Нақыл сөз (афоризм) – мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін, мақал-мәтелге ұқсас, айтуға оңай көркем сөз тіркесі. Яғни қысқа, әрі ойлы, авторы белгілі, тұжырымды ереже-қағидалар.
Мысалы: Әйел - Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы. (М.Жұмабаев),
Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |