Магистратура


Қосымша А ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУ БАҒДАРЛАМАСЫ



бет31/33
Дата03.06.2020
өлшемі0,55 Mb.
#72132
түріДиссертация
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Алматы қаласы жастарының демонтративті тұтынуы

Қосымша А

ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Тақырыбы: Алматы қаласы жастарының демонстративті тұтынуы (Алматы қаласының ірі сауда және ойын-сауық орталықтарындағы тұтыну процесіндегі жастар негізінде)

Зерттеудің өзектілігі: Ғылыми техника мен тұтынудың гүлденген дәуірінде тәрбиеленген бүгінгі ұрпақ жастары өздерінің мәртебесін көрсетіп, айналасындағы адамдар үшін өзін байқатуды оңай үйренді. Әлеуметтанушылар бұл ұрпақ адамдарын «МенМенМен» (ағылшын тілінен аударғанда «MeMeMe»), деп атады, сол арқылы олардың эгоцентризмін, өздерін айрықшалап көрсетуі мен өзі туралы мәлімдей алуын атап өтті. Бұл міндеттің орындалуы үшін жастар өздерін көрсетеді. Олардың барлық өмірі өз өзін презентациялауға айналады. Ол үшін жастар көптеген құралдарды пайдаланады, соның ішінде демонстративті тұтыну да бар. Алайда аталмыш жағдайда бұл терминнің қарпайым түсіндірмесінен басқа да жақтары пайда болады.

Экономикада сұранысқа қатты әсер етуші үш эффект бар. Олардың біреуі Веблен эффекті деп аталады және ол тұтынушы топтардың тауар бағасының өсуіне жауап ретінде сұраныстың өсуін сипаттайды. Әлбетте, бұл эффект Веблендік демонстративті тұтынуды көрсетеді. Бұл жағдайда жастар өздерінің жетістігін жәнеөз өздерін қамтамасыз ете алатындығын көрсетеді.

Келесі эффект еліктеу(snob) эффекті деп аталады. Бұл жағдайда тұтынушы көпшіліктен ерекшеленуге, топтан айрықшалануға тырысады Другой эффект называется эффектом сноба. Тұтынушы-споб барлығы сатып алатын заттарды сатып алмайды. Сондықтан бұл жағдайда бір тұтынушының таңдауы басқа тұтынушылардың таңдауына тәуелді. Бірақ кері теуелділік.Бұл эффект те демонстративті тұтынуды көрсетеді, алайда тұтыну мақсаты өз байлағын және жетістігін көрсету емес, өзінің уникалдылығы мен ерекшелігін көрсету болып табылады.

Үшінші эффект көпшілікке қосылу эффекті деп аталады. Ол тұтынушы барлығы сатып алатын заттарды алуға итермелейді. Адам қазіргі уақытта көпшілік иеленетін тауарларды алуға тырысады, өйткені олармен тең дәрежеде болғысы келеді, ортақ стильді ұстанады. Бұл эффект те демонстативті тұтынудың мысалы болады, бұл жағдайда адам өзінің белгілі бір затқа қатыстығын көрсетеді.

В XXI ғасырда ақпарат адам өміріндегі маңызды бірлік болып табылады. Демонстративті тұтыну мен ақпараттық технологиялар арқасында қоршаған ортамыз, қоғам туралы да, өзіміз туралы да ақпаратты ала отырып, көбірек береміз. Сол ақпараттарды дұрыс анализдеу арқылы адамдар қоғамдық өмір саласын адекватты түрде бағалай отырып, сейкесінше өз мақсаттарына сай тиімдірек әрекет жасайды.

Сонымен қатар, ғаламдық трансформация тұрғысынан әлеуметтік, саяси, спорттық, білім беру және бос уақытты өмір салтын коммерциализациялау зерттеушілердің демонстрациялық тұтынудың әртүрлі әсеріне ерекше көңіл бөлулеріне себеп болды. Планетаның саны өсіп келе жатқан халқы, өмір сүру деңгейінің жоғарылауы, жаңа өнімдердің, тауарлар мен қызметтердің пайда болуы табиғи ресурстардың шектеліп және осындай үрдістегі тұтыну алдағы онжылдықтарда экологиялық және ресурстық зардаптар тигізеді. 2008 жылдың күзінде әлемдік экономикалық дағдарыс басталғаннан кейін көрнекі тұтынуға тәуелділіктің психологиялық құрамдас бөлігі жаһандық сипатқа ие болды. Дағдарыстың айқындаушы себептерінің бірі бұқаралық несиелендіру феномені болды, өз қарыздарын ешқашан өтей алмайтын азаматтар көбейе бастады. Сонымен қатар, мұндай тұтынушыларға несие желісін ашқан банктер олардың негізгі төлем қабілетсіздігі туралы білетін, бірақ қарыздық міндеттемелерге қызығушылық білдірді, өйткені қарыздар бағалы қағаздарға айналды және қайталама нарықта сәтті сатылды. Кредиттеу төмен табысы бар адамдарға жоғары баға саясаты бар компаниялардан тауарлар мен қызметтерді сатып алуға мүмкіндік берді. Демек, қазіргі заманғы қоғамдағы жаһандану үдерістерінен туындаған әлемдік дағдарыстың дамуында көрнекі тұтыну маңызды рөл атқарды.

Алматы қаласының мегаполис ретінде жастардың тұтыну сипатына ерекше әсер ететіні анық. Өйткені тұрғылықты азаматтармен қатар әр түрлі аймақтан келген жастардың тұтынуы қандай факторлардың негізінде әсер ететіні, олардың тұтынуын демонстрациялаудағы мотивін анықтауға көмектеседі. Жастардың әлеуметтік-демографиялық топ ретінде өмірлік тәжірибелерден жинақталған құндылықтық бағдарларына сүйене отырып, тұтыну процесі барысында сол құндылықтардың ескерілу жағдайын қарастыру маңызды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет