Мұқағали – мәңгілік ғұмыр.
1-жүргізуші: Қайрлы күн , құрметті көрермендер!
2- жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар мен оқушылар !
1-жүргізуші: Бүгін біз қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жарқырап өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев туралы ,оның өрелі өлеңдері жайында ой өрбітбек мақсатта бас қосып отырмыз.
2- жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан ,жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтын махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаев 84 жасқа толып отыр.
1-жүргізуші: Иә,өзіміз әдебиеттен оқып танысқан 4 өлеңнен кейінгі толғаныстан туған бұл кеш оның өмірлік өнегесінен бастап , өшпес өлеңдерінің бүге-шегесіне дейін танысуымызға тың жол ашады деп ойлаймын.
2- жүргізуші: Бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында қазақтың ұлы ақыны М.Мұқатаев бізге ұланғайыр мұра қалдырып кетті.
1-жүргізуші: Бүгінгі кеште сіздермен бірге өмірге іңкәр , өмірді жанындай сүйіп жырлап өткен сыршыл да сезімтал ақын жайында сыр шертіп, ақын әлеміне , өлең деген құдіретіне мұхитқа сапар шексек , өлеңдерінен өрілген сұлу сазға тербелесек деп отырмыз.
2- жүргізуші: Қарасөз,қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым елеңдестің ,
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас , алайда өлеңді ешкім-деп ақынның өзі айтқандай , оның өлеңі ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.
М. Мақатаевтың « Поэзия » өлеңі.
1-жүргізуші: Аламан бәйгіде оза шауып , өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы сан қырлы. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз, ендігі сәт оның өмірінен деректерге жүгінсек. (Ақын өмірбаяны туралы баяндама)
Оқушы : М. Мақатаев «Менің анкетам» өлеңі.
2- жүргізуші: Мұқағали жырларының тақырыбы әр алуан. Әр өлеңңің өзі –жаңа дүние.Ал табиғат аясында туып-өскен әрбір ақынның бұл тақырыпқа қалам тартпауы мүмкін емес. Туған жерді , оның табиғатын жырлау –барлық ақынның перзенттік парызы. Мұқағалидың да өз туған жері мен еліне арнаған өлеңдері біршама. «Қарасазым-ай»
1-жүргізуші: Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кетке бір ер – тұрманы,- деп аға жайдан –жай айтпаған ғой. Ендеше ,ақын анасы Нагима мен жары Лашыннан бастап ,ақын жазушылардың естеліктеріне сөз береміз. Естеліктер кітабынан үзінді.
2- жүргізуші: «Батар күн , келер түн. Атар таң ,шығар күн. Бәріне , бәріне құмармын. Осы мен сірә да өлмейтін шығармын, Сәл ғана мызғып ап қайтадан тұрармын»
Ақын қалай дәл болжап кеткен десеңізші! 1976 жылы 27 наурызда «қалғып кеткен» сәтінен бастап , сәл мызғыды да поэзия әлеміндегі мәңгілік жаңа өмірі басталды .
1-жүргізуші: Мұқағали жырлары –ел жұртының қасаңдап бара жатқан жан әлемін сәуле-шуағымен әрлендірер, қуат берер күш болып отырғаны шындық. «Үш бірдей бақытым бар алақанда, Мені мұндай бақытты жаратар ма?» деп жырлаған ақынның «Үш бақытым » өлеңі.
2- жүргізуші: Махамбет пен Абайдан бірдей қуат алып өскен Мұқағали ағамыз мерейтойы Юнеско бойынша аталып өткен әрі ақын әрі батыр Махамбетті пір тұтқан , ұлы Абайдың мақсатын өз мақсатым деп білген екен .
«Махамбеттер, Абайлар-ай» өлеңі.
1-жүргізуші: Ақын жүрегі нәзік , сезімтал. Кей-кезде ол сүйеніш , тірек болар адамды іздеейді. Кез келген адам ақын жанын түсіне бермейді, ақынды ақын жұбатады. Ақынды ақын оятпаса ол қайғы,
Ақынды ақын таяқтаса ол қайғы,
Ақынды ақын күйелесе , ол қайғы.
Қиналған нағыз ақын өзінің тілін ұғатын ақын іздейді. Сондай уақытта Мұқағали Фаризаны тапты.Енді біз де Мұқағали болып Фаризаға Мұң шағайық.
«Фариза » өлеңі.
2- жүргізуші: «Сырым да осы, жырым да осы , алдыңда,
Байқашы бір бықсыдым ба , жандым ба?
Махандар жоқ, Махандардың сарқыты-
Мұқағали Мақатаев бар мұнда» деп бір күндік сәуледей ағып өткен қысқы ғұмырында қазақтың ақиық ақыны- Мұқағали ұрпақтарға ұлан-ғайыр мұра қалдырып кеткені баршамызға мәлім. Ақын өлеңдері . «Өмір сүрейік алмасып»
1-жүргізуші: Жыр боп ақтарылған ақиық ақын өлеңдерін үлкен де, кіші де сүйсіне оқиды, тамсана оқиды, таңырқай оқиды. Ақын өлеңдерінің өміршеңдігі олардың мағынасы мен терең мазмұнында, кез келген адамның жүрегіне қона кетер қарапайымдылығында жатса керек. Ақын поэзиясы – «Арыз жазып кетейін»
2- жүргізуші: «Өлді деуге бола ма , айтындаршы, Өлмейтұғын артына із қалдырған » деп Абай атамыз айтқандай , Мұқағали өлген жоқ, ол бізбен мәңгілік бірге,жырлары да мәңгі жасай бермек. Нағыз тума таланттың екі өмірі бар . Бірі – шектеулі өмір, екіншісі- мәңгілік өмір. Мұқағалидың шектеулі өмірінің күні батқанымен , оның мәңгілік шығармашылық өмірінің таңы атып, күні шықты.
1-жүргізуші: Жампоз жырдың дүлділі –Мұқағалидың халық жүрегінен терең орын алған өлеңдері көпшілік сүйіп салатын әндерге айналды. Ақын шығармаларына ән жазбаған сазгер кемде-кем шығар , бір сәт сол әндерге кезек берейік.
Бақытгүлдің орындауында « »
2- жүргізуші: «Аққулар.... Аңыз көп қой олар жайлы, Көзіңмен көргендей бола алмайды... Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар, Шошыса, екінші рет оралмайды» Олай болса , осын дәлелдеген ақынның «Аққулар ұйықтағанда » поэмасынан үзінді тамашалаңыздар. ( Көрініс : «Аққулар ұйықтағанда»
1-жүргізуші: Артында санаулы ғұмырында жанының шырылына айналған поэзиясы қалды, жыл құсындай сағына күтетін қарлығаш қанат өлеңі қалды. Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының оны өлеңдерімен бірге есіне алып жүрген алдын ала сезді ме?
Аққырау тұрған ақпанда ,
Ағаштар сырға таққанда ,
Бозарып тұрып ақ таңда,
Есіңе мені алғайсың . деп толғанады.
«Есіне мені алғайсың» әні.
2- жүргізуші Біз артында талғамы мол жырлары қалған Мұқағалиды мақтаныш етеміз. Бүгінгі жеткеншек , қазіргі жасөспірім ұрпақ оны түсініп оқуы керек . «Лай су шаймайтынарым бар, Дауылдан қорықпас жайым бар» деп ақын өзі айтқандай, ақын өлеңдері әрбір жүрекке жылу құяды, адамды қанаттандырып ғажайып өмірге бастайды.
1-жүргізуші:Тау биіктігімен , теңіз тереңдігімен, дала маңғаздығымен көрікті десек, Мұқағали жанға жақын жырларымен көрікті . Оның өлеңдері туралы зерттеулер аз жазылған жоқ, ол, әлі де жазыла береді. Жылдар өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі биіктей түседі, биіктей береді.
2- жүргізуші: Ақын Оразақын Асқар айтқандай , «Жұмыр жердің қай түкпіріне барсақ та, Мұқағали алдымыздан шығады» , өйткені халықтың жыры да, пірі де – Мұқағали.
1-жүргізуші: Мұқағали өмірде көп қиындық көрді , жалғыздықтан жапа шекті. Ақынның ой айтудағы өткірлігі,батылдығы біздерге өнеге, тәлім, сабақ бола берері сөзсіз. Иә, өлең өлмейді. Ендеше, оны жазған ақын да өлмейді.
Мұқағали Мақатаев та көз жұмған жоқ.
2- жүргізуші: Жылдар өтер... әлі небір ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлеңнің құдіретін аспанға бір-ақ көтерген Мұқағали есімі қашанда биіктен көрінер. Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге мәңгілік жасай бермек!
Достарыңызбен бөлісу: |