жо-
рамал ғана емес, көптеген дәстүрлер де құрылған діни сенімде 
басымдылық танытады. Ата-ананы, ауыл ақсақалдарын, атақты 
адамдарды құрметтеу көбінесе тек отбасының, рудың тұрақтылығы 
емес, барлық қоғамның тұрақтылығын анықтайды. 
Көне заманнан қазіргі кезге дейінгі сақталған рухани мәдени 
құндылықтар балалардың рөлін жоғары түсіну болып табылады. 
Мұндай дәстүрлі құндылық ата-бабаларға, ауыл ақсақалдарына, ата-
анаға табынумен бірге бірлік пен ұрпақтар сабақтастығын іске асыра-
ды, этносты сақтау мен дамытуға жол салады. Түркі халықтарының 
психологиялық мәдениетіне «ұрпақтар жанжалы» тән емес, бұл 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет