Мақалалар Абайдың «Қара сөздері» — оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына



бет10/12
Дата22.05.2020
өлшемі64,61 Kb.
#70554
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Абай талдау

Қырық екінші сөздің басты мазмұны: «Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғынының бір себебі — жұмысының жоқтығы» [2; 217]. Бұл шығармасында: «...Шаруаға пысық, мал бағуға, мал табуға  пысық  ол  өнерлі  кісіге  қосылмайды,  я  өзі  пəле  шығаруға  пысық,  я  сондайлардың   сөзін «естігенім, білгенім» деп елге жайып жүріп, ырбаңдауға пысық  өнерлілерге  қосылғандай көрінеді» [2; 217], — деп ұлы ақын жаны ауыра қынжылады.

Ғұлама ғалым қырық үшінші сөзінде дүниені тануға болады деп қана қоймай, оны білу жолдарын, тану əдістерін көрсетеді. Адам өз еркінен тыс тұрған сыртқы құбылыстарды, дүниені, затты белгілі жолдармен танып жете алады деп қарайды.

Осы еңбегінде Абай ақыл мен ғылымның да неше түрлі тигізер кесел кесапаттары барын айтқан. Оны білмесең, жақсылықтан қайыр жоқ. Абайдың айтары əрбір нəрсенің өз өлшемі бар, одан асуға болмайды. Өлшеу білмек — бір үлкен керек іс. Бұл өте терең пікір. Жақсылықтың өзі өлшемнен асса, жамандыққа өтеді.

Осы ойға орай ақын бұрынғы ғалымдар айтты деген мақал келтірген: «Ненің қызығын көп іздесең, соның күйігін бір тартасың» [2; 222]. Ал осы өлшеуді кім анықтамақ дегенге келгенде Абай пайда, залалды айыратын қуаттың аты ақыл дейді. Бірақ жалғыз ақыл аздық етеді, ол қайратпен қосылуы керек. Осы екеуі кімде болса, жан қуаты мен тəн қуаты тең болғаны. Егер бірі болып, бірі болмаса басы қатты асау ат, жүгенсіз тауға ұра ма, тасқа ұра ма, суға ұра ма, жарға ұра ма – Құдай білсін, — дейді Абай.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет