МА. Аары алхан Бөкей Шыгармалары Екінш І том Роман, повестер ф Алматы 2013 «Ел-шежіре» ҚҚ



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата07.02.2022
өлшемі8,58 Mb.
#90037
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Shygarmalary 2tom Bokey

БӘРІ ДЕ М АЙДАН
Повесть
Ардақты әкем Бөкей мен
аяулы шешем Гүлияга арнадым.
Автор
1
¥лы Отан соғысының жеңіспен аякталғанына отыз жыл 
толып, ұлан-асыр той, телегей-теңіз куаныш болып жатқан 
мамыр айының жайма-шуақ күнінде, дәлірек айтсақ, май 
айының тоғызында ағаштан қиып салған төрт бөлмелі үйдің 
есігі таңертеңнен кешке дейін ашылған жоқ. Ауыл-аймақ, 
көрші-қолаңның бар-барлығы тайлы-таяғы қалмай клубта 
өтетін мерекелік жиналысқа кеткен. Ал түтіні де шықпай, есігі 
тарс жабылып түрған үйдің иесі - Ақан болса, ертелетіп түрып, 
шағыр қаска биесін ерттеген де, дэл іргеде шошайып көрінген 
¥зақ тауын бетке алып, аттанып кеткен-ді. Ақан шалдың бүл 
жүмбақты аттанысын сиыр сауып, өріске мал қосып жүрген 
көршілері эр саққа жүтіртіп, сүт пісірімдік әңгіме-өсектің 
арқауына айналдырды.
- Ауырып жатқан кемпірін жалгыз тастап, қайда қаңғып 
барады?..
- Үш күн болды тірі жанмен тілдеспей, қабағынан қар 
жауып жүр.
- Алыстағы баласы жаманаттан аман ба екен?
- Мүғалім қызы қайда екен?
- Облысқа жиналысқа кетіпті.
- Ескі ауруы қайта котеріліп жүр-ау байғүстың...
- Енді өлсе де арманы жоқ. Балалары жетті.
- Алманың қаны таси берді-ау. Кешелі-бүгін тэуір ғой 
деймін. Көңілін де сүрамадық. Не десек те бірге өсіп, біте 
қайнасқан замандасымыз еді. - Бүл сөзді айтқан - ері отыз жыл 
бүрын соғыстан қайтпай қалған Бэтіш кемпір.
216


Осы кезде Ақан үйінің оң жактағы көршісі Қүмырай шыкты. 
Есік алдындағы тактай табалдырыкта түрып, аузын арандай 
аша есінеді. Содан соң аксаңдай басып баскыштан сактана 
түсті де, кора айналып келді... Әйелдер жагы Қүмырайдың бүл 
көргенсіздігін кормегенсіді. Ақсаңдай басу өзіне соншалыкты 
жарасарын ежелден білетін ол қойкаң-койкаң етіп, әйелдерге 
жакындады.Жатса да, түрса да салақтап кеудесінде жүретін 
жалғыз медалі сол орнында - кір басып, әбден тозығы жеткен, 
жаға-жеңі кырқылған гимнастеркасында ырғаң-ырғаң етеді.
Бүл жалғандағы жалғыз-ақ мактанышы еді. Одан артык 
сый-сияпатты эсте де дэметкен емес. Осыдан үш жыл бүрын 
өкімет берген «Запорожец» машинасын үлы тау мен таска айдап 
шағып тастаған, жатыр эне үй іргесінде итаяк болып. Шырпы 
басын сындырмайтын кержалқау жан атасына нәлет соғыста бір 
сирағын тізеден томен садақалады да, пенсиясын алып, аман 
калған жанын күйттеп жатып алды. Алғашында осы ауылға 
жарық берер моторды кешке оталдырып, түн орталай сөндіру 
жүмысында жүрді. Былтырдан бері ол жүмысты ортаншы үлына 
тапсырды да, өзі ертеңді-қара кеш дүкеннің алдында, темекісін 
бұркыратып ары өткен, бері өткен ауыл адамдарына эр нәрсені 
айғайлап айтып, ерігіп отырар еді. Келімді-кетімділерден жүз 
грамм дәметкіш коңіл пайгамбар жасына келген қарт солдаттың 
беделін түсіріп-ақ жүр. Қайтеді енді, озі қорғап қалған бейбіт 
омірдің шуағына еркелегені ғой...
- Әй, Рэзия, шай қойдың ба? - деп дауыстады, екі иығы 
имиіп, мойын ағашпен су әкеле жаткан кемпіріне.
- Түкпіш-ай, көрмей тұрсың ба, суды жаңа экеле жатыр ғой. 
Тесік өкпесін сүйреп эрең жүр, аясаңшы жазғанды.
- Жаның ашыса, анау шөпжелке қыздарыңа айтсаң еді, екі 
шелек су экеліп тастасын.
- Сойталдай үш үлың бар, қатын неге әпермейсің? - деді 
элгі кемпір.
- Сенің кыздарыңды тосып жүр.
- Байсыз қалса да сендей заржақпен қүда болмаспын.
- Өйтіп ерегістірсең ертең-ақ алып беремін.
- Дәмесінің зорын. Пішту.
Осымен сөз бітті де, коршілер тарай бастады. Өз-өзінен 
ерігіп түрған Кұмырай дау-дамайын жалғастырар адам 
таппағанына өкінді ме, шаптыққан дауыспен эйеліне зікір 
салды:
217


- Ыбылжымай шай қойсаңшы! Бүгін жеңіс күні. Клубқа 
жиналысқа шақырған.
- Жауды жалғыз өзің жеңгендей желікпеші. Өзім де өлейін 
десем қолым тимей, етегіме сүрініп жүрмін. - Күйіп кетті ғой 
деймін.
Ерінің бетіне тура қарап айтқан сөзінің алды осы еді. 
Күйеуі шатынай карады. Тіпті жүзінде элгі сөзді шынымен- 
ақ анау жел соқса қүлағалы түрған кемпірі айтты ма дегендей 
таңданыс бар. Қапелімде не дерін білмей сасқалақтады да. Ал 
анау болса түсі сұп-сүр болып, еңгезердей шалына түсінбей, 
тепсініп түр.
- Соғыс кезінде қанатынан қайырылмаған сұңқар, тұяғынан 
айырылмаған тұлпар қалып па еді. Көбінің сырты бүтін 
болғанмен, іші түтін. Екі аяқ, екі қолы сау демесең. Ақаннан 
артық азап шекпеген шығарсың. Отыз жылдан бері язбі жөлетке, 
асқазанына ас батпайды. Түйені түгімен жұтып, шелектеп арақ 
ішкен сенен гөрі иманды. Қартайса да аттан түспей, көштен 
қалмай келеді. ¥лы н үяға, қызын қияға қондырды. Сенің 
балаларыңа дейін өзіңе тартқан шетінен саудайы.
- Жатыры жаман гой, жатыры...
- Одан да қаны жаман десеңші.
- Әй, эй әкеңді... саған не болған-ей. Түс көрдің бе? - 
Құмырай тұтыға тіл қатып еді, әйелі бастырмалатып, бет 
қаратпай қойды.
- Түс көрмейтін албасты деп пе едің... Көрдім... мойныңа 
қоржын асып, мәгәзіннің алдында қайыр тілеп отыр екенсің, 
көшеден шөлмек жинап, арақ іздеп жүр екенсің. Ал, ендеше, 
қылатыныңды қылып ал.
- Отыз жыл бойы тілің кесілгендей, үндемеп едің, отыз 
жылдан бері маған әзірлеген сыбағаң осы ма... ішіңде ит өліп 
жатыр екен-ау. Ақан итпен араңда бір пэле болған екен-ау, -
деп таяғын шолтаң еткізіп үмтылған. ¥мтылғанымен әйелінің 
арық қара бетіндегі жүз жылдық зілді, эйелінің шүңірейіп 
үясына әлдеқашан кіріп кеткен жансыз жанарынан жанған 
ашу мен ызыға, зіл-залага толы отты көріп, тайсақ тартты. 
Жауын құрты - жылайшандайғұрлы көрмей келген қатқан қара 
қатыны, әне, уытын шашып, оқ жыланша атысып тұр. Жо-жоқ, 
бұл алданған екен. Үндемегеннен үйдей пэле шығады деген 
осы да... Қолындағы таяғын сау тізесіне салып морт сындырды
218


да, лақтырып тастап, амалы таусылғандай, кеспелтек ағаш 
үстіне отыра кетті.
-
Е, бәсе, осылай жөніңе көш, кәрі қақпас. Жүдырық жүмсар 
күнің откен. Өне бойымда сенің таяғың тимеғен жер қалмады. 
Гитлерден ары болдың... Қүдайға шүкір, араша түсер адамым 
бар, балаларым ер жетті...
Айғай-шуға елеңдеғен көрші-қолаң әркайсысы өз үйінің 
есік-тесіктерінен сығалап, қызықтай қүлақ түріп түр еді, сып 
етіп, көрінбей кетті.
Енді, міне,отыз жыл отасқан әйеліңнен соз естіп отырғаның. 
Басқасы басынбай қоя ма?
Таңғы тэтті үйқысын қимағандай манаурап жатқан ауылдың 
отыз жылдан бері ыңғай ырғақпен келе жатқан қалыпты тіршіл ігі 
қыбыр-жыбыр басталған еді. Май айының масайраған күні 
адамзатқа бүгін де үлы тыныштық, байсалды өмір тілегендей, 
сонау миллион жылдан бері өркештеніп, тарихтың өлі куэсі 
болып жатқан алып таулардың түтқынынан сытылып босай 
берді. Түні бойына үйқының жайлы да жайма-шуақ қүшағында 
түншыққан қаперсіз ауыл мэңгілік қозғалыстың - өлмейтіндей 
өр серпіген шаруаның дабылын қайта қақты да, қайғысыз қара 
суын сораптап үрттай бастаған.
Бағанадан бері сең соққан балықтай мең-зең отырған 
Қүмырай, алғаш рет түмсығы тасқа тиген Қүмырай, неге екені 
белгісіз, қолына мылтығын алып, атойлап жауға аттанғысы 
келді; сыңар аяғымен-ақ алшаңдай басып, алға үмтылғысы 
келді; өзінің мүгедек екенін алғаш рет шындап сезініп, элемдегі 
талтаң-талтаң басып жүрген мүқым адамдарды өлердей жек 
көрді. «Жо-жоқ, мен емес, - деді тісін шақыр-шүқыр қайраған 
қарт солдат, - эсте де мен емес мүгедек» деп, оз кеудесін озі үрып 
қалғанда, тозығы жеткен медаль сылдыр ете қалды. Сонда ғана 
есін жиғандай, алақанымен сипап коріп еді, орнында екен. Сол 
жақ аяғын кесіп отынға жаққан жок қой. Әуелеп ысқырып келіп, 
дәл жанына түскен бомбаның жаңқасы жүлып кетіп еді ғой. 
Қып-қызыл қанға бөгіп, шала-жансар жатқан жерінен орыстың 
әдемі қызы тауып алған. Бүл тірі қалды деп ешкім ойламап еді. 
Тек денсаулығының мықтылығынан ғана суішкілігі үзілмей, 
балдаққа сүйеніп елге оралған. Иә, бүл ақсаңдай басып елге 
оралғанда осы Жүлдыз ауылының еңкейген кәріден еңбектеген 
жасына дейін тайлы-таяғы қалмай үбап-шүбап алдынан 
шықкан. Аудан орталығына арба жіберіп алдырған майдангер
219


азаматты жүрекжарды куанышпен карсы алып, қонакка 
шакырмаған бірде-бір үй қалмап еді. Сонда ауылдың алжиын 
деп отырған ақсақалы мүның кеудесіндеғі жалғыз медальды 
үстап көріп: - Шырағым, мына жарықтықтың күші кімге 
жетеді? - деп сүрағанда, шімірікпестен: - Ата, осы медальдың 
арқасында екі кісіні сотсыз атып тастауға кақым бар, - деп, 
кеудесін кағып еді-ау. Содан кейінгі өмірі кызық өткен. Ақырып 
атқа мінді. Жастар өсіп, жарлы байығанша алақандай ауылды 
аузына қаратты. Баяғыда осы ауылдың Ынтымақ атанып түрған 
шағында, сары жорғаның үстінде шіреніп отырған Қүмырай, 
қолындағы қамшысын әдейі түсіріп жіберетін, сол кезде үріп 
ауызға салғандай әдемі қыз-келіншектер таласып эперуші еді- 
ау. Енді міне... көрінгеннен сөз естіп... эсіресе қой аузынан 
шөп алмас, момын әйелінің тілі тотияйын болып тигені жанға 
батады да. Бүл жалғанда мэңгілік не бар дейсің, өтеді-кетеді. 
Атақ, даңқ, дэулет пен бақыт - осының қай-қайсысы да жыл 
қүсы секілді, басына күн орнап, жаның жылағанда ғана үя 
салады. Базарың тарқап, күздің суық желі ессе, пыр етіп үшады 
да, өзгенің талайына барып қонар.
- Жылан арбап отырсың ба, шайыңды іш, суып қалды. 
Қайта-қайта самаурын қояр шамам жоқ, - деген эйелінің 
даусы ойын бөлді. Созалаңдап орнынан көтеріліп, жан-жағын 
карманып еді, таяғын таппады. Әлгінде ашумен өзі сындырып 
тастағаны есіне түсіп, шойнаңдай басып үйге беттеді. Көптен 
бері майланбаған протез аяғы шиқылдап, тозығы жеткен, 
тіпті үмытыла бастаған әуенді қайталады. Осыдан отыз жыл 
бүрынғы күркіреп өте шыккан соғыстың салдары, бүгінде тым 
азайып қалған эркімнің эр жерінде сыздатып жүргені рас-ты. 
Ал жанын жаралап, көкірегі мен көкейін кеміктеп жатқаны 
қаншама? Солардың бірі Акан десек, ол да, әне, шағыр қасқа 
биесін мініп, тау-тасты кезіп барады.
2
Бір ғана ағыспен отіп жатқан өмірдің аяқ астынан айран 
тамған сүттей іріп шыға келуі Аканның көңілінде көгіс тартқан 
баяғы бір көне жараларын тырнап алғандай еді. Жеңіс күніне 
бүл да бір кісідей дайындалған. Соңғы аптада ескі сырқатынан 
ептеп сергігендей болған әйелі Алма:
- Шал, елмен көрген үлы тойға біз де тышқан мүрнын 
қанаталық. Токтының бірін сой, көршілерге тамақ ауыз
220


тигізелік. Осы үйден дәм татпағалы. да талай уакыт өтті. 
Сараңдық жасама, - деп өтініш айтып еді. Соятын тоқтысын 
таңдап, кешеден бері жем бермей, қораға қамап, пышағын 
қайрап дайын отырған. Ертең жеңістің қүрметіне үлы жиын 
болады. Соғыс кезінде жаумен шайкаскан азаматтарды арнайы 
шакырып, төрге отырғызады екен. Орден-медаль, сый-сыяпат 
үлестіреді деп, ауыл адамдары катты дүрлігісіп жүрді. Сый- 
сияпатын қойшы, оқ пен оттың ортасынан аман қалғандары 
үлкен сыйлык емес пе; елеп, тамам жүрттың көзінше сахнаға 
шығарғаны кандай куаныш. Кейінгі жастардың бірі біліп, 
бірі білмейтін, сол азапты жылдарды еске алу, есімін атау 
кұрметінен айналмай ма. Егер зэуде сүрай қалса, Ақанның 
да айтары көп еді. Неге екені белгісіз, соғыс кезінде колына 
кару алып соғысқандарды, тіпті тылдағы әйелдердің ерлігі 
коп айтылып, шүкіршілік, назардан тыс қалып көрген жоқ, 
ал өзінің, иә-иә, «трудовойда» болған өздерінің еңбегі ше... 
Әйтеуір, бір күні ескерілер, еленер деп үміттенуші еді, ондай 
атты күн де туды-ау, әйтеуір.
Кеше кешке болатын. Малын жайғап, қора маңының 
бэкін-шүкін шаруаларымен сыртта біраз бөгеліп қалган. 
Жарықтық күн де қып-қызыл болып, әдемі батты. Баягыда 
батыс көкжиекті осы секілді ал кызыл шапак шарбыласа, жүрт 
тағы да соғыс болады деп, жаман ырымға жорушы еді. Қазір 
табиғат бояуының қайсыбір түсіне де көз үйреніп кетті ғой... 
Иә, енді үйғе кіре берем дегенде, астындағы атын арындатып, 
кекілі шолтаңдаған бала келді шапқылап. Алғашында оның 
суыт жүрісінен секем ала тіксініп қалған. Баяғыда, 1941 жылы 
да дэл осындай қара бала жеткізіп еді қаралы хабарды.
- Ақсақал, - деді ат үстінен түспей айғайлап. - Қүмырай 
атам үйінде ме екен?
- Жайша ма, үлым? Үйінде болар.
- Шақырып жібермейсіз бе?
- Шақырайын, - деп қалбалақ қақты. Шапқыншының өңі 
жылы, жақсылық шығар деген ой жеңдеп, көршісінің есігін 
ашты. - Қүмеке, ау, Құмеке, үйдемісің?
Ақсаңдай басып Қүмырай шықты.
- Не болды?Тағы да жау ма?
- Жағыңа жылан жүмыртқаласын. Анау бала іздеп келіпті 
сені.
221


- Не керек, ей, саған? Қожақтың жынды ұлымысың?
- Иә, сол жынды менмін. Сізді ертең кешке клубта өтер 
тойға келсін дейді. Ешқайда кетіп қалмасын, жақсылап 
дайындалсын, сөз береміз, - дейді.
- Өзім де білемін. Қазір бастаса да дайынмын. Атаңа нәлет 
жауды қалай әкесіне танытқанымды ертеғі-жыр ғып айтып 
берейін.
Атты бала шұғыл бұрылып, құйын-перен шапқылай жөнел- 
ді. Құмырай өзіне-өзі риза болған кейіппен, омырауындағы 
жалғыз медалін ырғақтата басқыштан түсіп, Ақанға жақын- 
дады:
- Қалай, құрдас, сені де шақырды ма?
- Жоқ, маған еш нәрсе айтпады.
- Енді, ол жынды ұлдың жазығы не. Тізім бойынша 
хабарлап жүр ғой. Жэне де бұл «трудармияның» емес, соғыс 
армиясының тойы ғой...
- Сен өйтіп оспақтама, - деп шалт кетті әншейінде үнде- 
мейтін Ақан. - Сенің де киратканың белгілі. Немістің түр- 
түсін көрмей жатып, жараланып қайтып келгеніңе мақта- 
намысың.
- Былжырапсың, - деп қарқ-қарк күлді Құмырай. - Алты 
жыл бойы көртышқан секілді топырақ қазган сенен гөрі 
тэуірмін.
Одан ары тәжікелесіп тұра беруді ар санады ма, Ақан жедел 
басып, үйіне кіріп кеткен. «Еще артиллериспен дауласады» 
деген сөзін естімеді.
Содан түні бойы көз іле алмады. Шалының әлденеге 
ренжулі екенін сезген Алма да эр нәрсені сүрап сөзге тартқан 
жоқ. Екеуі екі төсекте бүк түсіп жатып қалған. Жан-жақтан 
қамалап келіп, миын шанышқылаған алуан түрлі ойлар таң 
атқанша маза бермеген. Биесін ерттеп ерте аттанып кеткені де 
тірі қорлыққа шыдай алмай, қашаң тартуы еді. Ол ешқашан да 
елден саяқ кетуді көксеген емес, тек анда-санда өз атына айтылар 
қаңқу сөзден гана безінетін. Алпыстан асқан ғұмырында 
ешкімнің ала жібін аттап, «Әй, сен сондайсың», - деп көрген 
жоқ. Ең өкініштісі сол - элгігайбат сөздер бұған арналатын. 
«Тек жүрсең - токжүресің» деген сөздің бекерлігін енді ғана 
түсінгендей. Бүл жалғанда жамандықтан қашып қүтылған 
адамның жоқ екенін білсе де, ізгіліктен де үмітін үзбеген. 
Адамзат жаратылғаннан бермен жағаласа жарысып, өмір атты
222


дэу шананы қосақтала сүйреп келе жатқан Жаксылық пен 
Жамандык - осы екі үғымның қай-қайсысы да жер бетінде 
желе-жортып, сайран салуға қақылы екенін дэлелдеп-ақ 
келеді. Итжығыспен жеңісе алмай, діңкесі қүруға тақағанда, 
сөз жоқ, сол екі үғым өкпеғе киса да өлімге қимас туыстықпен 
аймаласып, бірінің көріне бірі топырақ салар еді. Ендеше, 
ғүмыр бакида да жеке дара өмір кеше алмас Жақсылық 
пен Жамандықты таразылап, керегін ғана аламын деуден 
сорлылық бар ма? «Мен бақыттымын!» деп әлемде ешкім 
айта алар ма екен; ал егер зэуде айтқан адамнан сорлы тағы 
ешкім жоқ. Күн шықса соңынан қалмайтын, бүлт басса, 
іздеп таба алмай қалатын сол бақытты Ақан эсте де соңынан 
түсіп, әлдекімдердей сүмеңдеп іздеген емес. Торткүл дүниені 
миллиондаған адамсекілді бүныңдажалғыз-ақмақсаты болған: 
тірі жүру, өзінің қалқайып тірі жүруі арқылы бала-шағасын 
асырау. Сөйтіп, өмірдің алтын арқауына айналған үрпақ атты 
үлы көшті жалғастыру. Кіндіктен тарар жібек жіпті үзіп алмау. 
Бүдан артық бақытты тауып көрші! Өмір дегеніміз ешқашан 
да шешуі табылмас жүмбак, ешкім шығара алмас қиын есеп 
десек, жауабын іздеп,жанталасып жан тапсырғандар каншама. 
Осының барлығын пенде егер де анасының қүрсағында жатып 
сезсе ғой, онда жарық дүниеге келмей-ақ қояр еді. Келген соң, 
бойыңда шыбын жаның шырқырап түрганда тэуекел жасап 
кетіп көр. Мэңгі таусылмас жолға бір түскен соң, өзегің талып, 
жүлының үзілгенше алға, тек қана алға еңбектейсің. Әрине, 
қасыңда өзіңмен қоса еңбектеп келе жатқан азаптасың ба, 
сапарласың ба кім болса - ол болсын, содан озуға тырысасың. 
Реті келсе ептеп, кейде шындап тірсектен қағып, бақайдан 
шалып жол ортаға үлытып, тастап кеткің келер... Сен тырбанып 
бара жатқан жақтан озіңе қарай қарсы тағы біреулер жолығады. 
Екеуің қызыл шеке болып сүзісесің, қызыл түмсық болып 
төбелесесің, содан қай жеңгенің алға үмтыласың. Сынаптай 
толқып, шортандай шоршып үстатпаған, бірақ жақындаған 
сайын алыстап, алыстаған сайын жақындай беретін сайтан 
сағымды қуа-куа түпсіз зынданға келіп қалғаныңды байқап, 
шошына кейін шегінер едің. Амал не, шегінер жер жоқ, сенің 
соңыңнан өкшелей ерген сансыз пенделер, сен секілді сайтан 
сағым - алдамшы арманды куғандар сүзіп, элгі бір түссе қүс 
патшасы - зымыран да үшып шаға алмас терең зынданға 
күйрығыңнан бір теуіп қүлатады, содан с о ң - өзі... өзінен соң...
223


өзгелер, міне осылайша арғы дүниенің салулы төсек, самалды 
пейішінен мэңгілік орын алып, жандары жай табады. Ертеңге 
еңбектегендердің жалғыз-ак бакыты - осы қағиданы үқпай, 
үрандауы десек, шағыр биені шаужайлап келе жатқан біздің 
Ақан шал солардың тобында, алдындағы қазулы орға жетуіне, 
әне, аз-ақ қалды...
Шағыр қасқа басқа үрғандай табандап түр - соңғы кезде 
қартайғандікі ме, қырга шықса болды, көзінің алды бүлдырап, 
сулана беруші еді, байқамапты, ¥зақ тауындағы Қүлаған жарға 
тіреліп қалған екен. «Құдай сақтады-ау» деп кері бүрылды. 
Бүта-қарағанның арасындағы жалғыз аяқ сүрлеумен сонау 
көрінген Кобен тауына қарай қабырғалай тартты. Аппақ болып 
гүлдеп түрған мойылдың иісі танауды жарып, түшкіре берген 
соң, жан қалтасынан шақшасын алып, насыбай атты. Мамыр 
айының тамылжыған тамаша шағы, әсіресе таң ата өзгеше соны 
сипатпен түрленіп, көңілдегі күдігіңді айдап шығарады білем. 
Кісі деген қанша қартайдым, қайғы ойладым дегенмен, оның 
коңілі сәби секілді ғой, жоқтан озгеге қуанады, жоқтан өзгеге 
өкпелей қалады. Шыр етіп дүниеге келгеннен бермен сезініп, 
түйсініп келе жатқан коріністері болса да: анау тау басынан 
етекке қарай қалың жыныстанып келіп, сиреп таусылатын 
қапсағай қарағайлар, сонау үшар басындағы қары элі де ерімей 
ағараңдап жатқан алып шоқылар, сол қар-мүздақтан бастау 
алып, қүлындай қүлдырықтап ойға қарай шапқылаған тентек 
бүлақтар мен баласын күткен анадай аңыраған Бұктырма өзені, 
эне асықтай үйіріліп, түтіннен жалау байлаған туған ауылы -
барлығы да Ақанның көзін ашып көргендері, бірақ ешқашан да 
мезі қылып жалықтырған емес. Тіршіліктің тірегіне айналған 
туған жерінің сарқылмас байлығы да осы жансыз суреттер. Ол 
отыз жылдан бері шөбін шауып, малға талшық, үйелменіне 
азық етіп келген Райс шабындығының жанынан өтті. Бұл бір 
тал, қайыңы аралас өскен масаты жер еді. Қандай құрғақшылық 
жылда да күреңсесі күлтеленіп, күнге күймей ал жасылданып 
жататын саздау. Шок шіліктің түбінен жылып тұма қайнап 
шығатын да, шабындықта өз-өзінен суландырып, кенезесін 
әсте де кептірмейтін. Райс тұмасындағы шабындыққа қызығып, 
көз алартқандар көп болды. Әсіресе, Құмырайдың ит жыны 
келетін. Ит жыны келетін себебі: былайғы жұрт сандалып 
пішендік таба алмай жүргенде Ақан жайқалған күреңсесін 
кертіп шауып, керіскедей мая тұрғызатын. «Отан соғысының
224


мүгедегімін, Райс түмасын маған беріңдер», - деп арызданбаған 
мекемесі қалмаған. Амал не, Ақанның ата-бабасынан бері 
ауысып келе жаткан шабындығын тартып әпермеді.
Жауыңның іргеде болғаны, бір есептен дүрыс па деп 
те ойлайтын Ақан ақсақал. Ерегестен бе екен, жоқ немесе, 
іштей бәсекелесетіндіктен бе екен, зәредей де кемшіндік 
жібермеуге тырысып, шаруасын дөңгелетіп үстайтын, эрі тың, 
эрі сақ жүретін өзімен салыстырғанда, элдеқайда салақ, есік 
алдында ыбырсып жатқан сиырдың жапасын күрекпен іліп 
алып тастауға мойны жар бермейтін еріншек Қүмырайдың 
аягы ақсақ демесең, аюдай денсаулығының тым болмағанда, 
жартысын бермеген қүдайды ғайбаттаушы еді. ¥рттап қалған 
қара суға дейін қайтадан қүсып төсек тартып жатса да, үй 
тірлігін жүтатып көрген жоқ.
Алғаш қара жүмысқа шыдай алмай қатты ауырғанда, бүған 
өкімет отыз сом пенсия тагайындап еді. Сол отыз соммен бес 
кыз, бір үлын асырап сақтады. Басыңа тартсаң етегіңе, етегіңе 
тартсаң басыңа жетпес болымсыз дүниені боз өкпе балаларына 
тең бөліп, басқалардың үл-қыздары алдында үялтпай ішін- 
діріп, киіндіруінің өзі асқан ерлік еді. Сырқатының беті бері 
қараған соң, отыз соммен мүлдем қоштасты да, осы ауылдың 
газет-журнал тасу жүмысына түрды. Міне, содан бері ширек 
ғасырдай уақыт өткен екен, жасы асып, еңбек демалысына 
шықса да аттан түспей келеді. Баяғыдай емес, дэулеті бар, 
шүкіршілік, неге екенін өзі де білмейді, аттан тақымы айырылса 
болды ауырып қалады. «Ақшаны қапшықтап жинап, Меккеге 
барайын деп пе едің, қойсаңшы бүл жүмысты» дегендерге: 
«Мен айлық үшін жүрген жоқпын, денсаулығыма бола почта 
тасимын»,-деп жауап беретін. Басқа-басқа, мазасыз көршісінің 
дэл осы сөзіне Қүмырай жалғанда сенбейтін. Ішіп алған күні:
- Дүние қуған жалмауыз, ашкөз, - деп талай рет балағаттады 
да. Амалы қайсы, Отан соғысының мүгедегіне қол жүмсап, тіл 
тигізуге болмайды.
Жауды жалғыз өзі жеңгендей кеудесіне нан пісіп, өз-өзінен 
бүлданып, өз-өзінен кергіп, боғын боталы түйеге балап жүрер 
Қүмырай жалғыз Ақанды ғана емес, осы Жүлдыз ауылының 
тамамын ерқашты қылушы еді. Жалғыз үлынан айырылған 
аналар, ерінен айырылған жесірлер мен экесінен айырылған 
жетімдер қаншама дейсіз жер бетінде, бірақ солардың қай- 
қайсысы да Қүмырай қүсап ел үстіне эңгіртаяқ ойната берсе
225


не болар еді, - деп ойлайтын Акан. - Онда ақырзаман орнар 
еді... Отанды қорғауға кімдер қатыспады, эркім өз элінше үлес 
қосты. Аягынан айырылмағанның барлығы - ақымақ, қоян 
жүрек қорқақ па екен, тэңірім-ау. Бүкіл іш қүрылысым мен 
рухымнан айырылған мен де жүрмін ғой ешкімнің қазанын 
сындырмай-ақ.
-
Осының барлығы, кеше кештегі уақиғаның кесірі. Кісінің 
баяғыда үйықтап қалған, қай-қайдағысын есіне түсіріп не керек 
еді, - деп күбірледі Ақан. - Мені неге шақырмады екен, ырысын 
ішіп кетем бе. Президиумға шығармай-ақ қойсын, даңғарадай 
клубтың бір бүрышында отырсам жетер еді ғой.
Менің кінэм не сонда. Бар жазығым қолыма мылтық орнына 
күрек үстағаным ба. Біле-білсе күрек те қару ғой. Осы ғой жанға 
бататыны. Әйтпесе, батыр атагын бермеді деп жүрген мен жоқ. 
Дегенмен бармай қалғаным да ақыл болды-ау. Қүмырай-ақ 
таяғын тоқылдатып төрде отырсын. «Мен қуып барамын, неміс 
тырағайлап қашып барады» деп басталар әлеулайымын сол 
бөспе-ақ айтсын. Бірақ «мен» деген сөзді «Біз қуып барамыз»,
- деп неге айтпайды, ит-ау.
Күн едәуір көтеріліп қалған. Өзін токтататын ешқандай күш 
жоқ екенін сезе ме, соншалықты кербез де кірпияз жайбарақат 
мінезбен қызара бөртіп, көк тәңірісіне еркелейді. Суықсай 
деп аталатын аңғарды өрлеп барып, Түйетастың иығына 
көтерілгенде ғана дүниенің маздап, жанып түрғанын байқады. 
Жап-жасыл шапан жамылған аймақтаессіздеу, бірақжарасымды 
қуаныш бар еді. Енді қайтып күз туып, қыс түспейтіндей мэз- 
мейрам, сәбилік аңқаулық пен тазалықтың шуағына жапырағын 
жая талпынады. Табиғат атаулының үзатылған қыздай 
сылануы, көктемде аса сүлу болып көрінгенімен, күні ертең- 
ақ көп-көп жылаулар мен сыңсулар күтіп түрғанын қайдан 
білсін, жарықтық. Тау-тас, орман-тоғайды қойып, ақыл-есі 
бар адамдардың өзі бір күндік тоқтықка мэз емес пе. Азаптың 
да шегі болар екен-ау деп айналайын бейбіт күннің қызуына 
жылынбай ма...
Түйетастың иығына шыққанында алдынан Көбеннің көлі 
көрінді. Сырлы аякка түндырылған судай, дөңгеленіп жатқан 
көлге Түйетастың алқымын тесіп шыққан бастау-бүлақ барып 
қүятын.Шілденің ми қайнатар ыстығында үрттап қалсаң 
тісіңді зыр еткізер суық суы жыл өткен сайын сарқылып, 
азайып барады. Қоры азайған Көбен көлінің шеті сортаңданып,
226


кейбір жерін калың сор баскан. Баяғыда Аканның бала кезінде 
көл жиегі сор батпакты келетін де, тай үйрететін. Қанша 
кыршаңкыланғанымен жануарлар батпакка батып мөңки алмай 
дымы қүрып, үстіндегі кара домалак қазактың ыркына көнуші 
еді... Одан бері жарты ғасыр уакыт өтті емес пе. Ойлап қараса 
су да адам секілді, жылдар жылжыған сайын суалады екен- 
ау...
Көлдің ар жағында ағаштан калай болса солай қиюластыра 
салған дара үй бар. Үйді жапсарластыра үп-үзын қылып қой 
қора салған. Баспанаға қараганда элдекайда әдемі салынған 
қорадан жас төлдің маңырағаны естіледі. Қой төлдету аяқталып 
қалған кез, сақманшылар ауылға оралып, бар ауыртпалык 
шопанға түскен. Бүл кыстақты қатарынан бірнеше жыл бойына 
Орынбай деген жас жігіт мекендеп келеді. Мал десе ішкен асын 
жерге қоятын-ақ жігіт, амал не, жолы болмай жүр. Түйетастың 
кейкеңінен бері қарай қүлдыраған салт аттыны көрген соң, екі 
колын артына үстап, қалт түрып тосып алды.
Иығынан зіл-батпан болып басқан жүмыстан ба екен, 
жоқ болмаса үзын бойы еңкіш тарта бастады ма, сырт көзге 
бүкірейіп көрінеді. Үстара дүзі тимеген, үстара дүзін тигізуге 
қолы тимеген бет-аузын қайратты кара сақал басқан.
- Иэ, Орынбай, мал-жан аман ба? - деді Ақан ат үстінен.
- Шүкіршілік, аға. Бүгін қоржынсыз шығыпсыз гой.
- Почтасыз бір аралайын дегенім де...
- Ендеше, бүгін қонақсыз. Аттан түсіп тамақ ауыз тиіңіз.
- Әуре болмай-ақ койыңдар. Жастығын есіне түсіріп, ерігіп 
жүрген шалды кайтесіңдер.
- Бүгін ауылда үлкен той деп еді, сізді шақырмаған ба?
- Шақырмады.
- Қызық екен, - деді таңданған Орынбай. - Сізсіз өткен 
тойдың сэн-салтанаты болушы ма еді.
- Пейіл іңе рахмет, - деді Ақан өңі күреңітіп. Жүрегін әлдекім 
шабақтап қалғандай болды. Шалдың жүзі алақүйынданып 
кеткенін көрген Орынбай:
- Қымыз ішіңіз, - деп қүрақ үшты.
- Ендеше, ақты аттап кету жарамас, - деп созалаңдап түсті. 
Шағыр қасқаны үйдің бүрышына жетелеп апарып байлаған 
жігіт: «Әй, Күміс, атаң келді, дастарканыңды жай» деп 
дауыстады.
227


Аядай бөлменің іші қапырық ыстық екен. Тамақ эзірлеу 
үшін бүрыштағы темір пешке лаулатып от жағады. Бэрі де 
амалдың жоқтығы. Орынбай есікті бір теуіп шалкасынан 
ашып тастады. «Тентектіғі элі де қалмаған-ау, - деп ойлады. 
- Ауылды ала тайдай бүлдіріп жүретін Орынбайдан соқталдай 
азамат шығады деп кім болжаған».
Күміс кымыз қүйып берді де:
- Мен қозыларды байқап келейін, - деп, тысқа шығып 
кетті.
- Биыл жүзінен қанша алдың? - деді қымызды сораптай 
ішкен Ақан аузын сүртіп.
- Жүз он бестен.
- Ой, онда сенің алдыңа түсер ешкім жоқ. Ең мықтымын 
деғені жүз оннан ғана.
- Бэрібір солар озады, мен қаламын.
- Неғе? - деп сүрады Акан.
- Өйткені олардың еркек қойы бар.
- О заман да бү заман еркек қой қоздаушы ма еді?!
- Ебін тапса қоздайды, аға. Тізімғе «еркек қой» деп тіркеғен 
елу шақты жасырын саулықтары бар. Соның төлін бөліп жаза 
салады.
- Ол қулықты совхоз білмей ме екен?
- Біледі ғой, білғендіктен де еркек қойды «туғызады».
- Әй, балам-ай, - деп күрсінді Ақан. - Сенің жолың да 
менікі секілді ауыр болайын деп түр екен.
- Сіздің өмір жолыңыз қалай болып еді, аға?
- Сен сүрама, мен айтпайын. Ол - үзақ жыр, бір таң айтып 
тауыса алмаймын.
Осы сөзден кейін Ақан айқара ашық есіктен таудың көз 
жасындай болып мөлдіреп жатқан көлғе қарады. Қиястай 
үшып келіп, көлге қонған қос сары ала қаз айдынға толқыннан 
эжім сала, мамырлай жүзе жөнелді. Күресінде жатқан ала 
мойнақ ит маңғаздана карады да, керги керіліп үйдің сыртын 
айналып кетті. Қой қора жақтан жас төлдің маңыраған даусы 
еміс-еміс естіліп қалады. Көлді қаумалай қоршаған тастақты 
жоталардың бауырында шашып тастаған асықтай бытырай 
жайылған қойлар, сол тас кенедей жабыса жайылған отардың 
сақшысындай, жақпар тастың үстінде қайқы мүйіз қара серке 
түр секиіп. Арада орнаған сәл-пәл үнсіздікті Орынбайдың:
- Аға, дегенмен сол әңгімені тыңдағым келеді. Бала жастан
228


сөзге әуес, құлағым түрік екенін өзіңіз білесіз. Бір малдың 
басын мүжіп, қымыз ішіп, дем алыңыз осы үйде. Жеңіс күнін 
өзімізше тойлайык.
Ак көңіл жігіттің ақтарыла айтқан ақылы Ақанды толқыт- 
пай қойған жок.
- Алма шешең менің қайда қаңғып кеткенімді де білмейді. 
Үйде жалғыз қалған. Елегізеді ғой.
- Ой, оның жарасы жеңіл. Күмісті жібереміз. Ол тәтемнің 
қасында, ал мен сіздің жаныңызда түнеймін.
- Жарайды ондай болса, - деп келісімін берді, - сен 
шаруаңды реттей бер. Мен Көбен тауының ой-қырын аралап, 
күн екіндіге таянғанда ораламын.
Ақанды қолтықтап алып, аттандырып тұрған Орынбай:
- Уэде - Қүдай сөзі, аға, тосамын, - деді тісі ақсия күліп.
- Тос. Тек Күмісті тәтеңе жіберуді үмытпа.
- Қазір-ақ ат ерттеп беремін.
Көбеннің қалың терісін бетке алып, астындағы биесін 
сипай қамшылап бара жатқан шалдың сыртынан көзден таса- 
ланғанша қарап қалды.
3
Соңғы екі-үш күнде басының қан тасуы бәсеңдеп, кіріп- 
шығуға жарап қалған Алма кемпір осы үйде басқа сенер 
ешкім жоқ болған соң, үй ішінің таусылып бітпес шаруасына 
кіріскен. Кенже қызы облыс орталығына кеткен күннен бері 
ыбырсыңқырап қалған ыдыс-аяқты жуып, эр затты тиісті 
орнына қойды. Белін мықтап таңып алып, ас бөлмесінің 
еденін шайып шықты. Біраздан бері жиналып, шоландағы 
мескейде молдіреп тұрған сүттің бетіндегі кілегейін қалқып 
алып пісіруге отқа қойды. Кішкентай ағаш шелекке жинаған 
қаймақты толқыта пісіріп, май алуға кіріскен. Қабырғада ілулі 
тұрған төртбұрыш радиодан жеңіс күніне орай саңқылдап хабар 
беріп жатыр. Үстіне көпшік төселген орындыққа жайғасып, 
сыңар колдай іркіт піскен Алма шалының ертелетіп аттанып 
кету себебін біле алмай, жүрегін әлдеқандай уайым қабыздап, 
көзінің жасын жаулығының ұшымен сүртті. Аптасына бір рет 
телефонмен хабарын білдіріп тұратын жалғыз ұлы да, міне, 
бесінші күн жым-жырт. Кеше көңіл сұрап келіп кеткен үлкен 
қызын елеңдеп күтеді. «Қайтсін, оның да бала-шағасы, мал- 
жаны бар» деп өз-өзін жұбатты. Сырттан көршісі Құмырайдың 
саңқ етіп, әйеліне эмір бергені естілді.
229


«Көзімнің қарашығындай жалғыз ұлымның от жаккан жерін 
көре алмай өлемін-ау» деген көкейдегі арманы жыл артынан 
жыл келіп, қартайған сайын сай-сүйегін сырқыратады. Жер 
аяғы алыс, поезд жүрмейді бүл жаққа, ал самолетпен үшып 
баруға денсаулығы жарамайды, амалдың жоқтығынан ғана 
шыдап жүретін. Ұлының да әке-шешесінің алдында жазығы 
жоқ еді. Қызметі солай. Өзі оқыды, өзі жетті, бүларға да, 
ағайын-туғанына да арқа сүйеп, бір сом ақша сүрап көрген жок. 
«Қүдайдың бергеніне шүкір, әлдекімдердің балалары қүсап, 
тапкан-таянғанын, тіпті әкесінің пенсиясына жармасып, аракка 
салынып, ақымақ болып кетсе де шыдар едік қой», - деп тэуба 
жасайтын. Жылына үш-төрт рет келіп қайтатын үлына дэн 
риза. Елді аузына қаратқан атақты болмаса да, өз кәсібі өзінде, 
ата-ана алдында қарызы жоқ, қолынан келгенін аяп қалған күні 
бар ма. Соңғы келгенінде Алманы қүшақтап отырып: «Тәте, 
барған сайын картайып барасыңдар. Елге қайтып жандарыңда 
болам-ау деймін. Келінің де қарсы емес», - деп еді.
«Төрімізден көріміз жақын қалғанда қасымызда болғаның 
жақсы, әрине. Бірақ, балам, ел-жүрт не дейді. Ақанның үлын 
жүмыстан шыгарып, Алматыда соңынан ит салып, қуып 
жіберіпті деп, етегін ашып күлсе қайтеміз. Әзірше шыдай 
түрайық».
Енді міне, іркіт шелекті піскілеп отырған ана тағы да 
үлын сағынып, сол ақылды бекер айтқанына өкініп, көзінің 
жасын көлдетеді-ай. «Апа, тәуірсіз бе?» - деп күніне бір рет 
кіріп, шығатын көрші келіншек де төбе көрсетпеді. Тегі, ауыл 
түгелдей жеңіс тойы қамында жүрген секілді. Жалғыздыққа 
бір адам тозімді болса - осы Алма кемпір еді. Себебін кім 
білсін, дәл бүгінгідей елеңдеп, адамдарды іздегі көрген емес. 
Ойдан тозған, эбден қажыған санасында элсіз елес бар. Ол 
елес - бүған дейінгі ғүмыр жасында бастан кешкен үлкенді- 
кішілі оқиғалар елесі, бүған дейін тағдыр арбасына тиеген 
қуанышы мен қайғысы. Жақсылық пен Жамандықтың мэңгілік 
шайқасынан туған жаңғырық; жоқшылықтан тоқшылыққа 
дейінгі ауыр да азапты сапары. Қызық: көрмегенді көріп, көн 
тулақты киіп жүріп, алға, анадай түстан бүлаңдап кол бүлғаған 
бакытқа окпең ошіп, өзегің талғанша үмтыласың; енді жеттім- 
ау, қызығын көрейін деген шағыңда не жан тапсырасың, не 
болмаса қартайып алжып қаласың. Неге? Қазір бүл шаңырақта 
барлығы бар: есік алдындағы гаражда кызыл машина түр
230


каңтарылып, қолы тигенде ғана Кенже қызы жүргізеді; төрт- 
бес бөлмелі үй болса мынау, жүгіріп ойнап шыр еткенге зар 
болып каңыраған; мал болса анау, иіріп қайырып игілігін көрер 
кісі таба алмай кора толып түрғаны; ақша дегенің кағаз болып 
қалды. Ал баяғыда ше? Шалы қатты ауырғанда Өскеменге 
барар қаражат таппай жалғыз сиырын сатып еді. Ортаншы 
кызы почтада жүріп мойнына отыз сом ақша мінгізгенде, бүкіл 
ауылды аралап, бір сомдап жиып, әрең қүтылмады ма... Дүние- 
боктың осыншалык жүйке тоздырар алдамшылығын базары 
тарқаған жасында ғана біліп отыр. Ендігі тілеу - өрістеп кеткен 
бала-шағасының, шау тартып қалған шалының амандығы. 
«А, Қүдай, солардың алдында ал, жалғыз үлымнан топырақ 
бүйырта көр» дегеннен басқа арманы арнасы кеуіп, сарқылып 
біткен.
Кілегей суып қалған ба, көпіршіген көбікке айналып көпке 
дейін май түсе қоймады. Орнынан піспекті таяна түрып, 
төргі бөлмедегі ілулі түрған үлының суретіне барды. Шаңын 
сүртіп, бетінен сүйді. Күн сайынғы бес уақ намаз секілді қаза 
жібермейтін әдеті еді бүл.
Осы кезде сыңсып есік ашылғандай болды. Іле-шала:
- Амансыз ба, апа? - деген әдемі де майда дауыс естілді.
- Шүкір, танымай қалдым гой.
- Ой, апа-ай, қартаяйын дегенсіз бе? Мен - Күміспін ғой,
- деп қүшақтай алды.
- Ой, айналайын-ай! - маңдайынан сүйді. - Көз қүрғыр 
көрмей барады.Тойға келдің бе, Орынбай сау ма? Су 
мүрындарың мектепте шығар.
- Жалғызсыратпайын деп сізге келдім... Ақан атамыз біздің 
үйде, Орынбай екеуі бастаңғы жасап жатыр.
- Қүлқын сәріден үйінен безініп, ол шалға не көрінді?
- Оларды қайтпексіз, апа, онан да біз де бастаңғы жасалық,
- деп қол дорбасынан қойдың асықты жілігін, белдеме 
кабырғасы мен жамбасын шығара бастады. - Ағама арнап мал 
сойып едік. Басын соларға қалдырып, жамбасын сізге алып 
келдім. Сыбаға.
- Ракмет, жаным. Шай коя ғой.
- Газға ма?
- Гэзі қүрысын, самаурынға. Жып-жылымшы қылып, 
шәйнектің шайын ішіп отырамыз ба. Келгенің қандай жақсы 
болды, Күмісжан. Не істерімді білмей, қүсадан жарылып кете
231


жаздап отыр едім. Әлгі Ақан да жөнін айтпай аттана жөнеліп, 
өзі де бір қыңыр, қырсық шал. Менен басқа қандай әйел қырық 
жылдан аса жолдас болар еді. Баладан ары бақтым ғой. Өзі де 
кірпияз, бірбеткей, кісіні көп жақтыра бермейтін кінәз неме.
Әңгімелейтін, шер тарқатып сергітетін адам таппай 
жалғызсыраған Алма кемпір күлімсірей жайраңдап ойда- 
жоқта Күміс кіріп келгенде, өз келінін көргендей қатты қуанып 
еді. Қимылы да ширап, дабырлай сөйлеп мэз болды да қалды. 
Таңертеңнен эуре болған іркіт шелекті Күміс дүрсілдете 
толғап ары-бері пісіп еді, домаланған сап-сары майға айналды. 
Алма шешей дастарқан жайып, Алматыдан баласы жіберген 
үнді шайын, тэтті дәмділерінің аузын шешті. Екеуі қатарласа 
отырып, буы бүрқыраған самаурынды орталарына алғанда 
ақшам жамырап, өрістен мал қайта бастаған. Сиырды Күміс 
сауып келді. Тырылдап мотор от алып, ауылдың шамы жанған. 
Бүгін жүлдыздықтар әсіресе көңілді, абыр-сабыр. Клуб маңайы 
ығы-жығы ел, барын тағынған азаматтар. Ауданнан келер өкілді 
күтіп, дайындығымыздан мін тауып қала ма деп қауіптенген 
атқамінерлер тықыршып жүр. Бірін-бірі қуалап, мылтық 
атысып ойнап жүгірген балалардың қуанышында шек жоқ. 
Сынықсып басып, сыңғырлап күліп қыздар, шайқақтай аяңдап 
қоразданған жіғіттер жиналды. Ақсаңдай басқан Қүмырай да 
үйінен шығып, клубка қарай кұлдаған.
Алма мен Күміс, Ақан мен Орынбай жеңістің отыз 
жылдығын өздерінше тойлады.
- Е, Күміс-ай, біз не көрмедік, - деді күрсініп. - Осы жеңіс 
деген сөзді есту үшін желкеміз үзілгенше жүмыс істедік емес 
пе. Мүрнымыздан қан ағып, зорыққанша таңды-таңға үрып 
қимылдадық. Бэрінен де маған қиын болған...
- Айтыңызшы, тәте, - деп өтінді Күміс, - біз көп нәрсенің 
анық-танығына қанық емеспіз. Сізге осы пенсия неге бермеді?
- Алмадым ғой. ¥лы м мен шалымның арқасында, күдайға 
шүкір, жетеді дүние. Отыз сом үшін арыз жазып, шал- 
кемпірлерді куэландырып, жүрем бе, тэйірі. Еңбегіміз сатулы 
емес. Халық үшін деді, Отан үшін деді, қашан қара жер қойнына 
алғанша қарекеттендік. Иә, оның барлығы да көрген түс, аққан 
судай. Адамды қартайтатын уақыт емес, уақиға ғой. Алғаш 
Ақанды әскерге шақырғанда, жалғыз үлыма екіқабатпын, екі- 
үш айлығында іште қалды...
232


* * *
Қойды коралап, төлдерді қамап келіп, етті алдарына алған- 
да, әбден қас қарайып, керосин шамды жаққан. Шағын бөлме- 
ні ала көлеңке жарығымен жұкалаң сэулелендірғен шамның 
шаңырағы каншалыкты тазарта жуылғанымен кырындай 
жанған білте бір бүйірін әп-сәтте карайтып тастады.
Орынбай ет желініп болған соң қүрт қосқан ақ сорпа әкелді. 
Тамак ішіп отырса да сыңарезулеп сорып, аузынан тастамайтын 
темекісін шамның мүржасына түтатып алды да, кұшырлана 
сорды. Шал малдас кұрып төрде отырған, енді әбден нықсырап 
тойғанын білдіргендей, дастарқаннан кейін ысырыла бір 
жамбастап жатып, насыбайын атты. Тыныштық - екі еркектің 
үлкен эңгіме алдындағы момақан тыныштығы.
- Ал, аға, қымыз ішіп тоғымызды басайық, - деді Орын- 
бай.
- Әуелі қолымды жуып, далаға шығып келейін, - деп, бар- 
мағының басындағы шымшып ұстаған насыбайын кұшырла- 
на иіскеді де, аяғы ұйып калған ба, кирелеңдей орнынан 
көтерілді.
Көбен тауының салба-салба самырсындарының арасынан 
елік эупілдеді. Шошайып жеке дара қарауытқан шоқының 
ұшар басын қақ жарып ай шығып келеді екен. Осы қалпында 
кұздың зэулім басына күмістен қақтап табақ орнатып қойған- 
дай эдемі көрінеді. Маңайды қара барқын түстен арылтып, 
саумал сәулесін тогеді. Көл бетінде де тіршілік тоқтағандай, 
күндіз бейбіт жүзген сары ала қаз бен қоңыр үйректер түмсы- 
ғын қанатына тығып үйқыға кіріскен-ау. Қора жак та тыныш, 
мазаны алып, маңыраған малдың да жағы семген. Қыстан 
қалған шөпті күрт-күрт күйсеген жылқының дыбысы талып 
естіледі. Түнгі ауа таза эрі тау жақтан ептеп жел еседі. Әлі 
де еріп үлгермей қасарысып жатқан сүрі қардың ашулы демі 
секілді сезіледі. Осындай маужыраған айлы түнде шырқалар 
энді сағынасың. Бірақ қазір кім айтар ол энді?.. Айгқан адамды 
жындыға балар. Таңертеңгідей емес, көңілі коңірсіктен 
тазарған Акан еңсесін баскан ауыр жүктен арылғандай өзін- 
өзі азат сезінді. Ол жүкті арқасынан алып тастаған аузын ашса 
сыйлағыш дарқан мінезі еді. Мұндайлык таза да тэкаппар 
казақы мінез жыл өткен сайын азайып бара жатқанын Ақан 
сезетін. Сезгенімен, түңілген емес. Астындағы жалғыз атын 
түсіп берер мэрттік, аузындағысын жырып берер колы ашық-
233


тық осы елдің аш-арық кезінде элдеқайда мол болып көрінетін. 
Ал казір ше? Жыланға түк біткен сайын қалтырауық келеді- 
нің кебін киіп жүрген жокпыз ба?
- Аға, жаурап қаларсыз. Тау түні суық болады. Үйге кіріңіз,
- деген Орынбайдың даусы элгі бір ойын бөлген.
- Бүгінгі түн тіпті әдемі екен, Орынбай. Көбен тауының 
осыншалық сүлулығын бүрын неғып байқамағанмын.
Өзі бес жылдан бері сары жүрт қылып, қыстап келе жатқан 
жерді жаңа көргендей аңтарыла қарап, делдиіп түрған жіғіт:
- Ой, аллау, расында да, кинодағыдай керемет қой өзі, - деді 
таңданып. - Сізге еріп көз салып түрғаным осы, кол тимейді, 
аға.
- Анда-санда қарап жүр. Көңілің сергиді. Қысылтаяң шақ- 
тарда табиғатпен сырлассаң, жүдеген жүрегіңе серік болады. 
Шаршаған сәттеріңде бойыңдағы ауыр азаптан арылтып, 
майдакоңыр мүңға жетелейді. Ал мүң - өмірбаки менің жан 
жолдасым болып келеді.
Шарасы күміске енді ғана тола бастаған айға қарап, 
бозбаладан бетер емірене киялдап түрған Ақан шалдың қазіргі 
бітімі өмірден өкінішсіз өткен бейқам адамнан гөрі алысқанмен 
алысып, айтысканмен айтысқан, бірақ жоқтан өзгеге жасып, 
сағы сынбаған рухы мықтылықта аңғартқандай. Сәл еңкіш 
тарткан кеуде бүған дейін аспанды аңсап келғен адамның енді 
бір үміті жерде қалып, ертеңіне үңілғен пошымын танытады. 
Дегенмен жетпіске аяқ артқан аксақалдың қиял қанаты талып, 
сезімі сірнеленбегеніне кайран қаласың. Қасында екі қолын 
артына үстап, ай нүрына шомылып, мүнартып жатқан тауға 
кадала қараған Ақанға еліктеп, көз салған Орынбай өзін бүл 
кісіден элдеқайда картаң сезінді. «Жас болуды карттардан 
үйрену керек шығар» деп ой түйді.
- Ал енді үйге кірейік, - деп Ақан шүғыл бүрылып, есікке 
беттеді.
Ала барқын тарткан бөлменің іші беймезгіл айтылар 
эңгіме, эдібін ашып сырласар шыншыл сүхбатқа эдейі арнап 
жасалғандай. Жым-жырт, үядай жылы, көз қүртын жыбырлатар 
сүлулықтан ада, жүпыны да жарасымды. Дүниедегі асыл зат, 
жалтырауық байлықтың көл бетіндегі көбіктей де салмағы 
мен сапасы жоқ алданыш екенін дэлелдегендей - қарапайым 
тірліктің мэңгілігін айғактағандай, осылайша жалғыз үй, жалғыз 
төсек, жалғыз пешпен-ак мың жыл жасауға, адам деген атты
234


жоғалтпауға боларына Орынбайдың кыстағы куэғер іспетті. 
Нағыз кой үстіне бозторғай жұмырткалаған заман, бейбіт 
те берекелі, баяны ұзак омір деғеніміз осы емес пе. Баяғыда 
халыктың осы секілді жылкыдай жусаған тірлігін бүзған кім 
еді? Гитлер болатын, соғыс деген лаң болатын... Егер осы соғыс 
болмаса әлем бетіндегі үлкенді-кішілі мемлекеттер бүгінгідей 
бакайшағына дейін қаруланбас еді, иесін кырып дүниесін 
иемденіп калар бомбалар ойлап табылмас еді... Демек, казіргі 
қокан-лоқы қауіптің басы бүдан отыз жыл бұрын басталган.
-
1942 жылдың, яғни ескіше айтсак, жылкы жылының ақпан 
айында Жұлдыз ауылынан бір топ азамат майданға аттанатын 
болдық, - деп бастады әңгімесін Акан шал. Насыбайын атып, 
мүйіз шақшасын жан қалтасына қайта салды. Алдында мөлдіреп 
тұрған қымыздан бір ұрттап, кесені ысырыңкырап койды.
- Күн суық болатын. Күннің суыгы емес еді ғой бізді қинаған. 
Ер жігіттің басына нелер келіп, нелер кетпейді. «Еркек тоқты
- кұрмалдык» деп атамыз қазак баяғыда айтпады ма. Табиғат 
екеш табиғатта да еркектері азайып, ұрғашылары көбейіп 
жатпай ма. Бұл өзі өмірдің заңы іспетті, ұялмай айтсак, он бес 
биеге бір айгыр, бір қора қойга жалғыз-ақ қошқар ұстайды ғой... 
Артымызда аңырап калған ана, жылап-еңіреген эйеліміз бен элі 
кара табан болмаған шиеттей бала-шағаларымыз калып, сарт- 
сұрт аттана жөнелгенде, бэріміздің көкейімізде жалғыз-ақтілек, 
жалғыз-ақ арман, жалғыз ғана ой бар еді, ол ой - қара шаңырақ, 
каймана жұртымызды енді қайтып көре аламыз ба, жоқ па... 
Міне, осына көкейді тескен сауалды бес жыл бойы арқалап 
жүрдік. Иә, біз елден бір кісідей - солдат болып аттандық, 
бірақ бэріміз бірдей солдат болып орала алған жоқпыз. Міне, 
отыз жыл болды, менің қыр соңымнан итше тіміскілеп қалмай 
келе жатқан қасірет. Ұзаққа созылған ауруым дейсің бе, жоқ, 
қалқам, оқыс болса быламыққа да тіс сынады, ішкенің алдыңда, 
ішпегенің артыңда, құс төсекте жатып та сырқаттана бересің -
байкасам, жер казып, мал бағып, егін орып жүргендерден гөрі 
аксаусактар көп аурушаң...Біздер, еңбек армиясында болғандар 
жаумен мылтықсыз шайқастық, сондықтан да, әрине, өлім- 
жітім аз болды, сондықтан да қадірсіз болдық. Дене жарасынан 
жүрек жарасы әлдекайда ауыр дегенді ширек ғасырдан бері 
Құмырайға түсіндіре алмай-ақ келемін... Қайтейін, тағдырдың 
жазуы шығар.
235


...Ауылдан алғаш рет улап-шулап батыс қайдасың деп жүріп 
кеткенде бізді майданға апармай, кара жүмысқа салады деген ой 
үш үйықтасам түсіме кірген емес. Барлығымыз да тепсе темір 
үзердей азаматпыз. Алдымызда шақырылған жігіттер секілді 
екі-үш ай дайындықтан откізіп, содан соң қолымызға мылтық 
үстап уралап жауға шабамыз деген үмітіміз Өскеменге келгенде 
үзілді. Кім болған күнде де пендеміз ғой, алғашында қуандық 
та. «Қүдай сақтады-ау, бала-шағамыздың көз жасы жібермеді- 
ау», - деп тілеу гілеген жігіттер де болды. Несіне мақтанайын, 
ондай жымсыма қуаныш мені де меңдеген. Үлкен ағамыз 
Ақтайлақ пен кіші ініміз Бағдат менен бүрын шакырылған- 
ды. Соғысқа кірдік деген алғашқы хаты келіп те үлгерген. Бір 
шаңырақтан бір адамның аман қалар үміті жылтырағандай- 
тын. Рас, ол арман орындалды. Бірақ қалай?
Ауылдан менімен коса Қожақ, Қаймақ, Бура жэне Қүмырай
- бес жігіт бір күні, бір тізіммен аттанғанбыз.
Сөйтіп, Свердлов облысын бетке алып поезға міндік. Ол 
кезде, немене, поезд өте шабан, жүруінен түруы көп, он күн 
дегенде діттеген жерімізге әрең жеттік-ау. Қара жүмыс, адамды 
адам атып жатқан соғыс емес қой, жігіттер ал дегенде-ақ 
қолдарына түкіріп, үлкен жігермен кірісіп-ақ кеткен. Ал менен, 
неге екенін білмеймін, бір усоқыдай уайым кетпей-ақ қойғаны. 
Майданға бармадым, кеудемді окка төсеп Отанды қорғамадым 
деген, жалынды тілек дейсің бе, жо-жоқ, жарқыным, олай 
десем өтірік айтканым, ал мен өлсем де отірік айта алмаймын. 
Жалғыз күн болса да жан сақтай түрғысы келмейтін адам 
жердің астында да,жердің үстінде де жоқ-ау... Болған күннің 
өзінде де ол не жарымес, не ауру... Қазір ойлаймын: егер мен 
соғыста, жауып түрған октың астында жатсам да, қалайда тірі 
қалудың амалын іздер едім. Өйткені, жеңу дегеніміз - өзің өлу 
емес, озгені өлтіру ғой.
Ал дегенде атойлап-ак кіріскен жігіттер күн откен сайын 
қалжырай бастады. Жүмысты кезек бойынша он-он екі 
сағаттан істейміз. Менің еншіме таңғы сегізден шығу тиді. 
Қазатынымыз «Огнеупорный глина» деп аталатын ақ топырақ. 
Жарықтық елеген үн секілді майда, шайнасаң тісіңе тас 
тимейді. Экскаватор қазған тоң карьерге қарай вагон жүретін 
темір жолды жылжытып отырамыз. Алғашында қырдан келген 
қазақ жігіттері бүл жүмыстың қыр-сырын білмей көп әуреге
236


түсті. Бэлкім, бізді артык шаршатып жіберген де осы істің 
ығын білмегеніміз шығар.
Жүз шамалыжұмысшыбірбарактажатамыз. Барақ... Қазіргі 
жайлаудай жап-жасыл рақат заманда, әсіресе жеңіс күнінде, 
сол шақта көзбен көріп, бастан өткерген ауыртпалыкты айтсақ, 
мүмкін кисынсыз да болып көрінер.
Қуаныш үстінде кайғыны қаузау - әбестік те. Қиындықтан 
кашу бар да, сол киындыққа көндігу, төтеп беру бар. Бүл 
жерде жалаң төс батырлықтың, жалған айғайшылдық пен 
белсенділіктің түкке де қажеті жоқ. Тек қана кайыспас 
қайсарлық, неге болсын шыдап кетер көнтері итжандылық 
қана керек болар. Тек қана қайыспас осы компістіктің арқасы 
шығар-ау. Әрине, біздерден кереметтей ерлікті ол шақта ешкім 
талап еткен жок, ондайлар болған күннің өзінде арқасы- 
нан қағып аспандатаруақыт, не болмасаомырауынажылтыратып 
қадар белгі де жоқ еді. Соғыс кезінде қара жүмыста болғандар 
еңбегі элі де шын мэнінде бағаланбағанын жасырып керегі 
не. Олар туралы үлкен жиналыстарда айтылып, кітаптарда 
жазылған жоқ. Еңбек әскері қатарында болғандар - белгісіз 
ерліктің иелері. Бірақ олар ешқашан да өздерін қан тогіспен 
келген ҰлыЖеңістентысқарымыз деп есептеген емес. Айталық, 
қақаған аяз, қалың қардың астында жатқан топырақты қазып, 
күндіз-түні жөнелтпесек, ол отқа төзғіш топырақтан металл 
қорытатын алып қазандар жасалмаса, демек, жауға атылар қару- 
жарақ уағында жеткізілмесе, бақайшағына дейін қаруланған 
басқыншымен жүдырықтасар ма едік... Сондықтан да Белка 
рудниғінде жілікті де сіңірлі сандаған азаматтар жанталаса 
жүмыс істеді, эр күрек топыракты жаудың қанағатсыз көзіне 
шашты.
Бірақ... қызық, біз үшін Гитлермен соғысқаннан гөрі 
кандаламен арадағы айқас анағүрлым ауырлау болғандай еді. 
Ағаштан қиып жасаған ат шаптырым сарайда қатар-қатар 
ағаш нар бар. Үстімізде жамылар көрпеміздің, төсеніш пен 
жастығымыздың ішіне сабан тығылған. Жаздың күні болса 
бірсәрі, қыста суық тартады екен. Түні бойы тісіміз-тісімізге 
тимей сақылдап үйықтай алмаймыз, тек жүмысқа шыққанда 
ғана қимылдаған соң бойымыз жылынады. Бірақ әрі-беріден 
соң көзімізге үйқы тығылып, қалғып-шүлғып жүрер едік. 
Ауылдан келген бес жігіт алгашында жүбымыз жазылмай бірге 
ұйыктадық, бірге тамақтандық. Кісі сырт жерде жүргенде ғана
237


бір-бірінің кадірін біледі ғой, бұрын ауылдас болсақ, Оралда 
туыс боп табыстық. Келгенімізге жарты жылдан асып кетсе де, 
ел-жұрттан хабар алмадық. Ішімізден іріктеп соғысқа жіберіп 
те жатты. Ондай жұлдызы туғандардың бақытына қызыға да 
қызғана қарап, шығарып саламыз...
4
Алғаш Ақанды әскерге шақырганда, жалғыз ұлыма 
екіқабатпын, екі-үш айлыгында іште қалды, - деп әңгімесін 
жалғастырды Алма кемпір. - Тамам әйелдер жылап-сықтап 
күйеулерін Күркіремеге дейін шығарып салды. Ауылдан екі 
шақырымдай жердегі Күркіреме бұлағы азаматтарды майданға 
аттандырар табалдырық секілді, алгаш соғыс басталғаннан бері 
сол жерге қаншама рет көз жасымызды көл етіп барып қайттық 
десеңші. Жалғыз-жарым емес, ерлері алынған немесе алады-ау 
деген тамам қатын құндыздай шұбап, тобымыз жазылмастан 
ере барар едік. Ол кезде, немене, жиырма бес шақырым жердегі 
аудан орталығы Катонға қатынар көлік жоқ, жолаушы шыққан 
адам дорбасын арқалап жаяу тартатын. Сақылдаған сары 
аязда арыстай бес еркек - бес бәйтерегімізді көзімізше өлімге 
шығарып салып, күр сүлдеріміз ғана үйге оралдық. Басқаны 
білмеймін, ауылға денемді ғана алып қайтқаным болмаса, 
жүрегімді Ақан алып кетіп еді... Ер-азаматтың қадірі мен 
үшін әсіресе артық, көзімнің қарашығындай қымбат, жаным 
мен бойымдағы барымды садақалар ардағым еді... Отызға 
жаңа толған кезімде бір емес, үш рет тұрмысқа шығыппын, 
еріккеннен, жеңіл жүрісті болып желіккеннен бе екен... 
Тағдырдың иті оңдырмай қапса қайтейін... Ол сырымды шешең 
болмаса, сен білмейтін шығарсың, калкам. Он бес жаска жаңа 
толған уыздай жас шағымда, он екіде бір гүлім ашылмаған 
бота тірсек, бүла шағымда үлкен ағамыз Сәрсенді үйлендіретін 
калыңмал таба алмай, байдың бір ынжық үлына ұзатып жіберді. 
Жылай-жылай кете бардым. Менің қалыңыма алган малды 
айдап беріп ағайыма келіншек эперді. Үш жылдай тұрған соң 
екі кұрсак көтердім. Көп ұзамай күйеуім қайтыс болды. Өзі де 
дімкәс, жарымжан адам еді. Екі баламды алып төркініме қайтып 
оралдым. Үлкенін бала көтермеген әпкеме - Дүрияға бердім, 
ал кішісі апамның бауырында өсті. Колхоздастыру басталганда 
осы Ақанның туған ағасы Ахмет сөз салған. Өзі де тепсе темір 
үзетіндей, иықты эрі келбетті жігіт еді марқұм. Өзіме ме, жок,
238


болмаса көзіме кызыкты ма, екі баламен калған жесір демей, 
кэдімгідей кәдесін жасап када түсті (Жас кезімде жеңгелерім 
«жаксыкөз» деп атаушы еді). Тағы да үзатылдым. Бір жылдай 
отастык. Шэй деспей тату-тэтті ғүмыр кештік. Қүдайдың ісіне 
карсы келген кім бар, аяк астынан ол да сыркаттанды. Тосек 
тартып, саржамбас болып көп жатты. Бүлардың арғы аталары 
батыр болган ғой, тек қана тік сөйлеп, тік жүруге жаратылған. 
Иненің жасуындай қһрлыққа шыдамайтын, басынан сөз 
асырмайтан откір де өркөкіректеу. Әсіресе, ашуланғандары 
жаман, каһарланса не қан кылуға, не кан болуға барар... (Ол 
мінез Аканда да, жалғыз үлда да бар). Төр алдында үзынынан 
түсіп сал болып түра алмай жатқан Ахмет бір күні мені касына 
шакырып алды да, еркелетіп шашымнан сипады. «Жүдеп 
кетіпсіңғой»,-деп жүзіме үңілді. Ондай әйелжанды мінезі жоқ, 
катал да суык жігіт еді, бүл оқыс қылығына таң калдым. Сонда 
ғана байқадым, оты сонуге айналған жанарында жас бар екен. 
Алты алашты аузына каратқан арыстай азаматтың қатындарша 
босауы менің де сай-сүйегімді сырқыратты. Бас салып 
күшақтап, басымды бауырына тығып ботадай боздап жылап 
жібердім. Ол алақанымен көз жасымды сүртті де: «Ертең-ак 
түрып кетемін, - деді күліп. - Неге екенін білмеймін, таңдайым 
таңдайыма жабысып шөлдеп барам, сусын әкелші». - Ойымда 
ештеңе жоқ, су араластырған сүйық айранды алып қайтып 
оралсам... қайтып оралсам... жез мойын, мүйіз сап пышақ 
қадалган Ахметтің кеудесінен қып-қызыл қан, қып-кызыл қан 
аспанға шапшып жатыр... Талып қалсам керек, Ахметті жуып- 
шайып оң жаққа салғанда ғана есімді жидым. Міне, осылайша 
екінші күйеуімді де қара жердің қойнына беріп, екінші рет қара 
жамылып, қан жүтып жесір қалдым. Содан бері мал бауыздаса 
жанына жоламай, ішек-қарнын аршуға бірақ келемін. Содан бері 
кызарған сүйық зат көрсем, көзім қарауытып, басым айналады. 
Содан бері ешқашан да қан көрген жоқ деп ойлайсың-ау, 
айналайын, көрдім, көп көрдім. Қүдай алмаған соң жер басып, 
ырзығыңды жеп жүреді екенсің... Ахмет кайтыс болған соң 
ата-енемнің рұқсатынсыз төркініме кетіп қала алмадым. Тіпті, 
не бетіммен қайтып барамын, тіпті, барған күннің өзінде де 
қанды көйлек деп үйге кіргізе ме. Сыртқа шыға қалсам ауыл 
адамдары әзірейіл көргендей, шошына қарап, теріс айналатын 
болды. Су алуға өзенге барғанда Бүқтырмаға ағып өлейін деп,
239


сан рет оқталдым да, шыбын жанымды қия алмадым. Мүмкін, 
бала-шағамның бақыты жібермеген шығар.
Ақан ағасы өлгенде жиырмаға жаңа толған жас жігіт еді. 
Көп сөйлемейтін, ағасындай емес, түйықтау эрі талдырмаш, 
жуас болатын. Колхоздың жүмысына ерте кетеді, кеш келеді. 
Жүзімізге дүрыстап қараған да емеспіз. Бір күні ата-енем мені 
шақырып алды да: «Келінжан, Ахметтің өлімі үшін жолы ауыр, 
аяғы қүтсыз деп сені кінэлап қайтеміз/Жазмыш солай шығар, 
өлген азамат тіріліп келмейді. Бүкіл бала-шағамызбен сені шын 
жақсы көреміз. Қимаймыз. Бүл үйдің босағасына сендей келін 
түссе, одан артық қуаныштың керегі жоқ. Ахмет қайтқанмен, 
шүкіршілік, қүр алақан емеспіз, інілері бар, әмеңгері табылады. 
Қарсы болмасаң Ақан екеуіңе неке суын ішкізуді қош көріп 
отырмыз. Онымен ақылдастық, жөн-жосықты білетін бала ғой, 
«жеңгемді қаңғырта алмаймын» деді жарығым.
Мен не дерімді білмедім, тіпті, өзіме өзім сенбедім де, 
бар қолымнан келгені - жыладым... Тәңірім-ау, үшінші рет... 
Санын қойшы, күні ертең Ақан оқыс болып кетсе, қара жер қақ 
айырылып, түсіп кеткенім оңай емес пе. «Ол - жас қой» дедім 
дірілдеген сенімсіз үнмен. «Бес жас қана кішілігі бар, бес жас
- бел күрдас деген».
Мен тек қана ата-енемнің көңілін қимай түрмысқа шықтым 
осы шалға... Кейін жарасып кеттік. Дүниеге үш қыз келді. 
Төртінші балаға жүкті кезімде соғыс деген сүмдық шықты 
ғой...
Ер азаматтың бағасын мендей білер ешкім жоқ дегенім 
содан да. Бардың қадірін сезіну үшін жоғалту керек екен, 
тоқтықтың қадірін білу үшін ашығу керек екен. Біз бэрін де 
көрдік.
Бүрын Бұктырманың жағасындағы екі бөлмелі төбесі 
шатырланбаған тоқал ағаш үйде түрушы едік. Оның өзі 
Ережеп байдың Мағауия деген баласының қыстағы. Кэмпіске 
кезінде Ахмет арзан бағаға сатып алса керек. Үйелменіміз 
үлкен: ата-енем, қайныларым:Ботай, Қатай, Жеңісхан, қайын 
сіңлілерім: Сандуғаш, Қарлығаш, Әсия; өз қыздарым: Шолпан, 
Айман, Лэззат бар жэне біреуі ішімде. Әжетке жарағандары
- төргеуі ғана, қалгандары элі жас, құстың балапаны секілді 
кешке шаршап-шалдығып жұмыстан келсең аузын ашып, 
тамақ дэметіп отырады. Бар ауыртпалық маған түсті, колхоз 
басқармасы қайда жұмсаса - сонда, екі етекті түріп салып
240


шапқылаймын да жүремін. Ол кезде, бэлкім, заманның талабы 
солай болды ма, жоқ жергілікті басшылар жесір әйел, жетім 
балаларды тым басынып, эпербақандық жасап жіберді ме - ол 
жағын ашып айта алмаймын. Әйтеуір, аяушылық, жағдайға 
қарау дегенді білмейтін. Таң бозынан есік алдында ат ойнатып 
айғайлап оятады, қас қарайып жүлдыз туғанша жүмысқа 
салады. Кейде ай жарығымен де жер жыртып, арық қазып, 
жазда шөп маялап жүрдік. Сондықтан да жеңген шығармыз... 
Мүмкін, солардың арқасы шығар жеті басты жауды айдап ініне 
тыққанымыз...
Жарықтық көктем де туды-ау. Маған, жылдағыдай емес, қар 
ерте еріп, жер тез қарайғандай болып сезілген. Тоң жібіпдопырақ 
бусанғаннан-ак, жер жыртып, дэн себуге шықтық. Он-он екі 
жасар балалар - ат айдаушы. Соқаға екі ат, кұлынды бие, кейде 
өгіз, қысыр қалған сиырларды жегетінбіз. Алғашында мен соқа 
үстадым, содан соң тісті тырмаға ауыстырды. Тырманы жалғыз 
ат тартады, мен жетелеп жаяу жүріп отырамын. Бүл соқа 
үстағаннан гөрі жеңілірек тиді. Байғүс Ғайша жаны ашыды 
ма, басқармаға барып, менің жүкті екенімді айтып, өзінің 
аспазшылық орнын маған берді. Тасқайнат ылғи саңқылдап 
сөйлеп, жарқылдап күліп жүретін көңілді әйел еді, соғыстан 
соң жіңішке аурудан кайтыс болды.
Аузымыздағыны жырып майданға жібереміз де, өзіміз 
шиқылдап аш жүретін едік. Оразамызда ашпай жер жыртып, 
өзегіміз талған соң аңыздағы былтырдан қалған масақты теріп, 
қуырып жейміз. Ал колхоз сотық орындағандарға бір аяқ көжені 
артық беруші еді. Жалғыз қарағайдаң бүгінде ақтаңлақ болып, 
сортаңы шығып жатқан даласын каражондап, таспадай тіліп 
тастаған әйелдер қарға адым жердегі үйіне бара алмай, қос 
басындатүнейтін. Үйлерінен ала келген қомшасын төсей салып, 
элі сызы дегдімеген топырақтың үстіне қүс төсекке аунағандай 
жата-жата кетер едік. Қар көк аспан, сол қаракөк аспандағы 
сансыз жүлдыздарға телміріп, эрқайсымыз өз жарымызды 
емірене еске алушы едік; содан соң Ғайша шалқар үнімен, 
мұқым даланы, іргеде ғана үн-түнсіз қалғып түрған тауды 
жаңғырықтыра эн бастайтын; ол энді қатар-қатар жерде жатқан 
эйелдер іліп әкетіп, қосыла шырқағанда зіл болып басқан ауыр 
шаршаудан, еңсені езген зұлмат қайғыдан арылып, бақыттың 
бір сәттік тәттісін таусар едік; көңіліміздің көк дөненін ерттеп 
мініп, өзіміз де білмейтін жұмаққа аттанар едік; мұрынға жаңа
241


жыртылған жердің дымкылы келіп, сағыныштың - ер-азаматқа 
деген аңсаудың астарында бойымыз балқып, себепсіз масаяр 
едік... Осы кезде қара жерді дүрсілдетіп ауыл жақтан ақ боз ат 
ағып келе жатар еді. Ақ боз аттың үстіндегі колхоз бастығы 
Нартай екені бэрімізге мэлім. Түн жамылып келіп, үйіне қашып 
кеткен әйелдер жоқ па дегендей, түгендеп қайтар әдеті бар. 
Ауыздығын қарш-қарш шайнаған атын ойнақшытып, айғай 
салды: - Жолдас қатындар, қазір мен аттарыңды атаймын, 
«менмін» деп дауыстап орындарыңнан атып түрыңдар.
Сұлап-сұлап жатқан әйелдердің ешқайсысы үндеген жоқ. 
Ғайша жарықтық батыл еді ғой, оның сөзін естімеген кісімсіп, 
тағы да бір энді әуелете шырқап қоя бергені.
Ау, Гүлайым, Гүлайым,
Ойламашы уайым,
Майдандағы ағайдың
Денсаулығын сүраймын.
Біз қосыла жөнелдік. Нартай бастық не істерін білмеді. 
Бар қолынан келгені ақ боз атымен тапап кетердей омыраулата 
тебінді. Есті жануар есерсоқ иесінің бұл қылығына көне қоя ма, 
эн айтқан тірі кісілерден тайсақтап қайта-қайта ала қашады.
- Ән айтасың, э! - деп кекетті Ғайшаны.
- Ән айтамыз.
- Шаршамаған екенсің, э?
- Шаршаған жоқпыз.
- Мен сені шаршатармын, қара қаншық. (¥ят болса да 
айтайын. Ол кісі былапыт сөзді көп араластырмай сөйлей 
алмаушы еді ғой). Ертең кеңсеге кел, - деп, атын сауырлап 
ауылга қарай құйын-перен шапқылай жөнелді.
- Қолыңнан келгенін аяма. Көп болса борананы жаяу 
сүйретерсің, пішту, - деп, артынан топырақ шашып долданады 
Ғайша. Біз мэз боп күлеміз. Күлкіміздің ертең көмір боларын 
да білеміз, бірак көзімізден жас аққанша күлеміз. Бұл тіпті де 
күлкіден туған жас емес-ті, басқа... Қайғыдан бастау алып, 
күлкіге айналған жас еді... Түннің бір уағында тоңазыдым ба, 
болмаса құлағымды жаңа жандана бастаған құрт-қүмырсқа 
жыбырлатты ма - оянып кеттім. Талығып барып ұйқыға бой 
алдырған әйелдер біреуі қорылдап, біреуі пысылдап бүрісіп- 
бүрісіп жатыр. Ішін тартып, өксіп барып екінші жамбасына 
аунап түскен Ғайша, ашылыңқырап қалып еді, іргесін қымтап 
қайта жауып қойдым. Қолым денесіне тиіп кетті ме, «Алла,
242


алла, бұ кім», - деп басын қақшаң еткізіп жұлып алды. «Мен 
Алмамын ғой», «Түу зәрем ұшып... Нартай екен деп...» Басын 
бүркеп қайтадан жатып қалды. Содан соң үйқым келсейші, 
көзіме ине тіреп койғандай кірпігім-кірпігіме айқаспады. 
Ойыма қай-қайдағы түседі... Сон-а-ау қаракөк аспанда көз 
қысысып, жердегі біздерге елжірей қарап тұрған жұлдыздарды 
теріп алардай телміремін. Кейбіреулері зу етіп ағып түседі. 
Әр аккан жұлдыз - өлген адам деуші еді, ескі көз кариялар... 
«Құдай сактасын, - деп күрсіндім, - бетін ары қылсын». 
Ақан әскерге аттанар түнді есіме аламын. Онда да таң бозына 
дейін кірпік ілмеп едік қой... Темір пешке маздатып от жағып 
қойып, күбір-күбір сыбырласқанбыз. Арамызда ел айта беретін 
сүйіспеншілік, ғашыктық деғен ыстық ынтызарлық болмай, 
тағдырдың жазуымен, ата-ананың үйғаруымен оқыстан 
қосыла салсақ та, күн өткен сайын өзіміз де сезіп, байқамай 
қалған жұқалаң сезім, жұмбақтай жіп мэңғі айырылмастай ғып 
матап, байлай бастаған. Ол мені есік көрген ересек әйел деп 
қорламады, тіпті үш қызды дүниеге экелген эке болған соң, 
қалай басынамын десе де көнер едім, өйткені менің бүл үйден 
басқа барар жер, басар тауым жоқ еді... Қашан шашымнан 
сүйреп, шығарып тастағанша қолындағы құлы, есігіндегі күңі 
боп өтуге бекінгенмін. Бірақ Ақаннан ондай тэйтік мінез, суық 
жүріс сезілген емес. Кейде қатындар, қалжың-шыны аралас: 
«Алма, сенің сиқырың бар ғой деймін. Күйеу-қайның дуалап 
тастағандай сенен шырғалап шықпайды. Уыздай жас келіншегі 
бар еркектер бүйірімізден түрткілеп тыныш жүрмейді. Ал ол 
болса бетімізге тура қарап, көз қысқан емес», - деуші еді.
Қүдайдың қарғысына қашанғы үшырай берем, мейірімі 
маған да түскен шығар.
Ақанда жалғыз-ақ арман бар еді. Алайда ол арманын да 
күйеуімсініп күйгелектеніп немесе аһ үрып күйзеліп айтпай, 
соғысқа шақырылған түні гана шашымнан сипап жатып, 
еркелетіп назбен білдірді ғой.
- Алма, - деді ақырын ғана сыбырлап. - Мен болсам 
қанды жорыкқа аттанамын. Оралармын, оралмаспын - екеуі де 
суішкілікке байланысты екіталай дүние.
- Ораласың, Ақаным, сөз жоқ, ораласың, - деп жылап, 
мойнынан қапсыра қүшақтай алдым. - Сені де жогалтуым 
мүмкін емес. Менде не калады сонда?
243


- Ақырын, балаларды оятасың, - деді алақанымен жасқа 
толы жанарымды сүртіп. - Жүдеп кетіпсің ғой... «Қүдай-ау,
- деймін ішімнен, - Қүдай-ау, Ақмет ағасынан айнысайшы, ол 
да шашымнан сипап, осы сөзді айтып еді ғой, ол да... өлерінде 
осы сөзді...» Өксіғімді баса алмай зар еңіредім.
- Қой, жылама, жаман ырым бастап... ендіғі үміт, ертеңғі 
ғүмырым сенің күрсағыңда. Өмірге қүлын келсін, ат үстар 
үлым келсін... Өзгесінің барлығы озекті жанға түк емес. 
Күндей күркіреген соғыстың шегі болмас дермісің. Келермін, 
келмеспін кіндігімді жалғап, түтінімді өшірмесең - бүдан 
артық бақыттың керегі жоқ.
...Ақанымның маған қалдырған аманаты жым-жырт, ішімде 
жатыр. Ақырын ғана сипап қоямын. Дөңбекшіп жамбасым 
талған соң, түрып кеттім. Ай элі туа қоймаған өліара кез 
еді, неде болса түн жамылып, үйге барып қайтуды ойладым. 
Жалғызқарағайдың сайлауына түсіп, тоғай арасындағы жалғыз 
аяқ соқпақпен ауылға төтелей тарттым.
Ол кезде есіктің сыртынан, не ішінен бекіту жоқ еді ғой. 
Үйдің ішіндегі адамдардан басқа іліп алар заты болмаса 
ілгек салып қайтеді. Қараңғыда сипаланып, оттық іздеп 
жүріп, шелекке аяғым тиіп кетті. «Алмамысың», - деді енем. 
«Менмін». «Шүйінші, Аканнан хат келді». «Айналайын, апам- 
ау, рас па». «Рас, Алмажан, рас».
Аттанғалы келген алғашқы хаты... Майшамның өлеусіреген 
жарығында үшбүрыштанған хатты қолым дірілдеп, асығыс 
аштым да, дауыстап оқи бастадым. Атам, қайындарым мен 
қыздарым қыбырлап оянып, үрпиіп-үрпиіп тыңдап отыр.
Ақанның хаты: «Аса қүрметті үй-ішім, бала-шагам! Ал- 
тайдың асуындай Бүқтырманың тасуындай, күннің кызуын- 
дай, жүректің жылуындай сағынышты сәлемімді жолдаймын. 
Мен аман-саумын. Майданға жібермеді, Орал деген таудағы 
кенде жүмыс істеп жүрміз. Жагдайымыз жақсы... Тамақ тоқ, 
баспанамыз жылы дегендей... Жүмысы да жеңіл, жанымыз 
қиналып жүрген жоқ, кезектесіп істейміз. Бар уайым - сендер 
ғанасыздар. Алма, он шақты адамды асырап-сақтау саған 
қиын тиіп жүрген шығар. Шыда, жаным, жауып түрған оқтың 
ортасында жүрген жоқпын ғой, дэм тартса мен де оралармын. 
Бізге осыншалық мейірімі неге түскенін білмеймін. Тэңірдің 
берген сыйы шығар... Тіпті жігіттер жардай болып семіріп 
алды... Аз-мүз айлыгымыз бар. Алғашқысын сендерге жолдап
244


отырмын. Елде қандай жаңалық бар? Майданға аттан- 
ған ағайын-туғаннан хабар бар ма? Ақтайлақ пен Бағдаттан 
хабар келді ме?Сұраған жанға дұғай-дұғай сәлем айт. Бала- 
лардың бетінен сүй. Сәлеммен Ақаның. 1942 жыл, көкек 
айы».
Қуанышымыз койнымызға сыймады. Енем: - Құлыным- 
ай, аман-есен екен ғой. Бэсе, түсімде ак боз атқа мініп, Бұк- 
тырманың тасып жатқанына қарамастан, салып-ұшып оте 
шығып еді, - деп көзінің жасын шылауышының ұшымен 
сүртті.
-
Кемпір-ай, ертең қара серкені соямын, - деді Атам. Ал 
мен... үнсіз отырып қалыппын. Қуанған мен қорыққан бірдей 
деғен осы-ау... Жүз сом акшаны атама бердім. Ол кісі құнжың- 
дап қойнына тығып, бата жасап, бетін сипады.
Таң кұланиектене берғен елең-алаңнан құстай ұшып Жал- 
ғызқарағайға қайтып оралдым. Кұ:рбыларым пырдай болып, 
тұяқ серіппей ұйықтап жатыр екен. Баспалап келдім де, өз 
орныма жым-жырт жата қалдым. Ешқайсысы сезғен жоқ. 
Әлғіндей ұлы куаныштан соң ұйықтау мүмкін бе, ак боздана 
бастаған шығысқа қарап телміремін. Таң хабаршысы бозтор- 
ғай шырылдай бастады. Көкек шақырып, бытпылдақ үн қатты 
қарағанның арасынан. Шанағынан асып, тас-талқан болған 
Бұқтырманың үні кұлағыма бұрынғыдан ары жағымды естілді. 
Соншалықты рақат, соншалықты эдемі... «Алла тағалам осы 
куанышымнан айырмаса екен. Маған көп нәрсенің керегі жоқ, 
тек барымнан айыра көрме», - деп жалбарына тіледім.
5
...Біздің ішімізден іріктеп соғысқа жіберіп те жатты. Ондай 
жүлдызы оңынан туғандардың бақытына қызыға да, қызғана 
карап, шығарып саламыз, - деп Ақан ақсақал әңгімесін 
одан ары жалғастырды. - Дегенмен бармай, дізімге ілінбей 
қалғандарына іштей тэубалағандар да жоқ емес еді... Ауылдас 
бес жігіттің ішінде ең картаңымыз - Қаймақ, жуас та біртоға 
кісі ғой. «Е, өзі берген жанды құдай өзі алады да. Неге болсын 
бас шұлғып көнгеннен басқа амал жоқ», - деп нардың үстінде 
кисайып саспай жатар еді. Бура - тәпелтек кішкене жігіт. 
Үнемі мең-зең жүретін. Өзінің тым аласа, кауқарсыздығынан 
жаскана ма, жоқ болмаса бізге жұмбақтылау қиялмен басы 
катып жүре ме, тура алдына келіп: «Бураш, хал калай?» - деп
245


дауыстағаныңша байқамас еді. Ыржия күліп бетіңе қарайтын 
да, «аман-аман» деп иеғін кағып, өте шығар еді. Ал Қожақ аусар 
мінезді, өзінен басқаның барлығы саңырау адамдай даңғырлап 
сөйлейтін, ашуының алды бар, арты жоқ. Маған үйірсегі де 
сол, бір төсекте жатамыз, бір қаңылтыр аяқтан тамақ ішеміз.
Аудан орталығы Серовтан әскерге шақырған қағаз келген 
сайын бүтына жібере қорқатын Қүмырай ғана... Әрине, бэріміз 
де елеңдей, атымыз қашан аталар екен деп, адамдық жүрекпен 
сасқалақтап қаларымыз рас, бірақ Қүмырай қүсап қалшылдап 
кетпейтінбіз; ол аяқ-колы дірілдеп, аузындағы шылымын 
шайнап-шайнап жіберетін; бір отырып, бір түрып есі қалмай 
тықыршитын.
- Құмеке-ау, мыңдаған азамат соғысып жүр ғой. Несіне 
сасқалақтайсың, - дедік бірде ауылдасымыз үшін үялып. Ол 
түлан түта ашуланды.
- Батпақ қазып жүріп батыр бола қалуын. Көрер едім 
к..ді, алдыңнан анталап неміс шыға келсе, былшылдамыңдар,
- деп ат қүйрығын кесісті. Содан былай бөлек жататын болды. 
Ішімізден ең алғашқы болып үйінен сәлем-сауқат алған да 
Қүмырай, теріс қарап отырып ашты, теріс қарап отырып 
жалғыз өзі жеді... Ешқайсымызға дэм татырмады. Біз оның 
қотиын қылығына өкпелеген жоқпыз, тек Бура ғана тісін 
қайрап, кіжінетін. Кішкене кісінің мөңкіп, тулағаны қызық 
екен, титімдей ғана жүдырығын түйіп, тап-тап береді. Сонан 
соң өзінен-өзі ырсиып күледі.
Көктемнің алғашқы шуағы қалың орманда, қасат қарлы 
Орал тауларында себезгілей бастағанда, біз де ептеп сергігендей 
болып, қатқан денеміз жылынғандай еді. Амал қанша, қашан 
жер кепкенше табаныңа жабысса қырғылап кетіре алмайтын 
сар балшыққа тап болдық. Май айы туғанша ылжырап жатып 
алды. Қыс бойы қоныштың орнына шүлық ораған шарқай 
бәтеңкені сүйрелеп шыққанбыз. Ал жазғытүрымғы лайсаңда 
кісі басы бір-бір етік берді. Оның өзі дым тартады. Үнемі 
кигендіктен бе, резинка етігің барып түрған қүдайдың бәлесі 
екен, аяғым сырқырап, қақсайтынды шығарды. Көптеген 
жүмысшының сіңірі тартылып қалды. Қаймақ тобанаяқ болып, 
дүзге әрең шығар халі бар, жарты ай жатты. Қожақ екеуміз 
өзімізге тиесілі азын-аулақ асымызды бөлісіп, эйтеуір қарнын 
аш қылган жоқпыз.
246


Жасырып керегі не, тамак жағы өте нашар еді. Күніне бір 
мезгіл ыстық ас берген болады. Оның өзі кышымадан немесе эр- 
түрлі шөп-шаламнан жасалған сулы-сылпың қойыртпақ көже. 
Әсіресе ондай қатықсыз қара көжеге үйренбеген, аптасына бір 
рет ет жемесе қас-қабағы ашылмайтын қазақ жігіттері шетінен 
ауырып түрды. Үсіген картоп жеген соң бет-аузың күп болып 
ісіп кетеді екен. Ал қолға тиген тиын-сиынға сатып жер ештеңе 
жоқ, ол кезде сүттің жарты литрі бүрынғы бағамен жүз сом.
Саңырауқүлақ жеуге де үйрендік. Алтайда аяқ астында 
жатқанда, байқамай басып кетсе жиіркенетін кірпияздық 
жайына қалды. Сөйтсек, саңырауқүлақ деген жарықтық бүкіл 
бір халықтың атадан келе жатқан асы екен... Бір күні сол жемісті 
жеуге тәуекел жасап, аузыма сала бергенде ішінен қара бас 
күрт шығып, жүрегім айнып... қатты ауырдым. Ішінде ештеңе 
қалмаған асқазаннан қан қүсатын болдым.
Ішкен асым батпай, әбден зықысы кеткен маған жаны 
ашыды ма, Қожақ Қүмырайға барды. Үйінен келген посылкада 
ет, қоспа бар екен деп үзын қүлақтан естігенбіз.
- Құмеке, бэріміз де бір Дәулеттің үрпағымыз, қүрдасың 
кан қүсып ауырып жатыр. Көңілін сүрамадың деп өкпелемей- 
міз. Сорпаламасақ өліп қалатын түрі бар, қол басындай ет бер, 
қаңылтырға қайнатып берейік, - деген екен. Ол: - Тегін ет 
келмеске кеткен, сатамын, - деп, екі жүз сом ақша алыпты.
- Ол итті қарағайдың арасына апарып өлтіріп тастасак 
қайтеді, - деп, Бура бізге қарап ыржиды.
- Әуелі тышқан өлтіріп ал. - Қүмырайдың өшін жүдырықтай 
ғана жерлесінен алғысы келді ме, Қожақ қатты ашуланды. -
Атаңның аузын үрайын, аман-есен елге оралайық, көзіне көк 
шыбын үймелетпесем атымды басқа қой.
- Әуелі сол елге жетіп ал, жарқыным, - деді Бура суырша 
аңқиттап. - Барған соң ол да қарап жатпас. Ол итті жым-жылас 
қүртатын жер - тек қана Орал.
- Қойыңдар, - деді ересегіміз Қаймақ, - түқымын қуалап 
келе жатқан мінезін өзгертем деп пе едіңдер. Кім болып туды
- солай өледі. Сарандық қанына біткен қасиет... Балталасаң да 
арыла алмас.
Мен әңгімеге араласқан жоқпын. Жүмыршағымның басына 
тас байланып қалғандай батады-ай. Ауық-ауық қыжылдатып, 
аһ деп аузымды ашсам жалын болып сыртқа шығады. Табаным 
күйіп, түні бойы сүп-суық жерге басып отырамын. Талығып
247


барыпенді-ендікөзімілінді-аудегенкезде«жұмысқашығыңдар» 
деген десятниктің айғайы естіледі. Құр сүлдерімді сүйреп, 
топырақ қазылған үңгірге қарай ілби аяңдаймын. Кеспелтек- 
теп кескен шпалдарды колденең төсеп, қолмен сүйрейтін 
вагонша-қорапқа саламыз. Күн батып, әбден қас қарайғанда 
ғана екінші кезектегілер келеді. Аузыма дәм салмаған қалпы, 
аш иттей бұралып жатып қаламын. Ойыма қай-қайдағы сумақы 
сұрақтар келеді. «Тым болмағанда Отанды қорғап, жаудың да 
қолынан қаза таппадым-ау. Саңырауқұлақтан ұшынып өліпті 
дегенді ел естісе, қандай қасірет. Үйелменімнің бетіне шіркеу, 
сүйекке таңба емес пе».
Барактың іші канша суық болғанымен соншалықты 
қапырық, ауа жетпей деміктіреді. Сыртқа шығып қарагай мен 
қайыңның иісі аңқыған таза ауамен кеудені кере дем алып, қайта 
кіріп келгеніңде, шуаш пен тер иісі сасыған жатар орнымыздан 
тұншығып өліп кете жаздайсың. Адам үш күннен соң көрге де 
үйренеді деген емес пе, бэріне тоздік, бэріне көндіктік. Егер 
күндіз-түні оқ бораған соғыста жүріп, жер үйде немесе ақ қар, 
көк мұздың үстінде түнесек қайтер едік. Олардың жанында 
біздің жағдай жұмақ секілді деп жұбатамын өзімді-өзім. 
Дегенмен элгі «майданға алса» деген тілек күн өткен сайын 
санамызға сыналай кіріп, көз алдымызда көлеңдей берді. 
Екпіндей ұмтылып ерлік жасайын деген жымсыма қулық емес, 
эйтеуір, ауылдағы ағайынмен «соғысқа кеттік» деп қоштасқан 
соң, жаумен жағаласып көру де азаматтық борыш секілді еді.
Елден алған сәлем-саукаты таусылып қалды ма, Құмырай 
соңғы күндері қабағынан қар жауып, құтырған иттей көрінгенге 
соктығып өз-өзінен ызаланып жүрді. Кен орнында ең оңай 
деген жүмыс - динамит қойып тоң жердің үстіңгі қабатын 
қопару болатын. Бүл іске қауқарсыз қарттар мен ауру, элсіз 
жігіттер жіберілетін. Десятниктің тілін тапты ма, Құмырай 
түйедей болып, осы жанға жайлы тыныш жұмысқа орналасып 
алған. Көрсетілген тұсты динамит қойып, бұрқ еткізіп қопарып 
тастайды да, темекісін құмарлана тартып, құмырсқадай 
қыбырлаған біздерге мұртынан күліп дем алып отырады. 
Арбайған ағашты аударуға шамасы жетпей, тырбыңдаған 
Бураға, тыныш отырмай, кесек топырақ дәлдеп, оның быж- 
тыж ызаланғанына қарқ болып күледі. Кешке бараққа келген 
соң Бура қалайда Құмырайдың көзін құртудың амалын басын 
қатырып ойлайды да жатады.
248


Көктем шыкканда көңіліміздегі кірбің таркап, Оралдың 
жайкалған орман, эдемі табиғаты сірне болып каткан сезім- 
түйсігімізді кытықтағандай еді. Аш жүрсең де, сергек жүргенге 
не жетсін. Үш айлык кара жүмыстан қүтыла коймағанымен, 
асказанымның ауруы аздап басылған секілді, бұрынғыдай 
ішкенді қайта қүстырып, күндіз-түні мазаламайды, тек аш 
кұрсакка ас түскенде ғана ептеп кыжылдайды. Өз басымдағы 
үлкен жаңалық, үйден тұңғыш рет хат алдым. Кешігіп келсе де, 
көңілге медет, дэтке қуат. Түскі бір сағаттық үзілісте қайыңның 
арасына кіріп алып күбірлеп оқи бастадым.
Алманың хаты: «Ақаным менің! Зар еңіреп, зар жүтып, 
көзіме қамшы тиген жетім ботадай боздап жүргенде айны- 
мастай болып табысқаным менің! Денің-қарның сау ма? 
Біз пгүкіршілік, тағдыр сыйға тарқан тарыны теріп жеп 
жүрміз. Атам, апам, балалар, ауыл-аймақ түгелдей аман-есен. 
Жағдайымыз жаксы. Тамак тоқ, көйлек көк дегендейін... 
Әскер семьясы болған соң, колхоздан не керек, соның бэрін 
алып түрасың... Өзім қолмен ғана жұмыс істеймін. Аяғы ауыр 
деп аспазшы тағайындап қойған. Ауылдан соғысқа кеткен 
бірлі-жарым азаматтан шетінеу бар. Оларды келесі хатымда 
айтармын. Апам түс көріпті. Сен ақ боз атқа мініп, Бұқтырманың 
ағаш басына шығып тасып жатқанына қарамай өте шығыпсың. 
Жарығым, аман-есен келеді деп отыр. Сенің оңай жұмысқа 
барғаның қандай жақсы болған. Хаттың ішінен жүз сом ақша 
шыққанда төбеміз көкке жеткендей қуандық. Пэселке салсақ 
қайтеді? Құмырайдың эйелі, жағдайлары өте нашар екен деп 
бала-шағасының аузындағысын жырып жолдап жіберген. Ал 
сен семіріп алдық дейсің... Майшам сөнуге айналды. Хош-сау 
бол.
Сені сағына күтуші, Мен жэне үй ішің.
1942 жыл, мамыр».
-
Елден тұңғыш рет арқан бойы ұзап шықпағандыкі болар, 
көңілім босап жыладым. Алманың сойдақ-сойдақ жазуы мен 
үшін бүкіл Жүлдыз ауылы көшіп келгендей болып сезілді, 
алғаш рет жүрегім сазып, бала-шағамды өлердей сағындым. 
Туған жеріміз Шығыс пен соғыс болып жатқан Батыстың екі 
ортасындағы Орал тауы екі жаққа кезек алаңдай караған алып 
түйе секілді. Біз сол алып қара нардың қомына жармасқан 
атымыз бар, атағымыз жоқ жүмыс әскерлеріміз. Қимыл- 
әрекетімізге, мұрнымызға су жетпей істеген жұмысымызға
249


қарап, қандай қайсар жандар, деп ойлауға болар еді. Бірақ біз 
тіпті де олай емеспіз, дүниедегі бар жақсылықпен жамандықтан 
қүр алақан қалған керең де кепірсіз қалған жандармыз. 
Радио тыңдай алмадық, газет оқи алмадық, ең ақыры саяси 
хабардың өзін мардымсыз, тиіп-қашып өткізеді. Цех бастығы, 
директордың орынбасары деп аталатын кісілер қүдай секілді, 
ақырып-бақырып ойына келгенін істейді. Жанымызға батқаны 
да сол - не өлім, не өмір деп бүкіл әлем арпалысып жатқанда, 
жер астынан шыққан жік секілді тайраңдап, оқтау жүтқандай 
кердеңдеп жүргендері. Жасырып керегі не, жүмысшылардың 
арасында ауру-сырқау, өлім-жітім көбейді. Балшықтан адам 
жасай алмай, қиналған шақта, осыншалық сорақылыққа жол 
беру, әрине, эркімді де ойландырады. Арыз-арманымызды 
айтар жер таба алмай іштей мүжілеміз. Біз майданды көкседік. 
Амал не, мені тағы да бронмен алып қалды.
Қүмырайдың зәресін зэр түбіне жібере бір топ жігіттерді 
соғысқа жіберді.
Қүмырай екеуміз көп болды амандаспаймыз. Бүл ескі 
кекті қуу, жоқ болмаса жеке бастың бақастығынан қоздаған 
дүрдараздық емес еді; бүл, жалпы мінездің өзгешелігі, рухы- 
мыздың бір қазанда қайнаса да қабыспайтын қарама-қайшы- 
лығы тудырған бітіспес майдан сықылды еді. Қолымызға қару 
алып атыспағанымыз болмаса, бір-бірімізге өзгеше дүшпанбыз, 
өлердей жатпыз. Егер тағдырды жалғыз ғана шана десек, сөз 
жоқ, ол шананы екеуміз екі жаққа сүйреп жүрміз. Ағайындык 
та, ауылдастық та, барақтастық та дәнекер бола алмас өгейлік 
пен ошпенді суықтық күн өткен сайын қабына түсті. Неге? 
Өзім де білмеймін, көре қалсам болды өне бойымнан жылан 
жорғалап өткендей тітіркенемін. Қайта елде жүргенде еркін 
араласа беруші едік.
Елде жүргенде демекші, соғыс басталмас бүрын Жүлдыз 
ауылы Октябрь тойын ерекше өткізгені элі есімде. Ат 
жарыстырып, балуандарды күрестірді. Бас балуанға осы 
Қүмырай шыққан. Екі иығына екі кісі мінгендей, еңгезердей 
жігіт беліне белбеу байлап, мықынын таяна ортада түрды. 
Оның сұсынан қорықты ма, мұқым елдің ішінен суырылып 
ешкім шыға қоймады. Маған оның көпшілікке менсінбей қарап, 
менменсіген түрі ұнамады. Шыдай алмадым. «Жығылсам жер 
көтерер» деген тәуекелмен ортаға атып шығып, алақаныма 
түкіріп ұстаса кеттім. Төрешілер мені эрең тоқтатты. Сөйтсем,
250


белбеу байлауым керек екен. Құмырай элі шіреніп тұр. Әсіресе, 
саған не керек дегендей, мырс етіп мыскылдай күлгені жанға 
батты. Белдесіп, бір-бірімізді толғай ырғап, күшімізді сынап 
көрдік. Ол менің қүлағыма: «Жамбасың сынып қалса қайтесің, 
күрдас», - деп сыбырлап үлгерді. Қаумалай коршаған халык 
дүрліге жақындап, күрес шеңберін тарылтып жіберді. Біз 
аңдысып, ал дегенде эдіс қолдана койған жокпыз. «Құмекең 
қоймайды, талай рет палуанға түскен нар емес пе», «Ақан да 
осал емес, таутекенің асығындай шымыр эрі шапшаң» деген 
сөздерді еміс-еміс естіп каламыз. «Болсаңдаршы, құдалар құсап 
құшақтасып жүремісіңдер», - деген соз естілгенде, карсыласым 
ежелгі тэсіліне салып, «ауп» деп мені өзіне жақындата жүлқа 
тартып, оң жамбасқа сала бергенде, осы сәтті табандап аңдыған 
мен сарт еткізіп іштен шалдым да, өзім шалқалай аударғанда, 
ол гүрс етіп астыма түсіп қалғаны... Әбден ызам келсе керек 
етқызумен: «Күш менікі, сор сенікі!», - деп басынан аттап 
кетіппін. Жұрт шу ете қалды. Құмырайдың ағайын-туғандары 
ауырсына жатып қалған жігітті жерден тік көтеріп әкетіп, ұлы 
айғайға, бітіспес дауға басты. «Азаматымызды қорлап, басынан 
аттады, сүйегімізге таңба болды, ру намысына тиді, тұрысагын 
жерін айтсын», - деп кіжінді. Біздің ¥зақ деп аталар рудың 
да жігіттері мен атайын, сен тұр, өңкей бір жындысүрейлер 
еді, білек түріп сыбанып олар шықты. Әйтеуір, не керек, бүл 
дау-дамай,жанжал күні бойы басылмайды. Тіпті, екі жақтың 
балсыраға қызып алған бас көтерер-ау деген азаматтары 
колхоздың аяқ артар көлігін ұстап мініп, айылын мықтап 
тартып, жекпе-жекке сақадай сайлана бастады. Тымақгарының 
бауын байлап, сойыл, айыр, шоқпар секілді қаруларын әзірледі. 
Сонымен екі жақ Күркіременің жазығында кездесетін болып 
уағдаласты. Аяқ астында туған дауды бітістіре алмаған колхоз 
басшылары ауданға ат шаптырып, сот пен милиция шақыртты. 
Сөйтіп, әрең басып еді-ау...
Міне, ол екеуміздің арамыздағы беріш болып қатқан бақас- 
тық осылай басталған. Қашан аяқталады, оны өзім де білмей- 
мін. Тегі, өлсек те көрімізде тыныш жатпаспыз... Әрқайсымыз 
«менікі жөн» деп жөнеле береміз де бұл дүниеден... Сырттан 
келген жауды жеңуге болар, ал арамыздағы ше, олардың кімдер 
екенін білмейміз ғой. Сырттай қарағанда бәріміз бірдейміз, 
бетегеден биік, жусаннан аласамыз. Ешкімнің маңдайына ақ-
251


қарасы жазылып тумайды. Осы Орал тауында еңбек әскерінде 
жүрген адамдардың өзін ажыратып, жақсы, жаманға іріктеп 
бөлу мүмкін бе?.. Қүмырай да, мен де бармын. Мақсатымыз 
жалғыз деп мақтанғанмен, пиғылымыз басқа ғой. Оны 
пайымдап, зерттеп берер уақыт жоқ. Қазір, тіпті, содан бері отыз 
жыл асса да, шын мәнінде, қоғамға кім керегін айкындадық па... 
Жауды атып тастайсың, біздегілерді ше? Мүмкін, олар жаудан 
да қауіпті шығар. Алманың ішіндегі қүрт секілді сыртымызды 
жалтырата сүртіп қоямыз...
Оралдың жазы керемет екен, Алтайдан бір де кем емес, 
жаныңды жайсаңға бастайды. Жап-жасыл болып тамылжыган 
дүние: қасқая қарап түрар қарағай, ақ балтыр, көк көйлекті 
қайың, теңге жапырақты терек, жайқала өскен тау шалғыны. 
Егер өмірдегі қайғы-мүңды үмытып, табиғатты ғана тамашалап 
кетсең, мэңгі жалықтырмас жап-жарық әлемнің қойнына 
кіресің де, озіңнің жер басып жүрген жүмыр басты пенде 
екенің, арман-мақсатың, келешектен күтер үміт-бақытың, 
жақсылық аңсап дүрсілдеп соккан жүрегің бар адам екенің 
есіңе түседі. Осылайша, орман-тоғай, тау-тасты кезіп, анау сор 
боп келген соғыстан, сор маңдай қылған ауыр жүмыстан безіп, 
бейбіт те берекелі өмірді сағынасың. Жалғанда түскі үзілістен 
келте, козді ашып-жүмғанша жай оғындай шапшаңдықпен зу 
етіп өте шыгар не бар екен... Айналаңа қарап, тамашаға енді- 
енді тамсана бергеніңде жүмысқа шакырар қаңылтыр темір 
қағылады. Кеппеген жас ағаштан жасалған жас шпал мен 
иығыңды езіп жіберер темір жолды көтеріп, үңірейген карьерге 
қарай мықшыңдайсың. Сенің артыңнан тырмыса вагон итеріп 
басқалар ереді... Арпалысқан адамдар, жанталасқан қимыл, 
жан тапсыра кимылдаған жүмысшылар. Таусылып бітпес 
қозгалыстан әбден қажыған, салдары суға кете итырықтағандар 
орман арасында қүмырсқаша қүжынайды. Бэрі де майдан үшін! 
Бэрі де жеңіс үшін! Әттең, сол кездегі «трудармияны» киноға 
түсіріп алса ғой, өкінішке орай, газеттенбіз деген бірде-бір 
журналистің төбесін көрген емеспіз.
Жаздың ортасына таман майданға алынған азаматтардың 
орнын басуға жүздеген кыз-келіншек келді.Улап-шулап, сол 
кезеңнің бар қайғысын, қалған-кұтқан қуанышын ала келді, 
айналайын әйелдер... «Енді еркектерге екі есе жүмыс істеу 
керек шығар?» - деп ойладым.
252


«...Алла тағалам осы қуаныштан айырмаса екен. Маған көп 
нәрсенің кереғі жок, тек барымды ала көрме», - деп жасаған 
иеме жалбарына тіледім.
Алма кемпір эжімді жүзін қарсы алдындағы қарғадай ғана 
келіншектен алмастан әңгімесін жалғастырды. - Ол кезде 
тура сенің жасыңда едім ғой, Күмісжан. Иә, сенің жасыңдағы 
толыксыған шағым еді. Тотыдайын таранып, сүңқардайын 
сыланбасам да, шайкап ішіп, шалқалақтап басатын отыздан 
асқан от мінез еді ғой. Қайтейін, карағым, кайтейін, тағдырдың 
тепкісіне түсіп, дертесіне жегілдік. Сонда да жеңдік! Әрине, 
бакыт қүсы біздің шаңыраққа кеш конды, кеш конса да біржола 
қонса екен деген арман бар. «Бала-шағасы жетті, шаңырақ 
көтеріп, қарқарадай үй болды. Осыншама мал үстап, дүние 
жинайтындай не бастарыңа күн туды. О дүниеге арқалап ала 
кетем деп жүр ме». Мүндай қаңқу сөзді күнде естиміз. Ал 
ертең шал екеуміз екі жерде қиқайып қалайықшы, қай ағайын 
арулап қояр екен. Жан-жақтан балаларымыз жиналғанша, оң 
жаққа салып, аруағымызды күзетер кіміміз бар. «Олсең де 
көрің кең болсын» деген бүрынғылар, жаман айтпай жақсы 
жоқ, қайтпайтын жолға түсер болсақ, ұл-кыздарымызға 
ауыртпалығымыздысалмайық,жас кезіміздетойыптамақжемеп 
едік, тым болмағанда асымыз аста-төк болсын деген оймен 
жинаймыз малды. Әрине, алдымызға салып айдап кетпейміз, 
артымызда қалады, күншіл ағайынның өзіне бүйырады. Ой 
таразысына салсам, бақыт жарық дүниемен қоштасқаннан соң 
қажет екен. Озің үшін емес, ұрпағыңның ұялмауы үшін.
Бірді айтып, бірге кете бердім-ау, қарағым. Ақанның 
соғыста емес, «трудабойда» жүргенін естіген ел сан-сақка 
жүгіртті. Кейбіреулер: «Бағың бар екен, Алма, Ақаның жақсы 
жерге орналасыпты», - деп шын ниетімен қуанса, қайсыбірі: 
«Тасының өрге домалауын қарашы. Біздің байымыз жауып 
түрған оқтың астында жаумен алысып жатса, пәленшенің күйеуі 
курортта жүр», - деп қызғаныш білдірді. Әсіресе, күйеуінен 
қара қағаз алған қаралы әйелдердің бетіне қарай алмаймыз, 
байларын біз өлтіргендей-ақ, амандасайын десең теріс айналып, 
ернін шығарар еді. Күн өткен сайын сүйкіміміз кетіп, қай-қай 
жердегі ең қиын жүмысқа салатын. «Ей, трудовойдың қатыны, 
хал қалай, байың жардай боп семіріп алыпты деп естідім. 
Сол жактан уыздай жас кызға үйленіп, біржола қалып қойса
6
253


қайтесің», - деп сайқымазақ қылатынды шығарды. Бар айтар 
жауабым: «Тірі жүрсе болды».
«Тірі жүрсе болды», бүл - менің жүрегімді жарып шыққан 
адал ақ тілегім еді. Байын байлап үстаған әйелді көргенім жоқ, 
Аканның бас бостандығы өзінде, талақ тастаса да өкінбес едім, 
кейбіреулер күсап қарғап-сілемес едім. Имандай шыным осы. 
Қызық... Осыдан бес жыл бүрын Ақан пенсияға шығатын болып, 
райсәбезге барған екен: - Ата, үйленгенсіз бе, паспортыңызда 
белгі жоқ, - деп қағаз бермепті. Содан мені қызыл машинаға 
салып алып, ерлі-зайыпты деген кінешке бергені. Қартайганда 
қайта үйленіп, некелескен ел-жүрттан үят екен. Балаларым той 
жасаңдар деп мазақтап, көрші-қолаң қыңқылдап қоймаған соң, 
амал не, бір малымызды сойып, ырымын жасадық.
Кеше гана өзіміз еккен егін жайқалып өсіп қалды. Енді 
бізді сол егінді арық қазып, суару жүмысына салды. Күркіреме 
бүлагының ар жағындағы диірменнен бастап қиялай қазған 
арығымыздың орны сайрап элі жатыр. Үш әйел қайла- 
күрегімізді арқалап таң бозынан түрып, солай қарай аяңдаймыз. 
Белуардан су кешіп, қиядан саулап су жырып кеткен жерді 
шым, таспен бітеп эуре болып жүргеніміз. Үйден ала шыққан 
талканымызды қайнамаған қара суға шылап, жүрек жалғаймыз 
да, тағы да қара жерді қазғылаймыз. Диірмендегі егістікке арык 
жүргізу жүмысын аяқтаған соң, бізді Жаманашыдағы арпаны 
суаруға салды. Бүрынғымыз мүның жанында ойыншык екен, 
қып-кызыл тасты сүймеңдеп жылдар бойы соқа тісі тимеген 
беріш төбенің бауырын қақ тіліп, арық казғанда, алғаш рет қатты 
шаршағанымды сездім. Күн ыстық. Сусын жоқ. Ішім үлкейіп 
қалған. Колхоз бастыгы қас қылғандай жаныма сырлас қүрбым 
Ғайшаны да коспай, күйеулерінен қара қағаз алған Сақыш пен 
Бэтішке теліген. Олар менімен қырғи қабақ, арық біреу болса да 
бөлек жүреді. Звенобойымыз Сақыш мені қайдағы бір қағынған 
жерге, шақылдаған көк тасқа салады. Екеуі озіне тиесілі жерді 
бітіреді де, талдың көлеңкесінде дем алып, кейде рақаттанып 
мызғып алады. Қатты қимылдайын, олардан қалмайын-ак деп 
тырмысамын, амал не, Ақанның аманатын дүниеге экелмей 
түсіріп аламын ба деп қорқамын. Өзіме бөліп берген жерді 
ломдап, қайлалап қазып бітіріп, қатындардың қасына келсем, 
олар үшеумізге тиесілі үш литр сүтті бөліп алып, бір-бірінің 
басын тарап жайбарақат отыр. Үндемеуші едім, салғыласпаушы 
едім, дэл осы жолы ақсайтаным ойнады.
254


- Ау, маған тиесілі сүт қайда? - дедім қалш-қалш етіп.
- Байы тірі қатын сүт ішуші ме еді, - деп сылқ-сылқ 
күледі.
- Албастылар-ай күйеулеріңнің өлімін менен көріп 
болмадыңдар ғой. Бір үйдеғі он жан адам жалғыз сиырдың 
төрт емшегіне қарап аксыз отыр, оның өзі арты бітеліп, 
кысыр қалған. Тым болмағанда өлмелі кемпір-шал, шикі 
өкпе балаларымды аясаңдар етті. - Қанша тасқайнат, мықты 
болсам да шыдай алмай дауыстап жылап жібердім. - Қүдай 
зауалдарыңды берсін!
- Сілкінбе! - деді Сакыш орнынан атып түрып, - Қаралы 
үйге қарғыс жүрмейді. Өзіңнен бес жас кіші байыңа макта- 
намысың. Сенің де сырың белгілі. Бай күтаймайтын канды 
етек қаншық! Жалғыз летір сүт үшін бидайдай қуырғаны несі.
- Ей, Сақыш, тіліңді тарта сөйле, білдің бе! Сенің де сырың 
мэлім. Азаматыңның топырағы суымай жатып, шыжбыңдап 
жүрсің. Қу жатыр болған бедеулігіңді менен қөресің бе? Қалай 
звенобой болғаның да алақанымда. Басыңа тартқаның қара 
емес, қызыл орамал, тым болмағанда аруақтан үялсаңшы!
- Не дедің? - Күректі ала үмтылды. Мен де қарап қалған 
жоқпын. Сүйменді көлденең үстап қорғана бердім. - Қан 
кылайын! Қолыңда өлейін...
- Жақындап көр! - Неге екенін өзіміз де білмейміз, 
қолымыздағы қаруды тастай беріп шашымызға жабыстық. 
Нағыз қатын төбелес басталды. Бэтіш: «Бірің өліп, бірің қал»,
- деді де, үш литр сүт қүйылған торсықты арқалап, ауылга 
тайып түрды. Мен Сақыштан гөрі карулы екенмін, шалқайта 
қүлатып кеудесіне мініп алдым да, етегін түріп тастап, май 
күйрығын армансыз шапалақтадым-ай, өсек айтқан бүкіл 
ауыл әйелдеріндегі кегімді Сақыштан алдым. Астымда жатқан 
ол тыпырлап: - Албасты-ау, өлтіремісің, қоя бер енді, - деді. 
Жүмсарып қалған секілді, даусы өзімсініп шыкты.
Екеуміз қатар отырып алдық та, батысқа жүз беріп, ағыл- 
тегіл жыладық-ай... Бір-бірімізден кешірім сүрап, бетімізден 
сүйдік. Ақшам жамырап, қас қарайғанша мүңдастық, сыр- 
ластык, қайтып қарсы сөз айтыспайтындай болып табыстық. 
Көйлегінің етегін көтеріп караған Сақыш: - Албасты-ай, 
аямай-ак үрған екенсің, қарашы алақаның тиген жер кып- 
кызыл болып калыпты. Удай ашиды, - деді күліп.
255


Ел орынға отыра арып, ашып ауылға жеттік. Сакышты 
үйғе апарып шай бердім. Міне, осы оқиғадан соң айнымастай 
достастық, қайда жұмсаса да жүбымыз жазылмай бірге жүретін 
болдық.
Шілде туып, колхоз жаппай шөп шабуға кірісті. 1942 
жылдың жазы эрі ыстық, эрі берекелі болды. Елдің жағдайы 
бір қалыпша. Майданға аттанған елу шақты азаматтың тең 
жартысынан қаралы қағаз келді. Қаралы қағаз келді деп, қара 
жамылып, жылап-сықтап жатып алған ешкім жоқ, үш күн 
жоқтап, төртінші күн жүмысқа шығады. Жесірлермен көрісе- 
көрісе көзіміз қанталап кетті. Әр әйел өз мүңын айтып жоқтайды 
демекші, өзгенің қайғысы жаныма қанша батқанымен, іштей 
Ақанның есен-сау оралуын тілеймін. Өйткені, басқалар 
түңғыш қосағынан айырылса, мен байғүс, үшіншісін жоғалтып 
аламын ба деп қорқамын. Соғысқа бармай, Оралда жер қазып 
жүрсе, тэңірімнің көз жасымды көргені, рақымы түсіп аяғаны 
шығар деп ойлаймын. Қайын сіңлілерімнің үлкені Сандуғаш 
ойда да, Қарлығаш жонда, жүмыста. Ботай мен Қатай да 
колхоздың жүмысынан қалмай, қүйрықтарын өгіз ойып жүрген. 
Қалғандары элі жас, ауылда апасының қасында еді.
Бір күні мені колхоз бастығы Нартай шақырды. Не боп 
қалды дегендей, қүстай үшып кеңсеге жеттім. Ол шақта 
бастық немесе кеңес хатшысы іздеді десе, зәре-құтымыз 
қалмай қорқушы едік. Әр үйге келер қара қағазды, ең алдымен 
кеңсеге шақырып, басқарма мүшелері мен кеңес қызметкерлері 
тапсыратын... Жүрегім тарсылдап, аузымнан шыға жаздап 
есігін аштым. Нартайдың жалғыз отырғанын көрген соң ғана 
ес-ақылымды жинай бастадым.
- Өңің айдаһар қуғандай ғой, келін, - деп әңгімесін 
бастады.
- Тыныштық па, аға?
- Тыныштық. Сенің үйіңе келер зауал жоқ қазір. Ақан 
трудабойда ғой... Бойонкоматқа айтып, соғысқа жібертпеген 
мен едім...
- Оныңызға рақмет, аға, - дедім сөзіне сенбесем де.
- Жақсылығымның өтеуін алайын деп отырған жоқпын, 
шырақ. Бірақ судың да сүрауы бар деген... Ақанның күмістеген 
ері бар еді, өзі келгенше міне түрайын, маған бер, - деді қоңыр 
дауыспен майдалап сөйлеп.
256


- Бере алмаймын, аға. Мен келіскенмен, ата-енем ат тонын 
ала қашады. Ақаннан қалған жалғыз аманат қой, орынсыз 
қолка салмаңыз.
- Өкпелесем қайтесің, - деп оспақтады.
- Қайтеміз, көнеміз де...
- Адамның жаны, қасқалдақтың қанын сұрап отырған 
жоқпын ғой, келінжан...
- Біз үшін Ақанның ері одан да қымбат.
- Боска қаңсып жатканша ат арқасын иіскесін.
- Босқа қаңсып жатқан ер ғана ме екен, аға.
- Өзіміз де еркек терін иіскемей жүрміз деші. - Қарқылдап 
күлді. - Маған сенің осы өткір мінезің үнайды.
- Қүдайдың жаратқаны да.
- Дайындап қойыңдар, кісі жібертем, - деп кесіп айтты да, 
эңғіме осымен бітті деғендей орнынан түрды.
-Б ер е алмаймыз дедім ғойсізге. Несінеемексисіз! -Даусым 
қатты шығып кетті.
- Ым... солай де... Ендеше, басқаша сөйлесерміз. Айтпақшы, 
Ақан кеткелі әскери салық төлемепсіңдер-ау осы... Есіме 
түскені кандай жақсы болды...
- Әскери салықты эскерге адамы алынбаған семья ғана 
толемеуші ме еді?
- Дүрыс айтасың, келінжан. Тегінде сенің күйеуің соғыста 
жүрген жок, Орал деген жердегі курортта... Ендеше, таңертеңнен 
бастап военсалық төлеңцер. - Менен бүрын шығып кетті де, 
кеңседе жалғыз өзім қалдым.
«Ақанды эскер боласың деп алып кетпеді ме, салықты неге 
төлейміз» - міне, осы сауалдың жауабын таба алмай, ойым 
онға, санам санға бөлініп үйге оралдым. Балаларымды жинап 
алып, жайқалып өсіп келе жатқан картоптың арамшөбін жүлып, 
түптеп жүрген енемді көргенде, бағанадан бері көкірегімді 
кысып, алқымыма кептеліп келген оксік көзімнен бүршақ- 
бүршак жас болып ағылды.
- Не болды, келінжан? ¥лымнан жаманат естідің бе?! — деп, 
енем мені қүшақтап ойбай салды.
-Жоқ,-дедімөксігімдібасаалмай.-Тыныштық.НартайАқан- 
ның ер-тоқымын сүрайды.
- Ту, зәремді үшырдың-ау, - деп картоптың сабағын жапыра 
отыра кетті. - Қүдай-ай соған да кісі ботадай боздап жылай ма 
екен. Шалмен акылдасайық, жүр үйге. Әй, балалар, сендер
257


жұмыстарыңды жалғастыра беріңдер. Бұл - қыста жейтін 
азықтарың.
Атам намаз оқып отыр екен, бұзған жоқпыз. Ол кісі намазға 
ұйығанда дэл жанынан бомба жарылып, құлағының түбінен 
мылтық атылып жатса да тапжылмайтын діндар адам еді ғой 
жарықтық. Кезінде кедейліғіне қарамай Әбдікерім болыстың 
сөз ұстаған биі, ел дауын жалғыз-ақ ауыз сөзбен шеше салатын 
шешен болыпты деп естіғенмін. Мен келін боп түскенде эбден 
қартайған шағы жэне таң атқанша басы жастыққа тимей 
жөтелетін дімкэс ауру еді. Атама еліктей ме, бес уақ намазын 
енем де қаза қылмайтын. Ол кісінікі сәл өтіріктеу де секілді еді, 
жайнамазына жығылып, алақанын жайып отырып-ақ: «Ешкіні 
қамадыңдар ма?», «Су экелдіңдер ме?», «Шай қойдыңдар ма?»
- деп өз шаруасын қоса бітіре беретін. Әй, апам-ай, «құдайдан 
қайт» деп шалы қанша рет ұрысса да, осы әдетін қоймай-ақ 
қойғаны. «Еғер бары рас болса, анау пәшистің неғе сазайын 
тартқызбайды, адамның қанын судай ағызып қоя ма солай», 
енемнің алла тағалаға деғен сенімі соғыс басталғалы бері азая 
бастағанын сезетінмін. Енді, міне, ол жарықтық жоқ екенін 
біліп түра, отырсақ та, түрсақ та аузымыздан тастамаймыз. 
Қайдам, қарағым, жоғына кімнің көзі жетіпті.
Атам үш үмтылып барып орнынан әрең тұрды. Кеудесі сыр- 
сыр етеді, шаршап қалған секілді.
- Шал, ау, шал. Нартай Ақанның күмістелғен ер-тоқымын 
сүрапты. Береміз бе?
- Атасының басы, - деді атам ентіғін элі де баса алмай.
- Ахметтен қалған көзді Нартайдың сасық бұтына салайын ба. 
Оттаған екен. Енеңді... - Маған жалт қарады да одан арғысын 
айтпай қоя қойды.
- Ата, - дедім мен иіле төмен қарап (Қанша арып-шаршап 
қиындық көріп жүрсем де ол кісінің жүзіне тура қарамаған 
инабатты келіні едім ғой, қайтейін...) - Егер ерді бермесек, 
бастық үстімізден күрық түсірмейтін сыңай бар. Боенсалык 
төлеңдер деп қиғылықты салды.
- Салыктың орнына мені алып кетсе де бермеймін, - деп 
кесіп айтты.
- Сен екеумізді не ғылсын, не істейміз? - деп енем 
қыржыңдады.
- Қара ешкіні ұстап беріңдер.
- Келесі айда не төлейміз, ата-ау.
258


- Одан арғысын көре жатармыз. Құдай бай емес пе, бір 
есебін табармыз.
- Адыра қал, - деп енем шыға жөнелді. Атам күрк-күрк 
жөтеліп жатып қалды. Мен қара ешкінің лағын жетім калдырып, 
колхоз кеңсесінін босағасына байлап кеттім. Қияңкылығым 
үстады ма, мүйізіне «боенсалық» деп қағаз жазып, байлап 
қойдым да, оразамды ашпастан пішенде жүрғен эйелдерғе 
тарттым.
- Қол тартпамен шөп шабу маған өте қиын болды. Қиын 
болған себебі - ішім үлкейіп қалған. Бүл жүмыстан босат 
деп өтініш айтып, Нартайға баруға арландым. Әсіресе, анау 
ер дауынан кейін бізді атарға оғы жок. Әбден өшіғіп алған. 
Қажыған елғе би болып қалған азын-аулак азаматтардың 
әспенсіп ойына келгенін істеп баққанын несіне жасырайын, 
көзімізбен көрдік кой.
Әрине, бэрі бір қалыптан шыққандай қазымыр емес те 
шығар, бірақ елуден асып, эскер жасына ілінбей қалған 
еркектерді соғыс әжептәуір еркелетті... Майданнан жаралы 
азаматтар оралып, жанымыз қалды ғой. Ок пен оттың ортасына 
түсіп, бейкүнэ өлімді көрген олар бейшара елге ізгілік, 
жаксылық ала келді де, көксақал әпербақандарды тактан 
түсіріп, орнын ала бастағанда ғана «уһ» деп бел жаздық.
Мен үшін отқа күйетін Ғайша, оған баягыдағы «қатын 
төбелестен» соң Сакыш косылған. Екеулеп жүріп наубайханаға 
ауыстырды, мен дегенде төбе шашы тік түратын бастықты 
көндіріпті. Артынан естідім, әсіресе Сақыштың сіңірген 
еңбегі... Байғүс жылап отырып айтты ғой. Жарықтық, екі көзі 
танадай сүлу әйел еді-ау. Жанынан жалғыз еркек тоқтамай, 
сүқтанып қарамай өте алмайтын. Колхоз бастыгының ол 
дегенде есі жоқ, соңынан итше сүмеңдеп бір елі қалмаушы еді. 
Өз әйелін өзінен бүрын қартайтып кағынып жүргенінде қүдай 
тілеуін берді. Жүлдыздың мүқым қыз-келіншектері саудырап 
бос қалды. Осы ауылда Нартайдан аумайтын ұксас балалар 
толып жүр. Оның бэрін жіпке тізіп қайтейін. Тірі жүрсін. 
Олардың әкесі — Соғыс! Басқа ешкім де емес. Сақыштың: 
«Алма мен сен үшін алғаш рет арымды саттым, тіпті сен қатын 
үшін емес, анау ішіңдегі сәбиің үшін. Өзіме қүдай бермеген 
соң, сенің балаңды аман алып қалғым келді». Солқылдап 
бетін басып ұзақ жылады. Мен оны уата алмадым. Сонда ғана 
баяғыда Жаманашының басында егін суғарып жүріп, бір литр
259


сүт үшін бекер тілдегенімді түсініп, аяғына жығылдым. Ол 
мені кеудемнен көтеріп, түрғызып алды. Бетін суық сумен жуды 
да, қайтадан жайнап, екі жанары от болып жайнап қоя берді.
- Бастық Нартай болмак түгіл, қүдіретті қүдайдың қойнына 
барсам да мені қүрсақ көтермейсің деп талақ тастар еді. Ендігі 
тілек - сенің балаларыңа көмектесу. Он байға тисең де! - сен 
бақыттысың, Алма! Бақыттысың! Дүниеде сендей әйел жоқ!
- Рақмет, қүрбым. Өлсем де жақсылығыңды үмытпаспын.
- Бетінен сүйіп, мойнынан қүшақтадым.
- Ал енді масаға таланбай үйге қайталық, - деп етегін сілкіп 
орнынан түрды. Оның сүмбілдей сүңғақ денесі, тайқылау 
біткен ак маңдай, аққудыкіндей үзын мойын, жүмыр иегі - бар- 
барлығы жарасымын тауып, тал бойына тарыдай мін түсірмей 
түр. Оны жаңа көргендей аузымды ашып аңырайып қалыппын. 
Өзімнен кіші болса да замандас қүрбымдай жақсы көріп, әрі 
аядым, эрі қызықтым да. Табиғат пендесін осыншалық сүлу 
ғып жаратады да, сорлы ғып қоятыны несі екен?
- Үй, не болды саған, жүр қайталық.
- Қандай керімсің, Сақыш. Көрмеде корсетер әйел сендей- 
ақ болсын.
- Сылаңдаған сүлулық түлкіде де бар. Бірақ көп жорытқан 
түлкі қүйрығынан айырылады, - деп, басын шалқақ үстап, 
қаздаңдай басып менің алдыма түсе берді.
Бозталдың бойындағы жалғыз аяқ жолмен аяңдап келеміз. 
Күн батып, ағаш арасы алакөлеңкелене бастаған бейуақ шақ. 
Шілденің шіліңгір ыстығының беті қайтып, қоңыр салқын түн 
қаймақши бастаған. Маңайды маужыраған тыныштық меңдеп, 
жаныңды жай таптырар жүмбақты сезім билейді. Күні бойы 
арпалыстан сал болып шаршаң тартқан денең азаптың арқанын 
бытырлатып үзіп, жол шетіндегі иісі аңқып жатқан шабылған 
шалғынға үзынынан сүлап қүлай кеткісі келеді. Әлгіден бері 
үнсіз аяңдаған Сақышты да осы мені меңдеген дел-сал хал 
жеңді ме:
- Әй, Алма, - деді тоқтап. - Асыққанда қайда барамыз, 
аздап дем алайық. - Бүдан соң менің келісімімді күтпестен 
шөп дестенің үстіне жата кетті.
Мен де оның жанына қисайдым.
- Ешкім көріп түрған жоқ қой, қол-аяғыңды жазып, еркін 
жатсаңшы албасты-ау, - деп, мені күшпен итеріп шалқайтты. 
Содан кейін менің томпайып қалған ішімді ақырын ғана сипап,
260


кұлағын төсеп тың тыңцады. - Сен - анасың, Алма. Бұдан 
артык арманның керегі не. Сенің кұрсағыңда, кұдай біледі деп 
айтайын, титімдей ғана Акан жатыр. Сөз жок ұл жатыр. Егер 
карсы болмасаң, кіндігін мен кесейін.
- Әуелі аман-есен босанайын да.
- Неше күн калды?
- Өз есебімше үш айдай уакыт бар.
- Алыс емес екен ғой. Ертеңнен бастап нан пісіруші 
боласың. Бірак ол жүмыс та жеңіл емес-ау. Әйтеуір, ауыл 
іші, үйіңе жакын. Тамагың да аш болмас. Мен саған бір сыр 
айтайын ба, Алма, - деді кайтадан шалкайып, сонау енді-енді 
көріне бастаган әлсіз жұлдыздарға карап. Қолындағы шопті 
тістелеп, әлденені есіне түсірді ме, мен: «Бастасаңшы енді»,
- дегенше үндеген жоқ.
- Сен көңіліңе алмайсың ба?
- Жоқ, не деп алайын көңіліме.
- Жасырак кезімде, ол кісінің жігіт, менің кыз кезімде... 
арамызда тым тереңдемеген жақындық, сырластық болып еді.
- Оның кім?
- Ол екеуміз сан рет кездестік, өмірлік жолды бірге өтеміз 
деп уэде беретін. Бір-бірімізді кұлай сүйіп, шын ғашык 
жандардай қиналып та жүрдік. Ол жуас, мен шолжыңдап 
өскен тентек едім. Жолыққан сэттерімізде ол төмен карап, тілі 
кесілгендей үндемей тұрар еді, ал, мен өзім кұшақтап, бетінен 
де алғаш рет өзім сүйгенмін.
- Атын айтпайсың ба? - Сақыш менің сүрағымды тың- 
дамағандай әңгімесін жалғастыра берді.
- Оның бұйраланған көмірдей кара шашы, бидай өңі, кыр 
мұрны, күлімсіреп қарайтын кішілеу, бірақ отты жанары, 
ойшыл да бір беткей мінезі... бүгінгідей көз алдымда. Амал не, 
тағдыр бізді қоспады, эрқайсымыз жеке-жеке қайыққа мініп, 
өмір ағысымен кеттік. Қосыла алмағанымызға өкінген жоқпыз. 
Адамды бақытсыз ету оңай ғой, ал оны бакытты ету екінің 
бірінің қолынан келетін ерлік емес. Ағасы өлген соң, соңғы рет 
менімен жолыкты да, сенің мэңгілік жарың болды....
Неге екенін өзім де білмеймін, Сақыштың толқып, 
ұялыңқырап айтқан әңгімесін соншалықты жайбарақат, сал- 
кынқандылыкпен тыңдадым. Тіпті бойымда қызғаныштың 
титімдей де оты тұтанған жоқ. Не деп кызғанар едім... Қалай 
ғана? Ақан Алтайдың ару қызын киып тастап, маган - екі
261


байды жұтқан маған жар болғанын мақтан етіп, жар салу да 
жараспас еді. «Жүгірген алмайды, бүйырған алады» деп қазақ 
бекер айтпаған ғой. Ал егер адалынан ақтарылған Сақышты 
жазғырар ма едім. Жоқ. Біз дүниеде кімді таңдап, кімді 
ардактарымызда, кімнің бағы мен сорына жаратылғанымызды 
әсте де білмейміз. Біздің білеріміз - нәтижесі ғана. Арманға 
жету дегеніміз - әбден болары болып, бояуы сіңген ісіңнің 
қорытындысын жинақтау, сол арқылы ақылға келу, өткеніңді 
еске алу, түйін түю емес пе. Ақанға қосылған күннің өзінде 
бақытты боларына кімнің көзі жетіпті. Оны Сақыштың өзі 
де мойындап жатыр ғой. Ендеше, Ақан мың қызға сөз айтып, 
айлы түнде аймаласа да, оның маңдайына атын атамай, «Жуас 
қайным» деп жүрген туган жеңгесі мен жазылған екенмін. 
Дегенмен жүмыр басты, ет жүректі пендемін ғой, «Ақан маған 
үйленгеніне өкінбей ме екен», - деген ой анда-санда мазалай 
беретін. Сол бір жылтыңдаған ойдың үнін өшіретін жалғыз- 
ақ нәрсе бар, ол - қүрсағымдағы жылбысқы нэресте. Жарық 
элемге аман-есен экелу ғана емес, үл ғып экелу - тек сонда 
ғана армансызбын.
- Сен жылап жатқаннан саумысың, - деді Сақыш маган 
қарай аунап түсіп.
- Жоқ, - дедім мен нығыз дауыстап.
Ол сенбеді ме, көзімді сипады:
- Сендей тасқайнат әйел, эй, енді қайтіп жаратылмас-ау.
- Сендей ақкөңіл, адал әйел де туа қоймас, - деп бетінен 
сүйдім.
Қараңғылық басқан. Зуылдап үшқан түн қоңызы мен 
бақаның даусынан озге үн жоқ. Толайым тіршілік шалдыгып 
барып бой алдырып жаткандай момақан. Тоғай арасындағы 
сиыр соқпақпен ілбіп басып, ауылға қайттық. Әрқайсымыз 
өз арманымызды, оз мүңымызды аркалап келеміз. Мүмкін 
екеуміздің ойымызда жалғыз-ақ адам шығар.
- Әттең, соғысқа да алмады-ау, - деп күрсінді Сақыш.
- Бірак ешкі тулап ыңыршағын шаға ма. Осы қу бас болып 
калғаным - қалған шығар.
Мен оны жүбата алмадым. Иэ, жарықтық, ол да өтті 
дүниеден. Ертеңінде наубайханаға барып, нан пісіру жүмысына 
кірістім. Қып-кызыл тілі жалаңдаған жалынның ортасына 
кірдім де кеттім.
262


...Жаздың ортасына таман майданға алынған азаматтар- 
дың орнын басуға жүздеғен қыз-келіншек келді. Улап-шулап, 
сол кезеңнің бар кайғысын, қалған-қүткан қуанышын ала 
келді, айналайын әйелдер... - деп, Акан шал эңғімесін одан эрі 
жалғастырды. Орынбай колындағы ожауымен кесеге кымыз 
үстеп қүйды. - Еркектер енді екі есе жүмыс істеу керек, өйткені 
эйел заты нэзік, жар болуға жаратылған жан ғой, кара күш 
қажет ететін жүмысқа ал дегенде төзе алмайды. Бүрынғыдай 
емес, орман арасында, үлкен өмірден кесіліп калғандай болып 
жататын жүдеу де көңілсіз бараққа жан біткендей қым-куыт 
кызыкка айналып, жайнап, жасарып шыға келғен. Жаздың 
жайма-шуак күні еңбектің де екпінін күшейте түскен-ді. 
Жүмысшылардың көбі сасықбарақтан қашып ағаш түбіне, ашык 
аспан астына түнейтін. Әсіресе, түн баласында Орал таулары 
шоктыктанып, жүндес жакпар тастары айбармен үңірейе 
карауытатын. Шың басына дейін ерінбей ере өскен қарағай, 
қайың мен терек біртіндеп сирексіп, тамыры мықтылары ғана 
сонау үшпа тастың жарығын сыналап өсіп шынарға айналған
- шыңның басына кадаған жалау секілді, етектен қарағанда 
эдемі көрінетін. Жыл кұсындай кикулап келген қыз-келіншек 
пен азаматтар арасында адамдық жақындасулар, сыбырлап 
басталып сыбызғылана жараскан сырластықтар шешек атты. 
Қазір ойлаймын - үлттар, халықтар арасындағы нағыз берік 
достықты нығайтқан соғыс, ауыр шақтағы тағдырластық, 
кара нанды қақ жарып жеген дэмдестік, бір аяқтан ас ішіп, бір 
шүңқырда қатар жатқан бірбүтіндік. Жау - біреу болған соң 
максат та, арман мен үміт те, сезім мен сенім де бірегейленіп, 
кімнің қаны қандай, жаны мен түр-түсі қандай деген сықылды 
эурешілдік эрекеттер мен бөлінушіліктің арасындағы уланған 
жіпті киды да жамырата қосып жіберді.Әлі есімде: біз алғаш 
рет барғанымызда кейбір үлт өкілдері жер бетінде қазақ 
деген халық барын білмейтінін жасырмай айтып еді. Мен 
Свердловскіден келген Иван атты орыспен достастым. Менен 
гөрі ересектеу, еңгезердей денелі, көк көз, сары шаш жігіт 
еді. Соғысқа кіре салып жараланады да, ептеп жазылған 
соң «трудармияға» жібереді. Алғаш келгенде, ауруханадағы 
ерекше күтімнің эсері ме, аппақ сазандай толықша жігіт еді, 
жүмысқа түскен бір-екі айдың ішінде аруаққа айналып шыға 
келді. Өзі біртоға, жолдастарына адал, қолы ашық аңқылдаған
7
263


ақкөңіл. Ол қазақша білмейді де, ал менің нан сұрап жерлік 
орысшам бар еді, осы Иванмен сөйлесе-сөйлесе келе ептеп 
жаттыға бастадым. Ол әлі үйленбеген, елінде жалғыз шешесі 
бар екен, сол кісіні қайта-қайта есіне алып, аяп отырушы еді. 
Украина мен Беларуссиядан келген қыз-келіншектердің бірін 
ала қайтамын ғой деп әзілдеп қоятын. Институттың үшінші 
курсынан әскерге алынған Иванның біздерге қарағанда сауаты 
бар, көзі ашық, көкірегі ояу. Әсіресе, саяси сауаты мол, қазіргі 
майдан жайынан хабардар.
Бір күні ол кешке барақтағы барлық жүмысшыларды 
жинап алып соғыстың барысы, совет жауынгерлерінің жан 
қиярлық ерлігі жайлы эңгіме өткізді. Бүл кен басшыларының 
рүқсатынан тыс, өзіміз үйымдастырған саяси хабар кеші 
еді. Әңгіме арнасын тауып, тұс-тұстан сұрақтар жаудырып, 
қанағаттанарлықтай жауап алып енді қыза берген кезде 
бастығымыз Шахтинский келді де, бидайдай қуырып ұрысты.
- Біздің келісімімізсіз жиналыс өткізуге кім право берді? 
Қане, тараңдар!
- Өз ықтиярымызбен...
- Өздерің неге анда-санда айтып түрмайсыңдар?
- Біз түрмеде жүрген жоқпыз... Өлдік қой әбден...
- Малды да бұлай бақпас...
Міне, осы секілді сөздер жан-жақтан жаңбырша жауып, 
Шахтинскийдің аузын аштырмады. Ол бір қызарып, бір сазарып 
тұрды да: - Жарайды. Олай болса өткізіңдер. Бірақ ақырғы рет. 
Ерігіп жүрсеңдер жұмыс күнін бір сағатқа тағы ұзартамын,
- деді. Көзілдірігін сүртіп киіп, кетуге ыңгайланғанда, Иван:
- Тоқтай тұрыңыз, - деді жолын кесіп.
- Сіздердің бұл карьердегі іс-әрекеттеріңіз маған мүлдем 
түсініксіз. Мыңдаған жұмысшыны орман арасындағы аңдай 
қамап ұстап, қараңғы жұмсап, тағдырмен ойнауға болмайды.
- Сен кім едің бізді тергейтін?
- Мен - соғыста жараланған жауынгермін. 
Қазір 
жұмысшымын.
- Ендеше, жарқыным, өз жұмысыңды біл. Тіл безегенше, 
нормаңды орында. Қарапайым халықтың миын қатырма. Бұл
- еңбек армиясы!
- Еңбек армиясы да, негізгі армияның бір бөлігі. Оқ жауған 
майданда да оң-солымызды танытып, ойын қоятын, хабар 
жүргізетін. Ал сіздер қораға қамаған қой секілді қараңғыда
264


ұстағыларыңыз келеді, - деп, шімірікпей бастырмалатты. Риза 
болып калдык.
- Жоғары жактың рұқсатынсыз жиын откізуге какың жоқ. 
Мұның акыры жікшілдікке, бунтқа апарып соғады. Әлде... 
Өкіметке карсы топ кұрып жүрген шығарсың... Тексереміз. 
Аяқсыз қалдырмаймыз. Тілің тым-тым ұзын екен... Өзің 
партияда бармысың? - деп карсы шабуылға көшіп, Иваннан 
коғамға жат мінездер іздей бастағанда, бағанадан едіреңдесіп, 
жұбы жазылмай тұрған жүмысшылар жылыстап тарап, біртін- 
деп шетіней берді. Байкап түрмын, алғашқы болып атып 
шығып кеткен Қүмырай еді. Мен Иванның касында тұрғанмын, 
Шахтинский қойнына қол жүгіртіп менің де аты-жөнімді, 
қайда, не істейтінімді тэптіштеп жазып алды.
- Партияда өзіңіз барсыз ба, соған күмэнім бар. - Иван 
тайынар емес.
Он жылдык стажым бар, кұрметтім. Сен іштаншаң жүрген- 
де өткенбіз.
- Бекер-ақ болған екен, - деді Иван мысқылдай.
- Не бекер болған?
- Сіздің байқаусызда партбилет алып, бастық болғаныңыз.
- Қысқарт! - Шахтинский шиқандай қызарып ашуланды.
- Я вам покажу где раки зимует! - Шүғыл бүрылып, шапшаң 
басып шығып кетті. Айналама қарасам он шақты жігіт қана 
калыппыз.
- Өзіне де сол керек. Қатырдың. Міне, жігіт, - деді барақтың 
босағасына сүйеніп түрған ак көйлекті, көгілдір көзді қыз.
Осы өзін қуаттаған жалғыз ауыз сөз Иванды арқаландырып 
жіберді ме, кыздың бетінен шөп еткізіп сүйді де: - Қыдыруға 
калайсыз? Қолыңыз тие ме? - деп бірден үсыныс жасады.
- Сол үшін есік күзетіп тұрған жокпын ба, - деп кыз 
сыңғырлай күлді.
- Ендеше, жүріңіз. Жаныңызда қүрбыңыз бар ма? Ақан 
досымды жападан-жалғыз тастап кете алмаймын.
- Сіздікі қызық екен. Әдетте кыздар осылай кылымсушы
еді.
- Қазір менсінбей менменсіп тұрар, жоқ болмаса қыз 
кылымсып, жігіт жағымсып тұрар уақыт па.
- Оныңыз рас кой, бірақ уақыт солай деп, тауыққа да айна- 
лып кеткен жокпыз. Әйел намысын ешкандай жау, ешқандай 
кару-жарақ, аштық пен жоқтық жеңе алған емес. Ауыр уақытты
265


желеу етіп, басына сөйлегеніңізді қайтып алыңыз. Әйтпесе мен 
сізбен қыдыруға шықпаймын.
- Кешіріңіз, асығыс айтылған оғаш пікірімді өзіме 
қайтарыңыз, - деді Иван кыз уәжіне жығылғандығын ұяла 
мойындап.
Біз үшеуміз түн жамылып сыртка шыктық. Қыз өз жатын 
орындарына жүгіре басып кетті де, кұрбысын ертіп қайта 
оралды.
- Ыңғайсыз болды-ау, мен кетейін, - деп күңкілдедім.
- Жеп қояды деймісің. Дем алып, қыдырып қайтайық.
- Мен сен секілді сүр бойдак емеспін, эйелім, үш қызым 
бар, төртіншісін күтіп жүрмін.
- Қызық екенсің, - деп күліп арқамнан қақты Иван. - Саған 
үйлен деп үғіттеп түрған жоқпын. Адам ретінде эңғімелесіп, 
сырласуға болады ғой.
- Қазақтар танымайтын қызбен «әншейін» қыдыруға 
үйренбеген. Ойнаймын деп от бассам, жанасам деп жаныма 
жарықшақ түсіріп алсам қайтемін.
- Ой, сені де жігіт дейді-ау.
- Міне, біз келдік, - деді жадырай күлген бірінші қыз 
жақындай бере. - Танысып қойыңыздар, менің досым -
Надежда.
- Әуелі оз есіміңізді айтпайсыз ба? - деді Иван қолын 
үсынып. - Менің атым - Иван, мына жігіт - Ақан деген қазақ.
- Мен - Галинамын.
Осымен қысқаша таныстық аяқталды.
Иванның сөзі түйеден түскендей оғаш естілді ме, қыздар 
ыңғайсыздана ошарысып қалған. Ақырын басып, орманға 
карай беттедік. Барактан үзап кетуді қаламаған қыздар жүз 
қадамдай жүрғен соң тартыншақтай бастады.
Шілденің түні жылы. Ай толып, он бесінен асқан әдемі 
шағы еді. Айдың сэулесі ағаш арасынан шүбарлана, сыналап 
сәуле шашады. Иван мендей емес еті тірі, пысық жігіт қой, 
Галинаны ыңғайлап бөліп алып кетті. Біз біразға дейін не 
айтарымызды білмей үнсіз түрып калып едік. Мен орысшаға 
шорқақтығымнан жасқанып жак аша алмадым. Тегі, қыз 
әңгімені мен айтар деп күткен болуы керек, ол да алғашқы сөзді 
бастай қоймады. Тіпті ыңғайсыз-ақболды. Көкейімде «бекер-ак 
келдім» деген өкініш бар. Гүмырымда бірінші рет жатжұрттык 
қызбен катар тұрмын. Түсім секілді. Оның ажарын ала көлеңке
266


орман арасында анықтап байкай алмадым. Ол колындағы 
жапырақты жұлмалап, төмен қарап тұра берді. Өзімді-өзім жек 
кордім, ынжықтығымды ауылымнан көрдім. Қорада байлаулы 
өскен бұзау секілді жуастығым тілімді байлады. Дірілдеп, 
сескенғендеймін бе-ау... Бар қолымнан келғені, бар білетін 
орысша сөзімді қолдандым.
- Как вас зовут - дедім.
- Я же вам сказала: Надежда, - деп кыз күлді. Кірерге 
жердің тесігін таппадым. Алайда осы оспадарлыктың өзі де 
екеу арадағы қамалды бұзғандай еді. Шоқырақтап біраз жөн 
сұрасқан болдық.
Надежда Украинадан эвакуациядан келген екен. Ол сыртта 
жүргенде үйлеріне бомба түсіп, өзінен басқа тірі жан калмай 
қаза тауыпты. Екі көзінен жас парлап, болған уақиғаны айтып 
бергенде, сай-сүйегім сырқырап, жанарымнан жас қалай 
шыққанын байқамай қалдым. Қабырғам қайысып аядым. 
Оның жанында біздікі еріккеннің ермегі екен-ау деген ой 
келді. Қарғадай кыздың он екіде бір гүлі ашылмай жатып, 
осыншалық қасіретке үшырағаны, менің өмірге деген бұған 
дейінгі салкындау көзқарасымды қатайтқан еді. Шыбық тимей 
шыңқ етер жігерсіздіктен арылып, кайғы мен қиындыққа 
мойымайтын беріктікті үйреткен.
- Мен қайтып туған жерім Львовқа бармаймын, - деді 
Надежда көзінің жасын сүртіп. - Осы Орал тауының шығысына
- Сібірге аттанамын. Соғыс аяқталса болды, бақытымды сол 
суық та тыныш қалың тайганың арасынан іздеймін.
- Неге? Кісі өз ауылынан, өз елінен қаша ма екен?
- Өйткені, соңғы ғасырда жау тек кана біз жақтан шабуыл 
жасай береді.
- Қызық екен, - дедім мен. - Жау тиді екен деп жан сауғалап 
кетуге болмайды ғой.
- Ондай патриоттық сезім менде жок дейсіз бе? Жазығым
не?
- Қайдам. Бірақ енді жау шаппас. Шапса да батыстан емес.
Алакөлеңке орман арасында түннің жарымына дейін
әңгімелесіп түрдық. Біздің арамызда бөтен ой болған жоқ, 
сезімнің жетегінде де кетпедік, эрқайсымыз оз мұңымызбен 
эуре едік. Түу шығыстағы біздерді, түу батыстағы Надежданы 
Оралдың қалың қарағайлы орманына төге салған зұлматтың 
әсері екіұдай еді. Бүған дейін көз көріп, аяғымыз жетпеген
267


мүлдем басқа үлттың өкілдері бір шаңырақтың астында бірігіп, 
қара нан, үсіген картопты бөліп жедік. Түр-түсіміз, тіліміз 
бен дініміз бөлек демедік, бір кісінің баласындай маңырап 
табыстық. Отан соғысы біздердің басымызға қайғының кара 
бүлтын ғана төндіріп қана қойған жоқ, біздерді айнымас үлы 
достыққа да үйретті. Ат жалын тартып мінгеннен бері менің 
үғымымда: әйел мен еркек жакындасса тек қана сүйіспеншілік, 
ашыналық ойдың желігі деп түсініп келген мен, жыныстық, 
ғашықтық қатынастан да биік, киелі Достық барын алгаш рет 
сана сарабына салдым. Әсіресе, Надежданың қолымнан үстап 
түрып: - Егер киім-кешегіңіз кірлеп кетсе немесе жыртылса 
маған бере салыңыз, қалай дегенмен эйел затымын ғой, 
жуып, жамап берейін, - деген қамқор сөзі көңілімдегі көк 
мүзымды еріткендей еді.Біз бүдан кейін де сан рет жолығып, 
жүбымыз жазылмай жарасып жүрдік. Елдің өсек-аяң қаңқу 
сөзін тыңдамадық. Ағалы-қарындастай туыстық таза сезіммен 
қиындықты қатар түрып қарсы алдық.
Ай қораланғанда бараққа қайттық. Иван элі келе қойған 
жоқ екен, төсегі бос жатыр. Жүмысшылар шырт үйқыда, тек 
қана Қүмырай ояу, теріс қарап дорбасын ақтарып, тамақ жеп 
отыр екен, маған алая қарады да, үрлығының үстінен түсіп 
қалғанымды жақтырмағандай, оны-мүнысын жасыра қойды. 
Аузын сүртіп: - Иә, жігітім, хахолдың қыздары қандай болады 
екен. Ауылдаспыз ғой, маған да ауыз тигізсеңші, - деді күлген 
болып.
-
Әйелің 
жіберген 
сәлем-сауқаттан 
бөліскендей-ак 
сойлейсің-ау. Сэресі ішіп отырсың ба, тауық шақырарда тамақ 
іше ме екен...
- Енді эркімнің кәсібі эртүрлі гой. Сен ойнас жасайсың, 
мен оразамды ашамын...
- Қаныгын білмей түрып оттама!
- Сонда қалай, мысық пен тышқан ойнадыңдар ма?
- Әй, қайран қазағым-ай, иегіңнің астындағыны ғана ойлай- 
сыңдар-ау, қайтейін. - Қажып, таусылып айттым. Надежда екеу 
арамыздағы терең де мөлдір сезімді оған таң атқанша айтсам 
да түсіндіруім мүмкін еместігіне көзім жетті де, тас бүркеніп 
жатып қалдым. Көзім іліне бергені сол еді, бараққа әлдекімдер 
кіргендей болды. Иван келген шығар деп басымды көтердім. 
Ол емес қасына ерткен милиционері бар, бастығымыз екен.
268


-И ван кайда?-деді дауыстап. Таң алдындағы окыс айғайдан 
жұмысшылардың барлығы да өре түрегелді. Әркайсысы өз 
төсектерінде көздерін тырмалап ашып, үрпиісіп отыр.
- Ол кыдыруға кеткен, казір келеді, - дедім мен.
- Қыдырғанның көкесін көрсетейін мен оған. Мүмкін 
кашып кеткен шығар.
- Қашатындай не көрініпті. Жау ма екенмін, - деген 
үннен барлығымыз жалт карадық. Барақтың есігінде тобесі 
маңдайшаны тіреп серейген Иванның өзі түр еді.
- Иә, жаусың?! - деді Шахтинский. - Сен үсталдың.
- Жазығым не?
- Жазығың сол - бүлік бастадың. Саясатка карсы сөз 
айттың. Тергейтін жер бүл емес. Оны-мүныңды тез жина да, 
алға түс.
- Түрған бойым осы.
- Тіпті жақсы.
- Жігіттер, - деді Иван есіктен шыға беріп. - Жалғыз 
шешем бар еді, хабарлай салыңдар. Естеріңде болсын, бүлай 
өмір сүруге болмайды, ауданға барыңдар. Согысқа сүраныңдар. 
Біздің карьерде бір шикілік бар. Нағыз жаудың кім екеніне 
ертең-ақ көздерің жетеді.
Менің адал да ақкөңіл Иван досым осылайша жазыксыз 
колды болды. Қоң етімді кесіп әкеткендей бір түрлі 
қоңылтақсып көңілсіз жүрдім. Ал Галина болса: «Маған осы 
жігітті де қимадың-ау», - деп көп жылады.
Иван үсталып кеткен соң, жүмысшылар бүрынғыдан әрі 
сақтыққа көшіп еді. Қиюы келіспейтін бір нәрсенің барын сезсе 
де іштей тынып, таскерең үнсіздікке, көнтулақ конбістікке 
көшкен. Ортамыздағы оқ көрген батыл жігітіміз істі болып, 
зым-зия жоғалған соң, суырылып шығып шындықты айтар 
өжеттердің үні өшкен. Сылп-сылп жүріс, сыбыр-сыбыр сөзден 
басқа қарекетің жоқ, артын баққаннан басқа айла таба алмай 
сарсаңга түстік. Майдан шебінен де хабарсызбын, тіпті соңғы 
күндері «Жаудың беті жаман екен, біздің әскерлер шегініп 
барады», - деген лақап тарай бастады. Әрине, біз ондай 
алыпқашты сөзге сене койған жоқпыз. Сенбесек те эркімнің 
көкейінде үрей елесі үялай бастаған-ды. Жалғыз-ақ міндетіміз
- топырақ қазып, болат қорытып жатқан алып заводтарға 
жөнелту, эрі тез, эрі мол жөнелту. Осы ғана ма еді? Совет адамы 
болған соң, тек гиісті жүмысымызды істеп тастап, қайғысыз,
269


шалқадан түсіп санасыз жату ма?.. Ел басына туған қаралы 
күннің ыстық-суығына ойша болса да ортактаспай, Отанға 
төнген қауіпке қабырғамыз қайыспай, көртышқанша үңгіп жер 
қаза берсек, азаматтығымызға, тіпті, тэңірім-ау, адамдығымызға 
сын емес пе. Неге біз, өндірдей-өндірдей жігіттер істі болып, 
айдалып келгендей, көзге көрінбейтін, эзірше белгісіз, бірақ 
іштей сезіп жүрген қоршаудың ортасында, баяғының құлақкесті 
қүлдарындай, мэңгірген күйде мэңгі тыныштықты шуақтап 
жүре беруіміз керек. Жау жағадан алғанда, бөрі етектен 
алды дегендей, осы жүмбақты халіміздің ар жағында қаскөй 
эрекет түрған жоқ па? Міне, осындай күмэн мен мазасыздық 
талайымыздың жүрегімізде жасырын жанып жатқан еді. 
Он жігіт арыз беріп майданға сүрандық. Онымызды бірдей 
кеңсеге шақырып алды да: - Иванның кебін киесіңдер, тыныш 
жүріңдер, соғысқа жіберер болсақ, сендерден сүрамаймыз,
- деп қатты ескертіп қоя берді.
Ауылдан аттанған бес жігіттің ең кішкенесі - Бура еді ғой. 
Бір күні ол зым-зия жоғалып кетті. Іздемеген жерім жоқ. Көктен 
күдай, жерден шүнай алғаны белгісіз. Із-түзсіз ғайып болды. 
Алғашында қашып кеттіге жорыган жігіттердің қаңқу сөзіне 
сенбедім. Әне келеді, міне келедімен бір тэуліктей уақыт отті, 
хабар жок. Елден келген азаматтарға бас-көз болып, олар да мені 
жан тартып, (Қүмырайдан басқасы) үйірсектеп жүргендіктен, 
бар жауапкершілік маған түскен еді. Ал десятнигіміз болса, 
«осының барлығына сен кінэлісің» деп, жан алкымнан алды. 
Ақсақалымыз Қаймақпен ақылдастым.
- Қашып кеттіге жүрегім сенбейді, аға, - дедім. - Акыл 
косыңыз, не істейміз? Байғүс бостан-босқа сотталады ғой.
- Мен білсем, ол бір жерде тығылып жүр. Анда-санда 
жоғалып, табылатын әдеті бала кезден бар еді. Баяғыда 
Шабанбайда шөп шауып жүргенде де осылайша үш күн қарасын 
батырып қайтып келген. Ол кезде бэрі кешірімді, заман тыныш 
еді ғой. Бастықтардан бір күнге сүранып, осы маңайды ізде,
- деді.
Бастықтар рүқсатын берген соң, ертелетіп түрдым да, жолға 
шықтым. Жолға шықтым деп эншейін айтамын, Оралдың тау- 
тасты қалың орманын сүзіп, эр бүта-қараған, қуыс-қуысына 
үңіліп, мая ішінен ине іздегендей аралап келемін. Көрмеген 
жердің ой-шүқыры коп дегендей, бейтаныс таудың жөн- 
жосығын білмей, нейбетке қаңғырғаным болмаса, қай түсты
270


қарағанымнан хабарым жоқ. Қалың ағаштың ішіне кірген 
соң, батыс-шығысымды ажырата алмай, өзім адаса жаздадым. 
Ондай сәтте тырмысып жақпарлы тасқа шығамын да, оң- 
солымды шолып, қайта етекке түсемін. Осылайша күр бекерге 
сандалумен кешті батырдым. Қас қарая әбден сүлдерім күрыи, 
күдерімді үзе қайтуға бет алдым. Осы шакта сонау кепештігіне 
терек өскен қож-қож кара тастың түбінен от жылтырағандай 
болды. Салып-үрып жетіп баруға, ал дегендежүрегім дауаламай, 
аңтарылатүрып қалдым. Содан соң не де болса деген тәуекелмен 
бір басып, бейне бір арыстанның апанына бара жаткандай, 
жакындадым. Орман ішінде үрлық жасау қиын ғой, эр бүта, 
қуарған бүтақ сыртылдап, дыбыс беріп, әлемге әйгілеп қояды. 
Бойымда қоркыныш бар. Мысыктабандап такалғанымда, өз 
көзіме өзім сенбедім, элденені отқа коміп, пысылдап Бурам 
отыр. Қолы, бет-аузы күйелеш-күйелеш, ертегідегі жалмауыз 
шалдай, бүкшің қағып, қап-қара домаланған нәрсені компаң- 
қомпаң асайды. Жетіп барсам, шошып қалып, өзімді тарпа 
бас салатындай көрінді, тіпті түра қашып, айырылып калуым 
мүмкін. Не де болса деп, дыбыстадым. Шаланы көлденең 
үстап, айбат шекті. Мені элі көрмеген секілді.
- Бура, мүның не, менмін ғой. Ақанмын. Таста қолыңдағы 
шаланы.
- Сен неғып жүрсің? - деді көзі шоқ болып жанып.
- Сені іздеп жүрмін.
- Мен немене, қашқын ба екенмін. Ертең өзім-ақ оралар 
едім ғой.
- Тасташы қолыңдағы қаруыңды. Әңгімелесейік, - дедім 
жақындауға элі де сескеніп. Ол шаланы отқа тастай салды 
да жүрелеп отыра кетті. Жайнап жатқан шоқты көсеп-көсеп 
жіберіп, кара домалақ тамағын алып шықты.
- Кел, Ақан, қарның ашып жүрген шығар. Картош жейік,
- деді ыржия қарап. Мен сонда ғана эзірде әзірейілдей корінген 
досымның касына бардым.
- Бэтір-ау, мүның не? ¥ ят қой. Картошканы қайдан алдың?
- Несі үят, - деді ол картошканың қабығын аршып. Шоқтан 
шыққан картошка алақанын күйдіріп, үрлеп суытып, қалбырақ 
қағып аузына салды. Күйгізеді білем, шок шайнағандай тілін 
арпалыстырып, қинала жүтады. Мен оның ашқарақтанған қара 
ала, торы ала жүзіне қарап отырып, бүған дейін мүлдем көрме- 
ген бөтен біреуді жолықтырғандай, жат мінезбен жек көрдім, эрі
271


қабырғам қайысып аядым да. Оның жүзінен қиындықтан қашу. 
жоқ болмаса, әйтеуір, жан сақтайын, қаратышқандай қыбырлаг 
тірі жүрейін деғен жымсыма қулықтан гөрі, балалығы элі 
арылмаған аңқау да адал адамның бейкүнә қылығын аңғардым 
Осы кішкентай кезінен бері арылмай келе жатқан шолжак 
мінезі өзіне сор болып тиерін біле ме екен айналайын Бура 
Білмейді ғой. Білсе тапа-тал түсте, күйіп түрған заманда тәулік 
бойы жасырынып, отқа картошка көміп жер ме еді. «Ертек 
өзім-ақ оралар едім ғой», - деді. Кісінің күлкісі келетін қылық- 
ау, амал не, күлуге де уақыт жоқ. Енді мүның бүл балалығыг 
кімге, калай түсіндіруге болар...
- Кел, картошка же, - дейді қаперсіз. - Мына таудың арғь 
етеғінде ауыл бар екен. Огород толған картошка. Қарным ашқаг 
соң бір түбін қазып алдым.
- Қүдай-ау, бастықтарға не дейміз? Сотталасың ғой!
- Неге? Мен кашып кеткен жоқпын. Баяғым есіме түсіп.. 
Соттаса - соттай берсін, қорқарым жоқ. Сен секілді артымдг 
қалған бала-шағам бар ма, қүйрық жалғыз қу жалғызбын 
Елдің қорымын.
- Үміт-тілегің алдыңда емес пе. Елге аман-есен барсак 
үйленесің.
- Бойы бір қарыс жігітке қыз қараушы ма еді. Әйелііу 
алдына алып элдилеп отыра ма?
- Сен де қайдағыны айтады екенсің. Бар мэселе бойда тұр 
ма екен?!
- Еркек болып жаратылған соң ер түлғалы болғанға не 
жетсін, - деп күрсінді. - Ал қайтсақ, қайтайық. Бір күн жүмысқг 
шықпағанға қирап қалмас.
- Қызықсың-ау, Бура. Егер соғыста жүрсең майдан шебік 
тастап кетіп қалшы, не болар екен.
- Не болады? - деді сол аңқау қалпымен.
- Атып тастайды.
- Атпақ түгіл, аспаққа асса да бір күн жоғалып, өз еркіммек 
қайтып барар едім.
- Тфу, саған айтып сөз, үрып таяқ өтпейді екен. Дауасызсың 
Өз обалың өзіңе.
- Сен ара түспей-ақ қой. Арым таза, соны ғана білемін. 
Егер адамның жанында не жанып жатқанын зерттеп, анықтал 
барып жазаласа, онда Қүмырай бірінші болып сотталуы керек, 
Амал не...
272


- Амал не... Ондай анықтағыш кұрал ойлап табылған жок 
қой. Сондықтан да сотталасың, - дедім мен күрсініп. Біз қалың 
ағаштың арасынан барақ жақты түспалдап жолға шықтық. 
Жанымда жүдырықтай ғана болып, бүлкек-бүлкек еріп 
келе жатқан Бураның ертеңғі тағдырын ойладым. «Балалық 
жасады», - деп кімғе айтып, үктыра аламын. Өмірде осындай 
еркелік жасап алып, ғүмыр бойы азап шеғетін адал адамдар 
бар. Ал қулығына қүрық бойламайтын арамзалар жалғанды 
жалпағынан басып жүре береді.
- Неге екенін білмеймін, бараққа барғым келмейді, - деді 
Бура тартыншақтап. - Жүрегім бір түрлі дауаламай келе жат- 
қаны. Сотталамын-ау деген қоркыныш емес, жо-жоқ жазадан 
қашпаймын. Басқа... өзім де білмейтін белгісіз үрей бар 
бойымда.
- Қой енді... қыңырая берме, деп қолынан жетеледім.
- Қоя бер, - деді ол дірілдеп. - Қоя бер. Қаша жөнеледі 
деп кауіптенесің бе? Сен іздеп келмесең де өзім қайтып барар 
едім.
Біз сыбдыр-сыбдыр аяңдап үнсіз келеміз. Жатын орынға 
жақындай бергенде Бура басқа үрғандай қалт түра қалды.
- Сен сезесің бе, Ақан, - деді үні дірілдеп. - Сен мені өлімге 
ертіп келе жатқан секілдісің.
- Былжырамашы. Барған соң көрерміз. Бастықтар да адам 
түсінер.
- Бірак сен түсінбедің-ау менің қазіргі халімді. Өмірімде 
бірінші рет үрей биледі мені. Үрей!
Алдыма түсті де томпаңдай жөнелді.
Бүл істің ақыры жақсы аяқталды. Бастықтар Бураны 
соттаған жоқ. Қаршадай немені түрмеге қамап қарқ болмаспыз 
деді ме, үрсып-үрсып, бір ай тегін жұмысқа кесті. Мені де 
тек қалдырған жоқ, сөгіс берді. Бірақ Бура аман құтылғанына 
куанған жок, «соттағаны жақсы еді» деп, күн өткен сайын жүдеп, 
ұнжырғасы түсе жүмбақты жүрді. Үлкен жаңалық ашатындай 
лэм деместен оңаша отырады да қояды. Әйтеуір, қалқайып тірі 
жүр дегені болмаса, атам заманда өліп қалғандай, бұл дүниеде 
бар-жоғы белгісіз.
Сол жоғалып, қайта табылған күннен бастап, жерлесіміз 
Бураның өз-өзінен жансыздана бастаған тірі өлік бейнесі, оты 
соніп, қоламтаға айналған жанары, тілі кесілгендей үн-түнсіз 
саяқ жүрісі бәрімізді таң қалдырды. Бұлайша азаптанғанша 
соғысқа аттандырар ма еді деп ойладым.
273


...Ертеңіне наубайханаға барып, нан пісіру жұмысына 
кірістім. Тілі жалаңдаған қып-кызыл жалынның ортасына 
кірдім де кеттім, - Алма кемпір әңғімесін одан әрі жалғастырды.
- Ауыл адамдарының тайлы-таяғы қалмай шөп науқанында. 
Көшеде бірлі-жарлым ойнап жүрген жас балалар болмаса, 
ересек адамнан ешкімді көре алмаймын. Ол шақга кэрі 
болсын, жас болсын қол кусырып қарап отырған немесе екі 
қолын қалтасына салып салақтап бос жүрген кісі көрінбейтін 
еді, зэуде көрінсе, көзге шыққан сүйелдей оғаш сезілетін де, 
адам өз-өзінен үят отына өртеніп, кірерге жердің тесігін таба 
алмаушы еді-ау. Тамыз аяқталуға жакын қалса да аптаптың 
беті қайтпаған. Сол жылы жазда күн аса ыстық болып еді. 
Кешелер ғана соқалап жыртып, тас қазып суарған егіндік бас 
жарып, Күркіреме мен Жаманашының беткейі жайқалып түр. 
Қарасаң көз қуантады, көңіл сергітеді. Сергелдеңге түскен 
ел үшін бүл да болса үлкен мерей, жүдеген жанға медет еді. 
Жарықтық табиғат екеш табиғат та бейкүнэ де бейбіт халықка 
көмектескендей мейірімін аяған жоқ. Біз де қу жанымызды 
аяладық па, таңды таңға үрып қимылдадық.
Тамақтың ортасында жүр деген аты болмаса, үн илеп, пісіру 
де азабы көп жүмыс екен. Таңғы тауық шақыра сүйретіліп 
орнымнан түрамын. Жалғыз сиырды қақтап сауамын да, 
бүзауына қалдырмай сығып алған сүтті пісіремін. Содан соң 
қүстай үшып наубайханаға асығамын. Кеше түнде жасап кеткен 
ашытқы көтеріліп, ағаш күбіден аузы-мүрнынан шыға тасып 
түрады. Білекті түріп жіберіп қамыр басамын, илеуі әбден 
қанган соң, қалыпқа салып, жалындаған пештің шаласын алып, 
шоғын азайтып қамырды салып, көмейіне жүгіртемін. Ак тер, 
қара терім шыга сүмек болып терлеген қалпым жалынға шыдай 
алмай сыртқа атып шығар едім де, бетімді суық суга жуар едім. 
Шырмауық ашытып, ертең пісірер нанның қорын эзірлеіімін. 
Міне, осылайша жанталасып жүріп күніне бір центнер нан 
пісіремін. Пештен шығаратын нанның салмағы - 50 килограмм 
болу керек, міндет сондай.
Айы-күнім жетіп, аяғым ауырлағандықтан ба, жоқ болмаса 
әбден болдырып шаршағандықтан ба, білмеймін, үнемі шала 
үйқы болып, қалжыраған мен пешке нан салып қойып, алуды 
үмытып үйықтап қалыппын. Не қара басқанын бір тэңірім 
білер, әйтеуір пеш толған нанды жеуге жарамсыздай ғып
8
274


күйдіріп алдым. Колхоз бастыкка керегі осы еді, камшы үйіріп, 
«қарабет» деп қатты үрысты. Елу килограмдай нанды мойныма 
қойды. Әйтеуір, жүмыстан шығарып тастаған жок.
Әлі есімде сонда тоғытып пісіріп, топырлатып жөнелтіп 
жатқан нанның шетінен бір үзіп жеуге жасқанушы едім. 
Қарным ашып, көзім қарайып қүлайын деп түрсам да, дэмін 
де татпастан үйге келіп, енем қарып койған күйік-күйік қара 
қарманы қарбыта асаймын. Менің бүл ақ жүрек адалдығыма ол 
кезде, әрине, ешкім сенбеді, тіпті қазір де илана қоюы екіталай. 
Не десе де имандай шыным осы. Егер істеген ісімнен иненің 
жасуындай болса да мін тапса, зәредей болса да үрлығымның 
үстінен түссе - өзіде шығайын деп түрған көзді шүкып 
алғанмен бірдей еді. Бүгін бе, ертең бе босанайын деп отырған 
сәтте, үйдің іргесінен тапқан жүмысымнан айырылып қалуым 
оп-оңай. Ендеше, тек жүрсең - ток жүресің, ақ көңілдің аты 
арып, тоны тозбайды деп, бекер айтпаған ғой, нанның арасында 
аштан өлсем де, сүғанақтық жасамайын деп ойладым.
Дэу пештің жайнаған шоғын сөндіріп алған соң, шелекке 
салып қоямын да, үйге ала қайтамын. Қарағайдың кесек-кесек 
көмірі самаурынды тез қайнататын. Нанды пештен шығарып, 
бетін жауып, наубайхананың қүлыбын салып, аяңдап үйге 
келе жатыр едім, әлдекімнің: - Әй, албасты, тоқта! - деген 
даусы саңк ете қалды. Қараңғыда оқыс үннен балам түсердей 
шошынып қолымдағы шелекті тастай бере «көтек» деп отыра 
кеттім. Дүрсілдеген жүрегімді әрен басып, козімді ашсам -
алдымда Нартай түр. Аттан түсті де шелекті төңкеріп, ішіндегі 
көмірін төкті. Мен аң-таңмын.
- Не іздейсіз, аға? - дедім даусым қарлыға.
- Албасты, үрлығыңның үстінен шықтым-ақ деп едім, бүгін 
үрламапсың, - деді элі сенбегендей жайрай шашылып жатқан 
көмірді қамшысымен түрткілеп.
- Неңізді үрлап едім?
- Мүләйімсуін. Сенің семьяң үлкен. Он шақты боқташакты 
не беріп асырап жүрсің. Әрине, үн жымқырасың. Көмірдің 
астына нан, түз үрлап салып, күнде үйіне тасиды деген арыз 
бар. Қане, қаншасын алдың, шыныңды айт. Ұрыспаймын, тек 
еңбеккүніңнен үстап қаламын.
- Ой, ағай-ай, кім айтып жүр ондай өсекті? Алла сақтасын. 
Бала-шағамның атынан ант ішейін, бір жапырақ нан үрласам 
қүдай төбемнен үрсын, - деп безек қаға қарғандым.
275


- Әй, бэрібір сенбеймін. Сен албастыдан шығады, - деп ак 
боз атына мінді. - Ертең келесі айдың военсалығын төлеңдер.
- Ойбай, ағатай-ау, екі-үш айға бір-ақ толеп едік қой.
-
Ендеше, келесі жылдан күтылыңдар, - деп, астындағы 
атын солқылдата кеңк-кеңк күлді. Содан соң тебініп қалды 
да, қара жерді дүрсілдете шаба жөнелді. Тасқа шақыр-шүқыр 
тиген тағадан от шығара түннің қап-қара қойнына сіңіп жок 
болды.
- Жоқ болғыр. Қараң өшкір. Ерді бермедің деп ерегісіп 
жүрсің-ау. Мэ-мэ мынаны аласың! - деп, соңынан топырақ 
шашып, қолымды шығарып долдандым. Қатынның қолынан 
одан басқа не келуші еді.«Ақаным аман-есен оралсын. Аяғымды 
жалатармын 
айдаһар. 
Аканым аман-есен келсін...»Үйге 
жеткенше ботадай боздап жыладым. Мен осылайша, ешкім 
жоқ оңашада көз жасымды ата-енем, бала-шағама көрсетпей 
төгіп-тогіп алушы едім. Жарықтық жаңбыр жауса жер көгереді 
ғой, ал көз жасынан соң көңілің сергіп, бойың жеңілдеп қалады 
екен. Егер соғыс кезінде аққан көздің жасын бір жерге жинар 
болса, сөз жоқ, айдын шалқар көл болар еді. Иә, біздерді 
соғыс қартайтқан. Біз, әйелдер, жүмыстан әсте де шаршаған 
да қажыған емеспіз. Біздерді уайым-кайғы шаршатқан. Енді 
ойлаймын, әлемдегі ең қажырлы, шыдамы берік, жаны сірне тек 
қана әйелдер! Біз әрқайсымыз майданда жүрген он азаматтың 
ауыртпалығын тартып, он азаматтың жүмысын атқардық. Рас, 
еркек бол деді - еркек болдық. Жесірлік пен жетімдіктің зарын 
біздей тартқан ешкім жоқ. Озегіміз өртеніп, беліміз талып 
келіп сүп-суық төсекке қисая саламыз. Түсімізден шошып 
оянып, «А, қүдай ер-азаматты сақта, а, қүдай Отанды сақта», 
деп тэңірге жалбарындық. Жауды жеңген қару ғана ма... жауды 
жеңген мыңдаған әйелдің тілеуі, мыңдаған әйелдің қарғысы. 
Жауды жеңген жауынгерлердің қаны ғана ма, жауды жеңген 
аңыраған ананың, қырмызыдай қыздардың сорғалаған көз 
жасы. Соғыста жесір қалған эйелдердің көбінің көзі көрмей, 
жанары суалып қалғаны содан, айналайын.
Бірді айтып, бірге кете бердім-ау. Арада он күн өткенде 
Аканымнан хат келді. Пешке нан салып қойып, жалынның 
жарыгымен ежіктеп оқып шықтық.
Ақанның хаты: «...Алтайдың асуындай, Бүқтырманың 
тасуындай, асқар да мөлдір сәлем жолдаушы Ақаның. 
Жалғанда сенен ардақты, сенен асыл кім бар маған. Сондықтан
276


да алғашкы сұрарым өзіңнің денсаулығың. Қара нардай 
каскайып, алысқанмен алысып, айтысканмен айтысып жүрғен 
шығарсың, жарықтығым. Атам-анам, балалардың дені-карны 
сау ма, ауыл-аймақ аман ба? Не жаңалық бар? Әскердегі Бағдат 
пен Актайлактан хабар-ошар бар ма? Тірі ме екен өздері? Үйге 
хат жазса маған адресін салшы. Біз аман-саумыз. Баяғы жер 
копару, топырақ тиеу, басқа өзгеріс жок. Жағдайымыз жаман 
емес, тамак тоқ, уайым жок деген секілді... Мүндағы бізді 
койшы, елдегі сендер, соғыстағы азаматтар аман болсын. 
Баска тілек бар ма. Екі ағайыным жаумен алысып жүргенде, 
көртышканша жер казып, бас сауғалап жатканыма өкінемін 
де. Қайтейін,тағдырдың жазуы солай болған соң. Таңертең 
күн шыққан сайын сендерді есіме аламын, өйткені біздің ауыл 
сол - Күннің астында ғой. Кешке күн батқан сайын Бағдат пен 
Ақтайлақты есіме аламын, өйткені олар күнбатыста қан кешіп 
жүр ғой. Мені уайымдамаңдар. Алмажан-ай, бүл зүлпаттың 
да акыры болмас деймісің. Жау жеңілер, ысқырып, эн сап біз 
де елге кайтармыз. Акмет ағамнан калған ерді атка ерттеп, 
баяғыша байсалды ғүмыр кешер күн де келер. Жүрағаттарға, 
сұраған жанға үш қайтара сәлем айт. Айтпақшы, ұмытып 
барады екенмін-ау. Кеше көзім ілініп кеткен екен, түс көрдім. 
Қынымда сармойын, мүйіз сап пышақ, астымда аспанға атылған 
арғымақ уралап батысқа шауып барады екем деймін... Сенің де 
күнің жақындап калды-ау... Шүйіншілі хабарға жорыдым. Ал 
хош сау бол! Көп киналма, көп жылама.
Сәлеммен, Ақан».
- Күмісжан-ау, мүндай хаттан соң Қап тауын ас десе де 
аспаймын ба, - деді Алма кемпір жүзіне нүр жүгіріп.
- Ал мен ешкімнен хат алып көргем жоқ, - деді Күміс күліп. 
Орынбай екеуміз ауызша сөйлестік. Ол тіпті әскерге де барған 
жок.
- Әскерге бару арман ба екен, - деді Алма кемпір күрсініп.
- Маған салса жер бетіндегі мүқым эскер атаулыны таратып 
жіберер едім.
Сонымен Ақанның хаты бойға куат, жанға жігер берді. 
Адам куанышты хабар естісе шаршағанын ұмытып, лақтай 
секіріп, ойнап шыға келмей ме. Күндегідей емес, бүгін нанның 
бетін күйік шалмай, сарғайып қана эдемі піскен секілді. 
Күндегідей емес, бүгін үш-төрт салымға жететіндей етіп, 
үн елеп тастадым. Көңілім тасып, мұрнымнан ыңылдап эн
277


айтамын. Тіпті, кұрсағымда нәресте жатқанын да ұмытып, 
қапшағай қимылдаймын. Жұмысты адамның қолы емес, көңілі 
істейтінін сонда білдім.
Маған көмекші болып Мағзия деғен эйел істеуші еді. 
Қак-соғы, ұзіп-жұлып кетер сұғанақтығы жоқ, біртоға жуас. 
Маңдайымнан тер сорғалап, шырмауық қайнатып тұрған 
маған қарап: - Алмажан-ай, қатты қимылдамасаңшы, ішіңдегі 
балаңды түсіріп аласың ғой, - деп жаны ашитын. Сол кезде 
біз мықты болдық па, жоқ болмаса қүрсақтағы сәбиіміз мықты 
ма, білмеймін, тыным таппай арпалысқанда «Алла, белім» 
демеуші едік. Қазір ғой, босанғанша екі ай, босанған соң бір 
жыл шырпы басын сындырмай үйінде жатып алады.
Күз туып, егін орағы басталған. Биылғы күздің өзі де аса 
бір жылы шыраймен келіп еді. Мэңгі таусылмайтын шаруаның 
қамымен жүрген колхозшылар шөп науқанын аяқтап үлгермей- 
ак астық бастыруға кірісіп кеткен. Соғыстағы азаматтардың 
бірсыпырасынан қара қағаз келіп, қара жамылған әйелдердің 
саны күн өткен сайын көбейе берді. Жылай-жылай көзі қызара 
домбыққан әйелдер бэрібір қаздай тізіліп қырманға кетіп 
бара жатар еді. Осындай бір қыркүйектің мамыражай әдемі 
шағында, кайғы мен мұңнан жер қайысқан күннің бірінде 
наубайханаға Сақыш келді. Бұрынғыдай емес, жүдеген, үнемі 
кызыл шырайланып тұратын беті тотыққан. ¥шқынданып, 
күн түскен айнадай жарқырайтын жанары шүңірейген, ұясына 
кіріп кеткен. Әлденеден көңілсіз, әлденеден шайлыққан.
- Амансың ба, Алма, - деп босаға тұстағы бос шелекті 
төңкеріп отыра кетті. - Түу, жарықтық, нанның иісін-ай!
- Өзің қалайсың. Жағдайың жақсы ма?
- Жағдайдың несін сұрайсың, өлмеген соң сүйретіліп 
жүрген ғой.
Түйеше он екі ай көтеретін болғансың ба, неге босанбайсың,
- деп езуін жымитып қалжыңдады. - Енді кешіксең, баланың 
әкесі Ақан емесіне жүрт күмэндана бастайды.
- Сен де қызықсың, Сақыш. Уақыты келмесе, жүлып 
тастайын ба. Тезірек босанайын деп, каттырақ қимылдаймын, 
болмай жүр.
- Дегенмен мықты екенсің, - деді бетіме тесіле қарап. 
Содан соң көкейінде іркіліп тұрған айтсам ба, айтпасам ба 
дегендей сэл толкып отырды. - Бағана кырман басында қаңқу 
сөз естідім.
278


- Е, ол қандай сөз, - деп мен әйелдік эуестікпен ентелей 
түстім.
- Сен көңіліңе алып калма. Құмырайдың үйіндегі кара 
катын тамам кыз-келіншектерді жинап алып, аузын ашып, 
көзін жүмып өсекті соғып отыр. Оралдағы күйеуінен келген 
хатты самбырлап окып берді. Жағдайлары нашар екен. Ит 
қорлығын көрсететін көрінеді. Бура трудабойдан қашамын деп, 
сотталып кете жаздапты. Әйтеуір, Қүмырай араласып жүріп 
әрең алып қалған екен. Ал Ақан... өз-озіңе берік бол, Алма,
- деп мойнымнан қүшақтады.
Ақанымыз... Украинадан келген бір қызға үйленіп алыпты 
дейді...
Мен ішек-сілем қатып күлдім. Күлкім келмесе де касақана 
сайкымазаққа сала сықылықтадым. Әрине, қанша иланбасам 
да жүрегім аунап түскендей еді. Жо-жоқ, эйелдік қызғаныш 
оты тұтанбаған, тіпті, солай болғанның өзінде, ризамын ғой 
Аканыма, түймедей нэрсені түйедей етіп ел-жұртқа дабырлаған 
Кұмырай мен қатынына ызам келді.
- Немене, жынданып кеттің бе? - деді көзі бақырайған 
Сақыш.
- Мүмкін емес, - дедім сенімді түрде. - Мүмкін болған 
күннің өзінде де Ақанды кінэлай алмаймын.
- Сені қайдам, алғаш естігенде менің ішімді қара мысық 
тырнап алғандай қиналдым.
- Ағайындарға таң қаламын, Сақыш. Қан кешіп өлім мен 
өмірдің екі ортасында жүрсе де өсек айтқанын, өсекке сенгенін 
қоймайды-ау. Хат Ақаннан да келген. Мэ, оқы, - деп омырауыма 
жасырған хатты Сақышқа үсындым. Ол ерні жыбырлап, тез-тез 
оқып шықты да, шүберектенген жүзі жайнап қоя берді.
- Бэсе, Ақанжан осындай жігіт еді ғой. Не деген бақытты 
эйел едің, Алма. Мұндай жүрегіңді елжіретер хат жазған 
азамат он қатын алса да айналмайсың ба. Уһ, көңілім енді ғана 
көншіді ғой, - деп орнынан тұрды. Арманымның жалғасын 
сен жалғашы, құрбым. - Көзіне мөлтілдеп келіп қалған жасты 
көрсетпейін деғендей, жалт бүрылып шыға жөнелді. Иә, өмірде 
осындай да әйелдер болған. Сондықтан да біз жеңдік қой.
Иә, жауды жеңдік... Бірақ өз ішіміздегі өгей мінезді, өсек- 
аяңды жеңе алмадық. Бар болса көре алмайтын, жоқ болса 
бере алмайтын ағайынның азабы мені де тек калдырған 
емес. Қайсыбірін айтып тауысайын. «Ақан орысқа үйленіп
279


алыпты» деген алыпқашты сөз қаншама сағымды сындырып, 
жігерімді құм қылғанымен, мен домалак басты пендемін ғой, 
қашан анық-қанығына жеткенше жүрегімнің бір бүрышында 
беріштене қатып, ауық-ауык сыздақтатып, жанымды жегідей 
жейтін. «Егер рас болса ше» деген суық ой санамда итше үріп, 
саңқылдап түрып алғаны. Бүрынғыдай емес, ел көзіне көп 
көрінбей, оз-өзімнен түйық тартып, елең-алаңнан түрамын, 
түн ортасында қайтамын. Менің өміріме кірген осынау 
өзгеше өзгерісті ата-енем де сезеді білем, тағдырдың тезінен 
өткен көне көздер ғой, аяйды, аяған сайын қүрақ үшып аялай 
түседі. «Қойнына бай тоқтамайтын каралы қатын» деген қаңқу 
сөзден енді қүтылдым-ау, үмыттым-ау деген кезде! «Е, сайдың 
тасындай жап-жас Ақан, кэрі сіңірді не қылсын, жас қызға 
үйленіп дүрыс істеген», - деп айызы қанғандар табылды. Бір 
күні жүмыстан шаршап, салым суға кете үйге қайтқанымда, 
алдымнан қараң қағып атам шықты. Жарықтық, жақсы адам 
еді ғой, мені ойлап елегізеді білем.
- Ата-ау, неғып жүрсіз қараңғыда? - дедім іштей риза 
болып.
- Әлгі кемпір, келін, кешікті ғой, алдынан шықшы, - деп 
түрткілеп қоймағаны.
- Күнде осы уақытта қайтып жүрмін ғой, ата. Несіне әуре 
болдыңыз.
- Білем, келінжан... білемін. Саған қиын тиіп жүр. Жүмысың 
ауыр. Қазақтың ең тыныш отырғаны бір кебісті бір кебіске 
тығып отырады, ел не демейді, сенбе... Ақан ақылсыз жіғіт емес. 
Рас болған күннің өзінде де бүл шаңырактың табалдырығын 
аттатпаймыз.Бізге сен керексің, жарығым. Қартайған шағымда 
қасіретіңді көрмесем деп едім.
- Рақмет, ата. Өсектен өртенер болсам, ендігі күлім де 
қалмас еді. Маган керегі азаматтың амандығы.
Атамның сөзі дем берді, отыра қалып Ақанға хат жаздым. 
Бірақ, «Сен туралы осындай өсек бар, рас па?» - деп сұраған 
жоқпын.
Ертеңінде Ақтайлақтан каралы қағаз келді. Ауылдык 
сэбеттің хатшысы көшеде ойнап жүрген бір балаға апарып 
бер деген екен, ол қағазда не жазылғанын оқымастан апамның 
қолына ұстата салған... Ал енем болса үлкен кызымыз 
Шолпанды шақырып:
- Оқышы, мынада не жазылған екен, - дейді. Қаралы қағаз
280


екенін білген Шолпан ботадай боздап, еңіреп коя береді. Содан 
не керек, у да шу. Айман деген екінші кызым наубайханада 
жүрген маған келді: - Актайлак агам өліп калыпты, — деді 
ентіге дем алып. - Апамдар жылап жатыр.
Актайлак Аканнан екі жас үлкендігі болса да, үйленбеген, 
согыс басталысымен-ак алғашкылардың бірі болып майданға 
аттанған, орта бойлы, ат жакты жігіт еді. Мен бүл шаңырактың 
табалдырығын аттаған күннен бастап, ылғи да жылкы бағып, 
жаз жайлауда, кыс тебінде жүрді де, анда-санда кір-коңын 
жудыруға ауылға түскенде ғана көретінмін. Тіпті, екеуміз 
бір-біріміздің бетімізге аныктап карап тілдескен жан емеспіз. 
Алғаш Ахмет өлгенде мені оған емес, Аканға қаратканына ел- 
жүрт таң қалатын. Ал кезек Ақтайлақтыкі еді ғой... Енді міне, 
түтінін де түтете алмай шейіт болды; бір кіндік кесілді,бір 
үрпақ үзілді. Атам ауыл аксақалдарына шай беріп, сыртынан 
жаназасын шығарды да, кісі бойындай ағашты арулап көмді.
Үйімізге келген алғашқы қайғыны Аканға жазган жокпын, 
жүрегін жаралағым келмеді. Мені кайран калдырған, ауыл 
сәбеттің хатшысы Маржанның қылыгы еді. 
Алыстағы 
азаматтың қазасын естірту рэсімін сақтамай, қаралы қағазды 
ойын баласынан бере салғаны жаныма батты. Бүл қысастыкты 
тағы да Нартайдан көрдім, өйткені кеңес болып жүрген 
Маржан колхоз бастықтың келіні еді. «Мүның не, Маржан, 
аруақтан үялсаң етті», - дегенімде: «Көдедей көп еркектің 
бірі өлді деп, жоқтау айтайық па. Әлі үш кайның бар. Акан 
өлсе де байсыз қалмайсың», - дегені. Шашынан ала түспекке 
оқталдым да, ақылға жеңдірдім. Қол көтерсем болды, сыныққа 
сылтау іздеп жүрген Нартайдың түкымы айдатып жіберуі сөзсіз 
еді. Шыдадым, амал жоқ, шыдадым... Енді ойлаймын, егер 
сабырдың түбі сары алтын деген сөз рас болса, онда мен бүгінде 
алтыннан сарай орнатар едім. Олай емес екен... Үрғызып- 
үрғызып саймен жүргенше, үрып-үрып қырмен жүргенге не 
жетсін. Осы оқиғадан кейін не болса да «жауыммен» алысып 
өлуге бел байладым.
Ел-жүртқа шай беріп, қазаның қамымен бір күн жүмысқа 
шықпай калып едім, ертеңінде кеңсеге шакырды. Басқарма 
мүшелерінің төрт көзі түгелдей жиналған. Барлығы өрт сөндіріп 
келгендей түнеріңкі «тағы не естіртеді» дегендей зэрем үша 
босағада түрып қалдым. Нартайдың алдында кақ бөлінген нан 
жатыр.
281


- Мыналарың не? - деді нанның арасынан шоқпыт суырып.
- Ұнның ішіне шүберек салып илеп, пісіргендегі мақсатың 
не? Нанның салмағы ауырласын дегенің бе, жоқ болмаса 
колхозшылар қақалып өлсін дегенің бе? Бүл - қастандық. 
Жауапқа тартыласың!
- Мен қайдан білейін. Кеше жүмысқа шыға алмап едім. 
Мағзияның көзі нашар көреді, байқамай...
- Қастандық! -деп столды салып қалды. Айналада 
қоғамдаса отырған басқарма мүшелерінің бір-екеуі бастықтың 
сөзін қостап «қастандық» десіп қоқаңдады. Тек Жақияр ақсақал 
ғана «байқамаған шығар» - деп еді, шэйі орамалын шекелей 
тартып, сылдырап отырған Бэтіш: - Бүл талақты тайраңдатып 
қоя берсе, ертең біреуімізді өлтіреді. Былтыр Жаманашының 
бауырында Сақышты буындырып жатқанында эрең арашалап 
қалғанмын, - деді шімірікпей.
- Қандай жаза қолданамыз? - деді Нартай жан-жағына 
қарап.
- Наубайханадан шығарып, табанын тіліп қырманға 
салу керек, - деді есепші Қажы. Ол Нартайдың немере інісі 
еді. Қүлағының мүкісі бар деп әскерге жарамай қалған. Ал 
қазір шыбынның ызыңына дейін естіп отырғанына ешкім де 
таңданған жоқ. Соғыс кезінде ондай-ондайлар бола береді 
ғой, өйткені барлығына да жау «кінәлі». Иә, соғысқа сілтей 
салатынбыз...
- Мен қарсымын, - деді басқарма мүшесі Жақия ақсақал. -
Айы-күні жетіп отырған адамды ауыр жүмысқа салып қуалауға 
болмайды. Босанғанша наубайханада қалғаны жөн. Нанның 
арасынан шоқпыт шықты деп несіне шошынамыз. Асығып 
жүріп, қараңғыда байқамаған шығар. Баяғыда атамыз қымыз 
салқындасын деп, сабаға бақа салып ішкенде де өлген жоқ 
қой.
- Ақсакал, баяғыны қоя түрыңыз. Ол - ескіліктің қалдығы.
Алдымен шоқпыт мэселесін шешіп алайық, - деп қасын
керді Нартай.
- Барлығын бітіріп шоқпыт қана қалса... шешсек шешелік.
Екіүдай болып дауласа-дауласа, әйтеуір мені бойым
жеңілдегенше наубайханада қалдыра түруға тиянақтады.
Дегенмен түзым жеңілдеу эйел едім. Ойламаған жерден 
бір пэлеге үшыраймын да жүремін. Азап пен Қайғы менің 
басымнан сәуірдің бүлтындай төңіректеп, тарқамай-ақ қойды.
282


Осы жасыма дейін Ақанмен өткен оншақты жылым болмаса, 
жазғытұрымдай жаудыраған шаттыкка голы шақтар тым аз, тіпті 
жоқ екен-ау. Қағанағымнан қарқ болып тумасам да, тәңірдің 
маған арнаған тарысы бар емес пе еді. «Құдайдың бөліп берері 
жоқ, біреуден біреуге алып береді», - деп отырар атамның сөзі 
рас деп ойладым. Егер сол құдайың бар болса, бөліп те бермесін, 
алып та бермесін, дорбага экеліп салып та бермесін білсем де, 
еті тірілігімнің аркасында тірнектеп жинаған кішкентай ғана 
ырзығымнан айыра көрмесе екен деп тэңірге жалбарынамын. 
Бұл жалғанда ешкімді ешкім жарылқап тастамас, коң етіп 
кесіп беретін асыл касиеттің де тым аздығын білем, сондықтан 
да ешкімге телміріп, тілемсек ғұмыр кешкенім жоқ, ешкімнен 
де басы артық дәулет дәметкен емеспін. Ендеше, бір-бірімізге 
жамандык ойламай, бір-бірімізді сыртымыздан өсек айтып, 
аяқтан шалмай, кедергі жасап, кеңірдекке жармаспай жаркын 
да жарасымды өмір сүргеннен артық бақыт бар ма.
Қыркүйек аяқталып, күздің карбалас сәттері бәсеңси 
бастаған. Ауыл адамдары бақшадағы жемістерін жинап, 
қораларына шобін тасып, Алтайдың алты ай бойына сұлап 
жатып алар ұятсыз қысына әзірленіп жатыр. Колхозшылар 
биылғы күздің берекелі, жомарттыгына риза, жақсылықтың 
нышанын сезгендей сеніммен қимылдайды. Майдандағы 
жағдай оңала бастапты, ентелеп келген жаудың беті қайтып, 
тұмсығы тасқа тиіпті, біздің айбынды эскеріміз немістің 
эпігін басып, экесін танытыпты деген сықылды жылы хабар 
дүркін-дүркін естіледі. Амал не, күн откен сайын, қара қағаз 
да көбейіп, ауылдан аттанған азаматтардың жартысынан 
айырылдық. Адам баласы жамандыққа да көндігіп, үйренеді 
екен, қаралы үйге көңіл айтып шыққанымыз болмаса, 
бұрынғыдай 
ағыл-тегіл 
жылау, 
шашымызды 
жайып 
жоқтау бәсеңсіп, байсалды төзімділік жеңген. Қазан айы 
тынышты, жауын-шашынсыз өтерін сездіргендей жарық- 
тық ай да орақтанып қырынан әдемі туды.
Осындай қоңыр күздің маужыраған, аспанда шүйкедей 
бүлт жоқ, шайдай ашық жылы күнінде мені толғак қысты. 
Нан пештің лаулап жанған жалынымен алысып, әдеттегідей, 
қарбалас жүмыс үстінде едім. Күнімнің тым жакын қалғанын 
білсем де, дәл бүгін, жиырма сегізінші сентябрьде толғак 
басталады деп ойлағаным жоқ. Ал дегенде тыңдамай, ішімнің 
жай ауырғаны шығар деп шырмауық кайнатып, білегімді түріп
283


тастап, арпалысып қамыр илеп бердім. Маңдайымнан ағыл- 
тегіл аққан тер бетімді жуып, иегімнен тамшылап, өңіріме 
сорғалайды. ¥нға тамып кетпесін деген оймен қайта-қайта 
жеңіммен сүртіп тастаймын. Әсіресе бүгін, барлық жүмысты 
бітіріп кетердей жанталаса қимылдағаныма көмекші эйел 
Мағзия таң кала қарайды, байғүс ол да маған еріп дедек 
қағып жүгіреді. Амал не, ерлігім үзаққа бармады, ішім бүріп, 
әкетіп барады. Мықтап байлап алдым да, алғашқы ауырғанын 
тыңдамай жүлқына басамын қамырды. Шыдай алатын түрім 
жоқ. Шөкелеп барып отыра кеттім.
- Саған не болды, Алма? Өңің бүзылып кетті ғой, - деп 
үстай алды
- Мағзия! Толғақ кой деймін...
- Жүғір! Үйғе жетіп үлгер. Наубайханада босанып қалар- 
сың.
Мағзияның көмегімен орнымнан эрең көтеріліп, далаға 
шықтым.
- Өзіңе тапсырдым. Тағы да бірдемені бүлдіріп алма, - деп 
ішімді кос қолдап басқан күйі үйге беттедім. Толғақ қысқан 
сайын жеделдете басамын. Толғақ қыскан сайын... «А, қүдай, 
аман-есен үйге жеткіз», деп күбірлеймін. Шыдай аламын ба, 
жоқ па. Көз алдымдағы көріністің барлығы бүлдырап, аспан 
шыр көбелек айналып жүре берді. Бүқтырма өзені ағысын 
өзгертіп жоғары қарай сарқырап ағатындай. Көзім қарауытып, 
жүрегім айнып қүсқым келді, буын-буыным әлсіреп, жаңа 
аяктанған жас ботадай тілерсегім дірілдейді. Өне бойымнан 
тер сорғалап, қара жерге тырс-тырс таматындай. Шыдау керек! 
Шіркін-ай, басымды үстап, қолтығымнан демер тірі жан 
табылмады-ау! Етпетімнен түсіп жата кеткім келді. Әне үйге де 
жакындадым. Шелектеп картошка тасып зыр жүгіріп қыздарым 
мен қайын сіңлілерім жүр. Дауыстап бірін шақырайын деп, 
аузымда ашамын, үнім шықпайды. Өлдім-ау, Ақан, қайдасың, 
белім сынып барады. Мың-миллион қозы маңырап қоршап 
алғандай кұлағым түнып, ештеңе естімей қалдым. Әйтеуір, 
кіресілі-шығасылы ғана есім бар - қалайда табалдырықтан 
аттап барып, жығылу керек. Неге екенін білмеймін, жан терім 
шығып қанша қиналсам да, өлемін-ау деген жаман ой санама 
келген жоқ. Тіпті аман-есен босанатыныма көзім жеткендей. 
Тек қана шыдау керек! Өз үйімнің ауласына жеткенімді 
сездім. Жаңа қазылған дымқыл картошканы кептіру үшін
284


күннің көзіне жайып, дэл есік көзіне жайып тастаған екен, 
қырсыққанда айналып өтер жер калмаған екен. Неде болса деп, 
ішімді қапсыра қүшақтап, аттап-бүттагі өте бергенімде тайып 
жығылдым. Одан арғысын білмеймін. Есімде қалғаны, күбірлеп 
айтқан жалғыз сөзім: «Атамнан үят болды-ау». Әлгінде ғана 
күлак түндыра маңыраған мың-миллион қозының ғана шар 
еткен даусы - жарық элемге жар салған ең алғашқы айғайы 
естілді, естілді де қара жер қак айырылды... Одан соң дүние 
шыр көбелек айналып жүре берді... Содан соң... білмеймін.
Есімді жиғанымда: төргі үйдің іргесіне таман салынған 
төсекте жатыр екенмін. Апам, Сақыш, Ғайша отыр жанымда. 
Сақыш қолындағы орамалымен маңдайымнан шып-шып 
шыккан терді дәместеп сүртіп қояды.
- Арыстай үл таптың, Алма! - деді күліп. Еңкейіп келіп 
бетімнен сүйді.
- Кіндігін мен кестім. Үлгердім-ау, әйтеуір.
- Бауы берік болсын, - деді Ғайша.
- Аканымның арманы орындалды, қүдайға шүкір, ат үстар 
келді дүниеге! - деді апам шылауышының үшымен көзін сүртіп. 
Атам ақ ешкінің лағын жетім қалдырыгі сойып тастаған екен, 
обал-ақ болды, бірақ лағы жетіліп қалған еді.
Міне, айналайын, жалғыз үлды дүниеге келтірдім. Қуа- 
нышымда шек жоқ. Қүлыным-ай, картошканың үстінде туып 
еді, осы қадірсіздеу тамақты күні бүгінге дейін жақсы көретіні 
содан-ау. Ауылға келсе болды, әуелі сүрары, картошка; ол келе 
жатыр деген хабарды естісек, тайқазандап асып қоямыз, қызық, 
эйтеуір, жеңсік асына айналып кетті. Жыл бойы жертөлеге 
бүлдірмей сақтап қоямыз.
Жер бетіндегі ананың, меніңше жалғыз ғана арманы бар, 
ол - үл табу. Әсіресе қанды майданда, күн-түн сайын жүздеген 
азаматтың басы оққа үшып жатқанда, өмірге ¥ л экелу, эрине, 
үлан-асыр той - үлы қуаныш еді. Қалжаға ақ ешкінің сорпасы 
бүйырып, түла бойым жіпсіп, бүлаудай болып терлеп жатыр- 
мын. Дүниеге озіңмен бірге қуана білетін адамың болғаны 
қандай жақсы. Таң қүланиектенгенше эңгіме-дүкен құрып, 
қасымнан қарыс кетпей отырған қүрбыларым - Сақыш 
пен Ғайшадан озар қымбат әйелдер жоқ еді мен үшін. 
Әрқайсысының өз үйі, өз мүңы бола түрса да менің сэулелі 
түніме ортақтасып, емен-жарқын шыраймен қызыға қарайды.
285


Сонда өздері еншілемеген, тағдыр талақ қылған әйелдердің, 
менің бақытыма зәредей де қызғаныш жасамай, жайраңдап 
қызмет қыла құрақ ұшқан құрбыларымның жүзінен адал да ақ 
ниет нұрды көріп, шыншыл көңілмен көзіме қуана жас алдым.
- Ұлымның атын Баламер қоямыз, - деді бір ауыздан. Мен 
келістім. Олар тек күн шыға ғана тарады.
Айналайын, Күмісжан, осынша жетпіске жақындаған 
өмірімде менің бір нәрсеге көзім жетті. Адамның тағдыры ауа 
райы секілді екен. Жаңа ғана шайдай ашық түрған аспаның 
әп-сәтте қара құрықтанып, бұлт басып шыға келеді. Бірыңғай 
бақыттың да, бірыңғай қайғының да болғанын көргенім жоқ. 
Сол секілді кара басымның қуанышы қандай оқыс келсе, 
соншалыкты келте қайырылады. Қос кұрбым Сақыш пен 
Ғайша біздің үйден шыға бере, Жақияр аксақал кірді. Ол кісі 
ең әуелі: «Баланың бауы берік болсын», - деп жас нәрестені 
қүттықтады. Содан соң тор алдына малдас құрып, жайғаса 
отырды да, маңына атам мен енемді шақырды.
- Оқыс болайын десе быламыкка да тіс сынады, - деп 
тамағын кеней оспактап бастады, - Өз-өздеріңе берік болың- 
дар. Пайғамбардың жасындағы, ақыл тоқтатқан адамсыңдар. 
Еңбек аулындағы Сандуғаш атты қыздарың суға кетіп, жас 
өмірі кыршын кеткен екен.
Енем дауыс сала жылап қоя берді. Атам сол міз бақпаған 
қалпында:
- Сүйегі табылған ба екен? - деп сұрады.
- Табылыпты. Бұқтырмадан арбамен шөп алып өтем деп 
жүріп, иірімге түсіп кетіпті.
- Қазаныма ас салып беріп отырғандай балаларымды 
көпсіне беруші еді, айналдырған он күнде екеуінен бір-ақ 
айырылдым-ау, - деп атам басын үстап, қабырғасы сөгіле жер 
шұқи отырып қалды. Содан соң қолына таяна әрең дегенде 
орнынан тұрды. - Бэйбіше болар іс болды. Қызың енді қайтып 
келмейді. Арулап көміп қайтайық, сыңси бермей жол қамына 
кіріс.
Менің қалжама сойылган ешкінің етін арқалап, Атам 
мен Енем Еңбек аулына аттанды. Амал жоқ, жылай-жылай 
орнымнан тұрдым. Белімді тас қылып байладым да, сиыр 
саууға шықтым. Жөргекте іңгэлап жалғыз ұлым жатты.
286


...Бураны бұлайша азаптағанша соғысқа аттандырар ма 
еді, - деп ойлаймын, - Алдындағы кымыздан бірер ұрттап 
тамағын жібіткен Акан шал әңгімесін одан эрі сабактады.
- Ағайын-туғаннан ада, жалғыз басты жігіттің не ойы бар, 
неге ғана осыншалык тұйык күйге түсті, оның себебін ол 
ашып айтпайды, ал біз тап басып таба алмадык. Әлденеше 
рет оңашада сыр тарттым, амал не, «әншейін» дегеннен басқа 
жарытып жауап бермеді. Аяқ астынан үшына жабысқан ауру 
іспетті, элдеқайда алысқа қарап, екі тізесін құшақтай бүрісіп, 
меңірейеді де отырады.
Қазан айы - Орал тауында салқын, ағаш жапырақтары 
саулап түсіп, дымқылдана бастады. Ауық-ауық жаңбыр жауып, 
ауа сыз тартып, жер қойбатпақтанып кетті. Бір топ жігіт 
карағай кесіп, құрылыс ағашын дайындап жүр. Мен сол баяғы 
рельс төсеп, вагон жылжыту жұмысындамын. Жағдайымыз 
қалпынша, пәлендей өзғеріс бола қойған жоқ. Майданнан 
ұзынкұлактан ғана хабар естиміз.
Дэрі көміп, жер қопаруда жүрғен Құмырай әдетінше саяқ, 
жұқпалы індетіміз бардай-ақ ешқайсымызға жоламайды... Оны 
мүлдем ұмытқандай біз де жантарта қойған жокпыз. Акшам 
жамыраған шақ еді. Сонау бір түсқа дэрі қойып, кайтып келген 
Құмырай Бура екеуміздің жанымызға жайғасты.
- Иә, жігіттер, амансыңдар ма? - деді ойда жоқта ерлік 
жасап.
- Көріп отырсың ғой, - дедім мен қитығып.
- Осы, сенің мен дегенде қозатын жының бар ма. Әй, бала, 
хал қалай - деп Бураның арқасынан салып қалды. - Бүгіннен 
бастап жер копару жүмысын саған беремін. Шаршап жүрсің 
ғой.
- Рас па? - Бура қуана сұрады.
- Рас. Жалықтым.
Осы кезде десятник айғай салды. - Құмырай көмген дэрің 
атылмай қалды. Бар тексер.
- Сен тексеріп келші, - деді Бураға. - Менің аяғым ауырып 
отыр. Неге екенін білмеймін, соңғы күндері кақсап жанымды 
шығарады.
Орнынан лып етіп тұрған Бура ұзай берді де: - Әй, Құмеке, 
осыдан бастап сенің жұмысыңды мен атқаратын болайын. 
Уэде ме.
9
287


- Уәде, - деді Құмырай тізесін уқалап.
Құстай ұшып жүгірген Бура дэрі көмілген тұсқа енді жете 
бергенінде... жете бергенінде құлақ тұндырар қатты жаңгырық 
естілді де, қара жердің күлі көкке үшты. Қопарылған тас, 
топырақпен күйкентайдай Бура да қоса аспанға атылып еді. 
Тұра ұмтылдық. Ішек-қарны ақтарыла жарылған жерде бір аяқ, 
бір қолы жоқ Бураның сүйегі ғана жатыр еді...
Сабанға орап теректің түбіне жерледік. Сонда ғана мен 
оның неше күннен бері өлімін сезіп, сезіктеніп жүргенін білдім. 
Сонда ғана мен оның жүмыстан емес, өлімнен қашқанын, 
артынан бекер іздеп барғаныма өкіндім, жоқ дегенде жауын 
жастана шейіт болмағаны жүрегімді мұздатты-ақ. Қайтейін, 
ажал айтып келе ме.
Осы оқигадан соң еріншек деп тапқан жігіттерге қосып, 
Құмырайды да соғысқа алды.
Осы оқиғадан соң, дүниеде мен үшін Құмырайдан сұмдык 
жау жоқ еді.
Қарашаның басын ала алғашқы қар жауды. Орман-тоғай, 
тау-тас, жердің беті - барлығы аппақ ұлпа қар жамылып, 
соншалықты әдемі түрге бөленіп, қысқы киімін киді. Биыл 
қар ерте гүсті. Бірақ қара суығы аз, жанға жайлы. Қарбалас 
қимылдаған еңбек әскері, жылдың басындағыдай, тағы да 
нәумездіктерін білдіре бастаған. Ашып айтпаса да боран соғар 
алдындағы қарғалардай топ-топ болып күңкілдесіп, бір үлкен 
тәуекелге дайындалыс байкалады.
Қар түсе қарнымыз ашқан соң, көршілес жатқан деревнядағы 
иесі әлдеқашан, тіпті, сентябрь айында қазып алған бақшага 
барып, жер астында жасырынып байқалмай қалған картошканы 
күрекпен қопарып іздей бастадық. Жердің беті ғана ептеп 
тоңданғаны болмаса, ар жағындағы қара топырағы қопсып 
шыға келеді. Едәуір жерді көртышқандай түрткілеп, итше 
тіміскілегенде ғана бірлі-жарым картошка күрегіңе ілінеді-ау. 
Кейбіреулер айғайлап қуып, маңайын бастырмайды, ал кейбір 
иманын жоғалтпаған қожайындар қашаға сүйеніп, жағына 
пышақ жанығандай азып-тозған біздерге жаны аши қарап 
тұрар еді. Орыстың қауға сақал шалы шақырып шай берді. 
Дорбамызға азын-аулақ картошка салып жып-жылы сөздер 
айтты.
Бір күні осы кәніккен жігіттерді милиңия үстады. 
Еңгезердей неме екен, қолымыздағы дорбамызды тартып алды.
288


Байдың асын байғұс кызғанады деп, қорқытып-үркітіп, ауыр- 
ауыр балағат сөздермен тілдеп, Қаймақтың жағынан үрып 
үшырып жіберғен соң, мен шыдап түра алмадым. Енді маған 
үмтыла берғен кезінде жағасынан үстап, қырқай шалып алып 
үрдым. Ол жамбасында салақтаған тапаншасына жармасты:
- Скоты! Бандиты! Убью! - деп октана бастағанда, қолындағы 
қаруын бір теуіп үшырдым да, одан бүрын үмтылып барып, 
ағаш арасына қарай шырқата лақтырып жібердім. Айбаты 
тапаншасында екен, сасқалақтап солай қарай жүғірғенде біз 
қашып қүтылдық. Осы уақиғаны бағанадан бері бағып түрған 
кауға сақал шал, үш-төрт әйел лэм деп аузын ашқан жоқ. Болар 
іс болды, үлкен дауға қалғанымызды да білдік. Ертеңіне элгі 
милиңионер көрген адамдарды куэге тартып, бараққа іздеп 
келді. Біз: «Ештеңе білмейміз, олай қарай аяғымызды аттап 
басқан жоқпыз», - деп танып шыға келдік. Енді үш жігіттің 
тағдыры куәлерге барып тірелді. Олар «рас, осылар болатын» 
десе, «қош туған жер» деп, сүп-суық мылтықтың түрткілеуімен 
итжеккенге айдалып кете бермекпіз. Мен соншалықты мұңды 
да мүсәпір жанармен қауға сақалды шалға қарадым. Ол «саспа» 
дегендей көзін қысып, басын изегендей болды. Осы кезде маған 
тағы бір ой келді де:
- Егер шынымызды айтсақ, майданға жібересіздер ме?
- дедім.
- Жібереміз, - деді бастықтың орынбасары.
- Ендеше милицияны сабағанымыз рас.
- Осы, осы азамат менің пистолетімді тартып алған.
- Өтірік айтады, - деді қауға сақал шал. - Біз оларды түсімізде 
де көрген жоқпыз. - Әйелдер де бір ауыздан қостады.
Бар эңгіме осымен тамамдалды. Милиционер жігіт: «Сен 
шалдың сақалын күзермін», - деп боқтап, күш көрсете сөйлеп 
аттанып кетті. «Картошка» мәселесін қайтып қайталаған 
жоқпыз. Соғысқа бару үшін жасаған бүл әрекетім нәтижесіз 
аяқталған соң, маңдайға жазылған жұмысымды атқарып жүре 
бердім. Мен сонда қазақтардың «Көресіңді көрмей көрге 
кірмейсің» деген сөзіне алғаш рет құдайдай сендім.
Иә, біз не жемедік, зардабын кейін бейбітшілік орнап, 
мамырстан заман қайтатуғандатарттық қой. Ү сіген картошканы 
жей берген соң, асқазанымыз ауырып, ішіміз бұзылды. Өлмес 
үшін не істемейді кісі, бэріне көнесің, бэріне көндігесің.
289


Пенденің басына қиыншылық іс түскенде, бойындағы бар- 
лық қадәр-қасиеттері біртіндеп сөніп, жынын алған бақсыдай, 
өз-өзінен жүдеп жүні жығылары бар. Әншейін уақытта аяқтыға 
жол, ауыздыға сөз бермей жүретін ауылдың аусар мінезді 
жіғіттері бүл күнде тасуы қайтқан тау өзеніндей жылап ағатын
- жуас, арқасын желқом қажаған атандай көмпіс, көкіректеғі 
шер, көңілдеғі сырын айтарға адам таппай қүсталанған мэңғүрт 
болып қалған. Елде жүрғенде осы менің қүрдасым Қожақтан 
қалжыңбас, бүлдірғі ешкім жоқ секілді еді, қазір өз денесін 
өзі эрең көтерғен көтерем. Ал Қаймақ ағамыз элдеқашан аш 
аруақка айналып қалған. Ішіміздеғі «сорпалығы бар» Қүмырай 
еді, одан да айырылдық. Бірақ қаншалықты тағдырдан таяқ 
жеп, екі жастың біріне келмей жатып азып-тозсақ та, өмірғе 
өкпелеп, замананы ғайбаттауға болмайтын еді... Қаншалықты 
қайғы жүтып, қан қүсып қиналсақ та жалпы ортақ тәртіпті 
бүзып, соғысты пайдаланып қалар сойқандыққа, сотталып 
кетер сатқындыққа барғамыз жоқ. Торғай екеш торғайда да ашу 
бар ғой, бауыздалар алдында ешкі де бір бақырап өледі деп, ер- 
тоқымымызды бауырға алып мөңкісек, қалың орманның ара- 
арасын паналай каша жөнелсек, түн жамылып үрлыққа түссек, 
күндіз-түні мылтығын шошаңдатып түрған ешкім жоқ еді. Біз 
ондай Отанды сатар оспадарлықка барған жоқпыз. Сол бір 
қиын-кыстау заманда ар тазалығына сызат түсірмеудің өзі асқан 
ерлік сынды еді. Ешкім ақыл айтып, үгіт-насихат жүргізбей- 
ақ, эр жүмысшының өз ожданы «ақылшы» болған кездердің 
кейінгілерге өнеге етер осындай-осындай мықтылықтары есіме 
түскен сайын, бүгінгі тоқ күлкі мезгілдің мерез қылықтарын 
көрген сайын сай-сүйегім сырқырайды.Неге? Өзім де эдібін 
сөгіп түсіне алмаспын. Соғыс жылындағы эр адамның бойына 
оқу-тоқусыз-ак кұт болып қонған ақ көңіл, адал да аңқау 
мінездің азғана түлеп, қоғам қоңданған сайын қоламталанып, 
білікті білімділіктен туған, «сауатты» сезімнің қүлы болып бара 
жатқан жоқ па деген үры ой үялайды. Иә, ол шакта, әйтеуір, бір 
нәрсеге сенетін едік, тіпті балаша қуанып, балаша алдана алар 
едік. Егер қазіргі бейбіт те берекелі заманды айдын шалқар 
Бүқтырма су қоймасы десек, біздер жасаған ересен ерлік пен 
есіл еңбек сол теңізді қордаландырған мөлдір бүлақ едік-ау. 
Ал бүлақтың басы эрқашанда таза басталмақ, ал біз байытқан 
теңіздің астында не барын қайдан білейік. Рас, қайықшылар 
жағаға шығып, ақшағаладай кемелер жүзе бастады. Сол әдемі
290


кемеге міне алмағанымызға өкінбейміз де, бэлкім, жағада 
тұрып кызыктауға жаратылған жандар шығармыз. Кейде 
ойлаймын, соғыс кезінде «трудармияда» болған адамдар бал 
арасынын ішіндеғі кызығын ешқашан да көрмейтін «еңбеккер» 
араға тым ұксаймыз-ау, байғұс «еңбеккер» ара ең соңғысы өліп 
бара жатып, ең соңғы балды ана-араның аузына тосады екен. 
Сондыктан да бүкіл ұяның өмірін жалғастырады.
- Лағып кеттім білем. Негізгі әңгіменің арнасына кайта 
оралайын, - деп алаканындағы насыбайдың калдығын кағып 
тастады. - Дегенмен біз де екі аякты, жұмыр басты пенде 
едік қой, ал дегенде көп дүниенің парқын ажырата алмадық. 
Соңғы он жылдағы бейбіт өмір, берекелі тірлікке үйреніп, 
арқа-басы кеңіген жұрттың жалғыз-ақ күнде апай-топай 
болуы талайымызды-ак мэңгіртіп тастаған. Оқу-тоқуы аз, 
дүниенің төрт бұрышында не болып, не қойып жатқанынан 
бейхабар кыр қазақтары үшін «ата жау» деген сөздің мэнін 
жыға танып, түсінудің өзі ауырлау тиген еді. Сонау жоңғар 
шапкыншылығынан бергі уақытта «жау шапты» деген аттансал 
ұранды естіп отырғандары осы. Ол шақта дұшпандары іргеден 
бас салып еді... Ал «кызыл» , «ақ» болып атойласқан жылдар 
бұдан гөрі жеңілдеу ме, калай еді? Әйтеуір, айтыссаң да, атыссаң 
да өз ағайының, өз жұртың болатын. Сонау құлақ естіп, көз 
көрмеген батыстан шыққан жау бұлар үшін - қазақтар үшін «ата 
жау» санала ма, жоқ па? Тіпті, осы сұрақтың өзін Құмырай сан 
рет қойып, кұлак етімізді жеп еді-ау. «Идея, мақсат пен мұрат, 
басқарып отырған үкіметіміз біреу болғанда, жау да ортак емес 
пе. Орыс ағайындар сан рет қазақ жерін қорғап қалған» деп 
шама-шарқым жеткенінше түсіндіріп-ақ бактым, амал не, «эй, 
қайдам» деп басын шайқай береді. Ал Қаймақ шал мен аусар 
Қожақ, жуас Бура үнсіз тыңдап, басын шұлғи береді. Оларда 
неге болсын дау-дамайсыз келісу бар, иәлесінен аулак, осы 
күйімізден айырылып қалармыз», - деп көндігу бар.
- Иә, көкейдегі көп-көп сүрақтарды соғыстың озі-ақ 
ұқтырып берді гой. Сондықтан да тек немістерді кінэлап 
келеміз.
Жоқшылықка қазақтардан төзімді жұрт болмай шықты. 
Ондай аш кұрсақ күйдің зардабын талай-талай тарткан елдің 
азаматтары үйренбеген асын жей алмай бір ашықса, үй ішін 
сағынып екі ашықты. Алғашында ауыздарына нэр салмай-ак 
апталап жүре беретін.
291


- Қышымадан жасалған көже, бір тілім нан - біздер үшін 
үлкен байлық. Баяғыда бүдан да зорын көргеміз, - дейді Қаймақ 
ақсақал алдындағы бір аяқ жап-жасыл суды сапырып отырып.
- Қайғысыз қара суға семірген заман қош-қошын айтқан. 
Қанағат керек, жігіттер, қанағат. Таудың бегін қазып жегенде 
де өлмегенбіз. Өкімет аман болса бүлайша ашықтырып қоймас. 
Барлық мақсат тойып тамақ жеу ме екен. Соғымға үйірлеп 
жылқы, қора-кора кой сойған атақты байлар да өткен бүл 
дүниеден. Жоқтан өзгеге тарылмаңдар. Қүдайдан Гитлердің 
өлімін тілеңдер.
- Жаудың жеңіліп, Гитлердің өлгенін көру үшін де аштан 
өлмеуіміз керек қой, - деп сөз жүгіртті аусар Қожақ. - Өл-тіріл 
еңбек ет, өл-тіріл тамағыңды асыра. Суішкілігің таусылмаса 
балталаса да өлмей сол көксеген күніңе жетесің.
- Кеше станңия маңына бір вагон картошка төгіп кетіпті, 
күзетшісімен келістім, бір дорба беретін болды, - дедім мен 
жолдастарымның сарыуайымын азайтқым келіп.
- Ой, ол үрлық қой, - деді Қожақ.
- Ұрлық болғанмен, игілікті үрлық, - дедім мен.
Үйден хат келді. Көптен бері хабар-ошар ала алмай, 
уайымдап жүр едім, төбем көкке жеткендей қуанышқа кенелдім. 
Хат болғанда қандай десеңізші, жанымды жайлау, көңілімді 
көктем еткен сүйіншілі, мың жылға бір-ак жетерліктей нүрға 
бөлеп, жарқыраған қүдіретті, бой түмардай мэңгілікке сақтар 
қасиетті. Жанарымнан жас саулап, қайта-қайта көз жүгіртемін, 
тіпті, өзіме өзім сенбей ауылдас жігіттерге оқыттым. Олар да 
ойран-асыр қуанып, қүттықтап жатыр. «Бэсе, - деймін ішімнен,
- бәсе, менің де атар таңым, ат үстар үлым болу керек қой. Не 
жазыппын жаратқанға».
«...Аса қүрметті асылым! Алыста жүрген ерім менің! 
Сүйінші, үлды болдың! Аман-есен босандым. Дүниеге қүлын 
келді. Атын - Баламер қойдық. Үзағынан сүйіндірсін, артық 
куанбайық, арты қайырлы болсын, тәубе-тәубе!
Жағдайымыз жақсы. Ауыл-аймақ аман. Апам мен Атам, 
балалардың дені-қарны сау. Қайнағам мен қайнымнан жалғыз- 
ақ хат келген, әдірісі анық емес, ауысып отырады екен. 
Соғыстағы кейбір жігіттерден қара қағаз келді. Атын атап 
жүрегіңді ауыртпай-ақ қояйын. Өзім қазір наубайханада нан 
пісіріп жүрмін. Жүмысым жеңіл. Біздің жақта күн жылы. Шөпті 
жеткізіп, картошканы қазып алғанбыз. Қайғы жоқ, тамақ тоқ
292


дегендей. Жалғыз-ақ арман - сендердің аман-есен оралуларың. 
Бізді уайымдама. Денсаулығыңды күт. Босанған күні шаршап 
барып көзім ілініп кетіпті. Түсіме сен кірдің. Бүлақтың 
басында жүзің аппак кудай болып, бетіңді жуып отыр екенсің 
деймін. Соншалықты жүдеусің, Ақан, бір жерің ауыра ма? Әр 
жазған хатыңда: «Барлығы керемет, барлығы тамаша», - деп 
мақтайсың... «Арқада кыс жақсы болса арқар ауып несі бар» 
демекші, тэңірім-ау, мынау кан сасыған заманда «тамаша» өмір 
болушы ма еді. Ал Қүмырайдың әйелі «итқорлығын көрсетеді 
екен» деп зар еңірейді. Жасырмай шыныңды айт. Шүкіршілік, 
соғыста жүрсең қайтер едім. Ақаным менің, күмістелген ер- 
тоқымың сақтаулы. Атқа ер салып, Баламерді алдыңа алып, 
мені ертіп өзіміздің ен жайлау Көкжотаға шығар күн де туар. 
Шыдайық.
Жағдайыңды жасырмай айтып, толық етіп хат жаз.
Көріскенше күн жақсы болсын, ерім.
Сәлеммен, Алмаң».
«Көріскенше күн жақсы болсын», - деп ішімнен қайта- 
ладым.
1943 жылдың, ягни жаңа жылдың басында жүздеген 
жүмысшы аудан орталығына жаяу-жалпылы сапар шектік. 
Қысқы орман ішінде қар кешіп ширыға шүбырған халықты 
тоқтатар күш жоқ еді. Директор, цех бастығы, десятниктің 
жолымызды кес-кестеп, ақырып-бақырғанына аялдап, сөз- 
дерін тыңдаған адам болмады. Жүмысты бір кісідей бірігіп 
бастадық та, күннің суығы, жолдың қиындығы, ауданның 
алыстығына қарамай соза тартып келеміз. Сандаған үлт өкіл- 
дерінен қүралған жүмысшыларда жалғыз ғана тілек бар. Жағ- 
дайымызды түсіндіру, майданға алуын өтіну. Бүл қайнаған 
қан, жүлқынған жүректен шыққан адал да батыл тілек. Ары 
карай шыдау мүмкіндігі біткен соң, әупірімдеп бастап кеткен 
орыс ағайындарына ердік те, бір жеңнен қол, бір жағадан бас 
шығара дегендей білек сыбана беттедік. Былтыр жазда менің 
досым Иван қозғау салған, үятымыз бен ар-үжданымызды 
ояткан бастаманың сөніп барып, қайтадан қар бетінде түтануы 
еді. Не болса да көріп алмаққа аттандық.
Ауданға жетіп, райком мен райвоенкоматтың алдына топ- 
талдық. Жүбымыз жазылмастан иықтасып түрған біздерді 
таратпакка әрекет жасап безектеген директорымыз Шах- 
тинскийде зэре жоқ, амалы қайсы, бүл қарекеті өте кеш еді,
293


ештеңе өндіре алмады. Есік алдына аудан басшылары мен 
әскери комиссариат шықты. Ұзын бойлы, козілдірікті орыс 
жігіті жағдайымыздың нашар екенін, сондықтан да колымызға 
қару алып, Отан қорғауға жіберуді отінген талап-тілегімізді аса 
мұкият тыңдады.
Біз кен орнына жеңіспен оралдық. Сол кездегі бастық- 
тарымызды түгелдей орнынан алды. Шахтинский қой терісін 
жамылған пиғылы жат адам екені анықталып, сотқа тартылды 
да, оның орнына директор болып Карпов тағайындалды. 
Баракқа радио орнатылды, эр күн сайын саяси хабар жүргізіліп, 
майдан, тыл өмірінен толық мәлімет алып отырдық.
Қазақтың «Коп қорқытады, терең батырады» дейтін сөзі 
тегінде рас екен. Соғыс басталғаннан бермен арқамызға ерттеп 
мініп алған шолақ төрелер жалғыз-ақ күннің ішінде сайда саны, 
қүмда іздері қалмай көзімізден кұрыды, көңілімізден өшті. 
Сойтсек, жат пиғылды жандардың жұмысшылардың өкіметке 
қарсы жаппай наразылығын тугызбақ қастандық әрекеттері 
екен-ау. Бірақ біздер сенімімізді жоғалтқан жоқпыз, сағымызды 
сындыра алмады. Иә, рухы мықтылар гана жеңеді. Сондықтан 
да шындықтың бетіне тура қарай аламыз. Іріткі салмақ болған 
арам ниеттің күл-талқанын шығардық та, жан тазалығымызды 
арашалап алып қалдық. Тегінде, адамның ниеті бұзылмасын де, 
егер адамның ниеті бүл інсе, онда оған ешбір кару да, үгіт-насихат 
та төтеп бере алмақ емес. «Трудармияның» солдаттары ең әуелі 
Отан, туған жердің алдындағы борышын шыдамдылығымен, 
қайсарлығымен, қаншалықты тозақ отына өртеніп жүрсе де, 
ақиқатқа сеніп, жақсылықтан күдерін үзбеуімен дараланады. 
Әрине, бар кінэні, «уақыт талабы, заман солай» деген создерге 
сілтеп, өз-өзімізді алдарқаттық. Дегенмен түптің түбінде, 
яғни бейбітшілік орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған 
мезгіл келгенде, сол уақыт пен Отан алдында есеп беретін 
күн болмай ма... Иә, сол шақта кімді кім жеңгені айдан анық, 
күннен жарық болар, бірақ кімді-кім сатқанын тайға таңба 
басқандай таба аламыз ба. Нағыз шындықты білетіндер шейіт 
болып, олардың күні ертең куэ боларын алдын ала сезген 
соң өліміне себепкер болган АНАУЛАРДЫҢ аты-жөнін айта 
аламыз ба. Бізге жеңісті көксегенде сен тимесең мен тимен 
деп, тып-тыныш ғұмыр кешу үшін емес, адамдардың ақ- 
қарасын ажыратып, сатқындарды ақиқаттың сотына тарту 
үшін көксеген шығармыз. Шүкір, ондай атты күн туды. Шүкір,
294


біртіндеп ОНДАЙЛАРДАН арамызды аршып та жатырмыз. 
Жауға кызмет етіп, жау жеңілген соң бет-пердесін сыпырып 
тастап, баяғыша баянды өмір сүрмек болғандарды іздеп тауып 
та жатырмыз. Әттең, тауысып бітпегенімізге, қайсысы екенін 
элі де таба алмағанымызға өкінемін де... Кімдер олар? Қандай 
қызметте жүр? Жаман айтпай жақсы жоқ, Отанымызға қауіп 
бүпты төнсе тағы кімдер бір бармағын ішіне бүгіп жүрген? Ең 
қиыны осы еді. Мэңгілік майдан аякталған жоқ дейтініміз де 
содан-ау.
Рас, ел басына күн туғанда ербитіп басын кайта көтерген 
ежелгі жаулардың орман арасына паналап, екі жыл бойы 
жүмысшыларға жасаған қысастығынан осылайша күтылдық. 
Іштен шалмаққа әрекет еткен ескіліктің саркыншақтары сол 
шакта кең-байтак еліміздің қай-қайсы түкпірлерінде бар еді ғой. 
Таптык мүддені түсінбей, саясат сауаты жетілмесе де, пенделік 
пасық та сасык кулық-сүмдықтардың ауылда да ойран салып, 
ойына келгенін істеп баққанын артынан естіп білдік қой. Әсіре- 
се заманның тыныш, азаматтардың бар кезінде бүғып жүрген 
жабылардың, ит жоқта шошқа үреді қораданың керін жасап, 
атқа мінгені - жуас жүртты жүдырықпен, айқаймен басқарар 
шолак төреліктің бағының жүргені мерейінің тасығаны- 
тын. Қүрғақшылықты ауыр жылдары қүрт-күмырсқа, бақа- 
шаянның каптап кететіні секілді, соғыс жылдары одан қашқан, 
бүдан қашкан, жамандықпен көзін ашқан ашқарақтардың 
асығы алшысынан түсті. 1943 жылдан бастап жау кашып, 
совет әскерлерінің жер жаңғырта уралаған даусы естілгенде 
ондай шолақ төре, әпербақандардың да жүні жығылып, кеме 
келген кезде толқып жағаға лақтырып тастаған салындыдай 
қайраңдай бастаған.
Осындай жаппай шабуыл түсында, ¥лы Жеңістің нышан- 
дары сезіліп, сенім мен жігер үштасқан үмтылысты шақта 
коммунистік партияның қатарына өтуге өтініш бердім. 
Майданға сүранған тілегім қанағаттандырылмағанмен, мүнда 
да мыкты жігіттер керек деп, броньмен мүлде қалдырған 
соң, қазіргі жүмысымды адал атқаруға білек сыбана кірістім. 
Көктем туа партия қатарына қабылданып, десятник болып 
тағайындалдым. Бірак асқазанымның ауруы оңалмай-ақ қойды. 
Күн өткен сайын жүдеп, ішкен тамағымды іле-шала қүсып 
тастаймын. Елден көптен бері хабар алмай жүр едім. Түнде 
кезегім бітіп, шаршап келіп үйықтап кеттім. Түсіме алғаш рет
295


Ақтайлақ пен Бағдат кірді. Екеуі де атқа мініп, өткел бермей 
шанағынан асып-тасыған Бұқтырмадан өтіп барады. Осы 
кезде асау толқын айдаһардай ысқырып, екеуін бірдей бүктеп 
апарып, жалмап жүтып қояды. Жар жағасында қалған мен 
айғайлап сондарынан жүғіремін, дауыстап шақырамын. Жым- 
жырт. Шошына ояндым.
Екеуінен де мэңғілікке айырылғанымды жүреғім сезіп еді.
10
- Белімді тас қылып байладым да,сиыр саууға шықтым. 
Жөргекте іңгэлаған жалғыз үлым жатты, - деп Алма кемпір 
әңгімесін бүдан ары жалғастырды.
- Алғаш босанған күні жөргекте қүндақтаулы жатқан 
баланың бетіне қарауға мүршам келмеп еді. Сиыр сауып келген 
соң кыңқылдап, қозғалақтаған нәрестені алғаш рет қолыма 
алдым. Мен шошынып қалар деді ме екен, баланың жалқақта- 
нып туғанын жасырып айтпапты. Өз көзіме өзім сенбедім: 
денесі, беті сап-сары... Сол сарғыш түс қырқынан шыққанша 
тарқамай қойып еді. Көршіміз Анна деген орыс кемпірі емдеп- 
домдап эрең кетірді. Баланың сарғайып туғанын біреулер -
оттың жалыны өтіп кеткен дейді, ал Аннаның топшылауынша
- шырмауықты көп қайнатқандікі, у шөптің иісі сіңіп кеткен 
көрінеді. Не керек, әйтеуір, тірідей дүниеге келгеніне қуандым. 
Қүлыным аумаған әкесі: қыр мүрын, жіңішкелеу козі - бэрі- 
бэрі Ақанның аузынан түсе қалғандай-ау. Өзі тынышты, әбден 
қарны ашқанда болмаса, мүрны пысылдап үйықтай береді. 
Емшек сүтіне де жарымай жетілді ғой. Туғанына жеті күн 
өтпей жатып-ақ оны үйге тастап, жүмысқа қайта шықтым. 
Енем Аннаның ақылымен ешкінің сүтіне мак қосып қайнатып 
береді, тойып алған нәресте мен наубайханадан келгенше 
масайып үйықтай беруші еді.
Тағы да қыс түсіп, сақылдаған сары аяз келді. Сол жылы қар 
қалың жауып еді. Ел адам танымастай болып жүдеген, әсіресе 
біздің үйге ауырлау тиді. Кісі саны көп, он шақты жанбыз, тек 
кана картошкаға қараған күн. Шиеттей балалар ертеден кешке 
дейін жей-жей одан да шықты. Жалғыз сиырдың сүті Баламер 
мен өлсе де қара шай ішпейтін қарттарымыздан артылмайды. 
Төркінімнен келген бөртпе шэлімді белге байлап, Ақанның 
етігін алып, қол шана сүйреп сол ауылға бет түзедім. Ондағы 
ойым бөртпе шэлі мен етікке айырбастап жарты қап болса да
296


бидай сатып алу. Баламерді тырбаңдатып жалаңаш қойныма 
тастап жібердім, жалаңаш денеге жабысқан бала тоңбайды, 
естігенім бар еді.
Күн суық. Жер шалғай. Жаяу-жалпылы салпақтап келемін. 
Орта жолға жеткенде артымнан шана жеккен шал қуып жетті. 
Қуана алдын кес-кестедім. «Ала кетіңіз»деп олердегі созімді 
айтып жалбарындым. Безбүйрек кісі екен, «жүгім ауыр» деп зу 
етіп өте шыққаны.
Қойнымдағы үлымның өлі-тірісін анда-санда тексеріп 
коямын да, қысқа жолмен безектеймін-ай. Сонадайдан Қүндыз 
ауылының түтінін көргенде, алдымнан астау-астау жал-жая 
алып, қүшағын жая қарсы алатындай көзімнен жас шыға 
қуандым. Қуанбасқа шарам жоқ еді.
Бүл ауылда Күлэнда деген қайын сіңлім түратын еді. Бос 
қол шанамды сүйреп, солай қарай беттедім. Бөтен кісі екенімді 
сезген иттер шықты алдымнан абалап. Қолымдағы таяқпен 
жасқап, қорқа-қорқа межелі үйіме жеттім-ау. Күлэнданың 
озі де жаңа босанған, будақ-будақ суық ала кіріп барғанымда 
баласын бөлеп отыр екен, алғашында түмшалана оранған мені 
танымады. - Аманбысың, Күлэнда, - дегенде ғана барып: 
«Ойбау-ау, тәтембісің», - деп үшып түрегелді. Ал дегенде 
сүрағаны:
- Тэтем-ау, жас босанды, үл тапты деп естіп едім, ол 
қайда?
- Ол міне, - деп, тіршілік белгісін танытып, жалаңаш 
қойнымда тырбаңдап жатқан Баламерді қоянның көжегіндей 
суырып алдым. Етжеңді денем бүлтиып түрғанын байқамаса 
керек, көзі бақырайып оз баласын тастай үмтылып бас салды.
- Қүдай-ау, мүныңыз не?Тірі ме өзі? - Қолымнан жүлып 
алып, тынысын тыңдап, бетінен сүйді. - Омырауың суық 
шығар, мен емізейін. Айналайын-ай, қүйып қойған ағатайым 
ғой. - Өңірін ашып жіберіп, емшегін берді. Әбден қарны ашқан 
қызылшақа бала сорпылдатып сора бастады. - Апам мен атам 
сау ма? Ақан ағамнан,Бағдаттан хат бар ма? Актайлақтың 
қүрбан болғанын естігенмін. Барайын-ақ дедім, дэл сол кезде 
босанып қалдым ғой.
- Бауы берік болсын. Түңғыш балаң ғой. Атын кім 
қойдыңдар? - деп бесіктегі сәбиге үңілдім.
- Клара. Тынышсыздау. Алғашқым болған соң ба, бабын 
білмей көп әурелендім.
297


- Ал ерте күнді кеш қылмай, бүйымтайымды айта отырай- 
ын. Тамақ іздеп шықтым. Бір айдан бері картошкеге карап 
калдық. ¥ н жок. - Беліме орай байлаған бөртпе шэлімді 
шештім. - Ақанның етігі мен мынау төркінімнен келген жалғыз 
жасау - шэліні алып, астық беретін адам табыла ма?
- Апыр-ай, тәтем-ай, ең бір кимас заттарыңды алып шыққан 
екенсің, шындап ашыққан екенсіңдер-ау. Мен көршілерге 
жүгіріп барып келейін, біреу болмаса біреу келісер, сен 
балаларға карай түр, - деп, асыға тонын киді де, үйден лып 
етіп шыға жөнелді.
Мүса деген молда шалды ертіп, қайта кірді. Мен оны бірден 
таныдым. Багана шанасына отыргызбай кеткен қақбас осы 
кісі еді. Ол етік пен бөртпе шэліні бит қарағандай үзақ үстап, 
мүқият тексерді. Ыңыранып, ойланып, басын шайқап, бүлдана 
тіл қатты.
- Жарты қап рошқа келісем. Одан артыкқа бағаласаң, баска 
алушы ізде, - деді, қолына жағымсыз зат жүғып қалғандай 
жиіркене тастай беріп. Жыным келді-ақ, терісін басына қаптап, 
үйден қуып шығайын деп ойладым да, қайта айныдым. Расында, 
осы шәниген шалдан айырылып қалармын деген қауіп жеңді.
- Жарайды, ақсақал, сіздің айтқаныңыз болсын. - Ол шэлі 
мен етікті қолтығына қысып, тез шыға жөнелді. Жарты қап 
рошты баласы әкеліп тастады.
- Қайран, асыл заттар-ай! - деп Күлэнда қатты өкінді.
- Ол молда енді элгі заттарды үш қап бидайға да сатпайды. 
Етікті сықырлатып өзі киеді, шэліні жаңадан алған тоқалының 
басына тартады. Жүтшылық жылы ит молда семіреді деген сол. 
Осы ауылға қара қағаз келген сайын қақшиып төрде отырады, 
қақбас.
- Оның жазығы жаназа шығарғаны ма, - дедім мен.
- Тыныштық кезінде бірсәрі, соғыста шейіт болғандарға 
бағыштаған қүранды тегін оқуға болады ғой.
- Тегіннің атасын теңге теуіп өлтірген. Шайыңды тездетіп 
қайнат, мен қайтайын.
- Қайтқаны несі, қүдай-ау, кеш болды ғой.
- Ертең ерте жүмысқа шығуым керек. Онсыз да қүлағалы 
түрған тауға қой жайғым келмейді.
- Жалғыз үлды өлтіріп аласың ғой, тәте. Қонып, ертең 
аттансаң қайтеді.
298


- Жоқ, Күлэнда, қазір жүремін. Тэңірімнің маңдайға жаз- 
ғанынан қашып қүтыламын ба. Өлер бала болса, қүс төсекте 
жатса да өліп калады.
- Күн үясына қонып, апақ-сапақ мезгіл түскен шақта, 
үстінде жарты кап астығы бар кол шананы сүйреп, Баламерді 
қойныма тығып қайтадан жолға шықтым. Қайын сіңлім мені 
жылап-еңіреп ауыл шетіндегі қабакка дейін шығарып салды. 
«Атам мен апама бер», - деп, аузындағысын жырғандай болып, 
бір аяқ үн, бір асым ет берді.
Төңіректі қараңғылық жайлап, жүлдыздар самсай бастады. 
Алтайдың шыңылтыр аязы бетті шымшылап, аузы-мүрныңнан 
бу болып будақтайды. Қүлаққа үрған танадай тыныштық, 
барлық әлем өлікке айналып, қардан жасалған аппақ кебінді 
жамылып жатқандай. Ақша қарды басқан табаным мен кол 
шананың бір калыпты сықыры түн ішінде алысқа талып 
естіледі. Қарсыдан соккан ызғырык жел бар еді, жанарымды 
жалап, көзімнен жас сорғалайды. Нэресте мені жылытып, 
мен нәрестені жылытып жылжып келемін. Бетімнің аяздан 
домбыққаны болмаса, өне бойым жаураған жоқ, тынбай 
қозғалган соң, денемнің бала жатқан түсы ептеп жібіген. Анда- 
санда омырауымды далдалай ашып, Баламердің өлі-тірісін 
тексеріп, ауа кіргізіп қоямын. Кейде түра қалып емшегімді 
аузына саламын. Ыңыранып ай туды. Соқыраңдап келе 
жатқан кезіңде жарықтық ай да елегізген жаныңа сеп екен. 
Аппақ қарға нүры саулап, жылт-жылт етеді. Сол жақ бүйірде 
жағалауын тоғай көмкерғен Бүқтырма жатыр. Өзеннің өне 
бойын қуалап, шудадай шүбатылған ақ үлпа түман бар. Күндіз 
бері қарай келғенімде откен түсқа жақындадым. Қырсыққанда 
мүздың бетінен қызыл су жүріп, енді-енді ғана қаймақшып 
қата бастаған екен, амалым таусылып түрып қалдым. Өзенді 
қуалай өткел іздедім, қызыл судың ақыры болмады. Енді не 
істеу керек? Аяғымдағы пимамен кешіп өте шығуға тэуекел 
жасағым келді. Болмайды. Ай сәулесі түскен өзен беті айнадай 
жаркырайды. Көңілі хош, киімі жылы, тамағы ток түлкі тымақ, 
каскыр ішік киіп еріккен адам болса, түнғі табиғаттың анау 
сылқым көрінісін қызықтап, «қандай керемет» деп, таңдай 
каға тамсанары рас... Менің түрім болса мынау - қүлыны аққан 
жылқыдай олай шауып, бүлай шауып, арғы жағаға өте алмай 
діңкем күрып жүр. Қүр бекерге түра беру - үсіп өлумен тең. 
Тәуекелге бел байладым. Аяғымдағы табандаған пимамды
299


ішіндегі байпағымен қоса шешіп тастадым да, «Бисмилла, су 
иесі Сүлеймен, жар бола гөр» деп, қызыл суды тобықтан кеше 
тайғанақтап жалаң аяқ өте шықтым. Қүдай сақтады ғой, әйтпесе 
су астындағы жылтыраған мүздан табаным тайып, жалпамнан 
түссем не болар едім... Баламерімнің көз жасы шығар алып 
қалған, басқа кім дейсің? Өте шықтым да, аяғымдағы қар 
мен суды шапанымның етегімен сүртіп жіберіп, жан-дәрмен 
кие қойдым. Башпайларым тоқылдап қатып қалған секілді 
дызылдай бастады.Әлгіден бері үнсіз жатқан бала қыбырлап, 
жылады. Қойныма қолымды тығап, емшегімді аузына салдым. 
Қүлыным-ай, омырауымды бүлкілдетіп, сүтсіз болса да емеді... 
тіршілікті таусаганы ғой... Қүлыным-ай, сорпылдатып сорганда 
менің да бойыма өзім де білмейтін тың күш бітіп, қайратыма 
қайта міндім. Қол шананың бас жібін мойныма іліп алдым да, 
қос қолдап баламды қүшақтап жүгірдім. Жын үрғандай, айлы 
да аязды түннің астында елбеңдеп келемін. Ауылға элі де екі- 
үш шақырым жер бар.
Қойнымда бала, қолымда шана, қол шанада - жарты 
қап астық, көзімде жас, көңілімде - өмірге деген іңкэрлік... 
безектеймін. Иә, Баламердің бақыты шығар мені ажалдан алып 
қалған. Солқылдап тынышы кетті ме, ол тағы да қыңқылдап 
жылады. Жүрісімді баяулатып, ентігімді бастым. Неге екенін 
өзім де білмеймін, элде баланы уатқаным шығар, элде әлемнен 
эділдік іздеп, тұңғыш рет көңілім көбең тартып, жалғызсыра- 
дым ба - тамағымды кенеп, таңдайымды тіліммен сулап эн 
бастадым. Ән бастағанда да қайырмасын қайталай беремін. 
Сонда аязды түні ай астында қол шана сүйретіп, қойнына 
баласын тығып келе жатқан әйелдің айткан эні мынау еді:
Ахау, Гүлдерайым,
Күн мен Айым,
Дариға-ай, арманым көп 
Неғылайын...
...Дариға-ай, арманым көп неғылайын деп, мұң мен налаға, 
қайғы мен қасіретке, өкініші мен аһ ұрған уайымы мол өмірдің 
қысқы жолы таусылып, туған үйдің ауласына келіп кірдім. 
Атам мен Енем: «Жарығым-ай, тірімісің», - деп күшақтарын 
жая қарсы алды. Сондағы Атам жарықтықтың аузына түскені 
«азаматым-ай» деген сөзі күні бүгінге дейін құлағымда.
Қысқы жол мұнымен де таусылған жоқ еді. Ертеңінде 
тұлып болып ісініп кеткен аяғымның ауырғанына қарамастан,
300


елең-алаңнан жұмыска шықтым. Енем де қарап отырмайды. 
Майдандағы жауынгерлерге деп, көйлек тігеді, шұлык тоқиды, 
кендір сындырып, аркан еседі. Әйтеуір, баланың басы бар, 
колхоз тапсырған ұсақ-түйек шаруаны тез бітіріп тастайды. Ол 
үшін еңбеккүнді кейде жазады, кейде жазбайды. Әсіресе, жанға 
батқаны «трудабойда» жүрген Ақан үшін салған «военсалык» 
болды. Биылгы жылдыкін төлемеп едік, тіпті, беріп қүтыла 
қоятын елу сомымыз да жоқ-ты. Бір күні едіреңдеп ауыл 
сәбеттің хатшысы келді. Төрт емшегіне қарап отырған жалғыз 
сиырды аламыз деп тізімдей бастаған соң, амал жоқ, бұл 
үйдегі ең ақырғы байлыкты ортага салдық. Баяғыда Черново 
деген ауылдағы орыс байынан екі жылқы беріп алған дэу сары 
самаурынды ауыл сәбеттің өзіне сатып, әскери салықтың бір 
жылынан тағы да азаттандық-ау зорға дегенде.
Ол уайым емес, бар уайымым - жалғыз ұлды тірідей 
әкесіне көрсету. Басқа балалардың қашан туып, калай бақ- 
қаным да есімде жоқ. Бейне бір қыздарым емес, озгеден 
асырап алған секілді, белгісіз де бейбіт ості. Күні бүгінге дейін 
шеше болып мекіреніп, «айналайын» деп беттерінен сүйген 
емеспін. Әйтеуір, қыркынан шықса болды, ары қарай енемнің 
баулуымен бауырында жетілетін. Қартайғанына қарамастан еті 
тірі, пысық адам ғой, бала бағудың азабын ешқашан көрсеткен 
емес. Ал үлкен кісінің тәрбиесінде өскен шағалардың біртоға, 
ақылды болып осеріне қазақтардың козі баяғыда жеткен. 
Рас, Баламердің де ауыртпалыгын түсірген жоқ. Оқта-текте, 
жүмыстан шаршап келгенімде, мауқымды басайын деп, алдыма 
алып, аймалай бастасам: «Тәйт эрі, бала көрмеп пе ең», - деп 
қолымнан жұлып алар еді.
Енемнің оз тағдыры да талай-талай сүргіннен өткен 
қияметке толы екенін кейініректе естіп білдім. Ол кісінің 
тегі ауқатты адамдар болған көрінеді. Алтайдың күнгей бетін 
жайлаған қалың Абақ Керей руынан. Атақты байдың оң 
жақтағы қызы болып, үлде мен бүлдеге оранып отырғанында 
атамыз алып қашыпты. Содан екі ел арасында үлкен дау туады. 
«Сілкіп салар сырмағы, шек деп қайырар лағы жоқ тақыр 
кедейге кызымызды бере алмаймыз», - деп, жүз шақты жігітпен 
келіп қайтадан алып кетіпті. Енеміз өз үйінің оң босағасында 
отырып босанады. Соның өзінде ар-намыс көрмей, сол жақтың 
бір жігітіне үзатқалы жатқанында, баласын алдына алып, 
Алтай асып атамызға қашып кетіпті. Төркіннің бетін содан
301


қайтып көрмей кеткен екен. Екі-үш жылдай мезгіл өткен соң, 
эке-шешесі: «Қыздың кэрі қиын болушы еді, өкпеге кисақ та, 
өлімге қия алмадық, кешсін», - деп, түйеге теңдеп жасауын 
беріп жіберіпті. Сонда аргы беттен қойнына тыгып келген бала 
Ақмет екен... Содан бері қанша жыл өтті, қанша су ақты. Енді 
міне, қара шаңырақтың ару анасы болып отыр.
Мен туасы балажанды адам емеспін. Балаларыма қолым 
тиген шақтарым да болды. Бірақ үрсып, соғудан өлген, жасқан- 
шақ болып өскен баланы көргенім жоқ.
Қызық, бір күні Ата-Енем қүрман айтқа кеткен болатын. 
Бесікте қолындағы қойдың асығымен былдырлап ойнап жат- 
қан Баламерді шешіп алдым да, шөпілдетіп сүйіп, әлдилеп 
отырғанмын.
Әлди-әлди абайым,
Атқа тоқым жабайын,
Сенің апаң қыдырмаш,
Қайдан іздеп табайын, -
деп әндетемін-ай.
Көңілімдегі әсте де кетпей жүретін уайым көлеңкесі, 
санамды сартап етіп сарғайтқан сағыныш, белгісіз бір аңсау, 
үзілмес үмітпен іздеу сынды жүректі шабақтар сезімдер 
бойыма тарап, денем қорғасындай еріп, көзімнен ашу-ызасыз, 
қуаныш-қайғысыз эдемі жас шықты. Ондайлық мүнтаздай 
мүңлы жас кісінің жанын жарылқайды екен. Осындай өң мен 
түс арасындағы іңір сәттің қоңыржай самалын таусап, әлдендім 
бе, омырауымнан саулап сүт шықты. Өңірімді ағытып жіберіп, 
емшегімді Баламердің бүлтиған аузына салып едім, қолдан сүт 
ішіп үйреніп калған ол тыжырынып еме қоймады. Дэл осы 
мезетте Енем есік ашып, кіріп-ақ келгені.
-
Оның не? Емшек сүтіне үйренбеген баланың іші өтпей ме, 
қүдай-ау! - деп қолымнан ала қашқаны. Бетімнен отым шығып 
қатты үялдым. Әне, жалғыз үл солай өскен.
Күндер артынан күндер күндер өтіп жатты. Ауыр кезеңде 
тіпті осы күннің өзі жылжымай, бір орында түрып қалғандай 
көрінуші еді. Ертедегі шалдардың «күнім өтіп барады» деп 
жылайтыны еріккендігі екен. Адам үнемі бір алдан, әлденеден 
жақсылық күтіп, үміттенеді. Соғыс жылдарында бізді аман 
алып қалған сол - үзілмес үміт пен мүқалмас сенім ғой. Тамам 
жүрт секілді мен де эр күн, эр ай, эр мезгілді сағына тосамын. 
Қыс өтсе соғыс бітіп, бейбітшілік орнайтындай асықтық, енді
302


көктемді көксеп жүрміз. Көктем шыкса болды, осы ауылдан 
аттанған алпыс азамат маңдайлары жаркырап, аман-есен келе 
жататындай...
Қар еріп, топырақ кызып, караған басы бүрлеген шақта жан- 
жануар мен бірге біз де жасарып, жайнап қалғандай болдық. 
Қыстайғы ауыртпалық адыра қалғандай, аш жүрейік, жалаңаш 
жүрейік, әйтеуір, күннің қызуына мэз болып, сергіп, серпілдік. 
Мал үзап жайылып, балалар ауладан аулакка шығып, асыр 
салып ойнайды. Қолдарында өздері жасап алған ағаш мылтык, 
уралап «жауды» қуады да жүреді. Ертеңгі әскерлер осылар 
ғой, менің Баламерім қашан ер жетіп, соңымнан еріп жүреді 
екен деп қызыга қараймын. Кеше кешке Жүлдыз колхозының 
басқармалары жиналыс ашып, Ақан әскерге кетерде 170 сом 
қарыз ақша алған, соны төлесін деп, кісі жіберіпті. Ақанның 
ерін ала алмаған Нартайдың әбден өшіккені соншалық, қырық 
жылғыны қылға тізіп, алдымызға келтіреді де отырады. Өйтіп- 
бүйтіп жүріп ол қарыздан да қүтылдым.
Наубайханада үн илеп түр едім, үлкен кызым Шолпан келді 
жүгіріп. Жылаған.
- Үйді бүзғалы жатыр.
- Кім, ойбай?
- Бастықтар.
Қолымдағы жабысқан қамырды етегіме сүрте салып, 
қүстай үштым. Келсем, есік алдында ат ойнатып, Нартай жүр. 
Балта, ломдарын сайлап, арба жеккен адамдар үйді қопарғалы 
жатыр. Енемде ес жоқ, «өлемін» деп бүзаудың мойын жібін 
алып, Нартайға үмтылды. «Қайран, апам-ай, «өлем» дегенше, 
«өлтірем» деп неге айтпайды екен», - деп ойлаймын. Атам 
болса сол сабырлы қалпы, қолында таспиғы: - Қарғыс, - деп 
табалдырыкта күбірлеп отыр. Ақсайтаным мүндай түспесін бе, 
келе долданып Нартайдың шаужайына жармастым.
- Не жазығым бар еді. Қүдай-ау, бала-шағаны шулатып, 
үйді бүзғаны несі! Елім-ау, жүртым-ау, қайдасыңдар, қорлатпай 
«қой» дейтін адам табыла ма... - Зарлап барып, ақ боз аттың 
үстінде шіренген Нартайдың үзеңгі бауынан ала түстім.
- Кет, албасты! Қүтырып кеттің бе? - деп қамшымен 
арқамнан осып жіберді. Аркам удай ашыды, көзіме қан толды. 
Сол кездегі-ай десеңші, ат үстіндегі еңгезердей адамды 
жалғыз-ақ жүлқып аударып түсірдім. Тіпті, түрықты аттың өзі
303


тәлтіректеп кетті. Есті жануар екен, иесі жерге топ ете түссе де, 
кашпай құлағын тіге оскырынып тұра берді. Аяғымның астына 
бір қап бидайдай былш ете қалған Нартайдың кеудесіне қарғып 
мініп, тыпырлауға шамасын келтірмей армансыз қойғыладым- 
ай, тепкіледім-ай. Үй бұзуға келген кісілер әрең дегенде 
ажыратып алды. Үсті-басын қағынып, орнынан тұрған Нартай 
қатыннан таяқ жегеніне ұялды білем: «Албасты, ашуың қандай 
қатты еді, өлтіріп тастай жаздадың ғой», - деп әуелі ырсиып 
күлді. Содан соң есі жаңа кіргендей тістенді.
- Қанына қарайған қара қаншық, түрмеде шірітемін. Маған 
керегі де осы пэкті еді. Жаз, түгін қалдырмай актіле, сендер куэ 
боласыңдар, - деді колхозшыларға. Ауыл кеңестің хатшысы 
болып жүрген келіні қағаз, қарындашын алып сусылдатып 
жаза бастады.
- Біз ештеңе көрген жоқпыз, - деді Жақияр ақсақал. -
Сондықтан куә бола алмаймыз.
- Немене, көзіңді шел басып түр ма, кэрі ит! - деп ақырды 
Нартай. - Сені қоса айдатамын.
- Қатқаныңның басы. Жазықсыз жандарды жазалаған 
өзіңді соттау керек. Тіліңді тигізе берме. Әйтпесе жегеніңді 
қайта қүстырып, қырық жылғыңды жазып беремін.
Осы сөзден кейін Нартай жуасиын деді. Жақияр шалдан 
үнемі тайсақтай беруші еді, тегі ішіп-жеген, істеген қылмысын 
түгелдей жатқа білетін осы кісі секілді.
- Кэмпеске кезінде байдан қалған үйді сутегін алған, ешбір 
қағазы жоқ, ендеше, бүл үй колхозға қарайды. Бүзып экетіп, 
қойма саламыз, - деді Нартай атына қайта мініп.
- Қүдай-ау, біз қайда паналаймыз, - деді енем.
- Оны өздерің біліңдер. Анау жалмауыз келіндеріңнің күші 
тасып жүр екен, қарағай қиып, үй салып алар. Әйтпесе анау 
монша да жетеді сендерге.
- Үйдің акшасы төленген, - деді Атам таспиғын санаған 
қалпында. - Бес жүз сом ақша жэне қара бас қойды бергенмін. 
Келінің өртеп жібермесе, кеңсенің бір жерінде жатқан шығар.
- Ондай қағазды көргенім жоқ, - деді хатшы әйел безбүй- 
ректеніп.
- Ендеше, сенің де көзіңді шел басқан екен, - деді Атам.
- Селсәбетке тіл тигізбе, - деп ақырайды Нартай. Атам сол 
таспиғын санаған қалпы, қүманын алып үйді айналып кетті.
304


Бұл қоқан-лоқыларынан түк шықпасына көзі жетті ме, 
Нартай атын тебініп қалып, шоқырақтай жөнелді. ¥зап барып, 
қайта оралды.
-
Тең бүзғызамын, ал сен албасты, дайындала бер, түрмеге 
қамаласың. Басқармаға кол көтергеніңнің арты не боларын 
көрсетейін. - Зілмен, бітіспес кекпен айтты.
Жүрт тараған соң Атам айтты: - Жаман болса да еркек аты 
бар ғой, азаматтың абыройын төгіп, бекер кол жүмсадың.
Асқардай түтқан Атамның алдында Нартайдың кеудесіне 
міне түскенім, расында да ағаттық еді. Мүндай үялмаспын ба.
Апам айтты: - Өзіне де сол керек. Айызым қанды-ау. Арты 
тыныш болсын.
Істерімді істеп алсам да, қорқа бастадым. Мылтығы 
шошайған мелица келіп, алдына салып айдай жөнелсе, 
қайтемін. Бауырын көтермеген балам бар. Масқара болғанда 
Ақанға не деймін. Бастықты соғып абақтыға қамалыпты деген 
аты қандай жаман еді. Жоқ-жоқ, қол қусырып қарап отыруға 
болмайды, ауданға олардан бүрын өзім барайын.
Менің мінезім қызық еді: көп сөйлемеймін, ал бір сөйлесем 
токтау киын; көпке дейін ашуланбаймын, ал бір ашулансам 
Алтайдың барлық тасын лақтырып, Бүқтырманы теріс 
ағызып жіберердей долданатынмын. Өзімнің орныма Енемді 
наубайханаға жібердім де, нар тәуекел деп аудан орталығына 
тарттым. Шыдамның да шегі бар, жер бетінде зәредей болса 
да әділет, шындық дегендер қалса, тексеріп, көздерімен корсін, 
ақ-қарамды ажыратып берсін, бірақ қорлауы мен қорқытуды 
қойғызсын. Жаяу жүріп үйренген басым, отыз шақырымдағы 
Катонға түс ауа жетіп баруым сөзсіз еді. Жаулығым ағараңдап 
қара жолдың бойымен сыдырта тартып келемін. Дэл сол ретте 
жылап-сықтаған жоқпын, тас-түйін дайындық бітті бойыма. 
Шешінген судан тайынбас, қазір атып тастаса да тайынатын 
түрім жоқ. Жау жағадан алғанда, бөрі етектен жармасып 
әбден қажытып еді, жасымызға жеткізбей әбден қартайтып 
еді. Осылармен алысам деп, шашымның жартысы ағарып 
кетті. Егер осы жолы шындыққа коздерін жеткізе алмасам, 
онда Бүқтырмаға ағып өлгеннен басқа амал қалмады. Елде 
бардың ерні қимылдайды деген, артымда қалар үш қыз, бір 
үлымды өкіметтің озі де өлтірмес. Бүдан жаман кезімде де 
тойға барғанмын демекші, шегінетін жер жоқ, артымда — ар- 
намысым. Көрінгеннен сөз естіп, көлденең көк аттының көңілін
305


тауып, аяғына бас ұрып, жетім баладай эркімге бір жаутаңдап, 
жалтақтап ғұмыр кешкеннен ак-адал өлімнің өзі иманды. Осы 
сапарым - соңғы сапар, не жеңем, не жеңілемін - үшіншісі жоқ. 
Не өлім, не өмір. Қызық, ашу қысып алжасқаныма көрінсін, 
кісінің есіне қайдағы-жайдағы оралады екен. «Өлемін» деген 
сөз ойыма түскенде, зэуде көзім жүмыла қалса, балаларымның 
халі қандай күйде болады, Ақан кімге үйленеді, өгей шеше 
үл-кыздарыма ана бола ала ма... Міне, осы секілді мантырақ 
қиялдар арадай анталады. Жаныма келгенше шырамытпадым. 
«Апай, амансыз ба, жаяу кайда барасыз?» дегенде ғана жүз- 
дерін ажырата бастадым. 
«Бәсе-бәсе, деймін ішімнен,
- құдай көктен тілегенімді жерден берді». Іздеп келе жатқан 
адамдарымның өздері алдымнан шықты. Қос салт атты -
аудандык прокурор мен тергеуші екен.
- Мен сіздерді іздеп шықтым. Айналайындар-ай, менің жай- 
күйімді сезгендей-ақ, өздерің келе жатыр екенсіңдер. - Көзім 
ашып, иегім кемсеңдеп ботадай боздап жылағым келді, бірақ 
дірілдеген ернімді қан шыгара тістелеп шыдадым-ау.
- Не болды, кім жәбірледі, апай? - деп сүрады прокурор 
жігіт.
- Келіңіз, менің атыма мініңіз, - деді тергеуші жігіт.
- Рақмет, калқам, мен жаяу жүруге жаралган жанмын. -
Олар аттарын ақырын аяңдатып, менің жүрісімнің ыңғайына 
түсірді. Ауылға жеткенше көрген қорлық-зорлықты, жүректегі 
мұң, тағдырымның мэн-жайын ағыл-тегіл армансыз айттым- 
ай.
- Өзіміз де Нартайдың үстінен түскен арызды тексерейік 
деп шығып едік, - деді прокурор.
Мен жеңдім. Ауыл сәбеттің архибін ақтарып, үйді сатып 
алғанымыз, он екі жылдан бері салығын төлеп келгенімізді 
айғақтайтын қағаз табылды. Оны хатшы әйел Нартайдың 
бүйрығымен тығып тастаған екен. Келесі жылдан бастап әскери 
салык та төлемейтін болдық.
- Азамат Ақан ойнап жүрген жоқ. Ол да майданға қызмет 
жасап жүр. Артында қалған семьясы үлкен, он шакты жан 
бар екен. Оларды асырап сақтауға жалғыз әйелдің күші 
қалай жетсін. Сондықтан да әскери салықты төлеткендеріңіз 
бекершілік болган. Бүдан былай жүмыстың жеңілін беріп, үй- 
жайына мүмкіндігінше, - деді прокурор жігіт. - Ал баскарушы 
жолдас, сіздің мәселеңізге келетін болсақ, асыра сілтеп
306


алғансыз. Халық жауының қылығын жасағансыз. Өзіңіз -
колхоз бастығысыз, ініңіз есепші, келініңіз ауыл кеңесінің 
хатшысы, тіпті эйеліңізғе дейін басқарманың мүшесіне сай- 
лағансыз. Бүны қалай түсінуге болады?! Тіпті патшалар да 
бүкіл өкіметті семьясымен басқармаған. Ертең ауданға келіңіз, 
анық-қанығын сонда анықтап, тиісті жаза қолданамыз. Бүл не 
деген масқара!
Тэңір асыраған тоқтысын қасқыр жемейді деген соз тегі рас 
екен. Мерейім мүндай үстем болмас-ты. Ой, бір айызым кана 
рақаттандым-ау. Бүл менің жеңілген ит желкелегенге жақсы 
деп Нартайдың аттан жығылғанын табалағаным емес еді. Бүл 
менің жер бетінде эділдік барына түңғыш рет көзім жетіп, 
қуанғаным еді ғой. Әттең, шіркін, сол эділдік бэрімізге жете 
бермейді екен-ау...
Нартайдың келінін ауыл сэбеттің хатшылығынан, інісін 
есепшіліктен шығарғанымен, өзін колхоз бастықтықтан босат- 
қан жоқ. Бүдан былай асыра сілтеп, шаш ал десе, бас алатын 
әпербақан болмауын қатаң ескертіп, сөгіс беріпті. Тіпті оны 
орнынан алған күннің өзінде сауаты бар, шаруашылықтың 
жағдайын білетін есті еркек таба қою қиын еді сол уақыгта. 
Ауыл азаматтарының жоқтығы жанға бататыны содан-ау. Енді 
ойлаймын, азаматы жоқ ауыл сарғайған ескі жүрт екен де, 
еркексіз эйелдер қаңсыған итаяқ екен... «Бар пэле сенен келді, 
албасты», - деді ол ауданнан қайтып оралған күні кеңсеғе 
шақырып алып.
- Жеңдім деп түрсың ғой. Жыланды үш кессе де кесірткелік 
қауқары бар. Көрерміз... Ертеңнен бастап наубайханадан 
шығасың. Балаң жетіліп қалды. Күшің тасып жүр екен, егін 
суғару жүмысына бар. Сенің орныңа Бэтіш нан пісіреді. 
Жуындыға семірген иттей дүмпиіп алып едің, енді қайтер 
екенсің.
- Тіліңізді тарта сөйлеңіз. Әттең әкемдей адамсыз, эйтпесе, 
эне күнгіні есіңізге қайта түсірер едім. - Есігін бір теуіп шыға 
жөнелдім.
Жаз шыға бес адам ауданда звеноводтың оқуына бардық. 
Он күн бойы егін суғарудың жай-жапсарын үйреніп, қайтып 
оралдық та, қиядан арық қазып, қүдық шығару жүмысына 
кірісіп кеттік. Менің бойымда қайран қалдырар бір қасиет бар 
еді: қандай істі болса да жан-тәніммен беріліп істейтінмін. 
Өзімізге бекітіп берген жерді бес әйел балаша баптап, ай
307


жарығымен суарып, арамшөбін жұлдык, әбден жайқалып өсіп, 
дэні толып сарғайып піскен соң барып бастырдық, маржандай 
бидайды окіметке откіздік. Жанталасып қол орақпен масақ 
орып, баулап жүргенімде білегімді оңдырмай кесіп алдым 
(Алма шешей білегін түріп, сара тілінген тыртықты Күміске 
көрсетті). Міне, соғыстан қалған белгі... Қан саулап тоқтамаған 
соң, жаулығыммен орап, шандып байладым да, амал жоқ, ауылға 
қайттым. Ол шақта дәрігер жоқ. Әйтеуір, қазақтың ем-домын 
жасап, қанын тыйдық. Қанжапырақ тарттық. Ауырсынып үш 
күн жүмыска шыға алмадым. «Дем алу үшін әдейі істедің, 
албасты, - деді Нартай. - Мүғалімдерге қосылып шөп шабуға 
барасың».
Қайтесің, жылайсың, жылайсың шыдайсың. Баяғыда 
біреу: «Қарнымның ашқанына емес, кадірімнің қашқанына 
жылаймын», - деген екен. Сол айтқандайын мен де көзге шық- 
қан сүйелдей болып, көрінгеннен соз естігенше, көз көріп, 
қүлақ естімейтін барсакелмес, белгісіз жаққа қаңғып кеткім 
келетін. Қ-ай-й-дан... балапанын ерткен қаздай, аспаннан 
қырғи 
корінгенде 
қанатымды 
сабалап, 
қаңқылдағаным 
болмаса, қолдан келер қайран бар ма. Адамның басы Алланың 
добы демекші, колхоз басқармасы қайда айдаса - сонда елпең 
кағып жүгіре бергеннен басқа шара не. Дегенмен осы мазасы 
жок, сынаптай толкып, сағымдай сусыған өміріме ризамын. 
Несін жасырайын, дэл сол кезде, күндіз-түні талмай, шаршап- 
шалдыққаныма қарамай белсенділіктен гөрі колына қарап, 
қарлығаштың балапанындай тамақ сүрап, аузын ашып отырған 
бала-шағамды асырау тілегі бірінші түратыны санамда. Мен 
бейбіт те жомарт, жылқының жусағанындай тыныш тіршілік 
үшін күрестім, отбасымның амандығы үшін қу жанымды 
аяғаным жоқ. Әрбір қиналған сәтімде ел мен жерді осындай 
күйғе душар қылған дүшпанды қанша рет қарғап-сіледім, 
қаншама рет шашымды жайып, батыска жүз беріп лағынет 
айттым. Мүғалімдерге қосылып пішен шауып жүрген шақта өз 
нормамды ылғи да артығымен орындап тастап, шөпшілердің 
бәрінен бүрын үйге безектеп жүгіремін. Үйге келе салып, қара 
жер қойнына алғанша таусылмайтын шаруаға кірісемін. Кей 
күндері мүғалімдер қайтып кеткен соң тартпамды шыңдап 
жападан-жалгыз калып коямын. Ай туа тоғайдың арасына 
кіріп аламын да, жалғыз сиыр мен бес-алты қой-ешкіге шөп 
шабамын.
308


Мұғалімдердің ішінде Зәбила атты сүп-сүйкімді кыз бар 
еді. Оны сен де білесің, Күмісжан, бүл күнде акарлы-шакарлы 
семья, тіпті немере сүйіп отыр. Сол қыз мені жан тартып, 
аузындағысын жырып беріп, үйірсектеп жүретін. Қүрбы- 
ларымен бірге ауылға қайтуға ыңғайлана берді де, менің төс 
темірге салып балғамен шалғы шыңдап отырып қалғанымды 
көріп, кері оралды.
- Апай, сіз неге қайтпайсыз? - деді жаныма шоқайып 
отыра беріп.
- Өз малымызға арнап шөп шабамын.
- Түнде ме? - таңдана сүрады. - Қараңғы ғой.
- Енді бір сағаттан соң ай тумай ма.
- Апырай, апай-ай, қалай ғана шаршамайсыз. Сізден 
әлдекайда жас менің белім үзіліп, екі қарым талып әрең 
отырмын.
- Үйренбегендікі шығар, - дедім мен. - Басқа түссе бас- 
пақшыл деген емес пе. Жүмыс мені емес, мен жүмысты 
шаршатар шама бар.
- Жүмыс шаршаушы ма еді, - деді Зэбила күрсініп. - Мен от 
жағайын, шалғының жүзі көрінбей барады, қолыңызды кесіп 
аларсыз.
- Жаға ғой. Шэугімге шай қоя сал.
Ай туғанша сырласып отырдық. Шегіртке шырылдап, елік 
әупілдеді. Ол кезде аң-қүс бықып жүруші еді ғой. Сымпылдап 
үйрек үшады. Өзеннің беті қарабарқынданып, анда-санда бір 
нәрсе шолп ете қалады, тегі шабақ аулаған балық болар. Екі 
тізеңді күшақтап, үн-түнсіз отыра берсең, бойыңды қуанышты 
да мүңлы үрей билейді екен. Бірак сен шошынбайсың, лэззат- 
ты әсермен терең күрсінесің де әлденені іздеп елеңдейсің. 
Іздеген затың не, білмейсің. Білмегендіктен де елегізіп іздейсің. 
Осындай жым-жырт ертектегідей отырғанымызды Зәбиланың 
майда үні бүзды.
- Апай, бақыт деген не, білесіз бе? - мен бірден жауап бере 
алмадым.
Осы сүрақтың төңірегінде, тіпті, ойланбаппын-ау.
- Бэлкім, бақыт дегеніміз - ер-азаматқа еркелеу шығар.
- Рас айтасыз, әйелге одан артық бақыт жоқ.
- Сен элі жассың ғой. - Сөзімді аяқтатпады:
- Жас болсам да білемін. Бізді соғыс есейтті. Озіміз 
қызығын көріп, куанышын бөліспесек те, сіздерді коргенде
309


сай-сүйегіміз сырқырайды.Жауды жеңген күні Алматыға оқуға 
аттанбақпын.
- Оқы, айналайын, мен үшін де оқы.
Ол мені қүшақтап аялады, аяғаны шығар.
Осы кезде шығыстан дөп-дөңгелек айдың шеті қылтиды 
да, «мені зарыға тосып отырсыңдар-ау» дегендей шапшаң 
көтеріле бастады. Мен орнымнан түрып, алақаныма түкірдім 
де, тартпаны ептеп шықтана бастаған шалғынға салдым.
- Көмектесейін, апай, - деп Зәбила да өз қол шалғысына 
үмтылды.
- Әуре болмай-ақ қой.
- Ештеңе етпес, сізден жаным артық па, - деп менің соңым- 
нан ересілтей жөнелді. Ай жарығына шағылысқан шалғының 
жүздері жалтылдап, үйысқан шөпті жайпап барады. Артымызда 
түп-түзу десте қалды жол болып.
Күз туа мен және екі-үш адам солдаттарға арнап пима басу 
жүмысына кірістік. Біз әуелі Пилат деген орыс шалына барып 
бір апта үйрендік. Пима басуды тағы да мен бірінші болып 
игеріп әкеттім. Қалып біреу ғана болгандықтан алғашында бір 
сыңардан басып, кезек күтіп жүрдік. Күзді күні қозылардан 
қырқып алған тері жүнді ең әуелі жақсылап түту үшін судың 
арғы жағындағы Еремей деген орыс шалына қапқа салып 
апарамыз. Оның жүн түтетін машинасы бар. Бүл жүмысты 
Сақыш екеумізге тапсырған. Қыс түсіп, Бүқтырмаға мүз 
қатқанда да қанатсыз жайдақ шанаға бір ңентнер жүнді тиеп, 
ымырт жабыла жолға шығамыз. Машинаның қүлағын кезек- 
кезек бүрап түрып түні бойы бүрқыратып түтеміз де, ертелетіп 
қайта ораламыз. Екі-үш сағаттай мызғып алған соң, соғушылар 
әзірлеген түйлектеген жүнді қазанға салып қайнатамыз. 
Әбден піскеннен кейін сорғытып, қол ағашпен тарсылдатып 
соккылаймыз. Бөлменің іші көзге түртсе көргісіз буға айналып, 
үсті-басымыз малмандай су болады. Дымқыл ауа тынысқа тар, 
түншықтырып шыдатпайды. Атып далаға шығамыз. Сонда 
әбден буланған күлағымыз тарс бітіп, естімей қалушы едік. 
Оған қарап жатқан біз жоқ, таза ауадан қарпып-қарпып жүтып 
аламыз да,қалың будың арасына қайтадан сүңгиміз. Бір күні 
мүздың бетін қызыл су қаптап кетті. Өзеннің дэл ортасына 
барғанда жамандаткыр тырақы ат бір центнер жүн мен Сақыш 
екеумізді тарта алмай арындап түрып алғаны, эрі қамшыладық,
310


бері қамшыладық, тіпті сабаған сайын көткеншектеп, баспай 
қойды. Сақыштың аяғында көн етіғі бар еді, шанадан карғып 
түсіп барып, дізгіннен жетелеп көрді, қозғалмады. Енді 
шана үстіндегі мені ауырсынып түрғандай. Ал менің кигенім
- табынына тақтай жапсырған ескі пима. Сақыш ер еді-ау, 
тырақыны баска бір салды да, долданып қайтып маған келді.
- Мін арқама, - деді.
- Денем ауыр, көтере алмайсың ғой...
Жас балаша мойнынан күшақтап аркасына жабыстым. 
Ол менің екі калтамнан қыса үстап алды да, қызыл суды 
шалпылдата кешіп, арғы жағаға тартты. Жагалауға енді жете 
берген кезде:
- Әй, қатын, қалтаңнан қарманың иісі шығады ғой, - деді.
- Бағана Енем пісіріп беріп еді.
- Аузыма сал, әйтпесе суға тастай саламын,- деп үстіндегі 
мені сілкіп-сілкіп калды. Амал жоқ, бір үзіп тістеттім. Ол 
қарманы үртын қомпаңдатып шайнаған қалпы мені арғы бетке 
алып шықты. Содан соң суды қайта кешіп барып, көлікті 
жетелеп еді, кырсық неме «сендерден қүтылмадым-ау» 
дегендей тапырақтай тартты шананы. Сақыштың көн етігінен, 
әрине, су отіп кетіпті. Еремейдің үйіне жеткен соң шылғауын 
отка кақтап кептіріп эрең жылынды. Осы оқиғадан кейін 
Сақыш, суық тисе керек, қалтырап-дірілдеп қатты ауырды. Екі 
аяғының қақсағаны асқына келе жүрегіне шапты. Ертең жеңіс 
деген күні бүл дүниеден қайтты жарықтық.
Еремейдің үйінде жүн түтіп жүргенде қарнымыз ашып 
қоймаған соң бір килодай жүн сатып, картошка қайнатып 
жеп едік. Енді орнын толтырудың амалын іздегенбіз. Әдетте 
түтілген жүнді бір бөлек, түскен қоқымды бір бөлек өлшеп, 
жалпы салмағын шығаратын. Амалсыз қоқымның арасына 
тас салуға тура келді. Бүл жалғанда Нартайдан иісшіл кім бар 
екен... Біліп қойды. Қулығымыздың беті ашылды. Аузына ақ 
ит кіріп, көк ит шығып үрысты. Соттатпақ болды. Айналайын, 
Сақыштың сүлулығы бүл пәледен де қүтқарды.
Иә, біз не көрмедік. Сонымен үзын-ырғасы - пима бастым, 
нан салдым, өмір бойы шөп шаптым. Егін ордым, бау байлап, 
масақ тердім. Мүнымен де біткен жоқ. Келесі, 1944 жылдың 
қысында тері илеуге жіберді.
311


-
Екеуінен де мэңгілікке айырылғанымды жүрегім сезіп 
еді,- деп Ақан шал далаға шығып, бой жазып келген соң, 
әңгімесін одан ары соза тартты.
Жағдай жақсарып, тамақ түзелгенмен, сырқатым асқына 
түсті. Екі бетім суалып, көзім шүңірейіп, мойным ырғайдай 
болып, адам танымастай жүдедім. Әсіресе 1945 жылдың 
қысында жүмысқа бір күн шықсам, екінші күні төсек тартып 
жатып қалатын жарымжан күй кештім. Ішкен асым батпайды, 
қара су үрттасам да, лақ еткізіп қайта қүсамын. Көктем туа ептеп 
сергігендей едім, «бүгін жеңіс» деген күні ішімді жалын жалап, 
қатты қысылып ауырдым. Ұлыстың үлы күні қуанышында 
нардың үстінде аш иттей бүралып, ыңырсып жатқан менімен 
елдің ісі бар ма, көздеріне жас алып, жүректері жарыла жаздап 
бақытқа кенелуде. Иә, көптен күткен таң да атты!
Жеңіс!
«Соғыс!»деген сөздің су қүйып, тамырына балта шапқан 
айналайын, Ж ЕҢІС- сені де қүлақпен еститін, көзбен көретін, 
төбеміз көкке жеткенше қуанатын күн бар екен-ау! - деп 
күбірледім басымды зорға дегенде көтеріп. Күлге аунаған қотыр 
түйедей жата бергенше далаға шығуға талпындым. Барақтың 
қабырғасына сүйеніп, бір басып, екі басып тысқа шықканда, 
май айының жаркыраған күні нүрын аямай-ақ төгіп түр екен, 
көзімді жасауратып, жанарымды жеді. Жүмысшылардың 
тайлы-таяғы қалмай жеңіс қүрметіне арналған салтанатты 
жиналысқа кетіпті. Маңайда тірі жан көрінбейді, тек мен ғана 
асқазанымды алақаныммен басып, жалғыздан-жалғыз бүкшиіп 
түрған. Табиғат бейне бір үзатылатын қыздай-ақ қылымси 
жымиып, наздана тамылжиды. Енді-енді ғана бүршік ашып, 
жапырақ жая бастаған орман осы түстан қарағанда жасыл ала
- бірі ерте, бірі кеш бүрлегендіктен бояу теңестіре алмай түр. 
Бағана басына орнатылған қара табақтан Левитанның жігерлі 
де қуанышты үні саңқылдап естіледі. Менің, жадымда әсіресе 
қалғаны: «Капитуляция» деген сөз болды. «Енді елге қайтатын 
шығармыз», - деп ойладым.
Жеңіс!
Бүл сөзге менің қаншалықты үлес қосқанымды күні бүгінге 
дейін білмеймін. Менің білетінім: өзіме жүктелген жүмысты 
барлық күш-қуат, ынта-ықыласыммен орындағаным ғана. Тіпті 
кімнің қанша үлесі барын таразылап, талапайға салу артық еке-
11
312


нін сол кезде-ак ұккан едім. Ендеше ел басына күн туган шакта 
Отан алдында - ар-ожданның тазалығынан асқан үлес бар ма?.. 
Мүмкін, барлығымыздан - аяқ-колдан айырылса да, әйтеуір, 
татар дэмі, атар таңы таусылмай тірі қалған барлығымыздан 
элдеқайда батыр, әлдекім ешкімге белгісіз күйде шейіт болған 
шығар. Соғыста қаза болғандардың барлығы батыр дейтінім 
содан. Кейін ойладым: - бэлкім, менің еңбегім белгісіз, аты- 
жоні жазылмаған жауынгердің рухына айналып кеткен шығар. 
Иә, батыр болу дегеніміз - кеудеге алтын жүлдыз тағып, алты 
алашка эйгілі болу ғана емес; есімің, еңбегің аталмай-ақ 
ерлік жасау мүмкін екендігін кейін білдік кой. Демек, эдемі 
тізімге соғыска қатысқандардың барлығын тізіп шығу міндет 
емес, олардың адал еңбегі, асқар ерлігін ЖЕҢІС деген сөз бен 
БЕЛГІСІЗ БАТЫР рухынан іздейміз.
-
Мен алпыс жылдық өмірімде, - деді Акан шал колындағы 
кымыз күйылған кесені шайқап, - ешкімнің ала жібін аттамаған 
екенмін. Міне, түн жамылып отырмын ғой, асырып айтсам, 
күдай төбемнен үрсын. Бірде-бір ескерту, сөгіс те алмаған 
екенмін. Егер тазалық, адалдық үшін берілер сый-қүрмет 
болса, омырауым толып кетер еді... Мен тек кана оз колымнан 
келгенін істедім, қадери-қалімше еңбек еттім, тағдырдың 
талайыма жазған ырзығын ғана көрдім, одан артык дүниеге 
иек қышытқан емеспін, ойткені алуан-алуан жүйрік бар, эліне 
қарай шабатын. Мен бүл өмірге алу үшін емес, беру үшін 
жаратылғанымды баяғыда «трудармияда» жүрген кезде-ақ 
үққанмын. Сондықтан шамасына қарай шанасы деген қағиданы 
берік үстадым да, ешкімнің де бақытына қызықпадым, ішімді 
өрт жалап қызғанбадым да. Мынау қара жердің бетінде МЕН 
секілді озбай да қалмай қарапайым ғүмыр кешетіндер саны 
БЕЛГІЛІЛЕР тізімінен элдеқайда көп екенін білемін, соған 
шүкіршілік жасаймын да. Алайда өзім сияқты үшпақты эсте 
аңсамайтындардың саны азайып бара ма деп шошынамын... 
Аспанға үшпай түрып, жүмыр жердің бетімен дүрыс жүруді 
үйренбегендерді көргенде налимын-ау... «Кірмей түрып, қалай 
шығатыныңды біліп ал» деп халык біліп айтқан ғой. Осындай, 
ойдың дені кейін, заман тыныштал ып, бейбіт өмірге еркелегенде 
ғана сана сарабына түсті, әйтпесе қа-а-й-д-ан... Көктемгі көкке 
аузы зорға ілінген көтерем сиырдай тарамысына ілініп түрған 
менің көкейімде жалғыз-ак арман бар еді, ол - өлмей ауылға 
жетіп, өзім жокта дүниеге келген Баламерді көру. Содан соң
313


ажал ала жөнелсе де қарсы емеспін. Бұған дейін сүйретіліп тірі 
жүрғенім суішкілігімнің элі де таусылмағаны шығар-ау.
Жатақтың босағасына сүйеніп түрғанымда, анадай жерден 
ақ көйлегі желбіреп маған қарай жүгіріп келе жатқан қызды 
козім шалды. Ол анадайдан қос қолын жая үмтылып, менің 
мойнымнан қүшақтады да, екі бетімнен кезек шөпілдетіп 
сүйді-ай. Жүзінде күлкі, жанарында жас.
- Ағатай-ай, бауырым-ай, біз жеңдік қой. Жеңдік!
- Рас, жеңдік, айналайын, қарындасым! - дедім мен ақ сары 
шашынан сипап.
- Бірақ бүл жеңіс бомбаның астында қалған әке-шеше, 
туған-туыстарымды тауып бере ала ма? - деп өксіп жіберді.
- Жалғыз сен ғана емессің гой, қалқам...
- Бірақ эркімнің өз қайғысы өзіне ауыр емес пе. Енді мен 
батысқа бармаймын. Шығысқа аттанамын.
- Қиыр Шығыстан жапон деген пэле шыққан жоқ па?
- Сіз мені түсінбедіңіз, жаудан қорқады деп ойлайсыз ба? 
Жо-жоқ. Көз алдымда аяқ-қолы бөлек-бөлек қалған мамам, 
қалай ғана сол хуторға бара аламын. Әр күн сайын есіме түсіп, 
жүрегімді жараламай ма. Одан да Сібір тайгасын аралап кетейін 
де. Бастықтар рүқсат етсе ертең жолға шығамын. Сіз сондай... 
жақсы адамсыз. Я Вас... хокаю! Бүл сөзді кейін түсінерсіз. Хош 
болыңыз. - Мойнымнан қүшақтады да, жалт бүрылып асыға 
басып кете барды. Сезімім қаншалықты сірне болса да, көңілім 
толқып, басым айналған, масайғандай дел-сал түрып қалдым. 
Ақ көйлегін жел желпіген қыз, әне, Орал ормандарына қарай 
беттеп барады. Өзімен бірге бір нэзік сәулені ала кеткен украин 
кызы менің де жүрегімнен орын алған. Ол маған ЖЕҢІС 
деген үлы үғымның адамға айналып, дөңгелене билеп, күні 
бүгінге дейін жер шарын аралап жүргендей: ол мэңгілікке 
солмас бәйшешектей, қайта жасарып, қайта гүлдеп, мынау 
монданақтай жерді алақанына салып әлдилеп жүргендей...
- Әңгімем аяқталып келеді, таң жақындап қалған секілді, 
жүр далаға шығып, бой сергітіп қайтайық,- деп Ақан шал 
орнынан түрды.
Олар тысқа шыққанда, шынында да, шығыстан таң саз 
берген екен. Аспан ашық, Шолпан жүлдыз ғана түнгі ару- 
лардың, отырыңқырап қалған ең соңғы қонағындай, сөнбей 
жарқырайды. Батыс жак алқаракөк те, шығыс көкжиек 
жүқалаңдап 
ағараң 
тарта 
бастаған. 
Қозының, 
жылқы
314


даусы естіледі. Көбен тауының оймақтай ғана көлі бетінде 
мойындарын қайырып,тұмсықтарын қанаттарының астына 
жасырған қос сары ала қаз бейбіт қалғиды. Арғы жақ шетінде 
судан элдене алып жеп, таңсәріден ашқарақтанған бір топ 
қоңыр үйрек жүзеді. Көл жағасындағы жалғыз үйлі қойшының 
аң-күсқа деген адалдығын жарықтық үйрек-каз да сезгендей, 
өзгеше кэперсіз, секем алар сескенісі жоқ алаңсыз... Табиғат 
пен адам арасындағы береке, ырыс дарыған шалқар достықтың 
жарасып табысқан жаршысындай. Ақан шал осына көріністі 
көптен бері көрген жок-ты, қызыктағандай екі қолын артына 
үстап, сәл үнсіз түрып калған. «Үйге бой жазып, анау төбенің 
басына шығып кайтайық», - деп, алға түсіп аяңдай берді. 
Шопан жігіт мақүл көргендей катарласа жөнелген.
-
1945 жылы да елге кайта алмадым, - деді Ақан шал. -
Соғыстан қайтқан солдаттар емеспіз, еңбек эскері болғандық- 
тан, тағы да бірер жыл жүмыс істеуді талап еткен соң, амалсыз 
қалдық. Жаз шыга қыстай асқынып келген аурудың беті бері 
карап, өзімді тэуір сезінгенмін. Әйелдердің көбі дерлік тарап, 
бүрынғыдан гөрі бір жайма-шуақ тыныштық орнағандай еді. 
Тіпті ептеп көңілсіздік басып, ел деп елеңдеумен жүр едік. 
Өйтпеске шарамыз қайсы, түпкілікті қалып, жүмысшы болып 
кетудің реті жоқ, көпшілігіміздің ауылда екі көзі төрт болып 
тосып отырған бала-шағамыз бар, шаруа бакқан адамбыз, егін 
екпей, шөп шаппай өмір сүре аламыз ба. Ал кен қазып жүрген 
бэріміз көгенін ағытқан қозыдай жамырап, қайла-күректі 
лактырып тастап боса жөнелсек, жүрегі дүрсілдеп соғып түрған 
мүкым завод, фабрика өлікке айналмай ма. Негізгі жүмысшылар 
майданнан толық оралған жоқ, тірі қалғандарының өзі аяқ- 
қолдан айырылған мүгедек, жаудан енді-енді ғана арылған 
ел ес-ақылын жиганша бүл жерден аттап басуға кақымыз 
жоқ еді. Агайын-туған «бүл қайда жүр» деп елеңдемес үшін 
барлык жагдайымызды айтып хат жазып жібердім. Сөйтіп, 
Орал тауының дэмін элі де бір жыл татуға тура келген. Әрине, 
бүрынғыдай емес, жағдай жақсарған, жүмысшылар да көңілді.
Саршатамызда ауылдан менімен бірге келген Қожақ пен 
Қаймақ үйлеріне қайтатын болды. Партия қатарына жаңадан 
өткен мені босатпады.
Жігіттерді шығарып салып түрғанда көңілім алабүртып, 
көзіме жас алдым. Бірге өсіп, біте қайнасқан ауылдастарымды 
кимай киналдым да. Оралда өткен үш-төрт жылдың ішінде бір-
315


бірімізге бұрынғыдан ары жакындасып, бір шаңырақтан өрген 
тумалардай айнымас достық, ажырамас туыстыкпен үйренісіп 
кетіп едік. Олар кетіп, жалғыздан-жалғыз мен қалғанда 
үйірінен айырылған жылқыдай кісінеп, көбінесе, саяк жүретін 
болдым. Қаймақ пен Қожақ мен үшін мүқым Қаратай елі екен, 
түра аттанып кеткенде, ел көшкендей қүлазып, жүртта қалған 
күшіктей қыңсылағаным, бүзауы өлген сиырдай азан-қазан 
мөңірегенім де содан-ау...
Қаймакшал тарамыс-тарамыс қолын үсынып: - Ал, аза- 
матым, аман бол. Көріскенге жазсын, - дегенде үмтылып барып 
қүшақтай алдым.
- Ағатай-ай, жалғыздықтан жаным күйзелетін болды-ау.
- Көп үзамай сені де босатар. Денсаулығыңды күт. Шыда, 
көбі кетіп, азы қалды ғой,- деп төсіме төсін тигізіп жүбату 
сөзін айтты.
- Алмаға не сәлем айтасың, - деді аусар Қожақ арқамнан 
қағып.
- Не айтайын, аман-есен де... Ауыратыным жайында 
жүмған аузыңды аша көрме, жүрегін жаралап қайтесің. Мен 
үшін балаларымның бетінен сүй.
Олар аудан орталығына қарай жаяу беттеді. Арқаларында 
түйіншек дорбасы бар. Сырты қомпайғанмен, ішінде түгі жок 
бос дорбаны тек ырым үшін ғана таңып алған - жолаушылык 
әдет қой. Жүдеп-жадаған ауылдастарымның артынан қарап 
түрып, қатты аядым. Бүлар да соғыста болдық деп барады-ау.
Жолдастарыммен қоштасып, жатын орынға қайтып оралған 
соң да, екеуінің бос дорбасын арқалап аяңдап бара жаткан 
жүдеу бейнесі көз алдымнан кетпей-ақ қойғаны. Тіпті, үйқым 
келмеген соң, сыртка шықтым. Тыныштық үйып түр екен. 
Жүмысшылардың барлығы да алаңсыз үйкыда, бейбіт күннің 
алғашқы алаңсыздығына еркелеп жатыр. Ауадан ептеп салқын 
сыз сезіле бастаған. Қар биыл да ерте түсетін сыңайлы. Ағаш 
жапырақтары да асығыс сарғайған. Үркер көтеріліп келеді екен. 
Сол үркер туған жакта менің туған ауылым бар. Белгісіз бір 
үміт солай қарай жүр-жүрлеп жетелейді. Неге екенін білмеймін, 
күншығысты бетке алып еріксізден еріксіз адымдадым. Қанша 
жер үзағаным есімде де жоқ, тек Шолпан жүлдызы ауа ғана 
кері бараққа оралдым. Одан ары үзай берсем, сөз жоқ, қашқын 
атанамын. Ал мен өмір бақида ештеңеден қашып, ештеңеден 
қорыққан емеспін.
316


Орал өңіріне тағы да кыс түсті. Күн суык. Сыркатымнан 
айығып кете алған жокпын. Бүрынғыдай күбір-күбір өз тілімде 
сөйлейтін жіғіттен айырылған соң бір түрлі бүйығы тартып, 
жетімсіреп жүрдім. Ауыл-аймакты өлердей сағындым. Бала- 
шағам күндіз есімнен, түнде түсімнен шыкпайды. Тарамысына 
ілініп эрең жүрсем де жүмыстан бір рет те калған емеспін. Кен 
директорының атынан мактау естідім, озат жүмысшы, нағыз 
коммунист атандым. Амал не, жүректе сағыныш салғаң мүң 
бар. Қанша көңілденейін, серғиін десем де, көңілімді элде не 
зіл болып басады да түрады. «Топырак Оралда бүйырмаса иғі 
еді»,- деғен үры ой үялай бастады.
Иә, соғыс аяқталды.Бірак күрес аякталды ма?..
Кімнің кайда, не істеғенін есепке алып, түғендейтін уакыт 
келді.
Жолым түсіп аудан орталығына барып кайтып едім. Онда 
үлан-асыр той: пилоткаларын бір шекелеп киіп, омыраулары 
сылдырлаған орден-медальдар толы солдаттар кос-костан 
кыз-келіншектерді күшактап гармоньдатып, көшеде билеп 
жүр. Оларға сонадайдан кызыға қарағаным болмаса, тіпті 
жақындауға сескендім әрі «бүл қайдан шыккан ақ қарға»деп 
согетіндей жерге кіре үялдым да. «Бэрі де майдан, мүндағы 
біз де қарап жүргеміз жок» деп кімге дәлелдерсің, кімге 
түсіндірерсің... Амал не, салым суға кете бараққа оралдым. 
Маған ондай сүрақ қоймауы да мүмкін ғой, бірақ үстінде 
әскери киім, кеудеңде соғыс куәгері медалің жок болған соң 
ба, өз-өзіңнен куыстанады екенсің. Кен басшылары тарапынан 
алған сан алғысымды кағазға жазып алып эркімге тарататын 
емес... Шынымды айтсам, елге кайтуға да қорындым. Әттең, 
шиеттей жас бала-шағам бар, эйтпесе осы жақта түпкілікті 
қалып қойғым-ақ келді. Алма кезекті хатында: «Соғыстан аман 
қалған азаматтардың біртіндеп келіп жатқанын, оның ішінде 
бір аяғынан айырылған Қүмырайдың да бар екенін жазыпты. 
Денеме сызат түспей ауылға барудан азапты не бар? Ал ішкі 
жараны кім көріп түр. Бейне бір бес жыл Орал орманында 
тығылып жатып, жау жеңілген соң уралап шыға келгендей 
көзге күйік боларым тағы рас еді...
«Тыл да, трудаармия да - барлығы да майдан, жолдастар,- 
деген сөзді дэл сол кезде дәлелдеу мүмкін емес-ті. Жүрттың 
назары тек кана қолына мылтык үстаган жауынгерлерге ауған. 
Қазірдің өзінде карт солдаттар соғыс ардагерлері атанып,
317


«немісті тырқыратып қуып барамыз, жолдасыма оқ тиді, 
мен аман қалдым»,- деп естелік айтып, есінеп отырғанда 
күн демей, түн демей кен қазып, топырақ тиеп жатырмыз»,- 
деп әңгімеге араласудың озін эбес санаймыз. Бірақ менің, 
жарылыстың астында қалған Бураның, ауылға келген соң көп 
үзамай дімкәстік пен жіңішке аурудан қайтыс болған Қожақ 
пен Қаймақтың жазығы не? Жазығы сый-құрмет дәметпей 
жанталаса еңбектенгені ме, жазығы жауынгерге қару дайындап 
бергені ме? Отыз жыл бойы осы оймен соғысып келемін. 
Жеңістің отыз жылдық тойына шақырылмадық. Оны былай 
қойғанда, «Ата, сенің наградаларың неге жоқ. Әлде соғысқа 
қатыспадың ба?» - деген немеремнің сүрағына жауап бере 
алмадым-ау. Ол сүраққа әсте де мен емес, басқа біреулер жауап 
беруі керек еді...
1946 жылдың жазында асқазан ауруым асқына берген соң, 
еңбек эскері қатарынан біржола босатты.
-
Мінеки, Орынбай, ағаңның қысқаша өмір-тарихы 
осындай,- деп Ақан шал әңгімесін тамамдады.
Таң атты. Күн шықты.
* * *
Көбен тауының ирек-ирек жолымен жалғыз салт атты 
ауылға карай қүлдырап келе жатыр. Түндегі ішкен қымызы 
батпады ма, аттың жалын қүша лоқсып, қолқасы үзілердей 
болып үзақ қүсты... Алғашында түндегі жеген еті мен қымызды 
лақылдатып еді. Аттан әрең дегенде сусып түсті де, жерге 
найзадай кіріп жатқан тасқа сүйене отырды. Тынысы тарылып, 
ауа жетпей өз-өзінен түншыға берген соң омырауын ағытып, 
«Уһ, аллай-ай, жаным-ай» - деп ауыр күрсіне шалқалады да, 
анау тегенедей төңкеріліп түрған шайдай ашық аспанға қарады. 
Ол тіршілігінің ең соңғы сапары дэл осы ендігі сәтте сонау 
етекте қүмалақтай шашылып жатқан ауылға аударған. Сол 
көк түтіндері көкке өрлеген көп үйлердің ішінен өзінің қара 
шаңырағын іздеп әрең дегенде тапты да, аса бір қимас тілекпен 
үзақ қарады. «Тэңірім-ау, түтіні шығып жатыр»,- деп қуанды. 
Амал қайсы, қолқасы үзілердей болып тағы лоқсыды. Өңешін 
кермек татыған кан жауып, тамыр соғысы баяулай бастаған- 
ды. Жүрек шіркін шаршаған, әбден тозығы жеткен, «бүдан ары 
шамам жоқ» дегендей, элсіреген қанатын анда-санда болар- 
болмас каққаны болмаса, өмір үнін шырқата алмады. Кірпігі


қатып, қарашығы бір орында тұрып қалған көзінен саулап 
жас акты, бірак сүртуге дәрмені жетпеді. Жанары жайнап 
жатканымен, айдай аппақ элем біртіндеп сөніп, дүниенің бар- 
барлығы қап-қара қапасқа айналды. Сол қараьіғы түнектін ар 
жағынан мойнында иін ағашы бар Алма шықты да, су толы 
шелекті шайқалақтатып, эне, асықпай аяңдап барады. «Токта,
- деп жан үшыра айғайлады Ақан. - Мені ерте кет. Суды кайда 
апарасың?».
Қарашыгы катып жатқан Ақан шалдың кеудесі қарс 
айырылды да, шыбын жаны пыр етіп үша жөнелді...
...Мүнымен де біткен жоқ. Келесі, 1944 жылдың кысында 
тері илеуғе жіберді, - деп Алма кемпір әңгімесін ары карай 
жалғастырды. - Бұған дейінгім ойыншық екен, дүниедегі ең 
ауыр жүмыс - осы тері илеу болып шықты. Маған дейін істеген 
талай эйел шыдай алмай, ақыры ауруға үшырап, үйлерінде 
төсек тартып жаткан. Сол күні де әдеттегідей ерте тұрып, сиыр 
сауып, шайды шала-пұла ішіп үйден шыға бергенімде Енем:
- Сенің де сорың ашылмай-ақ қойды-ау, байғұс. Тірі қалсаң 
жарар еді, - деді.
- Олай айтпаңызшы, тэңірдің басқа салғанына көнеміз 
де...
- Барлық істі бір күнде бітіріп тастайтындай жүлқына 
кірісетін мінезің бар еді, аспай-саспай байқап, байырқалап 
қимылдасаңшы, келінжан.
- Ілбіп жүре алмаймын, апа, сүйекке сіңді әдет қой.
- Ақан мен Бағдаттан хабар болмай кетті-ау, - деп күр- 
сінді.
Тері илейтін завод (солай атар еді) ағаштан қиып салған дара 
үйде орналасқан. Аты завод болғанымен, мұнда осы Жүлдыз 
аулындағы жалғыз орыстың шалы Гриша істейді. Одан басқа 
маман жоқ, деректірі де, жұмысшысы да бір өзі. Ал көмекшілікке 
келген менің міндетім - жерге қазып орнатқан әркайсысы 300 
литрлік ағаш бодияларға су тасып құю. Өзенге дейін қозы-көш 
жер. Иінағаштың екі басына ілінген қос шелекті салақтатып 
безектеймін-ай. Ағаш күбінің түбі тесіліп қалғандай, тіпті 
толып болмайды. Маған дейін істеген әйел екі-үш күнде эрең 
толтырады екен. Ертеден қас қарайғанға дейін тыным таппай 
жүгіріп жүріп ел орынға отыра бітіріп тастағанымда, Гриша 
шал өз көзіне өзі сенбеді. Суы мөлтілдеген дэу үш күбіге қарап 
тұрды да, таңдайын қағып, басын шайқады.
319


- Мықты екенсің. Бірақ ертең жатып қаласың ғой. Жұмыс 
осымен бітті деп ойлайсың ба, келіге қабық түйіп, теріні иге 
салу керек.
Расында да, Гриша шалдың айтқаны келді. Екі иығым, жог 
аркам, қара саным удай ашып, таңертең орнымнан қозғалуғс 
дэрменім жетпеді. Күн арқан бойы көтерілгенше сүльп 
жаттым.
- Келінжан, Гриша шал шақырады сені. Шамаң жете ме?- 
деді Енем. Бойым жансызданып, сал болып қалғандаймын 
Амал жоқ, түру керек.
- Етпетіңнен жат, денеңді уқалап берейін. - Менің үял 
ганыма қараған жоқ, жүн койлегімді түріп тастады да, тарамьк 
қолымен жауырынымнан ысқылай бастады. Қартайған адам 
ның саусақтарында қайбір қару бар дейсің, кісінің қытығьп 
келтіргені болмаса, қанын таратуға қауқары жетпеді. Енем< 
ересек екі кызым қосылды. Олар да өз шамаларынша, киі: 
басқандай түйгіштеген болады. Дегенмен, бүл әлсіз әрекеттп 
өзі сеп болғандай, бірер сағаттан соң қалқайып басымдь 
көтердім. Гриша шал ақылды адам еді ғой, осы ауылдағы көі 
қазаққа бергісіз, кешігіп барсам да, элдекімдердей шу көтеріп 
басқармаға үстімнен арыз айтқан жоқ. Аяғыма тас байлағандаі 
сүйретіле басып келгенімде, ол карағайдың қабығын үсақтаі 
отыр екен, мені көріп күлді.
- Хал қалай, қызым? - деді.
- Мүқым колхоз жабылып сабап тастағандай.
- Әрине, үш кісілік жүмысты жалғыз өзің істесең.. 
Жоңқалаган қабықты келіге салып, үшында үш айрық темір 
жүзі бар келсаппен түйгіштей бастадым. Алғашында қолыд 
көтертпеді, екі-үш рет түйсем болды, жауырынымның екі ара 
сы ашып, қарым талады. Әрі-беріден соң оған да көндіге бас 
тадым. Өлсем өліп-ақ кетейін деген оймен жанталаса түйдім 
Қатты қимылдаған соң, денеде үйып түрған кешегі шаршау меі 
ауырсыну біртіндеп тарқап, маңдайымнан сүп-суық тер бүрі 
ете түсті. Құрыс-тырысым жазылып, тас моншаға түскендеі 
ақ сорпам шықты. Тері илеп менің қапшағай қимылыма кө 
салып түрған «деректірім» тағы да басын шайқады. Мен сонд; 
алғаш рет еңбектен ешкімнің де өлмейтінін санама сақтап едім 
Адам ересен жүмыстан емес, жанын аялағаннан ауру боларыі 
көкірегіме түйдім. Түске дейін қабықты талқандай түйіп, түстеі 
кейін иде бөгіп жатқан ауыр-ауыр үлкенді-кішілі терілерді таз;
320


суға кайта салып иінен тазартып алған соң,келесі күбідегі 
қабыктың ніліне тоғытамын. Оның бер жағында отын жарып, 
от жағып тайқазандағы қарағайдың қабығын сақылдатып 
кайнату жүмысы тағы бар. Екі күннен соң, үш бірдей күбіні 
үш жүз литр сумен толтыру керек. Егер эр шелекке он литр су 
сыяды десек, өзеннен екі ортаға 45 рет қатынап, шелек су экелу 
керек екен. Күбірлеп, ішімнен санаймын да жүремін.
- Сіз, апа, күніне 900 килограмм жүк көтерген екенсіз, -
деді Күміс кемпірдің мойнынан қүшақтап.
- Алғашқы шаршау бәсеңсігенімен, он екі мүшем де әбден 
титықтап, амалсыз болдыру бар еді. Бүл қырсауы кете, қиюы 
қаша бастаған болдырыс қанша көнтерімін деген адамның 
кай-қайсысының да басында болар хал ғой: ой мен кырға, үра- 
жыраға сала берсең машина да тозып, қажалып бітпей ме, тау 
мен тасқа күндіз-түні шапқылай берсе жануар екеш ат та аяғына 
қан түсіп, зорыкпай ма?.. Жау қаша соғысып, батысқа шегінген 
сайын менің де жүйке-жүрегім әлсіреп, көңілімнің көк мүзы 
еріп, шаттанғанмен, денем майланбаған арбадай салдырап қажи 
басгаған-ды. Әсіресе тері илеу жүмысында жүрген жалғыз 
қыстың өзі-ақ жүз жылға жетерлік азабын арқалатқандай еді. 
Талықсып барып төсекке қүлаймын. Кісі қатты шаршағанда екі 
көзі удай ашып, жанарың жүмылмай бақырайып жатып алады 
екен. Шеке тамырың білеулене ісініп соқпай түрып алады 
да, басың тастай қатып, сана-сезімсіз тірі өлік күй кешесің. 
Осы кезде «тәтелеп» аяғын апыл-тапыл басқан жалғыз үлым 
келеді жаныма. Мекіреніп бауырыма тартамын. Ал ол болса 
мүрнын тыржитып қаша жөнеледі. Әбден терінің иі, қайнатқан 
қабықтың иісі сіңіп қалған өне бойымнан, өзім үйреніп 
кеткенмен, өзгені жиіркендіре жағымсыз қоңыс шығады білем. 
«Апыр-ау, Ақан келгенде де осылайша сасып-борсып қарсы 
аламын ба», - деген күлкілі ой үялайды.
Осылайша алты ай қысты артқа тастап, 1945 жылдың 
көктемін қарсы алдым.
ЖЕҢІС!
Осы сөзден Алтайдың алып шоқылары жаңғырықты. Бір- 
бірінен сүйінші сүрап, алаөкпе болып жүгірген ауыл адамдары 
қолда бар малын сойып, үлан-асыр той тойлады. Бүл сөздің 
күдіреттілігі сондай, тіпті күйеуі шейіт болған жесірлер де 
бастарына ал кызыл орамал тартып бар күнэдан арылғандай 
«бисмилла» деп ¥лы қуаныштың қойнына кіріп еді. Енді бүдан
321


былай ЖЕСІРЛЕРДІҢ өмірлік жолдасы ЖЕҢІС деген сөз 
боларын, соғыс кезіндегіден де қиын ұйқысыз түндер сүп-суық 
қүшағына аларын, тірі қалғандардың ермек қыла бастайтынын, 
осылайша жасына жетпей қартайып, қырықтан аспай шаштары 
ағарарын қайдан білсін бишаралар... көйлектері желбіреп: 
«Біз жеңдік!» - деп далактап жүр. Осы күннен былай әкесіз 
балалар туа бастарын да ойлаған кім бар. Бірақ осылардын, 
барлығы «жасасын өмір» деп,ертеңіңе үмтылған адамдардың 
игілікті қадамдары-тын. «Дүниеде үш арсыз бар: күлкі, тамақ, 
үйқы» деп бүрынғылар бекер айтпаган ғой. Ендеше, отызға 
да толмай қара жамылып жесір қалған келіншектер төртінші 
«арсыздықты» (егер оны арсыздыққа жатқызсақ) бастан 
кешері сөзсіз еді. Ол - нәпсі. Алдыңғы үшеуін кешіре білген 
жүрт төртіншісіне келгенде томеншіктей беруші еді, бетін 
шымшылап үятсыздыққа балаушы еді... Неге? Оның сырына 
күні бүгінге дейін түсіне алмай-ақ қойдым. Бірақ тірі адам 
тіршілігін істейді екен. Соғысқан төрт жылдың ішінде қайғы 
мен жүмыстан қабырғалары қайысып жүрген әйелдер ЖЕҢІС 
деген сөзден соң барлығын үмытты; элде де сенбей, өлді деуге 
қимай жүрген ерлерінен мүлдем күдерін үзді де, «айналайын, 
жарық дүние» деп бейбіт күннің нүрына алақанын жайып, 
сең болып жатқан сезімдері еріп, бөгеуі ашылған бүлақтай 
сарқырады-ай.
Соғыстан қайтқан солдаттардың ішінде біздің көршіміз 
Қүмырай да бар. Құтты болсын айтайын деп үйлеріне бардым. 
Бір аяғынан айырылғаны болмаса, дені сау, айлап ауруханада 
жатқандікі ме, аппақ сазандай семіз. Омырауындағы жалғыз 
медалі жарқырап, қақ төрде бір шынтақтай жатыр екен. Қол 
алысып амандастық. Алғашқы сөзі: - Сенің байың, хахолдан 
қатын алып, Оралда калды, - деген бопсадан басталды.
- Апыр-ай, төрт жылдан соң, көрдік пе, көрмедік пе деп, 
жылап-еңіреп табысқанда, аузыңа жөні түзу сөз де түспеді-ау, 
Құмеке, - дедім шыдай алмай ширыгып.
- Ашуланшақ болып кетіпсің, Алма.
- Бүл елден ашуланшақ емесін табу қиын-ау бүгінде.
- Мен шындықты айтамын. Ал сену-сенбеу - өзіңнің 
еркіңде.
- Екі айда бір хат алып тұрамын. Амандық болса ол да 
келер маңдайы жарқырап.
322


- Көреміз, - деді ол күліп. - Акан қайтып оралса, калған 
аяғымды кесіп берейін.
- Қойсаңшы, - деп қалды қойдан жуас әйелі.
- Өлейін десек қол тимей жүргенде, жаумай жасын 
түскендей кылдың-ау...
Есіктерін теуіп жауып, шыға жөнелдім. Жылайын-ақ дедім, 
жылай алмадым. Көзімнің жасы сарқылып, жанарым қаңсып 
калғандай. Міне осы күннен бастап қорамызға корамыз тиіп 
түрған көршімізбен араласудан қалдық. Бір-біріміздің есігімізді 
ашыспайтындай жаулықтың себепкері Қүмырайдың оғаш 
мінезінен, ішегіне қыл айналмайтын қызганшак, ұрынарға кара 
таба алмай пәле іздеп жүрер кызылкөздігінен ғана көруге болар 
ма еді... Меніңше, оның сыры тым тереңде жаткан секілді. 
Бэлкім, сүтпен кірді, сүйекке сіңді азбайтын да тозбайтын 
көнсірне «ауруымыз» шығар. Есіріп келген дүшпанды торт 
жылда тас-талқанын шығарып жеңдік қой, ал, ағайын, ауыл- 
үй арасындағы мэңгілікке қаткан тонды балталап шабу, ыстык 
су құйып жібіту ешкімнің де қолынан келмесі рас еді. Саған 
өтірік, маған шын, сол Қүмыраймен күні бүгінге дейін дэм- 
тұзымыз жарасып, бір-біріміздің төрімізге шығысқан емеспіз. 
Міне, осылай да қатар өмір сүруге болады екен. Беттен алып, 
жағаға жармасып ашық айқасқа түспегенімізбен, барлық 
ашу-ызамызды қораға түскен малдан, бақшаға кірген ешкі 
мен тауықтан алатын едік. Талай ешкі мүйізінен, талай тауық 
сирағынан айырылды. Иесі естісін дегендей «атаңа нэлеттің 
малына дейін оңбаған»деген балағат сөзді дауыстап айтып, 
жазықсыз сабап, айыр алып жүгіреміз. Құдай-ау, сиыр екеш 
сиыр да бір-біріне қарап мөңіреп, ит жынымызға тиетін еді. 
Бірақ ат құйрығын кесісіп ешқайда көшіп кетпедік, ағаш үйді 
бұзып жіберіп ауылдың арғы басына салып алуға болушы еді, 
оны да істемедік, ошағымыздан түтінді қатар үшырып, іштей 
егес, бітіспес бітеу жарамен өмір сүрдік.
Жаз шығып, шөп шабатын мезгіл туса да, Акан орала 
койған жоқ. Соңғы бірер айда хабар-ошар болмай кетті. Күн 
өткен сайын Құмырай сөзінің шындығы дәлелденгендей кісіні 
жындандырып жіберер үнсіздік үстемдік ала түсті. Соғыста 
жүрген Бағдат қайнымнан «Берлинге жеттік» деген хат келді 
де, көп ұзамай,«1945 жылдың 8 майында қаза тапты» деген 
қаралы хабар алдық. Бүкіл ел-жұрттың қуанышы қойнына 
сыймай жүргенде біздің шаңырақты тағы бір қайғы соғып
323


өтті. Осы хабардан соң атам шөке түсіп, мүлдем жатып калды. 
Есіктен кірген адамнан «Ақаннан хабар бар ма?» - деп сүрайды 
да, теріс қараған күйі лэм деместен жата береді.
Көршіміз Қүмырай жаз бригадир сайланып, атка мінген. 
Есік көзіне ат ойнатып, таң атпай жүмысқа шығарып, 
айғайлайды да түрады. Сол кезде небәрі он төртке толған кайын 
сіңлім Қарлығашты ертіп шөп жинауға шығамын. Қолымызда 
сырты күйелеш-күйелеш кара шайнек. Түскі үзілісте шай 
қойып шөлімізді басамыз. Ол шақта ыдыс-аяқтың тапшы кезі 
ғой, ыстық шайды қақпағына кұйып, аузымызды күйгізе кезек- 
кезек үрттаймыз. Енді-енді ғана бойымыз жазылып, талдың 
көлеңкесіне демімізді ала бергенде Қүмырайдың «түрыңдар» 
деген айғайы естіледі.
-
Күйеуің хахолдан қатын алғанына сенбеген едің, қане 
қайтып оралғаны,- деп мысқылдайды- Екі үйге бір еркек 
жетеді, көршілік кақымды орындауға эзірмін.
Айыр ала жүгіріп едім, ана бір жылы бастықты сабағанымды 
естіғен болуы керек, зыта жөнелді.
Ақанның анық хабарын «трудабойдан» келген Қожақ пен 
Қаймақтан естідім.
Тағы да күз туды, тағы да бір қыс түсті, тағы да көктем 
шығып, жадыраған жазға жеттік. Біздің ауылдан аттанған 
азаматтардың ажал алмағандары түгелдей оралды. Тек қана... 
Ақан жоқ.
1946 жылдың жазында шәйнегімді арқалап дэл былтырғы- 
дай пішен шабуға шықтым. Қүмырай да бригадир сайланды. 
Бүл дүние өзгере ме, жоқ па деп ызадан жарылардай боламын. 
Шыдамның да шегі бар, бүрынғыдай емес, жүйкем жұқарып, 
ашуланшақ болып барамын. «Аяғыңды етігің қысса, дүниенің 
кеңдігі неге керек» дегендей,бір жылдан бері белі көтеріле 
бастаған елдің күйі, бейбіт күн барған сайын қам көңіл тартқан 
жанымды жарылқай алған жоқ. Бес жылдан бері ауыр жүмыс, 
азалы өлімнен арылған кезім бар ма, темірден жаратылсам 
да тозып, қуатым майланбаған арбадай шиқылдай бастаған 
еді... Жаз шыға оқудан босаған ересек балаларды Шабанбай 
жайлауына алып кеткен. Одардың ішінде қабырғасы қатпаған 
Қарлығаш та бар. Өзгелерден әлдеқайда сүйкімді, ашык 
жарқын қайын сіңлім:«мен Ақан ағама тартқанмын» - деп, 
түлымы желбіреп менен бір елі қалмай эр ісіме қолғабыс жасап 
жүретін. Қас-қабағымды аңдып, әсіресе жаны ашитыны да осы
324


Қарлығаш еді. Әпкесі Сандуғаш суға кетіп өлғен соң, ой түсті ме, 
әйтеуір, тез есейді. Өзі де үріп ауызға салғандай кыз біткеннің 
әдемісі. Ол жайлауға кеткен күннен бастап бар ермеғімнен, 
сырлас қүрбымнан айырылғандай жалғызсырадым-ай.
Көбен тауында шөп маялап жүрғенбіз. Күн екіндіғе таяп, 
тау ішіне көлеңке үялай бастаған мезғіл. Колхозшылардың алды 
арба-саймандарын жинастырып, қайтуға қам жасай бастаған. 
Тамам қыз-келіншектер көлдің суына беті-қолымызды жуып, 
етпетімізден жата қалып, мүздай суық кэусардан шөлімізді 
қандыра іштік. Шілденің ыстығы кеш түсе қайтып, бой серғітер 
қоңыр салқын самал ескен. Ғайша екеуміз басымызға жабыс- 
қан шөп-шаламды тазалап, шашымызды тарап, өріп отырған- 
быз. Түйетастан бері қарай салт атты қүйындата шапқылап 
келеді. Алғашында еріккен коп баланың біріне жорыдық. 
Кэперімізде ештеңе жоқ. Әлғі жолаушы шапқылаған күйі маған 
карай ентеледі. Жүреғім су ете қалды. Не жақсылыққа, не 
жамандыққа жорыдым - әйтеуір теғін жүріс емес. Ат үстіндеғі 
бала: - Алма тәте, Қарлығашқа қарағай түсіп өліпті! - деғені. 
-- Не дейт? - деп шөге түсіп огыра кеттім. Бетіме су бүркіп 
есімді әрең жиғызды. Ғайша қолтығымнан демеп түрғызған 
соң, орамалымды байлауға да мүршам келмей, қолыма үстаған 
күйі Көбен тауынан төмен қарай жүгіре жөнелдім. Аяғымды 
тас қағып, етпетімнен қүладым, тіземді жаралап, алақанымды 
тас тіліп қан ақты, карағаным жоқ, өкпем күйіп, жүрегім 
тарсылдап, қолқам үзілердей болды, тыңдағаным жоқ. Етекке 
қарай еңірей үшып келемін. «Қарағым-ай, Қарлыгашым-ай, 
қыршын кеткен ботақаным-ай». Аузымда осы сөз, бетім айғыз- 
айғыз жас... бәрінен де осы өлім ауыр тиді маған.
Қарлығаштың сүйеғі жатқан жерге жібермей алдымды кес- 
кестеген кісілерді жалғыз-ақ итеріп жапырып тастадым да, 
өліктің үстіндегі кебінді жүлып алдым. Бет-аузы шелпек болып 
жаншылған бір кесек ет жатты қанға бөгіп. Өкіре қүшақтаған 
күйі сылқ қүлап түстім... Мені тағы да ақ бүркіп үшықтап 
тірілтіпті... Жүрек ауруым сол күннен басталып еді...
Шабанбай жайлауында шөп дайындап жүрген қыздар қас 
қарая қарағайдың түбінде от жағып, сауық кеш үйымдастырған 
екен. Ән салыгі, эңгіме айтып дуылдап отырған жастар 
ағаштың тамырын кеулеп жанған отқа мэн бермеғен. Тек қана 
карағай күтірлеп, қопарыла қүлағанда ғана шыңғыра шулап, 
іым-тыракай қашады. Қарлығаш та орнынан үша түрегеліп,
325


енді жүгіре берген кезінде аяғын бұтак шалып етпетінен 
құлайды. Жығылған жерінен кайта тұра берем деген мезетте 
ұшар басы аспан тіреген алып қарағай үстінен басып қалады... 
Тұяқ серпуге шамасы да келмей, тіл тартпай кеткен он бес 
жасар қызды ағаштың астынан арамен үш жерден кесіп жүріп 
эрең суырып алады. Сонда мыжылған денеге бірде-бір адам 
қарауға дэті жетпеген. Балаларға бас-коз болуға жіберген 
тартпа шыңдайтын шал ғана жанына жақындап, өліктің үстіне 
шапанын шешіп жауыпты.
Қарлығаштың сау-тамтығы қалмаған жас денесін жууға 
да қорқып, олікке бір адам түспеді. Өзім сатып эперген тасқа 
басқан гүлі бар шыт көйлектің ырымы ғана қалған, пэрше- 
пәршесі шығып жыртылған. Өне бойы қатқан қан. Сол үйыған 
кап-қара қанның қағын жуып тұрғанымда, уыздай мэйіттің бас 
жағына қарауға менің де шыдамым жетпеді, бет емес, езіліп 
қалған бір нәрсе. Қарағайдың қапсағай бұтағы тура белден 
кірген... Мұндай аянышты өлімді бұрын-соңды ешкім көрмеген 
шығар. Қарлығаштың бейнесі күні бүгінге дейін түсімнен 
шықпай, шошып оянатыным, сол бір өрім талдай жастың быт- 
шыт болған қан-қан денесі мэңгілікке көз алдымда қалғанынан 
болар-ау... Сүйекті орайтын ақырет таба алмадық. «Ақ дэке тек 
Нартайда ғана бар» деген соң, алғаш рет басқарма үйінің есігін 
ашуға тура келді. Дөнен иттей кергіп төрде отырған бастық 
төре табақ етті буын бұрқыратып енді ғана алдына ала берген 
екен, мені көрген соң әйелі бетін жауып, қайтадан алып кетті. 
Бұйымтайымды айттым. Ол қыржиып, салқын тыңдады. Іші 
кепкен түйедей төңкерілген қарнына сүйсінгендей алақанымен 
сипалап, ыңырана тіл қатты.
- Қаңғырып жүріп, қарағай басып өлген қарғадай қызға 
мэрлі берер жайым жоқ, - деді.
- Колхоз жұмысында жүріп қаза тапты ғой.
- Оларға от жақ, өртенген ағаштың астында отыр деген 
біреу бар ма? Ерігіп жүріп етпетінен құлады.
- Әй, Нартай, имансыз екенсің. - «Сіз» деп сызылудан 
айырылдым. - Тасжүрек екенсің! Бүл өлім өз балаңның басына 
келсе қайтер едің. Жүйрікке де бір томар шығар, тостым 
қүдайдан... Алдыңа келтірермін...
- Тос, тоса бер... ешкі тулап ыңыршағын шақса мен де көріп 
алдым.
326


Бұдан ары шыдай алмадым. Есік жақта тұрған орындық 
қолыма қайдан ғана ілінгенін білмеймін.Нартайдың тақыр 
басын көздеп бар пәрменіммен лақтырдым. Ол бұғып қалды да, 
артындағы терезесіне барып тиіп, күл-пәршесі шыға сынды.
-
Сотталасың, албасты! - деген Нартайдың, «қүтырған ку 
қаншық» деген әйелінің сөзін шала-пұла естіген күйі есіктерін 
де жаппастан шыға жөнелдім.
Қарлығашты қара жерге беріп, жылап-еңіреп біз қалдық. 
Санап отырсақ, бүл үйден айналдырған бес жылдың ішінде 
төрт адам арғы дүниеге аттаныпты. Екеуі - қыз, екеуі - үл. 
Екеуі - ауылда, екеуі - майданда. Бірақ қайғыдан адам өлмейді 
екен, Атам мен енем, келмеске кеткендерден гөрі келер деген 
үміттегі Ақанның амандығын ойлай бастады. «Ақсағын қойып, 
сауын бак»деген қазақ бекер айтпаған шығар... Менде де 
Ақаннан басқа қандай тілек, қандай үміт бар еді. Рас, он екіде 
бір гүлі ашылмаған бірі суға ағып, екіншісі - колхоз малына 
шөп дайындаймыз деп жүріп, қарағай басып жас өмірлерімен 
тым ерте қоштасты. Жай ғана ойлап қараған пендеге оқыстан 
өлгендері де шындық. Бірақ оқыс оқиғаның да себепкері бар 
ғой... Рас, соғыста каза тапқан Ақтайлақ пен Бағдатты атқан 
немістер, ал, Сандуғаш пен Қарлығаштың қыршынын қиған 
«су» мен «ағаш» атты тілсіз жау ғана ма... Ол кезде бұлайша 
тереңдеп ойлауға мұрша болды ма, кейде жападан-жалғыз 
отырып, кінэлі біреулерді іздеймін де. Бэлкім, соғыс болмаса, 
буындары бекімей жатып ауыр жұмысқа бармас еді. Жұмысқа 
бармаса тірі жүрер ме еді, тірі жүрсе ендігі ақарлы-шақарлы 
семья қүрып, ұрпағын жалғар ма еді... қайдан білейін...
Айналайын, Қарлығашпен бірге жайлауда шөп шабуда 
болған осы ауылдағы күрбы-қүрдастары, әне, барлығы да 
үйлі-баранды болып, сәре-сәре ғүмыр кешіп отыр. Бұл менің 
Қарлығаш өліп, олар тірі қалды деп баянды өмірлеріне кызғана 
караганым емес, жүректі сыздатқан арман, орны толмас 
өкініштерімді емірене есіме алуым ғой. Мен көпке дейін қайын 
сіңлімді өлдіге қимай, үй ішінен елеңцеп жүрдім. «Алма тәте, 
мен келдім» деп, мойылдай кара көздері жаудырап есікті ашып 
калатындай немесе алыс бір жаққа - енемнің төркіні аталатын 
Алтайдың арғы бетіне ұзатылып кеткендей, күндердің күні 
болғанда кішкентай сәбиін алдына алып, ақ боз атпен тау 
асып келе жататындай... Оң жақта шымылдықтың ар жағында 
жансыз жаткан Қарлығаштың сүйегін күзетіп, таң атқанша көз
327


ілген жоқпын. Майшамды өлеусіретіп жағып қойдым. Маған 
ақ кебіннің астындағы Қарлығаш қимылдағандай көрінді. 
Анықтап қараған сайын қозғалатын сияқты. Шошына ұшып 
тұрдым да, Енеме жүгірдім: - Апа-ау, Қарлығаш тірі...
- Қой, қайдағыны айтпа? - деп үрысып, өліктің жанына 
жолатпай қойды. - Шал-ау, келініңді ұшықтап жіберші, шошын- 
ған секілді. А, құдай, кэріңді бізге неге тіге бердің.
Өлгеніне күні бүгінге дейін сенбеймін де. Сол күні 
аруақтың қозғалғанын өз көзіммен көргенімнен шығар. Бэлкім, 
адам баласы жан тапсырған соң да бойы біразға дейін суымай, 
әйтеуір, бір жерінде шырқыраған шыбын жаны сақталып 
қалар да. Мал сойғанда да еттерінің эр жері өз-өзінен дірілдеп 
жатпай ма... Ал Қарлығаштың қимылдағаны рас еді...
Ертеңінде колхоз кеңсесіне шақырды.
- Терезенің қүнын төле, әйтпесе сотқа берем, - деп 
қорқытты Нартай.
- Тіреп түрған аспаның болса тастап жібер, - дедім тілімді 
тартпай. Бастықтың қүйрығына шала байланып, орнынан 
босайды деген сөз естігенмін. Жеті басты дэу пері болса да бір 
тықыр таянар уақыт жеткен секілді.
- Албасты, дэл осы жолы сені қүртпасам ба, Нартай атым 
өшсін.
- Атыңның өшкеніне тілеулеспін, сотқа бергеннің көкесін 
мен көрсетермін.
Не де болса ауданға тарттым. Мүмкін, менің арызым 
себепкер болып, қызметінен ертерек қуар деген қулығым да 
бар. Жаяу-жалпылы жолға шықтым. Егін дэн салып, жайқалып 
түрған кез. Көктемде арпалысып суғарған еңбегіміз зая кетпепті. 
Тау басына бұлт ілініп, ауа тымырсыктанып, көп ұзамай жауар 
нөсерден хабар береді. Терістіктен сусылдап ып-ыстық жел 
соғып еді, егін теңіздей толқиды. Әлгінде ғана күнбатыстан 
пайда болған бұлт жел айдады ма, әп-сәтте қоғамдасып, 
қордасын жинап келеді. «Бұршақ жаумаса жарар еді»,- деп 
ойладым. Алтай жауыны оқыс басталушы еді. Шайдай ашык 
тұрған аспанда, қара жолдың шаңын бұрқырата үйіріп, 
әуелі қүйынға айналдырады, артынша бармақтай-бармақтай 
тамшылар қиғаштау ұшып, төпеп ала жөнеледі.
Мен шапшаңдата аяңдап, екі шақырымдай жердегі 
Күркіреме бұлағына жете бергенімде, қаңсып жатқан даланың
328


шаң-тозаңын копара қатты жел тұрды. Көзіме кірген тозаңды 
уқалай Күркіремені әдіптей оскен қалың талдың арасына 
жасырындым. Бетімді жуайыншы деп еңкейе бергенімде... 
екі қолы бұлаққа малынып етпетінен жатқан адамды көрдім. 
Қапелімде шошына шегініп кеттім. Соңгы жылдары соғыстан 
қашқан белгісіз біреу жүр дегенді талай рет естігенбіз. 
Наубайханадан нан, колхоз коймасынан ет ұрлағаны да 
есімде. Тура безейін деп бір ойладым да: «Жат адам болса 
ес-түссіз былайша жата ма», - деп біртіндеп жақындадым. 
Алғашында өліп калған шығар деген сезік жеңдеді. Үсті-басы 
адам коргісіз, эбден азып-тозған: аяғында тісі аксиған шэркей 
бәтеңке, қолтығы сөгіліп, жаға-жеңі кырқылған ескі күпэйке, 
бұтында тізесі жыртылып, кұйрығы тесіліп калған шалбар 
(Ыстық күнде күпэйке кигені несі деп ойладым), жалаң бас, 
шаң басқан кір-кір шашы білтеленіп қобырап жатыр. Бұлаққа 
салактап қалған екі қолын ағынды су тербеп, денеге жан 
бітіргендей қозғалақтады. Неге екенін білмеймін, жүрегім 
тайдай тулап, тізем дірілдеді. Дүниедегі ең кимас адамым 
жаткандай эрі қоркынышты, эрі аянышты сезім биледі. «Әй, 
кімсіз, тірімісіз»,- деп, үнім қарлыға дауыстап едім, тіл 
катпады. Бойымдагы бар куатымды жинадым да, тәуекелге 
басып аунатып калдым... Суалған жак шүңірейіп ұясына кіріп 
кеткен көз, тілім-тілім болып жарылған жүзі өте таныс... таныс 
болғанда да - өзімнің жанымнан да кымбат көретін затымның 
баяғыда жоғалтып алып, тот басып жатқан жерінен қайта 
тауып алғандай толкып кеттім. Жүлынымды қуалай ып-ыстық 
бір нәрсе жүгіріп өтті де «алла, алла» деп, белімді үстаған 
күйі талықсыгі бара жаттым. Қызық, кенеттен пайда болған 
элгі ып-ыстык пэле арка омыртқаларымды аса шапшаңдықпен 
куалап өтіп тура белімнен ұрғаны... Көзім қарауытып, басым 
айналды. Сонда да ырык бермей ернімді жымқыра тістеген 
күйі сүйретіліп бұлакка жақындадым. Сылдырай аққан мөлдір 
судан алақаныммен косіп алдым да, бетіме шаштым, ұрттадым. 
Кеуіп қалған таңдайым жібіп, сарайым салқын тартты. Сонда 
ғана есімді әрең жинап, кеуде кере ауа жұттым. Әлгі ып-ыстык 
пәленің уыты таркағандай болған соң қолыма таянып қайта 
тұрдым. Неге екенін білмеймін, омырауым дымқылдангандай... 
Өңірімді ағытып, үңіле карасам, мына ғажапты естігенің немесе 
көргенің бар ма, екі емшегімнен сүт тамшылап тұр. Тэңірім-ау,
329


мұнысы несі?! Баламер емшектен элдеқашан шығып кетіп еді 
ғой. Сол уақыттан бері беріштеніп суалған омырауым өз-өзінен 
иіғені қалай? Зэрем ұшып қорыққандікі ме, элде элғі ып-ыстык 
пэленің эсері ме, элде қуанғаннан шығар.
Күркіременің жағасында етпетінен жаткан беймәлім адам 
ыңырсығандай болды. Қапсыра кұшақтаған күйі етпетімнен 
үстіне күладым. Сол! Сол! Сол!
Сол деғенім - Ақан еді!.. Сенейін бе көзіме, сенбейін бе.
Сенсең де осы, сенбесең де осы дегендей еді қу тағдыр.
Жел тербеген ағаштың басы жан үшыра қозғалып суыл- 
дайды. Қап-қара болып түнерген аспанда бауыры қап-қара 
бұлттар жөңкіледі. Алдымен бірер тамшы жаңбыр жауды да, 
іле қойдың құмалағындай ірі-ірі бұршақ төпеп ала жөнелді. 
Бұршақтың қаттылығы сондай біз паналаған қайың мен 
талдың жапырағын тесіп өтіп, төбемізден тарсылдата бастады. 
Сол элем-тапырық аспанға жүз беріп жатқан Ақанның жағына 
пышақ жанығандай бетін далдалай кұшақтап, бүк түсіп отырып 
қалдым. Бұршақ көп әурелеген жоқ, сонадай жерде ауылға қарай 
жосып барады. Күркіреме бүлағынан аппак моншақтар ақты. 
Табиғаттың алты айрығынан тер сорғалап, қалжасы жағып 
түрғандай. Абырой болғанда жаңа ғана масақтанып, дэні тола 
бастаған егінді бүршақ соқпапты. Бастарын сәл иіп, қара жерге 
тағзым еткендей суланып тұр. Ауылдың дэл үстінде доғаланып 
кемпірқосақ орнады. Осы тұстан қарағанда қайғы-қасіреттен 
енді-енді серпіле бастаған Жүлдыз соншалықты әдемі көрінді. 
Аспанның батыс жағы түріле ашылып, құрымданған бұлт 
бұршақтың артынан еріп кетті. Күннің көзі көрінгенде мұқым 
тау, дала, тоғай жарқырап, шөлі канғандай жымия күлімсіреп 
рақатты күй кешіп еді. Ал мен ше...
Ақан жүмулы көзін ашты да, әлемнің осы бір көрінісін 
таңырқағандай, қадала қарады. Жүзіне сәл ғана жылу пайда 
болып, ерні дірілдеп күбірлеген. «Арысым-ау, аман келдің 
бе?» - деп жас балаша басын бауырыма баса ботадай боздап 
жылап жібердім. Оның алғашқы айтқан сөзі: «Шаршадым ғой, 
шаршатты ғой»,- болды.
Ерлі-зайыпты екеуміз сағынышпен, ақсаумен өткен бес 
жылдан соң осылайша табыстық. Қойнында шиелеп түрып 
шүберекке түйген партбилетінен басқа дэнеңе де жоқ 
«трудармияны» сүйемелдей ауылға беттедім. Үй-ішіміз ғана
330


жоғы табылғандай шексіз бакытқа кенелдік. Бес жыл бойы 
жаумен жым-жырт соғыскан Ақанымды ешбір батырға 
айырбастармын ба. Иә, ол шақта бэрі де майдан еді ғой... 
майдан болатын...
«Кісі екен десем, трудабой ғой» - деғен қаңқу сөз сол 
жылдардан қалған, - деп Алма кемпір эңғімесін аяқтады. 
Күмістің көзінде жас. Бір түннің ішінде бүтін бір ауылдың 
тағдырына ортақтасып, көңілі босап жылағаны, Акан, Алма 
секілді белғісіз батырларды аяғаны шығар-ау.
Таң атты. Шамды сөндіріп, терезелердің пердесін ашқанда, 
үй ішіне саулап табиғаттың нүры қүйылды. Дэл осы шақта 
Алма кемпір орнынан түрмақ болып үш үмтылды, бірақ өз 
денесін өзі көтеріп кете алмады, жазған...
- Күміс-ай, басымды сүйеші, - деп оң жамбасына қарай 
кисая берғен.
- Апа, не болды сізғе? - деп жан үшыра үмтылды. Қүрак 
көрпенің үстіне сүлық қүлаған Алма кемпір: - Ақан кешікті 
ғой,- деп күбірлеуге шамасы әрең жетті де, қол-аяғы суып, 
аппак элеммен қош айтысып, қап-қара түнекке сіңіп бара 
жатты...
ОЛ КҮМІСТЕГЕН ЕР-ТОҚЫМЫ БАР КОК ЖОРҒАҒА 
МІНІП, АСЫҒЫС АТТАНҒАН АҚАННЫҢ АРТЫНАН ЕРІП 
КЕТКЕН ЕДІ!..
Тыныштық.
Таңғы сағат алты болып, радиодан ғимн ойнады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет