М6 бп тк mtta «Мәтінді тілдік талдау әдістемесі» п ә н н І ң о қ у- ә дістемеліккешен І


Полисемия – бір сөздің шығарма ішінде әр түрлі көкейте айтылуы, әр түрлі мағына білдіріп қолданылуы. Пессемизм



бет64/66
Дата09.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#174066
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
bekitilgen 2023 matin pmno umkd

Полисемия – бір сөздің шығарма ішінде әр түрлі көкейте айтылуы, әр түрлі мағына білдіріп қолданылуы.
Пессемизм – болашаққа сенімсіздікпен қарап, сары уайымға салынып, түңілу. Өмірге кері қарайтын идеологиялық сарын.
Риторикалық сұрау – шығармада ақын жазушылар өзіне жауап қайтаруды керек етпейтін, өз жауабы өзінде болатын сұрау.
Абзац (нем. Absatz - шегініс) - 1)баспа не қолжазба мәтіннің алғашқы жолындағы шегініс, азат жол. 2) Автор ұстанымы тұрғысынан, графикалық түрде айқын бөлшектеніп тұратын мәтіннің композициялық-стилистикалық бөлігі.
Айналмалы тұтасымдар (ор.кольцевые, рамочные) - күрделі фразалық тұтасымның басқы және соңғы сөйлемдерінін немесе лексикалық бірліктердің қайталанып колданылуы.
Алшақ байласым - мәтін кұрылымында бір-бірінен өзара алшак орналасқан сөйлемдердің арасында орнайтын байласым түрі.
Анафора (грек. anaphora ana – кейін, қайтадан+ phoros - алып жүруші) 1. Қайталау арқылы жасалатын стилистикалық сөйлеу айшығы. Мәтіндегі әр жол немесе әр тармақ бірыңғай тілдік бірліктерден басталып отырады (дыбыс, сөз, морфема, сөйлем т.б.). 2. Бұрын және алдында айтьшган ойға сілтеме жасайтын түрлі амал-тәсілдер (есімдік, қайталау, перифраз т.б.)
Әңгімелеу (ор. повествование) - композициялык-сөйлеу формасының бірі, мәтін түрі. Әңгімелеуде мезгілдегі оқиғаның дамуы, кұбылыстардың бірін-бірі ауыстыруы баяндалады.
Байласым - күрделі бірліктерді құрайтын тілдік құралдардың белгілі әдіс-тәсілдермен ұйымдасуы, мәтіңдегі бірліктердің байланысы.
Дейксис (грек. Deixis – сілтеме) - тілдік құралдармен берілетін сілтеме, орнына жұмсалып отырған тілдік бірліктің мағынасына немесе қызметіне нұсқау (есімдіктер, үстеулер, есімдік пен шылау, есімдік пен мекендік, мезгілдік ұғымды білдіретін сөздер).
Диалог - (грек. - сөйлесу, әңгімелесу) - екі адамның тіл қатысуы.
Дискурс (фр.сөйлеу) ор. речь, выступление) - 1. Қатысымның табысты жүзеге асуына тән тілден тысқары (әлеуметтік, мәдени, психологиялық) фактілерді ескере отырып, жан-жақты, толықтай қарастырылатын сөйлеу, нақты мәтін. 2. Мәтіннің ырғақпен, интонациямен және т.б. белгілерге сәйкес ұйымдасуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет