Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет25/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1
БОӨЖ 14 Ісікке қарсы иммунитет туа біткен, жүре пайда болған. Жумабаев Нұрғали Стом 205 А, 1Дабылдар мен оқиғаларды өңдеуді, КС зертхана 8, ОНСУ 1-2 ргр
Әдеби KZ 

– Ә-ә-ә, – деді қыз дауысын соза аңқаусып. – Сіз командир болдыңыз ба? 

– Жоқ, – деп қалдым да артынан: - иә, болдым, – деп басымды изедім. 

Қыз  сықылықтап  күліп  жіберді.  Оған  өзге  қыздар  күлкісінің  күміс  сыңғыры 

қосылды. 

–  Жоғыңыз  қалай,  иә,  болдымыңыз  қалай?  –  деді  қыз  күлкісін  сәл  басып, 

қара көздерін одан сайын ойнақтата түсіп. Мен жайымды айттым. 

– Кіші командир болған едім, – дедім. 

«Кіші» деген сөзді бекер айтқанымды кейін біліп қалдым. Бірақ айтқан сөз – 

атқан оқ деген. Өкінгенмен оқты кері қайтара алмайсың. Не де болса ақырын 

күттім. Ақыры былай болып шықты. 

Жазық  маңдайы  жарқырап  қыз  тұрған  жерінен  сәл  кейін  шегінді  де,  менің 

бұзау  бас  керзі  етікті  аяғыма  бір,  әлі  шашы  өсе  қоймаған  тықырлау  басыма 

бір қарап, шомбалдау боп біткен тәпелтек бойымды лезде шолып өтті. Содан 

соң  ол  менің  бойыма  басымнан  аяғыма  қарай  қайтадан  көз  жүгіртті.  Өн 

бермеген құдай маған құнттап бой да бермеген ғой. Қыз байғұс бейнеттеніп 

қанша қарағанымен, бәйтерек емес, бір жарым метрден аз-ақ асатын тапал 

бойға  қанша  бөгеледі.  Жуантық  келген  жұмыр  мойнын  бір  жағына  қарай 

бұрды да: 

– Көрініп тұр, - деді ақырын, бірақ барлық қыздарға естірте айтты. 

Әскерде  кіші  командир,  үлкен  командирлер  болатынын  оның  білетін, 

білмейтіні  маған  беймәлім.  Алайда  ол  менің  кіші  командир  болдым 

дегенімді  бойымның  кішілігіне  апарып  сайды.  Әдейі  сөйтті  ме,  жоқ 

білмегендіктен солай ойлады ма, оны да аңғара алмадым. 

Әйтеуір  қыздар  оның  «көрініп  тұр»  дегеніне  ду  күліп  жіберді.  Басымды 

қайта-қайта сипалап өзім де күлдім. 




29 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет