Магистратура



бет21/33
Дата03.06.2020
өлшемі0,55 Mb.
#72132
түріДиссертация
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
Байланысты:
Алматы қаласы жастарының демонтративті тұтынуы

Кесте 4 жалғасы

22-25

7,6%

23,4%

13,9%

41,1%

2,5%

8,2%

3,2%

100%

26-29

3,4%

21,7%

39,4%

29,1%

2,9%

2,9%

,6%

100%

Барлы-ғы

4,8%

26%

23,2%

33,0%

4,8%

6,6%

1,6%

100%

Ендігі кезекте жастардың артық ақша пайда болған жағдайда, олар не қосымша табыс не ата-атанасы және туысқандарынан берілетін қаражат, ең алдымен жұмсайтын дүниесі туралы көрсеткіштерге тоқталсақ. Нәтиже бойынша, респонденттердің басым бөлігі артық ақшасын жеке баспана алуға жұмсайтынын айтты (31%), 19,8%-ы болашаққа қалдыры, жинаса, 16,4%-ы бір бастамаға құюға жұмасайтынын көрсетті. Бұл қазіргі экономикалық жағдайда жастардың ақшаны жұмсаудағы рационалдылығының көрсеткіші десе де болады. Қалған сұралғандардың 12,8%-ы жақын тума-туысқандарына көмекке жұмсаймын десе, 15%-ы саяхатқа баратынын айтты. Қайырымдылыққа беремін деп 1,8% белгілесе, қалған 1,6% тең көлемде гардеробындағы қымбат киім және тамақтануға жұмсайтынын көрсетті (Сурет 12).



Сурет 12  Респонденттердің «Бюджетіңізге артық ақша түскен жағдайда, ең алдымен ақшаны неге жұмсауға дайынсыз?» сұрағына жауаптарының көрсеткіші
Сауалнамаға қатысқан жастардың 23 пайызы байлық атрибуттары жоғары тапқа апаратын баспалдақ деп бағалайтынын көрсеткен. 18,2 пайызы толығымен келісіп, осы ойды құптайтынын білдірген. 33 пайызы, басым бөлігі байлық жоғары тапқаапаратын басты өлшем емес екендігін айтқан (Сурет 13).


Сурет 13  Респонденттердің «Байлық атрибуттары - қоғамның жоғары тобына саты» деген пікірге жауаптарының көрсеткіші

Жастардың қажетті «салтанатқа» - белгілі бір тауар белгісінің қымбат киімдерге, телефондарға, сағаттарға сұранысы бір жағынан жастардың ата-анасынының олардың қалта шығындарына берген ақшасымен жалпы ақшаларының көп болуына байланысты болса, екінші жағынан өздерінің еңбектеніп тапқан ақшасы есебінен болып отыр. Енді өз қатарластарының ішінен сапалы тауар есебінен ерекшелену жеткіліксіз, енді ол ол тауар міндетті түрде сәнді, эксклюзивті болуы керек. бұл қазіргі байқалып отырған жағдай десек те, респонденттердің «Қымбат заттарсыз қоғамда құрметке ие бола алмайсың» деген сұраққа 44,2 пайыздық көрсеткішпен мүлдем келіспеймін деп жауап беруі, қымбат заттардан да қымбат құндылықтың адамды қандай құрметке бөлейтінін жете түсінгендігін байқаймыз. Жастардың 13 пайызы қымбат дүние адамды ортада құрметке бөлеуші басты себеп деп танитынын білдірген (Сурет 14).

Сурет 14  Респонденттердің «Қымбат заттарсыз қоғамда құрметке ие бол алмайсың» деген пікірге жауаптарының көрсеткіші

Сауалнама қатысқан жастардың 33 пайызы адам өзін сенімді сезіну үшін қымбат киім киюі шарт емес деген ойда екенін білдірген. Ал, 21,2 пайызы сырт келбеттің сұлулығынан бөлек, киімнің қымбат бағада болуы мен үшін өзімді сенімді сезінудің басты шарты деп бағалайтынын айтқан (Сурет 15).





Сурет 15  Респонденттердің «Қымбат киім өзімді сенімді сезінуге көмектеседі» деген пікірге жауаптарының көрсеткіші
Қымбат киім немесе басқа да тауарлар өзін сенімді сезінуден бөлек, жұмыс істейтін образды қалыптастыруға септеседі деуші респонденттер 24,2 пайызды құраған. 19,6 пайыздық көрсеткішпен жастар толығымен келісетінін айтқан (Сурет 16). Қызмет түрі де басты фактор екендігін анық болды. Аталмыш факторды келесіден мысалмен қарастыруға болады: жұмысшы өзіне арнайы жұмыс киімі мен аяқ киімін сатып алуға тиіс, компания президенті болу қымбат костюмдер мен қала сыртындағы бай топ өкілдерінің клубына мүше болуға міндеттейді.

Сурет 16  Респонденттердің «Қымбат киімдер мен аксессуарлар маған жұмыс жасайтын образды қалыптастыруға көмектеседі» деген пікірге жауаптарының көрсеткіші
Сонымен қаржылық факторды ескере отырып, сұралған жастардың өз тұтынуын демонстрациялау үшін тапқан табысының 30%-дан 60%-ға дейінгі көлемде жұмсауға дайын, сонымен бірге кіріс көзі ас немесе қаржысы тұтыну уақытында жетіспей тұрған жағдайда ұнаған тауарларын кредитке алуға дайын (47,6%) екенін және қаржыны өз бетінше жинауға ұстылатынын, бірақ әрекеті нәтижесіз болса соңында кредит алуға баратынын (16,4%) байқаймыз. Және бұл әрекет көбіне отбасылық айлық табысы аздау жастарға тән болып шықты (Кесте-3).Бірақ қалыпты кірістен бөлек, бюджетке қосымша табыс көзі немесе ата-ана, туысқандардан берілген қаржы түскен жағдайда жастар рационалдылық танытып, ақшасын белгілі бір іс бастауға немесе болашаққа жинауды ұйғарады. Олардың басым көпшілігін баспана мәселесі алаңдататынын да байқадық, 31%-ы жеке баспаналы болу үшін артық ақшаларын жинауға ниеттенген.

Респонденттердің пікірінше адамдар қздерінің әлеуметтік статустарын көрсетіп, демонстрациялау дұрыс емес, олар бұл әрекетке қарсы (16,2%; 36,2%). Және әркімнің өз әлеуметтік статусына сай киінуі де олардың ойына қонымсыз (25,8%; 29,4%). Осы ретте табысы аз болған адамнын премиум класс тауарларын алуға немесе қымбат дүниелерге ие болуға қарсылықтарын білдірмейді. Яғни қоғамда индивид өз статусын жасырып тұтыну барысында ешқандай шекара болмағаны дұрыс. Алынатын тауарлар мен қызметтер жастардың көп жағдайда іштей қанағаттандыруы қажет және олардың рахатына қызмет жасауы тиіс (33%). Кейін ғана тауардың жеткіліксізідігі туралы ойлап (26%), рухани және физикалық дамуына көңіл бөлуге болатынын көрсетіп отыр (23,2%).

Жас категориялары бойынша демонстративті тұтыну көп жағдайда 14-18 жас аралығында және 22-25 жас аралығындағы жастарға тән. Көз көрінбейтін шығындарға ақша жұмсағаннан гөрі, қоршаған адамдардың назарына түсетін, жария қылуға тұрарлық тауарларды тұтынуды жөн көретін де жастар анықталды. Олар басқаларына (ескеріп өтейік, бұл статусын жариялау емес, өйткені сұрау нәтижесі бойынша респонденттер өздерінің әлеуметтік статусын барынша жасырғаны жөн көріп отыр) өзінің белгілі бір тауарға ие екенін көрсету үшін өздерінің басқаларға жария қылмайтын тұтынуына үнемдеуге дайын екенін айтып отыр. Егер де бұл жастар өздерінің әлеуметтік статусын, кірісін жасырса, артық қаржысын баспанаға жинақтаса, байлық атрибуттарының демонстрациялауы кері көзқараста болса, басқалардың назарын қандай әрекетпен аудартпақшы деген сұрақ туындайды.

Осы сұраққа жауап іздеу барысында келесідей нәтижелерді ұсынамыз. Жастардың тұтынуын демонстрациялауда тауардың немесе қызметтік құны немесе қолжетімділігі емес, мүмкін оның заты, белгісі маңызды болар деген болжаммен тауар брендін қарастырған болатынбыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет