Эмоджилерге сәйкес
мақал-мәтелдерді тап
1. 🐕🙅🏻♂🐖🔊🏚
|
1. Ит жоқта шошқа үреді.
|
2. 🌷🏞👍🏻,👸🏻👬👭👍🏻
|
2. Гүл өссе жердің көркі,
қыз өссе елдің көркі.
|
3.🏡👶🏻👎🏻,🐕🐶👍🏻
|
3. Баласы жоқ үйдің иті ерке
|
4.👨👦👀🏹,👩👧👀👘✂
|
4. Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер
|
5.👼🏻👅🐝🍦
|
5. Бала тілі бал
|
6. 🍞 🎼
|
6. Нан бар жерде ән бар
|
7. 👍🏻👨🏻🎓👨👩👧👦🙅🏻
|
7. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ
|
8.🌧🏞🔵🙏🏻👫👫🔵
|
8. Жаңбырмен жер көгереді, батамен ел көгереді
|
🎮🔥💥
2.🌞👕👖🌨❄,
🚶🏽🤷🏻♂💴💎?
3. 🙍🏻👀👰🏻
⠀
4. ✌🏻👄👆🏻🙊
⠀
5. 👍🏻👨🏻🎓👨👩👧👦🙅🏻
⠀
6. 🍲🍜🍛👴🏻-🍞
⠀
7. 👵🏻 3⃣🕋 🍼🙅🏻
⠀
|
Ойыннан от шығады
Жылы киім тәнді жылытар жылы сөз жанды жылытар
Шешесін көріп қызын ал
Екі елі ауызға бір елі қақпақ
Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ
Ас адамның арқауы
Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаңда парызынан құтылмайсың
|
1.👼🏻👅🐝🍦
⠀
2.👂🏻💨❄🗣,♥☃
⠀
3. 🐄😍🐂🙅🏻♂
⠀
4. 👺🚶🏽🚰🚿🙅🏻♂
⠀
5.🌧🏞🔵🙏🏻👫👫🔵
|
Бала тілі бал
Құлақтан кірген суық көңілге барып, мұз болар
Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді
Судың да сұрауы бар
Жаңбырмен жер көгереді, батамен ел көгереді
|
Мақал-мәтелдерге сәйкес
суреттерді тап
Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
Балапан ұяда не көрсе,
ұшқанда соны алады.
Бала тәрбиесі- бесікте.
Ата –бәйтерек,
Бала – жапырақ.
Бала тілі- бал.
Қыз өссе- елдің көркі,
Гүл өссе- жердің көркі .
Еңбектің- наны тәтті,
Жалқаудың – жаны тәтті.
Оқу- білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.
Мақал-мәтелдерде
сан есімдерді белгіле
1) Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық.
2) Екі жақсы қосылса, өлгенінше дос болар
3) Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтылмайсың
4) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса төбедегі келеді
5) Айдағаны – бес ешкі, ысқырығы жер жарады
6) Жеті рет өлшеп, бір рет кес
7) Қызға қырық үйден тыю т.б.
Мақал-мәтелдерден синоним,омоним, антоним сөздерді тап
1) Аштың жайын тоқ білмес
2) Жаман айтпай жақсы жоқ
3) Ақылды көндім десе, ақымақ жеңдім дейді
4) Аяғы кіші сүйгенін киер, аяғы үлкен сиғанын киер .
Берілген жағдайға қатысты мақал-мәтелдерді жаз
а)Мектепте оқитын ініңіз сабақтың өте қиындығын айтып келді, мақалды қолдана отырып оған қандай ақыл айтар едіңіз?
ә) Анаңыздың ақылына құлақ аспай, бір шаруаны екі рет орындауға тура келді. Сонда сізге анаңыз ренжіп, қандай мақал айтуы мүмкін
б) Жазғы демалыста ата-анаммен бірге табиғат аясында демалдық. Жол бойы әкем жолдың ұзақтығына қарамастан бұйым жасауға қажетті ағаш бұталарын терумен болды. Мен оған ренжіп едім, ол былай деді: ............
Тест
Мақал-мәтел құрамындағы түсірілген сөзді берілген антониміне қарап тап.
Екі жаман қосылса, өлгенінше дос болар
Берілген мақал-мәтелдердің қай тақырыпқа сай келетіндігін көрсет.
Ата-анам бар болсын,
Аузы-мұрыны жоқ болсын.
«Әй», дейтін әже жоқ,
«Қой», дейтін қожа жоқ.
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
Ата-анадан жар жақын.
Туысқаннан мал жақын.
Үй де қараңғы, әжем де жоғалды.
Атаның құны, ананың сүті.
Табиғат туралы
Отан туралы
Ата-ана туралы
Мақал-мәтел құрамындағы зат есімнің астын сыз.
Әр атаның өз ұлы бар,
Әр бұтаның өз гүлі бар.
Әр гүлдің исі басқа,
Әр жердің жынысы басқа.
Бір гүл толып ашылады,
Бір гүл солып ашылады.
Гүл ашылмай бұлбұл сайрамас.
Мақалдың жалғасын тап.
Гүл өссе жердің көркі,
........................................ .
Баласы жоқ үйдің .............. .
Әке көрген оқ жонар, .............................. .
Бала тілі ...........
Нан бар жерде .........................
Оқусыз білім жоқ, ...........................
Жаңбырмен жер көгерер,
Орыс тілінде берілген мақалдың қазақша баламасын тап.
Джигит рождается во имя родины, умирает во имя родины
Чем от скупого угощения ждать, лучше усабаки кость отобрать
Чтобы пристыдить скупого, сам его одари
Умный честь свою оберегает, скупой скот свой оберегает
Болезнь приходит с ветром, выходит с потом
Мақалдағы көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қой.
2) .......... жақсы қосылса, өлгенінше дос болар
3) Анаңды Меккеге ......... рет арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтылмайсың
4) ................ ала болса, ауыздағы кетеді,
................... түгел болса төбедегі келеді
5) Айдағаны – .......... ешкі, ысқырығы жер жарады
6) ..................... рет өлшеп, .......... рет кес
Достарыңызбен бөлісу: |