Мақалалар Абайдың «Қара сөздері» — оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына


Абайдың  толық жинағында  1890  мен 1898 жж. арасында  жазылған  бір  алуан  шығармалары   —«Қара сөз» деп аталады



бет2/12
Дата22.05.2020
өлшемі64,61 Kb.
#70554
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Абай талдау

Абайдың  толық жинағында  1890  мен 1898 жж. арасында  жазылған  бір  алуан  шығармалары   —«Қара сөз» деп аталады. Бұл ақынның философиялық еңбегі. Барлығы 45 сөз жəне бұған «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген тарихи мақаласы да қосылады.

Абайдың «Қара сөздерінің» соңғы нұсқасы Мүрсейіттің 1905, 1907 жəне 1910 жж. қолжазбалары бойынша жарияланып келген. Ақынның 150 жылдық мерейтойы қарсаңында «Қара сөздердің» бұрын кеткен текстегі кемшіліктері түзетіліп, түпнұсқамен дəлдігі мүмкіндігінше қалпына келтірілген.

«Қара сөздер» деген атау өлең сөзден бөлек дүниелер мағынасын білдіреді. Өлең өнерін қазақ «Қара сөз» демейді. «Қара сөз» проза деген мағынада айтылған. Əдетте, адам ауызекі тілде өлеңді емес «Қара сөзді» қолданады.

«Қара сөз» дегеннің мағынасын белгілі ғалым жəне саясаткер Ғ. Есім: «...Абай ойына келген нəрселерін еркін айту үшін, өзі арнайы жанр ойлап тапқан. Ол — сөз жанры. Ақынның қара сөздері — нағыз еркін ойдың жанры. Мұнда ешқандай бір дəстүрге, тəсілге бағынушылық жоқ. Ой еркін айтылған, мазмұн өзіне лайықты форма тапқан. Көптеген философтар ойларын формаға бағындырып немесе жүйе құрып əуре болғанын білеміз. Абай болса, ондай істермен айналыспаған, өзінің айтқысы келген ойларын еркін білдірген. Абай ашқан «сөз» жанры, өкінішке орай, қазақ мəдениетінде өріс алмады. Сірə, оған кінəлі, Шəкəрім тілімен айтсақ, «нақтылы ойдың» заманы болса керек. Адам өз ойындағысын айтқаны үшін кінəлі болған заманда, əрине, сөз жанрының өрістеуі, Абай дəстүрін жалғастыруы мүмкін емес еді. Абай дəстүрі, яғни сөз жанры бүгінде жаңғырып, жалғасуы керек, оған алғышарт бар. Қазіргі плюрализм деп жүргеніміз, кезінде Абай қолданған ойлау тəсілі...» ,— деп сараптама жасап, талдап берді.



Бірінші жəне екінші сөздер

Ғұлама Абай «Қара сөзді» шешендік өнер мəнінде айтқан. Шаршы топқа шығып сөз айту əркімнің қолынан келе бермейтін іс. Абай осындай ниетпен айтқан сөздерін қағазға жазып қалдырады. Көрген-білгенін, таным-тəжірибесін, танып-түстегенін ақыл-көрігінде қорытып, таразыға салады. Қысқа ғұмырдың алдамшы, өткіншілігіне де қапа болады. Баянсыз, тұрлаусыз сиқына бас шайқап, іштен тынады. Оның мəн-мəнісін бірінші сөзінде былай білдіреді: «Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, əйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық — əурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бəрі қоршылық екенін білдік. Ал енді қалған өмірімізді қайтып, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын...» .

Ақын алдағы өмірге барлау, талдау жасайды.

Адам мұраты, өмірі мен еңбегіне еркін енеді. Өмірдің бұралаң жолдарына, кəсіп-дағдыларға, тұрмыс-тірліктің мың сан арналы, тараулы жолдарына көңіл тоқтатып, көз жібереді. Əсіресе ел бағу, мал бағу, ғылым бағу, софылық қылып, дін бағу, балаларды бағу сынды сан салалы, алуан арналы бағыт-бағдарларға, өмір-тұрмыстың, уақыт-сынаптың сырлы сипаттарына ден қояды. Оның арасында білім-ғылым, кəсіп-қызмет, дəстүр-дін, тəлім-тəрбие иірімдеріне де көңіл бөліп, жіті назар аударады. Бəріне де мəн-маңыз береді. Басым бағыттарына еркін енеді. Сыр-сипаттарын ашады.    Нəтижесінде:

«Ақыры ойладым: осы ойыма келген нəрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ» , — деген қағидалы көзқарастарын алға шығарады. Өмір мұратына ден қойып, тəлім-тəжірибесіне тоқтайды.

Ойшыл ақын екінші сөзінде бала күнінен қазақтардың сартты көрсе, «енеңді ұрайын,  кең қолтық, шүлдіреген тəжік, Арқадан үй төбесіне саламын деп қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде əке-үке десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, сарт-сұрт деген осы» десіп; ноғайды көрсе, оны да боқтап, «түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе шаршап, жаяу жүрсе — демін алады, ноғай дегенше ноқай, қашқын ноғай, «башалшік» (ұсақ саудагер) ноғай десіп; орысқа «ауылды көрсе, шапқан, жаман сасыр бас орыс», орыс ойына келгенін қылады деген... Не айтса, соған нанады, «ұзын құлақты» тауып бер депті» десіп, күліп отыратынын есіне алып; сонда өзінің «бізден басқа халықтың бəрі антұрған, жаман келеді екен, ең тəуір халық біз екенбіз» ғой, деп ойлайтынын айтады.

Сөйтсе, сарттың егін егіп, өсірмейтін жемісі, жасамайтын шеберлігі жоқ, əрқайсысы өз жұмысын ғана біліп, бір-бірімен жауласпайды екен, орысқа қарамай тұрған кезімізде қазақ еліне киім-кешек жеткізіп тұрған да солар. Орысқа қараған соң орыстың өнерін бірінші үйреніп алған да солар. Араларында бай да, молда да, сыпайы, епті жандар да көп. Ноғай да солдатқа, кедейлікке шыдамды, молда, медресе ұстап, оны күте де білетін халық екен. Еңбек етіп, мал табудың да жолын біледі, өздері салтанатты, əсем. Оларға енді біріміз жалданып жұмыс істеп, біріміз еткен еңбегіне ризашылығымызды білдіріп жүр екенбіз. Біздің ең бай деген адамымыздың өзін «сəнің шақшы (лас, былғаныш), аяғың білəн пышыратырға қойған идəн түгіл, шық, сасық қазақ», — деп үйінен қуып шығатын жағдайға жетіпті дейді.

Абай бұл сөзді қазақ халқын кемсіту үшін емес, жанына тигізе, намысқа тигізе əдейі айтып отыр. Халықтың бойында бар қасиет бар, оны ешкім мансұқ етпек емес, ал жағымсыз жағымыз қайсы? Неге тəжік сияқты егін екпеске, неге ноғай сияқты дін бақпасқа, сауда жасамасқа, неге орыс білімін алып, олармен терезе теңестірмеске? Абайды қажап отырған осы ойлар. Қазақ бұл халден құтылу үшін не істеуі керек, алдымен өзіңе өзгелердің көзімен қара. Ондай дəрежеге көтерілу үшін шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып зор болсаң, қорлықтан құтыласың. Тек сол жағдайда ғана өзге халықтар туралы да қазақтардың ұғымы өзгермек. Абай осы шағын сөзде ұлттық дамудың басты-басты бағыттарын таратқан.



Үшінші, төртінші, бесінші сөздер

Үшінші сөзінде ақын билік туралы əңгіме қозғаған.

Болыс болсам деп ағайындар жанжалдасып, партияласып əбден халықтың мазасын кетіретін пысықтарды көргенде Абай бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын», Əз- Тəукенің «Жеті жарғысын» білмек керек дейді. Əрине, Абай бұлардың бүгінгі өмірге келетінін алып, жарамсызын теріске шығарса деп армандай келіп, осыларды іске асыратын кісілердің жоқтығына қиналады.

Ғұлама өзінің үшінші қара сөзінде: «Бұрынғы қазақ жайын жақсы білген адамдар айтыпты: «Би екеу болса, дау төртеу болады», — деп. Оның мəнісі — тақ болмаса, жұп билер таласып, дау көбейте береді дегенмен, дұрыс айтылған сөз. Өйтіп би көбейткенше, əрбір болыс елден толымды-білімді үш- ақ кісі билікке жыл кесілмей сайланса, олар түссе, жаманшылығы əшкере білінгендікпенен түссе, əйтпесе түспесе. Ол билерге даугер адамдар қарамай, екеуі екі кісіні билікке таңдап алып, үстіне біреуді делдалға сайлап алып біте берсе, егер оған да ынтымақтаса алмаса, бағанағы үш бидің біреуін алып, яки жеребемен сайлап алып жүгінсе, сонда дау ұзамай, бітім болар еді»,— дейді. Ақын ережедегі дауды шешетін билер саны əр тараптан үштен артық болмасын деп көрсетеді. Билер көбейсе, дау ұлғайып қана қоймай, пара алушылық қоса қаулайтынын көрсетеді.

Ол заманда орыс əкімдері үшін қазақтардың болыстыққа таласуы, мінездерін ұсақтатып, азып- тозып, шапқылап келіп бір-біріне жала жауып, пара беруі өте пайдалы іс болатын. Осы халді Абай нақтылап қағазға түсірген.

Адам баласының бесіктен бейітке дейінгі ғұмыры өкініш болмас үшін қалай дұрыс өтуі абзал деген сауалға Абай анық ақыл береді. Төртінші сөзінде ол былай дейді: «Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада бұл дүниенің рақатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнінде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды», , — дей келіп, Хакім Абай сөзін былай түйіндейді: «Əуелі Құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды».

Адам деген тылсым табиғаты мəңгі жұмбақ болып қала берерлік құбылыс. Абай осы тылсым құдірет иесінің екі күйіне талдау берген. Олар Күлкі жəне Қайғы. Дүниеде күлмейтін не қайғыланбайтын жан бар ма? Бұл алма кезек болатын көңіл-күйлер. Адам өз қайратына сүйеніп харекет етсе, күлкінің де, қайғының да мəнісіне түсінбек.

Абай бесінші сөзінде қазақтардың: «Ə, Құдай, жас баладай қайғысыз қыла көр!», —

деген тілегін қалайша түсінуге болады дейді. Жас баладай болу деген не ұғым?

Ақынның пайымдауынша, қазақтың ғылым, білім, əділет үшін қам жемей тек мал  үшін қайғыруы жетімсіз іс. Ғылым, білім болмаса сана тұмшаланып, тұрмыста белең алған ұрлық, қулық- сұмдық, тіленшілік сияқты келеңсіз қылықтар жойылмақ емес. Бұлардан арылмасақ  жас баладан неміз артық дейді. Жас бала қызыл шоқтан қорқушы еді, ал бұлар тозақтан да қорықпайды. Ақын жас баладай қайғысыз болып ел бола алмаймыз, біздің аңсаған еліміз бұл емес деген түйін жасайды.

Абай заманында қазақтың «қарға тамырлы» халық болудан қалып, бодандыққа мықтап түскен кезі еді. Ел болу не болмау ісі орыс əкімдерінің қолында қалған. Қазақтар бықпырт тигендей бөлшектеніп, болыс-болыс болып өмір кешіп жатқан кез. Халық мінезіне ұсақ қылықтар еніп, ел дертке ұшыраған. Ел сөзін сөйлейін десе, бір орталыққа бағынған халқы жоқ, халқының еркі жоқ заманда асыл ойларын кімге бағыштарын білмеген Абай «іздеген еліміз сол ма?» демегенде не демек. Ақын қайғысы бодандыққа түскен елдің мұң-зары.

Алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы сөздер

Абай алтыншы сөзінде қазақтың: «Өнер алды — бірлік, ырыс алды — тірлік» деген мақалы төңірегінде философиялық мəнде ой өрбіткен.

Ақын мақалдың екінші жартысындағы «тірлік» деген ұғымды терең талдайды. Ол əншейін оғып- бұғып, қорқып-үркіп өмір сүргенді тірлік деп есептемейді: «...Ондай тірлік итте де бар. Ондай тірлікті қымбат көріп, бұлдаған адам өлімді жау көріп, ахиретке дұшпан болады. Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде əлгі айтылған ырысқа дұшпан болады. Ол айтқан тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың».

Иə, көкірегің өлі болса, көзіңнің барының қажеті қанша?! Көкірегі соқыр — өнерсіз, білімсіз, надан пенде, ішкені мен жегеніне мəз қуыс кеуде.

Алтыншы сөздегі ойын Абай жетінші сөзінде де қайталап: «Көкіректе сəуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық?» Қайта бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде, хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз» , — деп жетілдіре түседі. Бұл — надандықтан сақтандырып, көкірекке білім, ғылым нұрын түсіруге шақыру.

Сегізінші сөз  де  осы  мазмұндас.  Ақын:  «Ақылды  кім  үйренеді,  насихатты  кім  тыңдайды», — деп өзіне-өзі сұрақ қойып алады да, болыс пен бидің тыңдамайтынын, өйткені өздерін ақылды санайтынын, сондықтан да сондай орындарға сайланып отырмыз деп ойлайтынын, ел түзеуге қолдары тие бермейтінін, тисе де шығынданып, шығынымыздың орнын толтыра алмай қаламыз деп қорытатынын айтады.

Байлардың да дүниенің жолында жүргендерін, өзінде жоқты малымен сатып алатындарын, ақылды да, ғылымды да, білімді де малдан қымбат санамайтынын қынжыла жеткізеді. Ұры-залым, сұм-сұрқиялардың да, «қой жүнді қоңыршалардың» да ақыл тыңдай қоймайтынын дəлел, сылтауларын келтіре отырып жеткізіп: «Аналар анадай болып тұрғанда білім, ғылым, ақылды не қылсын?», — деп сөзін мысқылдай түйіндейді.

Қазақ тұрмысында өлім туралы өшпес ойлар қалдыру дəстүрі болған. Сондықтан да Абай: «Бұ да жақсы, өлер кезде «əттеген-ай, сондай, сондай қызықтарым қалды-ау!» деп қайғылы болмай, алдыңғы тілеу болмаса, артқа алаң болмай өлуге», — дейді.

Сонда өлімнің қайғысыз болуы, ол оның мəніне жеткендік емес пе? Бұл мəселенің бір қыры. Екінші қыры — өлімнің қайғысыз болуы өмірдің мəнсіздігін, өткінші екендігін де мойындау емес пе? Бұл сұрақтарға жауапты адамзат баласы əрқашанда қойып келеді. Нақтылы жауап жоқ, себебі — өмір мен өлім мəнін адам баласы ешқашан шешпек емес. Бұл табиғат құпиясы. Оны адамның мойындауынан өзге еш лажы жоқ. Абай қысқа тоғызыншы сөзінде осы бағытта ой өрбіткен.

Оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші сөздер

Оныншы сөз бала тəрбиесіне арналған.

Абай қазақтың Құдайдан бала тілеудегі мақсатының «өлсем орнымды бассын»,  «артымнан құран оқысын», «қартайған күнімде асырасын» деген тілектерден туатынын айта келе, осы тілек- мақсаттың əрқайсысына жеке-жеке тоқталады. Қазақтың отбасы бала тəрбиесіне талдау жасайды.

Ойшыл ақын халықты оқу-білімге үндейді: «Малды сарып қылып, ғылым табу керек. Өзіңе табылмаса, балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған қажылық ешбір ғибадат орнына бармайды» [2; 144–145], — дейді.

Адамзат қоғамы пайда болғалы — ұрлық, бұзақылық жойылмай келе жатқан жат қылықтар. Абай заманында осындай жолсыздықтар жаңбырдан кейін қаулап шығатын саңырауқұлақ сияқты қаптап кетті. Сондықтан ақын он бірінші сөзінде осы мəселеге ерекше көңіл бөледі.

Ертеде ұрлықты, бұзақылықты елдің есті кісілері тыюшы еді. Енді билік орыс əкімдерінде болғандықтан, соларға жағынам деп ұрлық, бұзақылық дертіне байлар да душар болған. Олар нені болсын малмен сатып алам дейді де жиған-терген дəулетін талан-таражға салып елдің де қадірін кетіріп, өз басын да дауға салып далбаса тіршілікпен күй кешуде. Абай осы екі жат  қылықты жұрттың бəріне ортақ дейді. Бұдан сау адам қалмаса, сонда елді кім түземек? Ел ішінде ант, серт, адалдық, ұят дегеңдер əлсіреп барады. Осыны дұрыс жолға салатын қолында малы, пұлы, аузында сөзі бар қазақ байлары десек, олардың өзі бұзақылардың сөзін сөйлеп, жөнін жөндеуде. Өз бас билігі өз қолынан кеткен жұрттың халі қалай болмақ? Абайды жегідей жеп отырған ел басына түскен осы дерт, содан құтқарудың жолын таппағаннан туған шарасыздық.

Қазақ даласында «иман» деген сөз Ар білімінің (Этиканың) басты ұғымына айналған. Халқымыздың жақсы жанды иман жүзді дейтіні де содан. Он екінші сөзінде Абай иман арқылы адамгершілік табиғатын ашуға талпынған. Иманды Абай діни сенім мағынасында ғана емес, өзге мəнде қолданған. Мұнда ақын дүниетанымына зор ықпалын тигізген сопылық философияның əсері айқын аңғарылады. Иманды сенім емес таным тұрғысында талдау ислам философиясындағы дəстүр. Абай бұл жерде осы қағиданы тек қайталап қоймай, халық түсінігіне орай айта келіп, қазақтардың тұрмыстағы, харекетіндегі салғырттықтың дінінде де орын алып отырғанын көріп қынжылғандықтан туған ойларын ортаға салған.

Он үшінші сөзде: Иман деген не деген сауалға жауап беріледі. Абай бұл түсінікті өзінің төл мұсылмандық контексінде анықтап береді: «Иман деген — Алла Табарака уа тағаланың шəриксіз, ғайыпсыз, бірлігіне, барлығына уа һəр неге бізге пайғамбарымыз салалаhү ғалайһи уəсəллəм арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын сұнып, инанмақ» дей келіп: «Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек екен» [2; 147], — дейді.

Адамның сеніміне зорлық болмағаны лəзім. Яки иман келтіру үшін логикалық  тəсілмен Алланың барлығын ақылмен жоққа шығара алуға шамаң жетсе, иман келтірудің еш қажеті жоқ. Ал, оған ақылың жетпесе, дəлелің болмаса, Аллаға сенгеннен басқа не бар. Міне, Абайдың иман туралы тұжырымы.

Он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші сөздер

Он төртінші сөзінде ақын өмір мұраттарына ден қояды. Тұрмыс-тіршілік тынысына назар аударады. Нəтижесінде: «Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулықтың жоқтығынан азады. Білместігімнен қылдым дегеннің көбіне нанбаймын. Білімді білсе де, арсыз қайратсыздығынан ескермей, ұстамай кетеді. Жаманшылыққа бір ілігіп  кеткен  соң,  бойын  жиып  алып  кетерлік  қайрат  қазақта  кем  болады» [2; 149], — дегенді анық айтады.

Ал, «Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек  ұмыт қалады» [2; 148], — дегенінен «жүрек таразы» екенін алға тартады.

Он бесінші сөзінде Абай адам өміріне философиялық ой жүгіртіп, терең топшылау жасайды. Ақын ел басқаратын, көпке өнеге көрсететін адам алдымен өзін-өзі жөнге салып алуы керектігін ескертеді. «Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мəрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса, айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ақіретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?» —  деген сауал қояды.

Он алтыншы сөзінде Абай өзі тұстас қазақтардың ішінде кезігіп қалатын Құдайға құлшылық ету тəсілін мінейді. Олардың Алла жолына түсіп, беріліп қызмет етпей, тек жұрт қатарлы дін жолын сырттай қуаттаған болып жалған əрекеттер жасап, əміршінің өзін алдайтынын айтады. Елдегі жалаңаяқ саудагерлермен істес болғаны сияқты өзін-өзі алдап, Құдайды, оның жолын дұрыс ұстанбайтынын, жасым ұлғайды, тілім келмейді деген дəлел айтатынын, тілін жаттықтырып, дінін тазартып, ойланып, үйреніп əлек болмайтынын сынайды. Білгенім осы, енді қартайғанда қайдан үйрене алайын дегенді сылтау ететінін баса көрсетеді. Сондықтан Абай мұсылманшылық жолын парыз тұтып, таза, пəк жүріп, иман-инабаттылықты тура танып, оған шын беріліп, адал ниетімен əбден беріліп құлшылық етуді талап етеді. Дін мұсылмандық парыздарын  тануға, ой-өрісін кеңейтуге, білімін жетілдіруге үндейді. Жатпай-тұрмай, ерінбей талаптанып, оқып білім алуға, Құдайын тануға шақырады. Жалқаулық, еріншектік сияқты пəлелерден сақтандырады.

Данышпан Абай он жетінші сөзінде қайрат, ақыл, жүрек үшеуін айтыстырып, əрқайсысының қадір-қасиетін өз ауыздарымен жеткізеді. Еңбек дүниеде лайықты өнер, мал табу, абырой  мен мансап, бойды таза сақтап, көрсеқызар, жеңілтектіктен, нəпсі мен шайтанның азғыруынан құтқаратынын, адасқанды түзу жолға салатынын; Ақыл бұл дүниеде де, о дүниеде де не пайдалы, не залалды, бəрін білетінін, онсыз ғылымды игеру мүмкін еместігін; Жүрек адам денесіне қан тарататынын, онсыз Тіршілік жоқ екенін; Ғылым үшеуінің де айтқандарының дұрыстығын айтып:

«...Үшеуіңнің басыңды қоспақ — менің ісім, — депті. Бірақ сонда билеуші, əмірші жүрек болса жарайды. Ақыл сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді: Жақсылық айтқаныңа жаны- діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады.

– Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бəрін жүрекке билет, — деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен» [2; 153]. Осы үшеуі тең табылған кісі — қасиетті адам.



Он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші сөздер

Он сегізінші сөзінде Абай кербездікті қатты сынға алған. Кербездік жұмысы жоқтықтан туады. Бұл халықтың азып-тозып жүргендігінің бір көрінісі. Бай елдерде кербездік деген оғаш қылық жоқ, киім киінудің талғамы бар. Кербездіктің тағы бір жағымсыз жағы — менмендік, боскеуделік сияқты жат мінезділік.

Кербездікке салынып, оны əдетке, мақтанға айналдыру — ақымақтың ісі. Сондықтан да болашақты болжай білген ақын: «Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нəрселермен озбақ. Онан басқа нəрселерменен оздым ғой демектің бəрі де — ақымақтық» [2; 154], — екенін айтады.

Он тоғызыншы сөздің басты ойы: білімді адам кім деген сұраққа жауап табу. Абайдың пайымдауынша: «Адам ата–анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Əрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нəрселерін ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны адам десе болады» [2; 155].

Адам əрбір естіген сөзінің мазмұнына ой жүгірте тыңдап, еске сақтап, ұғайын деп тұшынса ғана, ғибрат алады. Ал əрбір естіген сөзге мəн беріп, оның астарын ұғуға тырыспаса ол далаға кеткен, босқа  айтылған сөзбен  пара-пар.  Ұқпас  құлаққа айтқан  сөз  далаға,  желге кеткенмен  бірдей дейді.

«Сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы» [2; 155], — деген ой тоқтамына келеді. Абайдың бұл пікірі «жаңбыр жаумаса жер жетім, бастаушысыз ел жетім, тыңдаусыз кеткен сөз жетім» деген халық даналығына саяды.

«Қара сөздер» — өмір, тəжірибеден алынған, əрі білім-біліктің жиынтығы, əрі көркемдік- эстетикалық, мəдени-рухани қуаты мен қадір-қасиеті жоғары, тағылымы мол қымбат қазыналар қатарына жатады.

Ақынның бұл бағыттағы ой-сөз жүйесі қоғамның барша саласын қамтып, оның өзі көбінде ел өмірі, дəстүр мен дін, тəлім-тəрбие, тұрмыс-тіршілік баянын айқындай түседі. Айталық, оның қайсібір тұстары — жалығу (жиырмасыншы сөз), мақтан (жиырма бірінші сөз) төңірегінде  өріс алады.

Алдымен — жалығуға қатысты: «Ол тағдырда адаммен бірге жаратылған нəрсе, оны адам өзі жора тапқан емес. Оған егер бір еліксе, адам баласының құтылмағы қиын. Қайраттанып, сілкіп тастап кетсең де ақырында тағы келіп жеңеді. Ақылы түгел, ойлы адамның бір баласы байқаса осы адам баласының жалықпайтұғын нəрсесі бар ма екен? Тамақтан да, ойыннан да, күлкіден де, мақтаннан да, кербездіктен де, тойдан да, топтан да, қатыннан да көңілі аз ба, көп пе жалығады...

Бірақ осы жалығу деген əр нені көрем деген, көп көрген, дəмін, бағасын, бəрінің де баянсызын біліп жеткен, ойлы адамнан шығады» [2; 155–156].

Шынында, дүниені танып, топшылау терең ойға түсіп толғану екінің біріне тəн емес, зиялыларға тəн. Сондықтан өмірден өз орнын тауып тіршілікті қадірлей білу, оның мəн-мағынасын терең тану қажет деп біледі Абай.

Абайдың мақтан төңірегінде де өзіндік өзгешелігі байқалады. Ол адамдарға тəн «Мақтан» мəселесіне түсінік беріп, оның екі түрін айтады. Бірі ақылдылардың іштей түшіркенуі есепті ақылдыларға тəн — зиянсыз мақтан, екіншісі надандықтың туындысы — мақтаншақтық мінез. Абай жетесіздерге тəн соңғы жат мінезден сақтандырады. Ол мақтануға бүтіндей қарсы емес. Оны адам баласына тəн қасиеттердің біріне санайды. Дүниедегі адамдардың мақтаннан құр болмайтынын ескертіп, ол мінездің адам бойында болу заңдылығын мойындайды. Адамдар табысы мен жетістігіне тебіренбей тұрмайды.



Жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші сөздер

Жиырма екінші сөзінде Абай халық тұрмысындағы əркімнің орнын анықтап, соған сай кімді жақтап, кімді қадірлемекпін деген ойға түседі: «Байды қадірлейін десең, бай жоқ. Бай болса, өз басының, өз малының еркі өзінде болмас па еді? Ешбір байдың өз малының еркі өзінде жоқ...

Мырзаларды қадірлейін десең, осы күнде анық мырза елде жоқ, мал бергіш мырза иттен көп.

Біреу бір пайдама келтірем деп мырза болып жүр...

Болыс пен биді құрметтейін десең, құдайдың өзі берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болыстық пенен биліктің ешбір қасиеті жоқ.

Мықтыны сыйлайын десең, жаманшылыққа елдің бəрі мықты, жақсылыққа мықты кісі елде жоқ. Есті  кісіні  тауып  құрметтейін  десең,  əділет, ұят,  нысапқа  есті  кісі елде жоқ.  Қулық, сұмдық, арамдық, амалға елдің бəрі де есті.

Ғарып-қасар бишараны құрметтейін десең, жатқан түйеге міне алмаса да, ол момындыққа есеп емес. Егер мінерлік жайы болса, бірдемені ептеп ілерлік те жайы бар.

Енді қалды қу мен сұм, олар өзі де қуартпай, суалтпай тыныштық көрер емес. Жə, кімді сүйдік, кімнің тілеуін тіледік?» [2; 157–158] — дейді ғұлама.

«Ырыс баққан, дау бақпас» деген мақалға тоқтап, Абай өз байлығына өзі ие бола алмай, қу, сұмға, ұры-қарыға, болыс, биге, орыс əкіміне жем болып жүрген қазақтың момын байларын аяп, соның тілеуін тілегенді жөн көрген.

Ақынның жалығу мен мақтанға қатысты көзқарастары — «бір қуаныш, бір жұбаныш» төңірегінде кең өріс алады (жиырма үшінші сөз).

Халқымызда, өмір-тұрмыста жиі ұшырасатын — жақсы-жаман, дос-дұшпан, надан-залымның əрекет-қимылдары, «көппен көрген — ұлы той» дегенге табан тіреу сынды ерекшеліктердің қыр- сыры ашылады. Өмір-тұрмыстың мысал-дерегі де, түйткіл тұстары да сұрақ-жауап үлгісінде алға шығады. Қисынды тұстары, күдікті мезеттері де көрсетіледі. Сайып келгенде, ақын оны əуел баста- ақ: «Біздің қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш, бір жұбаныш бар.

Оның қуанышы елде бір жаманды тауып, я бір адамның бұл өзі қылмаған жаманшылығы шықса қуанады. Айтады: Құдай пəленшеден сақтасын, о да адаммын деп жүр ғой, оның қасында біз сəулелі кісінің бірі емеспіз бе, оған қарағанда мен таза кісі емеспін бе? — деп...

Енді жұбаныш жалғыз біз бе, елдің бəрі де сүйтіп-ақ жүр ғой, көппен көрген ұлы той, көппен бірге болсақ, болады-дағы деген сөзді жұбаныш қылады» [2; 159], — деп түйін жасайды. Өмір — мұратын, тəлім тəжірибе-тағылымын үлгі етеді.

Жиырма төртінші сөзінде: «Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мол іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды» [2; 160–161], — дейді Абай.

Сонда қазақтар несімен ерекше? Бірін-бірі аңдыған, ұрлыққа əуестенген өңкей ұсақ тірліктің құлдары. Жүз адамның соңында екі жүз кісі пəле іздеп жүргені. Осылай бола берсе бірін-бірі құртып тынбақ. Одан кім пайда табады, кім ұтады, оны ақылға салатын жан жəне де жоқ.

Ақын: «...Жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді біріміз аңдып өтеміз бе?» — деген сұрақты келер ұрпаққа өсиет етіп қалдырған. Қазақтың мұндай халге түсуіне басты себеп, — оның ұлттық мүддесінің қалыптаспағанында. Жұрт қайткенде де сол бір құзғын өңештің қамында. Қазақ өркениетті халық болсын деген ой патша əкімдеріне жат, ал ел ішінен бел шешіп сыбанып ұлт болуға шақырған азамат жəне де жоқ. Есті, мықты дегендер болыс, би болсам екен дейді. Ел қамын жеген пенде жоқ деп ақынның қапа болуы сондықтан.

Абайдың педагогтық көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасып, дамыды. Ол қоғамдағы барлық жағдаяттарға терең əрі пəлсапалық (философиялық) көзқараспен қарады. Олардың барлығына сараптамалар жасап отырды. Ақынның жиырма бесінші сөзіндегі: «Мына мен айтқан жол — мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең — оқыт, мал аяма! Əйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рахат көрсете ме, өзі рахат көре ме, яки жұртқа рахат көрсете ме?» [2; 163], — деген ащы ақиқатқа толы өткір ойлары, əрбір жүрісі дұрыс, санасы ояу адамның түйсігіне  ой салары сөзсіз.

Жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы сөздер

Ақынның жиырма алтыншы сөзі былай басталады:  «Біздің  қазақтың  қосқан  аты алдында келсе, күреске түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуанады. Білмеймін, содан артық қуанышы бар ма екен?» [2; 163]. Автор мысқылдап, озса хайуан озды, жықса баласы не өзі емес, бөтен адам жықты, мұнда сонша мақтанарлық не бар? Мұның бəрі өзгелерді ызаландырмақ ниетпен, түймедейді түйедей етіп көрсететін қазақтың даңғойлығы дей келе, Абай сол мақтаншақтықты, біреуге ор қазуды əшкерелейді. «Біреуді ызаландырмақ — шариғатта харам, шаруаға залал, ақылға теріс» [2; 164], — деп біреуді ыза қылғанға сонша қуанарлық ештеңе жоқтығын, оған ызаланып жер болып, қорланудың да бекершілік екенін айтады.

Жиырма жетінші жəне жиырма сегізінші қара сөздердің Абайдың дүниеге көзқарасын түсіну үшін ерекше мəні бар.

Ежелден шешуін күткен мəнді мəселелер — Құдай мен дүниенің байланысын, табиғат пен адамның, тəн мен жанның байланысын ұғу, түсіну. Əсіресе, Абай өмір сүрген кезеңде дүниенің сыры мен сипатын білуді аңсаған қазақ халқы бұл мəселеге жауап беруді, шешім айтуды өзінің алдыңғы қатарлы, көзі ашық Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты перзенттерінің ақыл-парасатына міндет еткен.

Жаратылыстың заңдылықтарын білуге, өз білгенін халқына білдіруге ұмтылған Абай жиырма жетінші сөзінде айтылған проблемаларға шешім іздестіреді. Өзінше жауап тауып, оларды халыққа түсіндірмек болады. Сол іздену жолында ұлы грек философы Сократпен пікір жарыстырады. Екі авторға тəн ортақ ой — екеуі де адамды алғаш жаратқан Құдай, адамға ақыл беріп, қол бітіріп, тік жүргізерлік етіп, оны басқа жануарлардан ерекше, өзгеше жасаған Құдай деп түсінеді. Сезім мүшелерінің атқаратын қызметтерін түсінуде, түсіндіруде екеуінде  де теологизм  бар. Олар дүние мен  адамды  алғаш   жаратқан  Құдай  деп  түсінсе  де,  жаратылғаннан  кейінгі   Құдай  мен адамның «арақатынасын» екеуі екі басқа ұғады.

Грек ойшылының түсінігінде барлық іс-əрекетті жасаушы да, жасатушы да Құдай, бəрін біліп, сезіп тұрғандықтан, адам одан сескенуі керек, сондықтан да жамандықтан аулақ, жақсылыққа бейім болу қажет. Ал Абайша, Құдай жақсылық пен жамандықтың  жасаушысы, бірақ жасатушысы  емес, ол адамның күнделік өміріне қатыспайды, не іс істесе де адам өзі істейді, сондықтан да өз қылығы үшін өз ары алдында жауап беруі керек. Адам біреуден қорыққандықтан, сескенгендіктен емес, адам болғандықтан, оған сай ақыл, ары болғандықтан жақсылық пен игілікке үйір болып, жамандық пен зұлымдықтан қашуы керек.

Абай дін мəселелерін адамгершілікпен тікелей ұштастыра тексереді. Қазақ ағартушының грек философынан тағы да бір ерекшелігі осында. «Адам бол» деген этикалық принцип ұсынып, діннің өзін адам тəрбиелеудің құралына айналдырмақ болады. Сондықтан да Абай «Құдайды» адамгершілік, əділеттілік, шындық, тəрбие, махаббат, бір сөзбен айтқанда, мораль мəселесімен, байланыстырады. Дінді адамгершілікке бағындырмақ болады [4; 343].

Жиырма сегізінші сөзінде Абай адам баласын жігерсіздікке, дəрменсіздікке жетелейтін қате түсініктерді сынайды. Адам өз өмірінің тағдырын өзі шешуге тиіс екенін айтады. Ол үшін еңбектеніп, ізденіп, ақылға салып, сақтанып қарекет қылуға тиісті екенін ескертеді. Ақын адамның ақылына сенеді. Оған үлкен сенім артады: «Əрбір ақылы бар кісіге иман парыз, əрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз екен. Жəне де əрбір рас іс ақылдан қорықпаса керек» [2; 170], — дейді ақын.

Хакім Абай жиырма тоғызыншы сөзде қазақтың кейбір мақалдарының мазмұнына ғылыми талдау жасайды. Ақын қазақтың «жарлы болсаң, арлы болма!» деген мақалының мəн-мағынасына тоқтала келіп, жалға жүріп мал табудың несі ар?, «адал еңбекпен мал іздемек — ол арлы адамның ісі», дейді. «Атың шықпаса, жер ерте» деген мақалды талдай келе, жер өртеп, ел бүлдіріп, бұзық болып ат шығару мұрат па? деп мінейді. «Алтын көрсе, періште жолдан шығады» деген мақалдың өз құлқынын құптап шығарған қулардың арам ойынан туғанын айтады. «Ата-анадан мал тəтті, алтынды үйден жан тəтті» деген мақалдың да мəн-мағынасын əшкерелей келе, ата-анасын малға сатқан, ант атқан арсызды айыптайды: «Ата-анадан мал тəтті, алтын үйден жан тəтті» дейді. Ата-анасынан мал тəтті көрінетұғын антұрғанның тəтті дерлік не жаны бар? Ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың қылығы емес пе? Ата-ана шамасы келсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді. Ол ата-анасын сатқан соң, құдайға дұшпандық іс емес пе? Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек» [2; 172], дейді.

Отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші сөздер

Адамның «Бес дұшпанының» бірі — мақтаншақтық деп есептеген  Абай,  отызыншы сөзінде өзіне де, өзгеге де түк пайдасы жоқ, құр кеудемсоқ, «қырт мақтан» дегенді сынап өтеді. Шынында да, қазақ арасында «кімнен кім артық» деп біреуді менсінбеушілік, «Əйтеуір бір өлім» деп көкіп, қолдан келмес іске бас тіккенсіп, босқа бөсетіндер қай заманда да баршылық болған. Ақын осындайлардың бəрін де əшейін күпілдеп, біреуге қыр көрсетіп, айдындыру үшін қажет екенін айтады.

Сөзінің соңында мұндай қырт мақтаншақтарды: «Ұялмас бетке талмас жақ береді» деп, көп былжыраған арсыз, ұятсыздың бірі-дағы» [2; 173], — деп бағалайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет