Ал осыншалық ғылыми тарихи мәні бар құнды жәдігердің жат елдің босағасында жатуы (есіктің қалтарысы, биік тұғырда емес жартылай еденде ) егемен елімізге, тәуелсіз тұғырымызға сын болмай ма? Бір кездері (90-жылдары) егемендік алып еңсемізді көтерген жылдары Түркістанға қайтып әкелінген Тайқазанмен қоса Алтыншоқы ескерткішін де қайтару мәселесі көрерілген еді. Бірақ жігеріміз жетпеді ме ақырында аяқсыз қалды. Дәл биылғы жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырып осы бір іргелі істі қолға алсақ ата бабалар алдындағы борыштарымыздың бір парасын атқарғандай болар едік-ау.
Ақыры әңгіме тас ескерткіштер болғаннан кейін
мына суреттегі «Шыңғыс тас» деген атауға ие ескерткішке да назар салсақ. Бұл да Ұлытаудан табылған жәдігер сияқты Эритажға 1936 жылы әкелінген. Тастың биіктігі екі метрден асады. (Нақты өлшемі жоқ, тек мен өз бойыммен жобаладым). Жалпы қызығушылық танытқан оқырмандар немесе зерттеушілер үшін беріп отырмыз.
Достарыңызбен бөлісу: |