ж о қ » .
- «Осы совхоз басшылары қызық, саулық қойдың ең іштісін.
егіз қозылайтынын Сейітқұлға жиып-теріп бергені несі?»
- «Осы совхоз басшылары қызық, Сейітқұлды екі күнніи
бірінде ауданға, облысқа, тіпті анау Алматыға машина жіберіп.
шақыртып жатыр, мал-жанына сен ие бол. Ой, пэтшағарлар-ай
«ие бола түрыңыз» демейді, «ие бол!» деп кесіп айтады. Егер
есептеп беретін есі бар адам табылса, Сейітқұлдың қойын одаі
гөрі мен көп бағып келемін».
Сонсоң ол «жоқтан өзгеге басымды ауыртып қайтемін»
- деп өз-өзіне басу айтады. Сонсоң, қүдық казушы сырықтаі
ұзын Серік ыңылдай беретін эуен қайдан есінде қалыі
қойғанын білмейді, әйтеуір сол түсініксіз де мұңдылау энд
ыскырып, элгінде ғана алай-дүлей болған көңілін жұбататын
Бұл оқиға кеше еді ғой. Бүгін болса мынау, бір қызығы, Бархаі
күнде ертеңгілік түрғанда мұны да ауданнан машинаға салып
алып кететіндей сезінетін. Тың-тыңдап, сол үлкен қаладан -
шулы өмірден шұбатылып келер кара жолға көз сатып, әйтеуі]
бір бедеу үмітпен ұзақ-ұзақ қарайтын. Тағы ешкім жоқ... Қы.
аяғы қара кұйрық та, былтыр қолынан жем жеген қара құйры:
та, шаң бермеді-ау. Жасқана күрсінетін... Қатты күрсінс
әлдекім естіп койып, «ел аман, жүрт тынышта неге уһілейсік
не жетпейді саған» деп ұрсардай қорқар еді. Қазір де сол шулі
өмірден жалғасар шұбатылған жолға көз қиығын тастады
дг
коңілі эбден қалғандай жанарын тез тайдырып экетті, бүдаі
соң бір қүшақ сексеуіл кұшақтап, үйге қайта кірді.
Үш жігіт басын басып кетсе де, қыңк етіп сезер емес, өх
ұйқы қылғындырып, қор-қор етеді. Енді ғана кірпігі кірпігін
айқасқан Жұмагүл кішкентай қызына омырауын емізген күйі о
да эдемі үйқыға берілген. Бархан әйелінің ашық қалған төсін
бұрынды-соңды бола бермейтін лыпыған сезіммен таңырқаі
қызықтап, сексеуілін кұшақтаған күйі серейіп түрып қалдь
Тэңірім-ау, он бес жыл бойы қалайша байқамаған. Таңгы нұ
құйылған жұбайының қос анары не деген аппақ еді; құдайыіу
ау, шынымен-ақ анау сэбиін бауырына қысып, күнәсіз сүг
сүйкімді болып албырап жатқан өз эйелі Жүмагүл ме?
336
. Бархан сексеуілді пеш қасына оқыс тастай беріп, жүрегі
тулаған күйі еңбектеп, әйелінің жанына барды. Сексеуілдің
бүтағы секілді тарбиған саусақтары дірілдеп, төсін ақырын
сипай беріп еді, Жүмагүл селк етіп, шошып оянып кеткен.
Сонсоң ол:
-
Албасты, не көрінді саған, әбден таң атканда? - деп
көрпесін кымтап, жауып алды. Бархан сонан соң да, көпке
дейін элгі бір алғаш рет сең боп калған сезімін қытықтаған
әдемі эсерден арыла алмай жүрді. Баяғыда, ерте-ерте, ертеде...
қүм басып қалған асылын енді қайтып тауып алғандай
алабүртты. Пештің отын тездетіп жақты да, қойды өріске
айдады. Қайтып келіп қой қораның қиын апыр-топыр жалғыз
өзі каза бастады. Даңғарадай қораның жалғыз-ақ пүшпагынан
- жалғыз күрек қи алынғанда әбден таң атып, анау белдің
астынан күн жарықтықтың қүлағы қылтиған. Сонау қырдың ар
жағынан күннің шекесі көрінгенде Сейітқүл да тысқа шығып,
керенау есінеген. Мүнан соң рақаттанып түрып қасынды да,
топ сексеуілдің түбін айналып кетті. Жастығына қарамай,
ерте есейген кеспелтек денесі, аласа бойына қонымсыздау
іркілдеп, алыстан карағанда корбаңдаған аюға үқсайтын. Май
баса бастаған соң ба, онсыз да қысықтау көзі шылқамай бетке
кіріп, жоғалу сыңайда. Кеңкілдеп өп-өтірік күлуі, реті келгенде
кеңірдектеп жеңістік бермей дауласуы, орайы келсе тізеге
салып тізерлетіп, омырауға салып опырып жіберер ожарлық
бас-аяғы бес-ақ жьілда пайда болды. Озат шопан десең де
Сейітқүл мен Барханның арасында жер мен көктей өзгешелік
бар. Ол озгешелік бэлкім, мінез-күлықта да, сыртқы пошымда
да емес шығар. Ол өзгешелік тіпті, бүл екеуіне ғана тэн емес,
жер бетінде тырбанып жүрғен пенденің бэріне ортак қасиет
те?
Топ сексеуілді айналып келген Сейітқүл сым тордың қор-
шауында маңырап өзіне карай лап қойған қойдың бір-екеуін
басқа теуіп жіберді де, есігін ашып қалды. Темір тордан босаған
отар «әріптестерінің» оттауға бағана өріп кеткені жындарына
эбден тиген болуға керек, алды-арттарына қарамай, боздақтап
барады-ай. Сейітқүл қүзғын сэріден түрып алып, жыбыр-қыбыр
мазаны алатын қүс үйқы көршісіне жек коре қарады. Әсіресе,
биылғы мінезі үнап жүрген жоқ. ¥ я т та болса, іргесін аластап,
қоңсылыққа басқа қойшы сүрасам ба деп бір ойлады. Сонсоң,
«Москвич» түрған сарайдың тесігінен сығалап, машинасының
337
амандығына көзі жеткен соң, күпісін сүйреткен күйі үйіне
қайта кірді.
Осы кезде бір апта бойы күдық қазамыз деп әуре-сарсаңы
шығып жүрген үш жігіт те ербиіп далаға шыккан, олар да элгі
Сейітқүл паналаган топ сексеуілді бір-бір айналып, қой қорада
ақ тер, қара тер қи ойып жүрген Барханның жанына барды.
Әуелгі созді әрине, аға бүрғышы Серік бастады.
- Әй, қүрдас, қазар көбейсін.
Екі жігіт тырқылдап өп-өтірік күледі. Бархан жауап қатқан
жоқ. Маңдайдағы мөлдіреп-мөлдіреп түрған таңғы шық секілді
терді сүқ саусағымен сырып тастады да, борсып, сартаптанып
жатқан қиды төрт бүрыштап алып аударып жатыр.
- Жарықтыктың иісін-ай, - деді Серік қидың шетінен
опырып алып иіскеп. Екі жігіт мэз, тағы күлді. - Көршің он
шақты оқушымен бір күн қазып әрең тауысқан қиды жалғыз
өзің неше айда бітірер екенсің, жазған.
- Оған несіне басыңды ауыртасың. Жылда ойып жүрген
үйреншікті шаруам, ешкімнің жаны қиналмас. Мені мүжігеннен
бір нәрсе түсе ме, одан да беті-қолдарыңды жуып, шайларыңцы
ішіңдер түге.
- Әй, адалым-ай, ертеңгі күнің не болар екен. Шайға озің де
жүр, сонсоң тортеулеп ойып тастармыз, бүгін жүмысты қойдық,
жарты ғасыр қазсақ та бэрі-бір шықпайды су қүрғыры.
Осы кезде үй жақтан «эй, шайға келіңдер» деген Жүмагүлдің
жіңішке дауысы естілді.
Бүлар дөңгелек столды қоғамдай отырып, қүла шайды
сораптауға кіріскенде, самолеттің даусы естілді.
- Сағат сегіз болған екен, - деді Бархан. Қолындағы саға-
тына қараған Серік таңырқап:
- Оны қалай білдің? - деді.
- Осы қыстақтың үстінен эрбір екі сағат сайын самолет
үшады, сондықтан сағат салмаймын қолыма,- деген Бархан
түні бойы, қыңқылдап, ауырып шыққан қызын қолына алып.
Жүмагүл самауырды тағы бір үстеп, шоқ салды. Серікке кезекті
кесені үсына беріп, көзінің астымен үрлана қарап қойды. Сонсоң
Барханға жалт бүрылды да, өз қылығына өзі үялғандай жасып,
жанарын төмен салды. Азғана уақыт меңдеген тыныштықты
тағы да Серік бүзған:
- Қүрдас, осы сен самолетке отырып көрдің бе?
338
Тосын сұрақ Барханды мұрттай ұшыра жаздады. «Не десем
екен?» Аз-кем қипақтап отырды да шынын айтты.
- Жоқ.
Екі жігіт шайға шашала тырқылдай жөнеліп еді, Бархан
одан эрі кірерге тесік таба алмай қысылды. Ал Жұмагүл болса,
бетінен оты шыға, бүкіл семьясы, ата-бабасы атынан ұялды. Екі
күлегешті Серік «Тэйт эрі, ырсалаңдамай» деп тиып тастады
да, замандасының тотыққан тікенек-тікенек жез бетіне аяй
қарады. Осының бәріне... көрінген жерді тыртықтап, айлап,
жылдап кұдык казып су шығара алмай итшілеп жүрген өзін
кінэлағандай, кесені асыға төңкерді де, далаға атып шығып
кетті. - Әй, - деді үй сыртынан, - эй болыңдар, кораның қиын
оямыз.
Сейітқұл атын ерттеп тұр екен, қой кораға бір-бір күрек
арқалай жөнелген самаладай төрт жігіттен тайсақтағандай
атының шап тартпасын тартып бүгежектеп басын көтермеді.
- Аман-ей, - деді Серік айғай салыгі. - Неғып мықшыңдап
түрсың, эйелің сау ма?
- Соқтықпай жүр, - деп қайырып тастады Сейітқұл.
Қызылқұмның арасындағы адасқан каздай ғана төрт-бес
адамның таңғы тілдесуі осымен тэмамдалды да, маңайды тағы
мылқау тыныштык басқан. Осынау меңіреу тыныштықты тек
эрбір екі сағатта әуелей ұшқан самолеттің гүрілі тілгілейді,
- иэ, тым-тырыс тірлікті тілгілеп өтеді.
* * *
Бархан кой соңына ерген жылдарда қаншама су ақты,
каншама жапырақ сарғайды, қаншама рет күстар келіп
қайтты; күдай-ау, қанша рет самолет үшып өтті... Тек баяғыда
сусылдап, қоныс таппайтын ұшқалак қүмдар ғана іштей
тынып, жым-жырт жатып алған. Қызылқұмның көшіп-қонбай
безбүйректеніп, бүк түсіп жатуы бүл өңірді мекен етер елді
елеңдетпей қойған жоқ. Қайсыбірі жаман ырымға жорыса,
енді бірі «берекемізді алар сусылынан гөрі осы момақан мінезі
дұрыс, құм көшпесе, жер беті құйқаланады. Шымданып шөп
шығады, малға өріс болады» десті. Қазақпен бірге табиғат
жарықтықтың құмы да ірге теуіп, отырықтануы, бағамдаған
кісіге ғажап бір көрініс сезілетін. Баяғыдай емес, ит тұмсығы
өтпейтін қалың сексеуілдің бүл күнде мінтеліп, етек-жеңі
түріліп бара жатқаны Барханның кабырғасына қатты бататын.
339
Трос тағып, трактормен қопарып-копарып, жөн-жосыксыз
отынға жөнелтіп жаткан қайран сексеуілдің, әне, тек ойдым-
ойдым орны ғана қалған. Тамырымен жұлып экеткен элғі
сексеуілдің орны а.чыстан қараған адамға зеңбірек снарядтары
түскен үлы бір ұрыс даласындай шұрық-шұрық жыртық еді.
Әлі есінде, баяғыда, баяғыда емес те-ау, үлкен ұлы туған
жылы осы Қызылқүмның сексеуілі мен түзгені есен-сау шақта
бұл өңірде аң-күстан аяқ алып жүргісіз еді. Қоймен бірге өріп,
қоймен бірге жусайтын аң екеш аңның да тұқымы құрып, азып-
тозып барады-ау. Бір-бір жеңіл машинага мініп алып, шамын
жарқыратып, таң атқанша не қасқыр, не қарақұйрық қуады.
Қуатындардың көбі облыстан, ауданнан келіп ерігіп жүрген
кызметкерлер болушы еді. Олардың анық кімдер, аты-жөні
қалай, не қызмет істейді - Бархан күні бүгінге дейін білмейді.
Білмейтіні - олардың қай-қайсысы да жол соғып шаршағандай
болса, таңдайы кеуіп шөліркеғендей болса, ат басын озат шопан
Сейітқүлдың үйіне тірейтін. Әйтеуір, «Газ-69», «УАЗ» деген
маркалы машина мінгендердің бэрі атқа мінер болып көрінетін
оган. «Кеше кімдер келді үйіңе» деп тақуалап сұрар Бархан ба?
Сейітқұл өз еркімен айтпаған соң, томаға-тұйық жүре беретін.
Барханның анық жыға танитыны «Талды» совхозының
директоры, бас зоотехнигі мен бөлімше басқарушысы Әліқүл
ғана. Әсіресе, Әліқұлды күншілік жерден шырамытар еді.
Оны ылғи да Сейітқұл ауылдан өз «Москвичімен» арнайы
барып алып келетін. Қонақасын беріп, түнеткен соң қыстақ
маңында өріп жүрген сидам сирак тамам түйе тауықтың екеу-
үшеуін сойып, жүнін жұлып, машинасына тиейтін де, қайтадан
ала жөнелетін. Әліқұл келген күні кеште Барханда тыным
болмайды. Алдына түрғызып койып, дем алмастан екі-үш сағат
жерлеп, жер-жебірі жекен суына жетіп ұрсатын, ал оның неге
үрсатынын элі күнге дейін білмейді.
* * *
Ат үстінде алысқа қарап, мелшиіп тұрған Бархан күн
ұясына қона қалың түлейдің ішіне бытырай жайылып кеткен
отарын кіш-кіштеп жинастыра бастады. Қар баспаған жыңғыл
мен изенге әбден құнығып алған, ақтылы қой айдауға көнбей,
жер табандай оттап жүр. Күн қызуы ептеп қайтқан соң,
Қызылқүмның ызғырығы есті. Бүгін болмаса ертең қылышын
сүйретіп, жетіп келер қыстың тықыры таянғалы Барханда
340
маза жок. Бағымындағы 700 бас қойдың әзірғі күйі жаксы
болғанымен, жаман айтпай жаксы жок, кар тобықтан жауып
қалса қайтпек... Наурыздың кара суығында карны жер сызып
жүрген саулық жем-шөпсіз тістей қатып, іш тастамай ма? Тым
болмағанда бірер машина шөп жеткізігі берсе...
Санасында масадай ызыңдап, тыныш таппаған осынау
ойдан арылған күні өлетінін білді. Дәурені өтіңкіреп бара
жатқан күздің соңғы сонысын қызықтап калғысы келгендей,
изенге тас кенеше жабыскан қой жан-жакка бытырай кашысып,
копке дейін күрықты колға қайыру бермеді. Өстіп арпалысып,
әр саулықты сүйрелегендей боп қыстакка беттеп келе жатқанда
Талды жақтан қүстай үшқан машинаның қарасы көрінді. Тура
Барханға қарай атылған оқ боп зымырап келеді.
«Әкесі өлгендей айдауын», - деді даусын шығара. Авто-
клубтың даңғарадай машинасы түп-тура жанына келіп, койды
үркіте солк етіп токтағанда, Барханның жаман тыракысы да
жалт етіп, үстінен бейқам отырған иесін түсіріп кете жаздаған.
Кабинадан жап-жалпак болып бөлімше бастығы Әліқұл
шыға бергенде, Бархан әлгіндегі бір ешкі.м жоқта оқыс айтып
қалған «экесі олгендей» деген созін шынымен-ақ біреу естіп
қойғандай, шошынып қалды. Әліқүлдың «хал қалай?» деген
морт сэлемін алған жоқ, бар болғаны қалбалактап: «Мал аман,
мал аман...» дей берді.
- Неғып дегбірін қашып түр?! - Әліқүлдың жарқаштана
шыққан ожар сөзін тағы да ести алмаған сыңайда. Жаман
торысын тепеңдеп, такай берді де: «ассалаумағалейкум», - деді
күс қолын үсынып. Қамшысы түсіп кетті. Басқарушы быж-тыж
болды. Қолын қалтасынан алмай шіренген қалпы зілдене эмір
берді.
- Түс аттан!
- Қой қайырусыз қалды ғой, үй жаққа барып әңгімелессек
қайтеді.
- Әңгімелескішін.
Әліқүлдың апшысы тіптен қуырылды. Жел жақта арсылдап
түрған оның жайтаң аузынан ащы бір иіс мүңкіп Барханның
қолқасын қапты. Ішгіей жүргенде мас кісіше әкіреңдеп, эңгір
таяк ойнататын экімнің дэл қазір қармағына жем болудың
ешкандай реті жоғын сезді ме, атынан түсті де, бір басып, екі
басып жасқана жанына барды.
341
- Сен оңбайсың, - деп бастады сөзін Әліқұл. - Он жыл
болды сөзін осылайша бастаудан таңған емес. - Егер сен оңды
шопан болсаң, менің төбем көрінгеннен қарсы шауып, қарсы
алуың керек еді. Егер сен оңсаң...
- Әлеке-ау, сіздің төбеңізден көз жазып қала берем, ылғи да
Сейітқұлдың қызыл машинасымен келуші едіңіз...
- Тоқтат! - деді қолын сермей кесіп айтып. - Көргенді
шопан, сөзді бөлмес болар. Мен жаяу жүруден арланбаймын,
қарапайым басшымын. Мына сендер жерден аяқтарың екі елі
көтерілсе, едіреңдеп, ел үстінен құрық түсірмейтін. Әттең,
сендейлерді менің орныма үш күн тағайындаса, Қызылқұмнан
бір түйір қалдырмай сатып, саудалап жіберер едіңдер,
мүндарлар.
Бархан көзін етігінің басынан алып, анадай жерде қыстаққа
қарай жөңкіліп бара жатқан отарға аудара беріп еді, Әліқұлдың
саңқ еткен үні селк еткізді.
- Оңбайсыңдар, қыс болса мынау, тойдан қүр қалғандай
сықсиып келіп қалған. Сен болсаң мынау, не қораңның қиы
ойылмаған, не бүтінделмеген, жағаң жайлауда, есінеп-құсынап
жүргенің. Анау өзің секілді, өзің секілді деймін-ау, боғыңмен
жасты Сейітқұлды қарашы, қандай азамат, жем-шөбі мол,
қорасы саңдай, алты ай қыс болса да қыстырмаймын... деп
отыр. Қырықтан асқанша қыртып, айналдырған алты жүз
түяққа ие бола алмай...
- Жеті жүз деңіз.
- Қарашо, жеті жүз-ақ болсын, какой разница... сөзді бөлме,
өсетін, қосымша ақы алатын шопан сөзді бөлмес болар. Ал,
сенде жиырма жыл мал бақсаң да анау есіктей кеудеңе қадар
значок те жоқ. Ана...
- Он бес жыл деңіз.
- Қарашо, он бес... сөзді бөлме... ана өзіңдей, өзіңдей деп
оттаппын-ау, қаршадай ғана Сейітқұлда бір емес, қос орден
бар, осы бесжылдықтың аяғында тағы да наградаға ұсынамыз.
- Оныңыз рас.
- Не рас.
- Сейітқұлды наградаға ұсынатыныңыз деймін, аға...
- Е, солай жөніңе көш, қалқам. Қалай, мал-жан аман ба?
Келіннің дені-қарны сау болар. Балалар өсіп жатыр... Кешке
Сейітқұлдың үйінде жолыгармыз. Әйда, отарға шапқыла.
342
Қане, шапқылашы қойға қарай, мен артыңнан қарап тұрайын.
Шапқылай бер, жарқыным...
Әліқұл осы сөзді асығыс айтты да, автоклубқа мініп,
қыстаққа қарай доңғалай жөнелді. Атына мінбей аң-таң селтиіп
тұрған Бархан екі кештің арасында зымырап бара жатқан
машинаның соңынан көпке дейін көз алмады.
Осы мезетте Барханның дэл ұстінен тағы бір самолет ұшып
өтті...
* * *
Бүғін қүдық қазушылар келмеді. Тегі ауылға қайтып
кетсе керек. Күнде кешке саймандарын сылдырлатып, желіп
келетін үш жігіттің орнын жоктағандай, Барханның қыстағын
асыранды көңілсіздік қайта басты-ай. Қойды котандап, бэкүн-
шүкүн шаруамен сыртта көп айналғаны - үйғе кіргенде көрері
де, естірі де бэз баяғы... екенін білгені жэне осы көңіл қалды
тірліктің өзі әбден зерезеп кылғаны еді. Бағана бөлімше
баскарушысы машина ойнақтатып кеткен соң да, ертеңгі
атар таң, кешер ғүмырына көз салған, шабандау болса да ой
жүғірткен-сымак болған. Көсіле шабар, иэ немесе көлдей
толқып шығандап, шалқыр мардымды ойдың жалына жармаса
алмағанымен, жеті жүз саулықты өлім-жітімге үшыратпай
кыстан қалай алып шығамын, қалай төлдетем, бесжылдықтың
айқындаушы жылында 140 қозы ала аламын ба? секілді тағы сол
үйреншікті, он бес жылдың бедерінде санасына қонақтаған ой
- баяғы ой тыныш таптырмаған. Ол тіпті Әліқұлдың бақырып-
шақырған сөзін шыбын шаққан кұрлы көріп, елеген жоқ. Оны
бас қатырып есіне де түсірмеді, тек күндіз-түні көлеңкедей
көлеңдеп, еріп қалмайтын өз пікірі, өз мақсаты - өз иманымен
әуре-сарсаң.
Қағынып-сілкініп үйге кіргенде Сейітқұл «движогін» от
алдырған. Қатар отырған екі қыстаққа бір мотордан берілетін.
Сейітқұл аға шопан саналғандықтан «движок» та соның
иелігінде: көңілі түсе от алдырады, көңіл хошы жоқ болса,
«бүзылып түр» деп Барханның үйін май шамға қаратады.
Мотор дырылдай жөнелғенде ең әуелі анау Сейітқүл отарының
шыр айналасы самаладай жарқырайтын. Аямай-ақ онды-солды
орната берген электр лампалары бейне-бір шаһар көшелеріндей
көз қарықтырады. Көз қарықтыра жайнап, алыстан қарағанда
адамға осынау шағыл-шағыл құмның ортасында отырған тіпті
343
қойлы ауыл емес, Ніл бойының түнгі аспаны бір пүшпағын
кесіп алып осында тастап жібергендей, сонадайдан жымың-
жымың сиқырлы сэуле шашар еді. Сейітқүл соңғы рет облысқа
жиналысқа барып келгелі эр лампаны сан түсті: қызыл, жасыл,
кок, сары бояумен бояп қойғаннан бермен тіпті ғажап көрініске
боленген. Ал, Барханның екі үйінде екі жарық, есік алдына
бірді орнатып бер, түнде күзетке шыққанда қүлай берем деп
қолқа артқанына үш жыл болды, «мотордың қуаты жетпейді»
деп міз бақпады. Расында да, ескі ай батып, жаңасы тумай,
өліара болып түрған шақта түн түнекті жамылып, қоздайтын
саулықты бас-басына түгендеп шыққаннан азап не бар?
Қолында фонарь болушы еді, оның да батареясы таусылып,
каңсып көрінген жерде шашылып қала беретін. Айналасы ат
аунағандай ғана ойпаңда бірге, бір мақсатпен өмір сүріп жатқан
екі қойшының екеуі арасындағы осыншалык кереғар, таңба
басты айырмашылықгың сыры неде?- осының түп тамырын
іздеп, сарсаңға түсер Бархан ба? Барханның міндеті - өз ісіне
адал, бүлкек-бүлкек желіп, шаруасын тиянақты атқару; атақтың,
қүрметтің; аяққа түсау, арқаға артық жүк болар байлықтың,
тіпті аспандағы жүлдыздай түнде бар, күндіз жоқ қылтқып кеп
түрар алдамшы бақыттың да бүған бес тиындық қүны жоқ.
Шам жана шайға отырған шағын семьяны өзгеше қоңыр,
іргеден күздің қара суығы аңырағандай, аса бір көңілсіздік
басқан еді. Әркім өз ойымен болып, оңаша түнжырған. Бес
жасар қыз Әтіркүл «әкелеп» Барханның мойнына асылып еді,
«қоңыр қозым» деп мекірене маңдайынан иіскеді де, «шешеңе
бара ғой»,- деп тезірек жөнелтіп жіберді. Күні бойғы салаң-
салаң ат үсті жүріс енді ғана бел шеше білініп, екі қарасаны
шоқпармен үрғандай талып жаткан. Қырықтың бесеуіне
ілінбей-ақ, кэрілік деген иттің қаба бастағаны ма? Бүрын
мүншалық бой-бойы салдырап, ондырмай сойылға жыққандай
езіліп, шаршамаушы еді ғой. Баяғыда ауданның атақгы шопаны
атанып, сый-қүрметке қолым міне-міне жетеді деп, дәмеленіп
жүрген шағында, тіпті талдығу... жалығу дегенді білмейтін,
қайта жап-жас бала Сейітқүлдың еріншектігіне налып, «эй,
інішек, ерте түрғанның бір ісі артық деген, жайбасарды - май
басар. Елгезек бол» - деп ақыл айтатын. Сонда Сейітқұл
күліп:
«Ой, отағасы десе, асықпаған арбамен коян алады, жүгірген
алмайды, бүйырған алады» деген нақылды қазакем бекер
344
айтпаған» - дейтін де теріс карап кор етіп каперсіз ұйыктап
кетер еді. Енді ойлап отырса, сол, Сейіткұл сөзінің жаны бар
екен, эне бұған бұйырған бар дүниені сол, кешеғі тонкайып
пыс-пыс ұйыктап жатар көмекші бала еншілеп кетті; әне, сол
жайбасардың асығы алшысынан түсіп отыр.
Барханның ойын Жұмагүлдің майда үні бөлді.
- Құдык казушылар, тегі, бүгін келмейді-ау... - Күйеуі
үндемеген соң мүңая бір карады да, терең күрсінді... Былайғы
жүрт байқай бермейтін үлбіреген мамык сағыныштың эрі
рақат, эрі түншыкпа жүмсағына батқандай. Сол сагыныштың
ба, әлденеге өкінудің бе - эйтеуір, бір жіңішке шарасыздықтың
шарабын сіміргендей, шамның болымсыз жарығы түсіп,
боталай жасаурап түрған жанарын майда жұмды. Жұпыны
ғана үйдегі жұбайлар тірлігі жалқы сәт жусап, жалқы сәт мызғи
бергенде, үйдің іргесі дыңылдап, қабырғасы солқылдап, жер
сілкінгендей тербеледі-ай.
- Бармаймын! Атып жіберсе де тырп етпеймін ғой осы,
- деді Бархан жүкке арқасын тістене тіреп.
- Неге? Неменеге бармайсың? - деді аңқау эйелі.
- Әй, Жүмагүл-ай, бес жылдан бері осы үйдің бүрышы
солкылдаса, Упр шақырып жатқанын сезбей-ақ қойдың-ау.
- Бұл қыздай алған өз қосағына түңғыш рет ренжігені-тін.
- Е-е, - деді Жұмагүл самауырынның су ын сарқып. - «Айғай
ағам» келіп қалған екен ғой.
- Иә, келіп қалғаны да... Қой, барып бір-ер сағат лекциясын
тыңдамасам, қүйрығына қауға байлағандай тулап жүрер.
- Бар, - деді әйелі, - бар, тыңда, тыңдай бер, басыңды шы-
бындаған атша шүлғи бер. - Бұл Жұмагүлдің жігіттей қосыл-
ған қосағына тұңғыш рет тік айтуы еді.
Бархан далаға шыққан соң өз тамы мен Сейітқұлдың үйі
арасына керіле тартылған сым темірге жиіркене қарады. Оны
бұдан тағы бес жыл бұрын Әліқұлдың бүйрығы бойынша
орнаткан еді. «Мен келген сайын озат шопан басыңмен бала
қүсап безектеп жүресің бе? Жүгіртіп жіберетін қолды-аяқты
балаң жоқ. Одан да саған мен бір адам білмейтін эдіс айтайын.
Анау есік көзіндегі ат байлайтын мама ағаштан Барханның
үйінің бұрышына сым темір тартып таста. Шырағым, мұның
өзі - аға шопанның телефоны секілді, қатып кетер еді. Бархан
керек бола калса, есік алдына жүгіріп шығасың да, сол сым
темірді бар пәрменіңмен періп-періп қаласың. Жаман үйі
345
поездың үстінде келе жатқандай солқылдап кеп бергенде... ха-
ха... Бәкең аяғын қолтығына қысып алып, безектесін.
Сонда Сейіткұл кеше ғана ағасындай болған Барханнан
үялды ма, «кішкентай сәбилері бар, шошымалды болып жүрер»
деп тартыншақтаған. Бірақ, артынан бөлімше басқарушысы
із суытпай жиі келіп, ары-бері жүгіре-жүгіре шаршап қалар
болған соң, «телефонды» орнатып тынған. Пенде шіркіннің
үйренбейтін, көнтулакка айналмайтын кезі бар ма, Барханның
үй іші де бүл қүқайға ырықтанғандай еді.
Әліқүл өзінің меншікті орнында бір шынтақтай, балшықтан
соғылған орыс пештей боп теңкиіп жатыр екен. Алды-арты
қүс жастық. Қазіргі қалпында ер-азаматтан гөрі, кеше ғана
босанып, қалжа жеп, сорпаланып жатқан әйелге көбірек
үқсайтын. Барханның ойына осы азғырынды салыстырманың
қайдан ғана сап ете қалғанын шыдай алмай мырс етіп күліп
жіберді. Упр:
- Неменеңе жетісіп күлесің-ей? - деп жекірді.
- Жэй, өзім ғой, ағасы.
- Сен ағасыны қой, неге күлгеніңді айт.
- Жэй өзім ғой, аға.
- Сен, «өзімді, өзім ғойды» - қой, неге күлгеніңді айт.
Әңгімеге Сейітқұл килікті.
- Отағасы десе, Бәкеңнің ойына әлдене түсіп күлгенде.
Несіне тақуалайсыз.
Ол бұл сөзін иесін көрген иттей еркелеп, ыржалақтай
айтты. Сосын дастарқан басына жүрелей отырған Барханға
стақанға толтыра арак қүйды, жартылай желініп, тоңазып
қалған етті табағымен жылжытты. Әліқүл эпігін элі баса
алмай отыр, жүрттың көзінше осына ешкімге жалынуды,
жалпақтауды білмей, өз бетімен оттап, өз бетімен жусайтын
жүген-құрыққа ырық бермейтін тоңмойынды мықтап тұрып,
мұқатып алмақ сыңайда. Шынында да, Барханның үйінен
Әліқүл басқарушы болғалы бір малдың басын мүжімепті. Бұл
не деген масқаралық!
- Сайтан қытықтағандай күледі-ей, жоқ-ау, несіне жетісіп
күледі деймін-ау. Он жыл болды, жүзіне 110 қозы, эр қойдан 2,5
килограмм жүн қыркып келеді, не озбай, не қалмай сүмеңдейді
де отырады. Қырықтан асты, медалі жоқ... күлгені несі, жүдэ.
- Қойыңызшы... Отағасы десе, Бәкеме тіпті сол сый-
кұрметтің керегі шамалы-ау.
346
- Әй, қара құрт шаққандай қипақтамай отыр. Сенің де
сырың белгілі. Иә, бұған түктің, еш нәрсенің абсолютна нарқы
жоқ, подумаешь қызықтырмайды... Рас, итке темір не керек.
Әлікұл шаптығып, тіл тигізе берген соң Бархан алая
қарады да, тамағын кенеп ырғалды. Бұдан соң бет-аузын
күректей алақанымен кұшырлана уқалап әкелді де, жұдырыкка
айналдырып, өз тізесін өзі бір нүқыды. Көршісінің мэңгі бақи
ұйықтап келген арыстан ашуы атылмай тұрғанда екі жакты
бірдей бітімге шақыру ниетімен Сейітқұл болымсыздау эзіл
тастады.
- Отағасы десе, эзірде сіз қара кұрт шаққандай дедіңіз.
Бағамдап отырсам, сол қара кұртты біз де жейді екенбіз-ау.
- Кет-ей, оттамай, - деді Әліқұп бар денесімен еңсеріле
бұрылып.
- Рас айтам, отағасы десе. Тіпті казір жеп отырмыз.
- Ал, дәлелде.
- Не дәлел керек. Өйткені, қара қүртты кой жейді, қойды
біз жейміз.
- Ой, ит-ай, ойлап таппайтының жоқ-ау. - Әліқұл ірі денесі
саба піскендей іркілдеп, рақаттана қатты күлді. Бархан болса
алдында мөлдіреп тұрған жоян стакан аракқа телмірген күйі
езу тартпастан сүлык отыр.
- Ей, - деді упр, - сен неге күлмейсің, понимаешь.
- Сіз ұрсасыз ғой.
- Неге?
- Күлсем деймін...
- Фу... понимаешь, мынау не деген мылжың еді. Мен
үрыссам, қоса ұрыспайсың ба? Давай, анау алдыңдағы арақты
ішіп қой, сосын сөйлесерміз.
-М ен қашан ішуші едім, ағасы.-Бархан алдындағы мелдіреп
мұрын жарып түрған арақты ары таман қолының сыртымен
ысырыңқырап қойды. Әлікұл енді оң жақ жамбасына аунап
жатты. Шынтағындағы жастық бір уыс болып иленіп қалған.
Сейіткұлдың эйелі ас үйге кіріп-шығып, ыдыс-аяқты
жинастырып, шай қойып, тыным таппай жүр. Өзі де тасы-
райған, қара торының өңдісі еді. Маған десе, алдында әкесі
тұрсын, бетің бар, жүзің бар демей, дүрс еткізіп турасын
айтатын. Бархан оның жайтаң қағып, лыпыған жүрісі мен бедеу
бейнесіне көзінің астымен барлай қарап отырып: «Жұрттың
қатыны да озіне тартып туады?» деп ойлады.
347
- Сонымен, - деді басқарушы,- бағанағыдай емес, дауы-
сын қоңырлай созып, - арақ ішпеуші едім де. Жө-ө-н, эттең
заманнан не бұрын, не кейін туғансың. Колхоздың қара
өгізіндей жұмысты мұрның пысылдап, істейсің келіп, істейсің
келіп, жарқыным-ау, қазір өгіз адам емес, түлкі адам керек
бізге. Мына өзіңнен он жас кіші Сейітқұлды карашы, майга
тыккан кұміс касық секілді, иненің көзінен отердей болып,
жылпылдап тұр-ау, жылпылдап тұр. Анау күні жұмысшылар
комитетінің жиналысында қалай катырып сөйлеп берді. Әй,
бала, - деді Сейітқұлды сұқ саусағымен нұқи. - Сен ғой, сонда
аздап бөсіңкіреп жібердің, э... понимаешь...
- Отағасы десе, өзіңізден озып қайда барам... Ептеп су
қосып, ұрып жібергенім рас.
- Айттым ғой, бүл түлкінің күшігі өлмейді деп. - Мэз болып
күліп алды. - Ал жігіттер, - деді бұдан соң, - мал қыстатуды,
ойдағыдай аяқтап, көктемгі төл алу науқанына сақадай-сай
болу үшін осы тосты алып қоялы қ - Өзі қырлы стақандағы
шүпілдей толған арақты аузына апарып, ақтара салды да,
шеңгелдеп-шеңгелдеп ет асады. Екі ұрты бұлтылдап, шайнаң
қаққан Әліқұлдың қап-қалың қорасан бетіне қарап отырып,
тойып қалғандайсың.
Барханның бағана кеткісі келген.
- Ағасы, ақылыңызды айтып болсаңыз, қайтайын деп едім.
Әлгі кішкенгай кызымыз да аузы уылып, ауырып жүр еді.
- Сен кеткенді қоя түр, - деді аузындағы етті шайнап біте
алмай жалмаң қағып. - Осы бесжылдықта жүз койдан қанша
қозы ондіретініңді, эр бастан неше килограмм жүн қырқа-
тыныңды айт. Кіммен жарысасың? Тағы да мына Сейіткұлмен
бе? Айтпакшы, бағана өріс басында қатты кетіппін, кешір,
білмеген у ішеді деген осы емес пе, қораның қиын тазалап
тастаған екенсің, көрдім, оныңа рақмет. Бірақ анау он күн бойы
он жерді күр бекерге қазғылап, көзге тамызатын су шығара
алмаған қүдыкшы куларды үйір қыла берме, олар бүгін қи
тазалауға комектессе, ертең, эйеліңе... тоист, басқасына
көмектесуі мүмкін. Ол дала безер бездельниктерді мен ауданға
айтып, аяғын аспаннан келтірейін, понимаешь, ал бара бер?
Бархан шығып бара жатып:
- Биыл Сейітқұлмен жарыспай-ақ қойсам қайтеді. Бэрі
бір оздырарсыздар... - деді. Көршісінің бұл астарлы сөзін
бөлімше басқарушысы ұқпағанымен, Сейітқүл аңғарып қалған.
348
Мыскылдай мырс етіп күлді де: «Өзіңіз білесіз, отағасы десе,
маған бэрібір.
Атақты Жазылбек Қуанышбаевтың өзімен рұксат етсе,
жарыса берем», - деді. Әліқүл айғайға басты:
-
Сен немене, понимаешь, соц. соревнованиені кылжакка
айналдырасың? Саяси сауатсыздык бүл. Әй, Сейітқұл ком-
муниссің ғой, мына мотының сауатын аш. Баяғыда партияға
мұны емес, сені алғанымыз кандай дүрыс болған, бэрібір
көғертпейді екен.
Бархан ары карай тыңдаған жок. Есікті тарс жауып шыға
жөнелді. Әліқұлдың «понимаешь жаман айғырға жал біте
бастапты» дегені босағаға қыстырылып калды.
Аспан ашық, түнгі ауадан күздің қара суығы сезіледі.
Қас қарайып, алқара көктегі сансыз жүлдыздар тым алыстан
сиқырлана көз қысысады. Сол тұп-тұнық аспаннан самолет
үшып барады-ау. Гуілдеп, жүрекке нендей бір қаяу тастар
үнін естігені болмаса, Бархан сол «қүсты» элі көрген жок.
Көргісі-ақ келетін, үшқысы-ақ келетін қүрғыр, жол түспейді.
Өз қыстағының дэл төбесінен үшар самолетті, кейде ойша
санайтын. Жэне қай уақытта өтерін де жатка айтар еді, бірақ
сол шіркіндердің қайдан ұшарын, қайда қонарын, қандай
адамдар ұшып бара жатқанын білмейтін. Оған төбесінен өткен
самолеттің бэр-бэрінде өңкей бір төрт құбыласы тең, қағанағы
қарқ бақытты адамдар мініп отырғандай сезілетін.
Неге екені белгісіз көңілі жасып, үйге кіргісі келмеді.
Анадай жерде үркердей үйіріліп, жусап жатқан отарын бір
айналып шықты да, екі қолын артына ұстаған қалпы құм
төбеге қарай асықпай аяңдады. Күндізгі өкпек жел толастамай,
түннің бар еркіндігін өзі билеп-төстеп, еркелей еседі. Жылдар
бойы суырыла-суырыла есіліп қалған бүйра қүм баяғыша
жер бауырлап, сусымай, албатты лағып көше бермей байыз
тауып, біржола қоныстанған. Соңғы кезде Қызылқүм мінезі
мүлдем өзгеріп, мынау қазақтарша отырықшы болғандай еді.
Арпалысып, көшіп-қонып жатар мазасыз дәурен элдеқашан
кош-қошын айтып, ендігі бұйығы да жуас «Сен тимесең, мен
тимен» тағдырды таңдап алғандай еді. Сумаңдап кеп, сусылдап
кеп суыртпақтала жортар жорға жүрісі саябырсып, тобан аяқ
болыгі, томпайып-томпайып қалған құмдақ, енді саябыр тауып,
кызыл күреңдене топыраққа айнала бастаған. Төбе-төбенің
шекесінен мап-майда ұнтак кұм ғана жылбысқы жылжиды.
349
Оның өзі де ендігі пананы мал тұяғы мен қотан, қораның іргесі
яки, киіз үйдің маңайынан іздеп, үп етіп жел түрса болды, төрге
шығады. Егер шайнап қалған асыңнан шақыр етіп қүм шықса,
элгі түқымы азып, есік көзінде қалған қайран қүмның адамдарға
көрсеткен ақырғы қысастығы сықылды еді. Ең ғажабы, осына
жота көрсетіп, беріштене бастаған қүмның эр жері сорланып,
актаңдана жауырға айналған. Бүл өңірде түз төгіп тастағандай
әктеніп, шыт-шыт айырылып жатар жер барған сайын молайып
келеді. Әлгі аппақ сортаңға тіл тигізсең - ап-ащы.
Осыншалық кеспірсіз үлан-ғайыр даланы шекпен киген
қазақтың гасырлар бойы кимауы, анау қып-қызыл, эрі сүп-
сүр жосыған күмды жер жэннатына балап, қаншалық қорлық,
қаншалық зорлық көріп азсын, тозсын, таңдайы кеберсіп,
шөлден каталап өлсін, жан бағып, өзге ел, өзге жүрттан жүмак
іздеп, кешіп кетпей, осы сорда, осы қатыгез қүмда рақаттана
жан тапсыруы - неліктен? Кей күндері мынау шымдауыттана
бастаған қүмның сыңсып, элде бір аянышты үн шығарарын,
кейде мынау тарихтың бар шежіресін қойнына тығып, бүк түсіп
жатқан кызыл күм өз-өзінен өксігендей, демігіп, сырылдарын
Бархан естігендей болушы еді. Сонда жаздың жаймашуақ
күндерінің бірінде киіз үйдің керегесін түріп қойып, таң
атқанша кұлақ түрер еді. Қүлақ түре-түре өзінен басқа тірі жан
естіп, үға бермейтін сыбыр естігендей екі көзін тас қып жүмып,
елітетін, ерте - тым ерте айырылған әке-шешенің сол қызыл
қүмның астынан әлдиі талып жетіп, мәпелеп тербеткендей,
жабырқаңқы жанын уатқандай болушы еді. Содан айдың
аппақ нүрына шомылып жатқан сонау қүм төбелер жазықсыз
жапа шеккен, өмірден оз орнын, өз еншісін, өзіне лайық сый-
қүрметін ала алмаған жандардың моласына үқсар еді. Сол,
ай астында мүнарланған күм төбеге өзінің де эні-міне айнала
бастауы есіне түсіп, селк етіп шошынып, керегені оқыс жауып
алар еді...
- Иә, қүм жылайтын...
- Иә, қүм сөйлейтін... Иә, қүм жырлайтын...
- Иә, қүм толғайтын...
- Иә, қүм эн айтатын...
- Иә, қүдая қүм күлетін, кэдімгідей сақ-сак күлетін...
- Иэ, қүмның даусы қандай эдемі еді десеңізші. Көзден де,
коңілден де шалғай үжмақ дүниеден хабар жеткізгендей, сол бір
тым алыста, әрі тым жақында жатқан сиқырлы дүниені аңсап,
350
жалғызсырағанда, жабыққанда айтар^ әсем эні, әмәнда ұзақ-
сонар толғауға барып, бебеу қаға тоғысар еді. Қызылқұмның
тілін тек өзі ғана білетін Бархан онымен күбір-күбір әңғіме
шертісер еді. Шынында да, ол ғажап үн естіғендей өзғеше
бір шыншылдықпен иланатын. Ол өзінің ішкі үні, сырласар,
мұңдасар адам таппағанда сөйлеп қоя берер жан сарайы екенін
ұға бермейтін, оның кұлағына, тэңірім-ау, әйтеуір үн келері хак
еді.
- «Күні кеше жер кайыстыра жортып жүрер аң-кұс
қайда?»
- Бір жағы Жамбыл, бір жағы Фрунзеден келіп түні бойы
машинаның жарығымен аулап кұртқан».
- «Ей, Қызылқұм, баяғыдай неге көшпейсің?»
- «Көше бергеннен көрген пэтуаң кәне?»
- «Адамдар үшін жалғыз жұтым суыңды неге қимайсың?
Қазған сайын қаша бересің».
- «Қазір адамдардан су ғана емес, табиғаттың орман-
тоғайы, аң-құсы бәр-бәрі қашып барады».
- «Ей, Қызылқұм неге күлесің?»
- «Сені мазақтап... Алдыңдағы малдың амандығына мәзсің.
Жалпақ жаһанда не болып жатканынан хабарың жоқ. Ана
самолеттер қайда ұшты? Онымен кімдер ұшуға міндетті?
- «Менен гөрі Қызылқұмның тірлігі озық,- деп ойлады
бұдан соң Бархан. - Қыста сұп-сұр боп, қанын ішіне тартып,
кетеуі кетіп жатқанымен, көктем шыға құлпырып, қып-қызыл
қызғалдақтан көйлек киіп сексеуілі мен түзгені, жыңғылы мен
изені жайқалып, азын-аулақ адасып жүрген аң-кұсымен ойнап,
куанышы келте болса да, мәз-мейрам. Ал мен, менің түрім
мынау: ес біліп, етек жапқалы көрген қызық, кешкен ғұмыр
- қараша үйдің түтінін түтетіп, арқандаған аттай қотаннан
ұзап шыға алмаймын шырғалап, жоспар орындау, міндеттеме
қабылдау, Сейітқұлмен жарысу, өмір бақи озбайтын жарыс...
Әліқұлдың айғайы... Дегенмен осындай тасбақа тірлікті тастап
кетпей, төзудің өзі - ерлік екен-ау... Өзіңнің адалдығыңа - өзің
сенуің батырлық екен-ау».
Құмтөбенің басында күпісін жамылып, омырауын аңырайта
аша сонау батысқа қарап ой үстінде түрган Бархан тағы да,
тағы да сол көп кешеуілдемей, салып ұрып келер қыстың
қамын ойлады. Бұл өңірдің қысы қызық, алдамшы болушы
еді. Жер бауырлай сусып соғар үскірік желі құм мен карды
351
араластыра ұшырып, бұйрат-бұйраттың ықтасынын, сексеуіл
мен жыңғылдың түбін қасат қармен қымтайтын. Құм жалдың
үстін қар жалдары жауып, шымқай қүрғақта сары аяз буады-
ай. Жүмсақ жылдары төрт түлікті ылғи тебінмен шығаратын
ел кейде қамсыз калып, жемшөптің тапшылығынан малын
жүтқа үшыратып алатын. Жайшылықта отарды неғүрлым
қалың қүмның ара-арасына өрғізіп, ықтасын қуып, қыстақтан
жылыстай жылы жер, соны тебін іздеп кетер Бархан енді елмен
бірге меншікке тиер жемшөпті сығымдап, қой қоздар шакқа
сактар сақтыққа көшкен. Мүндай ауыр жылдарда төлдемейтін
бойдақ мал болса, қардың шеті тесіле кең жазира, құйқалы жер
Арқаға айдап кетер еді. Қарындары жер сызып жүрген саулык
қолды байлайтын.
Анау жылдар жақсы еді... Ақпан айында май тоңғысыз
жылымық тұратын. Бетін қар қабыршақтары күптеген құмды
көсіп қалсаң, буы бұрқырап, жып-жылы леп шығатын. Әсіресе,
шабылып кұм көшкенде қатты суық болмайтын. Егер мелшиіп,
үн-түнсіз түншығып жатса, екпіні жоқ, өті қатты қара суык
сексеуіл сындыра зәрін шашатын, кэрін тігетін. Жарыктык
құмның ара-тұра көшіп-қонарына не жетсін. Не нәрсе де
қоныс аудармай, жер тағандап жатып алса, көргені де азайып,
қатыгезденіп, жидіп кетеді білем. Ие, көшу керек-ау... Бірақ,
қайда?
Қыста мұның сенері совхоз берген там-тұм азық емес.
анау құмның арасындағы аяз бен қасат қарға ырық бермей
тұрар кемпіршаш, күйреуік, дэндіқара секілді малға жұғымды.
жүмыр шөптер. Биылғы қыстың қандай айбармен келерін күні
бүрын болжау қиын. Түлкі бүлаңға салып алдап кете береді.
Табиғат жарықтықтың да соңғы жылдары осындай бір мінезсіз.
жүмбақтана қылтқып түрар қылығы кісінің жынына тиетін. Ал
совхоз болса, Сейітқүлдың қорасын тотияйындай көкпеңбек
шөпке толтырды да Барханды үмыт қалдырды. «Беретіи
шығар,- деді күбірлеп - кешіксе де жеткізіп берер...»
Құмтөбенің басында түрған Барханның көз алдынан қара
құйрық жүгіріп өткендей болды. Бүл не, елес шығар... жел
барған сайын ішін тартып, үдей соқты. Отар үркердей үйіріліп.
эне қаперсіз жатыр. Сейіткүлдың кыстағы самаладай жарқырап.
көз шағылыстырады, сайқалдана көңілді қытықтайды. Өзі
қаперсіз үйқыға берілген-ау, сым шарбақтың ішіндегі қойларды
даланың борісі түгіл (егер бар болса), қаланың эккі ұрысы ебін
352
тауып ала алмайды. Ол айтады: «Тордың сыртынан тағы бір
тікенек тор тартамын да ток жүргізіп тастаймын. Сөйтіп, қой
күзету деген ата-баба азабымен мәңгілік қоштасамын», - деп.
Сонда Бархан айтқан: «Қойды күзетпесе несі қызық»
«Тіршілікшіл, әйтеуір арам өлмейтін жігіт» - деді ішінен.
«Тіршілікшіл» жігіттің үйінде қонып қалған Әлікұл
тэлтіректеп далаға шыкты. Электр жарығымен шағылысып, от
болып жанған қойлардың көзіне бағжия қарап, арбасып түрды
да: «Понимаешь, дэл Бархан сияқты бедіреюін» — деп қолын
бір сілтеді де, үйге қайта кірді. Бағана ғана ашық түрған аспан
да, сол аспандағы сансыз жүлдыз да - жым-жылас, әлдекім
теріп алғандай. Табанының астынан басталып, анау Бетпақ
далаға үласар шетсіз де, шексіз қүм дариясы бейне бір асау
толкынды, асығыс толкынды теңіз жалдарының бақилыққа
катып қалғаны іспетті, оркеш-оркеш, бүйра-бүйра. Әлдебір
эннің кайырмасын жалықтыра қайталап, күй сандықтың инесі
бір орнында түрып қалғандай, ызың-ызың үн шығады. Сол үнге
желге бетін берсе де, белін бермей сидам түрған сексеуілдің
уілі қосылып, Барханнан басқа ешкім үға алмайтын, әлдебір
энді шырқағандай. Тіпті бүл өзге жүрттың қүлағына эн емес,
жыр емес, толғау емес - зарлаған жоқтау сықылды естілері де
мүмкін-ау. Өзғе жүртқа қүлазып, тісін шақүр-шүқыр қайрап,
кағынып жатар Қызылқүм - аңызға айналған аңызақ шөл
даланың - кейуана жердің мэңгілік мойымайтын, мэңгілік
өзгермейтін қайратты да қайсар мінез-қүлқын танытар үлы
елдің бел баласы екен-ау... «Осына кенезесі кеуіп, ерні кеберсіп
жатар ен дала - қолқаны қабар жалмауыз күмда не қүты калды
екен бүл елдің? Қүдіретті қуатқа толы ғажап сиқыр бар ма?!
Құдая-ау, сол кезде баяғы қытықшыл, жас ботаның телпегімді
ала қашып ойнағанындай қылықтарын күрт озгертіп, не
буырқанып, ашу шақырмай, жер бауырлап өксіп жатып алғаны
несі? Қайда, кешегі сусылдап, эндетіп, қым-қуыт көшіп қонар
көшпелі құм? Қайда, көшпелі кұм?
Барханның ойын тағы да көз алдынан өткен елес болді.
Алғашкыда селк етіп шошынып қалғанымен, еті үйрене,
шынында да түн ішінде елбеңдеп жүрген не нэрсе дегендей
алыстан өлеусірей түскен шам жарығы сәулеленіп тұрған
маңайына коз талдыра қарады. Үдере соққан жел ызыңынан
өзге дүние караң. Аспаннан айрылған жер ғана қара жамылып
коркынышпен қарауытады. Анда-санда осы етпетінен құлап,
353
талықсып жатар жарықтық деміге ұзақ жөтелгендей, күрк-күрк
үн желге мініп, жетіп келеді. Табиғатта эзірше неге соқтырары
беймәлім беймазалык бар. Түн түкпірінен тағы да әлдене ағараң
еткендей болды да, акырын ғана мекіренген қара қүйрықтың
сүлдесі көрінді. Төбе басында серейіп түрған Барханнан
үрікпей, еркелей ойнақтап жетіп келді де, етегін иіскелеп,
жып-жылы, жүм-жүмсақ тұмсығымен Барханның қолын
түрткілеп, жалай бастады.
-
«Ү-й-й...- байғұсым-ай, сен екенсің ғой. Хайуан болсаң да
қолдан жем берген иеңнің жақсылығын ұмытпаған екенсің».
Қарақұйрықтың арқасын сипап, кұшағына қысты. Өткен күзде
әлдекім атып жаралап, қалың түлейдің ішінде жасырынып,
қансырап жатқанын тауып алып еді. Ай бойы аяғын емдеп, жем
беріп, Сейітқұлдың төрткөз сарыаяқ итінен торып, асыраған.
Сонсоң қыстақтан тым алыс, Паң далаға ұзатып салған. Содан
бергі уақытта бір жыл өтсе де, қара үзіп кетпей, шырғалап келіп
тұрғаны мынау.
«Хайуан екеш, хайуан да істеген жақсылықты ұмытпайды.
Бара ғой, қозым, бара ғой. Сен анау шамдары түн түндігін
жыртып, ежірейіп түрған сәулетті қыстақка жолама. Ақылың
болса менен басқа адамға жуыма. Неғұрлым қашық жүрсең,
неғүрлым қорқып, сасып жүрсең - ғұмыр жасың ұзақ болады,
жаркыным. Бара ғой қозым, бара ғой. Мен бейбақты іздеп
қайтесің... Мен бір өзің секілді оқ ерте тиген мұңлықпын...
Бара ғой...»
Осы сәтте қатты құйын көтерілгендей болды да, жылдар
бойы сіресіп жатқан Қызылқұм айдаһардай ысқырды.
Әлгінде ғана желге арқасын сипатып, жым-жырт қалғыған,
элгінде ғана тэңіріне табынып, дүниенің бар үзірін баз кешіп,
жалыққандай есінеп-құсынап мантыраған даланың талағы
тарс айрылды. Шабына кім түртті өз-өзінен буырқанып, өз-
өзінен шамырқанып, екі езуі көпіріп бураша бұлқынып шыға
келді. Әлдене құйын боп аспанға шапши тік көтеріліп еді,
енді сол ұйтқыған кұйын өзі секілді мың-миллион құтырық
қарабас сарбаздарын мұқым қызыл құмның бойына анталатып,
қаптатып жібергендей болды. Сол, сол-ак екен, беріштене
қатқан төбе-бұйраттар бүлкілдеп, тісі-тісіне тимей, бақсы
боп сақылдағандай, дірілдеп-қалшылдап безгегі ұстағандай
жынын шақырды. Сонан соң бүған дейін ешқашан естімеғен:
өкірген, элде оксіген үнмен жоқтау айтты, сыңсыды, булығып
354
барып, зар еңіреп жылады - аса бір алапат екпінмен батысқа
бақанын алып лап қойды. Жер мен көк, ой мен қыр - бәрі-
бэрі тұтаса қып-қызыл әлде қап-қара құмның тұтқынында,
бейне бір Африкадағы ағайын кұмдардай алып қуатпен алға
көше жөнелді. Дэл алдындағы сексеуілден қапелімде шап
беріп ұстауға шамасы әрең келіп көзін жұма етпетінен құлаған
Бархан бұдан эрі не болғанын білғен жок әйтеуір, қалың шуыл,
зор майданның басталып, үстінен жүздеген жүйрік ат тапалдап
өткендей дэрменсіз халде. Едэуір мәуріттен соң кұмның көшуі
аяқталғандай, маңайды тағы да баяғыша жым-жырт құлак кесті
тыныштық билегендей болған. Құмға тірідей коміліп калған
денесін зорға ашып, тәлтіректей тұрған Бархан ал дегенде
кыстағына қарап еді, орнында сияқты. Тек Сейітқұлдың
қотанында сайқалдана жымыңдайтын шамдар ғана соніп,
қою караңғылыққа тұншығады. Ес біліп, етек жапқалы мұн-
шалық ұрланып келер ұрымтал құйынды көрмеген, қатты
кайран қалды. Иә, бүгін Қызылқүм бөтен мінез көрсетті! Неге
ашуланды, ненің ырымы бұл? Үйіне карай сүріне-кабына
балаша зыр жүгірген Бархан ашық котанда бағана ғана бейбіт
жусап жатқан отардың бірде-біреуі жоқ, тақыр таза орны ғана
калғанын көрді. Есі шыға айғай салды да жын үрғандай кұм
көшкен ізбен дедек қағып, қос өкпесі қабына жүгіріп барады
әне... Әне, Бархан көшкен қүмның артынан куып барады
-
Әне, Бархан жеті жүз бас қойын ала қашқан қүтырық
кұмды өкшелей қуа жөнелді...
Ең болмағанда өзі секілді отыз жылда бір рет мінез
көрсете алмаған ұлының ынжыктығына сақ-сақ күліп, мазақ
еткен Қызылқүм ақ жүрек эрі қара қылды қақ жарған адал
шопанның отарын ала қашқаны рас еді! Бірақ, бэрібір Бархан
куып жетеді! Өйткені, оның тақымында азап деген арғымақ
бар, жылдар бойы тамшылагі жиналып, тас тесер ашу-ызасы,
айта алмаған арманды сөзі бар... Бэрібір Бархан қуып жетеді:
арқа еті - арша, борбай еті - борша, мойны ырғайдай - биті
торғайдай болып ашаруаққа айналар - бэрібір отарын табар...
мүрнының астынан қүдықшы Серік үйреткен энді ыңылдап,
қойын алдына салып айдап, оралар... Жұмагүл «жаным-ау,
тірімісің» деп жымия күліп қарсы алар; жүкке арқасын тіреп,
Нүргүлін тізесіне отырғызып, жұбайы майысып ұсынған құла
шайды сораптап ұзақ ішер; сонан соң үйдің оң жақ іргесі жер
сілкінгендей солкылдар - Бархан Әліқұлдың шақырғанына,
355
құдай біледі, осы жолы бармай, жау түсіріп келгендей-ақ,
аяғының басын кайқайтып, кергіп жатып алар-ау... Не деген
бақытқа, шаттыққа толы өмір?! Тэңірім-ай, қайғысыз қара суға
семіріп, тірлік деген түлкіні жаяу қуғанға не жетсін... Әкесі
қүсап ақ бас атанға мініп, көкжиекке сіңіп, жоқ болса, мэңгіге
жоқ болса қайтер еді.
Әне, Бархан, отардың соңынан 42-ші размерлі керзі етігін
сыпырып тастап, жас балаша жалаң аяқ безектеп барады. Бүдан
отыз жыл бүрын он бес жасында дэл осылай күм кешіп жүгіріп
еді... отыз жыл бүрын...
Алқара аспанда самолет үшып өтті...
* * *
Өзгерген ештеңе де жоқ. Бархан қүм қүйынмен бірге ықтап
кеткен отарын тауып, аман-есен қыстағына айдап келді. Мал
түгел. Жүмагүл қарсы алды. Жүкке арқасын тіреп, маңдайы
жіпсіп, бой-бойы балқып, шай іше бергені сол еді, үйдің оң жақ
бүрышы солқылдап қоя берді. Бархан жаңа ғана үрттай берген,
шай қүйылған кесені асығыс қоя салды да, күпәйкесінің сыңар
жеңін ғана киіп, есіктен ата жөнелді. Әйелінің: «И-и, бейшара-
ай, өстіп жүріп өлесің-ау» - деп күрсінгенін, көзіне жас
алғанын естіген де, көрген де жоқ. Упр баяғы орнында жатыр
екен. Жүзі сынық. Барханның сәлемін ернінің үшымен алды
да, күреңіткен қалпы бір нүктеге қадала, көп ойланып барып:
- Да-а... - деді даусын соза - Понимаешь, беда деген аяқ
астынан. Бүлай боларын кім білген, үш үйықтаса ойымызда
бар ма тэйірі. Да-а... жиырма бес қой, тфу, безобразие, ішпей-
жемей...
Әліқүлдың осыншалық жүйке тоздырар таусыла айтқан
жүмбақ сөзі ішін кептірді білем, Бархан шыдай алмай:
- Не болды ағасы? - деді. - Өңіңіз сынық қой, Сейітқұл
қайда?
- Ол ит, қой сойып жатыр, - деді саусагымен алдындағы
столдың шетін шертіп.
- Тағы да қонақасы ма?
- Осы жолғы қонақасыға сойылған қой бүкіл совхозға
жетеді. Түнгі қүтырған құйын жиырма бес қойды жайратып
кетті. Осы итке қаншама рет қақсадым, понимаешь, артык
пысықтық маңдайға сыймайды деп... Түрмеге қамағандай,
356
қотанның сыртын темір сыммен қоршап... енді міне, дауылға
шыдай алмай, өре түрегеліп ыққан отар сым шарбаққа
қыстырылып, бірінің үстіне бірі шығып, бастырылыққан да
қалған. Жиырма бес саулық тіл тартпай кетті он шактысының
кірпігі ғана кимылдап жатыр.
- Да...а.. жаман болған екен, - деді Бархан басқарманың
макамымен. Әдейі айткан жок, шын жаны ашып, толқығанда
байқамай қайталап алған.
- Нендей ақыл бересің?
- Білмей отырмын, аға... Ел емеспіз бе, бір амалын ойлас-
тырайық.
- Ендеше қазір сен Сейітқұлға барып өлген қойды сойыса
бер. Терісіне пышақ тигізіп, бүлдіріп алмаңдар,- деді де ауыр
денесін ып-ықшам сезініп, орнынан ырғып түрып кетті.
- Жүріңіз, Бәке, элгі балаға көмектесіп жіберейік, мүрны
пышылдап, шамасы жетпей жатқан шығар.
Екеуі қыста қой қамайтын жабық қораға беттеді.
Сейітқүл ак тер, қара тер боп, бастырылып, арам өлген
қойдың ішін жарып, терісін сыпырып жатыр екен. Барханды
көріп үрлығы ашылып қалғандай алғашында сасып-ақ қалды.
Қолындағы жезмойын мүйізсап қан-қан пышақ қапелімде
сусып түсіп кетіп еді, ақтарыла бүлкілдеп, буы бүрқыраған
қойдың қарнына кірш етіп кіргенде жыны бырқырап, мүңкіп
қоя берді.
- Көзіңе кара, о, несі-ей, сасқалақтап... Бүдан үлкен қылмыс
жасасаң, ажалыңнан бүрын өлерсің, понимаешь. Ауылды үйдің
үрлығы жата ма, тэйірі. Бархан бөтенің емес, оз ағайың. Кеше
гана емес пе еді, түтініңді бөлек шығарған. Тумаса да туғандай
болған ағаңның меселдесін қайтарып, екі жастың біріне келмей
кердеңдейсің... понимаешь...
Сейітқұлдың эншейінде кірпідей тікірейіп түрар түгі
судан шыққан тышкандай жығылып, сүмірейіп-ақ қалған
екен. Кірпігін жыпылықтатып, жасқаншақтана қарайды. Үсті-
басының бэрі қан мен жынға былғанып, кеспірі кеткен. Ел аман,
жұрт тынышта жиырма бес қойды жайратып тастау жанына
батпайды дейсің бе? Қой өлсе, орнына қой қосар, не болмаса
он жыл жинап-терген «кок кнежкесін» берер - бірақ жігіттің
артынан «шаруаға қыры жоқ» деп сөз ергені қинайды. Қазір
ел құлағы елу емес, жүз болып тұрғанда ертең-ақ «Сейіткұл
койын кырып алыпты» деп ереуілдеп шығар.
357
Бархан кісесінен бәкісін алып, қайрақ тасқа жанып-жанып
жіберді де теңкиіп, іші кебе бастаған қойдың бірін жәукемдей
жөнелді. Қимылы шапшаң. Мықынын таянып, өрт сөндіргендей
сызданып тұрған Әліқұлдың екі көзі Барханда. Таңқала басын
шайқады.
- Әй, Бәке-ай, мына қарқыныңмен Сейітқұлдың бір қора
қойын бір сағатта сойып шығатын түрің бар-ау. Понимаешь,
ха-ха...-деді өзі-өзі болып тауып айтқан сөзіне масаттанғандай.
Бархан қаракетінен қол үзбей жауап берді:
- Үйренген кэсіп қой... Өлмеліге - өткір пышақ...
- Әліқұл сөз торкінін түсінген жоқ. «Тауып айттың» деп
қарқылдап күлді. Іле іске кірісіп:
- Ал, не ақыл айтасың, Бәке. Ініңізді төтенше келген
зауалдан қалай қүтқарамыз,- деді қарнын салбырата жүрелей
отырып. Бархан осы кезде келесі қойдың ішек-карнын ақтара
беріп еді, болімше басқарушының төңкерілген ішіне көзі түсіп
кетті де, баяғыша мырс етіп күлді. Бірақ осы жолы Әліқұл
«Неге күлесің?» деп жер тепкілеп сүраған жоқ. Желдеген иттей
шоқиып отыра берді.
- Ақыл мен сана - ата-бабадан да үлкен деген осы, - деді
Бархан үйып қалған белін жазып. - Не кеңес берейін... Туғалы
бері ақыл-кеңес сұрап келген алғашқы адам өзіңіз. Оның
ішінде де бақа-шаян, қүрт-құмырсқа емес, арыстай азамат
- бөлімшенің басқарушысы... Қиналып түрмын, бір түрлі үят
сияқты...
- Енді сен бүгіннен бастап үялмайтын бол, понимаешь.
- Рас, өз ұятымды өзім бауыздап тұрғандаймын...
Баяғыдан бері құнжыңдап, танауы шуылдай, қой сойып
жатқан Сейітқұлға үн бітті. Даусы қарлығып, бала әтештің
шақырғанындай жарықшақтана шықты.
- Отағасы десе, «ешкінікі күнде ашылса шам емес, қойдікі
бір күн ашылса шам» деген емес пе, қазекем. Қиналып тұрмын.
Білген ақылыңызды аямаңыз. Жақсылык жерде қалмас...
- Сіңірген еңбек табалдырықта қалады да, күдік пен күмэн
төрге шығады деген екен баяғыда біреу...
- Әкесінің аузын... күдік, күмэнді қайтеміз, басымызды
ауыртып. Не істеу керек? Соны айт бізге, - деді Әлікұл кеше ғана
үйретілген аюдай алдында билеп тұрған Барханға ала көзімен
ата қарап. Одан артық суырдың айғырындай шақылдауға, сең
358
бұзар екпінімен баяғыша омыраулауға арты белгілі - сайтанның
жаны кұйрығында дегендей...
- Отағасы десе, сіз не бұйырасыз, сол - заң, - деді Сейітқұл
элі де даусы дірілдеп. «Бөрі арығын білдірмес, түгін сыртқа
кампайтар». Мына бала эккі ку ма десем, басына күн туса
беліне камшы тиген жыландай кайқаң кағатын борпылдак
осал екен-ау» - деп ойлады Бархан. Сыр берген жок, сыр берсе
үндемегеннен үйдей пэле шығарға жорыр.
- Өзің жегенді итке де тастай отыр, тіпті ол сені қапқан ит
болса да, - деген екен баяғыда біреу.
Әліқұл күйіп кетті білем.
- Ей, сен бізге мораль окығанды қой, понимаешь. Ақыл айт,
понимаешь, «баяғыда біреу, баяғыда біреу»... баяғыда ол біреу
болып осыншама ақыл айтса, біз үшеуміз...
- Рас, отагасы десе...
-Ж арайды ,-деді Бархан белін жазып дем алып.-Жамандық
жасау жағдайы күніне жүз рет туса, ал жақсылық жасау реті
жылына бір-ақ рет келеді деген екен баяғыда біреу.
- Опять «баяғыда біреу», жарқыным-ау өзің мына сен...
с-с-с-ен не айтасың!- Әліқүл орнынан секіріп тұрып кетті.
Сонсоң өз елгезектігіне өзі таң қалғандай ары-бері қаздаңдай
қораның қиын бұрқыратып шапшаң жүре бастады - Апыр-ай,
осыншалық үшан-теңіз пәлсапаны бұрын неге айтпаған.
- Сіз сүраған жоқ едіңіз! - деді Бархан бәкісін саспай жанып
тұрып. - Аузымды ашсам- алқымға жармастыңыз. Тіпті «неге
күлесің?» деп қамшы үйірдіңіз. «Неге малың өлмейді, неге
жүзіне 115 қозы аласың» - деп ат ойнаттыңыз... Бэрібір орденге
үсынбаймын» деп қорыққаннан бұрын жұдырықтап байбалам
салдыңыз... Маған сол сіз алып берген жалған атақтың бес
тиынға керегі жоғын білмедіңіз.
- Құдай-ай, үндемегеннің бэрі ақылды деген осы. - Әліқүл
ерсілі-қарсылы жосықсыз жортуылын доғарды да, Барханның
жанына келді, көзіне тура карап:
- Ал сен жендің, мен жеңілдім, ризасың ба? Егер саған
керегі сол болса.
- Маған керегі ол емес.
- Енді не, ойбай?!..
Сейітқұл да пышағын тастай беріп, ұмтылды:
- Отағасы десе, қалағаныңыздың құлы болайын.
359
- Маған керегі екі-үш мая шөп. Анау жеті жүз тұяк
шуылдаққа шашымды жүлып бермеймін. Биылғы қыстың
қатты боларын түндегі қүмның көшуі сездіріп кетті.
- Уай, батыр-екем-ай, соны да бүйымтай деп. Соны да
жүмбақтап, бәлдеп. Мал сенің меншігің емес, өкіметтікі ғой,
қырар дейсің бе, ертең-ақ қораңды шөпке толтырайын.
- Отағасы десе, менің маямды алыңыз,- деді Сейітқұл
қүрақ үшып.
- Жоқ, сенікін алмаймын, сенікін алсам герой бола алмай
қаласың. Маған жұрттікі жұқ болмайды, керек емес, өзіме
тиесілі заңды дүнием керек.- Ол осы сөзді айтты да, қанданған
қолын кесіліп-кесіліп көзі ақшия домалап жатқан қойдың
басына сипай сүртті. «Мен қазір келем» деп сыртқа шықты.
Есік көзіндегі діңгекке тартылған сым-темірді қолына қүрық
алып ұрып-ұрып қалып еді, үйінен атып шыққан әйелі Жұмагүл
бүған қарай құстай ұшты. Екі өкпесін қолына алып, жүгіріп
жеткен әйелі ыржия күліп түрған өз күйеуі Бархан екенін жаңа
байқап:
- Түу байғұс-ай, не көрінді, Упр ағай екен деп калсам.
- Шай қоя бер, бәйбіше, - деді арқасынан қағып. - Упр ағаң
шөлдеді білем.
Қорада қалған екеудің:
- Мына малғұн шпион болып жүрмесін, әкесі, қалай-
қалай орағытады. «Жуастан-жуан шығады» деген осы ,- деп
сыбырласқан әңгімесі Бархан келе сап тиылды.
- Шаршап, қаталаған шығарсыздар, біздің үйге жүріп, шай
ішіңіздер, - деді.
- Отағасы десе, келініңіз түннен тоңазып түрған етті
жылытып жатыр.
-Жо-жоқ, сенің етіңнен тіс сарғайды, Бәкеңнің үйіне
барайық, - деген Әліқүлдың өзі бастап қасқая жөнелді.
Жұпыны ғана қос бөлмелі үйдің табалдырығынан едірең
қагып аттай берген бойшаң Әліқұл төбесін маңдайшаға
оңдырмай соғып алды. Қарақүстан тиген ауыр соккыдан тілін
тістеп, есі тана ауырсынса да, сыр берген жоқ.
- Есігің аласа екен, Бархан, - деді де төр алдына көлденеңдей
сүлап жатты. Жүмагүл әперген екі-үш жастық шынтағына жүқ
болған жоқ, бір уыс болып шипасы шырылдады да калды.
Жан-жағына соңырқай қарады да, жүпыны ғана шопан үйінің
байлығы көңілін тоғайтпағандай әдетінше: - Да-а... - деді.
360
Үйіне Упрдан үлкен қонак келмеген, жайшылыкта аяғына
бас үрып кіргізе алмайтын ел ағасының қүдай айдап өзі келіп
қалғаны Жүмагүлдің есін алды. Қанша тырысса да шаруасының
қиюы қашып, қолы дірілдей берді. Әйтеуір өлдім дегенде түтіні
басылмай, бықсып түрған ақ самауырды жеткізді.
Қүдай қосқан косағының әзірейіл көргендей осыншалық
дірілдеп-калшылдауы Барханның жынына тиді. «Не болды,
байғүс», - деп кұлағына сыбыр етіп, мыкынынан түртіп қалса
да толқуы басылмаған. «Жап-жас боп Сейітқұлдың әйелі
қандай пысық», - деді ішінен. Сосын Әліқұлдың кесесін
эпере беріп: - Бұл үйден ішкілік тапқаннан, Қызылқұмнан
құдық қазу әлдеқайда оңай, - деді жадырай сойлеп - Өзіміз
ұрттамайтын, ешкім келмейтін болған соң, эуре болып сатып
алғанды қойғанбыз. Әйтеуір Сейітқұл інім іргеде түрғанда
ешкім келіп, мазамызды алмайды. Жэ, уэде қүдай сөзі, іске
көшейік. Сонымен, менен ақыл сұрайсыңдар, э... Қызық. Мен
осы күнді көптен тосқанмын. Сонымен былай жолдастар,
жеп-ішсеңіздерші,
барымен
базар
деген,
дастарканның
берекесі болмай отыр-ау, бэлкім. Қайтеміз көлдей коңіл болса,
аяқтай қарын қайда барар дейсің ағасы. Сый-құрметке бұл
шаңырақсыз-ақ боленіп жүрсіз ғой. Баяғыда біреу «үнемі
рақаттану - мүлдем рақаттанбаумен бірдей» деген екен...
Әліқұлдың шыдамы шарт сынды. Онсыз да әйнекте
отырғандай еді:
- Шырағым, «баяғыда біреуді» қойып іске көш демедік пе,
понимаешь. Ол не деген ащы ішектей таусылмайтын - «Баяғыда
біреу».
- Ағасы-ау, ақыл сұраған өзіңіз емес пе, ендеше былай,
жолдастар: арам өлген жиырма бес қойдың жарасы жеңіл.
Дұрыстап тұрып бақшалап соялық, сосын автоклубқа тиеп,
сонау Шу шаһарына аттану керек. Құмырсқаша быжынап,
біреуді-біреу танымайтын қан базарында бұл қойдың, иэ, һарам,
иэ һалал өлгенін ешкім білмейді. Килосын үш сомнан, тіпті бес
сомнан пышақ үстінен үлесіп аларына кепілдік беремін.
Сейітқүл мен Әліқұл аузынан суы ағып, еміне түсті.
- Иә, сонсоң?..
- Сонсоң кыруар ақша табасыздар. Оны қалтаға мыкгап
басасыздар.
- Ибай-ау, жиырма бес саулықтың орнын қалай жабамыз
деймін. - Упр жастықтан басын қақшаң еткізіп жұлып алды.
361
- Асықпаңыз ағасы, Сейітқұл Талдыға барсын да, элгі
ақшаның азын-аулағына ғана тілеу тілесін. Бөтен ешкімге
дабырламай, ауыл толған осының ағайыны «ер басына күн
туды» деп жүқалап шакырып, помощь сұрасын, яғни жылу-
сатал дейміз. Екі жүз грамм ішкен соң, шекесі кызған туыстар
бір-бір қойын сүйреп, оздері келеді. Кейбіреуі тоқты да экелуі
мүмкін. Әрине, сіздерге керегі тоқты немесе тұсақ емес, туатын
саулық қой. Ендеше, ағайыннан зекеттеп жинаған тоқтының
мойнына қоңырау қылып, бір-бір «экстра» байлайсыздар да
осы совхоздың көңілдес эр шопанын сауғалап, бас-басына
базына айтып шығасыздар. Әрине, онша тереңдетпей, шулатпай
- эзіл-қалжыңға шаптыра жіңішкелеп бастайсыздар сапарды.
Сонда деймін-ау, өлген жиырма бес қойдың бесеуінің-ақ құнын
шығын етіп, отардың олқылығын толтырасыздар. Арам өлген
жиырма қойдың құны өз қалталарыңызда қалады.
- Мынау бір керемет ақыл екен! - деді Сейітқұл көзі
жайнап.
- ¥ я т емес пе, - деді шай құйып отырған Жұмагүл. Тар-
сылдап қолқасына тығылған жүрегі байыз таппағандай. - Арам
өлген қойды алдап сату - имансыздық.
- Ол жағын өздері шешсін. Менің иманым - қысылғанда
ақыл беру ғана, - деп, Бархан кесесін төңкеріп, дастарқан
басынан кері ысырыла берді.
Әлікұлда үн жоқ. Тегі элгі ақылды ойша қорытып, алды-
артын түжырымдап, пысықтап алмақ-ау.
- Ой, - деді бір уақытта. - Әбден табылған ақыл, молодең,
- Бәке, ризамын. Дэл сен айтқандай жасаймыз. Дегенмен,
есіңде болсын, пісміллэ дегенде өзіңнен комек сүраймыз.
Сен берер көмек сол болады - осы операцияны тістеріңнен
шығармайсыңдар.
- Мақұл - деді Бархан. - Өз қолымды өзім кесемін бе? Тек
қысқа жететін жем-шөппен қамтамасыз етсеңіз болғаны.
- Әкел қолыңды!
- Мінеки!
Бөлімше бастығы мен шопан сарт-сұрт қол алысты.
Айдаладағы Қызылқүмның қойнауындағы отырған қыстақтың
үстінен тағы бір самолет құйрығы жылтылдап, ұшып өтті...
362
* * *
Қыс өтіп, көктем шыкты. Ал дегенде алынбас камалдай
боп көрінген кыраулы кысты артка тастағаннан бермен де
Барханда бэрібір маза жоқ. Бел шешіп, аяк суытар шақ көзден
бұлбұл боп ұшқалы қашан. Бірінің артынан бірі иін тіресіп
келіп, желкеңе мініп алар қойшы тірлігінің таусылмас шаруасы
қанша жалықтырса да, қашып құтыла алмас - шаңқай түстегі
өз колеңкесі іспеттес еді. Шаңқай тұс демекші - кырықтың
бесеуіне шыққан Бархан өз ғұмырында да ертеңге ауар сәті
тым жакын қалғанын алғаш рет есіне алды. Есіне алмас та
еді, қой төлдету науқаны басталып, сақманшылыққа келген
бүлдіршіндей үш қыздың бірі - Бақшагүл мұның жылдар бойы
мұз сіреу болып катып-семіп келген көңілін ептеп, түртіп
оятқандай-тын. Дүниедегі бар пэлені такылдап сүрап, маза
бермейтін зар жақ қыз «ой, ағай-ай...» деп қойып... тот басып,
тозаңданып қалған сырды қазғылайтын.
Төл алу науқаны, шүкіршілік, ойдағыдай өтіп жатыр.
Отары қыстан күйі таймай шықты. Қарашадағы уэде бойынша
Әліқүл екі мая шөп жеткізіп берген. Содан бермен көршісі
Сейітқұлдың да бұл дегенде жаны қалмай, сыйлайды. Обалы
қане... рас, Упр Барханнан горі оған екі төлшіні артық берген
екен, енді қайтсін, бір малы екеу болсын дегені де... Алайда,
осы ерлік деген не? Осы жасына дейін Барханның түсіне алмай,
дал болып жүргені осы. Өзіне тапсырылған жүмысты табан
ет, маңдай термен адал да абыройлы атқару емес пе? «Сайып
келгенде, - деп ой түйетін - батыр болу дегеніміз, ең әуелі адал
болу».
Кеше кешке кызық оқиға болды. Күндізгі төл алу, қора
тазалау сияқты кэдімгі қойшы қаракетінің жамыраған тірлігі
бәсеңсіп, шам жана орынға отырған тыныш сәтінде үлкен
бір эңгіменің үшығы көрінген. Үстеріндегі саталақ-саталақ
жас қозының тоңғағы жабысқан киімдерін сыпырып тастап,
жуынып-шайынып шайға огырған үш қыз Қызылкұмның
көктемгі қызғалдағындай құлпыра қалып еді. Қара коздері
шам сәулесімен боталап, күлкі үйірілген. Бархан осына он
сегізге жаңа шыққан уыздай пэк кыздардың жүзіне бүрынғыша
ұялшактамай, қымсынбай тұңғыш рет тесіле қарап еді.
Сонда ол қарындастары қаншама жадырап, жайнаң қағып
отырғандарымен, күлкі көлегейлеген дидардың ар жағында,
тереңінде түнып жатқан мүңның көлеңкесін көрген. Сол мұң
363
ертеден қара кешке дейін дамыл таппай жылбысқы төлмен
төбелескен кыздардың кой көзіне шаба бастағанын, егер
дэл осылай ойын-сауық, күлкі-қуанышсыз ертеңді қара кеш
безектей берсе, арман-мақсаттарынан ерте, тым ерте тоналып,
жасына жетпей шау тартары үшін өлердей аяған.
«Ертеңгі күндерің не болар екен, қарақтарым, не болар
екен...»
- Ой, ағай-ай, - деді түйеден түскендей Бақшагүл. - Неге
осыншама қадала қарадыңыз? Жеңешеме айтып, сабатамыз...
Сонсоң үшеуі де сыңғырлап таза күлді. Дастарқан қамымен
жүрген Жүмагүл де мырс етіп, шыншыл көңілмен эзіл
тастады.
- Ағаңның қырықтан асқалы жасаған үрлығы ғой, сендер
өкпелемеңдер, мен кешірдім, - деді.
Бархан қызарақтап қалды. Сейітқұл «бензин таусылды»
деп бүгін «движогін» от алдырмаған соң, шамға кересін қүйып,
соның болар-болмас жарығымен отыр. Шаңырақсыз шам шалқи
жанып, қоңырқай күйге шақырады. Балалардың алды үйықтап
калды да, өзгеше бір тыныш, эрі жуас хал меңдегендей еді.
- Ой, ағай-ай, - деді тагы да сол үнсіздікті бүзған Бақшагүл.
- Сіздің мына қоңсыласыңыз түк үнамайды маған. Бағана
қорасының жанынан өте беріп едім, қозысын алмай жатыркап
түрған саулықтың басына бар пәрменімен теуіп жіберді. -
Бархан жауап берген жок.
- Мен білсем ол алдыңғы күні жоғалтқан егіз қозының
сыңары. Соны теліп түр, - деді екінші қыз. Бархан одан эрі
шыдамады білем:
- Қойыңдар, айналайындар, кісінің сыртынан ғайбат сөз
айтпаңдар, - деді.
- Біз ғайбаттап отырған жоқпыз, шындықты айтып отырмыз,
- деді шашын қырыктырған үшінші қыз. Бүдан соң бэрі тым-
тырыс отырды.
- Қой енді қызыл сөзден не пайда түге. Ертең ерте тұру
керек, жатып демалыңдар, - Жүмагүл төсек қамына кірісе
бастады. Қыздар ыдыс-аяк жиып, күйбеңдеп жүрді де, жым-
жырт жатып калды.
Бархан шошып оянды.
Үйдің бұрышы дыңғырлағандай болып еді, елегізген екен,
бөтен дыбыс сезілмейді. Сырт киімін шешпей, дастаркан
басына қисая салғандікі ме, быршып терлепті. Ақырын басып,
364
алдыңғы бөлмеден өте беріп еді, баудай тізіліп, көрпеден
бастары қылтиып, башпайлары көрініп, ұйықтап жатқан
қыздардың бірі: «Конкурстан өте алмадым» деп ұйқысырап
аунап түсті.
Аспан ала бүлтты екен, терістіктен жел бар. Биыл көктем
ерте шыққанымен, суықтың сына қоймаған беймезғіл шағы
еді. Қар элдеқашан қашып кұтылған. Оңтүстіктің көктемі үзак
болады. Ақпанның аяғынан жер қарайып, шілденің басына
дейін жалықтырмас әдемі кезең келетін. Ыстық түспей,
жайлауға кошіп, жан сауғалайтын малшының рақаттанар күні
болады десек, ол да сол жайлауға жетіп, қонғанда ғана туатын.
Қызылқүмның жаз жайлауы паң дала - Арқа жақта: таулы,
ағашты, сай-салалы болмағанымен, қалың шалғынды, ауыз
суға зарықтырмайтын қүйқалы жер. Қазіргі былығып, ластана
бастаған қыстактан екі жүз, үш жүз шақырым ұзай көшіп, тек
қоңыр күзде ғана мекеніне қайтып оралар қойшының - үлкен
қала, дүбірлі жаңалыктан кұлақ үзер уағы бүл. Көп үзамай ол
күн де туар...
Аспаннан тағы бір самолет үшып өтті...
Жайлау әсіресе, Барханның зарығып тосар - бақытты
шағы. Көш қамын елден бұрын сайлап, қалайда бұрынырақ
жетіп, із тимей тұнып жатқан жап-жасыл даланың самалын
кызғана жұтып, ал кызыл, ал сары гүлдерін елден бұрын
қызыға жұлатын; ешкім карап тұрған жоқ па дегендей жан-
жағына жалтактап алып балаша тызылдап, жалаң аяқ, жалаң
бас жүгіретін, жүгіретін... бүл баяғыда, бұдан отыз жыл бұрын
ақ бас атанға мініп, көкжиекке сіңіп кеткен әкесінің соңынан
куған аянышты халдей емес, мүлдем басқа, басқа жүгіріс;
Барханда балалық шақ болған жоқ, оны ерте жоғалтқан...
ерте... сол батысқа, жаудың бетін қайтаруға аттанып кеткен
балалығымен тек жарықтық жайлауда жолығып мұңдасатын,
ағыл-тегіл жыласатын, сосын мэз болып күлетін, күліп жүріп
гүл теретін; жайлау дегенде, байғүс Жүмагүлдің де есі қалмаушы
еді; сондықтан осыдан бес жыл бүрын күйеуі ауданға барғанда
сатып әкеп берген кызыл ала жалғыз көйлегін киіп, бейне бір
той салтанатына жиналгандай бір жасап қалушы еді; Бархан
екеуі бір-бірінің коңіл-күйін айтпай түсініп, қол ұстасқан,
қолтықтасқан калыпта көкпеңбек теңізді армансыз кешер еді,
көкпеңбек шалғын шалқарын қатар жүзіп бара жатар ерлі-
зайыпты қойшы оздерінше шырқап, өздерінше эн салатын; ол
365
эн шыншыл да сезімтал жүректің, бүйығы эрі тар арнадан асып-
төгіліп, еркіндігін, көптен аңсаған бостандығын бозала таңда
енді-енді ғана алғандай, әуелеп алысқа... әлдеқайда жыраққа
шығандап, шымшымдай тарап жатар еді; әншейінде энді қойып
бір ауыз эңгіме айтпайтын адамдарға кең тыныс қанаты талмас
қиялмен әуелете шырқаған энін үйып тыңдағандай эрі бас иіп,
тағзым ете таңырқағандай жайлаудың мың-миллион гүлдері
ырғалып, әдемі эуезге қосылғандай болушы еді; ал, Бархан мен
Жүмагүл болса осынау кең жайлау - жасыл бесікте жылына
жалкы рет қүшақтасып, өзінің жүбы жазылмас жүбайлар екенін
еске алысатын; сонда Бархан қыздай қосылған қосағының
қуаныш пен мүң араласқан шаршаңқы көзінен мөп-мөлдір
таза жасты сүқ саусағының үшымен сүртіп түрып: «Жүмагүл-
ай, сендей әйелі бар менде арман бар ма екен» - деуші еді;
осына жылына жалғыз рет қана айтылар әрі келте, эрі терең
сөзден кейін Жүмагүлдің де бакытында шек болмайтын; бүл
өмірде бар екенін сезінетін, жылдың төрт мезгілінде осы
сөздің қуатымен жүретін, жылдың төрт мезгілінде осы сөзді
сағынып, санамен сарғая тосатын... Жүрггың көзінше жаласып,
ал түні бойы төбелесіп, бет-ауыздарын тырналап шығатын
кейбір замандастарынан ала-бөтен өзгешелігі осы десек те,
былайғы ағайын «осыларды да күйеуім бар, қатыным бар деп,
қарқ болады-ау» - деп өсектеуші еді. Былтырғы жазда Бархан
Сейітқүлдың әйеліне бір буда гүл теріп әкеп берді қырдан.
Қоңсыласының бүл қылығын естіген Сейіткүл: «Шал шатасқан
шыгар, - деді миығынан күліп. - Шалдың делебесі жаз шыға
қозатыны рас».
Ала бүлтты аспанның жыртық тесігінен сығалап түрған
жүлдыз ғана бүгінгі түннің шырақшысы. Бүгінгі түннің
шырақшысы ол ғана емес, колына май шам үстап, қой кораны,
козы қамаған үйшікті аралап жүрғен Бархан еді. Қой түгелге
жуық төлдегенімен, он шақты саулык тумай кешеуілдеп қалған.
Қуаныштысы сол биыл егіз қозылаған аналық көп болды.
Қыстан екі мая шөптің арқасында коңды шыққан малдың іш
тастауы, өлім-жітімі болмады. Оның бер жағында жемшөп
мол екен деп отарды қотаннан шығармай тырайып жатып
алған жоқ, ашық шуақты күндері үнемі өріске маңқыстатып
тебіндетіп қайтатын. Мал екеш мал да далаға шығып, бой жаза
сергігенді жақсы көруші еді. Бұрынғы жылдарда сыңар айыр
шөпсіз бір тұяқ шетінетпей, әйтеуір ілдалдалап қыстан шыға
366
беретін. Бархан совхоз екі мая шөп түсіріп бергенде соғыста
өлген әкесі тіріліп келгендей куанышы койнына сыймаған.
Енді міне, Құдайға шүкір жер аяғы кеңіп, күн жылынды. Ендігі
жыртың-жыртың үрымтал соғар боран-шашынға ырык етпейді.
Кеше кеште коздаған он қойды жеке бөліп қамап еді, колында
ауа үрып калтыраған май шамы бар Барханға көздері жаудырай
карады, сонсоң өз иесі екенін таныды ма, біреусі мекіренді.
Мекіренген койға жакындап еді, алдында кап-кара боп буы
бүркырап жатқан кос қозыны көрді. Тегі, элгінде ғана туса
керек, саулықтың шуы түсіп үлгірмеген. Бархан сэби секілді
мөлдіреп, су-су болып шарбыға оранып жаткан төлдің мүрнын
сығып, күлағын үрледі де енесінің алдына кайта салды, жалап,
аяктандырсын дегендегісі. Туа салып ала кашкан козыны енесі
жатыркап алмай, әуре-сарсаңға түсіретіндері де толып жатыр.
Май шамды сөндіріп, кораның бүрышына қалдырды да далаға
қайта шықты.
Ала бүлтты аспаннан гүрілдеген тағы бір самолеттің даусы
естілді...
Бархан қалтырай тітіренді де, рақаттана есінеді. Есіне
элдене түскендей үйдің сыртындағы қүм төбеге көтерілді.
Оның санасынан сонау қарашада қағынып, көше жөнелген
кызыл қүмның оқыс мінезі кетпей-ак қойды. Неге, неге мінез
көрсетті! Жылдар бойы нығызданып, дөң айбат жасап жатып
алған қиқар қүмның аяқ астынан ер-тоқымын бауырына
алып, тулауы қайран қаларлық. Қүйын болып көтеріліп,
қүйғыта шапқан қызыл қүм тырбиып енді-енді өсе бастаған
бүта-караған, шөп шаламды жалғыз-ак түнде жаба салды да,
ирелеңдеген мап-майда кұмнан шашу шашты. Кешелер ғана
шымдауыттана бастаған жер беті енді, міне сиыртаңдайланып,
киялыңды тербеп, алысқа шақыра көз қытықтағандай болады.
«Жарықтық қызыл құмның бой жасағаны шығар... Енді қайтып
долданып, енді қайтып ашу шақыра шамырқанып, мінез
көрсете алмайтын шығар... Жарықтық мэңгілікке көз жұмып,
өлген шығар-ау...» Бархан өз ойынан өзі шошып кетті.
«Өлгені несі... Құм марқұм болар ма... Жаман ырым неге
ғана иектеп алды мені... Өлгені несі... Құмның жаны жоқ...
Мүмкін адамдар ұға бермес нағыз тіршілік иесі, нағыз Адам
айналайын алтын құм болар...»
Маңай жым-жырт ауыр ұйқының құшағында. Тек Бархан
гана ояу, мынау өзгермелі өмірдің мэні, ертеңгі атар таңы
367
жайлы ойлады. Сонау бір карашадағыдай бойы мұздап, көңілі
жүдеген жоқ. Азапты шақ, ауыр еңбек артта қалып, адал істің
нәтижесін көрмек. Иә, енді бір аптадан соң санақ болады.
Қозыны совхозға откізеді, енді бір аптадан соң сақманшы үш
кыз да жыл күсындай үйлеріне қайтады... Үш қыз... Барханның
көз алдына кұмнан шыға-шыға келгендей қаз-катар түра қалған
елес-қыздардың маңдайынан сүйгісі келді. Екі беті бейне бір
сүтке тамған кан секілді шырайланып түрар Бақшагүл эсіресе,
жеті қат түн ішінде калың түлейдің ортасынан шыққан от
секілді жанып түр-ау, лапылдап түр. Ал, екінші қыз ше? Біртоға,
тындырымды... Үшінші қыз еліктің лагындай моп-момақан,
көп сөйлемейді, көбінесе іштей гынып жүретін ақылды бала...
«Ертеңгі күндерің не болар екен, қозыларым, не болар
екен?»
Әліқүл осы үшеуін автоклубтың ішіне салып алып,
даңғырлатып-дүңгірлетіп келгенде, Барханның коңілі толмай
нэумез болып қалған. Он екіде бір гүлі ашылмаған жас қыздарға
сенбеп еді алғашында.
- Саспа, - деді Упр Барханның қырын қабақ түріне қарап.
- Саспа, элі осылар озады... Қарашы өзің... үшеуінің де
мемлекеттік сапа белгісі бар. Ә, понимаешь, - деп қарқылдап
кеп күлген.
Көз алдынан элде не ербең еткендей, ізінше қарасы
болжанды. Иесін жазбай таныған хайуан сексеуілдің тамыры
секілді тарбиған колын иіскелей бастады.
- «Қоңыр қозым-ай, - деді көңілі босап. - Тірі екенсің ғой.
тірі... Жаман әкеңді үмытпаған екенсің ғой», - қара қүйрықтын
басынан сипап, бауырына қысты.
«Аман жүрші, қозым. Сен барда мен жалғызсырамаймын,
Күлге аунаған қотыр түйедей болып жүдеп-жадағандай болсам
көңіліме медет болар жүбанышым бол. Адамның қолы қанат
емес, үшуға жаралмаған. Ұшып жүргендерді атып түсір>
оңай деуші еді, қаңғыган оқ, қаңғырган аңшыңнан сақтан
жарығым».
Түн пердесін қак тіліп, Талды жақтан жалғыз жарыь
көрінді де қыстаққа қарай жүлдызша ағып келе жатты. Сол бір
тіміскіленген жарықты Барханнан бүрын сезген қарақұйрык
тұра атылып, зыта жөнелді. Қас қағым сәтте құшағындағь
сәбиінен айрылып қалған эке түн жамылып, суыт келе жатқаг
машинаны мықтап түрып сыбап алды. Кім болды екен?!
368
Әлгі жарык кұмтөбенің басында_тас батырдай каскайып
тұрған Барханға тұсті де көлеңкесін ұзарта-ұзарта алып адамға
айналдырды. Тура жанына еңкілдете келіп, зырқ етіп тоқтағанда
ғана Сейітқұлдың машинасын таныды. Үлкен шамын өшіріп,
асыкпай аяңдап, сөйлей жақындаған озат шопан аңдығандай
алдынан шыккан коршісінің осыншалық құс ұйқылығы
қытығына тиді. Әйтсе де әбігер сезімін сездірмеуге тырысты
білем, бекерден-бекер жеңілтектеніп, күлген сымақ болды.
- Отағасы десе, құмнан соққан мүсіндей боп неғып түрсыз.
Хор қызындай үш сакманшы келгелі ұйкыңыз қашып жүр-ау
осы ,- деді де, қол беріп амандасты. Бархан жігіттің орынсыз
қалжыңына шамданған жоқ, бэз салмақтылықпен «онысы рас»
деді де қойды.
- Өзің қайдан келесің, түнделетіп?
- Ауданга барып айналып калдым. То анау, то мынау деп
көр-жерді сүрап, кісінің басын қатырды. Сайлаушыларға есеп
бер дей ме-ау, - алдымен қозының санағын өткеріп алайын
дедім.
Жел жақта тұрғандікі ме, Сейітқұлдың аузынан ашқылтым
иіс мүңкігендей болды. Осынысын сезді ме, ойысып Барханның
ық жағына шықты.
- Отағасы десе, - биыл жүзінен қанша айналатын сыңайы
бар? Егіз туғандары көп деп естідім бе...
- Қайдан білейін, маңырап жатыр ғой, әйтеуір.
- Әй, сауысқаннан сақсыз-ау, отағасы десе. Шыныңызды
айтпай-ақ келесіз. Бірак сізге ризамын, жиырма бес қойдың
ақылын тауып, абыройымды асырдыңыз.
Осы кезде анадай жерде тұрған кызыл «Москвичтен» қозы
маңырады. Екеуі бірдей елең етісіп қалды.
- Інішек, - деді Бархан күліп,- немене, сенің машинаң да
коздайтын болған ба. Ілгері басканның иті оттайды деп.
- Жоқ, отағасы десе, өрісте туып қалса керек тауып алдым.
Маған бөлінген сақманшы қатындар салақ, еттері үйреніп
алған, эбден бастары ісіп, ертеңді қара кеш ұйықтай береді...
Бағана отарды жайылымға шығарғанда байқамаса керек, жэ, не
тұрыс, үйге кайтайық, - деп машинасына беттеді.
«Москвичтің» жүк салғышында маңыраған жас қозының
дауысын алып қашып, қыстағына беттеген Сейітқұл элденен-
дей күдікті ой тастап кетті. Бүгін сақманшы әйелдердің отарды
369
қырға шығармағаны белғілі. Сонда бұл ку қозыларды қайдан
экеле жатыр?
«Е-е, білдім-білдім. Сауғалап, сауын айтып, эр қойшы, эр
ағайыннан жинап-терғен жетім қозылар-ау. Бэрі де жүз қойдан
-1 5 0 қозы алудың қамы да... Әй, кұдай-ау, атақ қуу не істетпейді
дейсің адамға».
Алқара аспаннан самолеттің даусы естілді. Неғе екені
белғісіз Бархан дэл осы самолетке тас лақтырғысы келді-ақ.
Сапырылысып жатқан жабағы бүлтты көкке қарап: «Ей аспан
сенің, ей адам сенің қулығыңда түп жоқ»- деп күрсінді.
Төл алу науқаны аяқталып, сақманшы қыздар ауылына
қайтатын болды. Қүм теңіздің ортасына адасып келіп қонған
үш аққу үшатын болды; кұм даланың бетінен ойда-жоқта
сылдырап аққан үш бүлақ суалатын болды; аспаннан қүлап
түскен үш құс - үш жүлдыз секілді жапан дүзде жетімсіреп,
жаһанның көп-көп қызығынан қаға беріс қалған қыстақты
базарға айналдырған; суығандай, ұмытылғандай жүдеу тарта
беретін көңілдің көк тоңын жібіткен - үш тотыдан айырылатын
болды. Күзде қүдықшылар келіп, сезімнің шаң басып түрған
қос ішегін дыңғырлатып-дыңғырлатып кеткендей еді, ал қыздар
сол иесіз қалған шешен домбыраны армансыз тартқан еді;
бүл әлемде жақсылық-жамандык, уа қүмырсқаның илеуіндей
қайнаған қаймана халық барын гэй-гөйлегендей еді; Бархан мен
Жұмагүлдің өгейсіген өмірін қағып-сілкіп күн нүрына жайып,
дегдіткендей еді; өздері де осына айрандай ұйыған семьяның
шырықты тірлік, жас балаша талпынған ыстық жүрегінің
жылуына бөленгендей еді. Құм теңіздің ақ желкені секілді
алыстан ағараңдап, бірте-бірте мэңгіге ұмытылған - келте
таныстық, қысқа білістіктің күрмеуге келмес жалғыз сәттілігі
қинады да. Қиналмай қайтеді, сыңғырлаған күлкі, әсем эн, «ой,
ағай-ай!» деп наздана естілер үн баяғыша... мұнан отыз жыл
бұрынғыдай... мұнартып, жұмбақ күйде сақиналанып тұрған
көкжиекке сіңіп, бэлкім, бақилыққа жұтылар... жоқ болар...
Енді қайтып көре алмас, енді қайтып ести алмас арманды бейне,
өкінішті шақтары қандай көп еді адамның! Кімге ерте, кімдерге
кеш келер болымсыз қуаныштың тэттілігі, ұмытылмастай
құны да сол - қысқалығында ма екен. Пенде дегенің жалгыз
аяқ жолмен жүреді, сосын әлденені тауып алады, бэлкім ол
370
күніне жүз рет көрген заты шығар, бүрын елеп ескермеген
шығар, бірақ осыншалық кадір-қасиетін енді ғана аңғарып,
қуанышына шек қалмай алакайлайды.
Ол не сонда? Ол - өмірдің өзі екен? Дүниедегі ең күнды да,
ең күнсыз да сол адамның өз өмірі-ау. Жас бала жарық дүниеге
көзін жүмып туады, бэлкім атысып-шабысқан сүрқиялық пен
сүмдықты көргісі келмегені де... Ал, сол бала ер жете келе,
өмірдің бар кереғар бақыты мен қайғысына еті үйрене келе -
қимай қиналады. Жалғыз ғүмырды тастап, арғы дүниеге аттана
алмай - көзін ашып өледі... Өліге де, тіріге де төсек болған қара
жер ғана тентек пендесін теңестіреді. Бархан кейде қой жайып,
анау сүлап жатқан бетпақ далаға қарап отырып ойлайтын:
«табиғаттан әділетсіз не бар, бір жерге бар байлығын: суын,
ағашын, тау-тас, аң-күс, орман-тоғайын төгіп бере салады; енді
бір жерді бір жүтым суға, тіс шүқыр ағашқа зарықтырып кояды;
бір адамдарға көрікті де, талантты да аямай сыйлайды, енді
біреуді... енді біреудің басын таз, аяғын ақсақ қылып қойдың
соңына салады, қойманың күзетіне кояды. Әділетсіздіктің өзі
табиғаттан жүққан екен-ау».
Қыздар аттанатын болған соң, қоштасу дастарқаны
жасалған. Жүмагүл осы үйде не бар, түгел жайып салып, өз
элінше ақ түйенің қарнын жарған екен. Науқан бастала жемге
байлаған қарабас тоқтыны Бархан таңғы сағат алтыда алып
соққан. Буы бүрқырап, төре табақ ет келгенде бэрі де жамыраса
күліп, жыртық үйдің қүдайы барды еске түсірген. Жәукемдеп
ет турауға кіріскен Бархан бастың екі қүлағын кесіп Екінші
Қыз бен Үшінші қызға бөліп берді де таңдайын сыпырып
алып Бақшагүлге: «Ал, айналайын, таңдайды саған берейін,
такылдаған шешен өзіңсің, алақаныңды тос», - деді күліп.
Бақшагүл алақанын тосып, Бархан «ал үста!» деп алғаш соғып
қалғанда-ақ қақшып түсті.
- Түу, ағаның қолын жүлып әкете жаздадың ғой, - деді
Екінші қыз.
- Ағаңның қолын Бақшагүлді қойып, трактор да жүлып
ала алмас, - деді Үшінші қыз. Таңдай жеп отырған Бақшагүл
айтты:
- Ой, ағай-ай, сіздің көрсеткішіңізді қайталар бүл «Талды»
совхозында бір койшы шыға қоймас. Мақтанып, атақ-даңқ
371
алам деп жанталасып жүрген Сейітқұлдың өзі 140 қозы ала
алса, үлкен ерлік болар еді. Ал, сіздің отарда қүдай біледі деп
айтайын, жүзінен 150-ден бірақ секіреді. Рекорд деген осы!
- Өздеріңнің арқаларың, қарақтарым, - деді бастың
мүжуірін әйеліне жөнелте беріп, - қүтты қыздарым келгенде
койым егізден тапты. Жүмагүл риза - мен риза.
- Егер оқуға түсе алмасақ, келер жылы тағы да сізге
келеміз,- деді Екінші қыз шын пейілмен.
- Оқуға түсуге жазсын. Мені қойшы... мен... ептеп-септеп
отыра беремін ғой. Сендер болмасаңдар, басқасын жіберер.
Ендігі тапсырар аманат - шамаларың келсе де, келмесе де
окыңдар. Тіпті мына жеңгең екеуміз үшін де оқыңдар.
- Ой ағай-ай, - деді Бақшагүл, - қай қазақ шыққан тауым
аласа болсын дейді. Жолымыз болмай жүр де. Әйтпесе,
мектепте төрт пен беске оқыганбыз. Мына екеуі мүғалім
болсақ дейді, ал мен КазГУ-дің тарих факультетіне түскім
келеді. Сонсоң жогарғы партия мектебін бітіріп, осы ауданға
секретарь болсам деймін. Егер алда-жалда түбі секретарь бола
калсам, ең әуелі сіз секілді цифр үшін емес, сана мен сапа үшін
күресетін азаматтарды қолдап көтерер едім...
Ертеңінде қыздар совхоз арнайы жіберген машинаға
отырып жатты.
Жүмагүл қыздарды шығарып салып түрып, беттерінен
алма-кезек сүйіп, козіне жас алды. Бархан түндегі әңгімеден
соң лэм деп аузын ашқан жоқ болатын. ¥м ы т қалдырып, есіне
түсіре алмай басы қатқан қимасын іздегендей меңірейді де
жүрді. Жылымық сэуле шалып, жіпсігендей болған коңілінен
ел көшіп, жел кеуледі. Тағы да томаға-түйық, бітеу өмір
басталарына іші удай ашиды да.
Қозғала берғен машинаның кабинасын тоқпақтап тоқтат-
қан Бакшагүл қораптан секіріп түсті де, қүстай үшып келіп
Барханды кұшақтай алды. Қүшақтаған күйі бетінен сүйді,
сонсоң, тағы еңкейіп бетінен сүйді! «Ағатайым, көріскенғе
жазсын»,- деді. Сонсоң ағыл-теғіл жылап, жүғірген бойы
машинаға қайта секіріп мінді... Әне, жаулыгы желбіреп ұзап
барады, ұзап барады... Енді бір сәтте құмға сіңіп, көзден
тасаланды...
Үйінің бұрышынан тартылған сымды бар пәрменімен
ұрғылаған Барханның жанында долы да дабылды дауыл
басталған еді...
372
Аспаннан тағы да самолет ұшты. Қайдан ұшты, қайда
қонады, бәрі-бәрі жұмбақ...
«Самолетті койшы... Бұл жалғанда мәңгілік шешімін
таптырмай кететін жалғыз-ақ жұмбақ бар. Ол - адам жаны,
адамзаттың ойы десек, оған да шабуыл жасар күн алыс емес-
ау. Егер ой аулайтын кұрал табылса, ақырзаман орнағаны да,
басқаны қойып, өзіңнің не істеп, не қоятыныңды бал ашып,
біле аласың ба? Адам өткенімен емес, тек кана ертенімен омір
сүретінін сезе тұра бүгінгінің - бір күнінің мұңсыз-камсыз
тыныштығын неге көксей береді екен? Ендеше, ертеден кешке
дейін еңбек етіп, атар таңды жүз беріп, аман-есен карсы алсаң,
одан үлкен бакыт бар ма? Бақыт деген не өзі? Бакыт дегеніміз
атак па, байлық па, элде самолетке мініп, жер шарын шыр
айналып шығу ма? «Мені жұрттың бэрі біледі, мен кереметпін»
дейтін шақырымпаздарға, «мені тірі жан білмейді, мен жай
ғана қарапайым койшымын» деп қарсы жар салуға хақымыз
неге жоқ. Әлде менен басқа елдің бэрі «атағы, алтыны бардың
кемтарлығы білінбейді», деген кағида үшін күресе ме?
Бархан өз ойынан өзі шошынып қалды. Бес жылға бір-ақ
картайғандай талыксып үйыктап кеткен еді. Оны бакыты мен
қуанышы мэңгі алмасып отырар ертең, тағы да ертеңгі мазасыз
күн күтіп түрған.
...Бархан түс көрді: «Құмнан күйып жасаған терең зынданда
шалкасынан түсіп жатыр екен дейді. Сонсоң сол түпсіз де,
суық... жанғажатзынданнан шығамын деп қаншама жанталасса
да әурешілдік - қысыр үміттің қылша мойнында қыл арқан
болып оралуы ғана еді. Тырнағының көбесі сөгіліп, дал болып
қанағанша тырмысады, сүп-суық, сұп-сұр қабырғаны тағы да
тырмалап өрмелеген болады, сусып қайта түседі, жүдырығымен
тоқпақтайды, аяғымен тепкілейді, бар даусымен айғайлайды
- тіпті тісімен тістемек те болады, бэрі бекершілік. Осы кезде
кұм кұдықтың... сонау... сонау ернеуінен Сейіткүл мен Әліқұл
сығалайды; мұның төбесінен тас жаудырып, қарқылдап күледі
екен дейді; бір кызығы элгі жогарыдан зулап төмен карай
күлаған тас қаншама қүлдырап, Барханның үстінен жаңбырша
жауып зымырағанымен, жетпей-ақ қойды... Бархан қорғанған
күйі эні-міне мыжидымен бұғып көп отырды... Тас элі кұлап
келеді... Осы кезде самолеттің гүрілдеген даусы естілді. Сонсоң
құм зынданның дэл аузына кеп токтаған элгі вертолеттен
бір адам сығалайды да, бұған қарай аппак арқан лақтырады.
373
Басқыш арқаннан шап беріп ұстаған Бархан алқынып, жан-
дәрмен жоғары көтеріле бастайды. Самолеттің есігін ашып,
ішіне кірсе, құдая, экесі отыр екен дейді. «¥лым, шаршадың
ба?», «Шаршадым, әке», «Ендеше кетейік, енді сені ешкім
құм зынданға қамап ұстай алмайды» - дейді де вертолетін
аспандатып, қалықтап ұша жонелді. Әкесінің арқасында
өмірінде тұңғыш рет аспанға ұшқан Бархан көкпеңбек боп
тұрған көкке, сонсоң көк мұнардың астында тып-тыныш болып
жайрап жатқан айналайын Жерге қарайды. «Биіктен қараса не
нәрсе де кемшіліксіз, эдемі болып көрінеді білем. Сондықтан
да мені байқамайды екен-ау» - деп ойлады. Самолеттің доп-
доңгелек терезесінен өз кыстағым көріне ме деп көз талдыра
үңіліп еді - тек қана кілкіп жатқан көк мұнар дүниені көрді.
Көк мұнар дүние! «Құдая, биіктен қарағандарға мен тіпті
құмырсқадай болып та корінбейді екем ғой, бұған дейін қалай
ғана байқамағанмын». Биікте жүргендерге коріну үшін - өзінің
де сөзсіз биіктеуі керек екенін жаңа ғана ұққандай болған
Бархан самолетті басқарып келе жатқан әкесіне: - Әке, мені
қыстағыма апарып тастаңыз, - дейді. «Неге ұлым?». «Мен
енді қалай үшу керектігін жэне неге ұшу керектігін үйрендім»,
- дейді. Құлағында уілдеген мотор үні.
Шошып оянып еді, үйдің оң жақ бұрышын әдетінше гүріл
тербеп тұр екен. «Айында-жылында түшіркеніп үйықтайын
десең, өстіп маза бермейді. Бармаймын не қылар екенсіңдер»
- деп күбірледі де іргеге қарай аунап түсіп, басын бүркеніп
жатып алды. Бұрыш тағы гүрілдеді. Енді Бархан дауыстап
тұрып сыбады да, келесі жамбасына аунап түсті. Сәтке сап
болған сым темір тіпті ойбайлап қоймаған соң атып түрып,
тез-тез киінді. Далаға шығып еді, Сейітқүл көйлегі ағараңдап
жүгіріп келе жатыр екен.
- Отағасы десе, сізді Әлекең мен совхоздың бас зоотехнигі
шақырып жатыр.
- Тәулігіне бір сағат тыныш үйқыны да қимайды.
Әлгіндегі түстің әсерінен айыға алмай, мең-зең халде
Сейіткұлдың артынан дедек кағып ере берді. Қоңсыласы
самбырлап сойлеп келе жатыр.
-О тағасы десе, мені кінэлай көрмеңіз, озімді де сирағымнан
суырып оятты.
«Апырай, осы жігіт мінезін ұстатпай-ақ қойды. Судағы
балық секілді жалг-жалт, жылт-жылт... Сырттай қарасаң қойдан
374
жуас, дөңгеленген қара торы жігіт. Жұп-жұмыр жұмыртқадай-
ак. Бірак ұстайтын жері жок» - деп ойлады Бархан көршісін
өкшелей қуып келе жатып.
- Отағасы десе мен сіздің алдыңызда... мэңгі борыш-
тымын.
Міне түн жамылып дегендейін...
Бархан оның сөзін естіген жоқ, өз ойымен өзі әуре...
«Бастықтар неге шақырды екен?»
- Отағасы десе, биыл сіз ерледіңіз. Бүкіл ауданда алдыңызға
түсер ешкім жоқ көрінеді.
«Бастықтар неге шақырды екен?»
Упр өз орнында әдетінше жамбастап жатыр. Оң иығын
ала малдас күрып отырған ашарық, бадырақ көз бас
зоотехник осы совхозға былтыр күзде ғана келген. Содан бері
Барханның үшінші рет көруі. Пәлендей өзгермеген екен. Мал
мамандарының көбі төртпақ, іркілдеген семіз болып келуші еді,
осына отыздың үстіндегі жігіттің бойына шыр жұқпай; жұлған
тырнадай болып жүргеніне таң қалды. Барханның таң қалғаны
ол ғана емес, Әліқұлдың бұл кіріп келгенде қалбалақтап,
орнынан үшып түрып, қос қолын бірдей үсынғаны, арқасынан
кағып сол жағынан орын бергені, бала-шаға, бау-шарбақ, үрім-
бүтағынан түк қалдырмай жездей қақтап есендігін сүрағаны,
сонсоң биылғы қыстан ырқ етпей шыққанын, жалпы Бархан
Егемқұловтың іштен қойшы болып кұтты таяғын ала туған
сұңғыла талантын жарты сағат бөстірген. Барханның таң
қалғаны, бөлімше басқарушысы осыншалық керемет, ес білгелі
естімеген мактау создің кұлағын оңды-солды бұраған сайын,
бас зоотехник басын шұлғи қостап, қолпаштап, ымырласып
отырғаны еді. «Қай жағымнан ықтап барып шығар екенсіңдер»
- деп ойлады. Тоқ етері Әліқұл алып-қашып ауыздығын
шайнаған арғымағының басын мынандай қазыққа байлады.
«Бағанадан бері айналып шапканша төтеден тартпаймысың
осылай», - деді ішінен.
- Общем былай, жолдас, - деді Упр, - мына Сейітқұл
деген жігіт қой өз ұяңнан ұшырған балапаның, сулы жерде
асып, сусыз жерде қуырып жеуге хақың бар, қолыңнан ешкім
алмайды. Ендеше осы жаман ініңнің багы тасып, тасы өрге
домалап жатса - сенің де абыройың, бөтен шаңыраққа емес,
ырыстың өз үйіңе қонғаны.
375
«...Мынауың қалай-қалай орағытады», - деп ойлаған Бархан
Әліқұлдан осыншалық жүйелі сөз күтпеғен еді. Иланғандай
үйып тыңдады.
- Олай болған жағдайда понимаешь, екі торының өзге-
шелігі жоқ, сен - кім, ол - кім, жақтан басты айыра алмайсыз.
«Алаштың аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» деген казақ.
Ендеше, мынау басы салбырап, жүн жеп, жабағы саңғытып
отырған ініңіздің айқындаушы жылдағы көрсеткіші оңбай түр.
Ал, біз, бүкіл аудан бүл жаманды үкілеп, үстіміздегі жылдық-
тың қорытындысында наградаға үсынайық деп дабырлап,
бөркін қара қазандай етіп алдық та, аяғы сымпиып қалдық...
Әрине, Сейітқұл Тэңірқүлов күш-жігерін іркіп қалған жок,
аянбай еңбек етті. Амал не, фактінің аты - факті: жүзінен 140-
ақ. Бізге керегі жүзінен - 150.
- Менің қолымнан не келеді? - деді Бархан сиырдың
сілекейіндей созылып алған әңгімені тұжырғысы келіп.
- Тфу, Беке-ай! Тіпті кейде аяқ астынан аңқаусып қаласыз-
ау,-деді Әлікұл быж-тыж болып. - Сіздің анау түйенің
табанындай қолыңыздан бэрі келеді. ¥зы н сөздің қысқасы,
ініңізге қырық қозыны қарызға бере тұрсаңыз, келесі жылы
қайтарып береді...
Бархан төбесінен жай түскендей сүлқ қалды. Үйді үнсіздік
жайлады.
- Аспаннан былғары жауса кұлга оқшантайлақ тимейді
деген осы, - деді де терең күрсінді. Барханның бүл сөзін тек
бас зоотехник ұққандай, эрі-бері қипақтап, тамағын кенеп, соз
бастады.
- Отағасы десе, - (кұдай-ау, деді ішінен Бархан. Бұл да:
«отағасы десе», осы сөз менің түбіме жетер.) - Отағасы
десе, сіздің ересен еңбегіңіз элемге эйгілі, сіз жүдэ, баяғыдан
батырсыз. Бірақ мына қисынсыздықты сезесіз бе? Сіздің та-
бысты еңбегіңіздің нэтижесі қагаз бетіне кеп түсіп, жиналыстар-
да, пленумдарда айтылмаған, әншейінде қақсап, құлақ етін
жейтін, яғни газет, радио да жұмған аузын ашпапты. Жэне де
сіздің еңбек жолыңыз болғанымен, жариялы атағи өсу жолыңыз
жоқ, яғни мақтау грамотасы, медаль, ордендермен бұрынды-
соңды наградталмағансыз... Демек, көзге түспегенсіз.
- Кімнің аузына ілігіп, көзіне түсуім керек еді, - деп айкай
376
салды Бархан. - Астымда машина, үйімде телефоным түр
ма, кит еткенді ауданға жерден жеті қоян тапкандай жеткізіп
отыратын.
- Отағасы десе, жэй айтыңыз, осы үйде саңырау ешкім
жоқ. Мен бар шынымды ақтардым. Бүл маған дейін жіберілген
кемшілік. Енді постепенно-постепенно сіз боп, біз боп түзейміз.
Ал, қазір көршіңізге кырық қозы бермеуге амалыңыз жоқ. Қой
- мемлекеттікі.
- Неге? Мен ғана ма?
- Отағасы десе, жат жүрттыққа дабырлағымыз келмеді. Сіз
енді, былайша айтқанда, туған агасы секілдісіз ғой. Ренжімеңіз,
өзіңізді үсынбак болдык, ешқандай тізімде жок, жоғары жақ
бүрын білмейтін, аспаннан түскен озат шопанды кайдан
таптыңдар,- деп шыбын жанымызды шыркыратар болған соң,
осындай шарасыздыкқа тіреліп...
- Сен бірден секіріп кетейін деп түрсың, - деді манадан бері
тісін шүқып, эңгімеге араласа қоймаған Әліқүл. - Көрсеткіштің
біртіндеп эволюңиялы осіп отыруы абзал. Сонда ағайын,
награда не саған, не оған жоқ... далада қалайын деп түр.
- Отағасы десе, сіз өйтіп ауа жайылып кетпеңіз, - деді бас
зоотехник. - Мемлекеттің үлестіре алмай далада жатқан атақ-
қүрметі бар дейсіз бе?.. Қайдағыны айтады екенсіз. Жалпы
естеріңізде болсын, түймедейді түйедей ететін дэнеңе жоқ.
Сейітқүл Тэңірқүловтың бес жыл бойы көрнекті табысқа
калай жетіп, аудандағы ең озат шопан аталып келгенінен менің
абсалютно хабарым шамалы. Үстіміздегі жылғы көрсеткіші
сіздікіне жетпей түр, отағасы. Ал, сіз жайлы бүдан бүрын ешкім
білмей келгені жэне рас. Мүқым аудан бойынша социалистік
жарыста озып шығып, озат шопан атанған малшы үкімет
наградасына үсынылуы керегі тағы рас. Сонда не істеу керек?
Әрине, сіз мені кешіріп қойыңыз, отағасы. Сондықтан сізге де,
бізге де шегінер жер қалмай түр.
Бас зоотехник сөзін түйіліп барып, кілт үзді де Әліқүлға
карады. Ол алдында мөлдіреп түрған қырлы стақандағы араққа
колын енді ғана соза беріп еді, өкілдің суықтау жүзінен тайсап,
іркіліп қалған. Сонсоң созған қолын не ары, не бері апара
алмай сәл қаңтарылып қалды да жолай соғып, бауырсақ ала
кетті. Зоотехник: - Жігітім, мынау асай-мүсайларды жиып ал,
377
тойға келгеніміз жоқ. Әлі ертерек...- деді сол салкын калпын
сақтап. Сейітқұл жозы үстіндегі арақты лып еткізіп, жинап-
теріп әкетті. Әліқүл тамағын қырнап, бір нэрсе демек болды,
бірақ шытынаған күйі дым сызбады. Бархан суалған қара күрең
жағын сипап, ой үстінде отырған.
- Не ақыл айтасыз, отағасы,- деген зоотехниктің сөзі жаңа
ғана қаймақши бастаған тыныштыққа тас лақтырды. Барханнан
жауап болмаған соң:
- Сізді келесі жылы үйымдаспақ жас шопандардың
комсомол-жастар бригадасына үстаз етсем деймін, отағасы,
қарсы емессіз бе? - деді жүзін жылыта.
- Оны уақыт көрсетер. - Бағанадан тілі кесілгендей жүмбақ
отырған Барханның үзілген сымы қайта жалғанғандай болған
соң, бәрі-бәрі елең етісті. - Алатын қозыларыңды таңертең
санап берем. Тек ақырғы рет болсын.
- Немене, бүрын да алып па еді, отағасы.
- Бірінші жылы - бес қозы, екінші жылы - он, үшінші
жылы - жиырма, төртінші жылы - отыз, енді мінеки - өзің
келіп, шырағым, қырық қозы сүрадың.
- Мынау сүмдық екен! - деді бас зоотехник үялы көзі лап
етіп. - Масқара екен!
- Ешқандай сүмдығы жоқ, қанша төл берді, ақшасын да,
қосымша ақысын да Барханның өзіне жазып келеміз. Жалпы,
ағайынның арасына жылбысқы бес қозы, он қозы деген сөз
болып па? Ат та, атан да, алыс-беріске еленбей жүре бермеуші
ме еді - Әліқүл атына қайта мінді.
- Адамды қаралайтын ондай ағайындықтың енесін үрайын!
Таңертең қырык емес, елу қозы санап берем. Шығатын тауына
- шыға берсін, иығымды төсеймін!- деп есікті тарс жауып,
бүлқан-талқан шыға жөнелді. Бүл Барханның Бархан болғалы
оз байламын тік, бетің-жүзің демей, пышак кесті айтқаны-
тын.
Бархан сөзінде түрды. Ертеңінде елу қозыны санап берді.
Әліқүл ауданға «Сейітқүл Тэңіркүлов эр жүз аналықтан
- 150 қозы, эр бас қойдан 3,5 кг. жүн алып, міндеттемесін
артығымен, абыройлы түрде орындады» деген мэлімет экетті.
Сол күні кешке облыстық, ал үш күннен соң орталык радиодан
айтылып, қүмның арасындағы ең шалғай қыстаққа тілшілер
сауыт-сайманын арқалап, сау ете түскен.
378
Көп ұзамай сессияға аттанатын болды. Азамат жолға
жүргелі жатқан соң, Бархан қош деп’ қалайын деп, көршісіне
келді. Су жаңа кремплин костюмін киіп, жуынып-таранған
Сейітқұл тығыршықтай эп-эдемі жігіт болып шыға келген екен.
Төртбак, жүмыр денесі, дөңгелек жүзі, көзіне міне орналасқан
қою қара қасы - бәрі-бәрі жарасым тауып, үялмай көрінетін
озат пошымға енген. Әсіресе, кеудесінде сылдыраған орден,
медаль көркіне көрік косып, салиқалық танытқандай еді.
Ол-пүлын жинастырып, сусылдап жүрген әйелі Данагүлдің
қимылына коз ілеспейді. Дэу қара чемоданында не бары
белгісіз, ыңырандырып апарып, «Москвичтің» жүк салғышына
әрең сиғызды.
- Қаладан не базарлық экелейін, отағасы, - деді Сейіткұл
ма-шинасын тілмен жалағандай етіп сүртіп тұрып.
- Не әкелесің... Есен-сау оралсаң - одан үлкен олжа бар
ма?
- Е, аман болмағанда жау алар дейсіз бе? Қалаға жаңа бара
жатқаным жок, - деп тойына сөйледі, - елу қозының карымта-
сын қайтарам, отағасы. Ер мойнында қыл арқан шірімейді.
- Жо-жоқ, ол не дегенің. Азаматтың абыройына садаға да.
- Бархан бағанадан бері байқамапты, анадай жердегі күресінде
Сейіткұлдың төрткөз, сарыаяк иті ешкінің лағы секілді бір
нэрсені жүлғылап жатқан. Ол не болды? - деген әуестік жеңдеп,
жемтікке жақындай берген Барханды ырылдап, маңайлатқысы
келмеді. Бірак иттің жүлқылап жатқаны қарақұйрық екенін
жазбай таныған. Иә, былтыр жарасын емдеп жазған өзінің
асыранды хайуаны! Жүрегі зырқ ете түсті. Қапелімде аузына
сөз түспей, делдиіп қалды да даусы қалтырап:
- Сей-іт-кұл, - деді, - Жолдыаяқгың жеп жатқаны не?
- Қайдан қаңғып жүргенін білмеймін, таңертең ерте тұрып,
жол жүретін болған соң кора жақты болжасам, анау сіздің
кұм төбеңізде калкайып тұр. Малапулкамен кұлак шекесінен
көздеп, басып едім, қалпақтай ұшты. Ажал айдап келген екен,
былтыр оң аяғынан жараланып, қашып кетіп еді... (қарқ-қарқ
күлді).
Барханның көзіне қан толып, басы айналғандай болды,
енді-енді кұлап кетердей буынын зорға бекітті де:
- Онда... күнәсіз сәбиде экеңнің кұны қалып па еді! - деп
айғай салды.
379
- Отағасы десе, немене даланың аңын да қызғандыңыз
ба? Керек десеңіз облыстық табиғат корғау қоғамының
мүшесімін...
- Ой, сенің... соқырлар қоғамының, пахорон бюроның мү-
шесі шығарсың бэлкім, сенен ол да шығады. Түрған жеріңде
атып тастайын ба осы, әбден жүйкелетіп біттің. - Ұмтыла
берді. Ал дегенде жасканып калған Сейітқүл ілезде күшіне
қайта мінді.
- Дауыс котермеңіз, отағасы. Заң кімнің жағында екенін
ойлаңыз.
- Менің өз заңым бар. Оған ешкім қол сүға алмайды.
- Бархан шәнтиіп түрган Сейітқұлдың жағасынан ала түсті
де, омырауындағы наградаларды бытырлатып, жүлып-жүлып
алды.
- Әкеңнің аузын үрайын. «Өз асыраған күшігім өз басыма
карғыды» деген осы. Быртиып алып, ішің толған сасық кулық
пен сүмдық. Қайтер екен, жас қой, ақыл кірер ме екен десе,
қайтеді, әкемнің шоты шапқан сайын дамып... Міне, мына
медаль да, мына орден де бәр-бәрі менікі. Мына маган тиесілі
сый-қүрмет! Сен үрлап алдың, саған тартып әперді анау Упр
агаң. Енді, мен сенен тартып аламын оны. Бар, баратын жеріңе!-
қарсыласып қолына жармаса берген Сейітқұлды шықшыттан
бір періп құлатты да «Москвичтің» доңғалағын бір теуіп жүре
берді. «Ойбай, өлтірді!» деп жау жеттілеп аттандаған Данагүл
күйеуінің басын сүйеп, үйге алып кетті. Осы көріністі басынан
бағып тұрған Жұмагүл ара түскен жоқ, ерінің қырықтан
асқандағы қауқарын тамашалай күліп, жоламаған. Ол тіпті
Барханнан жылдар бойы сарғая, сағына күткен ашуды енді
танып, жоғы табылғандай қуанған да еді.
Сейітқұл оз мұрнын өзі періп канатты да, омырауын
саталақтап сорғалатқан күйі, су жаңа костюмінің эр жерін өзі
былғап, жыртып алып, ауданға тарткан.
Бархан мінез көрсетті...
Ала бұлтты аспаннан тағы бір самолет ұшты...
Бархан қойдан шығып, расында шығарып тастап, ауылға
көшетін болды. Тіпті сотталып кете жаздады. Себеп белгілі,
онсыз да құлағалы тұрған тауға қой жайған соң оңсын ба.
Бас зоотехник қанша барын салып, ара түскенімен, алып қала
380
алмады. Тек шығарып салып тұрып: «Қамықпаңыз аға, бір
жыл дем алыңыз, мал бақпай отыра алмайтыныңызды білем.
Пәле-жаладан аман болсак, келесі жазда ұйымдасатын жас
шопандардың бриғадасына жетекші, яғни наставник кылып
жіберем» - деді жұбатып. Алғашында бадырак көз арык жігітті
суканы сүймеп еді, қазір іші жылығандай болды.
Совхоз жіберген машинаға жүгін тиеп жатқанда, өз орнына
шопан болған кағылез жігіт «Урал» мотоциклін дырылдатып
жетіп келді. Иненің көзінен өткендей жылпылдап түрған
пысык екенін Бархан амандық айтысқанда-ақ танып үлгерген.
- Жасың нешеде, шырағым? - деді білекті сыбанып жіберіп,
ешкім айтпай-ақ іске кірісіп кеткен бүйра бас жігітке.
- Жиырма бестемін, аға, - деп так ете қалды. «Менен
жиырма, Сейіткұлдан он жас кіші екен» деп ойлады.
- Қойға алғаш шығуың ба?
- Бүрын оныншы класты тәмәмдаған соң, екі жыл көмекші
болдым,
сонсоң ауылшаруашылық техникумын
бігіріп,
өзіңіздің жүртыңызға жолдамамен келдік дегендей...
- Оның жөн екен, бірақ қызмет істемедің бе? Дипломың
бар ғой.
- Ой, аға, веттехник болып жалтақтап, жек көрінішті
болғанша, өз қотырымды өзім қасымаймын ба? Аға, сіздің
біліміңіз қанша еді?
- Білімің қанша еді дегенше, қулығың қанша еді деп
сүрамайсың ба? Шынымды айтсам, сегіз-ақ класс.
- Ал, анау көршіңіздікі?
- Сейітқүлды айтасың ба? Ол онжылдықты бітірген.
Бүдан эрі екеуі де үнсіз жүк тиеп, сөйлеспеді. Аттанар
алдында Бархан:
- Ал, шырағым, жүр қорадағы қойды санап ал ,- деді. Бірак
осы сөзді элденендей бір терең өксікке толы, өкінішке толы
көңілмен айтқандай болды. Аса бір қимасымен мэңгілікке
қоштасардай қиналып айтты.
- Сізге сенем ғой, аға.
- Жоқ, ол болмайды, шырағым. Әкең болса да жауапты
нәрсені түгендеп алу керек. - Қой - тауық емес.
- Аға, - деді жас шопан салмақпен. - Сіз аға, алданбасаңыз,
алдамайды деп бас зоотехник айтқан маған. Екі кештің
381
арасында санап, эуре болып кайтеміз. Қараңғы түспей ауылға
жетіп үлгеріңіздер.
- Ендеше не айтайын, шырағым. ¥стаған таяғың қүтты
болсын. Анау коңсыласың тым жаман жігіт емес, тату-тэтті
сыйласып түрыңдар.
- Сізді қандай дәрежеде қүрмепесе, сол үдеден мен де
шығармын, аға. Болашақ көрсетер, бақ шаба ма, бап шаба ма...
Бархан көзі от шашып, атылатын арыстандай ырғып-ойнап
түрған бүйра бас, ат жақты жіғітке үрке қарады.
Машинаға отыра беріп, Сейітқұлдың үйі жағына елеңдеп
болжап еді, ешкімнің төбесі көрінбеді.
- Енеңді үрайын, қош деуге жарамадың-ау, - деп өкінгендей
болды. Өкпеге қиса да, өлімге қиған жоқ. Сейітқүлдың ертеңін
ойлап, қатты аяды...
Барханның жүгін тиеген машина құмға сіңіп, көзден таса-
ланғанша, төбенің басына шығып, қасқайып қарап қалған жас
шопан Сейітқұлдың үйін меңзеп: «Көрерміз! - деді даусын
шығарып. - Көрерміз... кімнен кімнің озарын...»
Аспаннан тағы бір самолет ұшты...
Руза, 1976 ж.
382
Мазмүны
Атау-кере (Қауіпті будан)
Роман
............................................................3
Бэрі де майдан.
П о в е с т ь
....................................................................216
Құм мінезі (Б архан/
П овест ь
............................................................332
жүктеу/скачать 8,58 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |