Пəнді оқытудың міндеттері:
-деректерді іздеп табу, таңдау және сыни талдай білу қабілетін қалыптастыру;
-тарихи зерттеудің өкілетті тарихи – ақпараттық негізін жасау;
-деректанудың ұғымдық – терминологиялық аппаратын меңгеру;
-деректерді талдау барысындағы білім жүйесін қалыптастыру және оны іс жүзінде пайдалана білу мүмкіндігін игеру;
-Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерінің деректерімен және олардың ерекшеліктерімен таныстыру.
4. Курсты оқыту процесінде білім, қабілеттіліктерге, дағды мен құзыреттілікке қойылатын талаптар
Пәнді оқыту барысында студент білуі тиіс:
-деректерді деректанулық сыннан өткізу;
-тарихи деректерді жан – жақты талдау;
-тарихи құжаттарды бір – бірімен салыстыру;
-деректердің шынайылық дәрежесін анықтау;
-деректерді сыныптау жолдарын меңгеру.
Курсты оқытудың нәтижесінде студенттер мынандай теориялық ілімдерді игеруі тиіс:
-осы пәнді оқытуда студенттер деректанудың теориялық және методологиялық мәселелерін, әдіс – тәсілдерін, принциптерін.
қабілеттіліктер қалыптасуы қажет:
- оқу құралдарымен, монографиялармен, ғылыми мақалалармен жұмыс жасауға, оқытушы ұсынған еңбектерде конспект жасауға;
- шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектеріндегі материалдарды сыни талдаудан өткізе отырып пайдалануға;
- бұл курсты оқу барысында жинаған білімдерін алдағы кәсіби қызметінде, ғылыми-зерттеу жұмысында пайдалану.
Пәнді игерудің тақырыптық жоспары
Достарыңызбен бөлісу: |