Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті «эем және автоматтандырылған жүйелер»



бет13/32
Дата07.02.2022
өлшемі2,48 Mb.
#83943
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
Байланысты:
Методичка ЭВМ и АС

А

В

А/\B

1

1

1

1

0

0

0

1

0

0

0

0

Дизъюнкция (логикалық қосу). «Немесе» байланыстырушысы арқылы сипатталатын операция логикалық қосу (дизъюнкция) деп аталады және " U" (немес +) арқылы белгіленеді. А U В өрнегі тек А және В өрнектерінің екеуі де жалған болғанда ғана жалған болады.
Белгіленуі: А НЕМЕСЕ В, AUB, A+B, A OR B
A және B логикалық айнымалылары үшін шынайылық кестесі келесідей:

А

В

А U B

1

1

1

1

0

1

0

1

1

0

0

0

Логика алгебрасында логикалық функцияны аталған негізгі логикалық операциялар арқылы білдіруге, оны логикалық өрнек арқылы жазуға және логикалық заңдар мен логикалық операция қасиеттерін қолдану арқылы оны ықшамдауға болады. Логикалық функция формуласы бойынша оның шынайылық кестесін есептеу оңай. Тек ғана логикалық операциялар мен жақшалардың орындалу ретін ескеру керек. Логикалық өрнекте операциялар жақшаларды ескере отырып солдан оңға қарай орындалады.
Логикалық элементтер функционалдық белгіленуі, ақпарат беру әдісі, сұлбатехника шешімі және пайдаланылатын электрондық құралдары бойынша ажыратылады. Күрделі логикалық элементтер қарапайым операциялар орындайтын элементтерді біріктіру арқылы жасалады. Мысалы:
- “немесе” -“емес”, “және - емес”, “немесе - және - емес”, т.б.
Құрылымдық түрде логикалық элементтер жекеленген (дискретті) құраушылардан немесе интегралдық сұлба (ИС) түрінде(шала өткізгіш, гибридті, үлдірлі (пленкалы), т.б.) орындалуы мүмкін. Қазіргі дербес компьютерлерде жоғары дәрежелі интеграциясы бар ИС-дағы логикалық элементтер жүйелері қолданылады. Логикалық элементтер компьютерлердің, цифрлық автоматтардың элементтік негізін қалайды.
Триггер деп, электрондық есептеуіш машиналарында, автоматика мен телемеханикада әртүрлі операциялар орындауға арналған, яғни алынған информацияны сақтауға /сақтағыш құрылғы/, уақыт датчигі схемасында және цифрлы санауыштарда импульстарды санауға, цифрлы жиілікті бөлгіштерде қолданылатын электрондық ауыстырып қосылғыш құрылғыны немесе аударылып түскіш құрылғыны айтады.
Регистр( лат. regіstrum — тізім, regestum — енгізілген, жазылған ) –бұл:
1. өңделетін немесе басқарушы ақпараттарды сақтауға арналған, 32 биттен тұратын процессордың, шапшаң істейтін жадтың шағын бөлігі;
2. есептеу құрылғысының бір санды немесе сөзді уақытша сақтауға арналған шағын көлемді жад блогы;
3. процессордағы аса шапшаң әрекетті жадтың құрылғысы немесе операндтармен жөне микросхемамен орындалатын нәтижені уақытша сақтауға арналған аса үлкен интегралдық схема; процессорларда — командалар мен мәліметтерді аралық сақтауға арналған разрядтығы әр түрлі арнайы ұяшықтар (registr);
Санауыш дегеніміз импульс санын анықтауға арналған сандық құрылғы. Жұмыс уақытында санауыш кезекті түрде өзінің жағдайын белгілі бір ретпен өзгертеді. Санау модулі Кc деп бекітілген жағдайдағы санауыштың тізімнің ұзындығы аталады.


Тапсырма 1. логикалық функциясы үшін шынайылық кестесін құру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет