|
Мұқағали Мақатаев (1931-1976) Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы
|
Дата | 02.04.2020 | өлшемі | 17,17 Mb. | | #61369 |
| Байланысты: Мақатаев - Мұқағали Мақатаев (1931-1976)
- Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы
- облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді.
- Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір
- жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали
- Шығармалары1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ
- поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады.
- Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, әпербақан сынға ұшырағанда да
- “Ақынның ақындығы атақта емес, арда ғана” деген байламды берік ұстап, шен-шекпенге
- де, лауазым-атаққа да қызықпаған.
- М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең,
- ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдары, өмір мен өлім,
- ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т.б. тақырыптағы лирикасы
- қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген.
-
- “Мұқағали мөлдірліктен,
- тазалықтан,
- биік адамгершіліктен тұратын”
- Лашын Әзімжанова - жұбайы.
-
- Жапырақ жүрек,жас қайың!
- Жанымды айырбастайын.
- Сен адам бола бастасаң,
- Мен қайың бола бастайын.
- Келісесің бе, жас қайың?
- Көрінер,мүмкін,кімге ерсі,
- Өміріңді маған бір берші!
- Дүрбелең мына дүниені,
- Адам көзімен бір көрші.
- Қайың боп мен де бағайын,
- Орманнан орын табайын.
- Беймәлім маған өмірге
- Қайың көзімен қарайын.
- Сен-дағы жерден нәр алдың,
- Мен-дағы жерден нәр алдым,
- Біреуден сен де жаралдың,
- Біреуден мен де жаралдым.
- Тілің жоқ жанды қайың сен,
- Айырмашылығым-адаммын.
- Мендегі бары бір жүрек,
- Беріпті жүрек саған мың.
- Сондықтан ұзақ жасайсың-
- Құрдасы келер заманның.
- Бар жоғы менде бір жүрек,
- Ол өлсе мәңгі кеткенім.
- Сендегі семсе мың жүрек,
- Келгенде жасыл көктемің,
- Тірілер қайта дүркіреп.
- Жапырақ-жүрек,жас қайың!
- Жанымызды айырбастайық!
- Адам боп жүрсең қасқайып,
- Қайың боп тұрам қасқайып,
- Тәуекел ,айырбастайық!
- Өмірге өмір жалғасып,
- Анамыз-жерге жармасып,
- Бірде адам,бірде қайың боп,
- Сүрейік өмір алмасып...
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|