1.Саралжын – киелі мекен
1.1 Саралжын атауының шығу тарихы
Жер-су атауларының қойылуында ұлттық таным мен салт-дәстүрдің және елдегі саяси жағдайдың ықпалы мол болатыны белгілі. Сондықтан болар, географиялық атаулардың (топонимдердің) шығу төркіні, олардың аталу себептері адамзат баласын ерте заманнан-ақ қызықтырып келеді. Бұл орайда қазақ даласының жер-су аттарының шығу тарихын зерттеу арқылы сол замандағы ұлтымыздың таным-түсінігін анықтай аламыз. Мысалы, ХІІІ ғасырдағы моңғол шапқыншылығы мен XVIII ғасырдағы жоңғар қалмақтарының шабуылы нәтижесінде біраз жерлеріміздің атауы моңғол (қалмақ) тілінен енді. Қазақтар әрбір даладағы, қыраттағы, таудағы, өздері мекен еткен жерлердің әрбір иірімдерін жетік білген және барлығын ұмытпау үшін сөзбенен белгі салып отырған.
Осы жер-су атауларының мағынасын білу – өзіміздің туған өлкені білу, өлкенің тарихын білу және өз ұлтыңның, ата-бабаларыңның тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, наным-сенімін, дүние танымын білу деген сөз.
Дүние есігін шыр етіп ашқан әр жан туған жер төсінде әлдиленеді. Туған жер тарихы кім-кімді болмасын қызықтырары анық және бұл тарихты білу әр адамның парызы.
Халқымыз ертеден-ақ жер-суын атауға бейтарап қарамаған. Оған үлкен мән бөліп, ерекше қараған.
«Саралжын» атауының шығу төңірегінде қалыптасқан бірнеше пікір бар:
1)Топоним «саралжын» өсімдігінің атына байланысты қалыптасқан. «Саралжын»-суы тартылған өзен, көл арналарында өетін жусан тектес шөп түрі. Ал оның биіктігі аттылы адам көрінбетіндей.
2) «Саралжын» топонимі моңғол тіліндегі «сиралджин» (қурай) сөзінің негізінде қалыптасуы мүмкін.
3)Сар(сары) сөзі моңғол тілінде «сұр» мағанасын береді, қазақ тіліндегі құла, сұр түстерімен мағыналас келеді.
Ал 1801 жылы Бөкей ханмен көшіп келген халықтың арасында «Саралжын» атауы туралы мынадай дерек бар.Сол жылы осы жерге көшуге тиісті рулар жаппай көшу
басталды. Ұзақ жол жүрген рулардың дегбірі қашады. Алыстан біздің аттылы адам көрінбейтін саралжын шөбі жайлай өскен жеріміз көрінгенімен, мүлдем жеткізбей қояды. Көп күн жүрген соң ғана жеткен ру ақсақалдары бұл «сары ала жын» яғни «алдаушы , арбаушы жын» деген мағына береді деген де аңыз бар.
Ал XVII ғасырда моңғол тайпалары өзара қырқысуда болды. Сөйтіп 1628 жылы моңғолдың торғауыт тайпалары қазақ даласы арқылы жөңкіле көшті. Патша үкіметіне бас иеміз деген оларды патша үкіметі мына жерге орналастырды. Олар жайықтың оң жағалауы мен еділ бойы болатын. Ал жоғарыда атап өткендей моңғол тіліндегі «сиралджин» сөзі біздің жерімізде сол кездері мекендеген торғауыт тайпаларының қойған атауы болуы да мүмкін.
Саралжын ауылының айналасындағы жер-су атауларына тоқталар болсақ. Бескөл атауының шығу тегі.Бескөл айналасында бес көл болғандығынан. Олар Құрманкөл, Ембидайық, Лайкөл, Бозкөлмек, Сарыой көлдері. Сол себепті Бескөл атанған. Бескөл жері шұрайлы егін өсіруге қолайлы жер.
Сарыой атты жерде бұрын егіс бригадасы орналасқан. Тау-тау үйілген арпа,бидайларды механкиалармен тазартқыштармен тазалап, сонан соң Жәнібек элеваторына жөнелтіп отырған.
Құрманкөл елді мекені. Ертеде халхоз кезінде ауыл
болған. Бірыңғай беріш рулары қоныс тепен.Бұл жерде Құрманөл атты атақты адам тұрған. Әр ауылда тұратын тоқсан үйлі беріштің ақыл-еңес беретін ақсақалдарының орталығы осы ауыл болған,-деген халық арасында әңгімебар. Бұл ауылда мектеппен мешіт болған.
Қабандыжырада кезінде қамыс өскен .Және де қабандар мекен еткен.Кейіннен суы тартылан соң қабандар-Самараға ауып кетен.
Қараой елді мекені. Саралжын ауылынан 9 шақырым жерде.Совхоз кезінде бие байлап қымыз сауырған.Қараой ерте кезден жылқышылар отырған шағын ауыл.
Маян көлі. Саралжын ауылынан 5 шақырым жерде. Колхоз кезінде сиыр сауылған шағын ауыл. Сауын сиырдан сауыншылар май даярлаған. Май даяарлаған майлы көл болғандықтан Маян деп атаған.
Ғылыми дерек көздеріне сүйенсек, «Саралжын» атауы өсімдікке қатысты алынған деген пікір бар. Өз аумағымыздағы елді мекендердің атауының шығу тарихын білу - әрқайсымыздың парызымыз.
Достарыңызбен бөлісу: |