Мақалалар Абайдың «Қара сөздері» — оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына



бет4/12
Дата22.05.2020
өлшемі64,61 Kb.
#70554
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Абай талдау

Отыз екінші сөзі отыз бірінші сөздің жалғасы іспеттес. Ақын шын мерейленіп, ықылас-жігермен ізденген адам ғана ғылымға жетеді, оның түпкі рахатына кезігеді дейді. Бастапқы тұста білім-ғылым ісіне қадам басу үшін талаптың керегін, оның біраз шарттары барын еске салады. Білім-ғылымға құштарлық арман-аңсарлармен шектелмейді. Оның үстіне біліп-көріп, көңілге тоқығанның мəнi зор. Мақсат айқын, бағыт белгілі болу керектігі көрсетіледі. Əр ілімі үлгі етіледі. Ғылымды, ақылды сақтай-тұғын — мінез жөнінде мынандай байыпты байламдар жасалады: «Ғылымды, ақылды сақтай- тұғын мінез деген сауыты бар. Сол мінез бұзылмасын! Көрсе қызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын? Бұл бір ақыл үшін, ар үшін болсын!» [2; 176].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет