Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы «Атамекен орта мектебі»мм бастауыш сынып мұғалімі Кошкарова Дариға



Дата19.02.2017
өлшемі162,49 Kb.
#10978
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

«Атамекен орта мектебі»ММ бастауыш

сынып мұғалімі Кошкарова Дариға



Тақырыбы: Жүзден жүйрік (сайыс сабақ)

Мақсаты: 1.Тапқырлыққа,шешендікке баулу,ізденімпаздыққа жетелеу,ой өрісін тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру. 2. Оқушыларды жан-жақты сауатты,дарынды, озық болуға тәрбиелеу. Оқу білімге қызығушылығын арттыру.

Барысы

Мұғалім: Ойын ережесі бойынша әрбір сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпайдан беріледі. Берілген сұраққа жауапты тез беруге тырысыңыздар. Сұрақ береміз, егер ол ойыншының жауабы дұрыс болмаса, онда сұраққа келесі оқушы жауап береді. Сұрақтар дұрыс болмаса,сұрақтың жауабын мұғалім айтады.

Ақ көңілмен,ниетпен

Әділ баға берсін деп,

Шаршамай,еш жалықпай.

Айтқаныңызға көндік деп,

Әділқазы алқасы

Сайлап алсақ жөн болар.

Еленбей еш қалмасын,

Адалдықпен сөз айтар.

(Әділқазылар сайланады)

Ойыншыларды ортаға шақырамыз және әділқазылар алқасымен таныстырамыз.

І кезең. «Бәйге » сайысы


  1. Республикамыздың бас қаласы? Астана

  2. Астана нешінші жылы Астана деп аталды? 1998ж

  3. Кітапты неден жасайды? Ағаштан

  4. Білім күні қай күн? Қыркүйек

  5. Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын? Абай Құнанбаев

  6. Қазақстан Республикасының президенті кім? Н.Ә.Назарбаев

  7. Апрель айының қазақша атауы? Сәуір

  8. Республика күні қашан? 25 қазан

  9. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? Т. Әубәкіров

  10. Абылай ханның шын аты кім? Әбілмансүр

  11. Қазақтың ұлттық аспабы? Домбыра

  12. Бұғы көктем сайын несін жоғалтады? Мүйізін

  13. Қазақстанда аты шыққан суретші кім? Әбілхан, Қастеев

  14. Қандай мемлекеттік рәміздер бар? Әнұран,ту,елтаңба

  15. Басын төмен қаратып не ұйықтайды? Жарқанат

  1. сайыс бойынша ұпайларды айтып өтейік.

ІІ кезең

«Жеті жұрттың тілін біл» сайысы

Мұғалім: Бұл сайыста жұмбақтардың дұрыс жауабын тауып, оның орыс тілінде аудармасын айтса, 20 ұпай беріледі. Тек қазақша жауабы үшін 10 ұпай беріледі.


  1. Аяғы біреу қолы жоқ.

Шиыр – шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді.

Салған ізі сөйлейді. (Қалам- ручка)


  1. Жазу жазып жалықпаған.

Жаза – жаза арықтаған. (Бор- мел)

  1. Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады. (Қоңырау-званок )

  1. Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы. (Түлкі- лиса)

  1. Қыста ғана болады.

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар-снег)

  1. Көкшіл айна үйдегі.

Көрсетеді киноны. (Теледидар-телевизор)

  1. Өзі кірді ашады,

Суға салсаң қашады. (Сабын-мило)

  1. Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. (Пияз-лук)

  1. Қылдай белі буылған,

Өзіненде жүгі үлкен. (Құмырсқа-муравей)

  1. Жылт – жылт еткен,

Жырадан өткен. (Су-вода)

  1. Қабат – қабат қаптама,

Ақылың болса аттама. (Кітап-книга)

  1. Белі бүкір – алысқа түкір. (Мылтық - оружье )

  2. Судан алады,суға салсаң өледі. (Тұз - соль)

  3. Кесе – кесе мұқалды. Жони-жони жұқарды. (Пышақ -нож)

  4. Тау басына шөп шықты,

Шөп шыққанда көп шықты. (Шаш - волосы)

2-сайыс бойынша ұпайларды айтып өтейік.

ІІІ кезең «Дода» сайысы

Мұғалім:

Бұл сайысымызда негізгі үш пәннен сұрақтар беріледі.

Ойын ережесі бойынша ұпайы аз ойыншы ұяшықты таңдайды. Егер ұяшықты таңдаған ойыншымыздың жауабы дұрыс болмаса, келесі оқушы жауап береді. Егер ол оқушыда дұрыс таба алмаса, сұрақтың жауабын мұғалім айтады.

Ана тілі

1.«Кел, балалар оқылық» өлеңінің авторы кім?

А) А. Құнанбаев

Ә) Ш. Уәлиханов

Б) Ы. Алтынсарин

2. «Кедейлік үш ағайынды. Оның тұңғышы – кежірлік, ортаншысы –ереншектік, кенжесі- ұйқы»

А) Шешендік сөз

Ә) Мақал


3. Қазақ батырларының аты?

А) Әбілмансүр, Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек

Ә) Абай, Шоқан,Ыбырай

4.Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, ғалымы

А) Ыбырай

Ә) Абай

Б) Шоқан

5. Әліппенің атасы кім?

А)А.Байтұрсынұлы

Ә)Қ.Мырза Әли

Б)Ы. Алтынсарин

7. Қырдан келген жас қазақ кім?

А)Ш.Құдайбердіұлы

Ә)Ш.Уәлиханов

Б) Т. Жароков

8. Ауылға келген мұғалім кім?

А)Ахметден

Ә) Бекен


Б) Мүслім

9. «Төрт ана» өлеңін жатқа айт.

Қазақ тілі.

1.Дара етістік неше сөзден тұрады?

А) Екі сөзден

Ә) Бір сөзден

Б)Үш сөзден

2. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

А)кім?не?

Ә)қайтті?не істеді?

Б)қандай?қай?

3.Сөйлем түрлерін ата.

(Хабарлы, сұраулы, лепті)

4. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша?

(Жұрнақ,жалғау,сөз таптары)

5. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата.

(Қатаң,ұяң,үнді)

6. Етістік деген не?

7. Мәтіннің түрлерін ата?

8. Сөз таптары нешеге бөлінеді?

Мұғалім: Ойын ережесі бойынша ұпайы аз үш оқушымен қоштасамыз. Оқушылардың ойынға қатысқандарына рахмет айта отырып, оларға біздің дайындаған шағын силықтарымызды табыс етіп қол соғып шығарып салайық.

Келесі сайысымыз «Тапқырлық» сайысы.

Сайыстың тапсырмасы мынадай. Берілген мақалдың жалғасын табу.


  1. Батыр бір өледі,(Қорқақ мың өледі)

  2. Еңбектің наны тәтті. (Жалқаудың жаны тәтті)

  3. Болат қайнауда шынығады. (Батыр майданда шынығады.)

  4. Бейнет көрмеген, (Зейнет көрмейді)

  5. Кітап оқығандікі. (Білім тоқығандікі)

  6. Білімдіге дүние жарық. (Білімсіздің күні кәріп)

  7. Таудай талап бергенше, (Бармақтай бақ берсін)

  8. Ақыл азбайтын тон. (Білім таусылмайтын кен.)

  9. Түйедей бой бергенше, ( Түймедей ой берсін)

  10. Ағаш көркі жапырақ. (Адам көркі шүберек.)

  11. Балалы үй базар. (Баласыз үй мазар)

  12. Ашу дұшпан,ақыл дос. (Ақылыңа ақыл қос)

  13. Көлдің көркі құрақ. (Таудың көркі бұлақ)

  14. Денсаулықтың қадірін , (Ауырғанда білерсің)

ІV кезең

«Жорға» сайысы

Мұғалім: Сонымен соңғы айналымға да жетіп қалдық.

Менің қолымда үш нұсқалы конверт бар. Нұсқаны бірінші болып ұпайы аз ойыншы таңдайды. Әр бір сұрақтың дұрыс жауабы үшін 10-ұпайдан беріледі. Олай болса ұпайы аз ойыншымыз сайысты бастасын.

Қатыссаңдар көтерер көңіл күйін.

Ойынның ойнайсыздар неше түрін.

Сөздерден көп жаңа сөз құрап шықса.

Мақсатқа жетеміз ау бізде бүгін.

І нұсқа


  1. Жылдан құр қалған жануар (Түйе)

  2. Басты байлық не? (Денсаулық)

  3. Бір жылда неше ай бар. (12 ай)

  4. Қай жәндік аяғымен естейді? (Шегіртке)

  5. Қай жануар арқасымен алма жинайды? (Кірпі)

  6. Қай жануар үйін өзімен бірге алып жүреді? (Тасбақа)

ІІ нұсқа

  1. Жыл басы не? (Тышқан)

  2. Орман дәрігері. (Тоқылдақ)

  3. Ара біреуді шаққаннан кейін несін жоғалтады? (Инесін)

  4. Қай жануар жердің астында тіршілік етеді? (Көртышқан)

  5. Ең үлкен балық? (Кит)

  6. Өрмекшіде қанша аяқ бар? (8 аяқ)

ІІІ нұсқа

  1. Көктем келгенін қай құс арқылы білеміз? (Көкек)

  2. Абайдың әжесі кім? (Зере)

  3. Үш биді ата. (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

  4. Бір тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)

  5. Сен қай қалада тұрасың? (Бейнеу)

  6. Қай кірпінің тікені кірмейді? (Жаңа туылған кірпінің)

Қорытынды:

Мұғалім:

Білімнің мініп алып тұлпарына

Қиналмай шықтық бүгін шыңдарына.

«Жүзден жүйрік» сайысы аяқталды.

Сөз кезегі әділқазы алқасына.



Сонымен бүгінгі ойынымыздың жеңімпазы айқындалды. Қазылар алқасына сөз беріледі. Ойын жеңімпазына мадақтама табыс етіледі.
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет