Дәр.14-15. Атом ядросыжәнеоныңқұрылысы. Ядролықкүштер. Ядролардыңтабиғижәнежасандытүрленулері. Альфа-бета ыдыраужәне гамма сәулешығару. Ядролықреакц-иялар. Синтездік реакция. Элементар бөлшектер туралы мағлұматтар.
Ядро теориясын құрумен байланысты жасалған талпыныстар мынадай байсалды екі қиындыққа кездесіп отыр:1) нуклондар арасында әсер ететін күштер жөніндегі білімдердің жеткіліксіздігі; 2) көп денелердің кванттық есебінің аса күрделілігі (массалық саны А ядро А денелерден тұратын жүйе болып табылады). Бұл қиындықтар ядро қасиеттерінің белгілі бір жиынтығын салыстырмалы қарапайым математикалық құралдардың көмегімен сипаттауға мүмкіндік беретін ядролық модельдер құру жолымен жүруге мәжбүрлейді. Мұндай модельдердің бір де біреуі ядроның толық сипатын бере алмайды. Тамшы моделі. Френкель атом ядросы мен сұйық тамшысының арасындағы ұқсастыққа назар аударды: екі жағдайда да құрамды бөлшектер – сұйықтағы молекулалар және ядродағы нуклондар арасында әсер ететін күштер жақын арақашықтықта әсер ететін күштер болып табылады. Ядро затының да, сұйық затының да сығылғыштығы өте аз. Осындай ұқсастық ядроны зарядталған сұйық тамшысына ұқсастыруға негіз болады. Қабықша моделі. Ядроның қабықша моделін Мария-Гепперт-Майер (амер., 1906-1972) және басқа ғалымдар дамытты. Бұл модельде нуклондар орташаланған центрлік-симметриялық өрісте бір біріне тәуелсіз қозғалады деп саналды. Осыған сәйкес Паули принципі бойынша нуклондармен толатын дискреттік энергетикалық деңгейлер (атом деңгейлері сияқты) болады. Бұл деңгейлер әрбірінде нуклондардың белгілі бір саны бола алатын қабықшаларға топтасады. Толық толған қабықша ерекше орнықты түзілісті құрайды.
Радиоактивтік ыдырау заңы: N=N0e-λt , λ - радиоактивтік ыдырау тұрақтысы. Радиоактивтік зат ядроларының бастапқы саны N0 екі есе кемитін уақыт аралығы Т жартылай ыдырау периоды деп аталады. Егер t=T болса, онда анықтама бойынша N=N0/2 және N0/2 = N0e-λT болады. Осыдан λT=ln2 немесе T=ln2/λ=0,693/ λ.
Достарыңызбен бөлісу: |