1.7 Өсімдіктер жамылғысы
Саралжын ауылында сан алуан түрлі өсімдіктердің қанат жаюы топырақ үлгілерінің таралуына, олардың механикалық құрамдарына, ылғалдану режимдеріне, тұздану дәрежесіне, сортаңдануына, жер асты суларының деңгейі мен минералдану дәрежесіне, баурайлардың көріністеріне және басқаларына байланысты. Сол себепті тіпті топырақтың бірдей үлгісі жағдайының өзінде бір жерден екінші жерге ауысқан кезінде өсімдік жамылғысынан елеулі айырмашылық табуға болады.
Астық тұқымдас өсімдіктер қауымдастығы шалғынды-қызғылт топырақты солтүстік бөліктеріндегі далалық
тосқындарда таралған. Мұнда жақсы нағыз дамыған далалық шымды астықтұқымдастар-бетегебоз, садақбоз, тарақбоз, ақ селеу, бетеге және шөлейт еркекшөбі басым болып келеді. Бетеге мен далалық, көпшілік жағдайда шалғынды-далалық сан алуан өсімдіктер құрамы тосқындардың тереңдігіне байланысты. Тосқындарда далалық бұталы өсімдіктер жиі кездесіп, олардың ішінде әдетте шаңқурай жапырақты тобылғы басым болады. Алай да, ауылдың солтүстігіндегі далалық тосқындардың үлкен бөлігінің табанын бидайық жайлаған. Ол оңтүстікке бет алған сайын жиілене түседі.
Шөлейт далалардағы ақселеулі алаптар екі фенологиялық фазаларға бөлінеді: біріншісі – қанатты ақселеулі көктемгі әсем (саздақ және құмдауыт топырақтарда әдетте бетеге боздар, ал құмдауыттарда қанатты ақселеулер) далалар. Екіншісі – түбірлі ақселеулі жазғы (садақбоз, тырсық бетеге) далалар.
Шымды өсімдіктердің басым (қайталама) топтанып өсуі далалардың белдерін жайнатып жібереді. Мұндай өсімдіктер бүкіл көктеп, жетілу кезеңінде өсіп-өне береді, бірақ олардың далалық белдікте дамуы жазғы қуаңшылық айларында (шілде-тамыздың бірінші жартысында) бәсеңдейді: бұл өсімдіктердің өнуін жартылдай тыныштық кезеңі деп атайды. Шөл қалыңдығының шарықтау шегі маусым айында байқалады және ол жауын-шашынның мол болуымен тұспа тұс келеді. Ауылдың шөл далалық өсімдіктер қауымдастығында шөлдалалық өңірлік түймедақты және
ақ жусанды-шымды астықтұқымдасты (түймедақты-бетегелі-бозды және ақ жусанды-бетегелі және ақ жусанды-шөл далалық еркекшөпті, ал шөл-далалық жартылай бұталы өсімдіктер жарыса өседі. Аталған өсімдіктер қауымдастығы әдетте, сортаң жерлердегі қара жусанды өсімдіктер қауымдастығымен біртұтас кешен құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |