Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті «эем және автоматтандырылған жүйелер»



бет18/32
Дата07.02.2022
өлшемі2,48 Mb.
#83943
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32
Байланысты:
Методичка ЭВМ и АС

Тәжірибелік сабақ №6. Алгоритм. Алгоритм қасиеттері.


Мақсаты: сызықтық, тармақталған және циклдік алгоритмдерді сөз және блок схема түрінде құруды үйрену.


Қажетті құралдар: MS Windows операциялық жүйесі бар дербес компьютер, әдістемелік нұсқаулық.


Теориялық мәлімет. Адам жас кезiнен бастап күнделiктi өмiрде алгоритмдi меңгередi және орындайды. Яғни, алгоритм дегеніміз – жеке қадамдардан тұратын, формальды түрде жазылған реттелген нұсқаулар тізбегі.
Алгоритм сөзі IX ғасырда өмір сүрген ұлы өзбек математигі Әл-Хорезмидің атымен аталған жазудың латындық формасы. Әл-Хорезми бірінші рет арифметикалық амалдарды орындаудың ережелерін тұжырымдаған ғалым.
Алгоритмнің қасиеттері және оған қойылатын талаптар:
1.Алгоритмнің дискреттігі (үздіктілігі) – ақпаратты өңдеу процесі ретімен жазылған, аяқталған нұсқаулардан құралған тізбектерден тұруы тиіс, яғни орындаушының келесі қадамға өтуі алдыңғы қадамның аяқталуынан кейін жүзеге асуы керек;
2.Алгоритмнің түсініктілігі – алгоритмді құру барысында оның орындаушыға түсінікті болатындығы ескерілуі керек;
3.Алгоритмнің анықтылығы – алгоритм жалпы түрде қабылданған символдарды, алфавитті пайдаланып жазылуы тиіс. Орындаушы (адам, компьютер) алгоритмді түсініп, орындай алатын болуы керек. Оның үстіне түрліше түсінілетін нұсқаулар енгізілмеуі тиіс. Ол орындаушыға алгоритмді орындау үшін басқа нұсқаулар іздеуіне жол қалдырмайтындай етіліп және орындалу реттері дәл көрсетіліп қатаң түрде жазылуы қажет.
4.Алгоритмнің көпшілікке бірдейлігі – қарастырылып отырған ақпараттың кез-келген мәндерінде нақты бір ғана тапсырманы емес, соған типтес бүкіл тапсырманы шеше білуі. Мысалы, квадрат теңдеуді шешу алгоритмі – коэффиценттің кез-келген мәнінде оның түбірін табуға мүмкіндік береді немесе жолда жүру ережесі барлығымызға бірдей.
5.Алгоритмнің нәтижелілігі. Нұсқаулар шексіз көп болмай, қорытындысында оның нәтижесі болуы тиіс. Егер алгоритм бойынша құрылған сандық программа шексіз есептеулерге әкелсе, онда алгоритмнің талапқа сай жазылмағаны не есептің шешуі жоқ болғаны.
Алгоритмдер үш түрге бөлінеді. Олар: сызықты, тармақталушы және циклдік (қайталанушы).
Алгоритмнің белгілі бір геометриялық фигуралармен сипатталуы блок-схема деп аталады.



Алгоритмнің блоктары (бөліктері)

Геометриялық фигуралар

Басы және соңы




Байланыс бағыттары




Берілгендерді енгізу және нәтижені шығару




Есептеу




Шартты тексеру




Циклді ұйымдастыру



Алгоритмдік тілде қойылған шартқа байланысты екі немесе екіден де көп тармақтары бар алгоритм – тармақталған алгоритм деп аталады. Осындай тармақталған алгоритмді программалауға шартты көшу операторы қолданылады. Шартты көшу операторының жалпы жазылуы:


If … Then … Else конструкциясы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет