Мақалада Мәскеу мұрағаттарында және Санкт-Петербор шаһарларында жинақталған Қазақ халқының тарихи-этнографиялық жәдігерлері туралы деректер сөз болады



бет2/4
Дата24.11.2016
өлшемі2,25 Mb.
#2479
1   2   3   4

Әмір Темірден қалған бір белгі

Өздеріңіз де байқап отырғандай әңгіме атақты қолбасшы, әлемге Ақсақ Темір атымен белгілі Шыңғыс ұрпағынан қалған тас ескерткіш. Тас белгі Ұлытаудағы Алтыншоқы биігінен

табылған.

Орта ғасырларда өмір сүрген дала ойшылы Асан қайғы бабамыз Жерұйығын тапқан Ұлытау, Арғанаты, Желіадыр, Кішітау тау сілемдерін құраған ұлы дала алғашқы қазақ хандықтарының құрылуы және қалыптасу дәуірлеріне куә болуымен қатар тұңғыш қазақ хандары мен билері Жошы хан, Кетбұғы, Керей, Жәнібек, Қасым, Хақназар, Тәуке, Барақ, Әбілқайыр, Көшім, Абылай, Кенесары, Ақжол билердің ізі қалған бір кездері әйгілі қолбасшылар (Тоқтамыс, Едіге т.б.) жерленген қасиетті де тарихи өлке. Ұлытау өңіріне арнайы ат басын бұрған Елбасының «Ұлытау өте қасиетті жер. Ұлытау деп аталуының өзінің тарихи мәні бар. Қазақтың ен даласының қай шетіне барсаң да, осындай қасиетті жерлер табылады. Дегенмен, Ұлытаудың орны бөлек» деп ерекше мән беруі Ұлытаудың қасиетін одан әрі ұлықтай түскендей.

Сондықтан да Ақсақ Темірдің Ұлытауға аялдап Алтыншоқыдан табылған тасқа өз жарлығымен тарихи естелік сөз қалдыруы да тегін болмаса керек. Сөз орайы келгенде айта кетейік жалпы мұндай петроглифтер көне дәуірлерден, орта ғасырлардан сақталынып келе жатқан ескерткіштердің ерекше тобын құраған тастағы таңбалар Арғанаты, Зыңғыртас, Теректі тауларында, Байқоңыр, Тамды, Жаңғабыл, Жетіқыз өзендері алқаптары бойынан табылады. Бәлкім әйгілі қолбасшыға осы таңбалар да ой салған болуы керек.

Енді алғаш рет геолог Қ.И.Сатбаев тауып қазіргі уақытта Сантк Петербург қаласындағы Эрмитажда сақталынған тас туралы бірер сөз. Баянауылдай жер жәннатында туып өскен ұлы ғалымның Ұлытауды алғаш зерттей бастаған жылдары өз сезімін жасыра алмай 1927 жылы 30 тамызда жары Тансия Алексеевнаға жазған хатында: «Меніңше орыстарға Кремль қаншалықты қасиетті саналса, қазақ жұрты үшін Ұлытау да соншалықты қадірлі!» деп сүйсіне сипаттауы да Ұлытаудың ұлылығын мойындатқандай. Алтыншоқы (Ұлытаудың күнбатыс бөктерінде Жетіқыз өзенінің жағасы) белгі тасы туралы Қазақ энциклопедиясында: «Әмір Темір жаздырып қалдырған ескерткіш Ұлытаудың батыс жағындағы Сарлық алқабынан 12 км. жерде, Сөрелі өзенінің аңғарындағы Алтыншоқы биігінің оңтүстік батыс бөктерінен табылған. Ескерткішті 1934 жылы Ұлытау төңірегіне геологиялық саяхаты кезінде тауып, алғашқы ғылыми анықтамасын берген инженер- геолог Қ.И. Сатбаев. Бұл сол кезеңдегі шығыстану ғылымы үшін теңдесі жоқ жаңалық болды. Ескерткіш 1936 жылы Ленинградтағы (қазіргі Санкт Петербург) Эрмитажға жөнелтіліп, көрмеге қойылды», - деп жазылған (12, 87).








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет