Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті
«Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«Мұғалім құзіреттілігі – сапалы білім кепілі» тақырыбындағы
облыстық әдістемелік күн
«Келісілген» «Бекітемін»
Бейнеу гуманитарлық-экономикалық Маңғыстау облыстық ТжКББ
колледжі директорының оқу ісі оқу әдістемелік кабинетінің
жөніндегі орынбасары: директоры:
_________________ Сариева Г.Н. __________________Камашева.Р.Г.
«____» _______ 2014ж «____» _______ 2014ж
Пәні:Тіл дамыту әдістемесі.
Дайындаған:Омарова.Ж.К.
Тобы:МБ-63
Мамандығы:Мектепке дейінгі
Ұйымдардың тәрбиешісі.
Бейнеу – 2014 жыл
Сабақтың тақырыбы:Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі пәні бойынша қорытынды сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тіл дамыту пәні бойынша берілген білім, білік дағдыларын қайталау арқылы
оқушылардың теориялық даярлығын бағалау.
Тәрбиелік:Болашақ мамандығына байланысты зерделілікке, сезімталдыққа, алғырлыққа
тәрбиелеу.
Дамытушылық: Өз бетінше ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, бейне-сұрақ, ойыншықтар, дидактикалық материалдар.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, ойын, талдау, қорыту.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ.
Сабақтың жоспары:
І.Ұйымдастыру бөлімі-1 минут
ІІ.Сабақтың жүрісін түсіндіру-5 минут
ІІІ.Практикалық жұмыс-30 минут
ІV.Қорытындылау-5 минут
V.Студенттер білімін бағалау-3 минут
VІ.Үй тапсырмасын беру-1 минут
І. Ұйымдастыру кезеңі.(1 минут)
1.Сәлемдесу.
2.Студенттерді түгендеу.
ІІ. Сабақтың жүрісін түсіндіру.(5 минут)
" Біз қолжетімді және сапалы білім беруді дамыту бағытын дәйекті жүргізудеміз.
«Балапан» бағдарламасын іске асыру балаларды мектепке дейінгі білім берумен 65,4%-ға дейін қамтуға мүмкіндік береді.Міндетті мектепалды даярлық енгізілді, ол мектеп жасына дейінгі білім берудің 94,7%-ын қамтыды."
«Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
Н.Ә.Назарбаев
Оқытушы сөзі: Бағдарламаға сәйкес тіл дамыту әдістемесі пәніне 87 сағат берілген. 60 сағат теориялық мәліметке, 27 сағат практикалық дағдыға негізделген. Бұл пән білім беру стандартына сәйкес колледждің 4, 5-семестрінде жүргізіледі. 5-семестрдің соңында сынақ алу жоспарланған.
Стандарт талаптарына сәйкес пәнді аяқтаған соң оқушылар мектепке дейінгі балалар тіл дамуындағы ана тілінің рөлін; тіл дамыту жұмыстарының мақсатын, мазмұны мен әдістерін; тілдік мәдениетке тәрбиелеу әдістемесін; грамматикалық дағдыларды қалыптастыруды білуі керек.
Ал болашақ кәсібіне сәйкес балаларды байланыстыра сөйлеуге үйрету технологияларын; балаларды көркем әдебиетпен таныстыру әдістерін; сауат ашу жұмыстарына даярлауды; тіл дамыту жұмыстарын жоспарлауды; әдістемелік бақылау жасауды орындай білуі тиіс. МБ-63 тобы пәнді оқып бітіруге таяды. Және осы кезеңге дейін бірнеше рет балабақшаларда тәжірибеден өтіп, теориялық білімдерін практикамен ұстастыра білді.
Бүгінгі ашық сабағымызда өтілген материалдар бойынша білім, білік дағдыларын қайталауды мақсат етеміз.
Оқушылар 3 топқа бөлінеді.Әр топтың бір топ басшысы сайланады.Слайд арқылы Бейнеу селосындағы балабақшалардың («Балдаурен», «Балауса», «Бөбек», «Балдырған», «Алтын ұя») суреті көрсетіледі.Топ басшылары педагогикалық тәжірибе кезіндегі есте сақтаған мәліметтерін пайдаланып,өз тобына ат таңдайды.(мысалы, «Балдырған» балабақшасы әкімшілік жанында орналасқан.Онда тәрбиеленуші бар. Директоры-Көрпелиева Маржан,әдіскері-Гүлсина апай.Мен өз тобыма «Балдырған» атын таңдаймын).
ІІІ.Практикалық жұмыс.(30 минут)
1. Видеопроектор арқылы қойылатын сұрақтар.(теориялық сұрақтар балабақша әдіскерлерінің сұхбаты арқылы беріледі)
Қалампыр апай - “Балдәурен” балабақшасының әдіскері.
-Құрметті МБ-63 тобының студенттері! Міне, аздаған күндерден соң сіздер “Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі” пәнін оқып бітіресіздер. Пәннің теориясын меңгеру-жауапты іс. Балабақша әдіскері ретінде мынадай сұрақтар қоямын:
1. Даму дегеніміз не?
Адамның жасына қарай дамуы қандай сатылардан тұрады?
2. Тіл қандай процесс арқылы дамиды?
Шартсыз рефлекс деген не?
3.Сөйлеу ортасының түрлері қандай?
Бір-бірінен айырмашылығы неде?
Ақболдық апай- “Бөбек” балабақшасының әдіскері.
Бейнеу гуманитарлық-әкономикалық колледжі студенттері! “Бөбек” балабақшасы ММ-нің әдіскері ретінде оқуларыңызға сәттілік тілеймін. “Тіл дамыту” пәнінің теориясы бойынша мына сұрақтарға жауап берулеріңізді өтінемін:
1. 1 жастан 7 жасқа дейінгі тіл дамытуда қандай кезеңдер байқалады?
2.Бала тілі сыртқы ортамен байланыста неше түрлі қызмет атқарады?
3. Тіл үйренудің неше заңдылығы бар? Қандай?
Гүлсина апай-“Балдырған” балабақшасының әдіскері.
Болашақ балабақша тәрбиешілері! Сапалы білім-заман талабы. Жақсы маман болу үшін пәнді меңгеру жауапты іс. Мен сіздерден мына сұрақтарға жауап берулеріңізді сұраймын:
1. Тілді оқыту құралдырына нелер жатады?
2. Оқыту әдісі дегеніміз не? Мектепке дейінгі кезеңдегі тілідің дамуында қандай практикалық әдістер бар?
3. Байланыстыра сөйлеудің неше типі бар?
Диалог пен монологтың айырмашылығы неде?
2. Терминдерді еске түсіру.
Мектепке дейінгі балалар тілін дамыту методикасы-ғылыми пән. Оны оқып үйрену барысында көптеген ғылыми терминдермен таныстық. Сол терминдерді еске түсіріп көрейік:
Интеллект (сыртқы ортаны есте сақтау, көзге елестету, қиялдау, ойлау арқылы тану)
Дыбыстық реакциялар (гуілдеу, ызыңдау, былдырлау)
Коннотация (сөздегі қосымша мағына)
Драматизациялық ойын (сахнаға лайықталған ойын)
Дидактикалық ойын (оқытуға арналған ойын)
Орфоэпия (сөздің дұрыс айтылуы)
Просодемаларды модулдеу (дауысты күшіне, тембріне, үніне қарай реттеу)
Толық интонация (аяқталған ой, мазмұн)
3. Сандар сөйлейді...
Пәнді оқу барысында бірнеше цифрларға кездестік. Осы цифрлардың қандай тақырыпқа қатысы бар екенін тауып көрейік: 2, 4, 5, 6, 3, 7
Мысалы: 2 цифры – тіл дамыту пәнінде байланыстыра сөйлеудің 2 түрі бар (диалог, монолог).
4. Дидактикалық материалдармен жұмыс.
3-4 жастағы балалармен жүргізілетін жұмыс.
Мектепке дейінгі жаста сөйлеу әрекетін ұғына білуден тілдің сөздік құрамын ұғына білу едәуір кейін қалады. Бірақ сауаттылыққа үйрену арқылы тілдің сөздік құрамын ұғынуы керек. Себебі бұл жастағы балалар сөйлемге тұтас мағына, бірыңғай сөз жиыны ретінде қарайды.
Кейбір балалар сөйлемді ырғақтық-мәндік топтарға ажыратуға тырысады. Әріптерді білетін немесе аздап оқи білетін балалар сөйлемдегі сөздерді талдағанда өздеріне берілген сөйлемдерді дыбыстарға немесе буындарға бөледі, кей жағдайларда олар сөздерді ажыратады.
1.Тәрбиеші: (сөйлемді айтады) Анам алма әкелді.
- Мен қандай сөздерді айттым?
Гауһар: -Анам алма әкелді.
Тәрбиеші:-Мұндағы бірінші сөз қайсы?
Гауһар: -Анам алма әкелді.
Тәрбиеші:-Сен айтқанды түгел қайталап тұрсың ғой. Анам алма әкелді. Бірінші сөз қайсы?
Гауһар: -Анам алма әкелді
2. Тәрбиеші: (сөйлемді айтады) Әжем ертегі айтты.
-мен қандай сөздерді айттым?
Гүлсінай: -Әжем ертегі айтты.
Тәрбиеші:-Бірінші сөз қайсы?
Гүлсінай: -Әжем
Тәрбиеші:-Екінші сөз қайсы?
Гүлсінай: -Ертегі айтты.
Тәрбиеші:-Барлығы неше сөз?
Гүлсінай: -Екеу.
3. Тәрбиеші: (сөйлемді айтты) «Қыз күлді». Анаргүл мен саған қандай сөздерді айттым?
Анаргүл: -Қыз күлді.
Тәрбиеші:-Бірінші сөз қайсы?
Анаргүл: -Қыз.
Тәрбиеші:-Кім күлді?
Анаргүл: -Қыз.
Тәрбиеші:-Қыз бірінші сөз, ал екінші сөз қайсы?
Анаргүл: -Ыз.
Тәрбиеші:-Тағы сөз бар ма?
Анаргүл: -Жоқ.
Соңынан студенттер оқытушы көмегі арқылы осы жағдаяттардан шығу жолдарын қарастырады.
Сергіту сәті: «Қуыршақ»
5 жастағы балаларға арналған жаттығулар.
« Құмырсқаның жанұясы» өлеңі
Тәрбиеші:Құмырсқасында орманның
Жанұя үлкен болады.
Қарындас, іні одағы,
Жақсыға жақын табылар,
Немере, бауыр тағы бар.
Балалар: -Ұрыса ма олар?
-Жоқ, аса...
-Көңілдіме олар?
-Тамаша.
-Жұмысқа қалай?
-Шығады.
-Ұрысқа қалай?
-Қасқая қарсы тұрады.
Тәрбиеші: Жанұясы жақсы, асылы,
Орман құмырсқасының. (Б. Сыров)
«Өшіргіш пен қарындаш» өлеңі
-Кемшілікті сүймеймін,
Ешкімге бас имеймін.
Бұрысыңды өшірем,
Дұрысыңа тимеймін!-
Деді өшіргіш досына,
-Сен не дейсің осыма?
Бұрысты, рас, сүймейсің,
Дұрысқа, рас, тимейсің.
Сол дұрысты бірақ та,
Мақтауды да білмейсің!-
Деді сонда қарындаш,
Ойласаңдар, бұл да рас! (Қ.Мырза Әли)
«Қайдан келдің, бауырсақ» өлеңі
Дастарқанда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
-Қайдан келдің, бауырсақ?-
Деп сұрады қуыршақ.
-Дүкеннен келдім нан сатқан,-
Деді оған бауырсақ.
-Дүкенге келдің қай жақтан?
-Наубайдан келдім нан жапқан.
-Наубайға келдің қай жақтан?
-Диірменнен келдім ұн тарттқан.
-Диірменге келдің қай жақтан?
-Даладан келдім кең жатқан.
Жер анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
(Ө.Тұрманжанов)
ІV.Қорытындылау.(5 минут)
Бүгінгі күн талабына сәйкес диплом алу барысында біліктілікті тәуелсіз бағалау тестін орындау талап етіледі. Тест қорытындысымен арнайы сертификат беріледі. Сол кешенді тестідегі 100 сұрақтың 15-20-сы осы тіл дамыту пәні бойынша жасалған. Олай болса, тестімен жұмыс жасап көрейік.(видеопроектор арқылы тест жұмысы орындалады.Топ басшысы өз тобының жұмысын тексереді.)
V.Студенттердің білімін бағалау.( 3 минут)
(Топ басшыларының мәлімдемесін есепке ала отырып, студенттер бағаланады).
VI.Үй тапсырмасын беру.(1 минут)
(Өтілген материалдарды қайталау)
Достарыңызбен бөлісу: |