Мaқcaты: Саралжын ауылы атауының шығуын, құрылуын, мектеп тарихын, ауылдан шыққан дарындар, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер дүниесін зерттеу. Мiндeттерi



бет6/11
Дата24.01.2022
өлшемі20,04 Kb.
#113899
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Тарих

1.4 Мектеп тарихы

Құрманғазы Сағырбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы ауданымыздағы алдыңғы


қатарлы мектептердің бірі саналды. Өзінің бастауы 1918 жылдан бастайды. Сол жылы құмда Ақсор 4 класты бастауыш орыс – қазақ мектебі болып ашылған Алғашқы меңгерушісі -Ақжанов Ишан. 1933-34 жылдары меңгеруші – Яхин Шамұрат болған. 1938 жылы Саралжын МТС-і құрылған кезде оқу үйі салынып, мектеп осы ауылда біржола тұрақтады. Ал оған дейін мектеп елмен бірге қыс қыстауға, жаз жайлауға көшіп жүретін еді. 1941-42 жылдары Жетіжылдық мектеп болып ашылған болатын, директоры Сафуанов Қажығай. 1942-45 жылдары Жылқыбаева Ғайша. 1945-50 жылдары Мұхаммедқалиев Ғаббас, 1950-52 жылдары Дүзеев Мұқанғали,1952-53 жылдары Рахметова Сарида, 1953-56 жылдары Сүлейменов Шәңгерей, 1956-58 жж. Даулетов Бисекеш, 1958-59 жж. Есқайыров Хайролла директор болып жұмыс істеді. 1958-59 жж. Осы мектептен Құрманғазы атындағы мектеп-интернаты бөлініп шықты. 1959-60 жж. Ф.Энгельс атындағы 7 жылдық мектептің директоры Сүлеймен Шәңгерей, (1959-61ж) Ақмедияров Жасен (1962-72 ж) болды. 1963 жылы мектеп «орта мектеп» болып аталды. Жаңа оқу корпусы салынып берілді.
1972 ж. бері қызмет атқарып келген мекеме басшылары:
1972-78 жж. Ұлпақов Тұрсынғали, 1978-79 жж. Уәлиев Жеңіс, 1979-94 жж. Сейтов Серікқали, 1994-95 жж. Қисахметов Ерназар, 1995-2002 жж. Хайруллина Маржан, 2002-2003 жж. Сметов Тулеген, 2003-2004 жж. Рашқалиев Қуандық, 2004 жылдан 2011 жылға дейін Баритова Нұрсауле, 2011 ж. Сабиров Нуркен,2012-2017 жж. Сметов
Тулеген, 2017 жылы Ермекқалиев Ерлан мектеп-директоры болып жұмыс жасап келеді.
Қазіргі уақыт талабы – шәкірт білімінің тереңдігі. Бұл талап күн өткен сайын мұғалімге ізденіс үстіне тынымсыз еңбек жүктеуде. Алдына осындай үлкен міндет, мақсат қойған аудан орталығынан шалғай жатса да, аудан мектептерінің алдыңғы көшінен көрінетін іргелі білім ошағының бірі – «Қ.Сағырбаев» мектеп-балабақшасы ұжымы.
Мектепте бұл күнде 50 мұғалім, 210 шәкіртке жан-жақты білім береді. Мұғалім мен оқушы, мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс жолға қойылып, нәтижеге бағытталған білім беру жолында мектебіміз аянбай еңбек етіп келеді.
Міне, осындай киелі шаңырақтың өткені мен бүгінін тарзыласақ, мектебімізден түлеп ұшқан шәкірттер еліміздің түкпір-түкпірінде әр салада жұмыс істеп жүр. Астаналық Жасқайрат Сүндетов – экономика ғылымдарының докторы, профессор, оралдық Нәсиев Бейбіт - ауыл шаруашылық ғалымдарының докторы, Тұяқ Шәмелов –ҚР еңбек сіңірген әртісі, елге танымал күйші, Рашқалиева Гулсара – ҚР еңбек сіңірген әртісі, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды драма тетрінің әртісі т.б. мақтанышпен айта аламыз. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие – осы мектеп саласындағы үздік қызметкерлер Жұмашев Каким, Рахметова Нұрсұлу, Әбиева Меруерт, Қисахметов Ерназар, Уразгулова
Гулжиян, Сметов Тулеген т.б. лайықты еңбек етті. Дуйсенғалиева Сағадат, Жамангарина Гүлшат, Сакуова Венера, Сұлтаниярова Зинаида, Қуанышева Назым, Кабибуллина Альфинур ерен еңбегімен оқушының алғысына алып жетістікке жетіп отыр Сонымен қатар алтын ұя мектебінен білім алып өз ауылында қызмет жолын жалғастырып жатырған жас мамандар Тлепқалиев Нұрсұлтан, Неткалиева Назерке Құбаева Бұлбұл және Бақыт Асыл.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет