|
|
бет | 4/4 | Дата | 14.12.2021 | өлшемі | 244,12 Kb. | | #100674 |
| Байланысты: Мақал -мәтел -жұмбақ- нақл сөзНақлым сөздер жиынтығы
Халық тағылымынан.
Ізет танытып, әдепті сақта :
Жатқан кісінің үстінен аттама.
Құр бекерден ермекке
Бос бесікті тербетпе.
Әрқашан әдептен жаңылма:
Киімді желбегей жамылма.
Беталды сөйлеп сүйреңдеп:
Біреуді алдап үйренбе.
Үйде де, қайда да
Пышақпен ойнама.
Дастарханға емінбе,
Көп алдында керілме.
Көргенді жас,пәк бала,
Дастарханнан аттама!
Ұнамасын, ұнасын,
Бұзба құстың ұясын.
Қарағым, түзде деме, үйде деме:
Үлкендер сөйлегенде, кимелеме.
Тірі жанды иықтама,
Бейуақытта ұйықтама.
Дүниесін берсе біреу сақтауға,
Аударыстырып , ақтарма.
Сүйсінген жұрт ісіңе,
Сақта ата ғұрпыңды.
Ешқашан үлкен кісіге
Отырма беріп сыртыңды.
Тентектіктен тиыл,ұлан,
Иттің тартпа құйрығынан!
Ісің қалып жатса да,
Таңғы асты тастама.
Ұдайы ұста есте:
Үлкеннің алдын кеспе.
Жасыңнан әдеп сақтағай:
Есікті қатты жапппағай.
Ешқашан ойбайлама,
Оңбайды ондай бала.
Жаман әдетті таста:
Бас киімді баспа.
Ұқсап надан балаға,
Пышақты нанға қадама.
Жадыңда сақта:
Аққуды атпа.
Әдепсіздікті таста,
Есікті теуіп ашпа.
Мәнді сөзді тыңда:
Малды бастан ұрма.
Атаң сөзі есіңде ме:
Кісіге қарап, есінеме.
Арыңды кірлетпе,
Есеп бер ісіңе.
Үлкенді құрметте,
Қамқор бол кішіге.
Біреулермен сөйлессең де
Азғана-ақ,
Керексізді сұрай
Берме қазбалап.
Үлкендерден есіткен
Сөзді ұмытпай жүргейсің,
Кіргеніңде есіктен
Оң аяқпен кіргейсің.
Ырза болсын « Әдепті ! » — деп саған да ел:
Танымасаң да, үлкендерге сәлем бер.
Жұмбақтар
Үй заттары
Дауысы бар, жаны жоқ,
Шертсең күйі, әні көп.
Құлағын он бұра.
Ол не?....
Жауабы Домбыра
Жүз мүйізібар,
Үстінде киізі бар.
Жауабы Киіз үй
Шыр көбелек айналар,
Беліне жіп байланар.
Жауабы Ұршық
Кіруге адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды.
Жауабы Сандық
Тұрса, үйдей,
Жатса, қояндай.
Жауабы Ертоқым
Жануарлар туралы
Басы — тарақ, арты — орақ.
Жауабы Қораз
Шықпайды үйден,
Тоны - жібектен.
Күндіз ұйықтайды,
Түнде дамыл таппайды.
Аңға барады,
Сол аңды үйден табады.
Жауабы Мысық
Көкке шаншып құйрығын,
Келеді шауып жүйрігім?
Жауабы Құлыншақ
Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар.
Жауабы Ешкі
Иір қобыз, жарық жұлдыз.
Жауабы Түйенің мойны мен көзі
Жалмаң құлақты сорға бітем,
Ел ішіндегі зорға бітем.
Жауабы Түйе
Бетегелі белге бітем,
Найза ұстаған ерге бітем.
Жауабы Жылқы
Қүнгейлі қара тасқа бітем,
Шаруа қуған басқа бітем.
Жауабы Қой
Қалың қорық нуға бітем,
Қоры үзілген қуға бітем.
Жауабы Сиыр
Жеміс-жидек жегенім
Балды жақсы көремін
Жауабы Аю
Жауымнан мен қашқанда
Ағаштарға самғап бағам
Ал қарыным ашқанда
Отырып ап жаңғақ шағам
Жауабы Тиін
Орманда туып, жетілемін,
Талдан талға секіремін.
Айуан боп өскеніммен,
Тамақ жеймін қос қолыммен.
Әттең үйде тумағанмын,
Әйтпесе ғой құдды адаммын.
Жауабы Маймыл
Айбат берген жалым бар,
Қайрат берген тәнім бар.
Күркіреймін ақырсам,
Қайсы аңмын,табыңдар.
Жауабы Арыстан
Үстім жолақ
Тісім-орақ
Күшім мол-ақ,
Барып тұрған қайсармын.
Өзің айтшы,қайсы аңмын
Жауабы Жолбарыс
Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу.
Жауабы Түлкі
Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады.
Жауабы Аяз
Үй үстінде алтын тас,
Алайын десем табылмас.
Жауабы Жұлдыз
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші, сен оны.
Жауабы Аққала
Жылт-жылт етеді,
Жылғадан етеді
Жауабы Су
Көзіңе көрінбейді,
Қаңғуға ерінбейді.
Шалғынды жапырады,
Жол бойын сыпырады.
Жауабы Жел
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
Жауабы Күн
Шиге жайып кептірген,
Өзі қышқыл, түсі ақ ,
Сорсаң дәмді, түсі ақ ,
Жаңғақтай-ақ домалақ.
Жауабы Құрт
Өзi ащы,
Бiрақ,
Дәмдi етер асты.
Жауабы Тұз
Тобатайға құртымдай,
Жаз бойы бiр тынбай.
Жинаған гүл сөлiн,
Не?
Бiлсең, айтшы өзiң?
Жауабы Араның балы
Әжем уыстап сығып,
Далада кептiрген.
Қатты әрi тәттi дәмiн,
Кiм бар жеп көрген?
Жауабы Құрт
Мұз сынды түрi,
Тәттi дәмнiң бiрi.
Жауабы Науат
Қос басы жұмыр,
Жiңiшке құбыр,
Iшiне жиған,
Дәмi де шымыр.
Жауабы Жiлiк майы
Ұрмай-соқпай жылатады,
Әркiм бiрақ ұнатады.
Жауабы Пияз
Ақ отаудың есігі де жоқ,
Тесігі де жоқ.
Жауабы Жұмыртқа
Бір құтыда екі түрлі су жатады,
Қайнатсаң мұз боп қатады.
Жауабы Жұмыртқа
Алыстан қарасам аппақ,
Татып қарасам тәтті-ақ.
Жауабы Қант
Судан алады,
Суға салса өледі.
Жауабы Тұз
Үсті тас, асты тас,
Ортасында піскен ас.
Жауабы Таба нан
Аласа ғана бойы бар,
Тоғыз қабат тоны бар.
Жауабы Сарымсақ
Сусыз піскен ас көрдім,
Домаланған бас көрдім.
Жауабы Қауын
Көк лағым көгенде тұрып семіреді.
Жауабы Қарбыз
Жаңылтпаштар
Шабысты ат,
Шалыс шаппас,
Шалыс шапса,
Алыс шаппас.
Ою ою ойым бар-ды,
Ойналмастан ойын қалды.
Орындалмай ойымдағы
Ойылмады ою-дағы.
Орашолақ, олақпын ба,
Оя алмадым оюларды?
Асан бақша жақтан.
Ақ сабақ асқабақ әкелді,
Басқа жақтан.
Басқарақ асқабақ әкелді.
Ала-ала алашалар,
Тамаша олар,
Оған кім таласа алар.
доп теп
дөптеп
сұр інген сүрінген бе
сүрінген сұр інген бе
бұлаң бұлаң еткен бұл аң
бұлаң десем екен қылаң
Біреуі көрікті кісі,
Біреуі бөрікті кісі.
Көрікті кісі – зорықты,
Бөрікті кісі – қорықты.
Тоқпақ жаттап,
Айтсақ жақсы-ақ.
Жатка тақпақ
Жатта тақ-тақ
Қондық жаңа қонысқа,
Қалың екен жоңышқа.
Қоныстағы жоңышқа,
Оралады қонышқа!
Кермеде тұр қырық
кір қыстырғыш,
Қырық кір қыстырғышқа
Қырық қыз келіп,
кір қыстырды.
Ата мен әже, ана да,
Алма мен алмұрт тереді,
Ауырға Арман бала да,
Арбамен тасып береді.
Баланың жаман баға алмағаны,
Мұғалім ағаның жаман болмағаны.
Қоғанбай қомағай ма?
Жоқ, ағай
Қоғанбай қомағай емес,
Зор ағай.
Есім есі кетіп есінеп отыр екен.
Ол несіне.
Есі кетіп есінеп отыр екен.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|