1.11 Мәтінді құру және өңдеу
Әртүрлі Flash–фильмге мәтін қосуға болады. Қарапайым
мәтіндік редактор жұмысындағыдай мәтін өлшемін, аралығын, түсін,
стилін және түзету тәсілдерін орнату мүмкін. Қаріпті басқа
объектілерге трансформациялап, оның масштабын өзгертуге,
айналдыруға, еңкейтуге болады. Бұл жағдайда өңделген объекттің
символдарын сақтау мүмкіндігі бар.
Мәтіннің үзіндісі негізінде гиперсілтеме құрылуы мүмкін.
Әрбір Flash-фильм динамикалық мәтіндік өрістерден тұрады
және пайдаланушының өңдеу өрістері болып табылады. Flash–
фильмде өңделген өрістер мәтіндік өрістер сияқты, Web-параққа
орналастыруға арналған форма.
Қажетті жағдайда мәтінді графикалық объект ретінде
конверттеп, одан ғана мәтіннің символдары бөлек графикалық фигура
ретінде жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Flash - фильмге мәтіндік өрісті қосу үшін келесі әрекеттерді орындау
қажет:
-
құралдар тақтасынан қосу
-
мәтіндік өрісті тінтуірдің көмегімен жұмыс үстелінде шертеміз;
-
оң бас бұрышындағы төртбұрыш маркер мәтіндік өрістің бекітілген
еніне сәйкес келеді. Бұндай өрісте автоматты түрде келесі жолға көшу
орындалады. Өрістің ені пайдаланушы өзі маркердің көмегімен
орнатады. Фильмді Web-серверде жарияланғаннан кейін мұндай
өрістің мазмұнын сценарий немесе-парақтарының оқырманы өзгерте
алмайды.
-
оң бұрышындағы дөңгелек маркер мәтіндік өрістің кеңейтілгеніне
сәйкес келеді. Бұл біржолды мәтіндік өріс, ені автоматты түрде
мәтінді еңгізгенде үлкейіп отырады. Мұндай өрістің мазмұнын
сценарий немесе Web-парақтарының оқырманы өзгерте алмайды.
|