Мұқағали Мақатаев – поэзия тұлпары Әдеби кеш Кештің мақсаты



бет5/5
Дата08.02.2023
өлшемі31,05 Kb.
#168042
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мұқағали
1, 1 2, Документ Microsoft Office Word (2), Тест
2-жүргізуші:
Өзінің «Күнделігінде» ақын 1976 жылдың 14 ақпанында былай деп жазыпты:
«Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, творчествомды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар.
1-жүргізуші:
Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанында түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай.
2-жүргізуші:Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кең суреттеген.«Ақынның ақындығы атақта емес, ақынның ақындығы арда ғана,- деп арым – өлеңім деген мұратпен ғұмыр кешкен ақиық ақын Мұқағали халқына «бірге туған жан дүниесі» өлеңдерін қалдырды.
1-жүргізуші:Ол табиғатпен, тағдырмен, бәрімен адал сырласты. Оның өлеңдері бүгін де шаршағанға – әл, шөлдегенге – нәр, сүйгенге – сырлас, мұңайғанға – мұңдас боп адалдық, татулық белгісін тербеп тұр.
2-жүргізуші:Өлең – өнер, өлең – дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі. Ақын әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатыр. Оның әндері – таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. Ендеше, кезекті әнге жолдайық.
1-жүргізуші:Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары – сендерсіңдер!
2-жүргізуші: «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали – мәңгілік өмір!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет