Мәтін - тілдік таңбалардың мағыналық және тұлғалық байланыстығы
негізінде түзілген бірізділігі;
Мәтін - латынша байланысу, қосылу, тұтасып кету. Басты қасиеті тұтасым және байласым болып саналатын мағыналық байланыстармен біріккен таңба
бірліктерінің тізбегі;
«Тіл білімі» сөздігінде:
Мәтін - тілдің өмір сүруінің феноменологиялық алғашқы тәсілі;
Мәтін - жүйеленген, тұтасқан, тиянақталған және мағыналық жақтан өзара байланысқан сөйлемдердің тізбегі;
Мәтін - коммуникацияға, қатысушыға тән сөйлемелік (высказывание) бірізділігі.
Сонымен, мәтін дегеніміз – байланысу, бірігу деген ұғымды білдіреді. Мәтін сөйлегенде, жазғанда пайда болады да, қажетті бір тұтас ойды аяқтайды. Мәтін – сөйлеу процесінің жемісі. Мәтіннің тақырыбы болады. Мәтін сөздерден, сөйлемдерден, абзацтардан тұрады. Мазмұны жағынан түрліше болып келеді. Онда оқиғалар хабарланады, баяндалады, әңгімеленеді, құбылыстар сипатталады, суреттеледі. Мәтінге газет-журнал материалдары, өлең шумақтары, оқулықтағы ережелер және әр түрлі тақырыптағы сөйлесулер жатады.
Әрбір мәтіннің тақырыбы онда не туралы айтылатындығын білдіреді. Мәтіннің құрамындағы сөйлемдер тек тақырып бойынша ғана байланыспайды, белгілі бір негізгі ой, айқын идея арқылы да бірігеді. Яғни мәтіндегі негізгі ой онда қандай мәселе баса назар аударылады, неге көз жеткізу мақсат етіледі, неге үйренеді деген жайлар арқылы анықталады.
Негізгі ой мен тақырып мәтіннің өн бойынан ажырамас бірлікте көрініп ашылады. Осыларды басшылыққа ала отырып, мәтінмен жұмыс істеу 3 кезеңге бөлінеді.
Мәтінге дейінгі жұмыс кезеңі
Мәтінмен жұмыс кезеңі
Мәтіннен кейінгі жұмыс кезеңі
Көркем мәтін тілі – көркем сөздің сырын, сөз өнерін, мазмұнын бейнелейді. Оны ашу стилистикалық талдау арқылы жүзеге асады. Стилистикалық талдаудың мазмұны көркем шығармаларда қолданы-латын тілдік тұлға бірліктерінің мағынасы, қолдану мәнері барлық теңдіктегі ауытқуларымен салыстырудан тұрады. Басқа сөзбен айтқанда тілдік тұлғаға бірліктердің шығарма мазмұнына қатысын айқындау, стилистикалық талдаудың мазмұнын қатынасын айқындау арқылы көрінеді.
Мәтіннің қандайда бір стильде құрылатыны белгілі. Оқу барысында функционалдық стилін, ауыз екі сөйлеу стилі, ғылыми стиль, ресми іс-қағаздар, публистикалық стиль, көркем әдеби стиль түрлері қолданылады.
Мәтін жанрының ерекшелігі де осы стилдік функциямен тығыз байланыста жатады. Оны мына сызбадан көруге болады.
№
|
Стилдер
|
Жанрлар
|
1.
|
Ғылыми стиль
|
Оқу материалдары, мәтіндер, мақалалар, баяндама, Суретті ақпараттар, хабарлама, мәнжазба, пікірлер, шолулар, алғы сөздер т.б.
|
2.
|
Ресми стиль
|
Өтініш, мінездеме, түсініктеме, сауалнамалар, өмірбаян жатады.
|
3.
|
Публистикалық стиль
|
Нақты күнтізбелер, ақпарат, хабар, түсінік мақалалар.
|
4.
|
Көркем стиль
|
Өлең, поэма, ертегі, әңгіме, повесть, роман.
|
Адамның рухани әлемін оның адамгершілік бүкіл ішкі сезім қасиетін қалыптастырып байытуда әдебиеттің, ана тілі пәнінің атқарар қызметі ерекше. Көркем туындыны толық, терең әрі жан-жақты түсіну оны талдаудың түр-түрін жетік меңгеріп, оларды талдаудың жоғары мәдениетін ғылымдық сапада жүргізуді талап етеді. Олардың қай –қайсысында да зерттеушінің алдына әдеби шығарманың шынайы көркем табиғатын тану мақсаты қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |