• Жұмыс атмосферасын сақтап тұруды үйренеді.
Күтілетін нәтиже: Коучинг сессиясына қатысушы мұғалімдердің педагогикалық шеберліктері жоғарылайды,орта және қысқа мерзімді жоспарларын құруды және оның тиімділігін түсінеді.
Коучингті өткізу әдістері:
Уақыты
|
Коучердің іс-әрекеті
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Қажетті ресурстар
|
Қолданылатын құралдар
|
5 минут
|
Сәлемдесу.
Жағымды ахуал құру
«Бүркіт өмірінен» бейне ролик көрсету
Сұрақтар: Сіздер қандай күйде болдыңыздар? Неге? Жаңа форматтағы сабақты өтуге болама?? Неліктен? Оқушының рухын көтеру үшін қандай тәсілдер қолданар едіңіз?
|
Бейне ролик арқылы өздерінің рухын көтеріп, шыдамды, жан-жақты болуларына және өзгерулеріне ықпал етеді
|
Үлестірме материалдар
|
Бейне ролик слайдтан көрсетіледі
|
5 минут
|
Топқа бөлу.
Нұсқау: «Мен елімді сүйемін» тренинг
Сұрақтар: Сізге ұнады ма? Қалай ойлайсыздар, мұндай әдісті сабақта қолданған дұрыс па? Неліктен? Қай пәндерге тиімді деп ойлайсыз? Неліктен?
|
Пазлдар бойынша 2-топқа бөлінеді. Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз; Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз; Егер сіз, иттерді жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз,.....
|
Геометриялық фигуралар мен топқа бөлу
|
Пазлдар,
слайдтар
|
10-минут
|
«ҚМЖ мен ОМЖ үдерісі нәтижеге бағытталған сабақ жүйесі»
тақырыбына теориялық таныстырылым
|
Мұғалімдер таныстырылымды мұқият тыңдайды.Мұғалімдер ОМЖ менҚМЖ жоспарларын жасауды үйренеді
|
Теориялық үлестірме материалдар
|
Слайдтар арқылы көрсету
|
10-минут
|
1-тапсырма: Мұғалімдерге топпен кез -келген пәнге орта мерзім жоспарын құруды және қорғауды тапсыру
|
Екі топта орта мерзім жоспарына постер құруға кіріседі
|
Үлестірме материалдар Флипчарт постерге,маркерлер
|
|
2-минут
|
Топтар өз жұмыстарын күлегештер мен өзара бағалау
|
Өзара бағалайды
|
Әртүрлі күлегештер
|
|
8-минут
|
2-тапсырма: Әрбір қатысушы өз пәндеріне қысқа мерзімді жоспарын құру және өзара талдау
|
Мұғалімдер өз пәндеріне ҚМЖ жоспарын құрады
|
А4 қағазы
|
|
2-минут
|
Топтар өз жұмыстарын күлегештер мен өзара бағалау
|
Өзара бағалайды
|
Әртүрлі күлегештер
|
|
3-минут
|
Сергіту сәті
|
Мұғалімдер көңіл-күйлерін көтереді
|
Ән тыңдау
|
|
5-минут
|
3-тапсырма:Критерий құрып бағалауды ұсыну
|
Топпен критерий құрады
|
Смайликтер мен бағалау
|
|
5-минут
|
Кері байланыс. «Екі жұлдыз ,бір тілек»
Нұсқау: Коучингтен қандай әсер алғандықтары жайлы жазуды сұраймын
Сұрақтар: Қандай әсер алдыңыз? Мұндай әдісті қолданар едіңіз бе? Қай жерлерде? Неліктен? Мысал келтірсеңіз? Қандай жаңа әдіс ұсынар едіңіз?
|
Стикерлерге өз ойларын жазады
|
Әртүрлі стикерлер
|
Тақтадағы дайын плакатқа іледі
|