Маңғыстау облысы
Түпқараған ауданы
Баутин ауылы
«Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі
Байсеитова Гулзи Байсеитқызы
Тақырыбы: «Менің тәуелсіз – Қазақстаным.»
Мақсаты: ҚР рәміздері туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын
дамыту. Тәуелсіздік жайлы балалардың ойларын дамыту арқылы
Отанымызды қорғайтын азаматтар тәрбиелеу.
Көрнекілік: ҚР рәміздері, Астана суреті, слайд.
Әдіс-тәсілдер: ҚР туралы әңгімелеу, сұрақ-жауап, мақал-мәтел, тақпақтар
айту.
Тәрбиеші: Балалар біздерге қонақтар келіпті, алдымен амандасып алайық!
Балалар: Сәлеметсіздер ме?
Тәрбиеші: Амансызба достарым,
Сендерді көрсем қуанам,
Қуан, шаттан алақай!
Қуанатын кез келді.
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң, балалар!
Тәрбиеші: Ал, қанеки, балалар! Біз бүгін достық шеңберінде бір-бірімізге
жылы лебімізді, достық сенімдерімізді білдірейікші. (Тәрбиеші
балаларларға гүл шоғын ұсынады.)
Балалар: Аспанымыз ашық болсын,
Деніміз сау болсын
Еліміз тыныш болсын,
Туымыз көк аспанда желбіресін
Береке-бірлік болсын,
Нанымыз көп болсын,
Елімізде тыныштық болсын.
Еліміз бай болсын,
Әрқашан күн сөнбесін,
Әке-шешеміз аман болсын,
Бәріміз дос болайық.
Тәрбиеші: Балалар сендер тілектерің мен достық сенімдеріңді тамаша жет-
кіздіңдер. Ендеше мен де жақсы тілегімді айтқым келеді.
Күніміз ашық болсын
Түніміз тыныш болсын,
Ауамыз таза болсын
Суымыз мөлдір болсын.
Бәріненде денсаулығымыз мықты болсын! – деп осы гүл шоғын
ортаға қойғым келеді.
Тәрбиеші: Жақсы балалар, өз орындарыңа бара қойыңдар!
(Әнұран орындалады.)
Тәрбиеші: Қазір қай мезгіл?
Балалар: Қыс мезгілі.
Тәрбиеші: Қыс мезгілінде неше ай бар?
Балалар: Үш ай бар.
Тәрбиеші: Аттарын айтайықшы?
Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Тәрбиеші: Қыс мезгіліндегі ауа-райының ерекшелігі?
Балалар: Қар жауады, боран болады, аяз болады. Су бетіне мұз қатады.
Адамдар қалың киінеді.
Білім беру саласы: Қатынас.
Оқу іс-әрекетім: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Менің тәуелсіз – Қазақстаным.
Тәрбиеші: Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше. Өйткені біз бүгін тәуелсіздік
мерекесіне арнап, келген қонақтарға өз отанымыз жайлы айтып
береміз.
Тәрбиеші: Біз қай мемлекетте тұрамыз?
Балалар: Қазақстан.
Тәрбиеші: Біз қандай мемлекетпіз?
Балалар: Тәуелсіз.
Тәрбиеші: Біздің ұлтымыз кім?
Балалар: Қазақпыз.
Тәрбиеші: Біз қай тілде сөйлейміз?
Балалар: Қазақ тілінде.
Тәрбиеші: Біздің мемлекетіміздің астанасы қай қала?
Балалар: Астана қаласы.
Тәрбиеші: ҚР елбасы кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші: (Осы жерде слайд көрсетіледі. Астана қаласына қысқаша шолу.)
Балалар кім Отан жайлы тақпақтар біледі?
Мадина: Отанды біз Атамекен
Деп аялап атаймыз
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен Атамыз.
Ақдидар: Отанды жас – кәрімізде.
Туған жер деп сүйеміз,
Өйткені онда бәрімізде
Туып өмір сүреміз.
Амина: Отан деген – Атамекен,
Отан деген – Туған жер,
Отан – Ана
Отан – үлкен
Қазақстан – туған ел.
Айзере: Отан менің ата-анам
Отан – досым, бауырым,
Отан – өлкем, астанам,
Отан – аудан, ауылым.
Тәрбиеші: Ал, енді кім Отан туралы мақал-мәтел айтады?
Ислам: Отан оттан да ыстық.
Асел: Отансыз адам – Ормансыз бұлбұл.
Айзада: Отан елдің анасы.
Әлкерім: Туған елдей – ел болмас.
Туған жердей – жер болмас.
Тәрбиеші: Сергіту сәті: Көтеріліп шаңырақ.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өріліп,
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрініп.
Тәрбиеші: Балалар, әр мемлекеттің өз рәміздері болады. Біздің еліміздің ҚР
рәміздерін білесіздер ма?
Балалар: Ту, Елтаңба, Әнұран.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. ( Слайд көрсетеді. Рәміздерді балалардан сұ-
рау. Пішіні, түсі, авторлары жайында толықтай түсінік беріледі.)
Тәрбиеші: Ал, енді қысқаша ғана көрінісімізді тамашалайық.
Бөлме іші кілем, төсек, стол, домбыра, тері, шашбаулар макетімен безендірілген күй әуенімен қолында ұршығы бар әже келіп отырады. (Аққу күйі.)
Даулет: Қолында қамшысы бар бала атқа мініп, ойнап жүреді.
Ол әжесіне жүгіріп келіп мойнына асылып еркелейді.
Даулет: Әже, не істеп отырсыз?
Әже: Ой, құлыным мен ұршық иіріп отырмын. Кел, отыр ойыннан шаршаған
боларсың.
Даулет: Әже, біз балабақшада Тәуелсіздік мерекесіне дайындалып
жатырмыз. Әнұранды орындадық.
Әже, Тәуелсіздік деген не?
Әже: Е, құлыным-ау! Тәуелсіздік деген бұл үлкен әңгіме. Осы күнге жету
үшін, қазақ халқы талай қиыншылықты бастан кешірді. Қайсар батыр
аға-апаларымыздың арқасында егеменді ел болдық. Тәуелсіздік алғаны-
мызға 23 жыл болды. Өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.
Аллаға шүкір!
Даулет: Әже мен сізге тақпақ айтып берейін бе?
Әже: Айта ғой, құлыным!
Даулет: Күміс күй мен әнге толып тұла бой,
Қуанышқа кенелтеді асыл ой.
Шаттандырған баласы мен бабасын,
Тәуелсіздік күні бүгін – ұлы той!
Әже: Ой, ақылдым, өркенің өссін!
Даулет: Әже, мен ұйықтап алайыншы, шаршадым!
Әже: Ұйықтай ғой, құлыным! (Орнынан тұрып кетеді.)
Алтын адам: (Алтын адам кіреді, баламен амандасады.)
Даулет: Ассалаумуағалейкум, ата! Сіз кім боласыз?
Алтын адам: Мен сіздердің бабаларың болам,
Аман қалған шабуылдан жүздеген,
Батыр халық екенбіз ғой біз деген
Аямаған жұрттан нанын, тұзбенен,
Жомарт халық екенбіз ғой біз деген.
Өзіңдікі – елің де,
Өзіңдікі – жерің де.
Өзіңдікі – өзің еткен бақ.
Тәуелсіздік төрінде.
Ей, балақай қазақ халқының болашағы сендерсіңдер, «Қазақ» деп соққан жүректерің осы алаудай мәңгі өшпесін! (Қолындағы шырақты береді.)
Даулет: (Ұйқысынан оянады.) Әже, әже қайдасың?
Әже: Оу, құлыным, не болып қалды?
Даулет: Мен түс көрдім!
Әже: Айналайын, қандай түс көрдің?
Даулет: Мен түсімде Алтын адамды көрдім. Ол маған жанып тұрған
«шырақ» берді.
Әже: Оу, құлыным, жақсы түс көрген екенсің. «Шырақ» деген бұл біздің
еліміздің биіктен көрінуі. Әне, әне, жарқырап күн де шықты. Тәуелсіз-
діктің таңы атып келеді. Туымыз да биікте желбіреп тұр. (Әже баланы
ертіп кетіп қалады.)
Тәрбиеші: Балалар, рәміздер туралы тақпақтар білеміз бе?
Қожа: Мен бақытты баламын
Қазақстан елінде,
Қазақстан жалауын.
Көтеремін жоғары.
Дидар: Көк аспандай көкпеңбек.
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
Ақерке: Бұлт баспасын күнімді.
Тарылмасын өрісім,
Биік ұстау туымды,
Қасиетті борышым.
Шаhризада: Елтаңбасы елімнің,
Неткен айбат, әдемі
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
Естай: Ата, айтшы ал енді!
Тәуелсіздік деген не?
Тамсандырар әлемді,
Ән бе, әлде өлең бе?
Ханшайым: Құт, береке шаңырақ
Орын алған ол төрден.
Қанатты құс арғымақ
Екі жақтан көмкерген.
Рауан: Тәуелсіздік жолында.
Талай-талай тер төккен,
Билігім өз қолымда.
Еркіндігім елтаңбам.
Слайд көрсету: (Желтоқсан оқиғасына қатысқан боздақтар.)
Тәрбиеші: Балалар, бізге тәуелсіздік оңай келген жоқ, осы жолда
ата-аналарымыз, аға-апаларымыз көп күресті. Олар: Қайрат Рыс-
құлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамед-
жанова апаларымыз бен ағаларымыз. Олар тәуелсіздік жолында
жандарын қиды. Міне, осы аға-апаларымыздың арқасында
Тәуелсіз мемлекетке қол жеткіздік. Біздің жақсы өмір сүріп, білім
алып отырғанымыз осы аға-апаларымыздың арқасы. 1991 жылы
16 желтоқсанда Тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Қорытынды: Балалар, бізде қандай мереке?
Балалар: Тәуелсіздік мерекесі.
Тәрбиеші: Балалар, желтоқсан оқиғасы қай уақытта болды?
Балалар: 1991 жылы 16 желтоқсан.
Тәрбиеші: Осымен сабағымыз аяқталды, қош, сау болыңыздар!
(Балалар хор Атамекен)
Достарыңызбен бөлісу: |