Білім институты
Білім әлеуметтануда қоғамның негізін қалаушы үлкен институттардың бірі. Соны ескере отырып бұл кеңістікте де тұтынушылық іс-әрекеттер мен мінез-құлықтардың болатынын ұмытпаған жөн. Білімдегі тұтыну мен білімді игеру, білім алу тіркестерімен шатастырмаған жөн. Өйткені білім алу пролцесіндегі тұтынушылық мінез-құлық сол білім алудың негізгі әдістері мен білім берушінің әлеуметтік жағдайы мен жеке көзқарасына да байланысты болуы мүмкін. Қазіргі Қазақстандағы жағдайдан алыстамай, қазақ балаларының білім беру мекемесін таңдаудағы алға қоятын қандай шарттары бар екені әлдеқайда қызығырақ. Мекте оқушысы үшін бұл сауалға жауапты, әрине, оның ата-анасы іздейді. Ал мектеп бітіруші түлек үшін бұл мәселе ата-анасымен қатар баланың өзіне де ауыр түседі. Сол орайда респонденттерден, яғни бұл үрдісті кемінде бастан кешкен азамттар ретінде «Оқу орнын таңдау кезінде "жұрттан қалмау" әсеріне ұшырадыңыз ба?» деген сұрақ қойылды. Нәтижесінде көпшілігі (60,8%) білім алу орнын таңдау барысында осындай мәселеге жолыққанын көрсеткен. Және де бұл көрсеткіш олардың «жұрттан қалмау әсеріне ұшырап», бұқараның көзқарасын өзінің интеллектуалды, экономикалық, т.б. мүмкіндіктерінен жоғары қоғанына дәлел болып отыр. Тек 39,2%-ы ғана «жоқ» деп жауап беріп, конформдылыққа берілмегендігін көрсетіп отыр (Сурет 28).
Сурет 28 Респонденттердің «Оқу орнын таңдау кезінде "жұрттан қалмау" әсеріне ұшырадыңыз ба?» сұрағына жауаптарының көрсеткіші
Сонымен қатар, демонстративті тұтынудың тағы бір мысалы ретінде мектеп бітіруші оқушылардың оқуды тәмамдау кезіндегі ұйымдастырылатын мерекелеік іс-шараларын атап кетпесек болмас. Бұл қазіргі жағдайда өте өзекті. Өйткені мектепте оқу барысында бір-бірінен тек қана оқу үлгері бойынша ғана айырмашылық көрсете алатын жас балалар, оқу аяқтаған кезде киетін киім үлгілері мен шараны атап өту орны мен оны ұйымдастырудың ерекшелілігі демонстрация жасау мақсатында барынша жоғары көрсеткішке ие.
Мектеп бітіру кешіне орта есеппен алғанда бір балаға 50-70 мың теңге қажет, тіпті одан да асып түсетіндер бар. Мәселен, дайын көйлектер 20-80 мың теңге, шеберлерге тіктіру 100 мың теңге, шетелдік бренд болса 3-10 мың доллар шамасында. Ал шашты түзеу мен бетті әрлеу салондарда 20-30 мың теңге аралығында. Бұған қосымша лимузинға тапсырыс сағатына 50 доллар. Тіпті түлектердің топтасып, шетелге барып демалуды жоспарлап жатқандары бар [67].
Кесте 8 Қиылысу кестесі.Жынсыңыз* Оқу орнын таңдау кезінде "жұрттан қалмау" әсеріне ұшырайсыз ба?* айнмалылары
|
Оқу орнын таңдау кезінде "жұрттан қалмау" әсеріне ұшырайсыз ба?
|
Барлығы
|
Иә
|
Жоқ
|
ер
|
% жынысыңыз:
|
55,8%
|
44,2%
|
100%
|
|
% Оқу орнын таңдау кезінде "жұрттан қалмау" әсеріне ұшырайсыз ба?
|
42,4%
|
52%
|
46,2%
|
әйел
|
% жынысыңыз:
|
65,1%
|
34,9%
|
100%
|
Кесте 8 жалғасы
|
|
% Оқу орнын таңдау кезінде "жұрттан қалмау" әсеріне ұшырайсыз ба?
|
57,6%
|
48,0%
|
53,8%
|
Барлығы
|
% жынысыңыз:
|
60,8%
|
39,2%
|
100%
|
% Оқу орнын таңдау кезінде "жұрттан қалмау" әсеріне ұшырайсыз ба?
|
100%
|
100%
|
100%
|
Кестеде байқағанымыздай оқу орнын таңдауда конформдылық гендерлік ерекшеліктерге бағынбайды, қыз балалардың 53,8%-ы көптің ойына ерсе, ер балалардың 46,2%-ы оқу орнын таңдауда басқаларының көзқарастарымен санасатынын көрсетіп отыр. (Кесте - 8). Бұл жалпы көрсеткіш болып қала береді.
Жалпы көрсеткіштерді талдай келе, жазылған ақпараттар жаппац тұтыну мен демонстративті тұтынудың қазіргі кездегі пара-парлығын көрсетеді. Ол дегеніміз жастар бұқарадан қалмау мақсатында іс-әрекет қылып, тұтынса, соңғы мақсат демонсрация жасауға алып келеді. Бұған А. Маслоудың қажеттіліктер иерархиясын сәйкестендірсе болады. Жаппай тұтыну бұл адамның, әсіресе, жастардың жалпы қажеттеліктерін қанағаттандыру барысында көпшіліктің тұтыну динамикасына ілесу, ал толқынның бірдеу қалпындағылар үшін демонстративті тұтыну үлкен қозғалыс болады. Ол бұнымен тұтыну жарысында алдыңғы орында келе жатқанын көрсетеді және бірінші болу рахатын сезіндіреді.
Ал ендігі кезекте, зерттеудің міндеттеріне сәйкес демонстративті тұтынудың қазақ халқының мәдени өміріне байланысын анықтау мақсатында ақпараттарды талдау арқылы сұрау барысында келесідей сұрақтар қойылған болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |