МА. Аары алхан Бөкей Шыгармалары Екінш І том Роман, повестер ф Алматы 2013 «Ел-шежіре» ҚҚ



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата07.02.2022
өлшемі8,58 Mb.
#90037
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Shygarmalary 2tom Bokey

педагогшсалы>л л
с- -гі л
ГЫ Л К і:-;и 0
4

^М улгк____
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз 7-44
І8В ^ 978-601-7317-48-5
І8В ^ 978-601-7317-46-1
© Исаканова Г., 2013 
© «Ел-шежіре» ҚҚ., 2013


АТАУ-КЕРЕ
(ҚАУІПТІ БУДАН)
Ро.ман
Ара жасагаи қогаидық өмірдің
децгейіне жету үшін адам баіасының
аідында элі тачай үзақ жол жатыр.
Матерлинк
Көптен кеткен көмусіз қаіар.
Халык нақылынан
1
Ол Бек-Алқаға жылына бір рет міндетті түрде қатынайтын. 
Туған ауыл, ел-жұртын емешегі үзіліп сағынғандықтан емес 
(қайбір екі туып, бір қалғаны бар), жыл бойғы табан ет, маңдай 
тердің күнын шығарып, үшы-қиыры таусылмас шаруасының 
шалғайын кайыру үшін етектеғі елғе - Үлкен Жерге асығатын. 
Ал шаруа, басқаны қайдам, Ерік үшін кайта айналып орнына 
келе берер күн мен түн секілді мэңгілік қозғалыстағы, мэңгілік 
айналымдағы дүбірлі дүние, таусылмас қазына.
Сонау Таулы Алтай өлкесімен колтыктасып жатқан «Қатын 
суының» дәл кемеріндегі омартадан мынау Бүқтырма өзенін 
мінбелей орналасқан Бек-Алқаға дейін атпен жүрсең - күншілік 
жол. Онда да таңның алғашқы хабаршы сэулелері тарап, елең- 
алаң шақ туа атка мінбесең, қонаға жете алмай қаласың. Ерік 
бүгін тым ерте шыққан. Түнге қалсаң, тау арасындағы шөп 
көмкеріп тастаған жалгыз аяқ соқпақтан адасып, соқыраңдап 
сорың қайнайды, тек - астыңдағы атыңның жершілдігіне сенер 
едің. «Шашты» деп аталар асудың үстіне шыққанда, мүқым 
ойпат: сонау Алтайдың күміс шашбауындай ирелеңдей аққан 
Бүқтырма өзені; сол ерке өзенді еміп, екі жағалауына өңірдегі 
түймедей каз-катар орналасқан үлкенді-кішілі ауыл; сол ауыл-
3


дың ара-арасын кұр жіптей шуатыла жалғап жатқан жіңішке 
жол; сол жолдың үстінде шаңнан шашу шаша құйғытқан замана 
көлігі - машиналар - бәр-бәрінің үстінен тас лақтырсаң,тұтып 
қалардай тұнып түрған қою мүнар омарташы жігіттің көз 
алдына әлдеқандай бір сиқырлы сүлулықты елестеткен. 
Бірақ ол осынау көк мүнар қабыздаған көркем көрініске 
терең тебіреніспен сүйсіне қойған жоқ. Тіпті сол сылаңдаған 
сүлулықты әдібін ашып түсіне де қоймапты; жоқ іздегендей 
қанағатсыз көңілмен үзақ қарап түрды да, аспанмен таласқан 
заңғар асуды бауыздай бауырлап кетер қолдың тамырындай 
сан ирек, сан тарау соқпақты қуалап қүлдай бастаған; қүлдаған 
сайын жайлаудың әлгіндегі жаныңды жаннатқа бастап 
аймалаған салқын самалы биікте қалып, тамыздың таңдай 
кептірер аптабы алдыңнан анталай үмтылады. Ол етектеген 
сайын өрмекшінің торындай көзге көріне шымырлап қайнап 
түрған ыстық леп ындынын қаңсыта бастаған; ат түяғы тиғен 
сайын сырт-сырт етіп ыршып түсер шегірткенің миыңды 
тербеп зэрезап қылар шырылы қүлақ түндырады; ойдың шөбі 
пісіп қалған - мүрынға ерменнің кермек иісі келеді, ал басы 
сарғайыңқы таргып, қаулап өскен ақ ерменді кешіп өткеніңде 
басынан тозаңы үшып, тиген жерін сап-сары ала тоңғақтап 
тастайды.
«Ауыл биыл ыстық екен» деп ойлады. Басындағы калпағын 
шешіп, маңдайындағы моншақтаған терді алақанымен сыпы- 
рып тастады. Кеудесіндегі тері жарғақты да шешіп, ердің 
алдындағы канжығасына байлады. Астындағы жол жорғасы 
бар көкбестінің алғашында қүлағының түбі ғана жіпсіп еді, 
енді тоқымының шетінен ылжырап көбік шығып, күннің 
ыстығы мен еңіске қарай тарбаяқтаған лоқылдақ жүріс қарадай 
қинап, қан сорпасын шығарды. Көкбестінің арқасындағы тепсе 
темір үзетін төртбақ жігіт қана салмақ болып келе жатқан жоқ- 
тын; көкбестінің беліңде эрқайсысы елу килограмм тартар 
екі сүйретпе бал бар еді. Ал дүниеде балдан тэтті эрі ауыр 
нәрсе жоқ. Жылқының терісінен мүнтаздап илеп, эдемілеп 
тіккен тері қоржынды жергілікті кержақ-орыстар «сума» деп 
атайтын. Сүйықтың қай түрін қүйсаң да бір тамшы ақпайтын, 
не жыртылып, тозбайтын тері қоржынды Еріктің әкесінің әкесі 
үстап, атадан балаға мирас боп келе жатқан киелі мүлік еді. 
Еріктің әкесі Қандауыр жарықтық тері қоржынның игілігін
4


онша көре коймаған, тек анда-санда ерігіп аңға шыкканда, 
ердің арткы касына іле салатын. Қанжығасы канданып, 
олжалы оралған күнді Ерікке көруге жазбапты. Тура жүріп, 
тура сөйлейтін Қандауырдың тым-тым кара кылды как жарған 
эділдігі түкым куалап, Ерікке жүға койған жок-ты; әкесін көзі 
тірісінде көрмей, мүның кызылшака кезінде күні бүгінге дейін 
түсініп болмас белгісіз сапарға аттанып кетуі тәлім-тәрбиесіне 
әсерін тигізгендей; сондыктан да эу бастан тек өзі ғана таңдап 
алған жолга түсті. Қазір де сол - өзі таңдап, өзі сайлап алған 
жолымен келеді...
Ауыл биыл ыстык екенін вертолетші жігіт Андрейден 
естіген. Шілде бойы шіліңгір ыстык басып, күнгей-күнгейдің 
шөбін күйдіріп, жаялыктай сарғайтып жіберіпті. Енді, міне, 
бедірейген аспанның омырауы семіп, тамыз басталғалы да бір 
тамбай, жер-көктің апшысын куырып түр. Етекке түскен соң, 
көкбесті жол жоргасына салды. Барар жерге тезірек апарып 
тастап, аркасындағы зілбатпан жүктен күтылғысы келгендей 
көсіле жортактап, ауыздығын сүзе соза тарта жөнелген. 
Жас мал болғанда жүріске мыкты, астынан ит өтіп жатса да, 
жымыраң кақпайтын мінезді жылқыны Ерік жан жолдасындай 
жаксы коретін. Қүлын кезінен қүндакка орағандай мәпелеп 
өсірді, шошаң етер жерге шокырақтатпай, осындай азамат 
такымы, арғымак арқасы сыналар үзақ та еңку-еңку сапарға 
сақтайтын. Әзірге екеуі де сыр алдырған жоқ. Маңдай мен 
сауырдан сорғалаган бір күнгі тер деген не тэйірі, ертең-ақ 
жайлауға кайтып оралған соң, екеуі қарға аунаған түлкідей 
түрленіп шыға келмей ме?!
Кемері тастактанып басталар қара суға жеткенде, көкбесті 
тізгінді жүлқа тартып су ішкісі келгенін білдірді. Тізеден келе- 
тін өзенді күрпілдете кешіп, шымырлаған майда толкындарды 
тұмсығымен жара, суды тартып-тартып ішетін әдетімен жүре 
сыңғытты. Ерік еңкейіп барып ауыздығын алды. Өзі де сол 
аттың бауырына түсе еңкейген калпымен, алаканымен көсіп- 
көсіп уысына ілінген суды ұрттап шөлін кандырған. Окыс 
келген зұлматтан үріккен майда шабактар тым-тырақай жосыла 
жөнелді. Күннің аптабы Алтайдың бұлақ суларын жылыта 
алмас еді. Әр шақырым сайын таудың қүзар басынан сарқырай 
кұлап, Бұктырмаға құяр бұлак бастауын қардан алатындықтан 
да, жаздың жуан ортасында тісімізді зыр еткізер суықтыгын
5


сақтап қалатын. Омарташы жігіт мұздай сумен ыстықтан барбия 
бастаған бетін сипап, дэреттегендей қайта-қайта қуаттана жуды. 
Қара судың ортасында рақаттанған кокбесті мен иесі жолсоқты 
ұзақ жүрістен соң, қалжаланғандай тэтті бір әсерге еніп еді. 
Жаз туа, шыжбыңдап тыным таппайтын жылқының қүйрығы 
суға малынып түрса да, сауырын жағаттан көк бас сонаны 
тынымсыз сабалайды. Қылқүйрықтан шашыраған су Еріктің 
бет-аузын бүлғады, бірақ омарташы ожар мінез танытпады. 
Көкбестінің қаз мойнына қонған сонаны қамшысымен кағып 
түсірді де, «шу, жануар» деғен емеурінмен тебініп қалды. 
Арғы жағалауға шыққан соң, аттан түсіп, бел жазып дем алды. 
Тоғай іші гуілдеген қанбазар тіршілік: жігіттің білер- білмес 
жәндіктері сайран салуда. Әлдебір талдың жапырағына ара 
келіп қонды. «Бал арасы екен. Бүл маңда кімнің омартасы бар 
еді» деп, есіне түсіріп еді, ешкімнің есімі есіне орала коймады. 
Әлғі бал арасы ендігі сәтте көкбестінің белін мықшитып түрған 
тері қоржынды айналсоқтай бастады. «Пэтшағардың иісшілін» 
деп, бар шаршауын арадан алғысы келгендей қамшысымен 
тартып жіберіп еді, мүндай дэлшіл болар ма, сеспей қатқаны. 
Қара жолдың үстіне ат түяғы ойған шүңқыршада түк-түк аяғы 
дірілдеп біраз жатты да, жантәсілімін берді.
«Есектің еті арам, күші адал» дейді екен қазақтар, ендеше, 
ара жазғанның «тартқаны - бал, шаққаны - у» деп, осына 
ойдың санасына орала кеткеніне насаттанғандай атқа қонды. 
Тоғай арасындағы суыртпақ жол ауылдың шетіне алып шықты. 
Бүл кезде күн екіндіге таяп, бағанағы ыстықтың беті қайта 
бастаған.
Еріктің былтырдан бері ауылға келгені осы. Өзгермеген. 
Өзгергені өзі ғана секілді, көшеде көрген жүрттың бэрі бүған 
үрке карайтындай сезікті сезінді. Бүрынғыдай емес, бүл 
ауылдың адамдары бүлдана есендесетіндей, бейне бір кісікиік 
көргендей көздерінің астымен сүзе қарайды, не болмаса 
байқамағансып, байырқаламай асығыс өте шығады. Соңғы 
кезде адамдар мінезіне санамен кіріп, сыздата бүлдіріп жүрген 
осына тоңмойындык ауылдастарының баяғы жайсаң жаны 
кай жылдардан бастап касаңдай бастағанын, зейін қойып, 
зерттер зерде Ерікте бар-жоғын білмейміз; біздің білетініміз: 
замана көші байсалданып, баянды ғұмыр кешкен сайын өмір 
сүру жеңілденіп, сауық-сайран көбейген сайын санамыз
6


сарабдал тартып, таңғажайып окиғаның куэсі болған сайын 
кұлқынымызға құм түскендей катал да қайырымсыз; ешкімге 
де, еш нәрсеге де сенбейтін сезімсіз «сергектік» жайлағандай 
еді бойымызды. Тек алға, алға ғана тура тарткан: жасықтық 
пен жалтақтықтан ада, асау батылдық балталасаң да қыңқ 
етпес батырлық сықылды болғанымен, көсегемізді көгертпес 
көкбеттікке бой алдырар кісэпірліктің көрігін көбірек басып 
жүрген жокпыз ба деген күнэлі ой түрткілеп мазаны алар еді. 
Еріктің туған ауылынан кеткеніне, сонда да мүлдемге емес, үш- 
ак жыл болса да өзін осыншалық жат, өзгеше бір өгейлікпен 
қарсы алады деген ой үш үйықтаса түсіне кірген жоқ.
Бүл ауылдан кара үзіп, карада бой, қарда ізін қалдырмай 
ауып кеткен ешкім жоқ, өзі жылына бір рет қатынап, хабар- 
ошарын алып-ақ түрады. 
Бүлар Алтайдың басындағы 
омартаға көшкенде, көздері күлімдеп, көсегесі көгерердей 
хош көңілмен қуанған да осы - Бек-Алқалыктар болатын. 
Енді, 
міне, 
әне: 
есік-терезелерінен 
сығалап, 
«апыр-ау, 
кайта көшіп келе ме» деген қауіпті ой түртпектеген ауыл- 
дың қатын-қалашы (еркектері шөпте) Еріктің соңынан 
жыртиыса қарап қалған. Біздің жігіт байқамағансыды, олар 
көрмегенсіді. Ол көкбестінің басын есік-терезесі айқүш- 
үйқыш тақтаймен шегеленген өз үйіне тіреді, аулалары биік 
еді. Ауласын тақтаймен биік етіп қоршап, ішінде атан сойып 
жатсаң да тірі пенде көре алмайтын үйлер бүл ауылда жеке 
дара емес. Ағаш қақпасы қаңк етіп жабылған соң жабығынан 
да сығалай алмайсың. Білгеніңді істе. Еріктің үйі баяғыда әкесі 
кержақ-орыстардан сатып алған екі қабатты ағаш үй. Бірінші 
кабаты жартылай жерге кіріп түратын бүл үйлердің өзгеге 
үқсамас ерекшелігі бар. Бөлмелері тар, бірақ биік. Екінші 
кабатына іштен де, сырттан да кіретін есігі бар. Терезелерінің 
сыртқы жақтауы самырсын тақтайдан оюлап әшекейленген, 
маңдайшасында қос түмсық самүрык күстың суреті оюлап 
салынған. Патша заманынан қалған осы бір жалғыз белгі элі 
күнге түр, ешкім мэн беріп, тиісті орынға хабарлап тиісе қойған 
жоқ, небір тарихи айтыс-тартыс, құбылмалы қүбылыстардан 
есен-аман өтті. Күн жеп тозған, ептеп жарықшақтана сызат 
түскені болмаса, сол калпы, тағы да бір ғасырдың айғай-шуына 
төтеп беріп шыдайтын секілді. Еріктің әкесі ер мінезді, ақкөңіл, 
адал да атпал азамат болғанымен, үй шаруасына салақ, дүние-
7


боқты парық қылмайтын арсыл-гүрсіл, ашуының алды бар, 
арты жоқ адам еді; оның еңгезердей бойы, гүрілдеп сөйлейтін 
даусы менмүндалап, ауылдың бір шетінде отырса, екінші 
шетіне үні тарап, дабырлап, өзін-өзі әшкерелеп қоятын ғажап 
адам еді; ауылдастары «вейлка» деп атап кеткен Қандауырдан 
төрт қүбыласы сай мүра қалмаған, тек Ерік ер жеткенде ғана 
бүл шаңырақтың шашылып кеткен шаруашылығы жинақталып, 
берекесі кіріп еді. Шешесі айтып отырады: «Үлым менің әкеме 
тартқан пысық, қолы месекерлі. Бірақ...» Сол «бірақтың...» 
ақыры элі күнге айтыла қойған жоқ.
Қос қабатты агаш үйдің бірінші қабатына кіретін есіктің 
жүдырықтай қүлыбын ашты. Темір топсасы тоттана бастаған 
есіктің жан дауысы әдеттегіден де қатты шыға ойбайлай ашыл- 
ды. Ішке кірген Еріктің бетіне өрмекшінің торы жабысып, 
мүрнына сыз тартқан жер иісі келді. Терезенің алдындағы 
баяғыда өліп қурап қалған қара шыбын, бүл кіргенде тырағайлап 
қашқан қара тышқан, шаң басқан эртүрлі мүліктер, бүрыш- 
бүрышқа ау секілді түтылған өрмекшінің торы - бар-барлығы 
азынаған иесіздіктің, бақсының моласындай өгейліктің жүдеу 
кейпін елестетеді. Ерік алғашында жан-жағына жалтақтап 
қарап, түла бойын қорқыныш па, элде жан сыздатар жалғыздық 
па - өзі де біліп, сезе бермес өзгеше бір мүңлы хал түтқындап, 
өз үйінен өзі жерігендей жиіркене меңірейіп түрып қалған. Ол 
екінші қабатқа көтерілер сатымен өрлеп барып, есігін көтеріп 
еді, қас қылғандай оның да мөңіреп қоя бергені.
Еріктің үйі дөңнің үстінде еді. Терезеден қарағанда анау 
ауылдың қора-қопсысы, мал-жаны, әсіресе үйіне кімнің 
кіріп-шыққаны алақандағыдай көрінетін. Доңнің үстінде Бек- 
Алқаның қарауылындай қасқайып түрған бүл үйдің иесінен 
осы ауылдың жасырын қалар сыры болмайтын. Екінші 
қабаттағы бөлмеге көтеріліп, тақтай қақпалы терезені ашып, 
әйнектен сонау ойда ордадай болып жатқан ел-жүртына көз 
салды. «Моп-момақан, - деп күбірледі, - ішіне кірші, ордалы 
жылан секілді». «Кіндік қаның тамып, түсауыңды кескен, 
балалығыңның бал дәурені өткен атақонысыңа атаңның қүны 
бардай неге өшігесің?» деп, жер-жебіріне жетіп, тэубеге 
келтірер адам жок болған соң, күпір ойға бара береді де...


«Бекзат менің келгенімді білді ме екен?» Терезенің 
какпағын айкара ашып койды. Бұл - Еріктің түскенін сатушы 
әйел Бекзатка сездірер белгісі еді.
Ол қайтадан далаға шыкты. Бір аяғының салмағын бір ая- 
ғына салып, терден саталақ-саталак болып жуас түрған көкбес- 
тінің шап айылын босатып койды. Алыс жолдан шаршап келген 
аттың ер-токымын бірден алмайды, аркасына ыстық шығып 
кетеді. Тері коржындағы балды үйге кіргізген жоқ, біреу-міреу 
күйып әкетпеді ме дегендей, етігінің үшымен түртіп-түртіп 
қалды. Бал күйылған тері қоржын сиырдың жас өкпесіндей 
былк етіп барып тынышталды. Ағаш үйдің айналасын, кора- 
қопсысын ине жоғалткандай тінткілеп, тексеріп шықты. Бэрі 
орнында секілді. Тек қана кыста сиыр камайтын бітеу кораның 
есігі ашылып қалған, «жүмыртқа іздеген балалар-ау» деп күбір 
етті де, сым темірмен шандып түрып байлап тастады. Бүдан соң 
екінші кабатқа кайта көтерілді. Ауыл жым-жырт, әлдеқандай 
үлы апатқа үшырап, ауа көшіп кеткендей... Дүкеннің алдында 
өз күйрығымен өзін сабалап салт ат байлаулы түр. Бірак 
дүкенге кіріп-шығып сабылыскан ешкімді көзі шалған жоқ. 
«Бекзат үйінде-ау деймін. Магазин жабық кой... Онда анау ат 
неге байлаулы тұр?..» Арашы жігіттің жүрегін қызғаныштың 
асыранды ала мысығы тырнап алды. «Перінің кызы Бекторы» 
деп бекер айтпаған-ау сен сайқалды». «Жо-жоқ, ол ондай емес. 
Адал, бірақ кісіден жем жеп үйренген» деп өз ойына өзі қарсы 
шыкты. Неге екені белгісіз, бүдан бес жыл бұрын қойып кеткен 
темекі есіне түсіп, кеңсірігі кебе катты аңсағаны... Қалталарын 
сипалап, каңсыған көңілде ашудың зілсіздеу, шалқып та, 
шаршып та кетпейтін оты бір тұтанып, бір сөніп мазасын алған. 
«Үйінде болу керек...»
- «Апыр-ау, сонда анау аттың иесі қайда? Жер жұтты ма?»
- «Баска бір үйде шай ішіп отырған шығар...»
- «Почему басқа бір үйде?..»
- «Не болса да жетіп барсам кайтеді?»
- «Түнде де түндігін желпілдетуге болар».
Бұп шакта батыста барыстай болып сұлап жатқан таудың 
жон аркасына иегі ілінген күннің шапағы эр үйдің шатыр- 
шатырларын жалынымен жалап, тура Ерік үңіліп отырған 
терезеге түскен. Батар күннің бояуы кандай кою болады 
дейсің, ал кызыл сәуленің алауына оранған Бек-Алқа мүлдем
9


көрінбей қалды. Дүкеннің бүрышыңда соқа басы ғана байлаулы 
түрған ат жалқындана жанып, оттан шыққандай қып-қызыл 
жылқыға айналған. Терезенің шынысына түскен шапақ Еріктің 
жанарына қайта күйылып, ол да маздап жанғандай еді. «Қой, 
болмас» деп кері бүрыла берғенінде оның қүлағына «Дүние, 
қудым сені сеғізімнен...» деп, барқырап әндеткен әлдекімнің 
масаң даусы естілді. Пенде дегеннің көңілі қызық қой; элгі 
әлдекімнің шатты-бүтты бастаған эуенін «Жақсыны тани 
болар негізінен...» деп, дауыстай қайталап, қағып әкеткенін 
өзі де байқамай қалды да, артынша оқыс қылығына мырс етіп 
күліп жіберді. Күн салып қанша қарағанымен, батар күннің 
нүрында адасып жүрген, ауылды басына көтеріп барқыраған 
«эншіні» табанда тани алмады. Әлгіндегі батысты өртеген жез 
табак таудың тасасына сусып түсіп кеткенде, үлкен бір пәледен 
қүтылғандай Ерік «уһ» деген. Әне, ауыл жазған, масатының 
үстіне төге салған асықтай моп-момақан үйіріліп жатыр. 
«Монтансуын...» Тыныштық бүзылды. Тыныш екіндінің шыр- 
қын бүзған өрістен қайтқан сиырлар еді: азан-қазан мөңіреп, үй- 
үйге тарай бастаған. Кейбір қаңғыбас карасанды қолдарында 
шошайған шыбықтары бар балалар қораға айдап кіргізіп жүр. 
Еріктің есіне қазақтың шегір көз баласы елестеді. Ол да қасқа 
сиырдың қүйрығынан үстап, желінін салпылдата, тышқақтата 
қуып келе жатар еді. Шешесі: «Қуалама сиырды, исініп кетеді» 
деп үрсар еді. Одан бері не заман...
Әне, Бекзаттың моншасынан будақ-будақ түтін шықты.
«Менің келгенімді білген екен! Сен колденең өткен көк 
аттыны сиқырлап шақырып, тізгініне оралып үйіне түсіріп 
алар перінің қызы Бекторы емессің. Сен - Бекзатсың! Менің 
Бекзатымсың!»
Ес-акылдан айырыла қуанған Ерік дүкеннің алдында элі 
байлаулы түрған атқа көзі қайта түсіп, тасыған көңілін су 
сепкендей басты. «Тэңірім-ау, қайда анау қасқыр жегірдің 
иесі?»
Бекзаттың монша жағып күтіп отырғаны рас еді.
Тамылжып тамыз айы туған күннен бастап, таудың бүрымы 
іспетті қырдан ойға қүлап түскен бүралаң жолға қарап үзақты 
күн телміру - Бекзаттың екі-үш жылдан бергі ауруға айналған 
айнымас әдеті еді. Бүгін де дүкеннен ауық-ауық шығып, сонау 
Шашты деп аталар асудың қүзар басынан қүлдилар сыбай
10


атты жолаушы көрінбей ме екен деп, алаңы мол көңілмен 
елеңдеп мазасызданған. Қайдан сап ете қалғанын кім білсін, 
дүкенге бір маскүнем кіріп кетіп, зықын шығарған. Еріктің 
таудан түскенін байкай алмай калды. Анау текшедегі үйінің 
үстіңгі терезесі айқара ашылғанын көзі шалғанда ғана барып, 
«басым ауырып түр» деген сылтаумен дүкенді асығыс жауып, 
үйіне карай қүстай үшқан-ды. Екі иіні талып мойынағашпен 
жанталаса су тасыды, отын жарып, моншаның көмекейі - тас 
пешін толтырды, түтінге қақалып жүріп от жақты. Екі жылдан 
бері дәмдес, сырлас, тосектес болып жүрсе де, Ерік ауылға 
катынаған сайын үрын түсуге келгендей, жүрегі өрекпіп, 
сабырсыз санамен саскалақтап калатын. Бэлкім, жылында 
жалғыз-ак рет қана сағына көрісуінен бе, мүмкін, осы бір 
шегір көз, ақ сүр жігітті бар ділімен елжірей жақсы көре ме, 
әйтеуір, Ерікпен жолығар күн Бекзат үшін қадір түні - торғын 
шымылдыкты толқыта ашып кірер махаббат түні секілді еді. 
Қазір де эз жанында эмір жоқ, тағат таппай ұшып-конып жүр; 
не істеп, не койғанын өзі де білмейді. Зар еңіреп тілері: «әттең- 
ай, үйге арақ сұрап ешкім келмесе екен; эттең-ай осы ауылдың 
«радиосы» атанған кайкы қара келіншектің сумакайлығынан 
сақтаса екен...»
Осындайда Бек-Алканың жұрт көзінен оңаша, жаныңа 
жан жуытпай істер оңаша тірлігіне тіреніш болары - дизель 
моторының қуатымен үш-төрт сағат кана жанар электр 
шамы керек кезінде сөніп қалатыны-ай. Бекзаттың ендігі бір 
тэңірге жалынары - көрші үйлердің эйнегінен самаладай боп 
жаркырап, өз үйіне кімнің кіріп, кімнің шыққанын саусақпен 
санап беретін электрдің жанбауы, моторы кақалып от алмай 
қалуы. Бағана Еріктің келгенін сезісімен-ақ, алдын-ала қам 
жасап, мотористің қойнына бір жарты арақ тығып жіберген. 
Соғыстан контузия алып оралған майдангердің «Дүние, қудым 
сені сегізімнен...» деген энін Ерік те естіген. Демек, бүгін эр 
тұстан сайтанның отындай жылтылдаған шам болмаса, бұл 
ауылды көрдей қараңғылық басады. Қай үйдің шайы бұрын 
қайнаса, содан іше салатын жэне де кәсібі жеті күн елден, 
жеті күн жерден болып келетін қайсыбір сатушының әдетінше 
Бекзат та ошағының түтінін анда-санда ғана шығаратын. Салт 
басты, сабау камшылы әйелдің бұл еркелігін Бек-Алқалықтар 
көтерер еді! Сынапша сусып, қолға қоныс таба бермейтін


тиын-тебен таусылып қалса, Бекзат та ауылдастарының әжетін 
ашып, көңілін қайтарған емес. Енді, міне, сол бір жылдан бері 
иесі жоқ иен үйдей - қайқайып қара басы түрар бір бөлмелі 
ағаш баспананың ауласынан аспандап түтін шықты. Еріғіп 
отырған ел-жүртты елең еткізіп, үрыны үстап берер де осы
- будақтаған бүйра түтін. Бірақ Бекзат жасқанған жоқ, оз 
ракатынан озі бас тартпас өжет мінез, ор серпін қылықпен 
есік алдындағы жерошаққа кеше бриғадирдің қатыны экеліп 
берген етті асты. Өле алмай жүр дейсіз бе, мүндайда оның 
кулығына сыралғы ауылдастары аттап баспайтын; тек Бекзат 
білдірмеғенсіп, көрші-қолаңдары байқамағанситын. Мүның 
өзі сырттай бақылаған кісіге жетесіз режиссер қойған нашар 
да сенімсіздеу спектакльге оте-моте үксайтын. Басты рольде
- Бекзат, көпшілік сахнада - ауыл адамдары... Күн батып, қас 
қарайды.
Моншаның элі жанып біте қоймаған отты шалаларын 
«сирағынан» үстап далаға бір-бірлеп лақтырды. Қорым ғып 
үйген қап-қара ыс басқан тастардың үстіндегі қазанда ысыған 
суға тау аршасының бір-екі талын тастады. Шомылатын, 
сабаланатын сөрелерді ақ жоңқасын шыгара жуып-шайды. 
Үшқаттың қабығынан жасалған ысқышпен қайың сыбыртқы, 
хош иісті сабын, сандығынан жаңа ғана суырып алған әдемі 
гүлі бар кытайлық сүлгі әкеліп койды. Ондық шамның білтесін 
басыңқырап еді, онсыз да қара моншаның іші қаракөлеңкеленіп, 
еркіңнен тыс маужыратып, балқытар сиқырлы үңгірге айналған. 
Сосын озі ышқырына қайыра қыстыра салған етегін түсіріп, 
қос мықынын таянып түрып күрсінді. Іле-шала жылады.
Бүл кезде жер жарықтықтың алып түндігі іспетті қара көк 
аспанның түбі тесіліп, самсам жүлдыздар шыққан. Ауыл- 
дың кешкі қарбаласы сабасына түсіп, саябыр тауып, енді не 
істесеңдер де еріктеріңде дегендей түншыққан түн бастал- 
ған-ды. Тамыздың алғашқы аптасы өтіп, жаңа туған ай екінші 
жүманың аяғында ортасынан қақ тілген қауындай жарты- 
кештене семіріп келе жатқан: қазір сонау карабарқын таудың 
үстінде дэл, алдында арыстанша аузын ашқан, қарабауыр 
бүлттың өңешіне жым-жырт жылжыған еді. Анда-санда иесіне 
жарамсақтана шэу етіп еріншектене үрген иттің үні, ашқарақ 
па, балажан ба, қу мүйіз сиырдың озандаған мөңіренісі, үйіне 
кештетіп оралған үры машинаның гүрілі, енесінен ажырап
12


қалды ма екен - шырқырап кісінеген кұлын, ойда жоқ олжаға 
батқан мотористің өз ыктиярымен ессіз шырқап салған эні -
бар-барлығы Алтай койнауында момакан жатқан Бек-Алқаның 
тіршілік тынысын, жүрек соғысын білдіргені-ай. Ендігі сәтте 
жартыкеш ай әлгі арыстан-бүлттың арандай аузына кірген. 
Төңіректің жүқалтаң жарығы жоғалып, түңлігін жапқан киіз 
үйдей қоп-қою қомағай караңғылык меңдеген.
Осы мезетте жотадағы үйден ептеп басып, байырқалап тың- 
тывдап омарташы жігіт те, монша жағып, зарыға күтіп отырған 
әйелге мысыктабандай беттеп келе жатыр еді.
- Аманбысың, азаматым! - Міне... осы екі-ақ, екі ғана сөз 
ғой Ерікті жер түбінен жеткізетін... «Аманбысың, азаматым!» -
деген аһ үрған ак тілеуді естіген еркектің аман жүрмеуі мүмкін 
бе?! Өзекті жанға тіршілігіңнен мэн-мазмүны тірнектеп жиған 
дүниең ғана емес, жаныңды жарылқар имандай сөз, тілеуқор 
көңілден ниет, өзіңді өзгеден элдекайда жоғары қойып
- төбесіне қойып бағалар эйелдің маздап жанған махаббаты 
екен-ау. Рас, рас, Ерік «аманбысың, азаматым!» деген демімен 
бетіңді шарпыр шапакты лебізді тек қана Бекзаттан еститін. Ал 
ол осы асыл сөзді тек кана Ерікке айтатынына көзі жете ме...
«Баған дүкеннің бүрышында байлаулы түрған ат кімдікі 
екен?»
- Терезенің пердесін жауып кой, сырттан қараған елге 
аквариумдағы балықтай көрінерміз, - деді де, Бекзаттың 
мойнына оралған білегінен босанды. Пердені жауып келген 
Бекзат жігітті тағы қатты қыса күшактады да, оның түктенген 
бетіне өз бетін қүшырлана үйкеп-үйкеп жіберді.
- Сағындым ғой, сағындырдың ғой, ара баққан арыстан.
- Сағынбасам іздеп келер ме едім алыстан! - Осы бір 
екіжакты есендесудің барысында өз-өзінен туып қалған 
болымсыз үйқаска жарыса күліп, мауықтарын баса алмай 
түрып қалды.
- Есіктің ілгегін салдың ба? - деді өзімсінген Ерік.
- Жоқ. Әлі ерте... моншаға түсіп ал.
- Баста, ендеше...
Екеуі күшақтасқан күйі тас моншаға кірді. Есікті ашқанда, 
қамалып түрған күп-күрғақ ыстықтың аптабы бетті шарпи 
сыртқа үмтылған.
- Өртеп-ак жаккан екенсің.
13


- Сенен немді аяйын. Сағыныштан шығар...
- Ыстықка күйіп өлсін дегенің бе? - деп Ерік әзілдеген 
болды. Бірақ баска-басқа, бүл жігітке эзіл айту жараспайтын. 
Балшыктан тортбүрыштап қолапайсыз соға салған секілді, 
төртбақ денесі селкілдеп рақаттана күлгенін естіген, суық 
та сүсты ақ сүр бетінің жайсаңдана жадырағанын көрген 
пенде жоқ-ау, әй, жоқ. Қытықсыз, қылаусыз жартастай болып 
жаратыла салған Ерік, өзге өзекті жан ішек-сілесі катып күліп 
жатқанда, миығынан ғана сәл жымиып түрып жүре беретін.
Асықпай шешіне бастады.
- Мен дастарқан жасай берейін, - деп шегіншектене шыга 
берг ен Бекзаттың иығынан үстап, өзіне тартты.
- Қалсаңшы.
- Түу, колыңның қаттысы-ай. Әуелі сен жуынып шық, содан 
соң...моншаның табына қайта келерміз, қазір тым ыстық кой. -
Есікті жауып, ептеп басып шығып кетті.
«Мүның перінің қызы екені рас, - деп ойлады өне бойынан 
тер сорғалап, рақаттанып отырған омарташы. - Сүлулығы 
Айнаның ширегіне де келмейді, бірақ өзіне магнитше 
тартар сиқырлы ма екен. Егер ондай күдірет қолынан келсе, 
біржола озіне басыбайлы байлап алмас па еді. Бэлкім, «қыз 
қылығымен» деген сөз рас шығар. Не алыстамайды, не тым- 
тым жақындатпайды. Бүл не сонда...»
- Менің сенен басқа ешкімім жоқ. Қазақтың «көзімді 
ашып
көргенім, аузымды ашып өпкенім» дейтіні осы шығар. Екі 
көзім
төрт болып бір жыл бойы күтемін. Тэңірім-ау, неге ғана екі- 
үш рет келмейді екенсің жылына...
- Жер шалғай, әйтпесе аптасына ат сабылтар едім. -
Тыныштық. Сыбырласып, сырласқан төсектегілерден басқа 
күллі элемнің жүрегі тоқтап қалғандай тым-тырыс. Моторист- 
майдангердің элэулайы таусылған ба, әлдебір бүрышта үйықтап 
қалды ма екен - эйтеуір байғүс сап болған.
- Жасым үлғайған сайын саған деген қүштарлық қүлпыра 
түскені несі екен?..
- Махаббат жас талғамайды, бақ бас талғамайды деген...
- Бүл өзің шығарған мақал ма? - Еркелей күліп Еріктің 
мүрнынан шымшыды.
14


- Мен шығарған макал көп, әттең, жинап жүрер адам жоқ.
- Есіңде ме, Ерік, мен сені алғаш көрғенде «көзің неғе 
шеғір, біз секілді көре аласың ба, элде саған көғеріп көріне ме» 
дегенім.
- Иэ, сөйтіп катырғансың. Ол кезде сен қыз едің...
- Кэрі қыз де... - Жігіттің кеудесіне басын койды.
- Жүрегің аспай-саспай соғады, ал менікі тарсылдап 
аузымнан атып кеткелі түр. Менің бір байкағаным: сен қатты 
қуана да, қатты қорқа да алмайтын секілдісің. Қанша қүмар 
кандыра аймаласаң да, түла бойыңнан салкындық сезем. Кез 
келген уакта бастап кез келген уакта аяктай алатын...
- Мүмкін, - деді ендігі сәтті есінеп, көзіне үйкы тыгылып, 
маужырай бастаған Ерік. - Биыл бал сүраушылар көп пе?
Бекзат әңгіменің ауанынан ауа жайыла суық сүрак койған 
«арысына» сәл окпелеп қалды, үндеген жоқ, мүрны пысылдап 
сүлық жата берді.
- Екі сума бал әкелдім - екі фляга шығатын шығар. Таза 
эрі мөлдір. Майский деп килограмын бес сомнан айда. Кім 
тексеріп, біліп жатыр.
- Тым болмаса жалғыз түніңді есеп-қисапар аластырмай 
кисаң еді. Дүниеде балдан да тэтті, балдан да қымбат нэрселер 
бар емес пе... Бал дегеніміз - араның боғы емес пе? - Жылады. 
Долылык кысып емес, нэзік өкпемен егіле булығып жым-жырт 
жылады. Оның жасқа толы жанарын аюдыкіндей алаканымен 
сипап сүртіп, тамағынан иіскеп мекіренген болды, бэрібір 
алғашкы сэттегідей күйіп-жанған жоқ, уату ырымы үшін 
жасалған жасанды да жарамсақ эрекет екенін Бекзат та сезген. 
Дегенмен, бүдан ары тоң-торыс болып, іргесін аулақ салуға 
дэті қүрғыр шыдамаған, әйелдік әлсіздік жеңіп, өксіген күйі 
қүшағына кіре берген. Еркегінен айырылып қалу - Бекзат үшін 
өліммен бірдей еді. Ал Ерік болса, әдеттегі салқын сабырымен 
асықпай, арпалысып, аптықпай, бүйірінде бүлкілдеп жатқан 
эйелді өзіне икемдеді.
Ертеңінде ерте түрыгі кетуге ыңғайланған омарташы кеше 
кештен бері сары масадай ызыңдап, миын шаккан сүрағын 
қойды:
- Кеше дүкеннің алдында байлаулы түрған шабдар аттың 
иесі кім?
- Білмеймін, - деді жиылмаған төсектің үстінде шашы
15


дудырап, ұйқылы-ояу, мең-зең отырған сатушы. - Аузы- 
басынан арақ сасыған біреу мініп келді де, менен бір шөлмек 
«Портвейн» сұрады. Бейшараның 45 тиыны жетпей калды. 
Үсті-басы адам қарағысыз кір жэне жағымсыз иіс шығып 
тұрды. Тезірек құтылайын деп, ақшасы жетпесе де бере салдым. 
Ат байлаулы қалды. Өзі жоқ болып кетті. Қылығына қарағанда 
көрші ауылдан міне қашып келғен-ау.
- Қисынды айттың.
- Сенбегенің бе?
- Не нәрсеге де күмәнмен қарау - эдетім.
- Сен баяғыдан осындай едің, ешкімге сенбейтінсің.
- Баяғымды баяндап беретіндей, тосек стажың толған жоқ 
еді ғой. Келгеніңе үшінші жаз.
- Білем деген кісіге ол аз уақыт емес... Неге сондай 
екенбіз?
- Қандай?
- Тойғаннан соң тоқтының еті топырак татитынын айта- 
мын да...
- Жэ, тәжікелесіп қалармыз, үйіңе не сатып аласың, 
соны айт, - деп, орнынан тұрып киіне бастады. Осы шағын 
ғана аласалау үйдің дэл ортасында тіреуі секілді тұрған Ерік 
Бекзаттың жұмыр денесін жаңа көргендей қадала қарады.
- Немене, бір түннің ішінде арықтатып тастадым деп тұрсың 
ба?
- Ей, осы жалт-жұлт мінезің, орып түсер тілің-ау менің 
дегбірімді алатын.
Екеуі екі босағаға сүйеніп, бір-біріне телміре тесіліп тұрып 
қалды.
- Мен енді сені қайтып көре алмайтын секілдімін. Бұп -
ақырғы жолығуымыз ба деп қорқамын.
- Тұрмысқа шықпақсың ба? Әлде бұл ауылдан кашқалы 
жүрсің бе?
- Мен күйеуге тиген күні Бұктырма теріс ағар. Ал қашу 
жағына келсек... мен өзіңнен сұрайын деп едім: осыншалық мол 
ақшаның керегі не, мүмкін, сен кашқалы жүрген шығарсың.
Бекзаттың сұрауы түйеден түскендей болды ма, Ерік жауап 
берместен түйіле ойланып түрды. Тұрды да: «Ақша мен әйел 
ер азаматқа ешқашанда артықтық жасаған емес», - деп есікті 
оқыс ашып шыға жөнелді.
16


* * *
Ерік ауылдағы барлык шаруаларын тындырып, керек- 
жарағын түғендеп болған сон, түнде тоғай арасына аркандап 
қойған көкбестіні жетектеп өз үйіне келді. Қараса, қақпасы 
ашык қалған екен. Қайран кала, атын жетектеген күйі аулаға 
кірді. Көкбесті қүлағын тіге корс ете түсті. Тура есік алдында 
бүк түсіп үйықтап жатқан алба-жүлба адамды енді ғана 
байқаған Ерік те сескене түрып калды. Көкбестіні байырқалата 
арқасынан қағып діңгекке байлады да, жетім балаша кол-аяғын 
бауырына ала бүрісіп жатқан маскүнемнің жанына жақындады. 
Үсті-басы адам көргісіз кір-кожалақ, үзын болып өсіп кеткен 
шашы қүйын үрғандай дудырап білтеленген, кір басқан 
аяғына эбден тозығы жеткен бэтеңкені шүлыксыз сүға салған 
жэне өмірбақи шешпейтін болуы керек, бауы шиеленген, 
ауының, өңірінің бірде-бір түймесі салынбаған. Ең сүмдығы 
сол - жатқан жері, жамбасы су, астына жіберіп қойғанын 
сезбеген-ау, жазған. Көгеріп, көзінің асты көлкілдеп кеткен 
беті кісі танығысыз. Ерік тосырқап, эрі жиіркене қарап біраз 
түрды да, аяғымен түрткілеп: «Ей, түр, давай; әкеңнің төрінде 
жаткан жоқсың», - деді. Маскүнем оянған жоқ. Еңкейіп барып 
алқам-салкам жағасынан жүлқылады - былқ етер емес. «Мына 
нәлеттің түрі таныс» деп ойлады. Әсіресе, қүс қанатындай иіле 
біткен қап-қара қасын көрген секілді. Үңіле жақындап еді, түла 
бойынан мүңкіген жағымсыз иістен тыжырына шегініп кетті. 
«Қайдан көрдім?» Маскүнемнің оянар түрі жоқ. Үстіне сар 
еткізіп қүя салатын маңайда су жоқ, амалсыз тағы да тепкілеп 
еді, болар-болмас ыңырсыды. «Е, әйтеуір, бойында жаны бар 
екен, әйтпесе мен өлтірді деп, пэле жабар еді».
Әрең дегенде басын қалқайтып отырғызды. Белгісіз 
адам әуелі «қайда жатырмын» дегендей жан-жағына кіржие 
карады, содан соң ғана желкесін есіней қасып, жанарын Ерікке 
кадады.
-
Қүдай берді! - деп орнынан қуана түрды. - Іздегенім сен 
едің! «Өлмегенге өлі балык» деген осы, Ерік. Аманбысың, 
кластасым?
Өзін күшақтағалы үмтылған маскүнемнің кеудесінен 
жактырмай итеріп калғанда, ол тэлтіректеп барып тыраң ете 
ттсті- 
-цб 'і'і 
і у
і ы |------ :— —
Көгерем сиырдай орның^н.эрең қөтерілгён. Көтерілген соң 
буынын мыктап түрып бекіте алды д^: 
р у
^ ^ ^
■-Н^?Ч'.тгтг_; ’ 
17


- Танымай тұрмысың, Қарабауыр. Баяғы кезім болса, 
аяғыңды аспаннан келтірер едім, - деді. Оның әбден арак өтіп 
лайланған көзі кең ашылып, қанталанып кеткен қарашығынан 
болар-болмас от - элі де мүлдем сене қоймаған ашу үшқыны, 
бэлкім, намыс шоғы жылтырады. Қара нардай қайқайып түрған 
омарташының жүлындары дір етіп, бір түрлі сескеніп қалды. 
Осы сескеніс он шакты жылды араға салып барып, іздеп тауып 
алғанына қайран қалудан туған-ды. Қайран қалмасқа амалы 
жоқ еді, өйткені ол «Қарабауыр» деғен намысын шабақтар 
сөзді жалғыз-ақ адамнан еститін жэне кек қайтаруға шамасы 
жетпей, бейамал күй кешіп іштей кектенетін жэне де анау 
иілген қүс қанат қастың астындағы аялы қара көзде эмбе жылт 
еткен үшқынды да бір-ақ жігіттен көрген, көрген сэтте ғана бас 
бермес асау мінезі пэс тартып, мысы басылатын. «Сол, - деп 
дауыстап жіберді. - Соның өзі. Таған ғой мынау!» Иә, оның 
алдында адамдык сиықтан айырылып, ербиіп түрған маскүнем 
мектепте он жыл бойы бір партада отырған, Алматыда бес жыл 
қатар оқыған, аспирантураны тауысқан, ешкім жауырынын 
жерге тигізіп көрмеген жігіттің сүлтаны, қыз-келіншектің 
сырттаны Таган еді! «Қүдай-ау, бүл қайдан жүр? Өлмеп пе 
еді?».
- Иэ, мен элі тірімін, Қарабауыр!- деген созден селк етіп, 
сасқалақтап ойын жинап алды.
- Мықты екенсің онда. - Басқа еш нәрсе аузына түсе қойган 
жоқ.
- Менің мықты екенімді білмеуші ме едің. Өлмегеніме 
қуансаң, басымды жаз, - деді ыржалақтап. Еріктің ес-ақылын 
жинаған осы сөз болды.
«Е, бәсе, неғып күшейіп кетті десем».
- Басыңды жазбақ түгіл, астауға қүйып шомылдырайын. 
Тек айтқанымды істейсің, айдағаныма жүресің, айтақтағаныма 
үресің.
- Кок есегің болайын, көкетай. - Шөге түсіп аяғынан 
қүшақтады. - Зекетіңмін. Қүлыңмын.
«Әбден біткен екенсің, Қарабура» (Бүл Тағанның бір кездегі 
лақап аты еді. Бүгінде оны ешкім де бүлай атап, әспенсітпейді). 
Адамдықтан кері азып, маймылға айналып-ақ кеткен екенсің».
Қолы-басы дірілдеп, аш аруак секілді еңбектеп жүрген 
мүскін, расында да, орангутанға өте-мөте үқсап кеткен.
18


- Жэ, тұр енді — Тері коржынды ақтарып, вертолетпен 
окта-текте ұшып келіп тұрар бастықтарға арнап ала салған 
көкмойын шөлмектің бірін күнге шағылыстыра суырып алғанда, 
мойын тамыры білеудей маскүнем тобықтай жүткыншағы 
бүлкілдеп, көзі бағжаң ете қалды. Кеберсіген быт-шыт ернін 
жалап, жараның орнындай үдірейген үясына кіріп кеткен көзі 
жыпылык кағып еңіреп жіберген.
- Қүлың болайын, Ерікжан.
Сүқ саусағымен бір нүкып каңылтыр тығынды ішіне кіргізе 
ашып лақтырып жіберіп Тағанға: - Аш аузыңды, - деді. Анау 
бөбежігі көрінгенше адырайта аузын ашты. Жуылмай, аттың 
тісінше түбі қарайып кеткен тісін ақсита, қып-қызыл болып 
үнірейте ырситқан оңешіне бүлк-бүлк қүйып еді, ашырқанған 
да, шашалған да жок. Ерік таң қалды.
- Тағы да, — деді Таған тамсана үмтылып. - Тағы да бірер 
тамыз. Ағынан гөрі қызылы тэуір еді.
«Иттің ішіне сары май жақпайды» деген-ау. Дегенмен, осы 
Қарабураны озі айткандай кәк есек ретінде пайдалансам қайтер 
еді». Омарташы өз ойына озі куанды. «Бич! Иә, иә, кез келген 
бичті жүмысқа бишіксіз-ақ салар күш - арақ-шарап. Анамның 
ағаш күбісіне бал сыра ашытып, күніне бір литр жүтқызып 
койса, бар жүмысты осы атқармай ма? Табылған ақыл».
- Ей, Қарабура, сен маған еріп жүр. Аузыңнан арақ, 
алдыңнан тамақ кетпейді.
- Рас айтасың ба, алдамайсың ба? - деді екі козімен Еріктің 
қолындағы шолмекті ішіп-жей. - Иен таудың басында арақ 
заводың бар ма?
- Арақ заводы жоқ болса да, сыра заводы бар. Шырмауық 
салып 
қайнатқан 
Алтайдың 
бал 
сырасы 
грузиндердің 
виносынан кем деп кім айтты.
- Да, да, - деп тамсанды. - Медеуха... ішкенмін... Айда, 
ердім соңыңнан, милициясы, дружиннигі, он бес тэулігі жок 
бостандыққа аттанайық. Тек анауыңнан тағы бір жүтқыз.
- Жүтасың, осының бэрі сенікі, мен ішіп жатқам жоқ. Ол аз 
десең, мына сумканың іші толған сенің горючиің...
- Қүлдығың болайын, Ерікжан. Білемін, сен бала кезіңнен 
ішпейтінсің. Мен дайынмын, бірақ... Көрші ауылдан мініп 
кеткен атты иесіне кайтару керек еді...
19


«Құлым болатының рас, - деп ойлады көкбестіні шығарып, 
кақпаны мықтап жауып тұрған Ерік. - Сасық сары сырамен 
суара берсем, Қатын суына көпір салып берерсің».
- Ауыл арасы жакын, атты өздері-ақ іздеп тауып алады, 
сайтан алады дейсің бе, сойып жейтін сорпалығы да жоқ. 
Кеттік, - деді. Шөлмектеғі аштыдан тағы бір ұрттатты да, 
ауызын тығындап, коржынына салды. Атқа конды. «Шашты» 
деп аталатын асуға карай желе-жорта жөнелгенде, маскүнем 
жігіт аңшының соңынан ерген тазы иттей жаяу сүмеңдеп еді. 
Ол қалжырап калыңқырап қойғанда, басын шұлғи аяңдаған 
көкбестінің тізғінін тартып аялдатады да, енді-енді кұйрық 
тістесті-ау деғен кезде тақымын қыса сау желе жөнелтеді. 
Асудың дэл алкымына тақалғанда, аттан түсіп, жан тері шыға 
ентіккен бала кезғі досына, казіргі «қүлына» арақтан молырақ 
ішкізді.
- Сені аттың артына мінгестіре алмаймын. Жол ұзақ, тау 
биік, жас мал еңгезердей екі жігітті котере алмай кызылмай 
болып, окпесі күйіп кетеді. Біздер қайбір қаңбақтай жеңіл едік. 
Екеуіміз де бұрынғы палуанбыз. Қазақша күрестен... - деп 
мысқылдады. Оның жатыпатар әжуасын ұғар шама Тағанда 
жоқ еді. Коз алдында көлбеңдеген арақ-сайқал ғана ежелден 
қалмай келе жатқан коңілдесіндей қылмыңдап, козін қысып 
жымыңдап жетелейді-ай, дедектетті-ай. Әлсін-элі өз-өзінен 
шолдеп, құрғап, өз-өзінен жыбырлап жоқтан өзгені дэметіп 
гұрар оңеш, құлағына «іш-іш» деп сыбырлап тұрар азғырынды 
«ақсайтан», тамырынан қан емес, әбден ішімдікке айналып 
кеткен ап-ащы бір нәрсе жүріп, шаршаған, жүдеген, тозған 
жүрек - бар-барлығы кейде істеп, кейде істемей қалар милау 
бастың басқаруымен екі аяқты сорлатып келе жатыр еді; 
Тағанның он екі мүшесі,бүкіл адамдык ағзасы азып, басшысы 
есалаң да есерсоқ шашылып кеткен шаруашылық сынды кетеуі 
кете, әбден шамасынан айырыла шалдыққан еді; бүл шақтағы 
оның организмі Гитлер түсындағы Германия секілді зобалаң 
зорлықтан, орынсыз шабуылдан, жындысүрей қатыгез жүріс- 
тен титыктаған еді; егер аттың қүйрығына бір шөлмек арақ 
байлап артыңнан ертіп отырсаң, Таған сияқты маскүнемдердің 
етпеттеп түсіп, жер тырмалап қалғанша салпақтары сөзсіз 
еді...
20


Көкбестінің төс айылын тартып, өмілдірігін тарылтып 
болған соң, Ерік атка кайта конды. Жағасы жайлауда, мойны 
сорайып, эрозияға ұшыраған даладай сортаңданған бетінен 
айғыз-айғыз тер сорғалаған Қарабура да ербиіп орнынан 
тұрды.
- Менен көз жазып калма, - деді артына бұрылып Ерік.
- Қап тауын асып кетсең де, іздеп табамын, - деді Таған.
- Сенің иісшіл ит екеніңді баяғыдан білемін, - деді Ерік.
- Сенің атакты аңкос екеніңді мен де білемін... Бірак 
екеуіміз де жетісіп келе жаткан жокпыз. Бірдейміз.
- Неге? - деп таңыркай сұрады ерге бір жамбастай артына 
карап отырған омарташы.
- Былтыр ЛТП-да емделгенім бар еді. Сонда деймін-ау... 
Сонда коршауда жүрген маскүнемдер де, сол маскүнемдерді 
сырттай бакылап күзететіндер де кашып та, ешкайда ұзап та 
кете алмайтын. Айырмасы біреу - іште, екіншісі - сыртта.
Ерік лэм деп жауап берген жок. «Мына иттің акылы азбаған 
ба, - деп ойлады. - Оны омартаға барғанда тексеріп көрерміз. 
Дегенмен, намысын орынсыз найзаламай, алдап жұмсау керек- 
ау. Мұндайлар артына карамай кекшіл келеді. Ашуланған күні 
үйімді өртеп кетіп жүрер» Арттан: - Өзегім өртеніп барады,
- деп курайға какалғандай карлыккан үн естілді.
- Асудың үстіне шыккан соң, тамак жібітеміз. Шыда, - деді 
де, атын сипай камшылады.
Шаштының үстіне алдымен шыккан Ерік сонау етекке 
таман бір отырып, бір жүріп, әйтеуір, жансебілділікпен өрге 
карай ілби тырмыскан мүсәпірге қарап басын шайқады: 
«Қандай сор екен айдап келе жаткан. Биік мансап, ұлы максатка 
өрлеп келе жаткандай жанталасуын бейшараның...»
Таудың үстінде желемік бар. Осы өңірдің «Үстіне шапкан 
жолдың шыға келсем, алдымнан самал салқын соғады-ай жел» 
дегі, өлеңге қосар сабырлы самалы осы. Бұдан былай жасыл 
түсті жайлаудың шыбынсыз жазы басталады: не дірілдеп 
жаурамайсың, не пысынап ыстықгамайсың, «ойхой, дүние
- серуен, адам бір көшкен - керуен» деп, қымызға қызған 
казактардың мұңсыз-камсыз, карк-карк күліп, малдас кұрып, 
кеңес ашып отырар жұмағы да осы; эзірше техниканың иісі 
тимей, кұйкасы тың, ағашы аскак, шалғыны жайкалып, хош 
иісті гүлі бұркырап, бұлактары саркылмай саркырап тұрған да
21


- осынау кең конысты, бейбіт өрісті Шабанбай жайлауы еді. 
Омарташы жігітті алтыны қалғандай асықтыратын, алыстау 
ұзап кеткенде, үзілмес сағынышпен өзіне шақыратын да анау 
көкке шоқтығы тиіп, үстінен қарға үшырмай жатқан көкмұнар 
таулар, көз қытықтар көркем көріністер еді. Туған жерінің 
қайталанбас әдемілігі, бейне бір, эн салып тұрғандай жаныңды 
жаңғыртар әулиелігі эсте жалықтырған емес, қайта мың 
жылда да тізгін үзіп кетпес ынтызар сиқырмен байлап-матап 
тастағандай еді. Еріктің табиғи қалпын сақтап, жараған аттай 
жайсаң қуат берген Алтайдың тылсым тыныштығында қаздай 
қалқып, үйректей жүзіп жүрген жайы бар.
Оның маужырап кеткен мамыра ойын Тағанның ырс-ырс 
еткен ентікпе үні бұзды. Аяқ жағына кеудесі әбден титықтап 
сырылдаған аш аруақ келіп кұлады.
- Ұрттат анауыңды... өлтірмесең!
2
Атақты «Мұзтау» деп аталатын шың Алтайдың мэңгі 
жығылмас, шаңырағы шайқалмас ақ отауы сынды еді. Міне, 
осынау шілденің ми қайнатар ыстығында пұшпағы шетінемей 
жататын, мұз құрсаулы шыңның алқымынан бұлак болып 
басталып, арыны қатты арқыраған өзенге айналатын суды 
жергілікті қазақтар «Қатын суы» деп атағалы қа-а-а-ша-ан, 
одан бері де мың жыл өткен шығар-ау. Сол, әсіресе, бас жағы ақ 
айран болып басталып, Таулы Алтай өлкесіне жақындағанда, 
тау-таудың омырауынан сандаған бұлақ саулап қосылып 
мөлдірленіп барып Обьқа құятын ағынды өзеннің солтүстігін 
алтайлықтар, оңтүстігін қазақтар жайлайтын. Қатын-Қарағай 
ауданы мен оған іргелес Үлкен-Нарын ауданының үйір-үйір 
жылқысы, қора-қора қойы, табын-табын сиыры жаз бойы емін- 
еркін шүйгіндеп, тау басына алғашқы қар түскенде ғана етекке 
хмамырлай көшуші еді. Міне, сол Қатын суына Тихой (Тихая) 
өзені келіп кұятын. Осы бір шағын өзеннің ерекшелігі сол, 
Алтайдан мұқым өзен күнбатысқа бет алса, «Тихой» керісінше 
терең сайды қуалап күншығысқа ағатын. Орге қарай аққан өзен 
тоқтап тұрған су секілді толқынсыз, айғай-шусыз, жым-жырт 
жатар еді. Бэлкім, сондықтан да «Момақан» деп атап кеткен 
секілді. Қатынға құйған Момақанның молдір суы біразға 
дейін ашулы өзеннің аккұла суына қосылмай, түсін бұзбастан
22


қатарласа - жағаласа ағып барып, күштінің ыркына көнгендей 
өз бояуынан, өз келбетінен, өз тағдырынан айырылатын 
жарыктык. Дэл осы үлкенді-кішілі екі өзеннің күйылысындағы 
алакандай жазыкта ағаштан киып салған керіскедей үй түр. 
Арпалыскан элемнің элегінен, даңғаза да мазасыз тіршілігінен 
кашып келіп немесе үлы шерулі көштен адасып калып, 
жападан-жалғыз калған бүл үйдің иесі - біз жоғарыда эңгіме 
еткен, Ерік есімді омарташы жігіт. Алматыдағы дене тәрбиесі 
институтын бітірген, күрестен спорт шебері Еріктің жалпақ 
дүниенің барлык кызығынан жеріп, атты адам араға бір конып, 
(онда да жаз айында, кыста жан баласы катынай алмайды) әрең 
жетер ит өлген жерге кетуінің сырын ешкім де білмейді. Бүл 
үйдің ала жаздай анда-санда келіп түрар жалғыз-ақ конағы 
бар. Ол - орманды өрттен корғаушы, вертолетші жігіт Прохор 
Александрович Лаптев. Омарташы мемлекетке тапсырар 
балды осы кісіден беріп жіберетін жэне Үлкен Жермен арадагы 
байланыс тек Лаптев аркылы жасалар еді.
Қазір мүнда бүрынғыдан ары тыныштық. Қатын суының 
гүрілі осы өңірдің ешқашан толастамас музыкасы секілді еді. 
Зейін қоймай тыңдаған адамға тек жалғыз-ақ әуенмен күлақты 
түндыра шуылдағанымен, сан түрлі ғажап үн шығаратын; 
айталық, көктем туып, ақ жал толқындарын аспанға лақтыра 
тасығандағы аркыраған даусын қазіргі тамылжыған тамыздағы 
орташа екпінмен аққан сырылына үқсатуға бола ма; ол, күз туа, 
жуасып қоңыр әуенге басса, қыс айында қысыла қыңсылаған 
күбір-сыбырға кошетін. Бүл өзен қандай қатты аязда қатып 
көрген жоқ, тек жағалауындағы суға тағзым ете бас иіп, 
тамырына ілініп малынып жататын ағаштар мен жардың жиегі 
ғана мүз моншак тағынып, жылт етіп күннің көзі шықса, қыз 
өңіріндегі маржандай жылтырайтын. Қатын суының ағыс- 
үніне үйренген адам басқа жерге барса, түн баласында өзеннің 
гүріліне үйреніп алғаны сонша, көз ілмеуші еді. Ал бөтеннен 
келген кісі бүл үйде үйыктай алмайтын. Табиғат иеміз бар 
байлығын үйіп-төге салған түкпірдің өз қызығы, өз азығы 
өзінде, коғамдасқан өмірдің заңынсыз-ақ өгейсімей ғүмыр 
кешіп жатар еді. Дегенмен, осы «сен тимесең, мен тимен» 
оңаша да, бейбіт тірлік те, жүмыр басты пенде екені рас болса, 
жанын жеп, жалыктырады-ай; жүрек сыздатар сағыныштың, 
дабырласып сөйлесер, айғайласып ұрсысар көршінің мінез-
23


кұлқын, қол беріп амандасар қошеметін, қарасы бар, ағы бар 
адамдардың сан түрлі бет-жүзін көксеп мүңға батырады-ай... 
Бәрінен де бүрын ес біліп, етек жапқалы, барлық ғүмырын 
қадірлі халқы, жағалай жүртымен өткізіп, «көппен көрғен 
үлы той» деғен үлағатты сөзі имандай түтып келғен Еріктің 
шешесі Нюра Фадеевнаға да қиын тиді. Ал Еріктің жары 
Айнаға Қап тауын асып кетсе де бэрібір, күйеуі қайда - бүл 
сонда, қосағымен қоса ағарудан өзге арман да, мақсат та жоқ. 
Тау қойнауындағы жалғыз үйдің күйбің-күйбің шаруасы 
жалықтырған емес, белі талып шаршаған да емес. Күйеуі эр 
жылдың осы мезгілінде ауылға аттанып, үшқан қүстың канаты 
талып әрең жетер қүзар таудың басында енесі екеуі ғана 
қалатын. Енесі жасы үлғайған адам, оның үстіне, міне, жарты 
жыл болды саржамбас күй кешіп, төсек тартқан сал ауру, екі 
аяғын баса алмайды, оның асты-үстін тазалап, тамағын әзірлеп, 
сусын жүтқызып отыру да Айнаның мойнында. Ара бағу - қолы 
білген адамға әуресі жоқ таза жүмыс: өздері жайылады, өздері 
еңбектенеді, өзін ғана емес озгені де асырайды, тек уағында 
тексеріп, дер кезінде балын жинап, ауру-сырқаудан сақтасаң, 
шаш-етектен байлыққа батырар берекелі шаруа. Бірақ бүл 
үйде ара өсіруден баска да тіршіліктің көзі мол. Тайынша, 
торпагын қоса есептегенде, оннан аса сиыр малы, бес-алты 
жылқы, елу шақты қойдың қысқы азығын дайындаудың өзі- 
ақ ерлі-зайыптыларды сүріндіріп жығатын. Әсіресе, бірер 
күн ғана ашылып, қалған мезгілде төпелеп жаңбыры қүйып 
түрар өлкенің шөбін шірітпей, қораға үйіп алудан азапты 
жүмыс жоқ. Қоғадай болып бойлап өсе беретін балдырлы 
шалғынның малға жүғымы аз қырдың бір түп күреңсесіне бір 
шөмелесі татымайтын қурайлы келеді, сондықтан да мая-мая 
пішен дайындамасқа лажың жоқ. Әуелі қос тігіп, шабылған 
пішенді соның үстіне үйгенде ғана, шірітпей кептіріп алар еді. 
Екі-үш күннен бері ғана қабағы ашылған күннің эр сағатын 
пайдаланып қалу үшін жалғыз өзі жанталаскан Айна ертеңнен 
қара кешке дейін тыным таппай шөп үйеді. Оның ара-арасында 
үш биенің алты-жеті уак сауымы бар. Қас кылгандай күннің 
дэл Ерік кеткенде шайдай ашылғанына налыды. Ал енесінен 
қайран жоқ, қайта-қайта үйге жүгіріп несебін тазалап, тамагын 
беріп, эуре-сарсаңга түсіп жүр. Талай жылдан бері шындап 
шаршағаны да осы шығар. Екі иіні талып, арқасы удай ашып,
24


екі алаканы меп табаны күйіп, түні бойы ұйыктай алмады. Бір 
жағынан кемпірдін де аһылап-үһілегені, өз-өзімен күбірлеп 
сөйлегені, «кұдай-ау, неге алмайсың» деп зарлағаны бұған да 
запыран болып тиіп, көрер таңды көзімен атқызар еді. Отыздан 
асса да оңін бермеген сұңғак бойлы, үлкен кара көзді, ак кұба, 
доңгелек жүзді Айнаның келбеті екі-ак күнде кеспірсізденіп, 
соғыс кезіндегі эйелдердің кебін киген-ді.
Таудың күні тез батады, жай шығады. Бүгін де күнгей 
жалаңаштанып, теріс карап ұйықтап жаткан алып аюдай 
дөңкиген таудың ар жағынан ыңырана көтеріліп, ең әуелі 
карағай, самырсындардың қыл үшін жалап, карсы таудың 
беткейін кыздырып барып, айлақтағы жалғыз үйдің терезесін 
тілгілеген.
Айна әдеттегіден де ерте тұрды. Есік алдындағы үстін 
шатырлап, қолдан қалап қойған пешке от жакты, пештің 
үстіндегі шойын казанға су кұйды. Беті-колын жуып, тілер- 
сегіне түсетін шашын тарап, төбесіне түйді. Табиғат сыйға 
тарткан көл-көсір мол шаштың ұйысқанын жазып, тарап 
өруден қиын нәрсе жоқ-ты. Ыза болган күні кесіп тастамаққа 
сан рет окталса да, енесі: «Қайшыңды жалақтатпа, мен өлген 
күні киясың», - деп келісімін бермейтін. Енесінің созін екі 
етпейтін Айна лажы таусылып, «қойдым, апа, қойдым» деп 
бетінен сүйетін. Ене мен келін арасындағы сыйластыққа толы 
карым-қатынас эншейін үлкенді-кішінің ізет тұтуы ғана емес, 
жо-жок, одан гөрі терең де телегей шын жақсы көруге ұласқан 
сүйіспеншілік еді: сондықтан да абысындардай сырласатын, 
шешесі мен қызындай сыйласатын. «Құдайға күнэлі болсам да, 
ұлымнан гөрі сені жақсы корем, келінжан» деп, Нюра кемпір 
айналып-толғанатын.
Айнаның кұпағы Қатын суының күркіріне, анау қаз-катар 
тізілген ағаш жэшікте дамыл таппай бір кіріп, бір шығып 
гуілдеген араның ызыңына әбден үйренген. Қора жақта әтеш 
шақырып, тауық қыт-қыттап жүр. Нарын ауданындағы кұс 
фермасынан вертолетші жігіт экеліп берген бройлер текті он 
балапан бүгінде ұрық шашып, отыздан асып кеткен ақарлы- 
шақарлы «семья». Тайганың арасындағы ак тауықтардың 
кобейіп кеткені сонша, адам ауқатынан асып, өз жұмыртқасын 
өзіне беретін. Жапандағы жалғыз үйде ішіп-жеудің небір түр- 
гүрі ырғын, ас та төк - ит басына іркіт төгіліп жататын. Тіпті
25


тауда өмір бақи өспейтін көкөніс, жеміс-жидекке дейін Прохор 
Александрович Зырянь қаласынан қап-қап қылып жеткізіп 
тастайтын.
Пештің үстіндегі қазандағы су жылыған соң, жез қүманға 
қүйып Нүрке кемпірге (ауылдастары Нюраны Нүрке деп 
атап кеткен) апарды. Ол ояу еді. Кәріліктен бе, элде екі аяғы 
сырқырап тынышын ала ма, әтеш алғаш шақырғаннан-ақ, 
қыбырлап, жоткірініп ояу жататын. Темір төсегінің аяқ жағына 
байлап қойған қайыс белдеуден тартып басын көтерді. Айна да 
жастығынан демеп, арқасын тиянақтап қойды.
- Шүкір, күн бүғін де ашық екен,- деді Нүрке кемпір келіні 
қүйған шым-шым сумен беті-қолын жуып.
- Иә, шайдай ашық, апа.
- Жалғыз өзіңе қиын болды-ау. Менің түрім болса мынау, 
тобанаяқ болып ас ішіп, аяқ босатқан.
- О не деғеніңіз, апа, осы күніңізге зар болып қиналмасақ. 
Ерік бүтін келер.
Нүрке кемпір сау кезінде дәрет алып, намаз оқып 
әдеттенгендіктен бе, үзақ жуынатын. Бір қолымен жез легенді, 
екінші қолымен жез қүманды үстап түрған Айна енесінің осына 
туасы біткен кірпияз тазалығына таң қалатын эрі сүйсінетін. 
Қазір де сәл жымиып, асықпай су қүйып түр.
- Рақмет, Айнаш! - деді қос білегін, бет-аузын асықпай 
сырбаздай сүрткен Нүрке. - Дүниеде оз аяғыңмен барып дүзге 
отырғаннан артык арман бар ма екен. Жас балаша астыңа 
жаялық төсетіп, артық-ауысты саған тасытып...
- Ештеңе етпес, апа, - деп енесінің сөзін болді. - Жүғып 
қалар дейсіз бе? Осындай жүмысты арамсынбай-ақ атқарып, 
жанын сақтайтын адамдар бар емес пе. Әлі-ақ жазылып 
кетесіз... маған шоп жиысасыз...
- Енді қайтып түрмасымды білемін...
Шай жасалды. Ене мен келін бабымен сораптап үзақ ішті. 
Екі иінінен дем алып, қарағайдың қызулы шоғына қайнаған 
самаурынның оттығы жылтырап, бүлк-бүлк қайнап түр. -
Прохорға мың да бір рақмет, - деді Нүрке, - үнді шайын үзген 
жоқ.
- Расында да, дәндеп алыппыз. Дегенмен, осы «үндінің» өзі 
кымбатқа түсіп жүр-ау деймін.
Шалкалай ашык түрған есіктен Қатын суының ақ жал
26


толқыны көрінеді. Оның ар жағында беткейіне арша аралас 
бұта-қараған өскен тау, таудың кыр желкесінен жалдана өскен 
орманның ұштары шалынады. Қаңғылектеген ара кірді үйге. 
Әуелі айнала ұшып барлау жасап, тіміскілеп жемтік іздеді, 
содан соң стол үстіндегі мөлдіреген балды тоңіректеді. Шай 
ішіп отырғандар осынау үйреншікті «түліктері» шығады-ау 
деп сескенбеді, жасқап үркіткен де жок. Ара өз калдығын жаңа 
көргендей ұшқалақтана ұшып келді де, бал сауыттың ішіне кона 
қалған. Қонғаны бар болсын коймалжың тэттіге белшесінен 
батып, тырбаңдады дерсің. Айна ептеп қана канатынан көтеріп 
алып, тиместен есік алдына шығарып тастады.
- Араның адамнан айырмасы болсайшы, - деді осы көріністі 
мұкият мұғдарлап отырған кемпір. - Жиған байлығың да бал 
секілді. Күндердің күні малтығып өлесің.
- Айырмасы көп, апа, - деді ыдыс-аяқты самаурында қалған 
ыстық сумен жуып отырған Айна. - Араның байлығы адамдар 
үшін, ал біздікі... біздікі өзіміз үшін ғана.
- Тек түбі тыныш болсын де... Күні ертең жиған-тергеніңе 
ие болар ұрпағың жоқ болған соң, дүние-боқтың керегі не? 
Шыр еткенге зар кылған тәңірдің тәлкегіне не дауа...
Айқара ашылған есіктен анау жап-жасыл тауға қарап 
отырған көк көз кемгіірдің қоламтана бастаған тозыңқы 
жанарында кісі аяйтын арманға толы мұңбар еді. Күн шалмай 
кағаздай ағарған, әбден эжім айғыздаған жүзі сазара қатып, 
ерні дірілдеді. Келіні апасының аузынан шыққан осы бір 
өкінішке, өкпеге толы алғашқы сөзді тосырқай тындап отырды 
да, дастарқанды толық жинамастан асығыс шыға женелді. 
«Албасты басып, алжып отырмын ба, қайдан ғана айтып едім»,
- деп өзіне-өзі ұрысты Нүрке кемпір.
- Жас балаша мәпелеп баккан келінімді ренжітіп алдым-ау. 
Бала деген немене... итте де, құста да бар. «Жақсыдан жаман 
туар - бір аяк асқа алғысыз, жаманнан жақсы туар - адам айтса 
нанғысыз» деген емес пе бұрынғылар. Ол жылбысқы кім білсін 
кім боп туарын. Әкесінің сакалына жармасқандарды да талай 
көргенбіз. Апыр-ай, Айнашжан өкпелеп қалды-ау...»
Айнашжан енесіне тіпті де өкпелеген жоқ еді. Сол жүгіре 
шыкқан калпы қазықтың басында ілулі тұрған ноқтаны 
білегіне іле салып, таңғы салқынмен жайылып жүрген 
жылкыларға барды. Жануарлар жатырқаған жоқ. Енесінен туд
29


салып, Айнашқа үйренген қүлындар да тырағайлап қашпай, 
ноқталауына көнген. Екеуін бірдей енелеріне қосақтады да, 
арқан бойы көтеріліп қалган күнге козін қарықтыра бір қарап 
пішендікке беттеді. Тобықтан түскен шық алғашқы жылумен 
жылтылдай агып, кербездене кешіп келе жаткан келіншектің 
балтырын сулады. Шоп элі кебе койған жоқ, енді бірер 
сағаттан соң ғана жиюға жарайды. Айна асығыс аққан өзеннің 
жағасына жақындады. Жардың жиегінде Ерік орнатқан тақтай 
орындық бар еді, оның бетін де шық басып дымданып түр 
екен, алақанымен бір сипады да, отыра кетті. Бүл - Айнаның 
үйреншікті жері. Рас, енесіне реніш білдірмеді. Бірақ көңілінде 
көптен бері колеңкелі тартқан уайым бар, көбеңсіп жатқан 
күдік бар, жалғыз-ақ ырғакпен өтіп бара жатқан өмірінің 
өткенді қойып, жыл өткен сайын өрши түскен оксігі бар. Бар! 
Одан күтылудың жолын таба алмаған. Таба алмаған соң, істеген 
сайын таусылмай балалай беретін жүмысты алданыш етер еді; 
одан да жалыккандай, анда-санда жар жағасына келіп, өзеннің 
асау ағысына карап түпсіз терең ойға батар еді; түпсіз терең ой 
мүны Алтайдан алысқа, студенттік шағы өткен Алматыға алып 
кетер еді.
Түпсіз ойдың түңғиығына түншыққан Айна қайтадан 
бетіне калқып шыға алмай ұзак отырды. Көзден де, көңілден 
де баяғыша кашандап кеткен жастық дэурен - қыз кезі, бірге 
өсіп, біте кайнасқан достары, туған-туыскандары есіне түсті. 
Қыздар институтының жаратылыстану факультетінде оқып 
жүрген шақта, қолаң шашын қос бұрымдап өріп, жанынан өткен 
адамды жалт қаратар сұлулығымен талайды таң қалдырмап 
па еді... Құрбылары шашын қиып күзеген байталдай болып 
жүргенде, хас маңдайдан қақ жарып тарап, бір талын шашау 
шығармай өрген шашын жалау ғып жайнап, жігіт біткеннің 
аузының суын құртқан. Жас жігіттерді қойып, анау жағрапия 
пәнінен сабақ беретін бурыл шашты ағайды айтсаңшы... 
Сұғын кадап қырындап, сабақтың артынан алып калып, зачет 
қоймай қиғылық салды емес пе. Қазак мұғалімдерінің осы бір 
сүйеккесіңді сүйкімсіз эдеті, әсіресе, Айнаның жынына тиетін. 
Әлгі бурыл шаш кыр соңынан қалмаған соң, институтты тастауға 
мэжбүр болған. АХБК-ға жұмысқа орналасты. Сөйтіп жүріп 
окуға өте кеш түскен өзінен ересек Ерікпен танысты. Айтып- 
айтпай не керек, Ерік эдемі еді ғой: кара торы, сұңғақ, бэрінен
28


де көзі - азиалық әлпетіне ойда-жоқта орналаскан европалык 
көгілдір тарткан көзі мен кара бұйра шашы... Екеуі колтықтасып 
қатар келе жатқанда, көлде жүзген аққудай аса жарасатын, дос- 
жарандарының бэрі қызыға да кызғана қарайтын. Ерік күресті 
қойған соң ғана, төртпақтанып толып кетті ғой... Оку бітірген 
жылы үйленді. Ерік аудан орталығындағы спорт мектебіне 
орналасканда, дипломы жоқ Айна интернатта тәрбиеші болды. 
Осылайша он жыл өмірлері оңды-солды, мән-мағынасыз өте 
шыққан екен. Мамандыктарын тастап ара бағып кегкендеріне 
де осы жазда бес жыл толған. Тэңірім-ау, сонда не кызық көрді? 
Көрер кызығымыз алда дейін десе, озі отыздан асып, Ерік 
кырықка толыпты. Баяғыда бір шал кемпіріне «кешке берген 
айраныңды үрайын» деген екен ендеше, ғүмырының аяулы 
шағы ертеңге ауып, сарықарын тартар шақтағы конған бақтың, 
қоңсыған байлықтың керегі бар ма өзі...
Айна артына бүрылып еді. Момақан өзеннің жағалауында 
бірігіп жайылып жүрген жылқы, сиыр, қойларды корді. Таңғы 
салкынмен шык суына малынған шөпті сонылап кәперсіз 
оттайды. «Әй, осы малдан айырмам шамалы-ау менің» 
деп ойлады. Өзіне бүгін төтеден үялаған азғырынды ойдан 
арылғысы келді ме, Қатын суын тізеге дейін кешіп барып, 
мүздай суды бетіне шашты. Алыстан, биіктеу түстан караған 
адамға жалаң аяғымен етегін түре су кешкен келіншек, қынарын 
қалың кайың, тал, толан-топшы, шырша-самырсын комкерген 
өзен, анау кәперсіз жайылған төрт түлік, түтіні будақтаған ағаш 
үй, жыпырлаған араның үясы - бәрі-бәрі ертектегідей ересен 
эдемі еді. Қатын суы қаншалықты қазымырлана бүлқынғанмен, 
соншалықты сүлу еді. Сайқал... Жек көре түрып, есіңнен 
жаңылып еріксіз ғашық боласың... жакындасаң ажал бүріккен 
ак жал толқыннан шошынасың эрі қүмарпаз қүштарлықпен 
жақсы коресің. Сүп-суық суынан тісіңнің сырқырағанына 
қарамай қомағайлана жүтасың. Әлгінде ғана үнді шайына 
канғанына қарамастан, Айна да уысын толтыра жүтып-жүтып 
жіберген. Әйелінің осы бір әдетін Ерік койдыра алмай-ақ қойды. 
Не ішіп, не жесе де, өзенге қарай тура жүгірер еді, өзен суынан 
бір үрттамай, шөлі де, қүмары да қанбас-ты. Иә, бүл жерде бэрі 
таза барлығына бостандық, тек торға камалған тауықтар ғана 
кыт-қыттап кең дүниенің еркіндігін сағынатын тэрізді, бірақ 
«ой-хой, дүниеде бостандықты сағынғандар тым көп еді. Бүл
29


жалғандағы ең сорлы нәрсе - өзіңді өзің тұтқындау, өзіңнен өзің 
кашып кұтыла алмау, бұған дейінғі жиіркенішті эрі жаныңды 
жарылкамай жаралайтын ойсыз кылыктарың мен опасыз 
эрекеттеріңнен құлан-таза арыла алмау немесе тазалыктың 
наркын бағамдай отырып, рухыңа, болмысыңа, тіпті, тәңірім- 
ау, табиғатыңа жат оғаштықтың ортасында сүңғілесіп жүру 
емес пе? Рас, Айнаның жан сарайы азанда жауған қардай таза, 
түманың суындай мөлдір, балиғатқа толмаған баладай аңқау да 
адал, жақсы мен жаманның, сүлулық пен сүмдықтың аражігін 
ажыратып, өмір екеш өмірдің өміршеңдігі мен өшпенділігін 
де саналай алатын зейін бар; өзіндік көзқарас пен пайымы да 
жетерлік; олай болса неге ғана аркандаулы аттай өзімшілдігі 
басым өгей омірді таңдады екен; неге ғана бүйығы тірліктің 
бүйдасын үзіп, мынау бэрі бар, бірақ еш нәрсе жоқ шыңырауда 
шыңғыра бермей, шырқау биікке үмтылмайды екен; неге ғана... 
неге ғана... Пенде дегеніміз - жалғыз-ак адамның, мысалы, 
Еріктің жалауын көтеріп, көнтері ғүмыр кешсе айып па? Қай- 
да-а-аан білейін...
Үлкен ойдың жетегінде жүріп күлындарды ноқталады; 
үлкен ойдың жетегінде жүріп сиыр сауды; үлкен ойдың жете- 
гінде жүріп самаурынға су қүйып, шоқ салды; үлкен ойдың 
жетегінде жүріп барлык шаруаны тындырды... күн қыза, 
дестедегі шопті жинай бастады. Әуелі эр дестені бір жерге 
шүйкелеп үйді. Содан соң биыл кара басып қысыр қалған 
кер биені жегіп, элгі пішенді сүйретпеге салды. Кеше төбесі 
шыкпай, жапырайып калған шомелеге тасымалдай бастаған. 
Шык суынан элі де арыла алмай дымқыл тартқан пішен тырма 
мен айырдың илеуіне түсіп, ары-бері аударыстыра келгенде өз- 
өзінен дегдіп калған. Осы қарекетпен түске дейін жан дәрмен 
қимылдаған Айна шаруасын іркіп, үйге барды. Енесі мүны 
жайдары карсы алды. Таңертең шай үстінде окыстан айтып 
қалған сөзінің артын жуып-шайғаны емес, мэймөңкесі жоқ 
көңілімен шынайы жаксы көруі еді.
- Шаршадың-ау, Айнажан. Таудың шөбі ащы ішектей 
шуатылған кандай үзын, әрі ауыр болады. Білем ғой мен, 
білемін, айырлағамыз, арпалысып үйгенбіз.
- Шөлдеген шығарсыз, апа, қайыңның нэрін ішесіз бе, элде 
қымыз әкелейін бе?
- Қайыңның суын қайтем, қымыз болса...
30


- Жалғыз өзім көтере алмаймын, сізді далаға шығарып күн- 
шуактатсам деп едім... Егер ара болсам ғой... Салмағы он- 
ак грамм, бірак өзінен жиырма есе ауыр жүк көтере алатын 
күштілігіне таң каламын.
- Рахмет, Айнаш. Жалғанның терезеден түскен жарығына 
жарылкансам да жетер. Деміңді алып, тамағыңды іш.
- Балык куырайын ба, апа.
- Керек емес. Ерік түзын көп салып жіберген бе, ащы екен, 
шөлдете береді.
- Ендеше, бастаңғымыз болсын, ет асайын.
- Өзің біл, қалқам. - Айна шоланнан ет алып, тазалап жуып 
қазанға салды.
Таудың күні 
қызық: 
аркаңды 
кыздырып, 
алдыңды 
жауратады. Далада жүріп-жүріп үйге кірсең, мүздан жасалған 
үңгірге енгендей қалтыратып жібереді. Қарағай дөңбектен 
киып, мүктеп салған үйдің ерекшелігі сол - жазда салқын, 
қыста жылы болушы еді. Қазір бүл жерде не ыстык, не суық 
емес, моншаның табы секілді жайма-шуақ маужыратып 
үйқыңды келтірер жылылық үялаған. Аралар әлемі толассыз 
жүмыс қамында. Қаз-катар тізілген қораптардың танадай 
тесігінен дамылсыз кіріп-шығып, мэңгілік қозғалыстың үясына 
айналған. Осыны алты аяғы, төрт қанаты бар шыбынның 
жүмбакты тірлігі Айнаны біржола өзіне баурап, сиқырлап 
алғандай еді. Қанша білдім, үйрендім, кітаптан оқып, көзіммен 
көрдім дегенімен әйтеуір, бір түйінін шеше алмай, өмірінің 
сырына қаныға алмай, семьясының заңдылығын түпкілікті 
үға алмай кайран қалатын. Міне, қазір де быжынаған араның 
арасында түрып та, ақылды жэндіктің аскан ерлігіне қайран 
қала сүйсінеді. «Өмір сүруді арадан үйренуіміз керек шығар» 
деп ойлады.
Биенің сауыны болып калған екен, ағаш күбіні білегіне 
іліп, самырсынның түбінде үйездеп түрған жылқыларға 
беттеді. Әуелі торкаска биенің косағын ағытты. Байлап 
отырған екі биенің екеуі де жуас, Айнаның жалғыз өзіне-ак 
сауғыза беретін. Атбүршағы аралас тау шалғынына ыңырана 
тоятын биелер сүтті, эрі арқандап қойғандай осы маңнан үзап 
шығандап жайылмайтын. Борбайына жабысып бір тізелеп, 
тізесіне шелек кондырып, кос емшегін созғылаған эйелдің 
эдемі, бірак катқыл тарткан саусактарына сүйсінгендей иіп,
31


жатыркаған емес. Шелекке тызактаған саумал ақкөбіктеніп, 
иісі бұрқырап мұрын жарады-ай. Бие сауыны аяқталған соң, 
күбідеғі сүтті сабаға қүйып, толқыта пісті, қазандағы еттің 
көбіғін алып қақпағын ашыңқырап қойды, айырын арқалап 
тағы да пішендікке аяңдады.
Ірғеде тыныш түрған орманнан шаукарғаның тоқылы, 
күшіғеннің кісінеғені естіледі. «Күшіғен коп кісінесе, күн 
жауады деуші еді, өзіне көрінсін».
Елік әупілдеді. Анау бір самырсынның бүтағында қолында 
аппақ қып аршып алған балқарағайы бар тиін жүр, ал түбіндеғі 
сала-сала боп адырайған тамырдың куысынан барша тышқан 
жылтыңдайды. Екі үрты томпайған, теғі, балқарағай дэнін 
толтырып алып, ініне асығыс тасып жүр-ау. «Барлығымыз да -
жан-жануардың толайымы қыстың қамына дайындалудамыз», -
деп жымиды Айна, тер басқан бетіне жабысқан шөптің қоқымын 
жаулығымен сүртіп түрып. - Шүқылап зерттеғен адамға осы 
коріністің қай-қайсысы да ғажап-ау. «Табиғат ешқашанда өз 
құпиясын ашпайды» деғенді оқығаны бар еді, алайда тым-тым 
ашып тастасаңдағы пәле. Пэле болатын себебі - табиғат-ана 
абыройдан айырылады, содан соң ашуланады. Айталық, қазір 
жер бетінде табиғат апаты тым көбейіп кетті, түбі неғе апарып 
соғарын кім білсін; бекерден-бекер мөңкитіндей не көрінді. 
Ашуланады ғой жарықтық...
Иен таудың ішінде пішен үйіп жүрғен келіншек екі колы 
жүмыста болғанымен, ойы алыста, бэлкім, біз түсіне бермейтін 
басқа-басқа,тек бір озі ғана байыбына баратын өзғе-өзғеше 
элемі бар шығар-ау. Рас, жалғыз жүрғенде кісінің ойына 
оралмайтын дүние жок, армандамайтын, қиял құсын құшырлана 
ұшырмайтын биік жоқ. Сыңарынан айырылған аққудай, 
жаулығы ағараңдап, шөп жинагі жүрғен келіншек көбінесе 
өткенін, қайтып қайырылмастай қош-қошын әлдеқашан айтқан 
кыз кезін - қырмызы шағын есіне алар еді. Сол қызығы мол 
қыз кезі көлбеңдеп, кей-кейде көз алдынан өтіп бара жатар 
еді; жалқы сэт, аялдамашы, ежелғіні еске алып сырласайықшы 
деғендей ұмтылғысы, ұстағысы келер еді; боталаған жанарын 
жүмыстан мүйізденғен қолымен уқалап қалғанында буалдыр 
сағым, бүрқыраған Қатын суын ғана көрер еді. Айнаның 
жалғыз-ак алданышы бар еді, ол - еңбек.
32


«Мен Ана ара емеспін, - деп ойлайтын ол. - Мен - жұмыс 
арасымын. Өмір бакида ұйкы дегенді білмейтін, сеспей қат- 
канынша шырын жинап, ызыңдап өтер байғұс аралар сол 
толассыз еңбегін өзгелер жеп жатқанын кайдан сезінсін. Ал 
адамнын айырмашылыгы еңбек - егіннің жемісін теріп жеуінде, 
ертеңгі мұрат-мақсаттарга талпынушы емес пе? Олай болса... 
мен кім үшін жан ұшыра жанталасамын. Орысша айтқанда: 
«во имя чего?»
Осы бір азгынды ой соңғы кезде Айнаның миын шіркейдей 
айналдырып алды.
«Сонда не істеу керек?»
Білмейді, білсе өстіп өгей өмір кешіп жүрер ме еді. Тағы да 
бие сауымы болды.
Күн сабалак-сабалак самырсын боктерген таудың ар жағына 
түсіп кетті. Көз байланып, қас қарайды. Жынысты орманның 
салқын кеші басталысымен, аралар да арпалысқан тірлігін 
байырқалатып, жым-жырт үясына кіріп кеткен. Тек Айна ғана 
дамыл табар емес. «Көресіңді көрмей, көрге кірмейсің» деген 
сөзді дәлелдегісі келгендей, міне, таң бозынан аяқ суытып, 
дамылдаған жоқ.. Даладагы шаруаны тэмамдап тастаған соң, 
енесінің асты-үстін тазалады, арқасынан демеп отырғызды. 
¥ н илеп, кеспе жасады. Нүрке кемпір әсіресе ұсақ кескен 
созылмалы кеспе көжені ұнатушы еді. Табаққа ет түсіріп 
әкеліп, оны бипаздап турады, тау сарымсағын косып тұздық 
жасады. Дэмі келіскен асты енесінің алдына қойып, шыға 
берген келініне: - Өзің де отырсаңшы, Айнаш, - деді кемпір.
-
Қазір, апа, жей беріңіз, мен кеспе көжені пісіріп әкеле 
кояйын, - деді.
Ене мен келін керосин шамның жарығымен ауқаттанып 
отырған қоңыр тыныштықты аламойнақ иттің үргені бұзды. 
Күні бойы тышқан аулап қаңғып кеткен ит шабаланып қатты 
үрген соң, Айна тысқа шыққан. «Аламойнақ, жат!» - деп еді, 
бэрібір тынышталмай, орманға қарап арсылдады-ай. Ай элі 
туа қойған жоқ, таудың қалқасында камалып жатыр, оңтүстік 
шыгыста жұқалақ жарық бар. Сап түзеген самырсындар 
тұңғиык ойда, мылқау мүлгиді. Қатын суының бұлқынғанмен 
арнасын бұзып кете алмасын сезе ме екен, әсіресе, түн 
баласында күркіреп-саркырап қатты ашуланатындай үні өктем 
естілетін. Баскышта тұрып байкағанмен, көзге еш нәрсе көріне
33


қойған жоқ. Алғашында ауылдан оралған Ерік пе екен деген 
дәмесінен қайтты, ит иесін күншілік жерден сезеді, сондықтан 
да өңешін жыртып үрмейтін.
«Қой, аламойнақ, мазамызды алма».
Қора жақтан жүгіріп келген ит Айнаға бірер еркелеп алды 
да, тағы да қарауытқан теріске қарап саңқылдады.
«Мынаған бірдеңе көрінген шығар».
Сиыр мөңіреді. Жылқылар осқырынды. Малдың тынышы 
бүзылған секілді. Келіншек жүрексінейін деді. Үйге қайта 
кірді.
- Апа, маңайда бір нәрсе жүрген тэрізді.
- Әнегүні қонжығын ерткен аю көрдім деп едің, сол шығар 
омартаны торып жүрген, шықпай-ақ қой.
- Араның үясын қиратып кетеді ғой, - деп, күпәйкесін киіп, 
қосауыз мылтықты қолына алды.
- Қиратпақ түгіл, түк калдырмай жеп кетсе екен, аманымызда 
ауылға қайтатын, - деп күңкілдеді енесі.
- Өзімізді де асап қойса қайтеміз, апа,- деп күлді.
- Бүйтіп тобанаяқ болып жатқанша, аюдың қорегіне 
жарасам арман жоқ. Алтайдың аюы кісі жеп дәндемеген.
Айна сайланып далаға қайта шыққанда, ағаш-жалды 
алып таудың артындағы ай шапшаң көтеріліп қалған екен, 
маңай сүттене бастапты. Бір шетін әлдекім кесіп алған 
секілді кетіңкі. Қолында қосауыз мылтығы бар келіншек 
жасқаншақтана басып үйдің сыртын айналды. Аламойнақ та 
етегіне оратыла үріп, Айнаға демеу беріп келе жатыр. Оған да 
жан керек-ау, алдына түсіп арсылдамайды жэне бір елі соңда 
қалмайды да. Араның үялары ағараңдап орнында түр, қора 
жақта гыныштық. Жайшылықта алаңқайда жусап жатар сиыр, 
түнгі салқында күрт-күрт шайнап, барлық шөпті жеп тауысып 
қоярдай, қомағайлана жайылатын жылқылар да үрке қашып, 
үйдің іргесіне жиналып түр. «Аюдың келгені анық» деп ойлады 
Айна. Жүрегі кеудесін балғалай жөнелді. Қаттырақ дем алса, 
аузынан ыршып шығып кетердей, іштей тынып алға жылжыды. 
Тас байлап алғандай табаны әрең көтеріледі. «Қолымда қос 
оғы бар мылтық, несіне қорқам» деп, оз-өзіне қайрат берді де, 
үзаңқырап шығып, баспалап төңіректі шолды. Жартысы жоқ 
айдың сәулесі титтей заттың нобайын дабырайтып, үңірейтіп, 
абажадай үлкейтіп, албастыдай эжуалап, қүбыжықтай қү-
34


былтып көрсетеді. Қимылдап, кыбырлап өзіңе жакындаған 
сияктанады немесе атып тұрып бас салатындай. Айнаның 
түн ішінде далаға жалғыз шығуы бір бұл емес болса да, осы 
жолғыдай осқырына қорықпаған. Тіпті бұл қоркыныш та емес, 
осындайда қорған болар азаматыңды сағыну шығар... «Өзі 
берген жанды өзі алар, не көрінді соншама» деп дауыстай 
адымдап, қараңғылыкка мелдеген орманға беттеді. Адамның 
айдынын сезген Аламойнак та алдына түсіп, саңқылдай үріп 
енді ғана үзай беріп еді, күндіз үйездеген жылкылар тұратын 
бай самырсынның, түбінен кыңсылай шәңкілдеп кері қашгы. 
Сол самырсынның түбінен екі аяғына тік түрып, акырған аюды 
көргенде, Айнаның, мылтығы қолынан түсіп-ақ кеткені. Аю 
мен Адам есік пен төрдей қашықтықта бстпе-бет келіп калған. 
Әйелдің, оне бойы ток соғып өткендей, жүлынын қуалап ып- 
ыстық бір нәрсе ағып өтті. Қүдіретті күш бір секундта қара 
жерге каға салғандай сілейтіп, кірпік кақпастан мелшиіп тұр. 
Әрине, аю сасқан жоқ, неге екені белгісіз, ол да қозғалмаған. 
Айнаның пыр етіп ұшып кеткен жаны қайта айналып қонған 
сәтте, еңкейіп мылтыкты алғысы келді-ақ, амал не, сіресіп 
қалған денесі бағынбайды. Аю ақылды болып шықты. 
Жанында шокайып-шокайып, енесі не істесе соны қайталаған 
екі қонжығын томпаңдата ертіп, бұрылып жүре берді.
«Уһ, зәрем қалмады-ау, - деп күліп жіберді Айна. - Мені 
кісіге санап менсінбей кетті-ау». Қысылтаяң шакта түкке 
аспай калған мылтыкты жерден көтеріп алып, мүлдем кәперсіз 
эрі асыкпай борсаңдап бара жатқан аюды коздеді; шүріппені 
бармағымен басып-ак калғысы келді; батылы жетпеді білем, 
батылы жеткен, тіпті октың дэл тиюі де мүмкін еді, атпады, 
бэлкім, аяды, ол макұлық та бұған тиіскен жок кой; «ендеше, 
кашқан жауға катын да батырдың керін істеп кайтем» деп, 
кері бүрылған. Ал Аламойнақ өршелене жер тырнап, «мен де 
қарап қалгам жок» деген бопсамен ұзақ үрген. Иесіне итінің 
бүл ынжықтығы ұнамады білем: «Жаман ит үрумен жағады» 
деп, «кетші ары құлағымды сарсытпай» деп, мылтығымен 
жасқап зекіген-ді. Айнадан алғаш естіген ұрысына қайран 
қалған Аламойнак құйрығын бұлғақтата ырбаңдап, жағын 
карыстырды.
-
Ол не екен, Айнаш? - Үйге кіріп, күпәйкесін шешіп 
түрған келіні: «Аю екен» деген сөзді, «сиыр екен» дегендей аса 
жайбарақат ай гты.
35


- Айттым ғой, Алтайдың аюы адамға шаппайды.
- Рас айтасыз, апа, біз тиіспесек, олар тиіспейді екен... Түу, 
тамағымыз суып қалды-ау.
- Баяғыда Қандауыр жарықтық айтып отырушы еді,- деп 
Нүрке кемпір бір энғіменің үшығын шығарды, - осы Шашты- 
ның асуындағы жыланша ирелеңдеген жалғыз аяк сүрлеумен 
түнделетіп келе жатқанында, алдынан екі аю қарсы шығады. 
Астындағы аты бір орнынан қозғалмай арбалғандай осқырып, 
какқан қазықтай қатып қалған да, жануар шошығанынан 
тыздақтата сиіп жіберген екен...
- Менде ондай болған жок, апа,- деп келіні сықылықтай 
күлді.
- Содан не істерін білмеген Қандауыр өтірік тебінген 
болып атын шу-шулейді. Бүрыла қашатын жер жоқ: ар жағы ит 
түмсығы өтпейтін жыныс орман, аяқ жағы терең кұз... Аюлар 
мүрнын шүйіре марқайып карапты да, «ендеше, жолды біз 
берейік» дегендей, бүрылып орманға кіріп кеткен екен. Аюдан 
ақылды хайуан жок деп сүйсініп отырушы еді жарықтық.
- Сіз ол кісіні шын жақсы көріп қосылдыңыз ба?- деп Айна 
оқыстау сүрақ қойған.
- Ой, ол бір таусылмас хикая, - деді енесі жастығына 
жайғаса жантайып.
- Айтып беріңізші, апатай. Сіздердің өмір тарихтарыңызды 
мен білмеймін. Еріктен қанша рет қадалып сұрасам да... айтпай 
қойды. Түріңіз болмаса сізді орыстың қызы деуге кісінің сенгісі 
келмейді. Мен осы үйге келін болып түскеннен бастап, өз 
тіліңізде лэм деп сөйлегеніңізді естіген емеспін, элде ұмытып 
қалдыңыз ба?
- Соны өзім де білмеймін, - деп жымиған кемпір әдемі де 
әсерлі әлдене есіне түскендей жадырап сала берді. Нюра, яғни 
қазақтар Фадейдің қызы Нүрке деп атап кеткен бұл кісі жас 
кезінде сұлу да сұңғақ болғаны осылай оқта-текте көңілденіп 
көзінде ұшқын ұялағанда, әйгіленіп қалатын. Әсіресе, үлкен де 
ұялы көк көзі картаймай, жалт етіп қарағанда, жанарынан нұр 
төгіліп, жаныңды шуаққа бөлейтін. Сөйлеген сөзі орнықты эрі 
байсалды. Жүріс-тұрысынан да бекзаттық пен абзал аналық 
сезілуші еді. Алғаш осы үйдің табалдырығын аттаған күні 
Айна жерге кірердей ұялып еді. Оған кінэлі - Ерік, анасының 
ұлты орыс екенін айтпаған. Оны жаңа түскен келін қайдан
36


білсін алдынан шыккан орыс әйеліне «здравствуйте» деп, сәлем 
берген. Сонда енесі таза қазак тілінде: «Қадамың кұтты болсын, 
карағым! Қосағыңмен қоса ағарып, бақытты ғұмыр кешіңдер»
- деп, алақанын жайып заулатып бата беріп, құшактап бетінен 
сүйіп еді. Одан бері де он жыл уакыт өткен екен-ау... уакытты 
уысына ұстап тұрар кім бар.
- Мен Еріктің әкесі Қандауырға тұрмыска шыккан жылы, 
жарыктық атамыз, атын атау әдепсіз болар, кайын атамды 
айтамын, - деп пысықтай түсіндірді, - Меккеден оралып, қажы 
атанып қайткан. Үркердей үш келінін бірдей, оның ішінде мен 
де бар, мұсылманша окытып, хат танытты. Мен сол күннен 
бастап бес уак намаз окып, шариғаттың шәлісін жамылдым. 
Оны өзің де білесің, Айнажан, екі аяктан айырылғанша ораза- 
намазды каза қылғаным жоқ. Қайын атамыздың ісләм діні 
жайында, пайғамбарлар мен сакабалар туралы әңгімесі бізді 
ешкашан жалыктырмайтын жэне біз күмән-күдіксіз сенетінбіз. 
Алғашында мен казақ тілін жарытып білмейтінмін, мұқым 
ауыл балалары шүлдірлегенімді кызык көріп, сөйлете беруге 
эуес еді... Иэ, ол да бір дәурен, кимас шақ еді-ау.
...Әке-шешем жэне бүкіл Фадеевтер эулеті қазаққа тұрмыс- 
ка шығатынымды естігенде үзілді-кесілді қарсы болды, әкем 
мен ағайым тіпті өлтіреміз деп те корқытты. Біздің кержақтар 
орыстың ішіндегі төменгі жактан ауып келген аса діншілі. 
Естуімше, патша ағзамның өзі ішкері жаққа жер аударыпты, 
неге екенін білмеймін, «кержақтар» атанғанбыз.
- Үйінен су бермейді екен, ал алда-жалда су сұрап іше 
калсаң, сол ыдысты кайтып пайдаланбайды екен, бөтен біреу 
ұстаған есіктің тұтқасын ыстық сумен жуады екен деуші еді, 
рас па?- деп сұрады енесінің эңгімесін ұйып тыңдаған Айна.
- Баяғыда одан да соракы әдеттері бар еді, казір оның жұр- 
нағы да қалмай, жергілікті елмен сіңісіп кетті ғой... Әкемнен 
гөрі шешем қатал болды. Мені Қандауыр бір-ақ күннің ішінде 
алып кашып ауылына алып барған күннің ертеңінде, артымызд- 
ан шешемнің өзі бастаған куғыншылар келді, түрлерінен адам 
шошырлық ашулы, бэрінің колында мылтық. Төбелес, барымта 
десе колы қышып, ереуілдеп кетер казақтар қарап калсын ба, 
барында шиті мылтық, жоғында шоқпар, сойылдарын қоқайтып 
олар да «мен атайын, сен тұр» деп каптады. Сонымен не керек, 
екі жак бітімге келісе алмай «тұрысатын жерін» белгілеп, Бек-
37


Алқаның ағаштан ада беткейіне қарай бет алған. Кержақтардың 
оқтаулы мылтығына қарсы төтеп берер кару казақтарда жоқ 
еді, тек бірен-саран аңшылары ғана қолдарына шиті мылты- 
ғын ұстап, намыстың айдауымен қиқулап жөнелғен. Екі ауыл 
қанды шайқасқа қас-қағым сәтте эзір болды. Құлынды бие 
беріп сатып алған бесатарын мойнына асып Қандауырда 
аттанып кетті. Торғын шымылдықтың ар жағында толған айдай 
толысып мен отырмын. «Қанды аяқ болды-ау, шоқынды» деп, 
мені қарғап-сілеп абысын-ажындарым жүр. Шымылдыкты 
ашпаған күйі атам тіл катты:
- «Келінжан, өзің бэтуаға келтірмесең, екі елдің арасы 
ашылып, азаматымыздан айырылғалы түрмыз. Сені ыкылассыз 
алып кетті деп, күш бермей түр... Менің қазақша сөзімді 
түсіндің бе?»
- «Ұқтым, ата, өзім барайын» деп, шымылдықты сыдыра 
атып шыққаным. Бүл оқыс қимылдан шошына шалқалап, 
«астапыраллалагі» шеғіншектеғен атама қараған қайда, керме- 
деғі кербестіғе міне шаптым. Үстімдегі қазақша кигізген бүр- 
мелі етек көйлек желбіреп, басымдағы үкілі тақияны жел 
үшырып экетті. Екі жақтың жігіттері сақадай-сай, бетпе-бет 
келіп түр екен, тура орталарына ағызып шықтым. Өз туган- 
дарыма: «Мен - өз еркіммен келген адаммын. Мен Қандауырды 
сүйемін! Тоқтатыңдар шайқасты!» - деп, орысша да, қазақша 
да үш рет қайталап, дэл орталарында атымды ойнатып түрып 
алдым. Не істерлерін білмеді. Атыса жөнелейін десе - оқ маған 
тиюі мүмкін. Осы кезде шешем келді жаныма: «Ақымақ қыз, 
қайт үйге! Дінімізді қорлама!» - деді мені қамшымен тартып 
жіберуге ыңғайланып. «Айналайын, анашым, бер батаңды, 
амалым жоқ, екіқабатпын» дегенімде ғана, жібіп, зар еңіреп 
жылады-ай. Ал мен бүл сөзді өтірік айтып едім. «Қор болғаның 
осы... қызым... енді қайтып сенің қара жүзіңді, қазақ жалаған 
бетіңді көрмеймін, лағнет, лағнет» деп, аттарын ойнакшытып, 
көздері қанталаған туыстарымды ертіп, кері шаба жөнелді. 
Ат шаптырып той жасады, қазақтардың барлық ырымымен 
Қандауыр екеуміздің некемізді қиды. Қүдай-ау, элі есімде: 
басымда кимешек, шылауыш киіп, ақ шатырдай боп бие саууға 
шыққанымда, бүкіл ауыл мэз-мейрам боп қарап еді-ау. Әсіресе, 
бір тізелеп, биенің борбайына жабыса қалғанымды кержак 
қызынан мүндай өнер күтпеген атам: «Көресіңдер элі, бүл
38


келінім барлығыңнан озады» деп масаттанған. Ал Қандауыр 
екеуіміз косылмай тұрып-ак, казактардың бүкіл түрмыс- 
тіршіліғіне жасырын дайындалғанбыз, ана тілін үйреткен де 
Қандауыр.
- Қандауыр деген не сөз? - деді Айна енесін кымтаңкырап 
койып.
- Тек, о несі-ай, атасының атын атағаны несі...
- Кешіріңіз, - деді кызара үялған келіні. - Байкамай калдым, 
әншейін сөз төркінін білгім келіп еді...
- Қандауыр деген үстараның бір түрі, кіп-кішкене айбалта 
секілді, асыл темірден соғады. Басының каны тасығанда, 
төбе шашты дөңгелете кырып, кандауырмен шетіп, лоңқа 
төңкеретін. Ішінде ауасы жоқ стакан артық қанды сорып, 
өзіне жинап алады. Бізде көрші Саркыт деген кемпір болды, 
төбені қойып маңдайдан, мүрынның үшынан кан ала беретін, 
жарыктық жаксы адам еді, жаткан жерің жаннат болсын (Нүрке 
бетін сипады). Сол кісі айтатын, бүл кан алудың ең қиындығы
- емші кісінің қандауырды тамырға көлденең салмай, жарып 
салуында деп. Ол кемпір бүл дүниеден аттанған соң, басының 
қаны тасыған талай адам аттанып кетті соңынан... Иә, ол кісі 
бетімдегі жараны да жазып еді, сондыктан да есімнен, бес уак 
намазымнан қалдырмай атап отыратынмын. Алғашында маған 
бала тоқтамады, не түсік тастаймын, не болмаса кырқынан 
шыккан соң, қызылша шығып өліп қалады, не керек, бүл 
корлыктан өз анам қайтыс болған соң ғана көзім ашылды... 
қатал кісі еді-ау, жарықтық. Қатал еді... оның да топырағы 
торқа болсын, ғайбаттап қайтейін аруақты, емшек сүтін емізген 
шешем ғой...
Енесінің бүл жүмбақты сөзіне түсіне алмаған Айна сүрак 
қоймаққа оқталды да, көптен бері ашыла айтқан әңгімесінің 
арқауын үзем бе деп үндемеді. Оны Нүрке кемпір де сез- 
гендей.
- Шешем марқүм, күйеуі Фадей өлген соң, бүкіл шаруа- 
шылықты оз колына алған өжет те өркөкірек кісі еді. Қазіргі 
казақтар Бек-Алқа, орыстар Фадиха деп атайтын село сол 
менің шешемнің иелігінде болатын. Кержақтардың ішіндегі 
ең шонжарлысы, мыңдап марал өсіріп, пантысын Қытайға 
сататын. Жас кезімнен мен де тағы маралды тау-тастан қуып, 
ат қүлағында ойнап өстім. Шіркін-ай, омартамыз кандай
39


көп еді... Еріктің анау ербиген отыз шақты ұясы ширегіне де 
келмейді. Бүкіл орыстар, тіпті қоңсылас қазақтар да шешемнен 
зэресі қалмай қорқатын. Қандауыр екеуіміз ғана айбынынан 
жасқанбаған (кемпір күлімсіреді). Қорқатын себебі: Анна 
Филомоновнаның кісіні жадылайтын сүңғыла өнері бар-тын. 
Сен, Айнашжан, сенбе, алла атынан айтайын, окып-оқып 
қара суды теріс ағызатын. Талайға қас қылып қан қақсатты- 
ау, жарықтық. Сол сиқыршылық өнерін маған үйретемін деп 
жүргенде, қазаққа қатындыққа қашып, айырылып қалдым, 
сырын ешкімге ашпаған күйінде көз жүмды. Үйренбегеніме 
өкінбеймін де, бүл жалғанда адам баласына, мейлі ол жақсы, 
мейлі жаман болсын, қастандық жасағаннан қасіретті не бар, 
дүшпаныңнан кек алам деп күнэға бату, күпіршілік жасау 
қайсыбір дінде де иманды жол емес қой.
- Сіз, апа, анаңызға тартпаған екенсіз...
«Бір биеден ала да, қүла да туады» демей ме қазақ, туыста- 
рым әжесіне тартқан десетін. Қандауырмен қосылғанымызға 
бір жыл толып, аузы-мүрнымнан шығып екіқабат болып отыр- 
ған шағымда, шешемнен сәлемдеме келді. «Нюра кешірсін 
мені, өзім үйінің есігін ашпауға бекіндім, мойныма карыз 
болар, жасауын алсын» деп, төсек-орын, көрпе-жастығымды 
беріп жіберген екен. «Айналайын, анашым!» деп есім 
шыға қатты қуандым. Өзің білесің, келін, жасаусыз қыздың 
қазақтар үшін қадірі болмайтынын, әсіресе, абысындарым 
бетін шымшып сайқымазақ қылып жүрген. Қүс жастығымды 
жастанып, қүс көрпемді жамылып, өсек-аяңнан қүтылган күні 
бір түшіркеніп үйықтадым-ау. Ертеңінде... ертеңінде бүкіл 
бетім, тамағым, омырауым - барлыгы көнектей боп ісіп шыга 
келді. Артынша іріңдеп, тесіле бастады. Міне, осылайша өмір 
мен өлімнің екі ортасында жатып, шешеме ат шаптырып, кісі 
жіберіп «ішім сезеді, жадылағанын кайтарсын» деп, зар еңіреп, 
зар жүтып Қандауырды да жібердім. «Мен емес жадыгөйлеген, 
қайын атасы қажыға барған молла гой, үшкіріп жазсын діні 
мықты болса»,- деп міз бақпаган. Атамның ондай қүдіреті 
жоқ, аллаға жалбарынганға жазыла ма... Сиқыршылық та жэне 
одан науқастанған адамды емдеу де ешбір қүдайдың ісі емес, 
дәрі-дәрмектің ғана күші келерін Саркыт кемпір дәлелдеді. 
Халық емімен-ақ асқынған аурудың бетін қайтарды. Мынау 
тамағымдағы дақ содан қалған, қарағым, әйтпесе екі аяқтының 
аруы едім. Енесі өз сөзіне өзі күлді.
40


- Сіз қазір де сұлусыз, апа. - Айна енесінің бетінен сүйді.
- Сүлулық бізден қалғалы қа-ша-а-ан. - Кемпір үйдің 
босағасына қарап элдебір ойға берілғендей, элдене ойына 
оралғандай үнсіз жатты. - Әйел адамның әдемі болғаны 
жақсы ғой, - деді бүдан соң, - бірақ ақыл мен көрік анда-санда 
токайласып, жүптасып өмір сүре алады. Менің шешем де 
келбетті кісі еді, амал не, мінез-қүлқы қатты болатын. Байлар 
тэркіге үшырап, жер аударыла бастағанда, барлық бүғыларды 
сатыдан шығарып, өз үйін өзі өртеп, арғы бетке кашты. 
Пахомов дегеннің партизан отрядымен болған арадағы атыста 
ағайым Александр оққа үшады, қызылдардың қолына түспеуге 
бекінген анам улы шоп кайнатып ішіп олген екен. Сөйтіп, бергі 
бетте бір әулеттен жалғыз қалдым, ал ауылдың аты Фадиха 
атанып кетті.
Жарыктык күйеуім балажанды кісі еді ғой... амал не! 
Еріктің ер жеткенін көре алмады... Көзі тірі кезіндегі сәбидің 
бірде-біреуі тоқтамады. Айтып-айтпай не керек, не көрмедік, 
неге конбедік!.. Ерігім біртоға, түйық, сенер кісісі болмаған 
соң, шаруақой болып өсті. Мектеп бітірген соң да, мені жалғыз 
тастап кетуге қимай, окуға кешеуілдеп барды ғой. Алматыда 
жүргенде, көп қиыншылық көрген секілді. Өйткені, колхоз 
совхозға ауысып, апалас-төпелеске үшыраған кезеңде, мен 
пенсиясыз қалдым, кейін ғой кемпір бас сайын 28 сом «айлық» 
тағайындағаны, әйтеуір, елде бардың ерні қимылдап жүтамадық, 
халыктан айналайын, қарнымызды ашырмады. Жалғыз бала 
катты болады деуші еді, содан ба, Ерігім өсе келе жүртқа 
жүғымы жоқ, даланың тагысы секілді тэкаппарлау болып кетті. 
Саған да обал, келін шырақ, ішім сезеді, қүсалық бар, қайтейін, 
Алтайдың аңғарына қамап үстайтын аң емессің...
- Қойыңызшы, апа, мен тіпті де жалғызсырап жүргенім 
жоқ. Тағдырымды Ерікке тапсырғанмын, Мүзтауды асамын 
десе де, калармын ба соңынан.
- Ракмет, айнам, Еріктен артық көрмесем, кем көрмейтінім 
бір қүдайға хақ. Екеуіңнің жамандықтарыңды көрмей, бір 
күрек топырак бүйырып, алдарыңда кеткеннен озык мүрат бар 
ма мен үшін.
- Сіз... апа, сіз орыс та, қазақ та емессіз... сіз басқа бір... 
үлтсыз... жер бетінде жоқ үлттың окілісіз. Ол үлттың аты -
аяулы ана. Әттең, сіздей адам жалғыз-ак па деп корқамын...
41


Айнаның шамның сәулесімен боталаған жанары жасаурай, 
енесін қатты қысып құшақтады. Неге екенін өзі де білмеді, 
екі иығы селкілдеп, ағыл-тегіл жылаған. Байтақ ел, бақытты 
күндерін аңсады ма, өз анасының жұпар иісін сағынып, кең 
кеудесіне басын қойгысы келген шығар, бэлкім, бұған дейін 
көкірегінде бұғып жатып, эбден қысылып, әбден сыздаған 
мұңның ененің еміренісінен кейін иіп, бұлак боп, коздің жасы 
боп, сарқырап акқаны ма екен... Кім білсін, кімнің ішіне кім 
кіріп шыққан... бэрімізде де ашылмаған сыр, айтылмаған сөз 
бар-ау...
3
Қазақтар Бек-Алқа, орыстар Фадиха деп атап кеткен 
ауылдан шыққан қос жолаушының жүрістері мандымады: 
астында елпек аты бар Еріктің бір өзі гана болса ба-я-ғы-да-а- 
ақ сау желіп, соза тартып үзап кетер еді.
Әттең... не керек, соңында ілбіген «сапарласы» бар, жүруінен 
отыруы көп, әрең-ақ еріп келеді байғұс. Қазақтар «Мың жолды- 
ны бір сорлы байлайды» деп бекер айтпаған. Тастап-ақ кетейін 
десе, даяр тұрған «құлдан» аяқ астынан айырылып қалғысы 
жоқ, ал атының артына мінгестіріп алайын десе - көкбестіні 
аяйды. Сондықтан да асықпай, асқан шыдамдылыққа басып, өгіз 
аяңмен келе жатқан. Әлгі бір эзірде бір шөлмек арақтың ақырын 
сарқып тұрып ішіп алған Таған жүруге шамасы әбден келмеген 
соң, таудың құлын жоғалып кетер шалғынына етпетінен түсіп, 
тырп етпей жатып алған. Тәлтіректеп келе жатқан шығар 
деғен оймен омарташы көпке дейін артына бүрылмап еді, жалт 
қарағанында - жоқ болып шықты. Алғашында, қашып кетті 
ме деп, сасып-ақ қалғаны. Көкбестіғе қамшы басып, келген 
жолымен кері құйын-перен шапқылай жонелді: зым-зия, жер 
жұтқандай... «Сайтан ба, сағым ба? Атаңа нәлет, пияншік, 
басыма бэле болып тимесін... Әй, бірақ осы қуыс қурайды 
іздеуші, сұраушысы жоқ та шығар-ау» деген оймен ойкастап 
ары да шапқылады, бері де шапқылады. Таудың бүта-қараған, 
қалың ағаш, жайқалған шалғынына адам түгіл түйе жоғалса 
табуың екіталай. Үзеңгісін шөптің басы қағып, бойлап өскен 
шалғынды кақ жара коп іздеді, амалы таусылған соң: «Таған, 
эй, Қарабура, қайдасың?» - деп дауыстады. Тура алдына алып 
самолеттей ауыр көтеріліп, дүрілдеп ұшқан ұлардан астындағы
42


көкбесті қорс етіп үрке жөнелгенде, Ерік ердің касынан үстап 
эрең калды. «Қап, әкеңді...» деп, такымына кыскан мылтыкты 
алып октағанша, таудың алып күсы көзден таса үзап кеткен. 
Ашу кыскан омарташы сонда да ентігін баса алмай, үлар 
үшкан жакты көздеп, шүріппені басып калған. Мылтык 
үнінен әбден үйренген ат мыңк еткен жоқ, тек камшылар жак 
капталдағы шөптің арасынан «ой-бай» деп, бажылдай атып 
түрған маскүнемнің үнінен ғана көкбесті жэне жалт ете түскен
- Ерік бүл жолы да ердің қасынан үстап кұламай калды. «Алла, 
экең-ай...» деп барып, ербиген Тағанның жонарқасынан ала 
камшысымен осып отті... Шынжырдай болып өрілген камшы 
күн жеп, кір жеп онсыз да әбден тозған помази көйлекті как 
айырды, бірақ Таған өзіне емес тулакка тигендей, ауырсынған 
да жоқ, тіпті кірпігін де какпады. Әлі де болса элінжоғалта 
коймаған үзын кірпіктерін көтере, сүзіле қарап түра берген. Ол 
Ерікті мүлдем көріп түрмагандай, меңіреу күйде еді. Омарташы 
таң калды, алайда таң калғанын білдірмеді. «Жүр, кетейік» 
деп, атын тебініп алға түсе берді. Таған жақ ашпаған қалпы 
соңынан ерген.
Екі жігіт алдарында бір шынтақтай сүлап жатқан белден 
асып, жалғыз аяқ жолмен қабырғалай күлдағанда, сонау етек- 
тен ымырт-айдаһардың жалғыз көзіндей от жылтырады. 
Жүрістерін жеделдетіп, тезірек жетпесе сол үміт жүлдызындай 
болып елестеген жарык түра қашатындай-ақ, шаршағандарын 
үмытып асыға түсті. Еріктің астындағы көкбесті де кұлағын 
кайшылай елпек аяңдады. Ең әуелі сай табанындағы үйдің иті 
үрді де, көп ұзамай арсылдап алдарынан шыкты. Ат үстіндегі 
Ерікке ештеңе емес-ау, соңында ербеңдеп жаяу келе жатқан 
Тағанның дал-дұлын шығаруы мүмкін еді. Қосамжарлана 
үрген қос ит алдымен атты кісінің алды-артын орап байқастап 
көрді де, одан еш нәрсе шықпасын сезгендей Тағанға ұмтылған. 
Қайқы кұйрық екі иттің екпіні асап қоятындай-ақ қорқынышты 
еді, бойында жаны бар адам шыдап тұра алмас аянышты 
окиға басталуы мүмкін еді, қанша қатыгез десек те Еріктің өзі 
сескене, көкбестіні кері бұрған. Тағанға көмекке ұмтылған. 
Жағаласа жарысқан иттер ойкастаған күйі Тағанға жетті де, 
алба-жұлба албастыдан ала түсуге жасканғандай, жалтарып 
тайсақтады. Маскүнем сасар емес. Тіпті бұрылып қарамады да. 
«Мені қауып жарымассыңдар» дегендей. Екі ит үруін пышақ
43


кескендей тыйып, шокиып екеуі екі жерде отырып қалған. Бұл 
ғажап көрініс Ерікті жэне бір қайран қалдырған. «Мынаның 
сиқыры бар шығар» деп ойлады да, атын қайта бұрып, борт- 
борт желе жөнелді.
Сайға жасырына орналасқан жалғыз үйге Таған жеткенде, 
Ерік атын байлап кіріп кеткен екен. Неге екені белгісіз, Таған 
үйге бірден кіріп бармай; қашаға сүйеніп тұрып қалды. 
Күндізгі қарбалас тіршілік тырапай асып, іңірмен бірге іріп, 
таусылғандай тыныштык. Аспан ашық еді. Самсап жұлдыздар 
туа бастаған. Алғашқы болып қарсы алған иттер де желе- 
жортып келді де, қашаға сүйеніп кұр сүлдері түрған бейбақты 
аяғандай иіскелеп, біраз айналсоқтады: жігіт міз баққан жоқ, 
біреу өлтіріп сүйеп кеткендей, қыбырсыз. Сығырайыңқы 
терезеден түскен болымсыз жарык кана тау ішіндегі өмірдің 
жалқы шырақшысындай-тын. Мең-зең, дел-сал бейуактың күнэ, 
пәле-жала, айқай-шудан таза мұнтаздай мұңы бар еді. Таудың 
түнгі салкыны да ептеп сыз татып, «и-щ-ай» дегізіп жауратады. 
Күні бойғы сүргіннен аяк-қолы сал болып шаршаған Таған ес- 
акылын енді ғана жинағандай, өз-өзіне келе бастады, оз-озінен 
есеп ала бастады. Қаншаға ұзарын кім білсін, әйтеуір, қайдан 
келіп, кайда тұрғанын ажыратар халдің қалтқысы дір еткендей 
болған.
Сайдың іші салкын, өзекті қуалай сылдырап бұлак ағады. 
Жас баланың тіліндей былдырлаған үні қазіргі қаймақшыған 
тыныштықты бұзбай, қайта әдемі бір жарасыммен жуастау 
қыздың шашбауындай сылдырлайды. Арактан аузы кұрға- 
маған соңғы он жылында басы зеңгіп, ауырмаган, не болмаса 
жүрегі айнып лоқсып көрмеген Таганның алғаш рет асқазаны 
астаң-кестеңі шықты. Бэлкім, бұл ауру бұрыннан-ак бар 
шығар; сол қыжылды сезуге мұршасы жетпей, ақыл-естен 
айырылып қалатын шығар; мүмкін, таңғы тәбетін оңкей бір 
«барматухамен» ашып, сол «жарықтыққа» үйреніп кеткен 
ағзасы күні бойы үздіксіз ішкен ақ арақты жатырқап, ауырсы- 
нып тұр ма екен? Қалай десек те Таганның бұған дейінгі өлексе 
оміріне зэуде «зауалдың» сыналап кіргені - сынай кіргені рас 
еді. Ол оган таңғалған жок. Оның қайран қалып тұрғаны: 
ішімдік шіркіннің жақпағанын, немесе жақпайтынын өзгенің 
үгітімен емес, тұңғыш рет озінің - өзекті жанының сезінуі эрі 
«осының түбі немен аякталар екен» деп сескене сезіктенуі-
44


тін. «Ішпесе кайтер еді?» - Он жылдан соң ойына оралған осы 
сөз аракпен арадағы айқастың тұңғыш жеңісін эпергендей... 
«Ішсеңші, бірак акылыңды ішпе» дейтіндерді иттің етінен 
ары жек көретін Таған: «Лажы, мүлдем ішпеу керек екен-ау» 
деген түйсігін түйіндей бергенде жэне осы түжырымына айды 
аспанға шығара куана берген кезінде, ағаш үйдің есігі арс 
етіп ашылған. Ашылғанда: «Ей, кайдасың, кірсеңші үйге!»
- деген Еріктің өгіздей окірген даусы күл-паршасын шығарды, 
шығарды да мүлдемге үмыттырды.
Ол сыңсып ашылатын тактай есіктің түткасын үстап 
түрмеге кіретіндей сүмдык қоркынышпен состиып түрып 
қалған. Өздері эзірде ғана асып түскен жотаның ар жағынан 
жартыкеш айдың беті кылтиды. «Ай элі бар екен-ау». Он 
жылдан бері айдың жоғалып кетпей элі күнге аспанда жүзіп 
жүргеніне таңырқағандай бағжырая қараған.
Үй үядай жылы екен. Табада куырылып жатқан балықтың 
иісі мүрынды жарып барады. Таған жүтынып, қарны ашканын 
сезді. Үйдің иесі озін Захар, әйелін Марфа деп таныстырды. 
Ерік етігін шешіп тастап, пеш түбіндегі орындыкта аркасын 
кыздырып маужырап отыр. Көзі тас жүмулы, ракатка батқан 
сыңайы байқалады. Жасқаншақтана кіріп, босағада ебедейсіз 
түрып қалған Тағанға әйел: «Проходите, садитесь», - деді. Бір 
аттап барып тактай орындыкқа жайғасты. Дастаркан жасады. 
Захар темекісін бүркыратып шұлык тоқып отыр. Көрден жаңа 
ғана шыккандай, мыж-мыж боп түрған бөтен жігітке козінің 
астымен карап қояды. Еріктің екі беті, бал-бұл жанып, жып- 
жылы үйдің шуағына масайғандай қалғи бастады.
- Дастарқанға келіңдер, - деген әйелдің оқыс даусынан селк 
етіп, салбырап, енді болмаса иығынан домалап түсіп кетердей 
болған басын жұлка көтеріп алды. Дастарқанға моп-молдір 
бал, колдан пісірген нан, таудың сарымсағы қойылған. Осы 
тағамдардың дэл ортасындағы табада элі де шыжғырылғаны 
басылмаған балық былқып жатыр. Көзі ақиған ақ шабақтың 
бірін енді ала берген Тағанға алая қараған Ерік:
- Қолыңды жусаңшы, бес баттам қылмай, - деп күңк етті. 
Таған сасып калды. Әкесі зекіген жас балаша жаутаңдап кейін 
шегінді де, лэм деместен шыға жөнелді:
- Үят болды-ау,- деді Марфа. - Дардай жігітке даусыңды 
котергенің не?
45


- Бал сырадан бір стақан берсең, атасының кұнын кешеді, -
деді Ерік балықтың ең үлкенін өзіне қарай мысықша сүйреген 
күйі.
- Мүны қайдан қазып тауып алдың? - деді Захар. - Өзінің 
есі дүрыс па?
- Есі дүрыс болса, осынау ит арқасы қиянға аттыға еріп 
таңы айырылар ма еді? Маскүнем деген рудың елшісі. Қолбала 
ретінде үстауға ертіп келемін. Қыстай бағып-қағып, егер 
жақпай жатса, келесі жылы жазда тауып алган жеріме апарып 
тастармын.
- Азып-тозып кеткені болмаса, түбі жаман кісіге үксамайды. 
Кірпіктері қандай үзын, еркектердің көзі осыншалық эдемі 
боларын бірінші көруім, - деді Марфа. Әйелінің сезімталдығы 
Захарға үнамады білем, қызбалықсыз қызғанышпен:
- Біздің қатынның қолына түссе, жуып-шайып, қарағайдай 
азамат кылып алар еді. Мені де түрмеде отырғанымда ғашық 
болып, кісі жасаған...
-Ә й , сені қайдам (есік жақты нүсқап), анау алпыс әйел бақса 
да, адам болмас. Қаны аракка айналып кеткен, винокровьемен 
ауырады.
- Рас, иісі жаман екен, - деді Марфа. Онысы екі омаргашы- 
ның қытымыр сезімінен қүтылғысы келгені сияқтанды. Осы
кезде Таған кайта кірді. Бағанағы өзі үстаган балық сол 
қалпында жатыр екен, қүйрығынан тартып алдындағы тарел- 
кага түсіріп алды. Марфаның екі көзі Тағанның тоттанып 
кеткен кір-кір дірілдеген қолына түсті, жүрегі сазып аяды да, 
жеңіл күрсінді. Орнынан түрған Захар пештің үстіндегі ашуы 
жетіп, тығынын атқылаған сырадан қүманға қүйып әкелді. Иісі 
мүрынды жарады. Төрт стақан қойып, толтыра қүйды. Таған 
аузына енді апара берген балықтың бір кесегін тастай салып, 
сыраға үмтылған. Көз ілеспейтін шапшаңдықпен қылғып салды 
да, бос стақанды Захарға қайга үсынды. Келесісін де жалғыз-ақ 
деммен жүтып жіберіп:
- Уһ, жанымды бойыма әрең шақырдым-ау, күні бойы 
сасық арақ ішіп, ішім күйіп қалып еді, - деді бітеу жарасының 
аузы ашылғандай, қырыстары жазыла жайраңдап.
- Ал енді бүл тегін конңертін бастайды, - деді Ерік жақ- 
тырмай. - Көбірек беріп сілейтіп тастағаннан басқа лаж жоқ.
46


- Ендеше, енді бірді құй, - деді Таған ыдысын тосып. Захар 
пеш үстіндеғі ағаш күбіде акырып түрған отыз литр сырасын 
аясын ба, ыкыластана кұйды. Таған да тартынған жоқ, тағы 
ішті.
- Тамак жесеңізші, - деді Марфа жалынғандай. - Аш 
қарынға қалай іше бересіз.
- Мастығым тарқап кетеді, - деді ырсия күліп, - Сыра да 
тамақ. Әйтпесе баяғыда аштан өліп қалмас па едім. Сыраңыз 
зәмзәм екен.
- Сен... енді доғар, Қарабура. Ертең ере алмай каласың,
- деді Ерік.
- Маған осы үй де жетеді. Кімнің жұмысын істесем де 
бэрібір, кұтырған бурадай бұрқыраған бал сырасы ашып тұрса 
болды емес пе.
- Біз жалшы ұстамаймыз,— деді Марфа. - Жалғыз сиыр, 
жалғыз атты өзіміз-ақ бағып-қағып аламыз.
- Еркектердің сөзіне араласып нең бар, ыдыс-аяғынды 
жина, - деді Захар езуінен тек ұйықтарда ғана түсетін темекісін 
қайта тұтатып. Ерік пеш түбіндегі орындыққа қайта жайғасты. 
Стол басында жалғыз калған Таған өз қолымен сырадан құйып 
алды.
- Мен осы бір нәрсеге таң қаламын, - деді сұқ саусағын 
шошайта. - Неге біз осы өтірік сөйлейміз, өтірік күлеміз, 
қысқасы - өтірік өмір сүреміз, а? Неге біз осы өзіміздің бұл 
әлемге артық, түкке де керегіміз жоқ бейшара мүскін екенімізді 
мойындамаймыз? Қазір жоқ болып кеттік делік. Сен де, ей, 
орыс, сен де, ейдазақ... Жоқпыз... дүниенің қылшығы қисая 
ма? Қайта ұлы мәртебелі табиғат-ананың организмі тазарар еді, 
көк жөтелден сауығар еді... Білем-білем, «сен негетірі жүрсің?» 
деп сүрағалы отырсыңдар. Мен... мен... осы қарапайым ғана 
қағиданы сендерге түсіндіру үшін жүрмін... Осы күйкі тірлікке 
душар кылған мына мені атарға оқтары жоқ сеңдер, мен... 
сендерге ерегесіп, ыза болған соң амалсыз ішем...
- Мына философқа жатар орын тауып беріңдер, - деген Ерік 
орнынан шапшаң тұрып далаға шығып кетті. Таған сырадан 
тағы бір стақан сылқитып алды. Темекісін бықсытқан Захар 
Тағанның арқасына қағып:
- Дегенмен, сөзіңнің жаны бар. Жүр, братан, үйықтар 
орнынды көрсетейін,- деді.
47


- Маған төсек салып эуре болмай-ак қойыңдар. Қай тұсқа 
құлаймын - сол төсек... Анаңда - қара жер, атаңда - қара жер... 
ла-лау...
Тұра беріп тәлтіректеген жігіттің қолтығынан демеген 
Захар тысқа беттеді.
«НЕГЕ БІЗ ОСЫ ҚАТЫГЕЗ ДЕ ҚАСИЕТСІЗ БОЛЫП 
КЕТТІК... НЕГЕ БІЗ ОСЫ...»
Тағанның элдекімге ашулы, әлдекімге наразы да азалы үні 
бәсеңдемеген қалпы, есік жабылғанша Марфаның құлағын 
жаңғырта сарсытып еді.
- Адамды осыншама аздыратыны бар, неге ғана шығарады 
екен арақты, - деді өз-өзінен сойлеген эйел нэумез үнмен.
- Бәлкім, қалай ішуді білмейтін шығармыз... Әйтпесе, шет 
елдегілер мен кавказдықтар баяғыда маскүнем болып кетпес 
пе еді...
Есік алдына шыққан соң, Таған жаңа танысқан орыс 
досының мойнынан тас кылып кұшактап алды:
- Мен орыс халқын шексіз сүйем, Захар. Өйткені, олар 
қазақ мінездес, эрі тағдырлас - ашуының алды бар, арты жоқ, 
аңқау да адал. Әрі еңбекқор. Әйтсе де, Россияда - орыстар, 
Қазақстанда - қазақтар нашар тұрады. Саудаласуды да, 
жауласуды да, дауласуды да білмейді. Құшақтары кең, кімді 
болсын аймалай береді... бірақ сол құшағында тұрғанның 
пышағын байқамайды... Бірақ, Захарчик, сен мені тым жақсы 
көрмейсің-ау... біле-білсең екеуміз бір ұлтпыз, өйткені, екеуіміз 
де ішеміз. Ал анау Ерік басқа. Басқа ол... оның ұлты жоқ. Сонда 
деймін-ау, қайсымыз кауіптіміз... Мэселе осында... Баяғы өткен 
заманда біреу айтқан екен: «Заман-заман, заман-ай, жылдан- 
жылға заманы жұмбак болған заман-ай; сарқыраған өзені бұлак 
болған за-ман-ай... акылы азып сенері пышақ болған заман- 
ай...». Захаржан, салқын сыраңнан тағы бір стақан жұтқызып 
жіберші, сынық сүйем жетпей түр.
- Бүгінге жетер... жоқ-жоқ, сен ойлап қалма, сырасын 
аяды деп, шомылам десең де қүйып берер едім. Әй, қазағым- 
ай, неге осыншама жаныңды жаралап ішеді екенсің. Несін 
жасырайын, ішу жағынан саған күлер түрім жоқ, әйткенмен 
«аюдың жанында шошқа жылмақтай» деген емес пе... Жүр, 
жатқызайын...
- Екеуіміз бірге құшақтасып тұрып ұйықтайық.
48


- Кешір, досым, әйелімнің білегі кеудемде жатпаса, көз 
іле алмаймын. Сен баткан батпакка мен де батканмын, жуып- 
шайып адам катарына коскан - Марфа.
- Ал менің әйелім,- деді Таған Захардың мойнынан қыса 
түсіп, - қүй, батпаққа итеріп жіберген. Содан бері элі шыға 
алмай тырбанып жүрмін.
Түрғын үйдің аяк жағындағы сарайға колтықтап апарды. 
Мүнда қыстыгүні бал арасының үясын қоятын да, жаз шыға 
қаңырап бос түратын. Әлі де ауылға алып кете қоймаған төрт- 
бес флягі балдың аузы тас бекітулі. Сарайға кірген соң, Захар 
сіріңке түтатып, шынысы жок жайдак шамды жақты. Мүрынды 
балдың иісі жарады. Кіреберіс ірге жақта ағаш нар бар екен, 
үстінде жүні шыққан ескілеу көрпе мен жағасы жок көнетоз 
тон жатыр.
- Сен, братан, ренжіме, өзің де көрдің, үй жалғыз, бөлме 
тар, бізбен бірге пысынағанша, ауасы таза кең сарайда жалғыз 
демалғаның дүрыс болар. Кейде өзім де әйелімнен қашып 
осында үйықтаймын. Ракат.
- Мүнда сыра жок па? - деді нарға сүлай кеткен Таған.
- Бүгіндікке жетер. Ертең де күн бар ғой.
- Салынып ішетіндердің ептеп қана тататындардан жалғыз- 
ақ айырмашылығы бар, ағайын. Олар ешқашан да ертең де күн 
бар-ау деп ойламайды. Акырзаман орнайтындай барлығын 
бүгін сарқа ішіп тауысып тастағысы келеді.
- Білем-білем, - деді Захар, - баяғыда мен де солай 
ойлайтынмын. Ал енді жақсы жатып жайлы түр.
- Дегенмен, бір стақан әкеліп берсең қайтеді... Ақырғысы 
болсын, қүдай үшін, ертеңнің есебінен.
- Макүл, - деген Захар шығып кетті де, аз-кем уақыттан 
соң бір стақан сыра әкеліп берді. Орнынан қарғып түрған 
Таған қолы қалтақтап сіміріп жіберді де, нарға жалп етіп кұлап 
түсті. Жатқан қалпында сүқ саусағын шошайтты: - Неге біз 
осы... жанымызда жанып түрған отты не су қүйып өшіреміз, не 
болмаса май қүйып лаулата өртеп жібереміз. НЕГЕ БІЗ ОСЫ 
бүл дүниенің барлық мүлкін арғы дүниеге арқалап кетердей, 
мүрнымыздан қан аққанша дүние-боқжиямыз, а? Айтыңдаршы, 
ағайын, салт басым, сабау қамшымнан басқа түгім жоқ менің 
сендерден қай жерім кем? Кімнің түнығын шайкаппын, 
кімдердің ырысын ішіп тауысыппын? Соншалықты неге жек
49


көресіңцер? Мен - талантпын. Менің білетінімнің, тэңірім- 
ау, бес проңентін игерсеңдер, әлдеқашан данышпан болып 
элемнің билігін қолдарыңа алмайсыңдар ма? Ей, Захар, сен 
жақсы орыссың, түрің таныс, бір жерден көрген сияқтымын. 
Қайдан? Мүмкін, айықтырғыштан, бэлкім, ЛТП-дан...
Бүл кезде Захар жоқ еді, Тағанның «НЕГЕ БІЗ ОСЫ...» 
деп басталар лекциясы түтана бергенде-ақ, сарайдың есігін 
нығыздап жауып, ептеп басып шығып кеткен. Тағанға бэрібір 
еді. Соңғы он жылда жағы сембей айтып келе жатқан жалғыз 
ауыз өлеңін бастап жіберді. Қарлыққан даусы - тек өзіне ғана 
сүйкімді естілер үні алакөлеңке сәулемен меңірейіп түрған 
ағаш бөренелерге тарс-тарс соғылып, кейін шегініп жатты. 
Бүл сарайда жалғыз тесік - есік болмаса, саңылаусыз бітеу еді, 
сондықтан да Тағанның эні қүмығып, ешкімнің мазасын алмай 
іште өліп, іште тыпырлаған.
Жігітіңде мін жоқ,
Қалтасында дым жоқ,
Ішейін деп ішпеймін
Ерегесіп ішемін, хала-лау, элау-лау...
Мені маскүнем қылған сендер... НЕГЕ БІЗ ОСЫ...
Тау ішінде бозғылт сәуле бар. Әр заттың ажарын анық 
танытпаса да, нобайын болжататын. Айдың шығуы қандай тез 
болса, омырауын жүлдыздар көп нүктелеп, тастаған аспанға 
өрледі де соншалық шапшаң шабыспен зытып барады. Күндізгі 
қолқылдак жүрістен шалдыққан көкбестінің ер-тоқымын алып, 
қақтанған арқасын шапалақтаған Ерік балта мен қазық алып 
қырға жетелеп кетті. Айрандай үйыған тыныштық қазық 
қаққанда дір-дір етіп, түн баласында шаңқылдап қатты естіледі 
екен. Захар омарташының қасқыр алатындай қақсап тыным 
таппайтын қос иті шэу етіп үрудің ырымын жасады да, қайтып 
үн шығарған жоқ. Қыр жайлап, шет қонып жүретін шопан, 
омарташы атаулының иттері адамдай ақылды болушы еді, үйге 
келерінде аттан аударып алардай арпылдайды да, иесіне бөтен 
емес екенін сезген соң, қайтып жақ ашпайтын. Қанжығасынан 
өмір бақида тастамайтын қыл арқанмен көкбестінің аяғын 
қазық бау шалып арқандады. Әлгінде бүлақ суынан сыңғыта 
ішкен жануар таудың бүршақты отына бас қойды. Балтаны 
білемдей үстап кері оралған Еріктің есіне Қатын суының ар 
жағынан аптасына жалғыз рет, тек жүма күні ғана көрінер
50


қызыл орамалды Қыз түсті. Міне, осынау Алтайдың кыз 
көктемінен бері коз алдынан колеңдеп, бейне бір кол 
жетпес армандай, күндіз-түні қиялынан, не түсінен шыкпай 
қойды. Ол күні бүгінге дейін оның кім екенін, нендей кэсіп- 
пен шүғылданатынын білмейді, тым болмағанда жалғыз рет 
тілдесіп, аты-жөндерін де сүраған емес. Ал Қатын суын қақ 
жарып өте шығар қауқар Ерікте жоқ, тіпті Ерік кана емес, 
эзірге бірде-бір адамның күш-қуаты мен тас жүтар тәуекелі 
жете қоймаған. Тек коңыр күздің аяғында ғана ашуы қайтып, 
сабасына түскенде, жоғары сағасынан кеудесі мықты атпен 
отуге болатын. Әйтпесе өткел жоқ. Ерік ақ боз атқа мініп арғы 
жағаға жақындаған Қызға өңеш жырта айкайлап, сан рет атын 
сүраған. Әлде мүның даусын өзеннің күркірі бүзып естіртпейді, 
элде жүмбақты Қыз қырсығып айтпайды, неге екені белгісіз, 
ала жаздай атын сүрап біле алмады. Біржола түңіліп, аптаның 
аяғында барғысы келмей қасарысқанымен, дэт шіркін шыдамай 
солай қарай - жағаға қарай жетелейтін. Қызыл жаулықты Қызда 
келуін қоймайды, намазы қаза болатындай, тау асып асығыс 
қүлдайды, өзеннің жиегінде жарты сағаттай аялдайды, содан 
соң атына қарғып мініп, тау асып ғайып болады. «Алыстан 
қарағанда әдемі, әттең, жақыннан көрер ме еді» деген ой бірте- 
бірте көкіректің көксеуіне айналып, бүған дейінгі жайма-шуақ 
тірлігінің айдынына тас лақтырған; осыған дейін әйел атаулыға 
шын ғашық болып, аһ үрар арманмен қүлай сүйіп көрмеген 
қасаң да қатыгез жаны қазан түбіндегі майдай еріп, тоңы 
жібіген, тіпті шымырлап қайнағандай ма-ау. Бүл не сонда? 
Бэлкім, кітаптан оқып, кинодан көретін махаббат осы шығар; 
бүған дейін сенгенді койып, өзгелер өзеуреп дәлелдегенде, 
селкілдеп күлетін басы енді сол махаббат машақатына 
байланып, әңкі-тәңкі. «Жок, бүл гашықтық емес»,- деп өз- 
өзін жүбататын. - Өткел бермес өзеннен өте алмаған соң, 
пайда болған әншейін әуестік қой; пенде дегенің не нәрсеге 
колы жетпесе, соған қүштар келмей ме; эйтпесе сол қыздың 
койнына бір түн жатайыншы, ертеңінде айнып шыға келмесіме 
бэс тігемін. «Ол сенің ғана түсінігің» деп іштей бір үн бас 
көтеретін. Қалай десек те сол кызды жақыннан бір көру - бүл 
жалғандағы жалғыз арманы. Біздің жігітте бэрі бар. Бірак 
түк жок екен, иэ, ең керектісін таба алмай жүруі мүмкін ғой. 
Сонда маскүнем Тағаннан айырмасы бар ма, бар болса ол не?
51


Баспанасы, байлығы, ішпейтіні, жары... Жары демекші, оны да 
жас кезінде жаксы көріп үйленген-ді... Алайда жас шағында 
кісі қателікке көп үрынады; тегінде, адамға ақыл қартайғанда 
керек-ау, алжымас үшін, алжаспас үшін... Ендеше, сол жаска 
тэн көп-көп қателіктің бірі - Айнаға қосылуы шығар. Шын 
махаббат қырықтың қырқасына шыққанда оянары ойымызға 
келмей жүр ме?
Қашаға, бағана Таған сүйеніп түрған кашаға екі білегін 
артып ойға батқан Ерік алғаш рет: «ОСЫ МЕНІҢ БАЛАМ 
НЕГЕ ЖОҚ?» - деп күбірлеп қалды. Өз үнінен өзі шошыды да, 
бүл сүрақты тезірек үмытуға тырысқандай үйге беттеді.
Ертеңінде Тағанды әрең түрғызып алды. Өмір бақида көз 
алдынан кетпейтін, әсіресе, ес-ақылдан айырыла ішкенде, 
жыйылған жүздеген адамға айналып кетер аудитория, яғни бүдан 
лекңия тыңдауға жиналған елестерге дэрісін беріп, аузынан ақ 
көбік аға сөйлеп, түсіндіріп, эбден талыққанда ғана барып, 
көз шырымын алған. Әсіресе, бүгін «студенттері» көп болды. 
Ерте дүние тарихынан қойылған барлық сүрақтарға жауап 
беріп болған соң, бүгінгі заманның көкейкесті мәселелеріне 
көшкен. Халықаралық жағдайдың шиеленісіп түрғанын, 
әсіресе, адамзат басына ядролық апаттың төніп тұрғанын, ал 
адамзат бұл қауіпті жағдайға тек қана тым-тым милылығынан 
душар болғанын, ақылдан азап шегіп отырғанын шегелей 
ұғындырды. Бірақ ол осыншалық ақ тер, қара тері шып-шып 
шыға айткан сөзін бірде-бір аяқты тыңдай алмағанын сезген 
жоқ-ты, жазған-ай. Егер элем саясаткерлері мен тарихшылары 
Тағанға ізғілік, ақиқат, болашак туралы болжамдар мен өмірлік 
проблемалардан емтихан тапсырса, ешкайсысы да зачет ала 
алмас еді. Оңдай атты күн ка-й-да-а... «НЕГЕ БІЗ ОСЫ...»
Жұлкылағанға оянбайтынын білетін Ерік жарты шелек су 
әкеліп басына күя салды.
-
Төсек-орнымды сулайсың, - деп Захар ара түсіп еді, 
«кептіріп аласың» деп, оның сөзін тыңдаған жоқ. Орнынан 
атып тұрар куат Тағанда жок еді. Алғашында не болғанын 
білмей, нар үстінде мең-зең отырып қалған. Ауыр түстен айыға 
алмаған адамша сәл қозғалса жарылып кетейін деп тұрған 
басын қос қолдап сығымдаған күйі: «Өлтірмесеңдер бір стақан 
сыра беріңдер», - деп ышкынды. Захардың бүл бас «мәселесі» 
жөнінен тэжірибесі бұрыннан бар еді, «салқын сыраны» ұсына 
берді. Бір деммен қағып салғанТаған:
52


- Бұл дүниеде бас жазғаннан ракат не бар, - деп орнынан 
түрды.
- Беті-колыңды жу, аттанамыз, - деді екі колын кусырынып, 
талтайып түрған Ерік.
- Мен сені гестапо екен деп калдым, - деп кыршанкыланды 
Таған.- Бетімді бір шелек сумен өзің жуып бердің емес пе.
Захар мырс етіп күлді. Күлді де: - Мынаның тілі удай екен,
- деді.
Ерік ашуланған жок. Сол салмакты калпын сақтаған күйі: -
Тілінен баска не калды дейсің. Бүйте берсе одан да айырылар,
- деп, сарайдың тактай еденін сарт-сарт басып шығып кеткен.
- Иэ, - деді Таған. - Иә, эс-эс-тің офицерлері біздің ортамыз- 
да да бар, киімі баска болған соң, байкамаймыз. - Захар бүл 
жолы күлген жок.
- Сен онымен тэжікелесе берме, жым-жырт болып кетуің 
ғажап емес.
- Мен казір де жым-жыртпын, жокпын, сондыктан да еш 
нәрсе коркыныш емес... Тамыр, одан да андағы сыраңнан 
кайталап жібер.
Күн бүгін де ашык еді. Қараңғыдан шыккан Таған көзі 
жыпылыктап, жарыкты жатыркағандай күн көзіне карай 
алмады. Баскыштан тәлтіректей түсіп омарта жәшіктері 
койылған түска беттей беріп еді, оның колтығынан Захар үстай 
алды.
- Ол жакка барма, ара шағып алады.
- Патшалар жаяу баратын үй кайда?
- Жүр көрсетейін, - деп ерте жөнелді. - Көрінген бүтаның 
түбіне сари салмай, әжетхана іздегеніңе карағанда, кезінде 
мәдениетті жігіт болғансың-ау, тегі...
- Үлкені келіп қалды... Кішісіне дәретхана іздемеймін, 
шалбарым бар ғой...
- Мен саған таң каламын, Т ағанщик, - деді Захар. - Ойыңмен 
сөзің керемет-ак секілді, ал іс-әрекетің... нағыз маскүнемдікі. 
Сонда деймін-ау, ішпей коюға неужели ақылың жетпейді.
- Егер мен секілді адамдар арақты койса, онда біраз бастық- 
тар тағын тапсырып, жан сактай алмай қалар еді. Қазір, 
тамыр, жетесіздер жетіскен заман, олар біз секілді ішпейді, 
сауысканнан сақ,түлкідей айлалы, каскырдай корқау. Егер 
ОЛАР ішсе, акымактығы ашылып қалады, сондықтан да өзінен
53


гөрі ақылды эрі қауіпті басы істейтіндерді есебін тауып іштіріп 
жібереді. Мен СОЛАРДЫҢ құрбанымын.
- Да-а-а, - деді ойланғандай Захар. - Сөзіңнің жаны бар. 
Дегенмен, адам өз кемшілігін өзгеден көруі қате.
Көкбестіні ерттеп тұрған Ерік:
- Захар, өу, Захар, - деді дауыстап. - Бал жоспары қалай 
болып тұр. Орындай аласың ба?
- Әрең-әрең. Сенікі секілді асыл тұқымды араларым жоқ...
- Қант алдырған шығарсың... Қысқа дайындық бар ма?
- Қыста араның өз балын өзіне беремін-ау деймін.
- Нағыз болыиевик екенсің, қант жесе ішіне жақпай ма?
- Ара да адам ғой, өз еңбегін өзінен аяғым келмейді.
- Жөн-жөн, - деді Ерік. - Ендеше, бала-шағаңды да тек 
балмен асыра, ақшаны не қыласың.
- Ақша мен ақылдың артығы бар ма, коллега. Тек арам 
болмаса жарады ма...
Шай ішкен соң, жолға шықты: Ерік - атта, Таған - жаяу. 
Олардың артынан қарап қалған Марфа күйеуінің әдетіне салып, 
даусын соза: - Да-а-а-а, - деді,- Анау жігітке обал-ақ... кірпігі 
қандай үзын...
- ¥зы н кірпікті үлкен көз жасты болады дейді қазақтар, -
деді Захар. Содан соң қалай ғана есінде қалып қойғаны белгісіз, 
маскүнем жігіт - Тағанның «Неге біз осы...» деген сөзін өз- 
өзінен қайталаған.
Алдарындағы белеске шыққанда, аумақты жазық көрінді. 
Сол жазықты сары жұрттап тастаған қалың жылқы жан- 
жағынан бұлақ саулап шалшықтаған саздауды омыраулай 
кешіп, сонылап жайылады. Шұрқыраған жануарлардың да 
өз дүрдараздығы бар: оқта-текте кісінеп, шабысып қалған 
айғырлардың үні шығады. Әрқайсысы өз үйірін құлағын 
жымыра, басын жерге сала қайырарда, байқаусызда маңайлап 
қалған сәуріктердің сауырынан тістеп, жаралап, тырқырата 
қуып тастайды. Бүл - Жалпақсаз деп аталар жайлау, жылқылы 
ауыл ала жаздай осынау мыңғырған мал жайылса да, ырық 
бермес жаннаты жерді жайлап, совхоз орталығына саба-саба 
қымыз сауып жөнелтетін. Биіктен қарағанда анау Жалпақсаздың 
жағасына қадалған қос танадай екі киіз үй, оның алдында ойнап 
жүрген балалар, кермеде байлаулы түрған жылқышының аты, 
жерошақтың басында көк түтінді көлбей ұшырып, ас қамымен
54


күйбеңдеп жүрген ак жаулықты эйел. - бәр-бәрі көз куантып, 
көңіліңді қытықтар бояуы қанык эдемі сурет секілді еді. Мынау 
жалпақ жаһанда атом бомбасы бар-ау, жүлдызды соғыс деген 
жалмауыз пайда болыпты-ау деген сияқты миыңды күрт қылар 
мазасыз сүрактардан ада, ата-бабасының ерте-ерте ертедегі 
мэңгі бейбіт эрі берекелі де баянды кәсібінің қордасын үзбей, 
қорғап-қоршап отырған өркені өскір жылқышылар бейбіт өмір, 
тыныш өңірдің ендігі калған жалгыз жанашырындай кэперсіз 
тірліктің түтінін шығарады-ай. Бэлкім, біз - технократияның 
өкілдері, осынау жылқының жусағанындай мамыражай 
тіршіліктен тым-тым ертерек кол үзіп, албасты ажалымызға 
карай асығып бара жатқан шығармыз; бэлкім, осы бейбіт 
ғүмырдың бейкүнэ адамдарының обалына қаларымызды 
ойламайтын шыгармыз; бэлкім, адамдар да азамат соғысының 
аттарындай арбада ажал бүркіп, пулемет сүйреп келе жатқанын 
сезбей, мақсатты жорықтың жол ортасында қанға бөгіп, 
үрпақсыз-үрансыз қалар... Жер бетінде өткен соғыстан соң 
да жетіліп кеткен адамзат болашағы өздері байыбына бара 
қоймаған айқастың қүрбаны боларын аспансығандар сезе ме -
сезеді, бірақ олермендікпен өшігеді өмірге. Неге? Бүл сүрактың 
жауабын мал баккан қаймана ел бере алмақ емес. Сондықтан 
да аяйсың эрі осы бір эз жанында әмір жоқ бейнетқорлардың 
кәперсіз кэсібіне қызығасың. Ең бастысы - олар - қару 
жасамайды екен.
«НЕГЕ БІЗ ОСЫ?..»
Жылқылы ауылдан таудан қүлдилаған қос жолаушыға 
қарай үш бірдей ит оқтай зулаған. Саңқылдай үріп жандарына 
келді, бірі ат үстіндегі Ерікті аударып тастардай қатты 
өршеленеді, ал қалған екеуі Тағанды иіскелей еріп келеді. «Ит 
қаппайтын кісі болады деген, тегі, рас екен» деп ойлаған Ерік 
қүлақ етін жеп, алды-артын ораған аламойнаққа қамшы сілтеп 
еді, ит одан ары жінікті. Осы кезде жаяу салпақтаған Таған: 
«Қой енді!» - деп еді, жағы семді. Енді ол үш иттің қоршауында 
ежелгі таныстарындай тайраңдай басып келе жатты. Үйлеріне 
өре шыға, осы көріністі бақылап түрған жүрт қайран қалып еді. 
Әсіресе, балалар мэз.
- Тамақ берген шығар, - деді бірі.
- Кет эрі, біздің ит ешқашан тамаққа алданбайды, — деді 
екіншісі.
55


- Дуалайтыны бар шығар, - деді үшіншісі.
- Атама да ит үрмейді, - деді төртіншісі.
- Ондайлар үры болады, - деді бесіншісі:
- Сонда... атам үры ма? - деді алтыншысы.
- Атамды білмеймін, ал анау келе жатқан - үры, - деді 
жетіншісі.Қалғанүшбалаэңгімегеараласақойғанжоқ,албесікте 
жаткан жэне тәй-тәй басып жүрген сәбилерді қоспағандағы он 
екі бала да Жалпақсазда отырған жылқышының кіндігінен еді. 
Байлық басы бала дейтініміз - осы шығар-ау...
«НЕГЕ БІЗ ОСЫ?..»
Таудан төмен карай домалаңдап келе жаткан адамның үры да, 
кары да емес, әншейін диуанаға айналып кеткен маскүнем 
Таған екенін жас балаларды қойып, жылқышылардың өздері 
қайдан білсін. Үш итті бірдей еркелете соңынан ертіп, киіз 
үйдің іргесіне тақалғанда, коп баланың бірі: «Ой, мынау 
қайыршы ғой!», - деп дауыстап жіберген. Бүл сөз эбден 
шаршаган Таганның болар-болмас қана істеп түрған миына 
шаншудай қадалды, қапелімде селк ете түскені соншалық, бір 
орнында қатты да қалды. Жо-жок, алаңғасар баланың аузынан 
асығыс шыққан созді намыс көргенінен емес, қаншалықты 
қажып, тілім-тілімі шығып тентіреп жүргенде де, ешқашан, 
ешкімнен естімеген соң тосылғаны, я жасығанынан да емес 
шығар; бүл сөзді сонау бір «гүлдену шағым» деп есептейтін 
үйлі-баранды мэре-сэре кезеңінде, әйелі ғайбаттаған сэтте, 
шапалақпен тартып жіберіп, «ой, қайыршының» қарымтасын 
кайтарғаны есіне түскеннен-ау. Тентек үлды экесі үйге қуып 
тықты да, баласы үшін кешірім өтінгендей, қос қолын үсынып 
қауқалақтай амандасты. Жылқышының жылы-жылы сөзі, 
ықыласқа толы дидарласуы Тағанға әсер етпеді білем, өз 
қолын суықтау үсынды да, әлгіндегі бір он жылдан соң кең 
жайлаудың төсінде алдынан шыккан созді үмыта алмай, дел-сал 
күй кешкен. Ол үзақ үйықтап қалып, қатты айқайдан шошып 
оянғандай әсерде еді, баяғыда оқыстан орнынан қозғалып 
кетіп, енді орнына қайта түскен санасы, мүның алдына өмір 
сүрудің көп сүрақтарын көлденең тартқандай, шақшадай басы 
шарадай бола бастағаны рас еді. Үйге кіріп, сол жақ босаға 
жақтағы ердің үстіне отыра кеткенде де, үй иесі алдына қымыз 
үсынып бәйек болғанда да, «қайыршыдан» қашып қүтыла 
алмады. Бүл адамдық ар-үяттың оянғаны болса - ақсарбас, ал
56


ескі жараның орны сыздап кана басылса... онда акылынан азған 
жігітпен мүлдем коштасканымыз. Оны өмір көрсетер, эзірше 
кымыз іше түралык. Ак баласын көрсе жүрегі айнып түрар 
Таған пісуі жеткен салкын кымыздың бір тостағанын жүтып 
жіберіп, жеңін иіскеді. «Ауру калса да әдет калмайды» деген, 
отырғандар, эсіресе, Ерік басын шайкап мырс-мырс күлді, тек 
жылкышы ғана козінің киығымен карап сыр берген жок.
- Бүл жігітті танымадык кой, - деді тостағанға кымыз 
толтырып.
- Жолдасым, - деді Ерік аркасын керегеге тірей шіреніп.
- Ауылдың ыстығында каңсып жүргенше, жайлауға шығып, 
аунап-кунап дем алып кайт деп, ертіп келемін.
- Ертіп жүргенше, мінгесіп жүргендерің жолдастыкка 
жараспаушы ма еді?..
- Өзі ғой, аяғым ұйыды, канын таркатам деп жаяу жүрген. 
Бүлар үшін тауға шыгу - культпоход, таска өрмелеймін деп 
арқан сұрауы да мүмкін.
Таған үнсіз. Өз қолына таянып бір шынтақтай жаткан 
күйі көзін жүмды. Үй иесі «жолдастардың» арасыңдағы жігі 
ашылып кеткен бір жайсыздыкты іші сезді ме, әңгімені эрі 
карай каузамады. Сәл тыныштык орнады. Даладан балалардың 
асыр салып ойнағаны естіледі. Киіз үйдің есігі айкара ашык 
еді, сол айкара ашык есіктен Жалпаксазда шүркыраған үйір- 
үйір жылкылар шыбынсыз жайлаудың жүмағында жүзгендей 
бейбіт жайылады; саздаудың арғы жағалауында сарала каз 
көлбеңдейді. Осынау апшысы куырылған монтанактай жер 
шарының элі де болса кеуде кере кең тыныстар, алаңсыз аяк 
көсілер көрікті бір пүшпағы аман сакталғанына тэубе айтар 
едің. Бірак көзіңді кытыктар мұндай макпал көрініс барған 
сайын базары таркап, келмеске кетіп бара жатқанын осы 
отырғандар ойлаған емес. Лапылдап жанған өрт өз ауылының, 
өз ошағының шетіне келіп етегі жанғанша кәперсіз, айрандай 
аптапкүбідей пісіп отыра берер қазакы мінезден қашан кұтыла 
алар; жүздеген жыл қанына тарап, сүйегіне сіңіп кеткен 
бейғамдық, даласындай кеңдік кесірін де аз тигізген жоқ; 
неге екені белгісіз, оздері сыйыспай жүрсе де өзгелерге сый 
корсетуге, жер бөліп, жеңін кесіп беруге келгенде алдына 
жан салмайтын елдің көп еншісі жатжүрттық болып кеткен. 
Қалғанының қайырымын, береке-бірлігін тілеген ағайынның
57


алдында төрт түлік малы маңғыстап жатса, одан артық бақыт 
сүрамаушы еді. Кейінгі жылдары одан да айырылып, бірыңғай 
тірлікке - тусыған жерді туырлықтай тілуге көшкен. Ойдағы 
үлтарақтай қүйқалы жердің жонаркасын жыртып тастап егін 
салмақ болып еді, әпербақан «тыңгерлердің» бүл әрекетінен 
түк шыкпады. Арқаның апай төс даласы болса бірсәрі, қысы 
мен жазын айырып болмас Алтайдың алақандай алаңқайы 
игеруге көнбей шамданып қалды ма, әлгі жыртылған жердің 
бэріне алаботамен кендір өсіп, күзде қурайға айналып, үп етіп 
жел соқса болды, сай-сүйегіңді сырқыратар азалы үн шығарар 
еді; жарықтық өр Алтайдың арқасы мыңғырған малдың түяғын 
сағынып, қышуын басар дүбірді аңсап іштен тынар еді, ішін 
тартып өксір еді.
Жолаушылардың екеуі де қалғып кеткен секілді. Жылқышы 
орнынан түрып, бие сауысуға шықты. Ересек үлы саздағы 
жылқыларды қиқаулай қайырып жүр, енесіне қосақталған 
қүлындар айдағанға көнгісі келмегендей тартыншақ тартады. 
Қолын артына үстап желі басында түрған жылқышы үлына:
-
Қатты айдама, биелерді исіндіресің, - деп айғай салды. 
Осы айғайдан атып түрған Таған ербиіп есік алдына шықты. 
Аспан ойылып жерге түсіп кетпегеніне көзі жеткендей «уһ» 
деп, өз-өзінен ауыр дем алып ыңыршаққа қүйрық тіреп керегеге 
арқасын сүйей отыра кеткен: анау танаулары пырылдап, керме 
желі басына жосыла жөңкілген жылкыларды алғаш та ақырғы 
рет коргендей көзін тайдырмай үзақ карады. Өзіне беттей 
қаптап келе жатқан қалың хайуан тапап өтердей... «ШІРКІН- 
АЙ, АТТАН ҚҰЛАП ӨЛСЕМ НЕ АРМАН» деген ой иектеді; 
«ШІРКІН-АЙ, АЙҒЫРҒА АЙНАЛЫП КЕТСЕМШІ» деген 
тағы бір ой жылтылдады. «Енді мен ешқашан да айғыр бола 
алмаспын, қан сиіп зорыққан атпын мен, иә-иә, арқасынан ер 
түспейтін, жауыры өмір бақи жазылмайтын жүмыс көлігімін. 
Өмірде жүмыс көліктері көп-ақ, бірақ солардың ішінде де 
сорлылары бар». Тамағы кеберсіп, асқазаны ашқылтым 
бірдеме іздеді. «Жылқышылар сыра ашытпайды, ол - белгілі, 
алқымыз, таңдайдағы жабысқақ шөлді баспай түр. Не істеу 
керек? Кенезем кеуіп түрғаны-ай... Шөлім басылмай-ақ өтетін 
шығармын-ау бүл жалғаннан».
Киіз үйдің іргесінде иі қанбаған терідей былбырап отырған 
Таған жылқылы ауылдың жайма-шуақ тірлігіне қүр бекер
58


бажырайып қарағаны болмаса, көңілі селт еткен жок, дүниенің 
толайым қызығынан жерігендей жиіркенішпен немкеттілеу 
ойда еді. Кең әлемнің осыншалык тарылып, жалғыз жүтым 
шарапқа зар кылып қоюын кешірмейді жэне өзінің казіргі халін 
түсінбейтіндерге аяушылығы да жоқ; бір үрттам арақ үшін 
танкіден де тайсалмай барар еді, несі бар, ¥лы Отан соғысында 
солдаттар да сөйткен... Қызып алып қызылшеке үрыс ашканнан 
артык не бар бүл жалғанда; Сырдың суы сирағынан келер ме 
еді... Кермеде оз салмағын бір аяғынан ауыстырып, келесі 
аяғына салып түрған көкбестіге карады мөлиіп. Көкбестіге 
емес-ау, аттың артында бөктерілген тері коржынғатесілген. Сол 
қоржынның ішінде сөз жоқ, арақ бар. Амал не, «қауіпті зона», 
рүксатсыз алуға дәрмен жок. Еріктен сүрап көрсе қайтер еді... 
Тағанның жымсыма ойын оқып койғандай үйден Ерік шыкты. 
Әуелі есіней керілді, содан соң кос тізесін қапсыра күшақтап 
бүкшиіп отырған Тағанға: - Аттанайык, Қарабура, - деді.
- Анауыңнан бір жүтқызбасаң, қозғалатын шамам жоқ,
- деді міз бақпай.
- Нешауа, шыдай түр, үйге барған соң бір астау сыра қүйып 
беремін, беті-қолыңды жусаң да жетеді.
- Сол молшылыққа түмсығым тигенше өліп калармын.
- Өлсең жайлаудың топырағы жүмсақ, таза жерге көмеміз.
- Өзіңнің осы жаққа үйірсектеп жүргенің содан екен ғой... 
Сауын аяқталып, қарына ағаш шелек ілген эйел мен қолында 
ноқтасы бар жылқышы бүларға қарай беттеді. Итаяқ жастанып 
жатқан үш ит бірдей «ау-у-у» деп, басын басып кеткендей 
атып түрды да, оң жақтағы таз шоқыға қарай атыла жөнелді. 
Қыбырлаған жанүяның бэрі солай қарады. Күнгейі тақыр 
таудан төмен жалғыз салт атты шокытып келеді. Оның да 
соңына ерткен тазы иті бар. «Ой, қазір иттер таласады-ау» деп, 
қанды шайқас көруге қүмартқан Ерік елегізіп қалып еді, ол үміті 
ақталмады, өзіне арсылдай үмтылған үшеуіне салт аттының, 
жалғыз тазысы «пішту» деп караған да жоқ, менсінбеген 
калпы бүлкегінен жаңылмай иесіне ере берді. Аналар асығыс 
іс жасағанына үялғандай бет алды лағып кетті.
Аңшының иті біздің Тағанға үқсайды екен. Қарашы, қалай- 
калай жасқанбай жортады.
- Бүл тауып айтқаның емес, - деді орнынан көтерем сиыр- 
дай созалаңдап тұрған Таған кіржиіп. — Қауып айтқандық.
59


- Бабыңды бір саптыаяк сырамен-ак табармын, шешенім.
- Сол күнге жетсек...
Орта жастан асып кеткен, сакал-мұрты ақшулан жолаушы 
аттан түсіп, жағалай қол беріп амандасып шыкты. Кезек Ерікке 
келгенде:
- Ә, сен бе едің, тау миллионері, - деп кекетті. Омарташы 
шамданған жоқ. Жайдары қалпын бүзбастан:
- Қалай, ақсақал, бомбаубежищенің құрылысы аяқталды 
ма? - деді, темекісін тұтатып:
- Оның ішінде саған орын жоқ, дәметпей-ақ қой.
- Керек болса, өзім де қазып аламын жэне сенікінен гөрі 
қауіпсіз...
- Өзің сыйсаң да ақшаң сыймас.
- Сенің сандығыңа ұрлыққа түскен жоқ едім ғой.
Бұл екеуінің арасындағы шәлкем-шалысты бұрыннан 
білетін жылқышы кермалдастыра бермей, пэтуасыз создің 
түбіне тезірек су кұйғысы келген сыңаймен: - Бала-шағаң 
аман-есен бе?.. Жүріңіздер, үйге кіріп қымыз ішейік, - деді 
ергенегі шалқалай ашылған есікті нүсқап.
- Осы фронтовиктерге таң қаламын, - деді элі эптігі басыл- 
маған Ерік. - Жастарға сүйкенбесе, оқ атқандарын бұлда- 
маса, ішкен астары батпайтын секілді.
- Сен секілді кергіген кесірлерді коргенде, жауды жеңгеніме 
өкінем... Жайлауда жүрген жалғызы мынандай, қаладағы қа- 
ғынгандары қандай екен, тэубе... - Етігінің қонышын қам- 
шысымен салып қалды. Енді бір сөз айтса, қолындағы қамшы- 
сымен Ерікті кақ шекеден осып өтетіндей долданып айтты.
- Майдангерлердің бэрі бірдей батыр емесі секілді, біздің 
де ішімізде ала-құламыз бар, ағасы,- деді зымиян жымиыспен.
- Баска жерді қайдам, ауылымыздагы екі ардагердің бірі -
молда, екіншісі, есі ауысып тышқаншылап кетті...
- Тышқан терісіне сен құнықпай жүрген шығарсың. Суырға 
қүрган он қақпанымды қапка салып, қақшып кеткеніңді екі 
дүниеде де кешпеймін.
- Осы сендерге не жетпейді? - деді жылқышы қабағын 
түйе кыржиып.- Алтайға сыймай жүрсіңдер ме? Аңшы ағаның 
жөні бір басқа, саған не жорық, ей, Ерік... Әкеңдей адаммен 
айтысып.
- Сақалдан қадір қашқалы қа-а-ш-ан?! - деді Ерік мырс 
етіп.
60


- Байкаймын, осы екеуі де көмусіз қалады, - деген сөзге 
жалт карасып еді, бұл «ұлағатты» ойдың иесі - жағасы 
жайлауда, алқам-салқам меңірейіп тұрған Таған екен.
- Былжырапсың, үшеуіміз де... Әйда, кеттік! - деді Ерік 
атына беттей. - Алтай аман болса, бұл кыркылжың шалмен 
талай кездесерміз.
- Пәшес ала алмаған жанды сен алсаң, тостым артын. 
Тұрысатын жеріңді айт, кімнің мерген екенін сонда сынармыз... 
жастығымды ала жығылатын кауқар элі де бар, шырақ.
- Таусылмаңыз, ақсақал, жоктан өзгеге шаршамаңыз, 
жүріңіз, кымыз ішейік. Жан торсығыңызды ұмыткан жоксыз 
ба? Балаларға кымыз кұйып берейік.- Жылкышы Аңшының 
колтығынан демей киіз үйге қарай ыңғайлады.
Омарташы жігіт көкбестіге қарғып мінді де, сау желе 
жөнелді. Осы салпақтаған жүріске кешелі бері үйреніп қалған 
Таған да иесіне адал иттей артына жалтақ-жалтақ қарап 
сүмеңдеп еді. Табалдырықтан аттай беріп жалт бұрылған аңшы 
шал:
- Анау қасындағысы кім? Тазыны адамнан ұстайтын болған 
ба... Шығады одан, шығады... - деді зығырданы қайнап.
-Бірге оқыған жолдасы-ау деймін, қазып сұраған жоқпыз.
- Неге екенін білмеймін, осыны көрсем, көз алдыма пәшес 
елестейді.
Киіз үйден толқыта піскен сабаның күрпілі естіліп, сау- 
малдың иісі мүрныңды жарады. Жалпақсазға қайтадан мел- 
деген жылқылар элемнің әлегін түсінбейтін мақүлық тірлігіне 
мэз қалыпта бейкам оттайды.Аттылы-жаяулы қос жолаушы 
шыршалардан көкке найза шаншыған сайға түсіп көрінбей 
кетті.
4
Тал түс шалқар түске ойысып, екі тәуліктен бері төбеден 
төңкеріле қараған күннің шуағына масайраган тау табиғаты 
таңғажайып куанышпен жарқырай жайнап, қуана құлпырып 
тұр еді. Өмір нұрын сепкен айналайын күннің «ата-анадай» 
елжіреуі, әсіресе, ара атты бейнетқор «халықтың» асығын 
алшысынан түсірген-ді. Серейіп катып қалғанынша қанаты 
талмай, мэңгілік тынымсыздықпен болар АРАЛАР мұқым 
Қатын суы өңірін кұлак тұндыра ызыңға бөлеп, жиын-терін
61


шаруашылығының көп дауысты хорын шырқап, эр гүлдің 
басына түмсығын тығып, батпанқүйрық байлықты үясына 
тасып тауыса алмай жүр. Өз ғүмырында ұйықгауды білмейтін, 
«бел жазып» дем алуды білмейтін шыбын руынан шыққан 
осынау қүйтақандай гана АРАНЫҢ сана-сезімі, түйсігі- 
түсінігі болмаса да, табиғат жаратқан, біздер үшін беймәлім 
әрекеті әрқашанда адамдар ақыл-ойынан асып кетер еді; өмір 
сүру, үрпақ қалдыру ұранына, «конструкциясына» қылау 
түсірмей, өңдеп-өзгертпей, қатып қалған заңын бүзақыланып 
бұзбай, ғасырдан-ғасырға ұластыруы қайран қалдырар еді; 
ата-бабасынан бермен қимыл-эрекет, «ой-сана, салт-дэстүрін» 
бір жұп-жалғыз арнаға түсіріп алған АРАЛАР мемлекетінен 
адамдардың үйренері ұлан-ғайыр еді; бірақ болмыстың ең бір 
есті де естияр өкілі ЕКІ АЯҚТЫЛАР сүйегіне сіңіп қалған 
менмендігі басып, үлгі-өнеге, тэлім-тэрбие алғанды койып, ара 
жазғандардың аузындағысын жырып жер еді; тірнектеп жинаған 
шырынды шыр қалдырмай өздерінің қажетіне жаратып, ал ол 
араға қант беріп қан қақсататын; ал қант жеген бейшаралардың 
тұқымы барған сайын кетеуі кете, азып-тозып барады-ай; ең 
ғажабы - араның араны еңбексіз табылған табыска ашылған 
соң, бұрынғыдай емес еріншек тартып, үй айналасындағы 
қоқыстан қоректенуге үйреніп алар еді; қазақтың «қолдан жем 
жеген ісүс алысқа үшпайды» деуінде терең пэлсапа жатыр-ау, 
өздері берген қантты өздеріне қайтадан саңғытып беріп, бал 
емес эп-сэтте қоймалжың тартып, көпке бармай беріш болып 
қатып қалар езілген қант жеген кісілерге миығынан «күліп» 
қарар еді; элемдегі эрі ақылды, эрі аңқау адамзаттың жан- 
жануар, құрт-қүмырсқаға жасаған аярлығы күндердің күні 
болғанда қайта айналып өздерін табарын парықтамайтын 
жэне жер жаһандағы барлық тіршілік иелерінің ішінде тек 
АДАМЗАТ кана алданып отырғанын пайымдаған емес; 
сондықтан да «ара жасаған қоғамдық өмірдің деңгейіне жету 
үшін, адам баласының алдында элі де тым үзақ жол жатыр» 
деп баға берген Метерлинктің сөзіне иланбасқа шарасы жоқ.
Қатын суы айлағына орналасқан Еріктің омартасына да 
АРАЛАР мемлекеті өздерінің антикалық заңымен ғұмыр 
кешуде. Мемлекеттің ішкі құрылысына, еңбек бөлісіне өзгеріс 
кірмеген, тек ұяның сыртқы түрі ғана ңивилизаңияланған, 
демек, бүрынғыдай шіріген ағаштың ішіне мекендемей,
62


тақтайдан киып жасаған ұя-үйшіктерде орналасқан. Сол 
үя-үйшіктің танадай ғана тесігі аркылы сырткы дүниемен 
байланыс жасайды. Бағзыдан бергі қоғамдық қүрылыстың 
интуициялык ережелері сол калпында калса да, жалпы ара 
психологиясындағы ерекшеліктердің ептеп өзгере бастағанын 
аңғаруға болушы еді. Айталық, анау таудың арғы бетіндегі 
Захар бағымындағы аралардан гөрі Еріктің аралары екі-үш 
жылдан бері жалкау тартқан секілді, бүрынғыдай кең өріс іздеп 
алысқа самғамай, көбінесе үй маңайын айналсоқтап, беті ашық 
қалған тамақ, көзге шалынар даяр тәттілерді торуылдайтын 
әдет тапты. Кеше осындай оңайға әуес араның бірі дастаркан 
үстіндегі балға малтығып қалғанына куэ болғанбыз. Осынау 
үйкүшік қылық колденең көзге байқалмаганымен, тэжіри- 
белі омарташыға ой салмай қоя алмас. Бірақ тек қана сан 
қуған, көлем көздеген Ерік оз омартасындағы қанаттылардың 
тектілігі, еңбекқорлығы жоғалып, қабілет-мүмкіндіктері күн 
өткен сайын кеміп бара жатқанын бағамдайтын. Жалғыз- 
ақ секундта, яғни қас-қағымда қанатын үш жүз рет қағып 
үлгеретін қағылез жэндіктің қоғамдық болмысындағы алғы 
шарт жұмыскерлік десек, осы бір үлы қасиетінен айырудың 
аз-ақ алдында түрмыз. Адамзат оз жаратылысында, алғашқы 
қауымдық қүрылыста дейінші, бүгінгі ғылыми-техникалық 
замандағыдан элдекайда коп еңбек етіп, күш жүмсайтын, тек 
кейін еңбекті жеңілдетеміз деген сылтаумен эр түрлі қүрал- 
жабдық, айла-тәсілдер ойлап тауып, еңбекқорлық қабілетін 
жоғалта бастады. Тіпті ең қарапайым қажеттілік - тамақ істеп 
ішудің өзін автоматтандырдық... Қазір біз неғүрлым түяқ 
серпіп қимылдамай-ақ, шалқамыздан түсіп жатып шалқар 
байлыққа кенелтер қүрал жасалған сайын жанымыз жарылқана 
түседі. «Көрші үйдегі әжейді шайға шақырып келші» деп, өз 
балаңызды жүмсаңызшы «Телефон соға салмаймысың» деп, 
өзіңді жазғырар. Ал сол бала әжейдің үйіне бару жолында жэне 
әжейдің үйінде қаншама өзі білмес тосын оқиғалармен танысар 
еді. Қазір біз қайнаған өмірді шай ішіп отырып-ақ телевизордан 
көре аламыз. Тэңірім-ау, телевизорлық өмір - өмір емес қой. 
Жүргізушінің сөзін естіп, сене алмай, озің барып араласып, 
көзбен көргенге, қүлағыңмен естігенге, денеңмен сезінгенге 
не жетер. Қазір-ақ біз жатыпішер жалқаулықтың бүрынғы- 
соңғы болып көрмеген жаңа дэуірін кешудеміз. Өзіміз ойлап
63


тапқан жеңілдіктер бойкүйездіктің бесігінде элдилеген сайын 
маужырап, бойымыз балқып, апиын ішіп алжасқандай, дел-сал, 
үйқылы-ояу хал меңдеп барады-ау. Рас, миымыз жүмыс істейді, 
біл іміміз мүхиттай, бірақ бүкіл ағзамыз қимылсыз, қозғалыссыз, 
түйық су секілді борсып, бірте-бірте өле бастамағанына кім 
кепіл. Біз таңертең ерте түрып, қайшыласқан машинамен 
жағаласа тыртыңдап жүгірер бірер шақырымдық ит бүлкегіміз 
арқылы, адамзат деген алыптың тау қопарып, тас бүзар алапат 
күшін сақтап қала аламыз ба? Жо-жоқ, адамзатты жұмакка 
жеткізер ақыл-ойы ғана емес, төрт аяқтап хайуандармен бірге 
жайылып жүрген жерінен алып шығып, сананың сандал көгіне 
мінгізген қара күші де... Неге біз қол еңбегінен қашқанда, сол 
қол еңбегі - мүқым еңбек атаулының анасы екенін үмытып, 
күрек пен кетпенді, балта мен балғаны музейге қоюға асығамыз. 
Бэлкім, қой үстінде бозторғай жүмыртқалаған тыныш өмір, 
бейбіт ғүмырдың бойтүмары сол қарапайым еңбек қүралдары 
шығар. Еңсені езер еңбек лэззатынан, қол-аяғың салдырап 
шаршап келіп етігіңді шешуге де шамаң келмей үйықтаудан 
рақат не бар бүл жалғанда. Бэлкім, адам факторы - ең бір 
әлсіреген, техникаға иек сүйеп, еріншек тартқан... Бэлкім, дэл 
қазірге «Асқан ақылдылықпен» миымызды шағып жасаған, 
адам баласын жаппай қыратын қару-жарақты ертерек ойлап 
тапқанда, жер бетіндегі тіршілік атаулы сахараға айналып кетер 
ме еді. Бэлкім, миллиардтаған жылдар бойы ғармониялық 
шынжыр тізбегін сактап, бір-бірімен селбескен табигат 
иеміздің көлденеңнен қосылған артық бөлшегіндей АДАМ 
сол біте қайнасқан тізбекті бытырлатып үзуге жасар әрекетін 
токтату элі де кеш емес шыгар...
Аралар қоғамының манифесінде эркімнің қабілетіне қарай, 
эркімнің еңбегіне карай, еңбек етпеген ішіп-жемейді деген 
тарау жоқ-ты. Олар жүмыс істемеғен үяластарының белінен 
екіге бөліп тастайды, тіпті шағылыс үшін ғана қажет еркек 
араның өзін суық түсе үясынан тепкілеп шығарып, еңбексіз 
табылған олжаға ортақтастырмас еді. Әрине, бүл қатал заң, 
бірақ аса қажетті заң эрі ғасырлар бойы өзін-өзі ақтаған заң. 
Алайда, оларда биліктің барлығын омарташыға беріп, солардың 
құлаккесті қүлына айналғанын ұғар зерде жок еді; алайда 
дүниенің кілтін өз қолына алған адамзат төбесінен бақылап, 
басқарып тұрған бір тылсым күш барын сезбей жүр ме екен... 
мүмкін, мүмкін емес нәрсе жоқ.
64


Жер жер болып жаралған күнді ещкім білмек емес, демек, 
тіпті адамзат өзінің кашан жэне калай жаратылғанын тек 
топшылап айтканы болмаса, анык-канығына жете алмады. 
Бірак адамзаттың, үлы да үятты қателіғі жалғыз бүл ғана емес, 
емес... Атыңнан айналайын АДАМНЫҢ ең сүмдық қатесі сол
- ол, асығыс аттағаны соншама, кайда бара жатқанын жэне жер 
бетінен кашан жойылып кетерін білмеуі еді...
Күн бүгін де ашық болды. Қанаттары қайырылып, тірші- 
ліктен айырылғанша мэңгілік қозғалысын толастатпайтын 
аралар ғарасат майданын кешуде. Ашык күннің эр сәтін, тіпті 
адамзаттың өзінен де артық пайдаланып қалғысы келгендей, 
омартадан үзап үшып, шырын сорып, нэр тартып ертеден 
қара кешке дейін дамыл таппайды-ай. Әсіресе, осы өңірге екі 
жылдан бері қоныстанған «қауіпті будан», яғни ғылыми тілде 
«жауыз ара» деп аталар араның жаңа тұкымы алапат еңбеккор 
еді. Жұмысын жергілікті шыбындардан гөрі тым ерте бастайды 
да, күн батқан соң да, екі сағат нэр таситын. Араның осы бір 
бұл елде жок түрін алғаш рет вертолетші жігіттен естігенде, 
Ерік жанын коярға жер таппай аса қызыққан жэне «не алсаң да 
маған тауып бер» деп, үшқыш жолдасына қолқа салған. «Наука 
и жизнь» журналынан «Қауіпті гибрид» деген макаланы оқып 
шыккан соң, аңсары одан ары ауып, қалай да колға түсірудін 
жолын іздеді. Ал бүл араның қысқаша өмірбаяны былай еді: 
1956 жылы генетик-селекңионер У. Керр африкалық бал 
арасын алып келеді де, жергілікті тұқыммен будандастырады. 
Африканың аралары шапшаң эрі алысқа ұшады, анасы 
балалағыш. Буданнан пайда болған африкаландырылған араның 
сырткы пішінінде пәлендей айырмашылык болмағанымен, 
еңбекқор жэне кауіп төнсе, тобымен шабуыл жасайтын өте 
агрессивті болып қалыптасқан. «Жауыз ара» атануы да содан. 
Айталық, осы Африка мен Европа арасының арасынан пайда 
болған буданның шағуынан 1969 жылы Бразилияда 200 адам 
өліп, мыңдаған адам жарақат алған. Кісілер үшін жергілікті, 
яғни оз арамыздан гөрі африкаландырылғандардың уы 
элдеқайда қауіпті. Тез ройлап, тым алысқа үша беретіндіктен, 
европалық аралармен шағылысып үлгерген. Табиғат құпиясы 
кызык қой, неге екені белгісіз, жергілікті араның Аналары 
осы «жауыз араның» еркегімен шағылысуға тым құмар. 
Сондыктан да өз арамыздың кейінгі балаларының мінез-құлқы
65


өзгеріп, африкалана бастаған. Мұның өзі байқап, салыстыра 
зерделегенде, адамдардың бойындағы шет елге деген қызығу- 
шылық психологиясын еске салушы еді. Африкаланған жаңа 
тұқымды шыбын-шіркейді қойып, адамдарымыздың арасын- 
да да ондайлардың барын көзіміз көріп жүр...
Міне, осы «жауыз араны» шет елге үшатын самолетте 
істейтін әріптестері арқылы жең үшынан жалғасып әкеліп 
бергенде, Ерік бөркін аспанға атып, вертолетші Прохор Алек- 
сандровичтің бетінің сау-тамтығын қалдырмай сүйіп еді-ау. 
Мүхиттың арғы бетінен даңғарадай магнитофон алып өтетін 
пысык жігіттерге сіріңкенің қорабына салған шыбын бүйым 
ғүрлы ма екен. Апталык алыс жол, мыңдаған шақырымдық 
қашықтықты аттап өтіп Алтайға қоныс аударған «қауіпті 
гибрид» бүгінде қаулап осіп, жеке бір үяны мекендеген. 
Тегінде, тентек жаратылған жэндік мүндағы тіршілігін шап- 
шаң күрап, тез дамытты. Алтайлық жеңілтектеу ана аралардың 
біразы шағылысып та үлғерді. Енді, міне, кейбір үялардан 
африкаландырылған араның сойқан үрпақтары бас көтере 
бастады. Сөйтіп, Алтай - Америка - Африка түқымдас жаңа, 
мүлдемтаңсық, мінез-кұлқын, ата-тегін ешбір омарташы 
ажыратып та, үғып та болмайтын «жастар» жаратылды.
Өз бағымындағы аралар ішінде жүріп жатқан жұмбақты 
проңестен Айна хабарсыз-тын. Жаңа түқымды «импорт» 
араның ұясын ғана біледі, онда да Ерік көп жолатпайтын, балын 
өзі ғана ағызып алатын. Тіпті осы бір шет елдік шыбынмен 
көп әуестенуге зауқы да соқпайтын. Күн бата өз аралары 
жым-жырт қалғанда, қас қарайғанша, зу-зу ұшып, тыным 
таппайтын мазасыздығына қайран қалар еді. Осы бір жайды 
енесіне айтқанда, енесі Нүрке кемпір: «Жатжұрттык ешқашан 
жарытқан да, жерсінген де емес, бүгін балын берсе, ертең уын 
ұсынады. Түбі тыныш болғай», - деп ауыр күрсініп еді.
Түстен кейін қолы қалт еткенде, қаз-қатар орналасқан 
үяларды қарап, кейбірінің қақпағын ашып, балдың қорын 
тексеріп келе жатқан Айна «жауыз араның» үйінен айналып 
өтті. Сырттай қарағанда ешбір бөтендігі жоқ будандар да 
көздей тесіктен бірі кіріп, бірі шығып дамыл таппай жүр. 
Моп-момақан бірақ оз-озіңнен сескенесің. Алтай тауының 
аюы мен қасқырынан шайлықпаған келіншек анау арпалысқан 
бөтендерден расында да жүрексінер еді. Арадай анталап
66


шығып, алар деген кауіптен туған _ жүрексіну емес, басқа- 
баска, өзі де байыбына барып бағамына жетпеген беймэлім 
корқыныш меңдей беретін. Бэлкім, бүл шыбын мен шыбын 
жаны арасындағы ешкімге білінбес, білінбегендіктен де 
жаныңды жегідей жейтін мәңгілік шайкас шығар-ау...
Екі-үш күннен бері үйген шөмеленің саны көбейіп, 
алыстан карағанда тау арасына орналаскан ағаш үйді каумалап 
коршаған шөп кос секілді. Немесе анасын жағаттаған каздың 
балапандарына үксастығынан ба, көзге көркем коріністенеді. 
Ендігі жүмыс осы шүпірлеген балапан шөмелерді атпен кораға 
тасымалдап, маялап үю болатын. Онда да жалпайтпай, су өтіп 
шіріместей ғып, үшкірлеп төбесін шығара, нығыздап таптап 
жинау керек. Оған жалғыз Айнаның шамасы жетпейтін еді. 
Шабылған жердің дестесін түгелдей жинап біткен келіншектің 
көңілінде алаң бар. Жылда ары дегенде бір жарым тәуліктен 
аспай кайтып оралатын Еріктің, кас қылғанда, дэл күн ашықта 
осыншалықты кешігуі ептеп елеңдеткен эрі калып бара жатқан 
шаруаның қамы қинап қарадай қамыккан, суыртпақ жолға 
карай-карай көз талдырған. Егер Ерік ертең де кешіксе, кер 
биеге камыт салып, амал жоқ, жалғыз өзі тасуға бел буған- 
ды. Түс ауа жүмыссыз калғандай, омартаның ішін аралап, 
үсақ-түйек істің басын қайырып жүргені де содан еді. Биенің 
сауымы келіп, ағаш күбіні білегіне іліп түрып та орманның 
ішінен суыртпақталар жалғыз аяқ сүрлеуге қарағыштады-ай.
Бүл ой мен жонды жалғап жатар соқпақтың, кісі аяғы көп 
таптамағандықтан, қайта-қайта шалғын басып қалар нобайы, 
тек Тихой өзеншесінен өтер өткел түсы ғана ақтаңдақтанып 
анық көрінетін. Қалың жынысты орманның ішінен қылт етіп 
шыққан жолаушы лық етіп осы өткелге түскенде ғана, анық 
ажары танылып, омарта орналасқан жазаңға лекіте аяңдап шыға 
келетін. Енді, міне, сол өткел үшінші күн жым-жырт жатыр. Осы 
жым-жырттық еді Айнаның жанын жалғыздықтың аралына 
апарып тастайтын, содан соң қыл бүрау салғандай қинайтын, 
жазықсыз жапа шектіретін.... дені сау, төрт қүбыласы тең пенде 
шіркін үшін бүдан артық азап бар ма, бұдан артық тозақ бар ма, 
тэңірім! Жоқ еді, жок еді... аурудың ең бір асқынған түрі де осы
- жалғыздык атты жалмауыз...
Айна дэл бүгінгідей көңілі азынап жалғызсырап та, санамен 
сарғайып сансырап та көрген жоқ. Неге екенін білмейді, биелер-
67


ді сауып болған соң, алғаш рет оз үйіне өзі кіргісі келмей, жок- 
тан өзгені сылтауратып сыртта жүріп алды. Ертеңді кара кеш 
ермек етер енесінің эңгімесі де жалықтырғандай ма. Жо-жоқ, 
ол ондай күнэлі ойға барған жоқ, тек, әншейін, жалғыздықтан 
жерінген сайын оңаша күйді аңсайтын дел-сал халдің илеуіне 
коніп, ырқына бағынуы шығар. Тағы да Қатын суының жаға- 
сындағы өзінің меншікті мекеніне барды. Ендігі қалған дэтке 
куат, жанга суат осы - арқыраған асау өзен ғана. Берекесі жок 
бей-берекет дүниеде бір нэрседен зэрезеп болмаса, осы Қатын 
суы аталар өзен еді. Кейде-кейде өз көңіліне, өз өміріне үқсас- 
тық тауып, не себептен «Қатын суы» аталуы тарихын білгісі 
келетін. Ал өзен тарихын Нүрке кемпір де, Ерік де білмейді. 
«Бэлкім, мен секілді жалғыздыктан жаны жанған әйел, өрт 
болып лаулаған жалынын басар шипа іздеп суға секіріп, ағып 
өлген шығар...» Оқыстан туған осы ойына өзі қуанып калды; 
куанып қалғаны бар болсын, іле-шала: «Мен де секіріп кетсем 
қайтеді?» деген азғырынды ой жэне иектеген. Алдымен жай 
эуестік үшін ғана болып басталып еді, санасынан тіпті қуаласа 
шықпайтындай, жабысқаны соншалық, жүрегі өрекпіп, өзен 
жағасына бірте-бірте тым жакындап қалғанын байкамады. Бетін 
судың салкын лебі шарпығанда ғана, есін жиғандай сескене 
шегініп кеткен. Өзен мың жылғы калпында,огіздей өкіріп, 
толқынынан толқын балалап, бар даусымен бастырмалата 
эн шырқайды. Өзіне қадала қараған каршадай келіншекті 
тылсым күшпен қойнына тартып, кақшып алып қақпақылдата 
жонелмек... Әлгі бір сайтандай сап ете түскен эзэзіл ойдан 
күткарган, ту сыртынан күмбірлей кісінеген жылкының үні 
болды. Артына жалт қарағанда, Тихойдың өткелінен салып 
үрып өте берген Ерікті көрді. Көрді де: «Тэңірім-ай, келдің 
бе?» - деп, екі бетін алақанымен басқан күйі шөге түсіп, еңіреп 
жылап жіберген. Әйел затына тэн босаңдық немесе долылықтан 
емес, адам тозгісіз ауыр азаптан қүтқарушысын оқыстан көріп, 
көбік ата шалкып-тасыған куанышынан жылаған... Жыласын... 
жыласын...
«Неге біз осы оқта-текте жылап алмаймыз? Неге?» Ерік 
көкбестісін лекілдете аяңдап аяулы жарының қасына келді. 
Айна белі кеткендей отырған орнынан түра алмады. «Ой, 
саған не көрінді?» - деген ерінің сөзін естімеген секілді, кос 
жанарынан сорғалаған жас жүзін жуып, мең-зең отыр. Шошына
68


аттан секіріп түсіп, қолтығынан демег-енде ғана, Айна мойнына 
асылып, бетін күйеуінің тер сасыған кең кеудесіне басып, өксіп- 
өксіп еңіреген.
- Не болды, Айнаш? - Күн иісі аңкыған колаң шашынан 
иіскеп, аркасынан сипап озіне тартты. - Амансыңдар ма?
- Аманбыз, - деді өксігін баса алмаған Айна.
- Тәтеме бір нәрсе болып қалған екен деп... Апыр-ай, 
мүндайың жок еді, не көрінді. Қой, жаман ырым бастама.
- Қойдым, - деді келіншегі көзінің жасын балаша
алақанымен сүрткілеп, мүрнын тартып. - Мұншалыкты
кешікпеуші едің...
Екеуі көкбестіні жетекке алып, үйге карай қатарласа аяңдай 
берген кезде:
«Ау, ағайын, мен қалай өтем судан?» - деп барқыраған 
дауыс оқыс тоқтатты. Тихойдын ар жақ жиегінде делдиіп 
тұрған самтыр-самтыр кісіні көргенде, Айна шошына таң 
қалып: «Мұнысы кім?» - деп Еріктің бетіне қарады.
- Жолдасым ғой, - деді самарқау шықты. - Әй, Қарабура, 
кіндігіңнен де келмейді, кешіп өт! - деп айқайлады.
- Шалбарымды кайтем, ойбай, су болып қалады ғой.
- Суланбай жүрген шалбар ма... Ештеңе етпес, шешіп 
қолыңа үстап ал. Ұялатын нең қалып еді...
- Көлік апарайық, - деген әйелінің сөзін тыңдаған да жоқ, 
кыпша белінен күшақтаған калпы үйге қарай икемдей ертіп 
кеткен. Таған да кырсықты білем, бергі бетке өтетін ниет 
білдірмей, өзеннің жағасына жайғасып тұрып жантайып жатып 
калды.
Орманның арасынан Аламойнақ шықты арсалаңдап. 
Барша тышқан қуамын деп жүріп иесінің келгенін кеш байқап 
қалғанына 
кешірім тілегендей, 
кұйрығын 
бұлғаңдатып, 
Еріктің кеудесіне шапшыды, иттің алдыңғы екі аягынан ұстап 
алған. Ерік жас балаша тәй-тәй бастырып жетелеп барды 
да, құлағының түбінен қасып, арқасынан сипап қоя берді. 
Арғы жағалауда қалған бөтен кісінің иісін енді сезген иісшіл 
Аламойнақ ендігі мезетте солай карай үре ұмтылған-ды.
- Үйбай-ау, ұстайық, - деп оқталған Айнаны Ерік 
тоқтатты.
- Ой, ол сүмелекті ит қаппайды екен.
69


Абалап жүгірген Аламойнак Тихойдың жағасына зымырап 
жеткенімен, су кешіп өте шығуға жасқанды ма, элде Тағанның 
табиғи мысы басты ма, шоқайып отырып қалған. Таған жатқан 
орнынан қозғалған жоқ, жан тапсырғандай қимылсыз.
Жалғыз үлы есіктен еңсеріле кіріп келгенде, сал болып 
жатқан шешесі қүшағын аша үмсынып: - Қүлыным-ау, есен- 
сау келдің бе? - деп, аналық абзалдықпен аңырап еді. Айшылық 
алыс жолдан оралғандай-ақ, Ерігін бауырына басып, екі бетінен 
кезек шөпілдете сүйді-ай. Осыншалык мол мейірім күтпеді ме, 
Ерік ыңғайсыздана күліп жіберген.
- Ауғанға барып келгендей-ақ, қарсы алдыңдар-ау.
- Енді қайтейік, бір үйдегі бір азаматтан айдың-күннің 
аманында айырылып қалсақ... Ел аман, жүрт тыныш па екен, 
әйтеуір.
- Еліңіз орнында, ештеңе ете қояр түрі жоқ. Желдей есіп, 
желпініп отыр. Бір тоқсанға бөлінген арақты бір айда ішіп 
тауысып, жоспарын асыра орындапты.
- Апыр-ай, баяғыдан сондай еді, - деді Нүрке кемпір басын 
шайқап. - Ауылдағы арақ таусылмайынша, бірде-біреуі шошаң 
етіп жүмысқа шықпайтын. Радиодан арақ сатылмайды, енді 
ішпейміз деп күнде қақсайды, сол тэртіп жете қоймаған екен-ау. 
Қай-да-ан жетсін, жер шалғай ғой. Таудың қуысына тығылып 
алып білгендерін істейді. Өстіп жүріп азып-тозып кетпейік, 
атау-керелерін ішіп жатқанын сезбейді-ау жасаған ием...
- Ол күнге де алыс емес, тэте...- деп екі үштылау пікір 
білдірді Ерік.
- Қандай күн?- деп сүрады бопсаға түсінбеген Айна.
- Арақ сатылмайтын күнді айтамын. Ең соңғы маскүнемді 
мен ертіп келдім.
- Үйбай-ау, үят болды-ау, жолдасыңды өткізіп алайық,
- деген Айна орнынан түра беріп еді, оның білегінен басып 
қайта отырғызған Ерік:
- Озі-ақ өтеді. Омыраудан келмейтін суға ағып өлер деймісің. 
Қайта таза су кір-қоңын шайып, иіс-қоңысын кетіреді.
- Ол кім еді тағы?..
- Ол менің бірге оқыған досым, тәте. Сіз білесіз. Біздің 
елдікі. Көкеннің үлы - Таған Мақажанов.
Нүрке басын окыс көтеріп алды:
- Тәңірім-ау, не айтып отырсың... Өзіміздің Мақаңның
- алты алашты аузына қаратқан Мақажан ақынның немересі
70


ме? Көкен жарықтыктың ұлы ма? Апыр-ай, шешесі маркұм 
болғаннан бері бетін көрген жок едім. Ол кайдан жүр, бұл ит 
өлген жерде! Жеткізіңдер! - Кемпірдің даусы шаңқ етіп катты 
шыкканы соншалық, Айна селк ете түсті...
- От оттап, су ішіп отырған жеріңізді «ит өлген» деп тіл 
тигізбеңіз, тәте, - деді Ерік шешесінің, ашуына арзымайтын 
нэрсеге дірілдеп-қалшылдап кеткенін жактырмай. - Бар жазы- 
ғым астына жіберіп, өлейін деп жатқан жерінен жетелеп 
келгенім болса, онда кері қайтарайын.
- Бет-жүзін көрейінші өзінің. Текті түқымның түяғы ғой...
- Ендеше, корімдігіңізді дайындаңыз, - деп, Ерік қамдана 
бергенінде, ашык тұрған есіктен пүпіпақ-пүшпағынан су 
сорғалаған Тағанның сұлбасы көрінді. Аяғы тайып сүрініп 
жығылды ма, элде өзенге әдейі өзі шомылып алды ма, әйтеуір, 
сутышкандай үсті-басы сүңгілескен, киімін де сықпаған 
қалпында ербиіп тұр.
- Ей, Қарабура, кел мұнда, тәтем шақырады. Асылдың 
сынығы едің ғой... нұр дидарыңды жарқыратшы,- деді Ерік 
саңкылдай.
- Кел, шырағым, кел,- деп бэйек болды кемпір. Аяғын 
тұсап қойғандай бір басып, екі басып жыбырлай жылжыған 
азаматтың ажары Айнағаұнаған жоқ. «Қайдан ғана қазып тауып 
алды екен» дегендей еріне ренжи қарады. Табалдырықтың ар 
жағынан:
-Амансыз ба, апа?- деді Таған тұрған орнынан қозғалмай. 
Бұдан соң Нюра Фадеевнаның ақ сары жүзін, көк көзін жаңа 
ғана байкады м а,- Здравствуйте!- дегенді қосып қойды. Нүрке 
кемпір күлді. Айна да жұмсақ жымиған.
-Еркек адам есіктен еңселі кірер болар... ¥ры иттей жан- 
жағыңа жалтақтап жанарыңды түсірме, ұлым. Ерді кебенек 
ішінен таны деген, ханның сарайына кірсең де қадіріңді 
кашырмай, кеудеңді жоғары ұста!
Төсек үстінде отырған орыс кемпірден мұндай торғындай 
судыраған қазақшаны күтпеді білем, жанарының жапсары 
жыпылықтаған Таган элі де болса үйге кіруге жүрексінгендей.
- Төрге шығатын түр жоқ, шеше.
- Әкең жарықтық жұрттың бермесін тартып алар аусар еді, 
тартпаған екенсің.
- Кірсеңші кергімей! - деп, Ерік гүр ететүсті. Таған адымын 
санаған қалпын бұзбай тақалды да, жарасы жарылып кетердей
71


сақтықпен табалдырықтан аттады. Босаға тұстағы ағаш орын- 
дықты соқыр адамдай сипалап жүріп тауып алды да, отыра 
кетті. Еріне еріп келғен қонақтың осыншалық ынжықтығы 
Айнаның жүйкесін тоздырды ма, самаурынды көтеріп шыға 
жөнелді. Айқара ашык есіктен басын қылтыңдатып сығалаған 
Аламойнақ қазан-ошак жаққа шай камымен беттеген Айнаның 
соңынан еркелей еріп кетті.
-
Қарағым, үстіңдегі киіміңді сығып кептіріп қой, -
деді Тағанның үнжырғасы түскен үсқынына жаны аши 
қараған Нүрке кемпір: - Жол соғып шаршаған шығарсың, ес- 
ақылыңды жиып, деміңді ал. Ыстық шай іш. Ерікжан, осында 
ит жемей жатқан көдедей көп киіміңнің бірін бер мына жігітке, 
ауыстырып кие түрсын.
- Айнаға айтайын, тауып берсін.
- Рақмет, шеше, күн көзіне әрі-бері қыздырынсам, дегдіп 
қалар. - Сүйретіле орнынан түрды. Түрғанымен бір нәрсесін 
үмытқандай қипақтап Ерікке жаутандап қарай берді. Ол 
байқамағансыды. Тіпті болмаған соң:
- Әй, Қарабауыр, жүр далаға, эңгіме бар, - деді.
- «Тамағың жыбырлап түр-ау», - деп Тағанды қолтықтай 
сыртқа шыққан Ерік көкбестінің арқасындағы жүк әлі де 
алынбағаны есіне түсіп, солай карай беттеген.
Кіші бесіннен кұлдаған күн қатын бесінге ойысқан екен. 
Айналаны қаумалаған қалың самырсынның қыл үшында ілініп 
қалғандай: қазандыққа от жағып, шай қамымен жүрген Айна 
қанжығаны шешіп, тері қоржынды түсіріп түрған күйеуіне 
әйелдік әуестікпен «не әкелдің» деп жақындаған жоқ. Кэперсіз, 
өз ісімен болды. Кенезесі кепкен Таған ғана жарамсақтана 
көмектескен еді, Ерік: «Ары түршы-ей, аяққа оралмай» - деп 
зекіп тастады. «Қойдым, батыреке, қойдым», - деген Таған 
шегіншектеп барды да, томарға шалынып шалқасынан түсті.
Ойда-жоқтапайдаболған«қонақтың»мынаусықпыты,осын- 
шалық корлықты тірлігі ойлантып еді келіншекті. Өзін бір 
жерде, бір кезде корген секілді. Таныс-бейтаныс жүзі эбден 
титықтап, тозаңы шыға тозғанынан ба екен, анық ажарын 
ажырату қиын.
«Ерік те еріккен шығар, несіне ертіп келді екен?..»
Еріктің ертіп келген жолдасы сүрініп қүлаған жерінде жүре- 
леп элі отыр. Оның осы жүрелеген қалпында үш-төрт сағат
72


отыра беруге шыдамы жетер еді. Шыдамы жетер себебі: 
сауықтырғыш лагерінде жүргенде, осылай жүрелеген қалпы 
күні бойы темекі тартып, кақырынып-түкірініп отыра беруге 
үйренген-ді. Бүл әдет маскүнемдерді қойып, мүқым түрме- 
шілердің таңба басты ерекшелігіне саятын. Олар бір-бірін жал- 
ғыз ауыз сөзден ғана емес, осы отырыс-түрыстарынан-акжазбай 
танитын. Өңешін ашкылтым сумен шаймаса булықтырып, 
қыса жөнелер көк жотел, тамам эріптестері секілді, Тағанда 
да бар-тын. Аттың ерін алып, алақанымен шапаттап, ішпегін 
қаспақтанған арқасына қайта жауып, ыбылжыған Еріктің 
масқара саспастығы жынын келтіріп, шыдамы таусылған Таған 
қылғынып өлердей күркілдеген жотелін бастады-ай. Бөтен 
дыбыстан күлаққашты болып қалған Айна шошына карады, 
ал Аламойнак болса жатқан жерінен секіріп түрып, шэу ете 
қалды.
- Өлтірмесең өңешімді жібіт, - деді жөтелдің арасынан 
саңылау тауып, тілге келген Таган. — Әйеліңнің эдемілігін 
корсетуге экелмеген шығарсың... Береріңді бер де, жек 
арбаңа!
«Апыр-ай, тілінің ащысын-ай мына кісінің, - деп ойлады 
Айна, - менде несі бар екен».
- Жаның шығып кетсе де, түра түр, - деді тері қоржынды 
арқалап үйге аяңдаган Ерік. - Айтқаным - айткан. Салқын 
сыраға шомылдырамын. Әй, Айнаш, элгі Прохорға арнап 
ашытқан бал сырадан бір саптыаяк әкеліп берші анаған, 
жыланының басы кайтсын.
Самауырға шок салып түрған шымшуырын тастай салып 
түра жүгірді. Көп айналған жоқ, сыйымдылығы бір литрге жуық 
қайыңның безінен ойып жасаған саптыаяқпен меймілдете сыра 
әкелді. Қолы дірілдегі, өзін жүтып қоярдай үмтылған жігітке 
жакындауға сескеніп түрып калып еді, анау еңбектеп өзі жетті. 
Сілекейі шүбырған жүзіне қарауға дэті жетпеген келіншек 
тез теріс қарап кетті. «Уһ» деген дауыс естілді, саптыаяқ бос 
төңкеріліп жатыр. Таң қалды. Төгіп алған секілді. «Қой, бүл 
кісі емес шығар» деп ойлады.
- Шайың қайнады ма, менің де шөлімді бас, - деді ендігі 
сәтте сонау қаз-катар тізілген шөмелелерге көз салып түрған 
Ерік. Әйелінің екі-ак күнде апта бойы шапқан шөпті жалғыз- 
дан-жалғыз жүріп, қалай ғана жинап, үйігі тастағанына іштей
73


кайран, бірақ бұл танданысын сыртқа тіс жарып шығармады. 
Әрине, өз еңбегін бұлдамаса да, өзекті жан болып жаратылған 
соң, «мықты екенсің, Айнаш» деген сықылды жылы сөзді 
ерінің аузынан әйелі күткен еді.
Өзі үйген шөмелелерді жаңа көргендей бүл да жанар 
жарыстыра караған. Амал не, Ерік лэм демеді. Лэм демеген 
қалпы, бүрылып үйге кіріп кетті. Әйелдің жүрегі сыздады- 
ак, бірақ окпесін ол да білдірген жоқ, екі иінінен дем алған 
самаурынды көтеріп ерінің артынан ерді.
Қүрыстырған теріге ій жаққандай, Тағанның жаны 
жадырап, көбеңсіген көңілі көлдей шалқып сала берді. Ашуы 
әбден жеткен бал сыра атты кісіні аударып түсірер күшті еді. 
Бір саптыаяғының өзі-ақ мықтымсынған немені алып үрды. 
Тау асып бекер келмегеніне көзі енді ғана жеткендей, тырайып 
жатқан Таған самсаған ағаштың басына қарап: «Неге біз осы?» -
деп оң қолын көтерді. Үйден: «Басталды Қазақстан фестивалі»,
- деген Еріктің даусы қоса естілді. «Фестивальдің» басталғаны 
рас еді... Қашан аяқталады, кім біліпті...
Дастарқан басында үшеуі ғана. Былтырғы, одан арғы 
жылдардағы үшеуі, тек қана үшеуі... Төтеден пайда болған 
«төртінші» далада қалды. Шешесі сан рет «шақырыңдар, 
обал болады, қарны ашқан шығар» деп еді, Ерік: «Текке эуре 
болмаңыз, баркырап тынышымызды алады»,- деп міз бақпады. 
Айна үндеген жоқ, көзінің астымен күйеуіне білдірмей карап, 
шай күйып отыр. Сораптап шай үрттаған дыбыстан өзге 
бөтен сыбыр-күбір жоқ ежелгі ерке тыныштық жайлаған. 
Ауылдан жаңа ғана келғен Еріктен эңгіме дәметкендей еді, ол 
күн үзақ жүрістен шаршады ма, біреу қуып келе жатқандай 
шайды ыстығына қарамай жеделдете үрттап, шөлін басудың 
әлегінен шыға алмады. Нюра Фадеевна бір кеседен кейін 
ішкен жоқ, баласынан ойдағы елдің хал-ахуалын тақуалап 
сүрады да. Көңілінде бір көлденеңінен пайда болған алаң бар- 
ау, өкпелеген адамдай; ашық есіктен өзеннің арғы бетіндегі 
алып тауларға,осы эзірде ғана көргендей коз тайдырмай қадала 
қарады. Мүмкін,ұлының анау ауылдан алып келген жігітті 
шақыр деген созін аяқсыз калдырған тілазарлығына ренжіді ме, 
элде сонау жылдарда өз басынан кешкен оқиға ойына оралды 
ма екен, әйтеуір, эншейіндеғі соз құмарлығы жоқ, айналдырған 
үшеуі отырып, тоңторыс күй кешуі онсыз да сыздауы жеткен
74


жеке-дара тірліктің тілін матап-ак тас-тады. Әркім өз ойының 
оты оңаша маздауын канша тілесе де, пенде болып жаратылған 
соң, күбір-күбір сөйлесіп, сыбыр-сыбыр сүхбат күрып, күле 
жаркылдасканға не жетсін: адамның ішкі сыры да арақ секілді, 
анда-санда сыртқа шығарып түрмаса, запыранға айналып, 
көңіліңді лоблытып, жүрегіңді сыздатып азаптайтыны рас. 
Ауыр мүң қабыздап, жаныңның жасаң жайлауын жаңбырдың 
бүлты басқандай кұсаланасың, дүниедегі ең керекті затыңды 
жоғалтып алғандай алағызисың. Самаурынның ызыңдаған үні 
осынау тымпи ойнаған тыныштықтың жаназасын шығарған 
заржақ молдадай онсыз да омырылайын деп, сынайын деп 
сызаттанған ләм-мим отырыстың қуыс-қуысын кеулеп алды. 
Тіпті тым-тырыстыққа осы Фадей жарықтықтан қалған жез 
самаурын шақырып түрғандай... Десек те, оттығынан шоқ 
жылтырап, буы будақтаған әнсалар самауырын Нүрке кемпірдің 
жарты ғасырлык ермегі, ескіден қалған жалғыз абысыны, 
жақсы сырласындай еді. Төркін жүртынан қалған мүра осы 
ғана. Басқасы жоқ та, бар болғанның өзінде жылдар жылымы 
жүтып қойған. Нюра Фадеевнада жалгыз-ақ арман бар еді, өзі 
күрбылас кемпірлермен өткен-кеткенді айыз қандыра айтып, 
күмарынан шыға әңгімелесіп барып жан тапсыру, туған 
жерден бір күрек топырак бүйырса... Ол арманды орындайтын 
маңдайға баскан үлы - Ерік болса ыңғай білдірмей жүр. 
Бүлардың қаймақшыған тыныштығын қаусатқан - тэлтіректеп 
басып, босағаны тырмалаған Тағанның үні болды.
- Неге біз осы... - деп, ежелгі әдетінше сұк саусагын шо- 
шайтты. - Неге біз осы?.. Бұл шақта екінді туып, Нүрке кемпір 
намазға қамдана бастаған.
- Жүр-ей, - деді Тағанның қолтығынан нығарлай ұстаған 
Ерік. - Тәтем намаз оқиды. Мазасын алма.
- Орыс намаз оқиды... хи-хи-хи...- Таған шиқылдай күлді. 
Кластасының бейпіл ауыздығы жанына тиді білем; онсыз да 
бастерісі келіспей жүрген Ерік желкесінен бүріп теріс қаратты 
да, құйрығынан бір теуіп етпетінен түсірді. Күйеуінің тым артық 
кеткендігі шыдамын шарт сындырды білем, самаурынның 
күлін қағып тұрған Айна:
-
Қойсаңшы, обал емес пе? - деп, Ерік келгелі алғаш рет 
дауыс шығарды.
75


- Е-е, тілің бар екен ғой, - деп кекетті ері. - Тобық жұтқандай 
томпиып қалып ең...
- Сол тілді өзің де жұтып қойды ма деп едім...
Ерік әйеліне бажырая қарады. Шынымен-ақ Айнаның 
аузынан шықты ма дегендей, аң-таң. Он жыл отасқаннан бері 
тұңғыш рет тік сөйлеген жарының қас-қабағы баяғыдай емес 
екенін енді ғана аңлап, абдырап қалған. Айна бұған бұрылып 
та қарамай қарекетін жалғастыра берді. «Ой, саған не көрінді?»
- деп жанына барды. Татулыққа шақыргандай білегінен ұстап 
өзіне тақап алды да. Жақсы көргенде жасайтын әдетімен 
шашынан сипап, құлагының түбінен иіскеді. «Шынында 
да, маган не болды өзі» деп, өксіген Айна басын күйеуінің 
кеудесіне қойып, тағы да жылап жіберді. Тәлтіректеп орнынан 
қайта көтерілген Таган, фашистің жауын ала алмай азаптан- 
ған партизанындай-ақ өзін өр ұстап: «Ей, Қарабауыр, бір 
тепкенің - бір саптыаяқ сыра», - деді. Жолдасы оның тілегін 
екі саптыаяк бал сырамен қанағаттандырды да, оны-мұны 
саймандар тұратын қораға сүйрелеп апарып тастады. «Таудың 
түні салқын, тоңады ғой». Айна мазасын ала берген соң, 
әкесінің ескі ішігін үстіне жапты. Маскүнем бірден ұйықтап 
кетпейтін эдетімен малдасын күрып отырып алды да: «Неге біз 
осы...» деген тақырыптағы лекциясын бастаған.
5
Тамыздың тамылжыған шағында апта бойы ашық тұрған 
күн Қатын суы жағасында отырған жалғыз үйге ырыс болып 
кірді. Биыл бүрынды-соңды болып көрмеген пішен үйіп алды. 
Айнаның бір өзі-ақ шөмелеп тастаған шөпті көкбестіге сүйретіп 
мал қораға тасыды. Алтай қазақтарының пішен дайындаудағы 
айла-тәсілі жалпақ елдің ешқайсысына үқсамайды. Айталық, 
қол тартпамен, яғни шалғымен шабылган шалғын дестесін 
ат тарта алатындай мөлшерде шөмелейтін. Сол шөмеледегі 
шөпті ұшында үзынша етіп жонып қатырған қайың қүрықша 
байлаған арқанды қамытқа жалғайтын. Құрықшаны шөмеле- 
нің арт жақ түбінен сүңгіте сұғып, арқанды екінші жағынан 
түптей орап әкеліп қамытқа байлап тарта жөнелсе, шашау 
шығып шашылмаған күйі сүйрей жөнелесің. Бүл жүмыс Таған 
үшін таңсық емес. Ертелеп салқын сырамен басын жазып 
алған соң еңбек етпей ішіп-жемейтінін білген соң, жанын сала 
кірісетін.
76


Алғашқы күні мұндай кабағат жұмысқа көндікпеген көнілі 
бұзылып, кикаңдап көріп еді, Ерік сырадан татырмайтынын 
білді ме, амал жоқ, айтканына көніп, айдағанына жүретін болды. 
Ішімдікке салынып, сандалып кеткені болмаса, Тағанның 
денсаулығы сыр бере коймаған, кара жүмысқа мықты, компіс 
қаражігіт екен. Асказан ашкылтым су қыздырып жатпаса, 
табанынан сауып, кия баспайтын киямпұрыстығын көр ғана 
түзетер. Ара-тұра үйге бас сұға калғанында, Нүрке кемпір акыл 
айтып басын ауырткан соң, табанынан сауып олай карай аттап 
баспайтын болды. Осы «ішпей-ак койсаң кайтеді» деген Таған 
үшін элемдегі ең ауыр да азапты сөзді тек Айна ғана айткан жок. 
Ауылдан келгеннен бергі аптадан астам уакьптың ішінде: «Неге 
тамак ішпейсіз?» деген жалғыз-жарым тілдесуден баска эңгіме 
болған емес. Туасы коп сөзділікті суканы сүймейтін келіншек, 
жігіт ағасы жаска келген шағында акылынан адасып, алжасып 
жүрген келімсекті жактырмағаны рас-ты. Жақтырмаған себебі: 
тепсе темір үзетін азаматтың әбден настанып кеткен намыс- 
сыздығы, ішімдік үшін сонау... түу-у-у озі үшін арманға айнал- 
ған етектен итше еріп келгені, басында үй, бауырында бала 
жоқ, каңғырып кешер бекер ғүмыры, ку оңешті қышкылдату 
үшін құл болып жүрген өксік өмірі еді. Сан рет бетіне басып, 
жер-жебіріне жетіп ұрысқысы келді-ак, айтып-айтпай не керек, 
соз төркінін ұғар кісіліктен айырылғанын сезген-ді. Сезген соң, 
сен тимесең, мен тименге көшкен. Қазір де кокбестінің үстінде 
мыжырайып отырған мүскініне караған сайын, қарны ашады. 
Айна аркандап берген шөмелені астындағы атын шу-шулей 
тепеңдеп кораға жеткізеді. Ерік шөпті сыпырып алып қалған 
соң, кері Айнаға қарай тырағайлайды. Ертеден қас карайғанша 
созылған осына әбігерлі жүмыс эбден титықтатты білем, үшеуі 
бірдей тамақ ішуге шамалары жетпей тырапай асты. Әсіресе, ак 
саусақ болып, арамтамақтыкка үйреніп алған Таған бүгіндікке 
соңғы саптыаяқ сыраны салып алған соң, тұяқ серпуге, «лекңия 
окуға» дэрмені таусылып, мұрттай ұшқан.
Нүрке кемпірге балаларының арпалысып, күш күрескен 
мазасыз тірлігі тіпті де ұнаған жоқ... Үнамағанын ашық айтуға 
жасканды. Өзі де шаршап жүргенде, жүйкесін жұқартпайын 
дегені шығар. Әйтпесе теріс қарап жатып: «Осыншалық бал 
мен мал жинап, кай бала-шағасын асырай алмай жанталасады 
екен»,- деп күбірлеген. Әсіресе, келінін аяйды. Оның үстіне,
77


анау Көкеннің сүмірейген үлы қосылды. Екі жастың біріне 
келмей қор болған Таған тағдырын да уайымдап, жүрегі 
сыздайды. «Обал ғой. Текті түқымның азып-тозып, шілдің 
боғындай пышырап біткені ғой. Қайра-ан Көкен, әйелі Аналық 
қандай еді... Мақажан шал ше? Алтайды аузына қаратқан ақын, 
жан баласына басын имеген кісінің сүлтаны еді. Үһ, тэңірім- 
ай, не болып барамыз осы »,- деп, күрсіне күбірлеп жіберді.
Жым-жырт түннің ортасына дейін кірпігі айқаспай, эрі 
аунап, бері аунап үйықтай алмайтын әдет тапты. Нүрке кем- 
пірдің үйқысын бүзған Таған екенін өзінен басқа ешкім 
білмейді. Жанарын жапса болды, Аналықпен бірге өткізген 
баяғы - түрлаусыз өткен түтам-түтам өмірі көз алдында 
көлеңдеп түрып алады-ай. «Қүдай-ау, сол Аналық жазғанның 
жақсылығын өтеді ме? Жоқ, өтей алмапты. Мойнына қарыз, 
үрпағыма парыз күйінде қара жер қойнына кірем бе, жасаған 
ием. Не істеу керек? Қадір-қасиетінен жүрдай тоналған үлын 
қалай ғана қүтқарам бүл қорлықтан, қайтып қана арашалаймын 
арағы түскірден... Әл-қуатым жетер ме? Тым болмағанда 
Еріктің мазағынан...».
Бүл түні Айна да көз ілген жоқ. Күні бойғы салпылдақ жүріс, 
толассыз жүмыс бойын алып, әлдекім алып үрып сабап-сабап 
талғақ қылып тастағандай дел-сал күй кешсе де, эз жанына 
эмір таба алмады. Екі табаны мен алақаны күйіп, салқын жер, 
саумал ауа іздегендей аунақшыған. Қаншама қашса да, Қатын 
суының жазға салымғы мүзындай іркес-тіркес ой қамалып, 
көз алдында иін тіресіп бірін-бірі мүйіздеп түрып алады. Қыз 
күніндегі әдетімен жүзге, тіпті мыңға дейін санап та көрді. 
Өзін-өзі шаршатқаны болмаса, бэрібір жанары талып, үйқы 
шақырмаған. Кең төсектің екінші шетінде көсіле түсіп, кәперсіз 
қорылдап жатқан күйеуінің өзінен де, өзгелерден де көш ілгері 
қасиеті бар еді: тэуліктің қалаған уақытында басы жастыққа 
тисе болғаны, кеңірдегінен пышақ тақасаң да, пыс етіп үйықтап 
кететін жэне діттеген кез келген сэтінде оянып, солдаттардай 
қарғып түрып, шапшаң киініп кете берер еді. Бүкіл адамзатқа 
бітер денсаулықты бір басына жиып бергендей, осы қырықтан 
асқан жасына жеткенше, басы ауырып, балтыры сыздағанды 
білмей келген токжарау эрі кэперсіз, жаны касаң жігіт. Қазір 
де жау түсіріп келгендей алшая түсіп, табиғат тек өзіне ғана 
мол етіп сыйға тартқан үйқының рақатына бөленуде. Терезенің
78


жартылай жабылмай қалған саңылауынан сығалаған ай сәулесі 
бірте-бірте өрлеп, Айнаның бетіне жақындады. Жер бетіндегі 
миллиардтаған адамның ешқайсысын бөле-жара жатырқамай 
нұрымен аймалайтын айналайын айды Айна кішкентай кезінен 
өзіне серік жасап, жақсы көретін. Өліара шақ туғанда немесе 
бұлттың арасында жасырынып қалғанда, алабөтен сағынышпен 
зарыға тосар еді; дүниедегі ең асылын жоғалтқандай мазасы 
кетіп, не жайраңдап күле алмай, не жаркылдап жүре алмай, 
іштей жүдер еді. Әсіресе, осы Алтайдың құзар басына көшіп 
келгені бері, жаһандағы ең жақыны - ет жақынындай болып 
кеткен Ай жарықтықты ауылдағыдай емес, тым сирек көретіні 
көңіліне каяу түсіретін. Алты ай бойына көбесі сөгілмей, көн 
терісі жібімей жатып алатын кар, көктем шыға сылбырап, 
берекеңді қашырар жаңбыр аспанды айлап бүркеп тастайтын 
қорғасындай ауыр бұлт - осының бәрі-бәрі Айнаның ай 
жарықтыққа деген махаббатын мазақ еткісі келгендей, бүп 
жалғандағы жалғыз қуаныш, жалқы жүбанышын жұлмалап, 
кызықты күндерін кызғана кытымырланатын. Алтайдың 
биылғы мінезі жайдары. Жаныңды жақұтқа бөлер күні мен 
айы, шүкір, қанша сімірсең де сарандык жасамай, жайсаң 
нұрын мүқым жайлауға шашып тастады. Әне, перденің екі 
арасынан, ерлі-зайыптылардың түнгі ләззатын бұзбайын 
дегендей, жұқалаң сәулесін ұяла төгеді. Ерлі-зайыптылардың 
түнгі лэззаты адыра қалғаны қаш-а-ан...
Айна ғүмыры жеткенше жылқы баққан жылқышының 
кызы еді. Бүкіл балалығы, қырмызыдай боп бой жеткен шағы 
жаз жайлауда өтті. Сондыктан ба, қылтың-сылтыңы жоқ, 
біртоға, тіпті үйкүшіктеу болып өсті. Қыста әкесі мұртына мұз 
қатып, тым алысқа, тау-таудың бауырына жылқы тебіндетіп 
кетер еді де, ауылдағы үйінде шешесі екеуі ғана қалатын. 
Баладан жалғыз, ермек етер, ербең етер ешкім жоқ болған соң, 
ертеңді-кеш айналсоқтап анасының жанынан шықпайтын. 
Ауылдың клубында анда-санда өтер ойын-сауыкқа да 
шешесіне еріп баратын. Оныншы класты тауысқанша, бірде- 
бір бозбаланың бетіне қарамай, ұяң мінезінің аппақ парағына 
сызат түсірмей, кәмелетке толды. Жоғарғы оқу орнында оқып 
жүрген шалкымалы шағында да ниет білдірген талай жігіттің 
меселін кайтарған. Әрине, құрбы қыздарының жерлесі немесе 
жігіттің жолдасы болып келетін азаматтардың қолқалауымен
79


театр, киноларға барғаны рас, бірак айлы түннің астында абак 
бактарды кыдырып, қызуы мол қызық жорықтарға шыққан 
емес-ті. Студенттік өмірінің ішінде, әсіресе, есінде қалғаны
- үнемі бір ой үстінде жүретін, қара бүйра шашты, кірпіктері 
қолмен қондырғандай үлкен қара көзін қоршап түратын 
аспирант еді. Онымен жалғыз-ақ рет жолықты, өмір бойы есінде 
қалды - есінде елес кана болып қалды, әйтпесе түр-түсін, аты- 
жонін баяғыда үмыткан. Қай кезде, ғажап, түсіне кіреді: аппақ 
түманның арасында адасып жүргендей, бүл жақындаған сайын 
алыстап, қаздай калқып, үйректей жүзіп, мэңгі шексіздікке 
жылыстап баратын-ды... Сол киялында ғана калған аспирантты 
шакырып жатып, өз даусынан өзі шошынып оянған мезеттері де 
болған. Ерік сан рет: «Осы сен түсіңде әлдекімді шақырасың»,
- деп, үрлығының үстінен шыққандай үялтып еді-ау. Жарык 
дүниедеғі ең сүмдык - коңіліңнің түпсіз тереңіне сақтаған сыр- 
сандығының қақпағын байқаусызда ашып алу десек, ондай жан 
адамға - әке-шеше, жан-жарыңа да жария етпес қүлыптаулы 
қүпияның болары табиғи. Әлемде бірде-бір адамның толык 
сыры ашылмай, арғы дүниеге аттанады. Ол күнэ емес. Адам- 
дыктың асыл касиеттерінің бірі екені жэне рас. Мынау іргесінде 
кәперсіз үйықтап жатқан Еріктің ішіне кім кіріп шыгыпты. 
Айнаның түсінбейтіні ол емес, оның багамдай алмағаны: «Неге 
біз осы жар төсегіне жеткенше жанымыз шығып кетердей 
жақсы көреміз де, жылдар жылжыған сайын от болып жанған 
сезіміміз біртін-біртін, қызуы қайтқан дарағайдың шоғындай 
суына береміз. Неге мені. Ерік баягыдай кұлап сүймейді, асап 
коярдай аймаламайды. Неге? Оның себебін осы жолдарды 
жазып отырған мен де білмеймін. Менің білетінім: еркек пен 
әйел затының арасындағы мэңгілік қатынастың қалтарыс- 
жықпылын зерттеп түсіндірем деп эуре болу - бекершілік. 
Көзге корінбес эрі жіңішке, эрі мықты жіптің неден есілгені 
беймэлім. Ал Ерік пен Айнаның арасын жалгар жіп бар ма 
еді өзі... ¥натып косылғаңдары шэксіз. Алғашқы жылдары, 
тіпті жетпей жетімсіреп жүрген кездерінде-ақ, айнымастай 
болып табыспап па еді; екеуі қол үстасып, қолтықтасып келе 
жатканда, осына жүптары жараскан жүбайларға таңдана 
сүйсінбейтін адам болмайтын. Еріктің комірдей қара шашы мен 
көк көзі, Айнаның тілерсегін соғатын қос бүрымына қызыға да 
кызғана караушылар коп еді-ау! Тэңірім-ау, сол бір бақыттың
80


айдынында жүзген қос акку сынды шактардың, сол бір көз 
тойып, көңіл канбас жастыктың кан базары таркап, келмеске 
кеткені ме. Тэңірім-ау, таң нүрымен таласкан таңғажайып 
өмірдің бәрі-бәрі адыра, кош-кошын айтқанын калай ғана 
байкамаған. Тэңірім-ау, мың жасайтындай-ақ, эр күн эр айдың 
қадіріне неге жетпейміз? «Ерік-ау, Ерік, білесің бе? Біз картайып 
барамыз!» деп, айғай салып, алшая түсіп, албасты баскандай 
үйықтап жатқан күйеуін тауықтай жүлмалап ояткысы келеді- 
ау, үяңдығы жеңіп, батылы бармады.
Айна өз-өзінен ыстыктағандай көрпені серпе ашып тастады. 
Ай нүрымен шағылысқан аппақ мэрмэр санына, ток балтырына 
жаңа көргендей, сүйсіне де сүқтана қарады. Келіншектің 
денесін, шынында да, табиғат-иеміз келісімді мүсіндегендей; 
амал не, міне, ешкімге керексіздей болып жалғызсырап 
жатқаны. Бүл жалғанда жаныңда арыстай азаматың жатып, 
жалғызсырағаннан жаман не бар екен? Ауылдан оралған 
соң Еріктің салқын тартып, «шаршап түрғаным-ай» деп 
Айнадан қашаңдар әдеті баяғыдан, бірақ дэл осы жолғыдай
- өкпелескендей тоң-торыс жат күй кешуі алғаш рет. Тым 
болмағанда кұлағының түбінен иіскеп, «осы сенің ешкімге 
жоқ жүпар иісің бар» деп, еркелетпеді-ау, шашынан сипап 
аймаламады-ау. Осы бір еркек пен әйел арасындағы бойыңды 
балкытар бақытты сэтті, неге екені белгісіз, Айна өлердей 
сағынды. «Аллам-ай маған не көрінді?» - деп, аузынан жалын 
ата аһ үрып, басын көтеріп, екі аяғын төсектен салбыратып 
отырды. Күйіп-жанған табанын кілемшені ысырып тастап 
еденге басып еді, сап-салқын екен, жаны кіре сүйсінді. Жым- 
жырт. Аламойнактың да жағы семғен. Әнеугүнгі балалы аю 
кайта айналып сокпай кетті. Қызық, ит үріп, Еріктің оянып 
кеткенін іштей тіледі. Жым-жырт. Үй емес, көр секілді. Тек ай 
сәулесі ғана кыбырлайтындай. Келесі болмеде жатқан енесінің 
кей күндері «Ей, алла, берме, бергеніңді алма» деп, дауыстап 
калар үні де өшкен. Мүндай мүң түнған, мүнар емген, ертек 
сынды эрі әдемі, эрі азап пен нала арқалатқан албасты түнді 
алғаш көруі. Түншығып, таза ауа, салқын самал сағынған 
жүреғі далаға жетелеген. Осы ойын жүзеге асырмаққа қанша 
рет окталса да, бүрынғыдай емес, сыртта да еркек бары 
есіне түсіп, бұл қылығын кім неге жорырын жобалап, жүрегі 
дауаламады. Түн ішінде қобыраған мол шашын барынша
81


жайып жіберіп, сұлық отырған келіншектің қазіргі пошымы 
қолқаңа қол салатындай аса қорқынышты еді: әл-әзірдегі 
аппақ мәрмәрден қашалғандай көздің құртын құртар сұмдық 
сұлу денені бобыраған ұзын шаш жауып тастаған. Айна әлдене 
есіне тұскендей сэл жымиды. Бір кезде Ерік осы шашты өзінің 
де басына жамылып алып: «Айнаш, мынау сенің әлемде жоқ 
шашың екеуміздің элемде жоқ қосымыз» деуші еді-ау. «Бэрі де 
баяғының садағасы... баяғының... Суға ағып өлсем» деген ой 
тағы да сумаңдады. «Шашым су бетінде жыланша ирелеңдеп 
ағып бара жатсам... Ерік жылар ма еді?» Үй болып, бірігіп 
от жаққан осынау жылдардың ішінде күйеуінің көзінен ағып 
түскен жалғыз тамшы жас көрмеген ол, бэрібір жамандыққа 
қиғысы келмеді. Ыстығы басылғандай: ай нұры түрақсыз ғой, 
төсектің аяқ жағына жылжып кеткен. Бұрынғыдан ғорі жатын 
бөлме де салқындағандай ма. Ерік басы жастыққа тиген қалпы, 
тұяқ серпіп аунамастан түшіркене ұйықтайды. Енесінен адасып 
қалды ма, құлын кісінеді. «Мынау ақбөрте құлынның даусы 
ғой, - деді күбірлеп - Қой, жатайын, маған не көрінді, он екіде 
бір гүлім ашылмағандай».
Жым-жырт.
Таң алагеуім тартқанда ғана көзі ілінген Айнаның түсіне 
мүнар түнеп, бұлт көшкен таудың басында құйрығын шаншып, 
құлдыраңдаған ақбөрте күлын кірді...
«НЕГЕ БІЗ ОСЫ...»
* * *
Бұл күні Ерік тым ерте оянды. Кеше түнде ұйықтар алдында 
«ертең күн шықпай тұруым керек» деген оймен жатқан. Аса 
сақтықпен сыбдырын білдірмей киінді. Терезе пердесін 
бозғылттай сібірлеген жарық үй ішін алагеуімдеп, таңның 
хабаршы сәулесін қылымси таратады. Құс жастықты тас қылып 
құшақтап басына жастамай бауырына баса ұйықтап жатқан 
Айнаның пысылдап бір қалыпты тыныстағанын тыңдағандай 
сәл қарап тұрды. Өзіне қадалған жанар әсер еткендей келіншек 
қозғалақтап барып, ішін тартып өксіді. Мысықтабандап ептеп 
басып үйден шыққан Еріктің элі де көрпе қызуы басылмаған 
денесін таудың таңғы салқыны ұрды. «Ищ-ай» деп тітіркеніп 
барып, қашаннан бергі әдетімен дене жаттығуын жасауға 
кіріскен. Бұл - студент шағынан бастап сүйегіне сіңген қарекеті
82


еді. Ежелгі спортшылық қимыл-қозғалысты күрестен мүлдем 
қүйрықкесті қоштасқан жылдардан бермен де қоймай, әр күні 
осылайша жаттығып, үй айнала жүгіретін. Қос қарағайдың 
ортасына мыктап орнатып тастаған турникке асылатын. Түла 
бойын он екі мүшесін әбден қыздырып алған соң, мүздай суық 
сумен жуынатын. Қазір де Қатын суына барып, белуардан 
шешініп тастап рақаттана шайынды да, қытайлық қызыл ала 
гүлі бар жүмсак сүлгімен сүртінген. Күн әлі шыққан жоқ. 
Әлдене есіне түскендей, үй іргесіндегі қойма-сарайдың темір 
тор терезесінен үңіліп еді, таңның жарығы түскен бөлмеде 
Таған жетім баладай бүрісіп ұйыктап жатыр екен, өлмегеніне 
көзі жеткен соң, орманға сіңіп, өзенді жагалай жаяу құлдады. 
Тек бір өзі ғана жүріп таптаған жалғыз аяқ сүрлеумен асықпай 
аяңдап келеді. Оқта-текте алдынан барша тышқан кес-кестеп 
өтеді. Кейде самырсынның бүтақтары қозғалақтап, тіршілік 
белгісін білдіргендей; балқарағай бүршіктерін терген тиіннің 
қыс қамына кірісіп азық тасыған шаруақойлығында шек жоқ, 
олар да, орман тұрғындары аң-құс та адамнан бетер арпалысып 
асығады. Орманның өз иісі бар - шайыр аңқыған таза эрі сызды 
иіс. Мүк басқан былпылдақ жерге табаның тигенде, қалы 
кілемнің үстінде келе жатқандай әсер аласың. Қартайып барып 
шіріп құлаған немесе табиғат апатына тап болған ағаштар да 
алдыңнан көлденеңдей сұлагі қабыгы қопсып, қына қабыздап 
жол тосады. Ондай сәтте атгап отесің. Құлаған қарағай; 
шыршалар да табиғаттың өлген мүшесі, құрт-құмырсқа, ара мен 
тышқанның үясына айналып, жермен-жексен, күйкі күй кешеді. 
Қайтып тұра алмастай кұлайды. Ағаш жалганда жалғыз-ақ рет 
кұлайды. Жығылып, сүрініп, сілімтік ғұмыр кеше алмайды. 
Сондықтан да адамнан гөрі ұзақ жасайтын шығар...
Қанатын қомдаған балқарағай самырсынның, ешкі самыр- 
сын мен шыршаның бұтактарына бетін, бұта-қарағанға бүтын 
тырмалатқан Ерік сергек сезіммен «махаббат-мекеніне» жетті. 
Бұл бір Қатын суының судырай ағатын жалпақ та тыншу тұсы 
еді. Арқырап аққан өзен де осы тұсында сәл саябырсып, белі 
жазылғандай қысылып-қымтырылмай еркін көсілетін. Арғы 
жағалау айнадағыдай көрінеді. Амал не, откел бермейді. 
Арғы жағада дөңкиіп жатқан тақыр таудың да аласарар, 
еңсесін еңкейтіп, шөккен түйедей ырыққа көнер тұсы, міне, 
осынау алып таулардың аспанмен таласқан тэкаппар тізбегі
83


тізе бүккен жерде, сонау бір үйірінен адасып қалған жалғыз 
шынардың түбінде ОНЫҢ аты байлаулы түратын. Ал өзі 
жап-жасыл аршаны жамыла ойға батып берғі жағалауға
- БІЗДЕРГЕ көз салатын. Салт атты жүмбақты жанды алғаш 
рет жалғыз шынардың жанынан көргелі бері де екі жыл өтті. 
Биыл үшінші көктем келіп, жайма-шуақ жаз да етек-жеңін 
жинай ширап, пісіп қалған шағы. Енді біраздан соң Алтайдың 
сарша тамызы басталады. Содан соң сары ала күз, содан соң 
қоңыр күз ақ жауыны аралас сылбыраң күз, содан соң алғашқы 
қар, белуардан келер қар, қыс... Ерік жаурағандай өз-өзінен 
тітіреді. Әне Мүзтау жақтан Күннің шеті қылтиды. Жарықтық- 
ай, сағыныштың от-жалынына оранып ыңырана көтерілді-ау. 
Жарықтық-ай, мүқым әлемді қуаныштың күндағынан оятып 
қуатымен нүрландырып, тіршіліктің мэңгілік толастамас, 
тоқтап, тоқырамас күйін шерткендей, шексіз аспан әлеміне 
көтеріле берді. Тоқтататын күш жоқ!
Ерік өзен жиегінде көп түрды. Салт атты, жаулықты Қыз 
көрінбейді. Көңілін алаң биледі. Қарсы беткейге қарай-қарай 
қарашығы талып, жанары жасаурады. «Бүгін еді ғой келер 
күн». Иә, эр жылдың көктемінен бастап, қоңыр күзі түскенше, 
айына бір рет қылт етіп корініп, Ерікпен алыстан амандасып, 
тілсіз тілдесетін Қыз бүгін кешікті. Оның себебін Ерік 
ешқашан біле алмайтын, тіпті сол аты-жөні, түр-түсі беймәлім 
Алтай аруы ендігі түрмысқа шығып - қайтып шықпас торға -
семьялық торға қамалған шығар. Есекдэмемен жүрген жігіттің 
ел ағасы жасқа жеткенде, қиырдағы қиялдай қызға қызығары, 
біздер үшін, көрсеқызарлык болып корінер еді. Ал Ерік үшін 
өмірінің ең аяулы сәті, жүрегін дірілдетер асылы, арман қүсы, 
дүниедегі жалғыз ғана көз куанышы, шаршаған, шаршап барып 
болдырған жүйкесін жібітер, бойын сергітіп, ойын маздатар 
тамыздығы, ат болып кеткен тірлігінен адамға айналдырар 
күдіреті. Айнаға деген саздау тартқан салқындыктың себебі, 
тіпті де Бекзат емес, осынау елес сынды салт атты қыз еді. 
Жарының жанына жакындаса болды, салт атты кыз көз алдына 
көлеңдеп, екеу арасына ала арқан керіп түрып алатын. Осы 
бір ішкі қиналысын Айнаға сан рет айтуға оқталса да, батылы 
барған емес. Қорыкқаны емес, соңына шырақ алып жүріп 
қосылған қосағының көңіліне көлеңке түсірмеудің камы еді.
84


«Ол бүгін жоқ. Келмейді», - деп, кетуге ыңғайланғанда, 
таудың төбесіне жалғыз жолаушы шықты. Елес шығар. Мүмкін 
емес. Дымданған жанарын уқалап-уқалап кайта қарады. «Сол! 
Өзі». Таулы Алтайлык Қыз ақ боз аттың үстінде ертек элемінен 
оралғандай, бергі бетке - Қазақстан жеріне қаская қарап түр 
еді. Әншейінде тыпыр етпейтін, эншейінде аспан ойылыгі 
жерге түсіп кетсе де, бүлк етіп сокканы білінбейтін, бар-жоғы 
белгісіз жым-жырт жататын жүрегінің кеудесін тепкілеп, 
дүрсілдеп ала жөнелгені соншалық, Ерік басы айналып қүлагі 
қалмау үшін өзен жиегіндегі балапан шыршадан үстай берді. 
Ыстығы көтерілгендей, екі беті дуылдап, көзі карауытты. 
Мүндай ес танды хал бүрын-соңды болып көрген жоқ еді, өз 
сезімінің осыншалық ор серпіп, өрг тигендей лапылдауын 
көтере алмады білем, төтеден ауыр соккы тигендей есеңгіреген. 
Ал анау шынар түбіндегі Қыз қызыл орамалын бүлғап, бүған 
белгі берген. Содан соң ептеп қана атын тебініп, өзенге қүлдай 
бастаған. Еңіске лоқылдай, тайғанақтай аяңдаған аттың түяғы 
тиген тас шегірткедей ыршып барып, екпінімен домалай 
жөнелді. Ақбоздың жүрісі бүзылған соң, Қыздың әлгіндегі 
күмістен шапкан ескерткіштей тіп-тік сәнді отырысы ойран 
болып, ердің касынан асып кетпейін деген сақтықпен үзеңгі 
бауды шірей шалқақ тартады.
Қызыл жаулықты Қыз Қатын суының жағалауына такалып, 
аттан түскенде ғана, ес-ақылын жиған Ерік тас тиген шыныдай 
шытынаған санасын жамап-жасқап саябырлады. Көз алдындағы 
көкмүнар айқара ашылғанда, ар жағынан, тэңірім-ау, түнде 
түсінен, күндіз есінен шықпайтын ақ боз атты Қыз тотыдайын 
таранып, өзеннің жарқабағында түрды. Қан түйіршіктері 
кайтадан ойнақшып, бекерден-бекер қадала қарағаны болмаса, 
өткел бермес өзеннен кешіп өтер, жүзіп өтер дэрмен жоқ 
бейшара жігіт тағдырдың осы бір опасыздығына назаланды. 
Ал Қыз ше? Ол бүрала басып суға тақалды да, алақанын 
толтырып үрттады. Содан соң бүған күле қарап жүрелей 
отырды. Оның әлгі әрекетін Ерік те қайталады. Су тым суык 
екен. Аш өзегін қуалап өтті. Осылайша бірін-бірі екі жағалауда 
түрып аңдыса бақылаған олар қүла-жалдана қүлап аққан Қатын 
суын суалтар қүдіреттің жоқтығына налығандай мүңдықты 
күй кешкен. Бэлкім, махаббат деген осы шығар... Ынтызар екі 
адамның ындынын қүртар, бір-бірін мэңгілік айырар... өткелі
85


жок өзен ағып жатар ортада; бэлкім «сырғаңды қайық қылып 
откіз мені» деп, энғе қоскан баяғының ғашықтары тағдырдың 
осынау иттігіне күйінгендей, шырқырай шырқаған шығар; 
бэлкім, екеу арасында өткел бермес оркөкірек озен ағып жатса
- махаббат... уа, сол өзен жоқ болып оп-оңай қосылғандарды
- ерлі-зайыптылар дейміз бе? Жүзіп өтем деп суға ағып 
өлгендер қаншама... Сансыз... Мүмкін, баяғыда... осы өзеннің 
аты жоқ кезде, дэл осылайша екі жағалауда түрып бір-біріне 
ғашық болған қыз бен жіғіт өзеннен оте алмай қиналған сәтте, 
эрқашан еркектен гөрі тэуекелшіл эрі батыл келетін эйел 
заты бірінші болып суға секіріп, жүзіп өтем дегенде ағып 
олген шығар, содан ел Қатын суы атаған шығар... Қатынның 
күлаққашты кылар шуы каншалықты айғайласаң да анык 
естіртпей, тек шың-шыңдаған үзік-үзік үн ғана жетер еді. Бірак 
Ерік «атың кім?» деп, айғайлауын тоқтатқан емес-ті. Бейне анау 
Қыздың есімін естісе, Қатын суы таяз тартардай «Атың кім?!» 
деп жэне озандады. Қыз басын шайқады.Ести алмадым деген 
сыңай танытты. Бэлкім, естісе де, бэлсініп айтпады. Күн едәуір 
котеріліп қалған. Ағаштардың самаладай үп-үзын көлеңкесі 
біртіндеп түжырылып, таңғы салқын саябырсыды. Осы кезде 
Еріктің тура қүлағының түбін жанай ұшқан ара әп-сәтте арғы 
жағалауға ұшып өтіп кетті. Шапшаңдығына қарап ажыратты: 
бұл Еріктің Америка құрлығынан алдырған «жауыз арасы» 
еді. Қызыл орамалды Қызға өзінен «қауіпті буданның» бұрын 
жеткенін қызғанғандай, «атаңа нәлеттің бал үшін бармайтын 
жері жоқ» деп ғайбаттады. Со-о-н-о-оуу ит өлген жер, өзге ел, 
өгей жүрттан қолы жетіп, бүкіл республикада жок араның жаңа 
тұқымын алдырған құдіреті қор болып, ені үш жүз қадамнан 
аспайтын өзеннен өте алмағаны жанына қатты батты-ақ, амал 
не, тоқтататын күш жоқ. Егер зэуде мынау албасты судың үстіне 
көпір саламыз деп, қаражат жинап, есеп ашса, Ерік барлық 
байлығын садақалар еді. «Әттең, араға айналып, арғы бетке 
ұшар ма еді...» деген бала қиял тербеп мелшиіп тұр. Қыз мұны 
ынтықтыра түскісі келгендей, қалтасынан айна алып, шашын 
тарады. Шашын қырыққан, қысқалау эрі көмірдей кара, тал 
бойына озгеше жарасады. Ат үстінде жүргендіктен бе, джинсі 
шалбар киген. Алыстан қараганда ұлға ұқсайтын. ¥лтының 
кім екенін білмейді. Әлде қазақ, элде ойрат қызы. Таулы Алтай 
олкесіндегі Жазатыр, Қосагаш жағында қазактар тұратынын
86


білетін, алайда бұл тұстан алыста емес пе. Мүмкін, жайлауға 
осы жакка шығатын болар, бэлкім, ол да омарташының қызы 
ма екен. Кім болғанда да киыр жайлап, шет қонатын қарапайым 
шаруаның баласы. Әйтпесе мынау алып тауларды атпен асып, 
корықпай жападан-жалғыз жүрер ме еді...
Үсті-басын сылана түзеғен қызыл жаулыкты Қыз лып етіп 
ак бозға мініп алды. Содан соң соншалықты бір жарасымды 
қылықпен қолын бұлғап қоштасты. Не істерін білмей ербиіп 
түрған Ерік кұлынша аққан жылкыдай аласұрып, тағат таба 
алмады. Ол да колын ербеңдеткен, алайда онысы коштасу 
рэсімінен ғорі элдекімнің әкесінен түсіп балағаттап кіжініп, 
кетсең-кет деғен зерезеп қылыққа үқсаған. Қыз бұл жолы тау 
асып кетпей, Қатын суының ағысымен жағаласа құлдаған. Ерік 
те біраз жерғе дейін еріп барып, Қыз сай аңғарындағы қалың 
ағашқа сіңіп, көзден тасаланған соң ғана, дымы құрып кері 
кайтқан. Бұтақтары жабағыланған ешкісамырсын, эсіресе, мол 
еді, жыныстанып жіғіттің жолына бөғеу болды. Үйреншікті 
сиыр соқпағына түскенше, онсыз да жүйкесі жүқарып келе 
жатқан Еріктің жынына тиді-ақ. Орман тіршілігі қызған шақ. 
Азық тасыған тышқандар тынымсыз. Ол алғаш рет өзін жек 
көрді. Еш нәрсеге зауықсыз, өмірге окпелі. Әлем өртеніп кетсе 
де энін салып, мұңсыз-камсыз жүре беретін Тағанның өмірі 
қызық шығар. Дүниені парық қылмайтын діні берік, өз-өзіне 
сенімді, мақсаты айқын, төрт құбыласы тең Ерік дэл осылай 
іштен тынып, сары уайымға салына түңілмеген шығар, дэл 
осылай мүңға батып, керексіздігін сезінбеген шығар. «Осы 
мен кіммін?» деп, ешқашанда ойсырай ойланып көрмеген 
омарташы кеңістікті далдалап, көкжиекті көміп тастаған 
орманды күл-талқанын шығара балталап, аралап қиратқысы, 
отағысы, от жіберіп өртегісі келді. Өзі де білмейтін өкпелі 
ашуға алдырып көзі қанталады, көңілі көгеріп-сазарды, санасы 
кекпен кептелді. Неге? Түсініксіз. «Әй, сол бір сайтан секілді 
сандалған кызды қойшы. Енді қайтып көрмеймін» деп бекінді, 
белін бекем буды. «Жаным тірі болса, ондайлардың онын 
табуға болады. Қалтамды ақшаға қампитып калаға барайыншы 
бэлем үйірімен тоғытайын». - Осы бір кіжінісі оның жүрісін 
шапшаңдаткан.
Омартаға жеткенде, Айна үйқыдан тұрып, шай қойып жүр 
еді.Орман арасынан ойда-жоқта шыға келген еріне аңтарыла
87


қарап тұрды да: - Биелерді неге айдай келмедің, құлындарды 
байлайтын уақыт болды ғой, - деді жұмсақ үнмен. Қайда 
барғанын сұрамағанына Еріктің онсыз да шытынаған шыдамы 
қарс айырылды.
- Ыбылжыған түріңді-ай, құдай-ау, неге ұрыспайсың, неге 
әйел болып назданбайсың, бұлдана еркелемейсің? Ала көзіңмен 
ата қарашы! Өкпелеші. Өтірік болса да жек көрші!
Айна Еріктің тұлан тұтқан жүзіне үлкен қоңыр көздерін 
төңкере қарады да:
- Не үшін? — деді қаймақшыған жұқа ерні сәл дірілдеп.
-
Намыссыздық қой бұл! Не өлі, не тірі екенің белгісіз 
бейкүнэ бір мүскін...
- Не көрінді саған? Оразамызды ашпай айтысамыз ба?
- Іштей атысқанша, сырттай айтысайық, түбі бір тірелетін 
түйық бұл.
- Түкке түсінсем бұйырмасын. Осыншалық жазғыратындай 
жазығым не?
- Иә, иә, осы жазықсыздығың мені жындандыратын. Үн- 
түнсіз, айдағаныма жүріп, айтқаныма көнетін жуастық эйелдің 
қадірін кетіретін, қасиетін жоятын.
Күйеуінің осыншалық күйгелектеніп, сөз боратқанын 
алғаш көргеніне эрі таңдана, эрі тосырқай толқыған Айна «мен 
де ағыл-тегіл ағызайын» деп ойлады да, ғадетінде жок мінезді 
мініс аты қыла алмай қиналды. Тіпті күйеуінің ызғар шашқан 
жүзінен сескеніп, ұрып жіберсе кайтемін деген қауіп жеңді. 
Өмір бақида денесіне таяқ тиіп көрмеген ол осынау ер азамат 
атаулының жұдырығын керексінгендей ме... еркектің айбыны! 
Еркектің қамшысы! Еркектің қоқиланып күш корсете сөйлер 
менмендігі, тэкаппар да таңғажайып ашуы емес пе шығыс 
эйелінің көксері. Айнаның бойын кекті долылықтан, қарсы 
шабар бетпақтықтан горі көңіл сабасын толғап пісер эуестік 
биледі. Ішінен тағы да ұрса түссе екен, ұрам деп ұмтылса екен 
деп тіледі де. Ежірейе экіреңдеген Ерік сөзін:
- Шіркін-ай, тал бойыңа біткен осыншалық сұлулықты 
сұп-суық мінезіңмен қор қылдың-ау... Ажарың бар, ашуың 
жоқ. Сондықтан да бір-бірімізден жеріп барамыз.
- Осыған кім кінэлі? - деді самауырға шоқ салып түрған 
Айна. - Осы маған тағылған кінэнің барлығын өзіңе қайырсам 
қайтесің... Осы менен күткен мінез-құлықты, қылықты, сенен


күтіп қөксемейді деп ойлайсың ба? - Енді Ерік тосырқап қалды: 
- соңғы кезде - деді Айна, - Мейлінше жайбаракат калыпта, -
сенің де бір нәрсеге басың қатып, сенделіп жүргеніңді сезбейді 
дейсің бе? Менің сүлулығымды сусындап тауысқандай, тіпті 
бүл өмірде бар-жоғыммен де санаспай сансырайсың, оз-озіңнен 
сандалып шаршайсың, өз-өзіңнен озегің жанып өкпелейсің. 
Неге? Өтірік сойлесек те, өтірік өмір сүруге болмайды ғой. 
«Сыйларға тілің жок болса да, сипарға колың жоқ па?» - деп, 
апам айтып отырушы еді...
- Ой, өзің шешен екенсің ғой. Айта түс. Сырың жаңа ғана 
ашылып келеді...
- Айта түс деп айтақтамай-ақ қой, Аламойнақ емеспін. 
Шырынымды сорып тауысқан екенсің, киналма деп қинама, 
апарып таста ауылға.
- Міне-міне, бәрекелді, осындай екенсің ғой...
- Иә, осындаймын. Тоғайдағы торғайда да ашу бар.
- Түсі-нек-те-е болды, - деді Ерік әйелінің қолындағы шым- 
шуырды алып, самауырға шоқ салмақ ниетпен.
- Жағымсымай-ақ қой, оттығы онсыз да аузы-мүрнынан 
шығып түр.
Екеу арасындағы айтыс созалаңдап барып, жарасымды 
эзілге ойыса бастаған. Расында да, тоң-торыс күйдің тоңы 
жібігендей, жүздеріне жылу жүгіріп, бітеу жараның аузы 
ашылғандай болып еді.
- Әй, Айна, несін жасырайын, мен ғашықпын, - деді Ерік 
әдетінше шашынан сипап.
-Тағы да ма?
- «Тағы да масы» қалай?
- Осыдан он жыл бүрын маған осылай деп едің.
- Мен ойлаймын: ғашыктықта түрлау жоқ, шек жоқ, 
сондықтан да мэңгілік...
- Бүрын-соңды естімеген пәлсапа екен. Қашаннан бері?
- Үшінші жыл...
- Ғашығыңның кайда екенін білуге бола ма?
- Өзеннің ар жағында.
- Ой, суайтым-ай, - деп, Еріктің кең жауырынынан 
алаканымен салып қалған Айна сыңғырлай күліп, екі иінінен 
дем алған жез самаурынды дедектете жөнелді.
- Шын айтамын, - деп айғайлады Ерік. Осы кезде қойма-
89


үйден: «Дүние, қудым сені он жасымнан» деп бақырған Таған 
әлі де тірі екенін тарғыл даусымен дәлелдеді.
Иә, Таған маскүнем тірі еді. Тірі ғана емес, бүғін әбден 
үйқысы қанып, сергек түрды. Түні бойы мазасын алатын 
машақат түс, көзі жүмылса болды, пышағын тамағына такап, 
тісі ақсиып, сілекейін шүбыртып сақ-сақ күлер қүбыжық, шеті 
мен шегі жоқ жапан түз, жалпак далада аузынан үскірік шашып 
қуатын жеті басты айдаһар да, бүл жанталасқан сайын, суырып 
тартар үйық батпақ та, айран болып аққан миын талап жейтін 
мың-миллион күрт-қүмырсқа да, зеңгір аспанның шырқау 
биігіне көтеріп үшып, тастап жіберер самүрық қүс та, шегінген 
сайын мінбелеп, өкшелеп қуар сансыз көп машина мен мүйізі 
қарагайдай ала өгіз де - бәрі-бәрі бүрынғыдай қаратерге түсіріп 
қинамай байыздаған. Жайлауға шыққалы өз болмысындағы 
озгерісті ептеп байқап, мүның жонін неге жорырын білмеді. 
Аш қарынға тартып жібергенде, есіріп, шыға келер қайран 
коңіл бүгінде жөпшеңкіге бой алдырмай, қарсылык білдіре 
бастаған. Бэлкім, күні бойы қимылдаған соң, ащы термен ащы 
ішімдік те шыгып кете ме, элде әсер етіп жүрген таудың салқын 
да саумалдай ауасы ма. Қалай болғанда да Тағанда түлеу бар.
Ескі әдетімен әндетіп түрды да, керіле есінеп тысқа шықты. 
Күн арқан бойы көтеріліп қалған. Ерік жылқыларды қайырып, 
қүлын үстап жүр екен, бүған назар аудара қоймаған. Сыра 
сүрағысы келіп түрды да «қой, беті-колымды жуып алайын» 
деп өзенге беттеді. Коптен бері жаңбыр болмай, су мөлдірленіп 
қалған. Соның өзінде де Мүзтаудан бастау алар Қатын суы 
қылаңданып ағатын. «Суға түссем қайтеді?» деп ойлады, ежелгі 
еріншектік жібермеді. Беті-қолын шала-шарпы шайды да, кері 
оралды. Аққулық биенің ақборте күлыны үстатпай эуре ғып 
жүр екен. Таған бір жағынан жасқап көмектесті.
- Бір үйге екі биенің сүті де жетпей ме, үшеуін бірдей неге 
сауасыңдар? - деп сүрады.
- Аққулықты желіге үйрету керек.
- Менің білуімше, қүлыны бар жылқыны қулық демеуші
еді.
- Пэлесін қарай гөр, мал таниды-ей, былтыр қүлын тастап 
кеткен соң, солай атап кеткеміз, - деді Ерік кекесін араластыра:
- Түсінде қызыр аян берді ме, сыра сүрамай неғып шыдап 
түрсың?
90


- Өзің бергенше, ішпеуге бекіндім:
- Мұның - дүниені дүр сілкіндірер жаңалық.
Айна есіктен басын кылтитып шайға шакырды.
- Бүгін не істейміз, пішен үйіліп бітті ғой, - деді Ерікке 
ерген Таган.
- Сендерге демалыс жариялаймын, ал мен аң қараймын.
- Ерте кетсең қайтеді, ішім пысады ғой.
- Сенің иісіңді сезген мүқым Алтайдың аңы ауып кетер. 
Сыраны тойғаныңша іш те, сылқиып үйыкта. Қолың қышып 
бара жатса, анау кеспелтек ағаштарды жарып, саржан сал... 
Бүгін мен сені танымай түрмын-ей...
Дастарқан басында төрт көздері түгел жиналған соң, 
Нүрке кемпір алаканын жайып, ерні жыбырлап бата жасады. 
«Бисмилла» деп, қара ала кеседегі қаймақ жүзген қүла шайдан 
үрттаған соң ғана, қалған үшеуі асжаулықтағы дэмге қол салған. 
Түннен қалған етті жылытпалап қойған екен, буы бүрқырап, 
сорпасы кілкілдеп түр. Күндегіден гөрі бүгінгі ертеңгілік шай 
көңілді ішілді. Әркайсысы «ішімдегіні тап» деп томсыраймай, 
эр нәрсенің басын бір шалып әңгімеге араласты. Қабағынан 
қар жауып, эр сөзі сатулы болып отырар Ерік те еріккендей, 
томаға-түйық мінезінің шарбағын сындырып алқалы топ, 
алка-қотан эңгімеге қосылғандай еді. Бүгінгі дастарқанның 
шырайын кіргізген, эркімге бір қалжың айтып, айызы қана 
рақаттана күлген-ді. Нүрке кемпірдің де жүзі жайдары, 
кимешегінің жақтауын сырып қойып, балаларының жарасты 
қалжың, жадыраңқы сүхбатына араласып қояды. Айнаның екі 
бетінің үшына қан ойнап шыққан, әдейі бояса, дэл осындай 
жарасымдылық таппас еді. Күлгенде оймақтана қалар бетіндегі 
шүңқыры да, мөлдіреген бота көзі де, үзын мойын, бүлкілдеген 
аппак тамағы да - бәр-бәрі жаңаша сипат, соны сүлулықпен 
маңайына нүр шашады. Отыздан асқан жасында өңіне қылаудай 
кырбаң түсірмей, таңғажайып эдемі күйінде сақталып қалуы
- мэңгі мэңгіріп жүрер Таганды да тамсандырған-ды. Әсіресе, 
қолы майысып шай қүйылған кесені үсынғанда, үйқыдан 
шошып оянғандай сәл-пәл дір етіп, іркіліп қаларын Ерік пен 
Нүрке кемпірден жасқана жасыратын. Ішкі әлеміне де ошақтан 
ыршып түскен шоқ секілді осынау секемшіл, бірақ... Жаныңды 
жарылкар сезімінен өзі сескеніп, Айна жаққа қарамауға бар 
күшін салып бакты. Міне, кезекті тағы да келіншектің қолынан
91


алуға тура келді. Амалсыз қарады. Ұрлығының үстінен шыға 
келетіндей, тынысы тарыла, әншейінде қозғалақтап тыным 
таппайтын саусақтары бүрынғысынан ары қалтылдады- 
ай... Кеседегі шай шайқалып, төгіліп кете жаздады. Осы бір 
ыңғайсыздықтан қүтқарғысы келді ме, Нюра Федоровна:
- Қалқам, қолың қашаннан бері дірілдейді? - деп сүрады.
- Ішкеннен бері, әсіресе похмель жасамаған күні тыным 
таппайды.
- Одан қүтылудың жолы бар,- деді кемпір.
- Қалайша?
- Ішпеу керек.
- Ой, апа-ай, - деді Таған аузын тістеп алатындай нанды 
талмап зорға жеп отырып. - Оны өзім де білемін ғой. Маған 
қалай ішпеуге болатынын үйретсеңіз.
- Ол да қиын шаруа емес, шырағым.
- Оңай емес, шешей, оңай емес, бір жыл емделіп жазыла 
алмағанмын. Елге оралған соң, табаны күректей екі ай шыда- 
дым. Содан соң кайта қосылдым үйіріме. Бүл дертке үшы- 
рамаңыз, бір рет ауырсаңыз, өмір бойы тас кенедей жабысып 
айырылмайды.
- Үзілді-кесілді қойып кеткендер бар ғой, - деді Айна. -
Біздің ауылда бір әйел салынып катты ішті. Мас күйінде бала- 
сын емізіп отырғанда, үстіне үйықтап қалып, түншыктырып 
өлтірді. Сол сокқыдан кейін кайтып татпай кетті.
- Өз баласын өзі өлтіріп алған соң, койғанынан не пайда,
- деді Ерік.- Ондай әйелдің өзін түншыктырып өлтіріп тастау 
керек. Қүдай біледі, сол катынның өзге балалары бар болса, 
түгел жарымжан шығар.
- Рас, - деп күйеуінің сөзін қүптады Айна. - Толғак кыс- 
канда, арақ ішіп алып босанған кезі де болған. Байғүс күйеуі 
сиырға дейін өзі сауып, бүкіл үй шаруасын өзі істейтін.
- Өйтіп бала тапканша...
- Осы әңгімені қойсақ қайтеді, - деп Таған жолдасының 
сөзін бөлді. - Өңешім жыбырлай бастады. Тиесілі бір саптыаяқ 
сырамды ішіп, отын жаруға кіріссем деп едім.
Ерік орнынан үнсіз түрды да, нан пештің іргесінде жабулы 
түрған ағаш күбідегі ашуы жеткен сырадан қүйып әкеліп берді. 
Әлгінде ғана моп-момақан болып кәперсіз отырған Таған көзі 
жайнаңдап бас салып, сылқита жүтып ыдысты басына бір-ак 
көтерді.
92


- Уһ, ракатын-ай, сені жамандаған адамның аузы кисайсын,
- деп далаға шығып кетті.
- Кісі болудан калған. Бекер тэрбиелейсіз, - деді 
шешесіне.
- Үлым! -деді Нүрке Еріктің сөзін жактырмаған сыңайда. -
Сен өйтіп арыстай азаматтың обалына қалма, білдің бе... Сенің 
бүл қылығың жөн емес.
- Үйбай-ау, тәте-ау, мен бе екен оны маскүнем қылған. 
Өзінің осалдығы, иттігі. Бәлкім, тұкымынан солай шығар. Бар 
жазығым аштан өлгелі жатқан жерінен жинап-теріп алғаным 
ба?
- Сен оның түқымына тиіспе. Оның асыл текті сойынан 
көрген жақсылықты бүл дүниеде қайтару екеуміздің де 
қолымыздан келмейді. Менің бүйтіп тірі отырғаным, сенің 
бүйтіп жер басып тайраңдап жүргенің - Тағанның шешесінің 
арқасы, білдің бе?
- Ес білгеннен бері тірі жанға қарыз емес екенімді, бір 
адамнан бір сом қарыз алмағанымды, өзімді өзім асырап 
жеткізгенімді ғана білемін. Ал одан бүрынғысының өтеуін 
өзіңізге тапсырдым,- деген Еріктің тік сөзі Айнаның қасын дір 
еткізді.
- Енді ғана шүйіркелесіп шай іштік пе, ішпедік пе деп 
отырғанда...
- Өй, койыңдаршы, мұкым сәбет медиңинасы мен мили- 
ңиясы жонге сала алмаған ақымақты корғаштамай. Козіне кок 
шыбын үймелетіп, екі окпесін тепкілеп жұмыска салсаң ғана 
сандырағын қояды, - деп далаға ата жөнелген ұлының соңынан 
жүзі сынық күйде қарап қалған анасы:
- Тағаннан қай жерім артық деп ойлайды екен, - деп 
күрсінді.
- Апа-ау, апа. Тағанның шешесі жайлы айтып беріңізші. -
Келінінің бұл сөзі татулыкка, отбасының берекесіне икемде- 
гені екенін ұққан қария суық жанар, сұсты жүзіне жылу 
жүгіртті. Шамды шыр айналған көбелектей үшып-қонып 
тыным таппай жүрген келіннің жазығы не? Жазығы - түзге 
отырғызып, моншаға түсіріп, дәретін алдырып, асты-үстін 
тазалап, «апалап» жүргені ме?
- Садағаң кетейін, келінжан-ай, сен болмасаң, бір сабақ жіп 
жалынбай ма. Көзімнің қуанышы, көңілімнің жұбанышы өзің-
93


сің. Жалғыз ұлға теріс батамды бермеймін, бірақ, бірақ... 
осындай қаттылығы қинайды мені. Таған жазғанның, ата- 
анасы жайлы әңгімені өзіміз бір оңаша отырғаңда айтып 
беремін. Ал қазір анау ұлдың қасына бар, долданып жүріп 
долы өзенге секіріп кетпесін, - деп жанарын шылаған жасты 
бет орамалымен сүртіп тастады.
-Апатайым-ау, бүйтіп боларға да, болмасқа да босамаушы 
едіңіз ғой. Ерік бізден асып қайда барар дейсіз. Өзі соңғы кезде 
бір түрлі боп жүр. Әлгі вертолетші де кешікті. Сол келгенде, 
мәз-мейрам, қанбазар болып қалушы еді.
Айна далаға шыкканда, Ерік мылтығының үңғысын таза- 
лап, қапшығын арқасына таңып, жол қамына қамданып түр еді. 
Оғы жоқ мылтықтың дүмін кеудесіне тіреп, арғы жағалауды 
көздеп көрді. Әйелі ептеп басып келіп иығына қол салғанда, 
сол қарауылға қадалған қалпын өзгерткен жоқ.
- Омартаға екі қонжығын ерткен аю келді, - деді Айна.
- Қашан?! - деп жалт қарағанда, окыс қимылдан шошына 
шегінген келіншек: - Алдыңғы күні түнде, - деді көзі 
жаудырап.
- Ендеше, ол үзаған жоқ, осы маңайды төңіректеп жүр. 
Іздеп табу керек.
- Оны қайтесің?
- Прохор үш жылдан бері аюдың терісін баласының 
терісімен коса тауып бер деп, қолқалап жүр емес пе. Бір нэрсеге 
көңілі ауса, кырық жыл кыр соңынан қалмайды.
- Обал ғой, терінің қалаға қажеті қанша?
- Сәндік үшін. Екі креслоның басына екі қонжықтың 
терісін жауып, журнальный столиктің алдына енесінің терісін 
жайып тасталық делік... Көз алдыңа елестетші, әдемі емес пе?.. 
Кейін қалаға көшіп, үй сатып алсақ, өзімізге де керек.
- Қүрысын ондай сәндігі. Менің тілімді алсаң, ата көрме 
аюды.
- Ең эуелі атқыза ма деп сұрасаңшы... Жэ, жолымды 
бөгеме, аттанамын. Егер Тағанның таңдайы тақылдай бастаса, 
бір саптыаяқ сыра жүтқыза сал. Козіңнен таса кетпесін, өртеп 
жүрер...
Кокбестіге сарт етіп мінді де, тақымын қысып тебініп еді, 
иесінің эр қимылына сыралғы болып калған құр ат тайпала 
жөнелген. Қаққан қазықтай тіп-тік болып, ат үстінде қаздиып
94


отырған күйеуінің ертегінің батырындай болат мүсініне қарап, 
сүйсінген Айна аспаннан ағып түскен бөтен бір асыл азаматқа 
қызыққандай, жанары жанып үзатып салды. Тихойды омыраулай 
кешіп, арғы жағаға өтіп, орманға сіңіп көзден тасаланғанда 
ғана, қимай күрсініп кері оралды. Білегіне шелек іліп бие 
саууға беттегенде, үй сыртындағы отын жаппаның, алдында 
әлденені күбірлеп, ағаш жарып түрған Тағанды көрді. Моторлы 
щербекпен кеспедектей туралған қарағайды балтамен қак-қақ 
айырады. Қаруы қайтпаған әрі орман арасында өскендіктен- 
ау, отын жарудың айла-тәсіліне төселген ыңғай танытады. 
Жарылған жаңқаларды жаппаның ішіне бақшалап жинап, 
тәлтіректеп жүрсе де, шаруасынан шалағайлык жібермейтін 
ісіне қүнтты корінеді. «Не айтып жүр екен, - деп ойлады Айна.
- Өзімен сөйлесіп, әңгімесін тыңдаса... Қайдан көрдім? Жүзі 
күн өткен сайын жылы үшырап барады». «Қайдан көрдім?» 
деген сауал тіпті тіміскілеп соңынан қалмай-ақ қойды. Бие 
сауып отырғанда да, саумалды сабаға қүйып шыққанда да -
осы бір қандауырдай қадалған ойдан арыла алмады.
«Қайдан көрдім?»
Күн сәске болганда, ак тер, кара тер болып быршып терлеп, 
бет-аузын жылымшы су басқан Таған балтаны лақтырып 
жіберді де: «шөлдедім!» - деп, аю талагандай қорқынышты 
үнмен айғайды салды дерсің. Оның оспадар даусын төсек 
үстінде шегеленген кемпір де естіді. Мынау жылдар бойы 
тыныштық ұйыған ағашты аңғарда алғаш естілген айғай «жау 
шаптыдан» кем сокпап еді. Дүбірлі ел, думанды жерден жеріп, 
осынау сыңсыған жыныс орманның арасыңдағы алақандай 
ғана алаңқайға қашып тығылған ендігі момақан өмірлері 
кісікиіктендіріп тастаған ба, немене, шошына елеңдетіп, тіпті 
сол октай атылған оқыс айғайдың қайталануын күткендей 
ме?.. Тэңірім-ау, адам дегеннің айдалада адасқан қаздай болып 
жаны жабырқап жүдеп жүргенде осындай есіріктеу айғайды 
сағынады екен-ау. Тэңірім-ау, айғай да адамның, серігі, бұл 
жалғанның жарығын жариялар, өзіңнің қара жерді басып, тірі 
жүрғеніңді есіңе салар жаршысы екен-ау...
Сасқалақтап үйге жүгіріп кірген Айна саптыаяқты пеш 
үстіндегі сыра ашыткан ағаш күбіге ала үмтылып еді, оны 
кемпір тоқтатты.
-
Қоя тұр, келінжан, - деді оң қолын жоғары көтеріп. -
Келсін де өзі осында. Шақыр.
95


Екі ортада саптыаяқты ұстап делдиіп тұрып калған Айна 
енесінің үнінен зіл байқады. Бүл шақта алты айрыгынан тер 
саулаған Тағанның өзі де өз көлеңкесіне өзі сүрінғендей, 
калбалақтап жетіп қалып еді. Іші бос ыдыс үстаған Айнаға:
- Немене, күйеуінің визасынсыз сыра бермеуші ме едің? 
Табан ет, маңдай терімнің ақысы емес пе... Есікте жүрген 
күлдың да бір аяқ астык қүны бар емес п е,- деп шаптыға 
ежірейді.
- Сен, шырағым, өйтіп келініме кесірлігіңді көрсетпе. 
Ондай оспадар сөз, ожар қылыққа үйренбеген. Сен біздің емес, 
қүлкыныңның қүлысың, білдің бе. Алтайдың аскарына аяқ- 
қолыңды матап әкелген эміршің жоқ шығар. Келген екенсің, 
келімсек болмай жөніңе көш. Енді бүдан былай сыраны тек 
менің рүқсатыммен ішесің. Көнсең осы, конбесең көшке берген 
тайыңды жетеле де, есің барда еліңді тап. - Нюра Фадеевнаның 
дэл мүндайлық сілкініп, зеки сөйлегенін көрмеген келіні де 
арбалағандай абдырап қалды. Саптыаяқты пештің тобесіне 
тастай салды да, біреу иығынан басып қалғандай сылқ етіп 
отыра кетті. Табалдырықты басып, не ары жоқ, не бері жок 
сілейіп түрған Таған самайынан қүлаған тер тамшысын сүқ 
саусағымен сүрткілеп, не істерін білмей абдырады. Төсек 
үстіндегі қүс жастыққа аркасын тірей мығым жайғасқан 
кемпірдің кокпеңбек көзінен ызғар мен шоқ сезілді, енді бір 
сөз қайырса, қарғып түрып бас салатындай.
- Баспа табалдырықты, жаман ырым! Кір үйғе! - деп 
еді, Таған қаттырақ басса, тақтай сынып кететіндей мысық 
табандап үйге кірді. - Отыр сереймей, осы үйдің бел ағашы 
сен тобеңмен тіремесең де түсіп кетпес. Тегің қандай еді, елің 
қандай еді... сойына сойыл жүмсаған саудайы неме...
- Әй, апа, апатай, - деп кыбыжықтады, - мен сізді әлі 
сыйлап отырмын, мүндай ауыр сөзді ешкімнен, ешқашанда 
естіп корғен жокпын.
- Апа-ау, айналайын апам-ау, сырасын беріп қүтылайықшы. 
Өңіңіз бүзылып кетті ғой, - деп Айна кемпірдің жанына барып 
қолынан үстады. - Сізге ренжуге болмайды.
- Мүндай сөзді естімегендіктен есіріп жүрсің. Әкенің 
шапалағы, ананың алақанын көрмеғеннің көрғенсіз болары 
содан.
- Шеше, сіз Ерікке де осылай осып-осып ұрсасыз ба? - деп 
жуаси сүрады Таған.
96


- Ол сен секілді өз акылын өзі ішіп, көрінгеннің босағасын- 
да итаршылыкта жүрген жоқ.
- Немене, жуынды-шайындыңызға семіріп кетер деп 
коркасыз ба...
- Байқасаңыз кайтеді, жігітім, - деді Айна шыдай алмай 
ара түсіп.
- Келінжан, араласпа, бүл азаматпен арадағы айтыстың басы 
ғана. Бүл - менің де балам, тек сезбей секіріп жүр. Жарықтык 
шешесі Аналыкпен бірге мен де емізгем. Ак сүтімді актасын 
дегенім емес, кіммен тэжікелесіп тэйтік кетіп отырғанын білсін 
дегенім.
Таған: «Е, бәсе... дегенмен... ана ақ сүтін сатпас болар...» -
деп бүлғалақтай бастап еді, кемпір: «Анаңмен айтысайын деп 
пе едің?» деген соң, сөзінің соңын жөтелге жетелеп жіберді. 
Айна енесінің тарамыстанып, тамырлары адырайып шығып 
кеткен қолын сипалап байыз тапты.
- Егер осы үйде қыстағың келсе, қояр шартым бар - деді 
Нүрке кемпір, - тек менің ғана тілімді алып, айтқанымды 
істейсің, айдағаныма жүресің.
- Үйбай-ау, шеше-ау, менің бассалым, тойыс, қожайыным -
Ерік қой. Сол кісінің қарамағындамын. Бір басыма екі бастык 
ауыр тимей ме? Яғни, менің бассалымның бассалы - маган 
бассал емес...
- Сиырқүйымшақтатпа, бассал-массалыңды білмеймін, 
Ерік те менің балам, сөзімнен шықпайды. Жастайыңнан жан 
жолдасың болып қалған ашқылтымыңды пышақ кескендей 
тыйып таста деп айта алмаймын. Ондай ерлік екеуміздің де 
еркімізде емес, бірақ күнде кешке моншаға түсесің, жатар 
алдыңда сыраны аузыңа татып алмайсың. Бүл - бір. Екінші 
шартым - ертең, ерте түрғанда, Айна қайнаған суға бүқтырып, 
дайындап берген шөпті ішесің. Оның, неден жасалғанын, 
кандай шөп екенін сүрап эуре болмай-ақ қой, бэрібір 
айтпаймын, ал оның сырын жеті көкжарлы елінде менен басқа 
тірі жан білмейді. Сол дәріленген сусынды ашқарынға ішкен 
соң, жүгірген қалпың өзенге барып, шомыласың, алдымен 
денең үйренгенше, жеңіл-желпі жуынып бастап.
- Үй-бай-ау, шеше-еке-ау, қыстыгүні қайтемін? - деп 
желкесін касыды. Әлпетінде элі де болса эзіл, Нүркенің 
ақылына көне де, сене де коймас мысқыл бар.
97


- Қыста қармен жуынасың. Еңбектің де емдік қасиеті бар, 
балам, көп қимылда - арам терің, арам асың шықсын. Құдай- 
ау, «Жаман иттің атын бөрібасар қояды» дегендей, сыраны да 
«ас» деппін-ау.
- Суық суға түскенде, суық тиіп ауырсам қайтем. Мынау 
ит өлген жерге - екі қонып салт атпен әрең жетер үры-түкпірге 
«Скорый помыш» келер дейсіз бе?
—Т эйт эрі, тілің мен жағыңа сүйенбей. Сүмырай су ішіп ауыр- 
ғаннан суық тиіп ауырған сауап, шырағым. Оңдай жеңіл- 
желпі түшкіріп-пысқыратын сырқаттың сыры мэлім, бір 
үшкіргенімнен қалмайды. Сенбесең сүра Айна мен Еріктен. 
Ал енді сен, Таған, айналайын балам, ерте айырылған ата- 
анаңның аруағын сыйласаң, өлгендерді өкпелеткің келмесе, 
орында осыларымды.
- Әке-шешемді есіме түсіре бермеңізші, апа, жылаймын...
- Әй, қайдам, сен жылауды да үмытқан шығарсың. 
Адамның көз жасы - жанының нөсері, сіркіреп-сіркіреп алса, 
арты айығады, көңілі көгереді.
- Көндім, оллаһи, көндім айтқандарыңызға. Дегенмен... 
бүгінше сол ережелерді бүзуға бола ма, ақырғы рет... ертең ерте 
бастасам...
- Туһ, бүған айтып сөз, үрып таяқ өтпес, - деп шаршады 
Айна.
- Бер, - деді кемпір, - ішсін атау-кересін. Бірақ ертеңнен 
бастап басқаша сайрайсың, үқтың ба, үлым!
- Ұқтым, апа, үқтым, - деп, Айна үсынған сыраға қолдары 
қалтырап үмтыла берді.
- Қай-те-ей-ін, қарағым, элі ештеңе үға қойған жоқсың- 
ау. «Қарғайын десем - жалғызым, қарғамайын десем -
жалмауызым» дегенді осылайша тығырыққа тірелгенде айтқан 
екен-ау.
Сыраны сіміріп алған соң, жеңін әдетінше иіскеп жіберіп, 
аузын соя қолымен сүртіп өткен Таған:
- Ал, апа, енді қарекетке кірісейін, - деді есікке қарай жы- 
лыстап.
- Бара ғой. - Нюра Фадеевнаның үні жүмсақ шықты, - бара 
ғой, балам, кешке моншаға түсуді үмытпағайсың.
- Ой, ол тасмоншаға жуынғанды қойып, түнеп шығайын.
- Үлкен борыштан қүтылғандай ыржалақтай күліп, тысқа 
шықты.


Ол кеткен соң, енесінің жанында отырған Айна:
- Осы кісінің адам қатарына қосыларына күмэнім бар, - деді 
түңіліп: - «Түқымың текті еді, әке-шешеңді білуші едім» деп, 
кайта-қайта пысықтай бересіз, қайраттансын деп кайрағаныңыз 
ба, әлде расында да, мықты рудан шығып па еді?
- Рас, келінжан, рас, әкесі мен шешесінің омір тарихын 
кейін айтып беремін, ал атасы Мақажан Алтайды жайлаған 
Қаратайдың елді аузына каратқан акыны еді ғой. Бүларды 
Дәулеттің ішіндеғі Кокі дейді. Мақажанның түсінде Қызыр- 
ассалам «Коғен аласың ба, өлең аласың ба?» деп, аян бергенде, 
«олең аламын» деп, өлеңдетіп түрған екен деседі. Қазак айтты 
деген асыл соз, жақсы өлең ертеректе коп естілетін, казір оны 
білетін адамдар қалмай да барады.
Тіпті Қаратайда аузы дуалы ақын, домбыра шертер күйші, 
шыркап салған энші болмағандай тып-типыл, дауыл қүлатқан 
қарағайдай қабығы шіріп түсіп, молаққа айналғандай ма... 
Ана елдің эні, ана жерде туған күй деп, радиодан айтып-ақ 
жатады, сонда деймін-ау, Алтай қазақтарының сай-сүйеғіңді 
сырқыратар коңыр да майда, сыңсып салар мүңлы эні қайда? 
Кім оның жоктаушысы?! Жаңағы ащы суға алданып жүрген 
Таған ба, жоқ болмаса, дүниеқоңыз күй кешіп жүрген өз үлым 
Ерік пе? Міне, менің көбі кетіп, азы қалған өмірімде жанымды 
кинайтын осы жайт, Айнам, осы... Ел азарда ер-азаматы атақ 
куғыш так қүмар, қыз-келіншегі дүние қуғыш баққүмар келеді. 
Ал «бак дегенің - тойға келген кыз емес пе, байлық деген
- қолға үстаган мүз емес пе, бала - артта қалған із емес пе» 
деп, бұрынғылар бекер айтпаған. Қырықтан асқанша не үй, не 
күй жоқ Тағаннан не кайыр, не үміт. Кейде мен анау төбедеғі 
тақтайға жападан-жалғыз тесіліп қарап жатып ойлаймын: 
Тэңірім-ау, ат төбеліндей ауыл тайлы-таяғы қалмай маскүнем 
болып кеткенде, ертеңғі күні не болады, тоз-тозы шығып тозып 
таусылмай ма? Не білген ойлары бар? Ішімдік деген пэле бүл 
елге қашан дерт болып жабысты? Қашан? Кейде ойлаймын, 
осы жүрт атау-кересінішіп жүрген жок па деп. Ал атау-керені
- өлер алдында, актық демі таусылғанда ғана үрттайтын.
- Мен білмеуші едім,- деді күрсіне тіл қаткан Айна.
- Нені? - деді енесі сөзін бөлгенге елеңдей сұрап.
- Атау-кере деген сөздің торкінін.
- Алда-жалда арғы дүниеге аттанар болсам, маған да 
ішкізесің.
99


- Қойыңызшы, апа, кайдағыны айтады екенсіз. Өздігіңізден 
жүре алмағаныңыз болмаса, денсаулығыңыз мыкты ғой. 
Ауырсынып отырғандай, күн құрғатпай жиналасыз...
- Төрімнен көрім жуык екенін несіне жасырайын. Өмірдің 
қадірін білу үшін, өлімді де ойла деген. Мың жасайтын адам 
бар ма.Қорқыт та ажалдан қашып кұтыла алмаған. Лүқпан- 
һэкім де ажалдан айласын асыра алмаған...
Кимешек-шылауыш 
киіп 
аппак 
шатырдың 
астында 
отырғандай аналық мол мейірім төккен Нюра Фадеевнаның 
эр соз, эр қимылынан кіршіксіз тазалықпен қатар, кісіні арбап 
алар кірпияздык, кісіні баурап алар бауырмалдық, тек абзал 
бәйбішелерге ғана жарасар жайсаң мінез, саумал сабыр, 
самалдай байсалдылыкты аңғарасың. ¥зынш а біткен ақ жүзі 
ренжіген сәттерінде сәл сұрланатын да, ал коңілі хош, жаны 
жадыраңқы мезетте жүзі шырайланып, маңдайына шуақ 
таратып, шешіле сөйлеп шешен болып кетер еді. Көбінесе 
үнсіз, бір нүктеге қадала қарап отыратын Нүрке кемпір 
жалғыздыктың аралына адасып қалған қаздай үнсіздіктің 
торынан шыққысы, қанатын қомдап, қаңқылдай ұшқысы келер 
еді. Сырттай бақылаған пендеге: бэрі бар, бэрі жеткілікті, 
құдайдан жалғыз ұлының тілеуін тілеп отыра берер көшелі 
де көсем жасқа келді; өмірінің, барлык ыстық-суығы соңында 
қалды, алдан күтер ештеңесі жок алланың «аманатын» 
орындау ғана. Ол әсте де қара басының мүң-мұқтажын емес, 
қаймана халық, қайран елінің ертеңін ойлап амалсызданатын. 
Қартайған адамның талайына тэн: баяғысын көксеп гөй-гөйлеу 
ме бұл; элде элемнің барған сайын апшысы қуырылып, байсын 
жер байсалдылығынан айырылып, астаң-кестең күйге түсуі 
тыныштығын бүзды ма екен, калай десек те, төр жайлауда төсек 
үстінде, мамық жастықтың бірін артына, бірін шынтағына 
тіреп, не ішем, не кием десе де құзыры жүріп тұрған Нүрке 
кемпір мінезінде шатынау, тірлігінде алаң бар. Әсіресе, анау 
маскүнем жігіт келгеннен бері желсіз күнгі айна көлдей жайма- 
шуак мамырлаған өміріне өзгеріс кірді, жылжыған жылдар, 
күркіреген күндер тасасында қалған ғұмырнамасы қайта 
жаңгырығып, жап-жаңа калпында көз алдына келе берді.
- Неге екенін бір алланың өзі біледі, соңғы кезде аруактар 
түсіме көп кіріп жүр, - деді аз-кем тыныштықтың тығынын 
қайта ағытып. - Жарықтық қайын атам құранын алдына
100


өңгеріп, Мұзтаудан кұлдап келе жатыр екен деймін. Алдынан 
шығып, колтығынан демеп аттан түсіремін... маңдайымнан 
иіскеп: «сусын бар ма, келінжан» дейді. Мен кымыз ұсынып 
едім: «бал сыраң болушы еді ғой» дегені кымызды місе тұтпай. 
Меккеге барып, кажы атанып қайтқан молда атамның сыра 
сұрағаны мені қайран қалдырды. Өз ойымнан өзім шошып 
ояндым... Иә, жатқан жерің жаннат, қараңғы көрің жарық болғыр 
атамның, көзі тірісінде бүл ауыл арак дегенді аузына алмаушы 
еді. Қазіргі аңкау елдің аракка құмар молдалары сілекейі 
шұбырып, мас болып отырып құран оқитынды шығарды. 
Өтірікті судай сапырып, зуылдатқан ондай арамзаның бетіне 
түкіріп жібергенім элі есімде.
- Сіз де күран оқи аласыз ба? - деп әуестенді келіні.
- Әрине. Әйел заты кұранды күбірлеп, ішінен окиды, ал 
мен дауыстап оқушы едім. Атам жарықтык «егер еркек молда 
жоқ болса, оқи бер» деп рұқсатын берген. Содан бері үйреніп 
кетсем керек.
- Намазды үндемей оқисыз гой.
- Әй, аңқауым-ай, адалым-ай, енді осы жалғыз үйді 
басыма көтеріп «Құл-ку аллалап» отырсам, «апам құтырған 
екен» демейсіңдер ме. Сенен сұрарым, - деді кемпір Айнаның 
қолынан сүйіп.- Анау Тағанға қамқор бол. Көп ашуландыра 
бермеңдер. Қиялданған сайын қышқылтымға ұмтылар. Кісі 
қарадан карап жүріп ішімдікке қүмар болмайды. Маскүнемдікке 
итермелеген бір себеп бар. Атасы Мақажан қандай қугын- 
сүргін корсе де мойымай, ел мен жердің шыркын бұзған Ісләм- 
нэшінге:
Арқаға біткен қайыңды,
Білемін қалмак жайыңды,
Жолаушыға беруші ек,
Талқан менен шайыңды.
Обада жатып өлуші ең,
Көлденең тістеп найыңды,
Қазаққа кеп байып алған соң,
Ұмыттың ғой құдайыңды, -
деп, ежетекірекке алып еді-ау. Қайран, от ауызды, орақ тілді 
Мака-ай, сен де күндей күркіреп, жаңбырдай сіркіреп өте 
шыктың мынау жалғаннан; ұрпағың болса - анау, мәшина 
секілді - сыра құймасаң, от алмай жатып алатын. Жайлауың- 
нан сән, ұрымыңнан мэн кете ме деп қорқамын.
101


- Жұрттың бэрі олай емес қой, апа. Ерік екеуміз аузымызға 
татып алмаймыз.
- Оның да рас. Бірақ ішпегеннің бэрі тағы да ақылды, 
ішкеннің бэрі ақымақ емесін де білемін. Менің білмейтінім -
Мақажанның жүрегі, алты алашты аузына қаратқан көріпкел 
өлеңі қайда? Кім тонап алған? Неге жазбаймыз? Менің үлымда 
адамға керекті асыл қасиеттің бэрі бар, тек өлеңі жоқ. Өзінікін 
былай қоялық, тіпті өзгенікінің бір ауыз жырын білмейді, 
тіпті мүрнынан болса да ыңылдап эн айтқанын естімей өлетін 
болдым.
- Әншіміз табылды ғой, апа, бір тауга бір энші жетер.
- Сен немене, күйеуіңді жамандағаныма ренжіп қалдың ба, 
келінжан, - Нүркенің бетіне күлкі үйірілді.
- Сізге ренжуге бола ма? - Екеуі жаңа табысқандай 
қүшақтасып, бірінің бетінен бірі сүйді.
- Айналайын, шошып оянганда, қуанып уанатын жансе- 
рігім менің.
- Ойбу, биенің сауымы өтіп кеткен-ау, - деп, қабырғадагы 
таңдайы тақылдап, тілі салақтаған сағатқа қараған Айна 
жаулығын түзеп асығыс шыға жөнелді. Мейірлене мекіренген 
енесі біразга дейін «бергеніңе шүкір» деп, тэңірді жарылқап, 
сүйсіне күбірлеген. Тал түске көтерілген күн ағаш үйдің 
терезесінен сығалап, ептеп сыздау тартып, қоңыр көлеңкеленіп 
түрар бөлмелерге жып-жылы сәулесін қүйды. Айдың аты, 
күннің сәтінен календарьсыз жаңылмайтын Нюра Фадеевна 
бүгін жексенбі екенін білетін. Тура қарсы алдындағы есік жақ 
қабырғадағы көгендеулі түрған календарь бір жүмадан бері 
жыртылмай түрғанын көрді. «¥мытып кеткен ғой». Адамның 
өмірін бір жапырақ қағазға тізіп, күн-күн сайын айырып, 
лақтырып тастап отырар тірліктің түрлаусыздығы мен баяны 
жоқ өтпелілігіне өкпеледің не, өкпелемедің не - ешқандай 
күш тоқтата алмайтын салқар көш секілді, жасы жетіп 
қартайғандарды, ауру-сырқауларды соңына қалдырып, түсіп 
қалған буыншақ-түйіншек жүктеріне де қайырылмай, алладан 
сүрасаң да аялдамай ертеңіне - мүлдем белгісіз тұманды 
сонарына соза тартып аттана береді. Осынау уақыт, замана 
атты ұлы көштің шаңын жұтып, жұртта қалғандар қаншама, 
саусақпен санап тауыса алмайсың, біреуді құдай қаңғыртады, 
енді біреулер құдай бұйрығына көнбей өзі қаңғырады демекші,
102


зымыраған заманның зым-зия жоғалтқаны немесе өздігінен 
ізім-қайым жоғалғаны қаншама. Ел шыдағанға бел шыдамай, 
қиралаңдап калса, оған кім кінэлі?! Тіпті осы кінәлілерді 
іздеп табудан киын не бар? Кейде, «мүмкін, өз әке-шешемнің, 
тым ерте кеткен Тағанның экесі мен шешенің жасын маған 
жиып берген шығар. Әйтпесе жетпістің жетісіне келердей 
алла тағалаға не өткізіп қойыппын» деп ойлайтын. Осы ой 
арадай анталаса болды, ұлы көшке ілесе алмай, жол ортада 
топырак қауып калып қойған құрбы-құрдастары мұңая карап: 
«Әй, қақпас, жалғыз ұлыңды алдыңа салып жүрме?» деп, 
кінэлайтындай, табалайтындай... Мұның жазығы не? Жазығы 
көп жасағаны ма? «Жалғыз ұл» демекші, Нүрке кемпір өмірінде 
екі-үш күрсақ көтерді. Шетінеді, түсік тастады. Шетінеткен 
сол кездегі килы-қилы заман, түсік тастаткан - ауыр жүмыс, 
зіл-батпан тағдыр. Еріктің кұйрық-жалсыз калғаны да содан. 
Құдай оны да көрғендей, бауырына бала бітірмеді. «Құдайдың 
бөліп берері жоқ, біреуден біреуге алып береді» деген сөз, 
тегі, рас па. Анау ойдағы ауылда он баласы бар, бірақ асырай 
алмай көпсініп, «өңкей боқташақ» деп, қарғап-сілеп жүргендер 
қаншама. Құдай төбелерінен ұрсын, бір қозы туса, бір түп 
жусан шықпай ма? Асырай алмаса, өкіметтің құшағы кең емес 
пе. Балаларын ашаршылық жылы да аман алып қалып қалды 
емес пе бұл ел».
Ашаршылық демекші... Нюра Фадеевнаның сол бір зауал 
кезең туралы айтары көп, тіпті ендігі қалған өмірінде аманаттап 
тауыса алмас ұзақ сонар, есіне түссе, қазір де үйқысынан 
шошып оянар касіретті хал, қайғылы оқиға; қаймана қазақты 
оңдырмастай етіп отап түскен лағнетті жыл; ашкөз адамдарды 
аздырып-тоздырған, 
мал мен жаннан сипаңдай болып 
айырылған ақсүйек жүт, азамат малсыз, арғымақ жалсыз қалған 
қанқұйлы мезгілдің сор сорғалаған құрығы өзінің де басына 
тиіп еді-ау, анталаған жау, антұрған үры-қарысы, ерегескен 
дұшпаны жоқ халықтың бостандыққа, теңдікке қолы енді ғана 
жетіп, жетісеміз деп отырған шағында шаңырағы ортасына 
түсіп, өрт шалған ормандай қара күйік болып қалуы - қандай 
ғана қасиетсіздің қарғысы еді; қандай ғана қанды қолдың 
ойлап тапқан жәдігөйлігі, ар-ұят пен адамшылықтан безген 
имансыздығы еді; бостандық келді» деп, жұмақ орнағандай 
далактаған қазақты аспаннан жай түскендей естанды күйге
103


душар еткен не? Ботадай боздаткан, қайыршыдай қаңғыртып 
жіберген кім? Жаназасыз, көмусіз, құнсыз қырылып қалған 
ауылдастарымның обал-сауабы кімде? Енді ғана «аталап, 
апалап» тәй-тәй басқан тұңғыш қызымның аузы аққа жарымай, 
эбден шандырланып бос торсықтай болып қалған сүтсіз 
емшегіңді тырмалап, көз алдымда когеріп-сазарып жантәсілімін 
бергенін қалай ұмытайын өзімнің де аузымнан қара су ағып, 
аш иттей бұралып, ыңырсып жатқан жерімде, осы Тағанның 
шешесі Аналық емес пе еді, басымнан сүйеп нэр сыздырған; 
үйіне апарып бағып-кағып, жалғыз дэнді өзі жемей ұсынган, 
апалы-сіңлідей жанымыз жарасып кетіп еді-ау...
Иә, Нюра Фадеевна мен Аналық апалы-сіңлілердей болып, 
ең бір ауыр да азапты жылдарды бірге өткізді. «Достык қиын- 
дықта сыналады» деген сөзді жиі айтқанмен, осы кұдіретті 
ұғымның қадірін бұлардан артық ешкім білмейді, бұлардан 
артық туысқанды элемді әлденеше адақтасаң да таба алмас едің. 
Осы өр Қаратайдың үйіріп қайырып, үрлеп ішіп отырган бірен- 
саран байын тәркілеп, тэртіпке сала бастағанда, конфискация- 
ның тізіміне Нүркенің күйеуі Қандауыр да іліккен. Өздерінің 
күнделікті ішіп-жемінен аспайтын орташа ғана шаруасы бар, 
сол орташа шаруасын ешкашан да шашау шығарып көрмеген 
үйелменнің басына да қара бүлт торлап тықыр таянған. Әкесі 
Фадеймен талай дәмдес болып, аркаларынан қағысып «тамыр» 
деп, тамашасынан қалдырмайтын, Фадей досынсыз ішкен 
асы тамағынан өтпейтін Әбдікерім болыс бар малын тэркіге 
өткізіп, құрық мініп қалған соң, арғы бетке қашып кұтылды. 
Жалгыз кеткен жоқ, бала-шаға, ағайын тумасын ерте кетті. Сол 
Әбдікерім салдырған Шыңғыстай мектебінде Нүркемен бірге 
Қатонқарағайдың талай орыс-қазақ балалары сауатын ашты. 
Әлі күнге дейін сол мектеп қаз-қалпында, жарты ғасырдан 
асты, балаларға білім беріп келеді. Қандауырды да алғаш рет 
сол мектепте көріп, танысып еді ғой, айырылмастай болып 
табысып еді ғой. Аумалы-төкпелі заман туып, айрандай ұйып 
отырған халық қақ жарылған тұста да бөрі тигендей бөрліккен 
жұмысы жоқ елмен бірге жұмақ жер іздеп тау аса көшкенде 
де, мүрнын тескен тайлақтай елпеңдеп еріп кетпеген. Сол 
кезде қайраган қылыштай қылшылдаған жас жігіт Қаңдауыр 
мен Тағанның әкесі Көкен құйрық-жалы жарасқан қос торыдай 
үзеңгілес дос еді, лаң күндерде де қара басын сауғалап лаға
104


кашқан жоқ, жаңа өкіметтің жағасына да жармаспады, «елмен 
корғен ұлы той» деп, жаңадан құрылған косшы, серіктікке де 
алғашкылардың бірі болып кірді. «Орташаның» тізіміне тізілсе 
де, тэргі басталмай тұрып-ақ, бар малын өзі өткізді. Бірак сол 
бір зауал шакта қара тізімге бір ілінген адамның көрге кіргенше 
көгергені, көңілі ашылып сергігені бар ма, тэйірі, өле-өлгенше 
куғын-сүргіннен арылған жоқ. Семьясымен жер аударамыз 
дегенде, дегендеріне көнді: «өзімді ит жеккенге айдасаңдар 
да, әйелімді туған жерінде калдырыңдар, емшекте жас баласы 
бар, сәбиді аяңдар, айналайын өкімет окілдері» деп, аяқтарына 
бас ұрған соң, ана мен баланы қалдырып, оны алдарына салып 
айдап кеткен. Содан көп ұзамай, байлардан тартып алған 
мыңғырған малдың көбін төменгі жакка айдап әкетті, қалған- 
құтқанын ортактастырамыз деп, шөбі жок кораға маңыратып, 
мөңіретіп камады, ал арзан бағаға сатып алған түлікті кедей- 
кепшік казақы мінезбен аз-ақ күннің ішінде мэз-мейрам 
сойып жеп алды. Содан 1932 жыл, яғни мешін жылының 
ашаршылығы басталды. Тігерге түяқ қалмаған, бар үмітті, бар 
жаксылыкты, бар байлықты жалаулатып келген, алаулатып 
енген кеңес өкіметінен дәметті. Әсіресе, қазақтың дэметкіш 
көңілі «Өкімет деген - өзіміз, ендеше, өзіңді өзің асырайсың» 
деген ұрда-жық ұранның байыбына бара койған жок. Құрсағын 
мыктап тұрып бір рет толтырып алды да, көздері шүңірейіп 
аштан кырыла бастады. Қол үшын берер, қолтығынан демер, 
алыстан арбалап астық тасыр ешкімі жок, кайран ғана аңқау да 
адал ел - ертеңгі күні белгісіз, ертеңгі күні түманды - ертеңгі 
күніне саусак жая талпына дірілдеп, жел қопарған діңгектей 
кұпады-ай; сұлықтүсіп сұлады-ау... Сол заманның қаттылығын 
«кателігі» деп ұғар зерде жок, «бұнымыз асыра сілтеушілік» 
деп айтар пенде жоқ, осынау «жоктардың» жоқтауын естір 
кұлак жок, қынадай қырылды, арқасүйер ардақтысынан 
айырылған Нюра Фадеевнаны ағаштан киып салған үйінен 
карашаның қары түскенде қуып шығып, жаңа ұйымдасқан 
косшының бастығы кіріп алды. Ананың ақ жүзі қуарды, ақ сүті 
суалды: бір жастан енді ғана асқан қызын бауырына басып, 
баспанасыз далада калды. Міне, осы кезде Аналық жетелеп 
өз үйіне апарды, асырады, сақтады. Алтайдың созалаңдап 
таусылып бітпейтін ұз-а-ақ қысынан ілдалдалап эрең шықты. 
Қарны тойып тамак ішпеген ананың омырауынан сүт шығушы
105


ма еді, екі үйлі жанның қарап отырған кара сиырына жегізер 
шөп тақа таусылып, ағаштың бүрі мен теректің кабығын 
сыдырып беріп асырап еді, көтеремге айналған хайуанның 
емшегі шандырланып суалды. Наурыз туа, әбден тулақ болған 
сиыр көзі алайып қорада қатып қалған. Кокен айдалып кеткен 
Қандауырдың мылтығын иығына асып аң қарады. Алғашында 
күпсек қарға малтығып өлген елікті тауып алып талғажау 
жасап еді, бүдан соң жазғытүрымның қара қатқағында қарға 
мен сауысқанға ауыз салган. Ауыл адамдары, әсіресе, қарттар 
жағы бірінен соң бірі өле бастады. Оларды арулап көмер дәрмен 
жоқ, көк аязданған тоң жерді қазар эл-қуат жоқ, жер жібігенде 
кабірлерміз деп, мэйітті қармен бүркеп жасырған еді. Кейбірі 
азык іздеп алысқа үзап кетті. Алтай асып, Ойманға ауды. Үлкен 
Нарынға қүлдады. Сол сапардан оралғандары бар, орала алмай 
жол бойында қол шанасын сүйретіп қатып қалғандар бар. Бүл 
өр Алтайда наурыз айында да қардың көбесі сөгілмей, сіресіп 
жататын. Күннің көзіне аркасын тоскан үйдің төбесіндегі, 
жолдың ернеуіндегі қардың шеті ғана еріншектене ерігені 
болмаса, тау-тас, жон-қыраттар ақ күпісін оңайшылықпен шеше 
қоймайтын. Осындай бір қара қатқак күннің бірінде, түнде ғана 
бүлкілдеп, шешесінің омырауын сипалап, қыңқылдап жатқан 
қызы мэңгілікке көзін жүмып еді. Қойнында тар қүрсағын 
кеңіткен, тас емшегін жібіткен туған баласы емес, бір кесек мүз 
жатқандай шошына айқайлап түрған Нюра ақ қар, кок мүзды 
далаға жалаң аяқ, жалаң бас атып шықты. Аналык пен Көкен 
Бүқтырмаға қарай безектеген келіншекті эрең дегенде қуып 
жетіп, кері қайтарған. Нюра Фадеевна сол сэтте шынымен-ақ 
өлгісі келіп еді. Омірді бар ділімен жек көрді, ол қүдайды ит 
терісін басына қаптап қарғап-сіледі. Кейін ес-ақылын жиып, 
баяғыдай қуаттанған шақта, алла тағаладан ашумен айтқан 
ғайбат сөзі, жасаған күнәсі үшін талай рет жалбарынып 
кешірім сүрады. Екі жылдан соң еліне қайтып оралған күйеуі
- Қандауыр: «Сонда сен қүдайдан рақым күтіп, кешірім 
сүрадың? Мұхаметтен бе, элде Христостан ба?» - деп, талай 
рет әзілдеп, ызаландыратын. «Қүдай біреу, - деген сонда Нюра 
Фадеевна ыстық ықылас, бар махаббатпен. - Тек пайғамбарлар 
мен сенім ғана эр үлтта эр басқа. Ендеше, мен жер бетіндегі 
немесе қолдан суретін салған бүрыштағыларға емес, аспандағы 
қүдіреті күшті Қүдайға сыйынамын эрі сенемін!» Обалы,
106


кәне, Қандауыр дінсіз еді, табиғаттан тыс тылсым күш барына 
иланған емес, тек өзіне, өз күшіне сенетін. Қалай дегенмен үлы 
Еріктің кейбір кылықтары, эсіресе, қатты да кайратты мінезі 
экесіне тартқан, тек өзімшілдігі ғана бөтен...
Бесіктен белі шыкпай жантэсілімін берген, көпе-көрнеу 
аштан өлтіріп алған түла бойы түңғышының қазасы көпке 
дейін көз алдынан кетпей қойды.
«ӨЗІ ДЕ Б ¥Л ДҮНИЕГЕ СЫЙМАЙТЫНДАЙ ӘДЕМІ 
ЕДІ-АУ. ЖАНАРЫ ОТТАЙ ЖАНЫП Т¥РАТЫН», - деп 
күрсінді Нүрке кемпір.
Дегенмен, Алтай қазақтары дэл Арқадағыдай жаппай 
қырылған жок-ты. Тісінің суын сорғандай боп қыстан шығып, 
көктемге ілінгендерінің негізгі қорегі табиғаттың жүгірген 
аң, үшқан күсы болса, кейбірі ата-бабасының салтында жоқ, 
сүйегіне таңба болып, үрпағын үятқа қалдырар іске амалсыз 
барғандары да бар, яғни ит етін де қорек етті. Кейін сол ауыл 
«Бес ит жеген» аталып кетті... Ал көктем туып, ой-қырдың 
қары еріп, көк шыққанда, ауылдың тамам жүрты тайлы-таяғы 
қалмай жайлауға көшті. Сонда таудың сай-саласы, қырат- 
жотасы көгеннен ағытылған қозыдай жамыраған халыққа 
толып, көзіне көрінген өсімдікті талшык ете бастады. Әсіресе, 
беткей-беткейдегі бүл өңірдің елі «бек» деп атайтын - сәбізге 
үқсас шөпті түбін қазып жеп, қарнын қүр қампайтып, екі 
езуінен көбік аққан аш-жалаңаш адамдар Нюра Фадеевнаның 
күні бүгін көз алдында. Әсіресе, жайлаудың жап-жасыл шал- 
ғынына малша жайылған бала-шаға, әйел-еркек, кемпір-шал- 
дардың сол кеспірі мен үсқыны күндіз есінен, түнде түсінен 
шықпайды. Жастар жағы Алтайдың омырауынан саулаған 
сансыз бүлақтың өн бойын қуалап, белуардан су кешіп, балық 
үстап жеді, күзде балқарағай дэнін талғажау жасады. Әйтеуір, 
өлмегенге олі балық жолығып, жан сақтады. Таңғы нәсібін 
тэңірден күтетін қазақтың жайбасарлығына асыра сілтеудің 
сауатсыз саясаты қосылып, сандаған жүрағат жан тапсырды да, 
мың өліп, мың тіріліп үйренген қара табан, қара жон сормаңдай 
елдің тірі қалғандары қыбыр-жыбыр тіршілігін қайта бастады. 
Қайран қазақтың басына туған осынау қасіретті тең бөліскен 
түрғылыкты орыстар алдындағы малы, ауылындағы жанынан 
айырылған «тамырларын» бүдан ары қарай қалай аштан 
өліп, көштен қалмаудың жолын нүсқап, егіншілікке үйренуде
107


мұрындық болды. Өкімет тарапынан тиген азын-аулақ астықты 
соқаға оздері ат болып жегіліп, жер жыртып септі. Бұрынғыша 
«ал» деп асап қоймай, бір дәннен бір масақ алды, бір малын 
төлдетіп екеу етті. Қосшыға бірікті. Қор жинады. Міне, көп 
түкірсе көл дегеңдей, тағдырдың тәлкегін оңбай тартқан халық 
еңсесін қайтадан көтерген. Еңсесін қайта котерген тұста... 
«Халык жауы» қаптап кетті.
«Уһ, АЛЛАМ-АЙ, ОЛ ДА БІР ЗАУАЛ БОЛДЫ ҒОЙ, -Д ЕП
ТАҒЫ КҮРСІНДІ НҮРКЕ КЕМПІР. - АЙТЫП-АЙТПАЙ НЕ 
КЕРЕК, ҚҮСАЛЫҚПЕН ОТКЕН ЖЫЛДАРДЫ ЖОҚТАП 
ЖЫЛАҒАННАН КОЗ ЖАСЫҢ ТАУСЫЛМАЙДЫ ЕКЕН».
...1932 жылдың ызғары артта қалып, еңсені езіп, ел 
мойнына кыл бұрау байланған заманның зары мен шерменде 
шерін ұмытып, кұба төбел тірлікке көшкен сэл жылымык 
шақта, іргелес отырған екі үй - Қандауыр мен Көкеннің де 
шаңырағынан шуак жауғандай еді. Жазықсыз айдалып, бай- 
ланып кеткен «орташа» Қандауыр ағарып қайтып оралды, 
Көкен болса жаңадан ұйымдасқан «Ынтымақ» колхозының 
бастығына сайланып, ал Қандауыр оның еңбеккүн жазатын 
есепшісі болды. Сөйтіп, бүрынғы аяқ-табағы араласып отырган 
қос семьяның да ошақ оты жылтыңдап, қазаны қоңырсып иіс 
шыққан. Тойып тамак ішпесе де, торқадан көйлек кимесе де, 
ашаршылықтан соңгы аз жылдың тыныштығына жылынғандай 
еді. Күйеуі аман-есен қайтып оралган соң, Нюра Фадеевна 
екінші кұрсак котерді. Аяғы ауыр құрбысының барлык күтімін 
эзірше сыбай-салтаң жүрген Аналық тағы да өз қолына алды. 
Айы-күні жетіп толғақ қысқанда да, құр керіп, «түс-түстеп» 
келсап түйген, перзентінің кіндігін кесіп, түмсығынан сығып 
алған да - айналайын Аналык еді-ау.
«АНАЛЫҚТЫҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫН ҚАЙТІП ҮМЫТАЙ- 
ЫН», - деп күрсінді Нүрке кемпір.
Бір жыл өткен соң, Аналықтың өзі де жүкті болып, ұл туды. 
Бұл өңірдің ең үлкен байлығы - картошканы мол ғып асып, той 
жасағандары элі есінде. Екі үйдің ортақ малы - қоңыр тайынша 
бұзаулағанда, кандай қуанып еді. Иә, ол кезде болар-болмас 
нәрсенің барлығы қуаныш, көңілге жұбаныш болушы еді. 
Жоқтан өзгеге алданатын жас баладай, аңқау да адал мезгілдің 
жалғыз-ақ ұраны бар болатын - ЛЮБЫМ СПОСОБОМ 
ВЫЖИТБ!
108


Осы бір соңғы сөз ойына оралған сәтте, атам заманда казак 
әйеліне айналып кеткен кемпір өз-өзінен селк етіп, шошынып 
калды.
«Құдайдың кұдіреті, алжиын дедім бе, кейінгі кезде кейбір 
нәрсеге орысша ойланып жүргенім не?» - деп күбірледі.
Айтпакшы, Нюра Фадеевнаның екінші бөпесі де кыз еді. 
Аналыктың үлынан бір жарым жыл үлкендігі бар, бесіктегі жас 
сәбиді алданыш етіп, тірі ойыншығы секілді элдилеп, тербетіп 
ойнап, жанынан щыкпайтын. Айрандай үйыған достықтарына 
көз алартып, қызғаныш білдірушілер де табылды. Күні кеше 
ғана зүлпаттың аямай соккан дауылын мүлдем үмытқандай 
үлы көштің соңынан қайта салпақтаған ағайынның айғай- 
сүреңі кайта басталып, аз күнгі тыныштыкты көтере алмай, 
болымсыз тірлікке мастану бар еді. Тап ретінде жойып жіберген 
коңдылар мен орташалардың қашпай, қамалмай жүрген қалған- 
күтқандарының бессадыра жүдеу де мінді күйін көп көргендей 
пыш-пыштап, түртпектеп күн көрсетпейді. «Біздің жазығымыз 
не, жазығымыз: табан ет, маңдай термен тапқан малымызды 
ортақтастырғанымыз ба? 
Өздерің 
ойлаңдаршы: 
жалшы 
үстадық па, канап-тонадық па, ерінбедік, ел қатарлы еңбек 
еттік. Асып-тасқан жоқпыз, ағыл-тегіл шашқан жоқпыз, бір 
малымызды екеу етіп, таланымызға біткен бақты шайқамадық, 
шаруамызды дөңгелетіп үстадық. Осы айып па? Егер жетесіз 
болсаң, есінеп-құсынаған еріншек болсаң, біздің кінәміз не, 
кай қоғамда өмір сүрсең де, қайыр сүрап, тентіреп кетпейсің 
бе?» Міне, осы бір қағидасын қанша рет қақсаса да, үрда-жық 
жұртка ұқтыра алмай-ақ койған Қандауыр бұрынғы ауыр да 
тентек мінезін тастап, колхоздың есеп-қисабын қисайтпай 
шотқа салудан бөтен іске араласа коймады. Ауылдағы ат 
төбеліндей ағайын тіпті Көкеннің де бастықтығына қызыл 
коздік жасаған еді. Оны да орташаның қаралы қатарына қосып, 
ауданға арыз айдаған. Екі күннің бірінде тергеп, тексеріп маза 
бермейтін. Ал оның әкесі Макажанның бар байлығы - өлеңі 
еді. Егер қорасы қордалы болса - ол тек өнеріне разы болған 
жүрттың сый-сияпаты, тарту-таралғысы; жол-жоралғысы; 
ұрлап та, сұрап та алған жоқ. Ал Көкеннің иелігіндегі сол 
Мақажан жарықтықтан қалған тоқты-торпақ болатын. Әкесіне 
тарткан арқалы ақын болмаса да, хат-кағазға жүйрік, ел билігіне 
әуес, отты кісі еді. Осы Ынтымақ колхозын өз колымен құрып,
109


аяғынан тік тұрғызған да сол - Көкен. Әуелі арабша, артынан 
латынша эріпті тізғін ұшынан кағып алып, тез меңгеріп кеткен. 
Оның жалғыз-ақ арманы бар еді - окып, білімімді көтерсем, 
таудың қуысында жатқан аядай ауылдың адамдарын жаппай 
сауаттандырсам деп барын салды. Өзі оқи алмай қалды, бірақ 
Бек-Алқаға әуелі ликбез, артынан мектеп ашып, бала-шағаның 
хат танып, сауатын ашуға көмектесті.
«Жігіттің сұлтаны еді-ау», - деп күбірледі Нүрке кемпір.
1937 жылдан бастап тонның ішкі бауындай болып отырған 
екі үйдің шаңырағы шайқала бастады. Осы жылан жылы туа, 
екі үйдің ғана емес, мүқым елдің берекесі бей-берекет болып, 
бір-біріне үрке қарайтын, бір-бірінен сескенетін тайғанак 
тағдырға тап болды. Алтайдың аясындағы үркердей ғана 
ауылдан «қара ниет халық жауы» табылып, қазан қүлағындағы 
қатынға дейін тергеліп, ататегін ақтарып, сөзін бағып, ойын 
оқитын аңдыс науқан басталды. Қатынқарағай ауданының 
секретары Толегенов «Жапонияның шпионы» деген айыппен 
үсталыпты дегенде, төбелерінен жай түскендей болды. Ең 
сүмдық оқиға ол да емес, аң қарауға шыққан Қандауыр аудан 
бойынша үсталған он шақты «халық жауын» орманның ішіне 
апарып, атып тастағанын өз көзімен көріпті. Баудай түсірген 
оліктердің бетін де жаппастан тастап кеткен. Шекарамен 
шектесетіндіктен, әсіресе, бүл жақта, қатал өткен саяси айыппен 
қамалған «жауды» заң жүзінде жауап алып, мойындатып, 
соттап эуре болып жатпайтын. Іздеуші, сұраушысыз ізім- 
ғайым жоғалатын. Орманның ішінде жайрап қалған бейкүнэ 
азаматтарды Қандауыр мен Көкен жан адамға білдірмей 
түнделетіп көміп келді. Тықыр бұларға да таяй бастап еді. 
Неге екені белгісіз, кұрықты ең әуелі Нюра Фадеевнаға салды. 
Айыптың үлкені - Фадей атты бұғы ұстаған шонжардың қызы 
екені, демек, байдың қызы да - бай тұқымы, біздің советтік 
өкіметке жау. Ендеше, мұндай помещиктің қызына қызыл 
қоғамның ортасында орын жок. Жауапқа шақырғанда, Нюра 
Фадеевна торт жасар баласын ертіп барды. Тергеушінің бір 
қолы шолақ, ала көз қазақ еді. Нюраның бас-аяғын тінтіп қарап 
шықты да: «Аңқос күйеуіңді, ит-мысык, малдарыңды неге 
айдап келмедің», - деді жекіре кекетіп.
-
Немене, олардан да жауап аласыз ба? - деп айтып 
қалса да, баласын бауырына тарта сескеніп қалды. Өйткені,
110


осы інкібіді (НКВД) бастығы, бұл өңірде Шолақ қол атанып 
кеткен адамның аса катал, алдына барған кісінің қаққанда 
қанын, соққанда сөлін алатын катыгез деп естіген. Аудандык 
комитеттің хатшысы Төлегеновті «партия билетін сенен алғам 
жоқ, бермеймін» деп қарсыласканда, шолак қолымен бір ұрып 
кұлатыпты. Түсі өте суық, сол жақ көзі өзінен-өзі жыбырлап 
тұратын. Шолақ қолдың эр қимылын аңдып, көзі бақырая 
қараған бала шошына жылап коя берді.
- Балаң жаныңды алып қалмас, жылатпа, онсыз да халық 
жауларынан жауап аламын деп басым ауырып тұр, - деді қолын 
артына ұстап, ерсілі-қарсылы адымдаған нәшәндік. - Сонымен 
эуелгі сұрағым:
- Шешең арғы бетке ауа қашқанда, неге еріп кетпедің? 
Бұл - бір. Екінші - сен осында тыңшы есебінде қалғансың, 
арғы беттен келетін байланысшыға Сэбет өкіметінің барлық 
кұпиясын хабарлап тұратының рас па?
- Сәбет өкіметінің бүкіл құпиясын маған кім айтады екен?- 
деді Нюра қарсы сұрак қойып.
- Төлегенов пен сенің күйеуің Қандауыр сыбайлас болған.
- Ол кісіні түсімде де көрген емеспін.
- Сенің көруің міндет емес.
- Ендеше...
- Доғар... сөзді! - деп айғай салғанда, боздап тұрған бала 
селк етіп, жылауын тыя койды.- Сен тіпті Жапонның жансызы 
болмаған күннің өзінде, помещиктің сілімтігісің. Осы факті де 
жетеді түрмеге камауыма.
- Ағатай-ау, - деп кемсеңдеді Нюра, - мен - үй ішіммен, 
әсіресе, шешеммен ат кұйрығын кесіскен, бір-бірімізді көрмеске 
анттасқан адаммын. Қандауырғатұрмыска шыққаннан бері тіпті 
туған шешем болса да араласып, амандаскан емеспін. Қарақан 
басымда Қандауыр мен жалгыз қызымнан баска ештеңе жоқ. 
Накақ қинамаңыз...
- Көлгірсіме... Жарайды, ол сөзіңе де сенейік. Бірақ 
күйеуіңнің Төлегеновпен сыбайлас болғанын растайтын қолхат 
бер. Сонда ғана балаң екеуің бостандық ала аласың.
- Буынсыз жерге пышақ ұрмаңыз. Ол - біреудің ала жібін 
аттамаған адам.
- Әрине, төсекте жатқанда таза болып көрінеді. Амал 
жоқ, гүрмеде түнеуіңе тура келеді. Қазір бізбен бірге ауданға


барасың, - деді де, сыңар колымен-ақ сырт киімін шапшаң 
киіп алды.
Нюра Фадеевна түрмеде үш күн түнеді. Жауапқа шақырған 
жоқ. Қараңғыда сыз бөлменің салқыны тиген бала ыстығы 
көтеріліп ауыра бастады. Кезекші милиңионер экеліп берген 
қара нан мен қара суды қанағат түтпаған, «мама, үйге қайтайык» 
деп ботадай боздап жылағанда, қапаста қамалған ана да айтуға 
сөз, жүбатуға тамак таба алмай діңкесі күрып еді-ай, лажы 
таусылып, жігері қүм болып, сырттан хабар ала алмай қорланған; 
тілсіз қарайган бөренелер, өмір бакида бір рет те жуылмаған 
тақтай еден, ауа кірмей ауыр тартқан сыз бөлме - бәр-бәрі Нюра 
Фадеевнаның жүрегін жүлмалап, сезімін сірнеледі-ай; жылап- 
жылап талықсып барып үйықтаған баласын қойнына тығып, 
ағаш нардың үстінде жамбасы ойылғанша, сәбиі оянғанша 
жататын; бүрісіп үйықтаған бала анда-санда ішін тарта өксіп, 
жаман ырымға бастағандай - шешесінің жанын одан эрі 
жаралайды. «Тэңірім-ау, сенен де айырылып қалмайын» деген 
қауіп меңдеп, ішіне шоқ түскендей шошынатын, бір лаңнан 
күтылдық па дегенде, екіншісі бас салып, осы сойқанды кім 
жасагі жатқанын жэне не үшін жасайтынын зерделер санасы 
сансырап, ойлай-ойлай басы мэңгіріп, мүң мен наланың, азапты 
жаланың түңғиығында түншығып еді; әйелдік долылықпен 
шашын жайып, бажылдап түрменің есігін тоқпақтамады, өз- 
өзінен булығып, өз-өзінен қысылып түншыға үзақ жылаған; 
бүйтіп күнәсіз қорлық көргенше, олейін деген ой жылт етуі 
мүң екен, қойнында жүрегін жылытып, бүлкілдеп жатқан 
баланың ертеңі есіне түсіп, ол ойынан айныған; тіпті басыңды 
қабырғаға тоқпақтамасаң, бүл бөлменің ішінде бір сабақ жіп 
жоқ - жаулығына дейін шешіп алған, үстінде көйлегі мен 
бешпеті ғана бар. Қандауырдан хабар жоқ, үш күннен бері 
бір жапырақ қара нан мен қара су тасыған казақ оқта-текте 
қатынағаны болмаса, тірі жанның бет-жүзін көре алмады, 
ол да тілі кесілгендей үндемейді; темір есік салдыр-гүлдір 
ашылғанда, қараңғы бөлмеге сырттан саулап жарық кіріп, 
Нюраның көр соқыр болып калғандай көзін қарықтырды; бала 
оянып кетті, ояна салып, «мама, үйге қайтамыз ба?»деп сүрады, 
күзетші алғаш рет: «түр, нәшәндік шақырады» деді, келіншек 
қараңғы қапастан жарық дүниеге қуана үмтылды...
112


Нюра Фадеевна мен ұлының бостандығы тым қымбатқа 
түсті. Мүны түрмеге камаған күннің ертеңінде Қандауырдан 
жауап алған. Тағылған айыгі екеу: байдың кызына үйлендің, 
Жапонның шпионы Төлегеновтің тыңшысысың. Ол азар да 
безер мойындамаған, өздері жазған мойындау кағазға кол 
қоймай касарыскан. НКВД-нің шолак кол бастығы бір беткей 
жігіттің жігерін жасытып, жанын жаракаттау үшін жаңа айла 
ойлап тапкан.
Ең әуелгі сүрағы, стол үстіндеғі жаткан газеттерді нүскап: 
«Газет окисың ба?» дегеннен бастады.
- Анда-санда ғана, шаруадан қол тие бермейді...
- Иә, сендер саяси сауатсызсыңдар... Орталық ғазеттерде не 
жазылып жатканын білмеу - үят! Халық жаулары Алматыда да 
өріп жүр, тіпті элгі өлеңшілер... не деуші еді... жазушылардың 
да жаулары көп... Алашордашылардың ала күшігі мен Жапон 
шпиондарын әкесіне танытып жатыр....
- Оны маған несіне айтасыз. Оқыған адамдар арасында 
ондайлар болатын шығар.
- Білсін деп... жэ, әйелің бар айыпты айтып берді, сенің 
өкіметке жасаған астыртын әрекетіңнің түгелін түтендеп берді,
- деді әдетінше кеңсенің үзындығын өлшейтіндей тыным 
таппай адымдап.
- Сенбеймін, - деген Қандауыр. - Сенбеймін. Мойындаса, 
сауаты бар, қол қойдырып алған шығарсыз, көрсетіңіз.
- Малғүн! - деп бақырды нэшэндік. - Жаусыңдар! - Шолақ 
қолымен жағынан салып жіберуге оқтала бергенде, шапшаң 
қимылдаған Қандауыр одан бүрын қағып жіберді. Азуы алты 
қарыс жоянбыз деп эспенсіғен азаматтарды жалғыз қүлатқан 
Шолақ қол мүндай қағылез қарсылықты көрмеген басы 
шошына түрып қалған.
- Мықты екенсің, - деп, өп-өтірік күлді. - Бірақ сендей 
асаулардың 
талайының 
мойнын 
астынан 
келтіргенмін. 
Күресесің бе?
«Мынау жынды шығар» деп ойлады Қандауыр:
- Жығылсам босатасыз ба, элде жықсам босатасыз ба, 
осыған келісіп алайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет