Мақалалар Абайдың «Қара сөздері» — оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына



бет6/12
Дата22.05.2020
өлшемі64,61 Kb.
#70554
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Абай талдау
Емтихан сұрақтары
Ақын отыз алтыншы сөзде иман, ұят деген ұғымдардың бірлігін, ар-ұятсыз иман-инабатының жоқтығын айтып, «ұят» деген ұғымға тоқталады: «Ұят деген адамның өз бойындағы, адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп қылған қысымның аты. Ол уақытта тілге сөз де түспейді, көңілге ой да түспейді. Көзіңнің жасын, мұрныңның суын сүртіп алуға да қолың тимейді, бір ит боласың. Көзің кісі бетіне қарамақ түгіл, ешнəрсені көрмейді. Мұндай қылыққа жетіп ұялған адамға өкпесі бар кісі кешпесе, яки оның үстіне тағы аямай өртендіріп сөз айтқан кісінің өзінің де адамшылығы жоқ десе болар» [2; 182].

Абай: «Осы күнде менің көрген кісілерім ұялмақ түгіл, қызармайды да» [2; 182], — деп қынжылады.

Қара сөздердің үздік үлгісі, өрнекті өнегесі — отыз жетінші сөзде жинақты, жүйелі беріледі. Кемеңгер ақын мұнда өмірдің өрнекті тағылымдарын, тəлімді тəжірибелерін барынша қонымды, қысқа-ңұсқа үлгіде жеткізеді.

Абайдың ойынша, білім, ғылым, ізгілік, сезім, махаббат, ақыл мəселелерінің барлығы мінезге келіп тіреледі. Бұл жөнінде ол отыз жетінші сөзінде: «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» [2; 183], — деп ой түйеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет