Мақаланы түсініп оқып, өзіңе керегін түртіп алып, жаңа материалдармен 20 минут ішінде танысып шық


Сократ әңгімелесуші мысалы, «батылдық - жанның төзімділігі» деген тезис айтады. 2



бет2/2
Дата21.10.2022
өлшемі20,48 Kb.
#154348
түріСабақ
1   2
Байланысты:
менторство практика3
тест 5 сынып, 3сынып жаратылыстану32апта, 0-срез.Тарих-2, result 8023071, 9-4-4yu, Алғашқы функция, 3 кл матем, 1 сынып цифрлық сауаттылық ҚМЖ, Марат Сержан Атығай, 10-сынып Био зертханалык жұмыс
1.Сократ әңгімелесуші мысалы, «батылдық - жанның төзімділігі» деген тезис айтады.
2.Сократ тезистің жалған екендігін және оны жоққа шығаруды мақсат етеді.
3.Сократ өзінің сұхбаттасушысының келесі үй-жайға келісімін қамтамасыз етеді, мысалы «Ерлік - жақсы нәрсе» және «Надандық төзімділік - жақсы нәрсе емес».
4.Содан кейін Сократ дәлелдейді, ал әңгімелесуші келіседі, бұл келесі алғышарттар бастапқы тезистің керісінше дегенді білдіреді; бұл жағдайда: «батылдық - бұл жанның төзімділігі емес».
5.Содан кейін Сократ өзінің сұхбаттасушысының тезисін жалған, ал оны жоққа шығару шындық екенін көрсетті деп мәлімдейді.
5. Кері байланыс оқушының оқы­ту үрдісі қалай өткені және қан­дай нәтижеге қол жет­кіз­ген­­д­ігі туралы ой-пікірін тыңдауға не­гізделеді. Кері байланыс са­бақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тап­сыр­­маларының соңында жүр­гі­зі­л­іп отыруы керек. Рефлексия мақ­сат­ы – еске түсіру, өзінің сабақ ба­рысындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің ше­шу жолдарын іздестіру. Мұ­ға­лім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қа­да­мын, ендігі іс-әрекетін қа­лай жақсартуға болатынын ал­дын ала біледі. Сонымен қатар, ке­рі байланыс парағы арқылы оқу­шының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін ке­дергілерді айқындап, келесі оқы­ту­ға бұдан да жақсырақ дайын­да­луы­на түрткі болады.
Сабақтағы кері байланыстың үш түрі бар. Бірінші – көңіл күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байла­ныс. Көңіл күйді әртүрлі сурет­тер, смайликтер және бояу түс­те­рімен анықтау. Мысалы, «алма аға­шы» деп алайық. «Алма аға­шы» әдісінде оқушыларға са­бақ басында түрлі-түсті алма бе­рі­ле­ді. Сабақ соңында оны алма ағашы­на ілу керек. Жасыл түсті ал­ма мен бүгін бәрін жақсы орында­дым, сондықтан, көңіл күйім көтеріңкі, қызыл түсті алма мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ дегенді білдіреді. Ал «Бір сөзбен» әдісі ба­рысында оқушылар берілген сөз­дердің ішінен сабақтағы жағ­дайын сипаттайтын қуаныш, не­м­құрайлылық, шабыт, зерігу, сенім­сіздік, сенімділік, рахаттану, алаң­дау сияқты сөздерден үш сөз­ді таңдайды.
Екінші, сабақтағы іс-әрекетке қатысты кері байланыс. Мысалы, «Табыс сатысы» әдісінде кә­дім­гі сатының суреті беріледі. 1-ші баспалдағы Мен ... білемін, 2-ші баспалдағы Мен ... түсінемін, 3-ші баспалдағы Мен ... жасай аламын.
Үшінші, оқу материалының мазмұнына берілетін кері байланыс. «Бұрын мен білмеуші едім. Енді білемін» деген сияқты ой-пікірлерін білдіру болып табылады. Мысалы, «Плюс, Минус, Қызықты». «Плюс» – оң әсер еткен фактілері, алған білімдері жайлы жазады. «Минус» – қолымнан келмей жатыр немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады.
«Қызықты» дегенде бағанға өздеріне қызықты болған жайтты немесе көбірек білгісі келетін дүниені жазады.
«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісінде:
Мен бүгін білдім...
Мен бүгін сезіндім...
Мен келесі сабақта біл­гім ке­леді ... – деген сөй­ле­мдерді ая­қ­тайды.
Кері байланыс арқылы мен оқушылардың нені білді,түсінді, немесе не түсініксіз болды екенін анықтай аламын және келесі сабақта жоспарды дұрыс құрып, жетістікке жетемін. Мысалы, « Бес бармақ » әдісін жиі қолданамын. Сыныптағы оқушыларға өте ұнайды. Бұл әдісте оқушы алған білімі туралы өз ойын саралап, өзіне не керек екенін айқын біледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет