Мақалалар Абайдың «Қара сөздері» — оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына



бет5/12
Дата22.05.2020
өлшемі64,61 Kb.
#70554
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Абай талдау

Отыз үшінші сөзінде қазақтың қолы өнерлі адамын Абай əулие санайды. Мал — бір жұттық, ал өнер — мəңгілік. Бірақ Құдайдың берген аз-мұз өнерлі жандарының өзінде де қазақтық кеселдері болады. Оларды Абай санап береді: 1. Талапсыздық. Қолынан келгенге мəз, ал Құдайдың берген қасиетін əрмен қарай жетілдіру, ұштауға қыры жоқ. Осы білгеніміз де жетер деп, соған мақтанып, алыстан өнер іздеп, менен де артық бар-ау, солардан үйренсем деген ой жоқ. 2. Еріншектік. Қолына бірер қара біте қалса, тоқмейілсіп, байлыққа бөккен кісімсіп, бойкүйездікке салыну. Мұндай адам бойындағы қасиетті жойып, жадағай болып қалады. 3. Тамыршылдық. Сəл нəрсеге алданып, «жоғары шыққа» мəз болып, тамырым, досым десе ішкен асын жерге қойып, соның ісімен жүріп, өзінің алданғанын білмей, далбасамен өмір өткізу. Сөйтіп жүріп біреуге борышты болып, басы дауға қалып жүргені. Сірə, мұндайлар тамыршылдау адамгершілігін əрі іскерлік деп түсінетін болуы керек. Абай өнерлі жандарға сүйсіне отырып, олардың іс-əрекетіндегі жоғарыда айтылған қазақтың кеселдерінен жойылатын жолдарын көрсеткен [4; 144].

Ақынның отыз төртінші сөзі өмір мен өлім философиясы хақында. Жұрт өлімнің хақ екендігін, оның əманда адам əбден қалжырап қартайғанында ғана емес, кенеттен де кездесетінін жəне Алла жанын бір алған пенденің о жақтан қайтып келмейтіндігін біледі, соған нанады. Ал бірақ ақылына салып, ой елегінен өткізіп барып нанбайды, амалсыздықтан, шарасыздықтан көнеді. Абай  осы сұраққа жауап іздеген.

Адамның болмысы баршаға ортақ, көрер қызығы, қайғысы осы екі дүние аралығында. Өмір мен өлім бəрімізге бір. Олай болса, адамға керегі мұсылмандық, имандылық. Бірақ оған адам қалай жетпек? Бұл сұраққа жауап жоқ. Себебі, нағыз мұсылман дүние қуанышын, дүние қайғысын ақырет қуанышынан, ақырет қайғысынан артық қоя алмайды. Олай болғанда ол мұсылман емес. Адам енді не істемек? Адамға керегі — дүниеге қонақ екенін сезіну, өзінің мəңгілік еместігін ұғыну,  сондықтан «бес күндік» ғұмыр үшін бір-бірімен қырқыспайтын істер жасауға дағдылану. Міне, Абай ұсынған жол. Бірақ Абай бұл жолға түскендерді таба алмай, дүние қызығын тозаққа айналдырғандарды көріп, «оның несі адам?» деп күйінеді. Сөйтіп, адамның рухани болмысы, өмір философиясы туралы Абай тереңнен сыр қозғаған. Бұл əлемдік философияның мəңгілік тақырыптары, олардың шешімі аса күрделі, əзірше бұл мəселелерге айқын жауаптар жоқ. Бұлар адамның рухын қозғайтын, жетілдіретін мəңгілік философиялық мəселелер.

Отыз бесінші сөзде адамдардың өлгеннен кейін махшарға баруы, ондағы жауаптастықтар туралы ой толғанған. Тірлікте өзі үшін өмір сүргендердің махшардағы жағдайлары жақсы  болмасын ескертіп, бір Құдайды риза етерлік адамгершілік, қайырымдылық, адал істер істеп өтсе, ол адам ақыретте қадірлі, шарапатты болады деген түйіндер жасайды. Жалпы бұл сөзде Абай тірлікте ізгі істер істеп өтуге, кемтарларға көмектесуге шақырады.



Отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы сөздер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет