Мұқағали Мақатаев – поэзия тұлпары Әдеби кеш Кештің мақсаты


«Менің анкетам» өлеңі оқылады



бет3/5
Дата08.02.2023
өлшемі31,05 Kb.
#168042
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мұқағали

«Менің анкетам» өлеңі оқылады.
1-жүргізуші: Өзінің «Менің анкетам» деген өленіңде жазылғандай М.Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы , Нарынқол ауданында дүниеге келген. Әкесі соғыста қайтыс болған. Анасының аты – Нағиман. Әже баласы болған соң анасын «Нақа» деп атаған. Туған апасы: « Мені сөзге , жырға үйір еткен , тәрбиелеген, халқымды сүюге үйреткен –әжем»деп ылғи сол Нағиман әжесін үнемі еске алып отырадыдейді.
2-жүргізуші:Мұқағали ағамыз орта мектепті бітірген соң, ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінде болып, 1949 жылы Лашын апамызбен өз отбасын құрды. Одан соң дүниеге Алмагүл, Шолпан атты екі қызы, Айбар, Жұлдыз атты ұлдары келді. Ал, Майгүл есімді қызы 10 жасында қайғылы қазаға ұшырап, Мұқағали ағамыздың қабырғасын қайыстырды.
1-жүргізуші:Одан кейін 1954 – 1962 жылдары Қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарды. Ал, 1962 – 1972 жылдарда «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. 1972 – 1973 жылдары Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметін атқарды.
2-жүргізуші:Ақынның тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінде жарық көрді. Ақынның шығармалары негізінен елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын жырлауға арналған. Көптеген өлеңдеріне ән де шығарылды. Дантенің, Шекспирдің шығармаларын қазақ тілінде аударған ақиық ақынымыз 1976 жылы 27 наурызда өмірден өтті.
1-жүргізуші: Өз Отанының кең алқабында, кең атырабында, кең құшағында туылған адам қандай бақытты?!
2-жүргізуші:
Мен бақыттымын,
Бақытты жерде туылдым.
Айналайын Қарасаз,
Қасиетінен суынның!
 1-жүргізуші:
Сенің әрбір бұлағың —
Менің әрбір қан тамырым емес пе?
Қасиетті тұрағым,
Қасиетінен суыңның!–
деп тереңнен толғайды,
1-жүргізуші:Сезім тебіреністері жүрек түпкірінен орын алып, ойлантпай қоймайды.Кеше жыр болса, бүгінгі күні әнге айналған толғаныс теңізінің толқындарына құлақ түрсек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет