Отыз бірінші сөз ақынның педагогтық, ұстаздық ойларының жемісі. Бұл сөз бір абзацтан тұрады: «Естіген нəрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: əуелі көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нəрсені естігенде я көргенде ғибрəтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нəрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек: төртінші — ой кеселді нəрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нəрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нəрсе — күллі ақыл мен ғылымды тоздыра-тұғын нəрселер» [2; 173–174].
Достарыңызбен бөлісу: |