Тапсырма1. Жүйелік қорап компоненттерін зерттеу.
Тапсырманың орындалу әдістемесі: 1. Алдыменен компьютер жүйесінің сөніп тұрғанына көз жеткізіңіз.
2. Қорек көзінің орналасқан орнын тағайындаңыз.
3. Аналық тақташаның орналасқан орнын тағайындаңыз.
4.Қорек көзінің аналық тақташаға қосылу сипатын тағайындаңыз. АТ форм-факторындағы аналық тақташада қорек көзі екі ажыратып-қосқыш арқылы қосылады. Қара түсті өткізгіштердің орналасуына мән беріңіз.
5.Қатқыл дискінің орналасқан орнын тағайындаңыз. Оның қорек көзінің ажыратып-қосқышын тағайындаңыз. Қатқыл дискіні аналық тақташамен байланыстарытын шлейфтер бағытын бақылаңыз. Қызыл түске боялған өткізгіштің орнына мән беріңіз /ол қорек көзінің ажыратып-қосқышының жанында орналасу керек/.
6.Иілгіш дискі мен CD/DVD-ROM дискіжетектерінің орналасқан орнын тағайындаңыз. Шлейфтер бағытын бақылаңыз. Қызыл түске боялған өткізгіштің орнына мән беріңіз.
7. Дыбыстық карта мен бейне адаптер платасының орнын тағайындаңыз.
Тапсырма№2. Аналық тақташа компоненттерін зерттеу.