Мақалалар Абайдың «Қара сөздері» — оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына



бет9/12
Дата22.05.2020
өлшемі64,61 Kb.
#70554
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Абай талдау

Қырқыншы сөзінде Абай пендешілік түрлерін, оның себептерін тізіп береді. Бұл сөзін ол өз замандастарына қойылған сұрақ түрінде жазған. Сұрақ бере отырып ойланту, сол заманның келеңсіз көріністеріне философиялық астар беру мақсатын ұстанған.

Абайды қатты қинаған мəселе: қалай қазақты бұрынғы мемлекеттік ұлт қалпына келтіру болды. Ол оның жолын іздеді. Сынады, мысқылдады, білімге шақырды. Ақыл айтты. Болмаған соң қырық бірінші сөзінде мынандай ойға келді: «Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нəрсе керек.

Əуелі — бек зор үкімет, жарлық қолында бар кісі керек. Үлкендерін қорқытып, жас балаларын еріксіз қолдарынан алып, медреселерге беріп, бірін ол жол, бірін бұл жолға салып, дүниеде есепсіз ғылымның жолдары бар, сол əрбір жолда бір медресе бар, соларға тоздырып, бірін сен бұл жолды үйрен, сен ол жолды үйрен деп жолға салып, мұндағы халыққа шығынын төлетіп жіберсе, хəтта қыздарды да ең болмаса мұсылман ғылымына жіберіп, жақсы дін танырлық қылып үйретсе, сонда сол жастар жетіп, бұл аталары қартайып сөзден қалғанда түзелсе болар еді.

Екінші — ол адам есепсіз бай боларға керек» [2; 216].

Ата-аналары пара беріп, балаларын тағлым жолына салу үшін, бүкіл қазақты паралап алу қай кісінің қолынан келмек. Ондай дəулет қайда. Міне, тұйыққа тірелу. Осы тұйықтан қалайша шығуға болады, оның жолын таппаған Абай: «Етінен өткен, сүйегіне жеткен, атадан мирас алған, ананың сүтіменен біткен надандық əлдеқашан адамшылықтан кетірген» [2; 216], — деп налиды. Бұл амалы таусылған адамның сөзі.

Тегінде, Хакім Абай айтқан билік пен байлық ұлттық мүддеге құрылған мемлекеттің қызметі, ондай мемлекеті жоқ, басы бостандыққа түскен саяси еркіндігінен, өзін-өзі басқарудан аластатылған қазақтың надандықтан шыға алмауы түсінікті. Осыны жанымен ұға келе Абай: «Енді не қылдық, не болдық?» [2; 217], — дейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет