Магнит өрісі және оны сипаттайтын негізгі ұғымдар, заңдар. Био-Савар-Лаплас заңының қолданылуы. Ампер, Лоренц күштері. Холл эффектісі. Электромагниттік индукция. Өздік индукция. Магнит өрісінің энергиясы. Заттардың магниттік қасиеттері



бет1/11
Дата14.12.2021
өлшемі255,69 Kb.
#126722
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
5. АиУ қ. физ.2 дәрістік кешен


Дәр.1-2. Магнит өрісі және оны сипаттайтын негізгі ұғымдар, заңдар. Био-Савар-Лаплас заңының қолданылуы. Ампер, Лоренц күштері. Холл эффектісі. Электромагниттік индукция. Өздік индукция. Магнит өрісінің энергиясы. Заттардың магниттік қасиеттері.

Берілген нүктедегі магнит өрісінің бағыты ретінде рамкаға жүргізілген оң нормалінің өрістегі бағыты алынады. Тогы бар рамкаға әсер ететін күштер жұбының айналдыру моменті , мұндағы - тогы бар рамканың магниттік моменті, - магнит индукциясының векторы деп аталатын магнит өрісінің сандық сипаттамасы. Біртекті магнит өрісінің берілген нүктесіндегі магнит индукциясы магниттік моменті бірге тең рамкаға, оған жүргізілген оң нормаль өріс бағытына перпендикуляр болғандағы, әсер ететін максималды айналдыру моменті арқылы анықталады. Магнит индукцияның өлшем бірлігі - тесла (Тл). элементі өрістің кейбір нүктесінде индукциясын тудыратын тогы бар өткізгіш үшін Био-Савар-Лаплас заңы төмендегідей өрнектеледі: , мұндағы - токтың элементінен өрістің қарастырылып отырған нүктесіне жүргізілген радиус-векторы, = 4π·10-7 Гн/м – магнит тұрақтысы. Түзу токтың магнит өрісі: , мұндағы - ток пен қарастырылып отырған нүктенің ара қашықтығы.



, (23.4)

мұндағы - дөңгелек токтың радиусы.Дөңгелек токтың центріндегі магнит өрісі: , мұндағы - дөңгелек токтың радиусы.

Заттағы магнит өрісінің индукциясын мына түрде жазуға болады

,


мұндағы өлшемсіз шама - заттың магниттік өтімділігі болып табылады.

<0 болатын заттар диамагнетиктер, >1 – парамагнетиктер, ал >>1 – ферромагнетиктер дап аталады.

Ферромагнетиктердің негізгі қасиеттері: магниттік өтімділік өте үлкен мәндерге жетеді (106 -ге дейін); магниттік өтімділік сыртқы магнит өрісінің кернеулігіне тәуелді, яғни магниттілік және магнит өрісінің кернеулігі арасындағы байланыс сызықты емес функция;магниттік гистерезис; ферромагнетик өзінің ерекше қасиеттерінен айырылуына әкелетін сипатты температураның (Кюри нүктесі) бар болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет